Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
1 Ұялы байланыс жайлы жалпы түсінік
Ұялы байланыс стандарттары
Ұялы байланыстың ақпарат тарату ерекшеліктері
Ұялы байланыс hi- tech журналистиканың негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертация медианарықтағы ұялы байланыстың ақпарат таратудағы алатын рөлін сипаттауға, саралауға негізделген. Зерттеуде журналистиканың жаңа саласы -hi-tech журналистика(ұялы байланыс пен интернет арқылы жүзеге асады), ұялы байланыс стандарттары, елімізде ұялы байланыспен қамтамасыз ететін «GSM Қазақстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС компанияларының қызметтері талданды.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қоғам - ақпарат қоғамы. Бүгінде қысқа әрі нұсқа, нақты ақпаратпен жылдам қамтамасыз ету басты орынға шықты. Бұл кезекте журналистиканың атқарар жауапкершілігі де арта түседі. Осы ретте ұялы байланыстың өзіндік маңызы бар. Ұялы байланыстың көпшілік үшін аса маңыздылығы - ақпарат таратуда жеделділігі, шынайылыққа қолжетімділігі. Жаңалықты жылдам жеткізу арқылы ол бұқаралық аудитория мен редакция, өзге бұқаралық ақпарат құралдары арасына байланыс орнатып, қоғамдық пікірді қалыптастырады. Халықтың таным-түсінігін, ой-парасатын тереңдетеді.
Ұялы байланыстың қызметі көп қырлы, әсіресе, оның ақпараттық ерекшелігінің медианарықтағы тиісті орнын көрсету үшін оның сыртқы нысаны мүмкіндік бермегенімен, журналистика ұғымының шартты болып келетіндігіне қарамастан бұл жағдайда оның hi-tech журналистиканың дамуынде үлесі зор екендігін ескеру керек. Сөз болып отырған ұялы байланыстың хабарлау, дерек беру, тарату мақсатынан тыс өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ұялы ақпараттың композициялық әдісінен, динамикалық құрылымынан, тақырыбынан, жазылу тілі мен стилінен, оқиғаның бағыт-бағдарынан анық көрінеді. Ұялы байланыс арқылы хабар таратуда мынадай бағыттар айқындалады: жаңалықты жасау, беру кезінде телефон пайдаланушы қарапайым ақпарат көзінің мазмұнды рөлі жоғарылайды, жедел, бұқаралық аудиторияда оқиға орнынан жіберілген шынайы дерекке деген қызығушылық пайда болады. Зерттеу жұмысында ұялы байланыс сан қырынан қарастырылады. Журналистиканың дамуы заман талабына сай hi-tech журналистиканы алдыңғы қатарға шығарғандықтан, қоғамның жоғарғы технологияны игеру барысында медианарықтың дамуын саралау, ұялы байланыстың ақпараттық өзгешіліктерін анықтау тақырыптың өзектілігін аңғартады.
Ұялы нарық қарқынды даму кезеңіне аяқ басты, келесі 2-3 жыл нарықтағы орнымызды нығайту мен жаңа абоненттерді тартуда маңызды рөл ойнамақ. XX ғасырдың бұл жаңалығы коммуникация мен ақпарат дәуірі саналатын XXI ғасырда адамзаттың сенімді көмекшісі болып қала бермек.
Қазіргі уақытта телекоммуникациялық өндіріс негізгі мүмкіндіктер мен шақырулардың алдында тұр. Қазақстанның ұялы байланыс нарығы жақында жоғарылатылған өсу кезеңіне кірді.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінң дауысын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату болып саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы телефон 1, 15 килограмм тартатын. Сол уақыттары Нью-Йорк ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды.
Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс өндірісі де ерекше қарқын алды.
Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруды қолға алған Қазақстан үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл сол жылы қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы да жүзеге асқан болатын.
Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді Тайваньдық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын алған марканың дизайны мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан. Орта класты нарыққа арнап шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс өндірісіне енуге жасалған алғашқы қадам еді.
Негізгі бөлім
Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті. Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша, сынақтан өткізіліп, мемлекет бекіткен стандартқа сай саласы анықталады. Бұл іске асқан жобада тауар сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.
15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Бүгінде Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.
Яғни, қазақстандық экономиканың қарқынды өсуімен және іскерлік белсенділігінің артуымен қатар ұтқыр байланыстың көрсеткіштері де өсті. Нәтижесінде нарықтың молығу жайы күткеннен әлдеқайда бұрынырақ орын алып, ол операторларды ұялы байланыс қызметтерін белсенді әртараптандыру қажеттілігі жағдайына әкелді. 15 миллионнан асатын халқы бар Қазақстанда ұтқыр байланысты қолданушылардың саны бүгінгі күні 13 миллион абонентті құрайды.
АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылмақ.
АҚШ осы жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады.
АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдай кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.
Әлемдік IT-саланы зерттеуші маркетологтар ұялы телефондар жайлы қызықты ақпараттар таратты. 2005 жыл бойы әлемде ұялы телефондардан жіберілген сәлемдемелер триллионнан асқан. Швеция ұялы телефонға аллергияның болуын ресми түрде мойындаған мемлекет. Егер адамның бойынан осындай сырқат анықталатын болса, швед үкіметінен өтемақы ретінде 250 000 доллар талап етуге құқы бар.
Ұялы байланыстың адам денсаулығына әсерін зерттеуші ғалымдар байланыс орнатудың алғашқы 3-4 секундында сөйлеспей қоя тұруға кеңес береді. Себебі бұл сәтте электромагниттік толқындардың әсері өте көп болады. Адам денсаулығына телефонның жағымсыз әсерін азайтудың тағы бір жолы - құлақбау тәрізді құрылғыларды пайдалану.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Әрбір аймақта орналасатын базалық станциялар сіздің үздіксіз байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. Сіздің өзге абоненттермен сөйлесуіңіз, сәлемдеме жіберуіңіз, IK-порт немесе Bluetooth жүйесінде мәлімет қабылдауыңыз немесе күту режиміндегі телефон электромагниттік толқындардың өрісімен қатар жүріп отырады. Біздің барлық сөйлесуіміз толқынжима тудыратын тербелістің төңірегінде жүреді. Қазіргі толқындар аса күшті болады. Олардың сәулесі адам денесіне еніп, оны қыздырады. Осыдан толқындардың адам ағзасының тіндеріне әсері пайда болады. Электроманиттік сәулеленудің қуатының шамамен 20 пайызы адам миына жетеді. Бірақ ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті деңгейде емес.
Адам ағзасы белгілі бір тербеліс жиілігіне ие. Организмнің әр бөлігі әр түрлі жиілікке ие. Сырттан келетін кез-келген жиілік ағза үшін бөгде саналады. Ұялы телефондардан шығатын жиіліктер аса қауіпті саналмайды, бірақ телефондарды бас, ми, жүрек тәрізді үздіксіз жұмыс жасайтын ағзалар маңында ұстамау керек.
Қазір әлем елдерінде ұялы телефондардың зиянына байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Солардың қатарында, Қазақстандағы бірегей Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми зерттеу институты да бар.
«Адам және жануарлар физиологиясы институтында ағзаның функционалдық қызметін анықтайтын құрылғы көмегімен Адамның жүрек қағысы зерттеліп, ол толқын түрінде компьютерге беріледі. Бұл жаңаша әдістің көмегімен адам ағзасындағы реттіліктің бұзылуы мен оны реттеу жолдары анықталады. Ағзаны зерттеудің жаңаша жобасының басты артықшылығы - қызметінде ақауы бар органды ешбір дәрі-дәрмексіз темперетуралық өзгеріс арқылы қалыпқа келтіру жолы анықталады. Адамның белгілі бір тербеліс жиілігінде өмір сүретінін ескерсек, оған сырттан әр түрлі жиіліктегі мәселен, ұялы телефондардан келетін тербелістер әсер етуі мүмкін, алайда ол толқындардың Адам денсаулығы үшін әсері елеулі емес, » - дейді ғалымдар. [1]
Өте көп тербелістерді Күн сәулесі, ғарыштан келетін сәулелер, телестансалар, толқын жималар мен телефондар тудырады. Бірақ ұялы телефонның өзі жеке тұрғанда, оның тербелісі өте төмен қуатқа ие. Сол себепті ұялы телефондар адам денсаулығына өте күшті әсер етпейді.
ОВВ және Mobilkom Austia жүргізетін пилотты жоба Telekom Austria Group телефон операторы ұялы байланысының бөлімшесі қазір 100 жолаушы және 100 кондуктордың қатысуымен Вена - Кремс және Вена - Гмюнд маршруттарында тест жүргізілді. Барлық қатысушыларға NFC чипімен қоса Nokia 6112 үлгісінделі ұялы телефон таратылды. Жыл соңында Nokia компаниясы билеттерді телефонға тиесілі чипте емес, оны бір телефоннан екінші телефонға салу үшін жеке SMS картада сақтауды ойластырды. Mobilkom Austia және Nokia компанияларының ұзақ мерзімді перспективаларында Австрия, сонымен қатар шет елдерге жол жүру үшін түрлі көлік компанияларының билеттерін ұсынуда және пайдалану кезінде NFC технологиясын қолдануға белбайлады.
Mobilkom Austiaның айтуынша Nokia NFC чипі бар ұялы телефонын өндуші әлемдегі алғашқы және жалғыз компания болып табылады. Nokia 6112 Classic Mobil Austia дүкендеріне ақпан айынан бастап түсуі керек. Дегенмен, әзірше бұл телефондар NFC чиптермен жабдықталмайды. Бүгінгі күнде Mobil Austia абоненттері қоғамдық көліктерге SMS арқылы тапсырыс бере алады.
Mobil Research Group компаниясының жетекші сарапшысы Эльдар Мұртизин "Австриядан сатып алынатын жоба сәннен асып түспейді, алайда индустрияның дамуының көрсеткіші болады" деп санайды. Ол, келешекте көптеген телефондар, оның ішінде орта деңгейдегі ұялы телефондар да NFC чиптермен жабдықталады, бұл тек жол жүруді ғана емес басқа да қызмет көрсетулерді атқарып өте ығайлы қылдыра түседі. Әдеттегі ұялы телефондар қолданыстан шықпайды, NFC апараттары ұялы байланыстың әлемдік нарығында 10 - 15% құрайды - деп ұйғарады. NFC чиптерінің SIM картаға енгізуінің таралу перспективаларын болжау қиын, бірақ мүмкін шамамен 5-8 жылдан кейін болар деп сарапшы болжайды.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады: жай ұялы телефон, смартфон, ұялы бейнетелефон. Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т. б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу, қабылдау, қысқа хабарлама хат, соңғы кездері фото, бейнекамера, саз, флеш-жады, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Смартфон (ағылшынша-білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді.
Мұнымен қатар сіз смартфонға өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т. с. с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
Отандық телекоммуникация нарығының жай-күйі қазіргі сәтте «әбден молыққан» деп сипатталады. Алайда, мұндай анықтама әлі жақсы өсу қарқыны және құрамы бойынша нарықтың екі басты секторларының үстемдік ету жағдайын ескергенде қолданылады. Қазақстандық байланыс нарығының өзге ерекшелігі - игерілуі жергілікті телекоммуникацияны өзгертуі мүмкін басқа бағыттарды дамытудағы бастапқы деңгейі болып табылады.
Бұдан бес жыл бұрын байланыс қызметтерін көрсетуден түскен кірістердің жылдық орташа өсімі бойынша сала алғаш рет мұнай-газ секторының даму қарқынымен салыстырыла бастады, сарапшылар телефонизация тасқыны нәтижесінде байланыс нарығының экономикалық базасы барынша тез игеріледі және таяу жылдары өсу қарқыны төмендейді деп болжамдады. Сол кездің өзінде нарықтың өсуі орташа алғанда 28% құраса, 2007 жылы - 18% ($2, 6 млрдқа жуық) құрады.
Жорес Алферовке Нобель сыйлығы, былайша айтқанда, ұтқыр байланыс жүйесін құруға қосқан үлесі үшін берілген деп бағаланады. Ұтқыр байланыстың арқасында бүкіл әлемдегі телекоммуникация нарығы қайта түледі, саланың қарыштап өсуін қамтамасыз етіп, дамыған және белсенді дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал жасады. Бір айта кететіні, ғалымның еңбегі мойындалған сәтте бәсекеге қабілетті кемі 20 елде ұтқыр байланыстың енуі ең жоғары белгілеуде болды және ішкі нарық іс жүзінде игерілген еді.
Қазақстан бірқатар жылдар бойы ұтқыр байланыстың өсу көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда болды және бүгінгі күні отандық телекоммуникация нарығындағы алатын үлесі бойынша көшбасшы болып келеді.
Осылайша, сарапшылар телекоммуникация нарығы өсуі тежелуінің негізгі себебін - телекоммуникация нарығында айтарлықтай үлеске ие болып отырған ұялы байланыс нарығының молығумен түсіндіреді.
Қазір Қазақстандағы байланыс желісінде жазылған абоненттердің уақыт тығыздығы 100-ге 24 адам, соның ішінде ауылдық жерлерде - 100-ге 13 адам; республика бойынша жергілікті телекоммуникация желілерінің цифровизация деңгейі - 88 %, соның ішінде ауылдық жерлерде - 78%; ұялы байланыс абоненттерінің саны -100-ге 95 адам; Интернетке кіру -100-ге 32 адам, соның ішінде кең жолды интернет желісіне қол жетімділігі бар абоненттер саны - 100-ге 9 адам.
Телекоммуникация саласын әрі қарай дамыту мақсатында байланыс операторлармен қалалық оптикалық инфрақұрылым негізінде қол жетімді мультисервистік желілер және көліктік Metro Ethernet желілерін құру жүзеге асырылуда.
ӘЛЕМДЕГІ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ДАМУЫ
Қазіргі уақытта телекоммуникация қарқынды түрде даму үстіндегі нарық секторының бір құраушысы болып табылады. Байланыста пайдаланып жүрген технологияларға жаңа байланыс стандарты - CDMA қосылды.
CDMA- сөзбе-сөз аударсақ, арналарды кодпен бөлу арқылы қол жеткізу. Бұл байланыс жүйесі 1993 жылы Америкалық телекоммуникациялық ассоциясымен стандартталды.
CDMA технологиясын халықаралық электрбайланыс одағы үшінші кезеңді мобилді байланысты жасауға негіз ретінде алуды ұсынып отыр. Қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологиялар дәуірінде телекоммуникация мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілмеген аймақтар әлі де бар. Ондай аймақтарға қиыр орналасқан, аз қоныстанған мекендер жатады. Жоба шартына сай жүйе CDMA технологиясының 450 МГц жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жиіліктегі жүйе қашық жатқан аймақтар мен аз қоныстанған мекендерді байланыс мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге қолайлы болып тұр.
Қазақстанда ауыл байланысын әрі қарай дамыту үшін 450 МГц диапазонында CDMA технологиясы бойынша сымсыз қол жетімді желі құрылысы жүргізілуде, бұл ауылдық телефон желілерін цифровизациялауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ауылда Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін беруге мүмкіндік береді.
CDMA 450 желісінің сиымдылығы 2010 жылғы 1 қаңтарда 246 706 абонентті құрады, қолданысқа енгізілген CDMA 450 желісінің сиымдылығы 195 462 абонентті құрады.
CDMA байланыс желісінің өсуі осы стандарттың экономикалық, экологиялық және техникалық артықшылықтарымен байланысты. Әлемдегі операторлардың көпшілігі CDMA технологиясын таңдап, әлемнің 45 озғыр компаниялары құрылғыларды жасауға лицензия алды.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген қалаларында CDMA стандарттағы желілер кеңінен жайылуда. Және бұл жобалар өзін ақтап, абонентердің көңілінен шығып, әрі айтарлықтай пайда әкеліп отыр.
Арналарды кодпен бөлу арқылы көптеп қол жеткізу жүйесі - СDMA (Code Division Multiple Access) - әлемдік нарықта пайда болған ең үміт артар жүйе болғаны мүмкін. Бастапқыда CDMA технологиясы АҚШ-тың әскери күшіне арналып, тек сол салада ғана пайдаланылса, бүгінде коммерциялық байланыс жүйесі үшін кең тараған сандық стандарт ретінде бәріне танымал. Соңғы он бес жылдардың ішінде CDMA технологиясы тесттеліп, стандартталып, лицензияланып және көптеген компаниялармен өндіріске жіберіліп бүкіл әлемде қолданылуда. Сигналдың энергиясы таңдап алынған жиіліктерде немесе уақыт интервалдарында шоғырланатын, абоненттердің желіге қол жеткізудің басқа әдістерден айырмашылығы, CDMA сигналдары үзіліссіз жиілікті-уақыттық кеңістікте таралған. Басқаша айтсақ, бұл әдіс жиілікпен де, уақытпен де және энергиямен де әсерлеседі.
CDMA-дағы байланыс процесі келесі түрде жүреді: ақпараттар кодталып, шу тәріздес сигнал түрінде таратылады, ақпараттар сигналын жалпы сигналдрдан бөліп алу үшін кодтарды ретімен орналастыру керек болады. Бір арнада көптеген сигналдар таратылады, дәл осы кезде жиіліктің кең жолағында барлық мәліметтер беріледі. Арналарды кодпен бөлу кезінде ақпаратты бөгеуілдерден және бөтен адамдардың тыңдауынан сақтайды.
CDMA 450 шешімдерін және коммерциялық қолайлы өнімдерді көптеген әлемдегі озық компаниялар ұсынады. Солардың ішінде Airvana, Ericsson, Huawei, Lucent Technologies, Nortel Networks, QUALCOMM және ZTE. Оларда 450-470 МГц жиілік диапазондарында IMT-2000(International Mobile Telecommunications - халықаралық мобильді телекоммуникациялар) шешімдері бар. Әрбір компанияның желі құру және оны ары қарай дамыту мәселелерінің өзіндік шешімдері бар. Соның ішінде бізге қолайлы болатыны қытайлық Huawei компаниясының ұсынған шешімі.
Huawei өзінің тапсырыс берушілеріне құны төмен және басқа желілермен өте жақсы өзара әрекеттесетін CDMA 2000 жоғары өнімділікті кешенді шешімін ұсынады. CDMA2000 шешімдері мобилді желілерді және абоненттік радиорұқсат желілерін қолдай отырып, 50МГц/ 800МГц/ 1900МГц/ 2100МГц жиіліктер диапазонында құрыла алады.
Huawei компаниясының CDMA2000 шешімдеріне кіреді:
- cоңғы пайдаланушылардың түрлі категорияларына арналған мобилді телефондар және стационарлы сымсыз терминалдар сериясы;
- базалық станцияның толық серия құрамына кіретін үнемді базалық станциялар жүйесі;
- өте жақсы масштабталумен және интеграцияның жоғары дәрежесімен сипатталатын технологиялық дамыған желілік қолдау жүйесі;
- табыстың жаңа ағындары үшін ашық сервисті тұғырнама;
- қуатты басқару функциялары мен ыңғайлы пайдалану интерфейсі арқылы желіні интегралды басқарудың шешімі.
Huawei компаниясының CDMA2000 шешімдері әлемнің 20-дан астам елдерінде кеңінен қолданылады. Бүкіл әлемде мобилді желінің кешенді шешімін құруда біраз жыл тәжірибесі бар Huawei компаниясы тапсырыс берушілерге CDMA2000 желісін құруда осы заманғы шешімін ұсынады.
Huawei CDMA2000 шешімінің экономикалық артықшылықтары мен тиімділігі:
- үнемді және икемді шешім, қызметтерді тез еңгізу мүмкіндігі;
Операторлар өздерінің пайдасын өсіру үшін үнемді әрі тиімді шешімдерді қажет етеді. Желі құру кезіндегі шығындарды төмендетуге тырысқан Huawei компаниясы CDMA2000 құрғанда шешімнің үнемді болуына көңіл бөлді.
Құрылымның ыңғайлығы және жетілгендігі желіні құрудағы шығындарды азайтады;
- модулді дизайн және желі сиымдылығын үлкейту кезіндегі қаржыландыруды азайтатын жұмсақ кеңейту мүмкіндігі;
Қосымша құрылғыға және инфрақұрылымға шығынды азайтады, желінің тез жайылуына жағдай жасайды;
- қамтудың және қоршаған ортаның түрлі талаптарына жауап беретін базалық станция құрылғыларының толық сериясы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz