Метеорология ғылымы



1. Метеорология ғылымы
2. Метеорологияның даму тарихы.
3. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ)
4. Пайдаланған әдебиеттер
Метеорология (грек. метеора – атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия)— жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ілім. Ол физика заңдарының негізінде географиялық қабықтың бір бөлігін зерттейді. Со­нымен, метеорология — атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физи­калық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету. Міне осы мәселелер метеорологияның негізгі мақсатта­ры деп қарастыруға да болады. Метеорология грек сөзінен аударғанда: мета — тұстағы айнала, эора — көру, логос — ілім деген мағнаны береді. Климатология — жер климаты, яғни белгілі бір географиялық орынға тән атмосфералық жағдайлар жиынтығы, жайлы ілім. Сондықтан, климат — жергілікті жердің физикалық-географиялық сипатының маңызды бір бөлігі. Себебі, ондағы қалыптасқан су торының режимі, топырақ, өсімдік жамыл­ғысы мен жануарлар әлемі, жалпы ландшафттар келбеті ауа райы режиміне тікелей бағынышты. Жергілікті ауа райы мен климат халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылық салаларының мамандануына, өнеркәсіптің географиялық орналасуына, көлік торының таралуына үлкен әсерін тигізеді. Жалпы, климат жайлы негізгі түсініктер география маманына қажетті екені түсінікті.
Атмосфера — Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Ауа сығылмалы, сондықтан оның тығыздығы биіктікке қарай кемиді. Бірте-бірте ол ғарыштық кеңістікке, белгілі бір шекарасыз, ауысады. Яғни, атмосфера таралу биіктікті орта шамамен 20 мың км деп есептейді. Атмосфера масса­сының жартысына жуығы — төменгі 5 км қабатында, 75 % массасы — төменгі 10 км, ал 90 % төменгі 20 км ауа қабатында шоғырланған.
Ауа райы — белгілі бір сәттегі, белгілі бір географиялық жердегі төменгі атмосфераның жағдайы. Ол жағдайдың сандық және сапалық сипаттары бар. Сандық сипаттары метеорологиялық аспап-құралдармен өлшенеді де метеорологиялық элементтер деп аталады. Мысалы, оларға ауа температу­расы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы т.б. жатады.
1. Байшоланов С.С., Қожахметов П.Ж. Жалпы метеорология, 1бөлім. ҚазМУ, 2006.
2. С.П.Хромов, М.А.Петросянц. Метеорология и климатология. – М.: Изд-во МГУ, 1994.– 520 С.
3. http://www.azattyq.org/

Жоспары
1. Метеорология ғылымы
2. Метеорологияның даму тарихы.
3. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ)
4. Пайдаланған әдебиеттер



1. Метеорология ғылымы
Метеорология (грек. метеора - атмосфера мен аспан құбылыстары және ...логия) -- жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ілім. Ол физика заңдарының негізінде географиялық қабықтың бір бөлігін зерттейді. Со­нымен, метеорология -- атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физи­калық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету. Міне осы мәселелер метеорологияның негізгі мақсатта­ры деп қарастыруға да болады. Метеорология грек сөзінен аударғанда: мета -- тұстағы айнала, эора -- көру, логос -- ілім деген мағнаны береді. Климатология -- жер климаты, яғни белгілі бір географиялық орынға тән атмосфералық жағдайлар жиынтығы, жайлы ілім. Сондықтан, климат -- жергілікті жердің физикалық-географиялық сипатының маңызды бір бөлігі. Себебі, ондағы қалыптасқан су торының режимі, топырақ, өсімдік жамыл­ғысы мен жануарлар әлемі, жалпы ландшафттар келбеті ауа райы режиміне тікелей бағынышты. Жергілікті ауа райы мен климат халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылық салаларының мамандануына, өнеркәсіптің географиялық орналасуына, көлік торының таралуына үлкен әсерін тигізеді. Жалпы, климат жайлы негізгі түсініктер география маманына қажетті екені түсінікті.
Атмосфера -- Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Ауа сығылмалы, сондықтан оның тығыздығы биіктікке қарай кемиді. Бірте-бірте ол ғарыштық кеңістікке, белгілі бір шекарасыз, ауысады. Яғни, атмосфера таралу биіктікті орта шамамен 20 мың км деп есептейді. Атмосфера масса­сының жартысына жуығы -- төменгі 5 км қабатында, 75 % массасы -- төменгі 10 км, ал 90 % төменгі 20 км ауа қабатында шоғырланған.
Ауа райы -- белгілі бір сәттегі, белгілі бір географиялық жердегі төменгі атмосфераның жағдайы. Ол жағдайдың сандық және сапалық сипаттары бар. Сандық сипаттары метеорологиялық аспап-құралдармен өлшенеді де метеорологиялық элементтер деп аталады. Мысалы, оларға ауа температу­расы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы т.б. жатады. Ал сапалық сипаты көбінесе бақылаушы­мен көз мөлшермен анықталып, метеорологиялық құбылыстар деп атайды. Оларға, мысалы, бұрқасын, тұман, көктайғақ, найзағай, үсік т.б. құбы­лыстарды жатқызуға болады. Ауа райын сапалы түрде зерттеу үшін тек төменгі атмосфераны емес, жоғарғы атмосфераны да толығымен зерттеген дұ­рыс. Ол үшін аэрологиялық, аэрономиялық, космостық зерттеулер қолданылады.
Климат -- белгілі бір географиялық жерге тән, көп жылдар бойы қалыптасқан ауа райы режимі. Географиялық жер деген ұғымға тек сол жердің коор­динаталары, теңіз деңгейімен салыстырған биіктік емес, жер беті жамылғысының сипаты -- жер бедері, топырақ жамылғысы т.б. жатады. Көп жыл­дар бойы қалыптасқан климаттың тұрақтылығы байқалады. Сондықтан климат жергілікті жердің физикалық-географиялық сипатының бірі болып келеді.

2. Метеорологияның даму тарихы.
Орта ғасырларда да аса маңызды, күрделі атмосфералық құбылыстар тіркеліп отырылған. Бірақ онда ғылыми бақылаулардан алыстау, көбінесе құбылыстардың табиға­тын түсінбей, байқалған ақпараттар болды. Ал өлшеу жүргізетін аспап-құралдар болған жоқ. Мысалы, ежелгі Мысыр елінде Ніл өлшеуіш деген, су деңгейін қадағалап отыратын құрал болған екен. Бірақ ол кезде көптеген процестер мен құбылыстар түсініксіз болып, адам үрейін қашыратын. Біздің д.д. ІV ғасырда ежелгі грек ғұлама ғалымы Аристотель атмосфералық процестерді түсіндіру мақсатымен алғашқы Метеорология атты кітап жазған. Қазіргі ғылыми метеорология ХVІІ ғасырдан басталады. Ол кезде физика ілімінің негізі қалана бастады. Ал метеорологияны атмосфералық физика деп түсінуге болады. Алғашқы аспаптарды Галиллей мен оның оқушылары жасады (термометрді 1597 жылы -- Галиллей, барометрді 1643 жылы -- Торричели). Сөйтіп, инструменталды бақылаулар жасауға мүмкіндік туды. ХVІІ ғасырдың аяғында -- ХVІІІ ғасырдың басында Еуропада алғашқы ме­теорологиялық бақылаулар жүргізіле бастайды. Бірақ олар ретсіз, жүйесіз жүргізіледі. ХVІІІ ғасырдың ортасында орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1711 - 1765) метеорология дамуына елеулі үлесін қосады, ол анемометр, теңіздік барометр ойлап шығарып, найзағай табиғатын түсіндіріп, ауа райы болжауының маңыздылығын дәлелдейді.
Метеорологияялық бақылаулар жүргізу негізін I Петр қалайды. 1725 жылы Петербургте бақылаулар жүргізуін қадағалайтын Академия ашылады. 1849 жылы дүние жүзі бойынша алғашқы метеорологиялық ұйым -- Бас геофизикалық обсерватория ашылады. М.А.Рыкачевтың ұйымдас­тыруымен Ресейде алғаш метеорологиялық күнбе күндік бюллетень шығарыла басталады. Бірте-бірте ұйым үлкейіп, ғылыми-зерттеулік институттар, обсерваториялар құрылады. Динамикалық, синоптикалық метеорология негіздері қаланады. 1930 жылы орыс ғалымы П.А.Молчанов радиозонд ашып, аэрологиялық бақылаулар жасауға мүмкіндік туғызады. Ресейлік ғалым-метеорологтар -- Г.И.Вильд, А.И.Воейков, П.И.Броунов, Я.Д.Захаров, Б.П.Мультановский, Б.И.Срезневский т.б. әлемдік метеорология мен климатология дамуына үлкен еңбек сіңіреді.
ХХ ғасырдың басында норвегиялық Бьеркнес мектебінің ғалымдары ауа массалары, атмосфералық фронттар жайлы ғылыми теория енгізеді. Өз үле­сін АҚШ ғалымы В.Феррель, неміс ғалымдары Г.Гельмгольц, В.Кеппен, австриялықтар Ю.Ханн, М.Маргулес, швециялық К.Россби, ағылшындық В.Нэ­пир-Шоу т.б. сол сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорологияның даму тарихы
Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы.
Метеорологияның даму тарихы туралы
Аристотель Стагирит – грек философы
Географиялық ойдың даму тарихы. Алғашқы географиялық ойлар
Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу
Метеорологиялық оқу орталығы
Динамика ғылымына қысқаша сипаттама
Метеорологияның даму тарихымен, Қазақстандағы метеорологияның дамуымен танысу. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым туралы түсінік алу
Қазгидромет
Пәндер