Өндіріс шығындар
Кіріспе
1. Өндіріс шығындарының жіктелуі
2. Өндіріс шығындарының есебін жүргізуге арналған шоттар есебі
3. Үстеме шығындар есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6.Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10.Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
11.Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000
12. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 1989
13. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 1994
Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998
14. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999
15. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000
16. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин и статистика. 1995

Жоспары
Кіріспе
1. Өндіріс шығындарының жіктелуі
2. Өндіріс шығындарының есебін жүргізуге арналған шоттар есебі
3. Үстеме шығындар есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
1. Өндіріс шығындарының жіктелуі
№ 7 БЕС ТМҚ есебі және №2 Қорлар ҚЕХС сәйкес ұйымдар өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардың құрамын анықтайды. Өндірістік өзіндік құнға жалпы және әкәмшәләк шығындар, дайын өнімді сату бойынша шығындар, сыйақы төлеу шығындар енгізілмейді. Бұл шығындар кезең шығындар ретінде есептеліп, есепті мезімнің соңында 5410 Жиынтық кіріс немесе зиян шотының Дебетіне шығарылады.
Өнімнің (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құнына төмендегі шығындар қосылады:
өнімді, жұмыс пен қызметті өндіруге өндіруге тікелей байланысты шығындар;
өндірістің жаңа түрлерін дайындпуға және игеруге шығындар, жобалау, конструкторлау, жаңа өнімді өндірудің технологиясын өңдеу және т.б шығындарды жатқызады.
Жаңа өнімді өндіруді игеруге байланысты шығындар болашақ кезең шығындары ретінде танылып, өнімнің өзіндік құныныа бекітілген мерзімдерінде өнімнің жаппай өдіріс басталған кезеңнен бастап қосылып отырылады.
Өнім өндіру мерзімі қысқа әртүрлі түрлі өнім өндірілетін өндірісте, мысалы: құрылғы, радиобөлшектер өндірісінде өндірісті игеру шығындары үстеме шығындар ретінде танылып, өндірілген өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылып отырлады.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар - бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) - бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) - бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТСQ
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
· ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
· табиғи шикізаттарды қолдану;
· өндірісті дайындау және үйрену;
· өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
· рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
· өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
· қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
· өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
· кадрларды дайындау және қайта дайындау;
· мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 "Тауарлы-материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар учаскелер,құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (Жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
өнімнің өзіңдік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық мәлеметтер мен калькуляция баптары бойынша.
Өндіріс шығындарын жіктеу.
Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
3-сурет. Өндіріс келемі мен өзгермелі шыгындар сомасы арасындағы тәуелділік
2-суреттен және 1-кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе қалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
2. Өзгермелі шығындардың өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
3-суреттен өндіріс көлемі өзгерген кезде, тұрақты шығындар, өзгеріссіз қалатыны көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке азайса, онда жалпы тұрақты шығындар өзгерссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұрақты шығындар өндіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса,
2.Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққанандағы реті (тәртібі)
Өнім бірлігіне шаққандагы тұрақты шығындарды 5-сурет пен 2-кестеден көруге болады.
Өнім бірлігіне шакқандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).
Бір жолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік кұнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдарынан іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
:: өндірілген өнімнің өзіндік кұнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;
басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
2.Өндіріс шығындарының есебін жүргізуге арналған шоттар есебі
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген жұмыс шоттар жоспарына сәйкес шоттардын кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8110 - Негізгі өндіріс, 8210 - Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер, 8310 - Көмекші өндіріс, 8410 - Үстеме шығындар бөлімдерінің шоттары кіреді. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына негізделген типтік шоттар жоспары 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Екі шоттар жоспарында өзгешелік нөміріне қатысты ғана болып отыр.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8110, 8310, 8410 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110, 8310, 8410 шоттарының есебі компьютерлендірілген қезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
- "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі 1300 - "Материалдар" бөлімшесі шоттарының кредиті; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары 3350 "Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының қредиті; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; 3150 - "Басқа да" шоттың "Әлеументтік салық" субшотының қредиті;
- "Негізгі қурал-жабдықтар амортизациясынын (тозуынын) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі 2420 - "Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы"бөлімшесі шоттарынын қредиті);
"Материалдық емес активтер амортизациясының есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизациянын, сомасы көрсетіледі.
2740 -"Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының қредиті);
"Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерғе жұмсалғын шығындары қерсетіледі 8310 - "Көмекші өндірістер" шоттарынын қредиті.
Қаржылық бухгалтерия есептің Бас кітабын, ұйымнын балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардын типтік жоспарынын 8- бөліміне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, Өндіріс шығындарынын нормалары мен нормативтерін талдап және олардьн орындалуын бақылайды, Өндірістегі шалафабрикаттардын қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып қеледі. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тутынушылар үшін ғана емес, сонымен бірғе осы ұйымнын қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Ұйымның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 1341-"Негізі өндіріс", 1342 "өз өндірісінің шалафабрикаттары", 1343 - "Көмекші өндіріс", 1344 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-ақ күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік қезеңнің соңында өндірістіқ бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1341-1344 шоттары дебеттеліп, 8110, 8210, 8310 шоттары кредиттеледі, содан сон келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі ( демек, 8110, 8210, 8310 шоттары дебеттеліп, 1341-1344 шоттары қредиттеледі).
Сонымен, 1341-1344 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша ұйымның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "Транзиттік" шоттардан турады, онда олардын мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.
"Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың белгісін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндіріспк өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді [20].
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль үшін болат немесе жиһаз өндіру үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс құнына жұмсалған тікелей шығындар -- бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларыньн еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіру жұмысшыларының еңбек ақысы) шегертіп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуынын шығыстары т.б. жатады.
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8110 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8110 -"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттын 8111 - "Материалдар", 8112 - "Өндіріс жұмысшыларынын еңбеқ ақысы", 8113 - "Еңбеқ ақыдан аударылатын аударымдар", 8114 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл сонында 8110 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады. Келесі кестеден негізгі өндіріс шығындарының есепке алынуын көрсетеміз.
6 кесте
Негізгі өндіріс шығындарын есеп шоттарында көрсету*
№
Операцияның мазмұны
Дебет
Кредит
1
Негізгі і өндіріс қажеттілігіне босатылған құндылықтар
8111
1311-1316, 1318
2
Еңбек ақы есептелді: негізгі өндірісте істейтін еңбеккерлер жалақысы
8112
3350
3
Есептелген еңбек ақыдан аударылатын сомаға
8113
3120, 3210,3220
4
Негізгі өндіріске жататын үстеме шығыстарды есептен шығару
8114
8410
5
Негізгі өндірістің шолушы шотына жинақтағанда
8110
811-8114
6
Негізгі өндіріске аяқталмаған өндіріс қалдығы берілгенде
8110
1340
7
Негізгі өндірістен дайын өнім кірістелгенде
1320
8110
8
Сатылған өнімнің өзіндік құнына
7010
8110
9
Аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына
1340
8110
*Дерек көзі: Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарына негіздеп автор құрастырған.
Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8110 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістік шығындар есебі төмендегі баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Шикізаттар мен материалдар -- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) қезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектіні жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, оларды пайдалану мен жанғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттыудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негізі болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарынын" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар -- тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету материалдары. Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады [19].
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндірістік сметалық мөлшерлеме бойынша пропроционалды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шиізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық, ресурстары саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технилогияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардын тізім шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнынын төмендетілген бағасы бойынша;
қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардын жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шиізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды іріктеп алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары бойынша алады, олардын құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардын іріктеп алынуын 1310-шоттың дебеті және 8110 шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. 8110 шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Дайындау тасымалдау шығыстарына (ДТШ) шығынның қелесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері; жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектінің қоймасына материалдарды жетізкізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, қеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардын шығысы сияқты көрініс табады.
Ұйым көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарынын тиісті элементтерге (еңбек ақы төлеуге, негізігі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстын құны оның бағасына енгізілген жағдайда жетізкізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардын ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған ұйымдардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады,өндіріс қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процессінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және сонын, салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz