Жамбыл облысының экономикалық жағдайы



Реферат
Тақырыбы : Жамбыл облысының экономикалық жағдайы
Орындаған: Қаракешова Ж,
3 курс, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
301 тобының студенті
Тексерген: Тоқтасынов С
АЛМАТЫ 2010
Жоспар
1 Жамбыл облысы өнеркәсібі 2 Облыстың инвестициялық саясаты. 3 Жамбыл облысының шаруашылығы
Қорытынды
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары мен өндірістік сипаттары қызметтер бағасы 4, 2%-ға өскен. Тау-кен өнеркәсібінің бағалары 0, 8%-ға арзандаса ал химиялық өнеркәсіп пен өндірісіне тыңайтқыштар қажетті минералдар 1, 2%-ға төмендеген. Өңдеу өнеркәсібіне баға деңгейінің 1, 7%-ға өскені тіркелген. Тамақ өнімдері өндірісінде бағалар 4, 8%-ға, қант өндірісінде -7, 5%-ға, сүт өнімдері 2, 7%-ға және ет өнімдері 2, 4%-ға өскені тіркелген. Химия өнеркәсібі бағалары 0, 5%-ға, соның ішінде негізгі неорганикалық химиялық заттар өндірісі бағалары 1, 7%-ға қымбаттаған.
Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл өнімдері бағасы 0, 4%-ға, оның ішінде металл құю өндірісі-7, 7%-ға өскен. Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу тарифтері 11, 7%, оның ішінде электроэнергия - 10, 2%-ға және газтектес отын-0, 5%-ға қымбаттаған. Көлік 2010 жылдың қаңтар-ақпанында облыс көлігінің барлық түрлерімен (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің (жеке тұлғалардың) тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда) 6488, 7 мың тонна жүк тасымалданып, 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 12, 1%-ға өсті. Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен 3195, 0 мың тонна жүк тасымалданды (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4, 7%-ға артты) . Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда) 216, 1 млн. тонна-шақырымды құрап, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8, 8%-ға өсті. Есепті кезеңде автокөліктердің жүк айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда) 216, 1 млн. тонна-шақырымды құрады. Облыс көліктерімен (сараптық бағалауды есепке алғанда) 77, 1 млн. жолаушы тасымалданып, 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 8, 3%-ға артты. Жеке тасымалдаушыларды біріктіретін көлік кәсіпорындары мен серіктестіктер белгіленген бағыттар бойынша 16, 5 млн. жолаушы тасымалдады (2009ж. осы кезеңімен салыстырғанда 13, 0%-ға артық) .
Жолаушы айналымы сараптық бағалауды есепке алғанда 566, 2 млн. жолаушы-шақырым құрап, 2009 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 18, 0%-ға артты. Байланыс 2010 жылдың қаңтар-ақпанында байланыс кәсіпорындарымен 760, 6 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, 2009ж. сәйкес кезеңіне 3, 9%-ға өсті, оның ішінде халыққа көрсетілгені - 534, 6 млн. теңгеге (7, 4%-ға артты) . 2010 жылдың қаңтарында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы және үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 7935, 5 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 2009 жылдың қаңтарындағы деңгейге 118, 1%-ды құрады. Биылғы қаңтар айында өнеркәсіп өндірісімен айналысатын 10 ірі және орта кәсіпорын: «Ақтас», «Қордай тау», «БМ», «Кнауф гипс Тараз», «Концерн Азия Қазақстан», «Зар-замин», «Шағал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеген жоқ. Үлесіне өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің 4, 5%-ы тиетін тау-кен өнеркәсібінде 358, 1 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Өнімдердің нақты көлем индексі 93, 6%-ды құрады. Бұған тау-кен өнеркәсібінің газ конденсатын өндіру (84, 6%-ға), табиғи газ (98, 7%-ға), қыйыршық тас және құм (88, 6%-ға), ұсақталған фосфат шикізаты (97, 9%-ға), табиғи барийдің сульфаты (43, 8%-ға) өнімдер көлемінің қысқаруы әсерін тигізді. Үлесіне өнеркәсіп өнімдерінің 64, 9%-ы тиетін өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарында 5151, 8 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Өндірілген өнімдердің нақты көлем индексі 2010 жылдың талдау жасалып отырған кезеңіндегі деңгейге 138, 0%-ды құрады. Аталған сала кәсіпорындарында мұнай өнімдерін өндіру (52, 4%-ға), минералды тыңайтқыштар 8, 5 есеге, шыны 5, 3 есеге, гипс (95, 9%-ға), құрама құрылыс металл конструкциялары (25, 7%-ға) өсті. Азық (25, 1%), этил спиртін (17, 3%) ферросиликомарганец (97, 3%), өндіру көлемі қысқарды. Сонымен қатар, күміс (62, 5%-ға), алтын (75, 0%-ға) өндіру көлемі төмендеді. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарында сұраныстың қысқаруына байланысты натрий трифосфаты (90, 2%), ортофосфор қышқылын (71, 5%-ға) өндіру көлемі қысқарды.
Электр қуатынмен қамтасыз ету, газ және буды тарату кәсіпорындары 2339, 8 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Олардың өнімдерінің нақты көлем индексі 2009 жылдың қаңтарындағы деңгейге 90, 9%-ды құрады. Бұл электр қуатын өндіру (30, 5%), жылу энергиясын (93, 2%) көлемінің қысқаруына байланысты болды. 2010 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы және үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 3, 0 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге 117, 2. Өндіріс көлемі облыстың тоғыз ауданында өсті. Байзақ (19, 1%-ға), Жамбыл (16, 6%-ға), Жуалы (6, 0%-ға), Қордай (2, 6 есеге), Т. Рыскұлов ауданы (16, 7%-ға), Мерке (20, 0%-ға), Сарысу (1, 7%-ға), Талас (41, 2%-ға), Шу (5, 2%-ға) артты. Тараз қаласында 22296, 8 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, олардың нақты көлем индекстері (159, 1%-ды) құрады. Биылғы сәуір айында өнеркәсіп өндірісімен айналысатын 5 ірі және орта кәсіпорын: «БМ», «Концерн Азия Қазақстан», «Вилондис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Әйнек» АҚ, «Биік» ӨК жұмыс істеген жоқ. Үлесіне өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің 6, 9%-ы тиетін кен өнеркәсібінде 2436, 6 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Өнімдердің нақты көлем индексі 108, 4%-ды құрады. Бұған кен өндіру өнеркәсібінде әктас және ғаныш өндіру (2, 9есеге) «ЖамбылГипс» АҚ, «КнауфГипсТараз» ЖШС, қиыршық тас пен құм (78, 2%-ға) «Шағал» ЖШС, ұсақталған фосфат шикізаты (13, 0%-ға), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (95, 1%-ға) ф-л Казфосфат ЖШС «Қаратау», «Шолақтау» ТКОК кәсіпорындарында өнімдер көлемінің артуы әсерін тигізді. Үлесіне өнеркәсіп өнімдерінің 69, 1%-ы тиетін өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындарында 24568, 7 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Өндірілген өнімдердің нақты көлем индексі 2010 жылдың талдау жасалып отырған кезеңіндегі деңгейге 141, 0%-ды құрады. Аталған сала кәсіпорындарында ірімшік және сүзбе (20, 3%-ға) өзге де сүт өнімдері (35, 6%-ға) «Мерке сыр зауыты» ЖШС, қант (20, 6%-ға) «Қант» АҚ, «Мерке қант зауыты» ЖШС, ірі қара малдың терісінен дайындалған былғары (13, 2%-ға) «Таразкожобувь» ЖШС, сонымен қатар бензин (72, 1%-ға) «Аманкелды ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы, фосфор (11, 3%-ға) «Казфосфат» ЖШС филиалы (НДФЗ), шыны (18, 0%-ға) «САФ» АҚ «Южный-3» филиалы, құрама құрылыс металл конструкцияларын (2, 9 есеге) ЖЗМК АҚ «Имсталькон» ЗСК ЖШС, минералды тыңайтқыштар (42, 8%-ға) «Казфосфат» ЖШС Тараз филиалы МУ зауыты өндіру көлемі өсті. Этил спиртін (30, 4%) «Алкопишепром» ЖШС, ферросиликомарганец (71, 4%) «Тараз металлургия зауыты» ЖШС кәсіпорындарды өндіру көлемі қысқарды. Сонымен қатар, күміс (55, 8%), алтын (58, 9%) «Ақбақай» ТКМК АҚ кәсіпорнында өндіру көлемі де төмендеді. Химия өнеркәсібінің кәсіпорындарында сұраныстың қысқаруына байланысты натрий трифосфаты (77, 7%), ортофосфор қышқылы (85, 6%) «Казфосфат» ЖШС (НДФЗ) филиалы кәсіпорнының есебінен өндіру көлемі қысқарды. Электр қуатымен қамтасыз ету, газ және буды тарату кәсіпорындары 8184, 2 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Олардың өнімдерінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес деңгейіне 99, 5%-ды құрады. Бұл «ЖГРЭС» АҚ кәсіпорнында электр қуатын өндіру (26, 2%) көлемінің қысқаруына байланысты болды. Үлесіне жалпы өнеркәсіп өнімінің 1, 0%-ы тиетін сумен жабдықтау және кәріз жүйесі саласында 365, 5 млн. теңгенің өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 90, 7%-ды құрады. Суды жинау, өңдеп тарату көлемі «Тараз су» МКК есебінен (93, 2%) төмендеді. Шағын кәсіпкерліктің дамуы облысымыздың ең маңызды бағытының бірі болып саналады және болашағы зор. 2010ж. 03. 01. облысымызда 5630 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген, оның 3154 (56, %) - жұмыс істейтіндер, немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар.
Жұмыс істейтіндердің 1584 (50, 2 %) белсенділер болып саналады және өнімдер өндірумен айналысады немесе кәсіпорындарға және халыққа қызмет көрсетеді. Облыста әртүрлі себептермен әрекетсіз шағын кәсіпкерлік субъекті саны 2476 (44, 0 %), 1899 таратылған және 94 таратылу үстінде.
2010 жылдың ақпан айына 34 жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, ол қосымша 204 жаңа жұмыс орындарын ашуға себеп болды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша басымдылығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жалпы саны 89, 4% (5032) құрайды. Облыстың аумақтық бөлігінде белсенді шағын бизнес субъектілердің ең үлкен үлес салмағы Мерке ауданында 58, 3 % және Қордай ауданында 53, 6%. Іс-әрекетпен айналысып жатқан белсенді шағын кәсіпкерлік субъекті аз үлесі Жамбыл ауданында 36, 4% және Байзақ ауданында 38, 7% «Жамбыл облысында негізгі күш химия өнеркәсібін, кен-металлургия кешенін, ауыл шаруашылығы және құрылыс материалдары индустриясын дамытуға салынады. Он жылда 350 мың отбасы - бұл шамамен 1, 2 миллион адам - тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі. Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Біздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Сондықтан да Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мынадай міндеттер алда тұр. Аймақ агроөнеркәсіптік секторға бағдарланғандықтан облыс аудандарының аграрлық шаруашылығын дамыту және қолдау шараларын қабылдау қажет. Агроөнеркәсіптік кешенді шетелдік және жеке капиталдың инвестицияларын аймаққа салатындай етіп етіп дамыту бағдарламасын жасау қажет. Негізгі күш химия өнеркәсібін, кен-металлургия кешенін, аграрлық индустрия мен құрылыс материалдары өндірісін дамытуға салынатын болады. Жоғары экспорттық әлеуеті мол шикізаттық емес секторды дамыту қажет. Аймақта түпкілікті бағасы жоғары өнімдерін шығаратын кәсіпорындар құру шараларын қолға алатын кез келді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты. Біз астықты емес, ұнды және одан жасалатын өнімдерді, ет-сүт кешенінде шикі сүт пен малды тірілей салмақпен емес, дайын өнімді сатуға бейімделуіміз қажет. Біз «Жол картасы» бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, ауыл шаруашылығымен белсенді айналысатын боламыз, бұл салаға озат технологияны енгіземіз. Жамбыл облысында тұңғыш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын жүзеге асыруды бастаймыз. Кен өндіру және химия өнеркәсібіне ірі инвестициялар тартатын боламыз. Мұның бәрі рынокты жандандырып жұмыссыздықты қысқартады. Өнеркәсіп. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды, қосалқы және үй шаруашылығы саласын қоса есептегенде) ағымдағы бағалармен 112888, 5 млн. теңгенің өнімдерін өндірді.
Табиғи қоспасыз көрсеткіштер серпінімен есептелген өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 2009 жылдың қарашасындағы деңгейге 118, 5%-ды, 2008 жылдың желтоқсан айына 94, 0%-ды, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы деңгейге 70, 4%-ды құрады. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі облыстың 3 ауданында өсті. Жоғарғы көрсеткіштерге Шу (өндіріс көлемі 11, 2%-ға өсті), Байзақ (0, 1%-ға), Т. Рысқұлов (2, 3%-ға) аудандары қол жеткізді.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімдер көлемі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда бағалама бойынша 84376, 3 млн. теңгені құрады. 2010 жылдың 1 қаңтарына 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегімен салыстырғанда мал басы облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында өсті. Мал басының өсуіне, негізінен, тұрғын халықтың үй шаруашылықтары мен шаруа (фермерлер) қожалықтары арқылы қол жетті.
Ірі мүйізді мал, қой мен ешкі және жылқы саны облыстың барлық аудандарында, шошқа - бес, түйе саны - алты ауданында өсті.
2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ет өндіру көлемі 1, 2%-ға өсті, сүт өндіру көлемі 0, 9%-ға, жұмыртқа - 10, 4%-ға артты.
Ет өндіруде Сарысу (3, 5%-ға), Шу (2, 4%-ға) ; сүт өндіруде - Қордай (2, 8%-ға), Сарысу (2, 3%-ға) ; жұмыртқа өндіруде - Байзақ (29, 5%-ға), Жуалы (4, 2%-ға) аудандары алда келеді. Негізгі қорға инвестициялар. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанында негізгі қорға инвестициялар (бағалаумен есептегенде) 217310, 2 млн. теңгені құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 67, 3%-ға артты. Қаржылар салымының көлемі облыстың 9 ауданында өсті - Т. Рысқұлов, Меркі, Қордай, Байзақ, Жуалы, Шу, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу.
2009 жылғы қаңтаржелтоқсанда іске қосылған тұрғын жайдың көлемі 239, 6 мың шаршы метрді құрап, 2008 жылға 102, 6%-ды құрады. Тұрғын жай салу облыстың Тараз қаласында және 6 ауданында - Т. Рысқұлов, Талас, Жамбыл, Қордай, Жуалы, Меркіде белсенді жүргізілді. Бағалар. 2009 жылдың желтоқсан айында тұтыну бағаларының құнсыздануы 0, 5%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0, 2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 0, 3%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 1, 0%-ға қымбаттады. 2009 жылдың желтоқсанында жан басына шаққанда азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі деңгейінің орташа көрсеткіші облыс бойынша 10771 теңгені құрап, 2008 жылдың желтоқсанындағымен салыстырғанда 0, 1%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың өткен айымен салыстырғанда мына аудандарда: Меркіде - 0, 7%-ға, Т. Рысқұлов ауданында - 2, 4%-ға, Қордайда - 0, 6%-ға, Сарысуда - 0, 7%-ға, Байзақта - 0, 8%-ға, Таласта - 1, 7%-ға, Мойынқұмда - 1, 8%-ға, Тараз қаласында - 0, 1%-ға артты. Сонымен қатар, Шуда - 1, 4%-ға, Жамбылда - 0, 4%-ға кеміді. Еңбек рыногы. Облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне қарағанда, 2009 жылғы желтоқсан айының аяғында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2199 адамды құрады. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0, 4% болып қалыптасты. Жұмыссыздардың көпшілігі Тараз қаласы (693 адам) мен Сарысу (444 адам) ауданында болса, Шу (60 адам) ауданында бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде орын алды.
2 Облыстың инвестициялық саясаты. Жамбыл облысын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында республикалық индустрияландыру бағдарламасына қосуға 50 млн. АҚШ долларының жеті инвестицяиялық жобасы ұсынылып отыр («Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Мыңарал Тас компани» ЖШС, «Еурохим-тыңайтқыш» ЖШС, «Тәңір-логистик» ЖШС, «Хантау цемент зауыты» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС - 2 жоба) . Ал аймақтық картаға енгізу үшін 12 инвестициялық жоба ұсынылды. Жалпы көлемі 806, 7 млрд. теңгенің 19 инвестициялық жобасын іске асыру көзделіп отыр. 2009 жылы Жаңатас қаласында құрылыс материалдары зауытын салу жұмыстары аяқталды. Бұл инвестициялық жобалар аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға елеулі жәрдемдесетіні сөзсіз. Бәсекеге қабілетті өнім өндірісі бойынша жаңа технологияларды енгізу де жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетін болады. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мыңдаған мүшелері, ақпараттық-насихаттық топтардың жүздеген мүшелері облыс халқымен кездесіп, Президенттің жаңа Жолдауындағы алға қойған міндеттердің мәнін түсіндіреді. Оларды өмір бағдарламасы ретінде қабылдай отырып, облыстың әрбір тұрғыны өздерінің алға қойған мақсаттарын іс жүзіне асыруы тиіс. Біздің барлығымыз бірлесе отырып, Қазақстан-2030 стратегиясының екінші онжылдық бағдарламасын ойдағыдай орындап шығамыз! Жамбыл облысының инвестициялық жобалары Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпірді өткізуге толығымен дайын. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингіде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бақытбек Иманәлиев хабарлады. «Телекөпір аясындағы тікелей эфир Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауданында орналасқан «Мыңарал тас компани» ЖШС цемент зауытының құрылыс алаңынан басталады», - деп түсіндірді Б. Иманәлиев. Жамбыл облысында 595, 2 млрд. теңге көлемінде 19 инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылы 61, 7 млрд. теңге тұратын 10 жоба іске қосылады деп жоспарлануда, жаңадан 3, 7 мың жұмыс орны құрылады. Скрипник/ - Қазақстан экономикасын түрлендіру жөніндегі мемлекеттік комиссия жедел индустриялық инновациялық даму және Қазақстанның Индустрияландыру картасын толтыру жөніндегі жұмыстардың аясында жалпы сомасы 805, 3 миллиард теңгенің 20 инвестициялық бағдарламасының тоғызын қарап шықты. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылу барысына арналған аймақ кәсіпкерлерінің форумында осы мәселе сөз болды. Қаралған жобалардың қатарында Қаратаудағы «Еурохим» минералдық тыңайтқыштар өндірісі, Мыңарал мен Хантаудағы цемент зауыттарының құрылысы, «Қазфосфат» ЖШС-нің байыту фабрикасы мен күкірт қышқылын өндіру цехы, Шудағы кенеп шығару зауыты, электр-металлургиялық зауыт, Тараз металлургиялық зауытындағы ферроқорытпа өнімдерінің өндірісі, гранит өнімдерін жасау цехы бар. Жылдың соңына дейін 14, 9 миллиард теңге соманың 6 жобасын жүзеге асыру және 1628 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. «Индустриялық-инновациялық даму саясатының, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында, аймақ экономикасының шикізаттың бағыттан кетуі және халықтың әл-ауқатын көтеру мүмкіндігі пайда болып отыр», - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Гүлжауһар Қошанова. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Облыс әкімдгі алдында облысты өнеркәсібі дамыған, шағын және орта бизнес саласы өркендеген аймаққа айналдыру үшін қолдан келгеннің бәрін істеуі тиіс». - деді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бүгін өзінің есепті баяндамасында. Аймақ басшысы Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік секторға бағдарланғанын ескере отырып, аудандарда ауыл еңбеккерлерін қолдау шаралары белгіленгенін атап көрстетті, ол үшін ауылға шетелдік және жеке капиталды инвестициялау мүмкіндігі көзделген облыстық бағдарлама жасалуда. Қ. Бозымбаев бүгінде облыста инвестициялық саясат жасалмағанына назар аударды. «Өкілетті мемлекеттік органдардың инвестициялық саясаты дамымаған, белгіленген міндеттер негізінен қағаз жүзінде қалған. Біз отандық қаржы институттарымен қатар шетелдік инвестицияларды да тартуымыз қажет» «Жамбыл облысы бұрын өнеркәсіп саласындағы кадрлардың жоғары әлеуетімен даңқы шыққан болатын. Бізде үлкен стратегиялық шикізат қоры бар, ол аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына негіз бола алады», - деді облыс басшысы. Ол аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту, өнім көлемін, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдерді экспортқа шығару мәселелеріне кеңінен тоқталды. «Облыста 2010-2014 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық женделдете даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, бірыңғай басқару орталығы құрылды, ол инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасауда. 2010 жылы жалпы көлемі 9, 6 млрд. теңгенің 15 инвестициялық жобасы жоспарланып отыр» Жамбыл облысының инвестициялық жобалары Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін телекөпірге толығымен дайын. . «Телекөпір аясындағы тікелей эфир Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауданында орналасқан «Мыңарал тас компани» ЖШС цемент зауытының құрылыс алаңынан басталады» Жамбыл облысында 595, 2 млрд. теңге көлемінде 19 инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылы 61, 7 млрд. теңге тұратын 10 жоба іске қосылады деп жоспарлануда, жаңадан 3, 7 мың жұмыс орны құрылады. Жамбыл облысында өңірлік жалпы өнімді (ӨЖӨ) екі есеге өсіруді, еңбек өнімділігін едәуір арттыруды және ӨЖӨ-нің халық басына шаққанда шамамен 2, 8 есе арттыруды қарастыратын 2010-2014 жылдарға арналған өңірдің бесжылдық даму перспективасы талқыланды. Бұл бізге облыстың даму деңгейін көтеруге, тұрғындардың нақты кірісін ұлғайтуға және еліміздің дамыған өңірлерімен қатар тұруға мүмкіндік туғызады.
3 Жамбыл облысының шаруашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz