Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелер


әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 911. 3:314 (574-25) Қолжазба құқығында

САРСЕНОВА ИНДИРА БАКИТЖАНОВНА

Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы

әлеуметтік - демографиялық мәселелер

6D060900 - География

Философия докторы (PhD)

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшілері

география ғылымдарының

докторы Нюсупова Г. Н.

Зальцбург университетінің

профессоры

Josef Strobl.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР
3
:
АНЫҚТАМАЛАР: БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
3: 4
:
АНЫҚТАМАЛАР: КІРІСПЕ
3: 5
: 1
АНЫҚТАМАЛАР: УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
3: 14
: 1. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Ғаламдық урбандалу үдерісінің негізгі бағыттары мен оның Қазақстандағы ерекшеліктері
3: 14
: 1. 2.
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстан Республикасы аумағындағы қала агломерацияларының негізгі шекараларының қалыптасуы
3: 22
: 1. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстан Республикасы урбандалған аумақтарын экономикалық географиялық зерттеудің теориялық негіздері
3: 26
: 1. 4
АНЫҚТАМАЛАР: Урбандалған аумақтардың формасы ретінде қала агломерацияларын зерттеудің әдістемелік амалдары
3: 32
: 2
АНЫҚТАМАЛАР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
3: 41
: 2. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Қала халқы санының серпіні мен урбанистикалық құрылымының қалыптасуы
3: 41
: 2. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Қала халқы табиғи қозғалысының ерекшеліктері
3: 46
: 2. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Қалалық елдімекендердегі халықтың көші қон қозғалысын талдау
3: 61
: 2. 4
АНЫҚТАМАЛАР: Қала халқының жастық-жыныстық құрылымының өзгерісі
3: 75
: 2. 5
АНЫҚТАМАЛАР: Еңбек ресурстарының қалыптасуы және жұмыспен қамтылуы
3: 83
: 3
АНЫҚТАМАЛАР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3: 90
: 3. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстандағы қоныстандырудың агломерацияланған формасы дамуын реттеудің экономикалық-географиялық мәселелері
3: 90
: 3. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтар дамуының тұжырымдамасы
3: 99
: 3. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстандағы қала агломерациялары дамуының негізгі бағыттары мен болашағы
3: 107
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 113
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОЛДАНЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 117

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге анықтамалар қолданған:

Агломерация (латын сөзінен aggqlomero - қосамын) - қала халқының топтық формаларын білдіру үшін қолданылатын термин. Ірі қала базасында пайда болатын аумақтық-экономикалық құрылым және қаламен араласқан елді мекендерді қамтып, үлкен урбандалу зонасын құрайды. Өндіріс шоғырын, инфрақұрылым және халықтың жоғарғы тығыздығымен ерекшеленеді. Қала агломерцияларының негізгі шекарасы халықтың маятникті көші-қонның ақырғы пунктерімен анықталады.

Демография - халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.

Келушілер саны - есепті кезеңде белгілі бір аумаққа басқа аумақтан келуші адамдар саны.

Қала - өндірістік, ұйымдастырушы-шаруашылық, басқарушы, мәдени, көліктік және басқа функцияларды орындайтын ірі елді мекен. Қала «ірілігі» тұрғындар санымен өлшенеді.

Мегалополис - бірнеше қала агломерацияларының бірігуінен пайда болған жоғарғы урбандалған зона. Біріккен агломерациялар - бір транспорттық желімен байланысқан, толық қалалық құрылысты ауданы мен экономикалық әлеуеті жөнінен ірі зона.

Мигрант -көші-қон үдерісіне қатысушы адам. Әрбір мигрант кеткен аумаққа қарай аумақтан кетуші, келген аумаққа келуші болып табылады.

Табиғи өсім коэфициенті - туу мен өлімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасы.

Урбандалу - қалалардың, қала халқының өсуі, олардың қоғам дамуындағы рөлінің артуы және ірі қалаларға, басқа да халыққа тән белгілер, ерекшеліктер, өмір салты таралуының әлеуметтік үдерісі. «Урбандалу» сөзінің кең мағынасы - қоғам дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы ел ресурстарын тиімді пайдалану үдерісі.

Халықтың көші - қоны туралы мәліметтер халықтың тұрғылықты жерлері бойынша ішкі істер органдарының келіп түскен құжаттарды талдау нәтижесіндегі статистикалық есептеу жолымен алынады.

Халықтың табиғи қозғалысы - табиғи жолмен халық санын өзгертетін туу мен өлімнің жиынтығын қортып, талдау. Табиғи қозғалысқа, сондай - ақ некелесу мен ажырасу да жатады: оларда әрине халықтың санын өзгертпейді, соған орай туу және өлімді есепке алу тәртібімен есепке алынады. Негізгі демографиялық үдерістерге халықтың табиғи өсімі, туу, өлім-жітім, некелер мен ажырасулар жатады.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

қ. Қала

ГАЖ Геоақпараттық жүйелер

ГМБ Геомәліметтер базасы

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

жж. жылдар

МБ Мәліметтер базасы

Млн. миллион

ҚазҰУ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ҚР БҒМ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

ЭГЖ экономикалық-географиялық жағдайы

% пайыз

‰ промилле

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» атты халқына жолдауында біздің еліміздің дамуының түпкі мақсаты экономикалық өсім және ол бүгінгі таңда, болашақта және келесі жиырма жылдықта да маңызды басымдылықтардың бірі болып табылатынын атап айтты.

Аталған мақсатқа жетуде маңызды рөлде Қазақстан Республикасы халқын еңбекпен қамту және урбандалған аумақтардағы еңбек нарығын реттеу табылады. Ол дегеніміз, урбандалған аумақтардағы халықтың әлеуметтік - демографиялық мәселелеріне назар аударуды қажет етеді.

Зерттеу мәселесінің өзектілігі болып қала халқының саны, әлеуметтік, ұлттық, гендерлік, жастық - жыныстық құрылымын, өмір сүру деңгейі құрылымындағы бұрын болған және қазіргі өзгерістерді ғылыми - негіздемелік бағалау қажеттілігі заманауи өткір әлеуметтік - демографиялық мәселелерді шешу мақсатында негізгі фактор ретінде табылады.

Қалалар қоғам өмірінде бәрімізге белгілі үдемелі рөл ойнайды. Барлық заманауи мемлекеттерде қалалар халықтың өмірінде экономикалық, саяси және мәдени - рухани орталықтары болғанын айтуға болады. Тек қалаларда ғана үдемелі даму жүзеге асады. Қаланы қоғамдық өндірістің белгілі бір жүйесінде қоғамның ұйымдастыру әлеуметтік кеңістіктік формасын заңды ресімделген және шектелген аумақ ретінде анықтауға болады.

Қаланы күрделі және көпөлшемді ағза ретінде қарастыру керек, себебі мұнда әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және т. б. құбылыстар қабаттасады. Қала экономикалық аймақтың бірлескен орталығы ретінде көрініс бере отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің жетекші звеносы болып табылады. Тек қалаларда барлық үдемелі инновациялар туылады, тек қалаларда ғана қоғам дамуының қозғаушы және тірек базасының өзіндік рөлі қалыптасады.

Заманауи кезең барлық әлемде урбандалу үдерісінің қатты дамуымен сипатталуда. Бұл үдеріс ХХ ғ. 50 - ші жылдың жартыжылдығына жедел түрде дамыса және бүгінде қоғамдағы адамзат дамуының негізгі векторын анықтайды. Қазақстанда дүниежүзілік үдерістен сыртта қалмай, сонымен қатар урбандалу үдерісіне қатысуда. Қазақстандағы урбандалу үдерісінің дамуы негізінен таза аграрлық өлкеден қала халқы басым республикасына айналуы басты дәлел болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуында маңызды рөлде халық болып табылады. Сондықтан да, қалалардың және басқа да қоныстардың дамуы, әсіресе оның әлеуметтік - экономикалық аспектісі халық пен оның әртүрлі демографиялық үдерістерімен тығыз байланыстылығын міндетті түрде қарастыру керек.

Кеңес кезеңі тарихында Қазақстанда қала түзілу мәселесіне, әсіресе қаланы орналастыру жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл ол кезде ауыл қонысының басым болуымен түсіндірілді. Қалалар тек Қазақстан экономикасының аймақтық ерекшеліктерін теңестіруде ғана емес, сонымен бірге, елдің әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, мәдени дамуы үшін өзіндік тірек базасын қалыптастыру негізінде айтарлықтай маңызды рөл ойнауы қажет болды.

Қазақстандағы отандық және дүниежүзілік тәжірибедегі қалалардың барлық қызметтік және иерархиялық типтері де бар. Бұл экономикалық - демографиялық үдерістердің әсері негізінде өндіргіш күштердің орналасуымен, материалдық өндірістің және өндірістік емес сферасының дамуымен, сонымен қатар табиғи - климаттық жағдайларымен түсіндіріледі.

1989 ж. Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша, Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан жоғары 30 - ға жуық қалалар, халық саны 100 мыңнан астам 19 қала, халық саны 300 мыңнан астам 5 қалалар болды.

1970 ж. Қазақстандағы халықты орналастыру тарихында қала және ауыл тұрғындарының салмағы теңестірілді, ал 80-ші жылдардан бастап, республиканың халықтар құрамында қала тұрғындарының салмағы басым болды. 1991 жылдың басында 83 қала және 211 қала типтес жұмысшы кенттері Қазақстандағы барлық халықтың 57, 7 % құрады [1] . Бүгінгі таңда статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы 86 қала мен 175 қала типтес аудандар Қазақстандағы барлық халықтың 53 % ғана құрады [2] . Сондықтан да, Қазақстан 80-ші жылдары қала халқы басым және үнемі өсіп отырған ел болды. Бұл бағыт қазіргі кезге дейін сақталып келуде.

80-ші республикада басты орында әрі қарай табиғи ресурстарды игерумен байланысты шағын қалаларды дамытуға назар аударылды, мұндағы қала халқының жалпы үлесі 62, 6 % құрады. Оларды орналастыру көрінісі айтарлықтай әркелкі (мозаикалы) түрде болды: олар таулы және тауалды аудандарда, теміржол магистралінің маңында және аз шамада өзен жағалауында қоныс тепті. Бұл негізінен, кеңестік қала түзуші кезеңінде шаруашылықты белсенді игеруде аумаққа қоныстандыру үдерісімен байланысты.

Аталған қалалар пайда болған алғашқы күнінен бастап, аудантүзуші қызметтерін орындады. Олардың экономикалық - демографиялық дамуының талдауы көрсеткендей, ірі агломерацияда орналасқан қалалардың біршама бөлігі және «екінші», «үшінші» ретті қалалар қызметін орындайтын қалалар айтарлықтай деңгейде өзінің «шағын қала» сапасын жоғалтады. Бұл, ең бірінші кезекте Алматы және Қарағанды агломерацияларының шағын қалаларына қатысты: қалалардың көбісі ауылшаруашылықтық аумақтарына жатқан ұйымдық - шаруашылықтық орталықтар қызметін орындады. Шағын қалалардың екінші бөлігіне келетін болсақ, олардың басым бөлігінде халықтың аз ғана бөлігі тұрады. Ол пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу көлемінің біртіндеп қысқаруымен, қиын табиғи - климаттық жағдайларымен, әлеуметтік - тұрмыстық сала дамуының төменгі деңгейімен байланысты болды.

Республикадағы халықты қоныстандыру жүйесіндегі маңызды рөлді орта және үлкен қалалар алады. Олардың экономикалық - демографиялық даму мәселелерін зерттей келе, келесі айғақты ескеруіміз қажет, яғни үлкен қалалардың қатты өсуі олардың экономикалық құрылымының өзгеруіне, олар өздеріне тән емес ранг бойынша біртіндеп босауына және де өндірістің орналасуы мен басқа да іс - әрекеттердің түріне сәйкес болуы керек. Аталған мәселенің шешілуі жан - жақты ойластырылған, ғылыми нәтижелерге сүйенген, яғни біздің көзқарасымыз бойынша, республиканың урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - экономикалық, этностық және демографиялық даму ерекшеліктерін ескеретін бірнеше шаралар қатарынан тұратын келесі онжылдыққа арналған әлеуметтік - демографиялық саясат негізінде жүзеге асуы мүмкін.

Сонымен, Қазақстандағы урбандалған аумақтардағы халықтар елдің әлеуметтік - экономикалық дамуында және көптеген салаларда жетекші рөлді алады және тек қана олар барлық қазақстандық қоғамның даму бағыттарын анықтайды. Сондықтан да, Қазақстан қала халқының әлеуметтік - демографиялық даму мәселелерін зерттеу тұтас алғанда, қоғамның даму деңгейі қаншалықты екені туралы саралауға, олардың мәселелік сұрақтарын анықтауға және әрі қарай даму болашағын болжауға рұқсат береді.

Жоғарыда аталғандардың барлығы, диссертацияның практикалық және болжамдық аспектілері үшін айтарлықтай маңызды екенін көрсетеді. Заманауи әлеуметтік - демографиялық жағдайды бағалау үшін оның түпкі даму тарихын білу өте маңызды, соған байланысты, әсіресе, өткен уақытпен байланысты ретроспективалы талдау міндетті. Қала халқын өнеркәсіп орындарында, көлікте, мәдени мен ғылыми орындарда қаншалықты жұмыспен қамтылғанын зерттеу барлық заманауи әлеуметтік - экономикалық, демографиялық, мәдени және т. б. мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Қала және онда тұратын халықтың мәселелерін зерттемей, олардың болашақтағы дамуын болжау мүмкін емес.

Бүгінгі таңда міндеттерді шешудегі маңызды бағыттардың бірі болып, қоғам мүддесіндегі қала дамуы, қала және ауыл елді мекендерін орналастыру, тиімді демографиялық саясатты өңдеу және жүзеге асыру, урбандалу үдерісін оқу және зерттеулерді мақсатқа сай бағытталған реттеу болып табылады.

Қала дамуының аумақтық ерекшеліктерін және елді мекендер желісі мен урбандалудың мүмкін болатын аймақтық ерекшеліктерін тану ғылым мен практикада маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Әлеуметтік қайта құрылу және ғылыми - техникалық үдеріс жағдайында қала қоғам өмірінде өсу әсерін тигізе отырып, табиғатпен өзара әрекеттеседі.

Бәрімізге белгілі, қала күрделі көпөлшемді организм ретінде әлеуметтік, экономикалық және техникалық құбылыстары қабаттасқан кешен, экономикалық аудандардың бірлескен және командалық орталығы ретінде әрекет етеді және қоғамдық еңбектің аумақтық бөлінісінде жетекші звено болып табылады.

Қазақстандағы қала дамуының ерекшелігі аумақтық орналасуы тарихи қалыптасқан жеке үлкен емес шағын қалалар халықты қоныстандырудың бірыңғай жүйесінде өзіне сәйкес атқаратын қызметті орындай алмауымен түсіндіріледі. Бұл бірінші кезекте, Қазақстандағы үлкен, орта және шағын қалаларды халықтың әлеуметтік - демографиялық мәселелерімен байланысты.

Бұл міндетті шешу қазіргі қала елдімекендерін даму мәселесін облыс кескінінде республикадағы олардың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, терең зерттеуді қажет етеді. Бұл мәселенің маңыздылығы урбандалу үдерісінің жалғасуымен шиеленісе түсуде.

Атап айтсақ, урбандалу үдерісі тек қала және ауыл халқы қатынасын өзгертіп қана қоймай, республикадағы ауыл халқының аумақтық таралуын да өзгертті.

Міне, сондықтан да жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, ғылыми жұмыстың ғылыми өзектілігін айтуға негіз бар.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Мәселенің зерттелу деңгейін қарастырмас бұрын, біз өте бір маңызды аспектіге назар аударғанды жөн көрдік. Себебі, қала және қала халқының даму мәселелері айтарлықтай деңгейде экономистермен, демограф ғалымдармен жақсы зерттелген. Сонымен бірге, қала дамуының экономикалық және демографиялық мәселелері, олардың халықты қоныстандыру жүйесіндегі олардың рөлі кеңес ғалымдарының көптеген еңбектерінде көрініс тапқан. Дегенмен, Қазақстандағы қала халқының әлеуметтік - демографиялық дамуының арнайы кешенді зерттелуі әлі күнге дейін нашар зерттелген. Біз осы аталған мәселені ГАЖ технология көмегімен қала және қала халқының әлеуметтік - экономикалық және демографиялық мәселелерін кешенді тұрғыда және динамикада өзара байланыстылығын зерттелуін қарастырамыз. Урбандалу үдерісімен айналысатын белгілі кеңес ғалымдары еңбектерінде урбандалу үдерісі дамуының экономикалық негіздері зерттеліп, ғылыми - техникалық революция жағдайында урбандалудың басты бағыттары анықталған.

Егер де кеңес ғалымдарының еңбектерін қарастыратын болсақ, ресейлік ғалым Б:С. Хорев урбандалуды қоғамдық - аумақтық еңбек бөлінісіне, ең алдымен қала және ауыл арасындағы еңбек бөлінісіне негізделген көпжақты әлеуметтік - экономикалық және географиялық үдеріс ретінде қарастырса, отандық ғалым У. И. Искаковтың пікірі бойынша, урбандалу бұл тек қаланың аумақтық және сандық өсуі ғана емес, ол ең алдымен қала өмір сүру іс - әрекеті түрінің шоғыры ретінде, қала өмір сүру формасының таралуы, «ел аумағы бойынша халықтың біркелкі таралуы», яғни таралу, түзілу және еңбек ресурстарынан тұрады деп түсінеді. Бірақ та, урбандалу анықтамасын мәнін ашу үшін кең шеңберде қарастырсақ та, бұл үдерісті анықтауда дәстүрлі амалды жоққа шығаруға болмайды, яғни оны анықтайтын көрсеткіштерден - ондағы қала саны мен қала тұрғындарының сандық өсімі, қоғам дамуындағы қалалардың рөлі мен орнынан бас тартпауымыз керек.

Бірақ, урбандалу - бұл тек қала халқы санының өсуі ғана емес, сонымен қатар адамның өмір сүру пішінін өзгертумен байланысты көпөлшемді іс - әрекеті. Елдің, аймақтың тұрғындары (адамдар, халық) материалдық байлықтың басты өндірушісі және сонымен бірге, біруақытта тұтынушы. Халық - зерттеудің өте маңызды және күрделі объектісі, оны көптеген ғылымдар зерттейді.

Қалалардың геодемография мәселелері - кешенді маңызды зерттеулердің бірі, ол әртүрлі аспектілерге ие: әлеуметтік - экономикалық, архитектуралық - құрылыс, демографиялық, географиялық, экологиялық, статистикалық және т. с. с.

Оны зерттеу көптеген ғылымдардың пәні болып табылады, оның әрқайсысы өзіне тән сұрақтарды қарастырып, оның ерекшелігін анықтайды. Сонымен, демография қала мәселесін қарастыра отырып, демографиялық құрылым түзілуін, халық санының өзгеруін және бір категориядан басқа бір категориялы елдімекендерге ауысуын зерттеп, көші - қон және т. б. үдерістеріне урбандалудың әсерін талдайды. Бірақта бірі бірімен тығыз байланысқан қала өмірін жан - жақты зерттеп, жалпы бір нәрсені танудағы ғылымдар жалпы заңдылықтарды зерттеуде де өзара тығыз байланысты. Халықты қоныстандыру - күрделі әлеуметтік - экономикалық үдеріс, сондықтан да, ол жоғарыда аталған барлық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Халықтың серпіні мен орналасуына табиғи жағдайлар, географиялық орта өз әсерін тигізеді. Ол адам өмірі мен өндіргіш күштер дамуын жеңілдетеді немесе қиындатады. Дегенмен, халық дамуындағы барлық қоғамның басты қозғаушы күші әрқашанда өндіріс тәсілі болады. Халықты орналастыру және даму заңдары тарихи үдеріспен сипатталады және олар өндіріс тәсілдеріне негізделіп, қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Әрбір қоғамдық - экономикалық түзілімге өзіндік заңдар тән, яғни олар халықтың ұдайы өсіп - өнуін, оның санын, құрылымын, жұмыспен қамтылуын, орналасуын және т. с. с. анықтайды, сондықтан да халықты зерттеу халықтың өміріндегі әлеуметтік - экономикалық жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен қоғам дамуындағы ерекшеліктердегі білімге сүйене отырып, өндірістік қатынастардағы сипатта зерттеумен тығыз байланыста екендігін міндетті түрде зерттеу керек.

Қазіргі кездегі урбандалу үдерісінің дамуы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген мамандармен зерттелуіне назар аударылуда: осы сұраққа арналған ғылыми еңбектер саны отандық әдебиеттермен қатар, шетел әдебиеттерінде де артып, зерттеу тақырыбының ауқымы кеңеюде.

Кеңес Одағында урбандалу географиялық, экономикалық, демографиялық, архитектуралық, экологиялық, әлеуметтану және т. б аспектілерде зерттелді. Ғылымның дамуына ең құнды үлес қосқан Ю. Л. Пивоваров [3-4], Б. С. Хорев [5-6], Г. М. Лаппоның [7-8] жеке еңбектерін айтуға болады. Бұл ғалымдар географиялық және қоныстандыру аспектілеріне үлкен назар аудара отырып, заманауи урбандалу сұрақтарын кең ауқымда оның бағыттарын, даму факторларын, аймақтық және елдер арасындағы айырмашылықтарын жоғары ғылыми деңгейде шешті.

Халықты орналастырудың теориялық - әдістемелік мәселелері О. Б. Лармин [9], А. Я. Кваши [10] және т. б. еңбектерінде зерттелді. Көптеген ғалымдардың назары демографиядағы жетекші бағыттардың бірі туу көрсеткішіне арналды. Туу мәселесі сонымен бірге Р. И. Сифман [11], В. А. Борисов [12], Г. А. Бондарская [13], А. И. Антонов [14], Д. К. Шелестов [15] және т. б. еңбектерінде қарастырылды.

Қала және қала халқының әлеуметтік даму мәселесі мен болашағы М. Г. Бархин [16], О. Н. Яницкий [17], А. В. Дмитрев пен М. Н. Межевич [18], Н. А. Аитов [19] және т. б. еңбектерінде зерттеліп, баяндалды.

Қазақстанда халықты зерттеу мәселелері 70-ші жылдардың басында жүйелі және көпжоспарлы сипатқа ие болды.

Қазақстандық экономисттердің бірнеше жұмыстары кеңес кезеңіндегі Қазақстанның демографиялық үдерістеріне арналды. Атап айтсақ, Л. Квон, Е. Гладышева және Л. Газархтың [20-22] мақаласында халық саны, табиғи өсім, әлеуметтік және ұлттық құрамы, өмір сүру ұзақтылығы мен өлім - жітімнің серпіні қарастырылды.

Республикадағы халықтың көші - қоны сұрақтарына Г. Москвина [23] және М. Мельдаханованың [24] мақаласы арналды. Мақалада урбандалу үдерісімен байланысты халықтың аумақтық қозғалысының ерекшеліктері зерттеледі.

Сонымен қатар Б. Я. Двоскиннің «Қазақстанның экономикалық - географиялық аудандастыру» атты еңбегін айтуға болады. Еңбекте Қазақстандағы жеке аудандардың мамандану бағыты мен аймақтық дамуы табиғи - климаттық және географиялық ерекшеліктері тәуелділігіне байланысты сұрақтарды көтереді [25] . Жұмыс географиялық аспектіде жазылып, елдің жеке аудандарының табиғи - климаттық жағдайларына назар аударады.

Тарихи демография мәселелерін зерттеуде М. Тәтімовтың құнды еңбектерін ескермеуге болмайды [25-28] . Аталған ғалымның еңбектері демографиялық мәселелерді зерттеуде даусыз және өзіндік бағытта сипатталатын айғақтарға толы статистикалық материалдарға сүйенеді.

Қазақстандағы халықты зерттеудің кейбір аспектілері Т. Б. Балакаев [29], Г. Ф. Дахшлейгер [30], К. Н. Нүрпейісов [31], С. Б. Нұрмұхамедов пен Б. Н. Әбішеваның [32] және т. б. авторлардың еңбектерінде баяндалады.

Қазақстандағы жұмысшылар табының қалыптасуы және өнеркәсіптің орналасуы мен дамуына қатысты мәселелерге арналған еңбектер келесі А. Н. Нусупбековтың [33], М. Х. Асылбековтың [34] және А. Ш. Алтаевтың [35] еңбектерінде көрсетіледі.

А. Ш. Алтаевтың «Қазақстандағы жұмысшылардың әлеуметтік дамуы» монографиясында (1970 - 1990) жаңа тұжырымдама тұрғысында Қазақстандағы өнеркәсіптік жұмысшылардың әлеуметтік дамуын сипаттайтын мәселелер кешені зерттеледі. Бұл жұмыс біз үшін үлкен қызығушылық туғызады, себебі тұрғылықты жеріне байланысты жұмысшы мен қала тұрғыны ұғымдары ұқсас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Ресей мемлекеті жайында
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Халықтың статикасы мен қоныстануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz