Қырғызстандағы баспасөз журналистикасы



I тарау
Қырғызстандағы баспасөз журналистикасына жалпы шолу

1.1 Қырғызстанның тәуелсіз және мемлекеттік басылымдары
1.2 Қырғызстанның тәуелсіз басылымдарымен мемлекеттік басылымдарының арасындағы ерекшеліктері



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қырғызстан Республикасындағы БАҚ саны халқының аздығына қарамастан, өте көп. Алайда санаулы-ақ ақпарат құралдарының ғана күнделікті оқырмандары бар. Бәсекелестік тек қана бірнеше ақпарат құралдарының арасында ғана жүреді. Қырғызстандағы БАҚ-ты мынадай категорияларға бөлсе болады:
1) Тіліне қарай;
2) Жарыққа шығару технологиясына қарай;
3) Таралымына қарай;
4) Ұстанымына қарай (мемлекеттік және тәуелсіз);
Республикадағы баспа журналистикасының саны көп болғанымен, олардың ішінен оқуға татырлығы аз. Олардың арасында сары басылымдары да бар. Мемлекеттік басылымдар көбінен үлкен өзгеріске ұшырап отыратындардың бірі болып есептелінеді. Асқар Ақаев орнынан түскеннен кейін, мемлекеттік басылымдар түп-тамырымен өзгерді десе де болады. Билік басына келген Құрманбек Бакиев мемлекеттік басылымдарға өзінің ойын салады. Сөйтіп, мемлекеттік басылымдар 180 градусқа өзгерді. Өздерінің саяси ойларымен тарататын ақпараттарыда өзгеріске ұшырады.
Қырғызстан Республикасында журналистика саласы жақсы дамыған. Оның ішінде басылымдарға деген сұраныс көп. Әсіресе оқырман қауымның ішінде. Сонымен Қырғызстан Республикасының баслымдары екіге бөлінеді. Тәуелсіз және мемлекеттік болып. Тәуелсіз басылымдар мемлекет тарапынан ешқандай көмекті талап етпейді. Олар өз бетінше қызмет етеді, олардың ең басты қаражат көзі демеушілер, ол дегеніміз елдің тәуелсіз басылымдарына жаны ашитын ағалар мен көкелер. Және екінші қаражат көзі ол – жарнама. Жарнама бұндай газет, журналдардың қырық пайызын алады. [4]
Ал мемлекеттік басылымдар аты айтып тұрғандай, мемлекеттен қаражаттанады. Және биліктің айтуы бойынша жүреді. Бұл басылымдарда көбінен билік басшыларының іс қағаздары, олардың қаулылары және қабылданған заңдар, ресми жаңалықтары басылып шығарылады.
Ақпарат құралдары туралы заңмен қоса «жарнама туралы заң», «авторлық құқық», «Іскерлік беделіне нұқсан келтірмеу» жайында заң және «адвокаттық қызмет» жайында заңдар арқылы жұмысы жүреді.
1. «СМИ Центральной Азии: настоящее и будущее», Бишкек, 1999)
2.Князев А. Государственный переворот 24 марта 2005 года в Киргизии. Алматы, Бишкек, 2005.
3.Муратов Р. СМИ Кыргызстана – на грани профессиональной деградации // газ. «Белый пароход»
4.Ибраева Г. Журналистика и языки: Восприятие и функции русско- и кыргызскоязычных СМИ в Кыргызстане. Бишкек, 2002, с. 25.
5.Ибраева Г. Журналистика и языки: Восприятие и функции русско- и кыргызскоязычных СМИ в Кыргызстане. Бишкек, 2002, с.71.
6.Ибраева Г., Куликова С. История развития и современное состояние СМИ в Кыргызстане. Бишкек, 2002, с.177.
7.Р.Муратов. СМИ Кыргызстана – на грани профессиональной деградации // газ. «Белый пароход»
8.Марков С. Медиакратия: СМИ как эффективное орудие власти в информационном обществе/ В кн. В.Третьяков. Как стать знаменитым журналистом. М., 2004., с. 14.
9. «Жас Алаш» газеті, 29 мамыр 2010 жылғы саны
10. «Жас Алаш» газеті, 2008, 3 сәуір
11. «Жас Алаш» газеті, 2009, 9 сәуір
12. «Егемен Қазақстан» газеті
13. «Айқын» газеті
14. «Түркістан» газеті
15. «Ана тілі» газеті
16. «Дала мен Қала» газеті
17. «Үш Қиян» газеті

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау
Қырғызстандағы баспасөз журналистикасына жалпы шолу

1.1 Қырғызстанның тәуелсіз және мемлекеттік басылымдары
1.2 Қырғызстанның тәуелсіз басылымдарымен мемлекеттік басылымдарының арасындағы ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қырғызстан Республикасындағы БАҚ саны халқының аздығына қарамастан, өте көп. Алайда санаулы-ақ ақпарат құралдарының ғана күнделікті оқырмандары бар. Бәсекелестік тек қана бірнеше ақпарат құралдарының арасында ғана жүреді. Қырғызстандағы БАҚ-ты мынадай категорияларға бөлсе болады:
1) Тіліне қарай;
2) Жарыққа шығару технологиясына қарай;
3) Таралымына қарай;
4) Ұстанымына қарай (мемлекеттік және тәуелсіз);
Республикадағы баспа журналистикасының саны көп болғанымен, олардың ішінен оқуға татырлығы аз. Олардың арасында сары басылымдары да бар. Мемлекеттік басылымдар көбінен үлкен өзгеріске ұшырап отыратындардың бірі болып есептелінеді. Асқар Ақаев орнынан түскеннен кейін, мемлекеттік басылымдар түп-тамырымен өзгерді десе де болады. Билік басына келген Құрманбек Бакиев мемлекеттік басылымдарға өзінің ойын салады. Сөйтіп, мемлекеттік басылымдар 180 градусқа өзгерді. Өздерінің саяси ойларымен тарататын ақпараттарыда өзгеріске ұшырады.
Қырғызстан Республикасында журналистика саласы жақсы дамыған. Оның ішінде басылымдарға деген сұраныс көп. Әсіресе оқырман қауымның ішінде. Сонымен Қырғызстан Республикасының баслымдары екіге бөлінеді. Тәуелсіз және мемлекеттік болып. Тәуелсіз басылымдар мемлекет тарапынан ешқандай көмекті талап етпейді. Олар өз бетінше қызмет етеді, олардың ең басты қаражат көзі демеушілер, ол дегеніміз елдің тәуелсіз басылымдарына жаны ашитын ағалар мен көкелер. Және екінші қаражат көзі ол - жарнама. Жарнама бұндай газет, журналдардың қырық пайызын алады. [4]
Ал мемлекеттік басылымдар аты айтып тұрғандай, мемлекеттен қаражаттанады. Және биліктің айтуы бойынша жүреді. Бұл басылымдарда көбінен билік басшыларының іс қағаздары, олардың қаулылары және қабылданған заңдар, ресми жаңалықтары басылып шығарылады.
Ақпарат құралдары туралы заңмен қоса жарнама туралы заң, авторлық құқық, Іскерлік беделіне нұқсан келтірмеу жайында заң және адвокаттық қызмет жайында заңдар арқылы жұмысы жүреді.
Жалпы Республикадағы журналистиканы бірнешеге бөлуге болады. [1]

I тарау. Қырғызстандағы баспасөзге жалпы шолу

1.1Қырғызстанның тәуелсіз және мемлекеттік басылымдары

Қырғызстандағы баспа журналистикасы дамуы мен өсуі Орталық Азиядағы басқа да елдерден ерекше болуда. Республикадағы журналистер одағының мәліметтері бойынша 380 газет және журналдар бар. Ол жерде үш мыңға жуық журналистер қызмет етеді. Бұндай аз көрсеткішке қарамастан бұл елде іскерлік баспалардан бастап, эротикалық Пайшанба, Қызжыгыт тағы да басқа сол сияқты журналдар жұмыс істеуде.
Мемлекетте жалпы ұлттық Қырғыз туусу және Слово Кыргызстана газеттерінің күнделікті 5-6 мың, ал сенбі күндері шығатындары 20 мың тиражға дейні жетеді. 30 Республикалық және 10 облыстық, 11 қалалық, 48 райондық баслымыдарды есептемегенде бұл елде жастарға арналған, әйелдер қауымына арналған, ведомстволық, мамандандырылған, партиялық және кәсіби журналдар бар. Және көптеген тәуелсіз жекеменшіктегі газеттер тағы бар. Ең соңғыларының өсімдері өте жақсы. Олардың елдің арасында рейтингтері де мықты. Мысалы ауқымы жағынан Бішкектен кейінгі екінші орында тұрған Оша қаласында шығатын жекеменшік Ош парк газеті он бес мыңнан жиырма бес мың тиражбен шығады. Сонысымен ол басқада жергілікті газеттерден артық тұрады. Ол шын мәнінде билік тарапынан қолдау көрсетілген газеттерді де басып озады. [8]
Баспа ақпарат құралдарының ішіндегі жаңа үлігісі ол іскерлік газеттер. Экономикамен, нарықтың өсуіне байланысты осындай газеттерге сұраныс көптеп тууда. Деловая неделя, Бизнесмен Кыргызстана Мастер маркетинг, РИФ, ТИФ бұл газеттер жұмысқа орналасу, жарнама, ақпарат жайында жазады. Сонымен қатар ештеңені ойландырмайтын, көңіл көтеретін Кулку, Мафия, Час Пик, Чолпонум газеттері де үлкен сұранысқа ие. [3]
Жергілікті газеттердің басына жұлдызды сәттер туды. Себебі, оқырман өзіне жақын ақпарат құралдарын оқығанды ұнатады. Ол жерде өзінің тұрғылықты жеріндегі ақпараттармен, өзіне керекті мағлұматтар жазылған.
Ең қызығы қырғыз баспасының шығу тілі әр түрлі болып келеді. Негізінде бұл елдегі газеттер екі тілде орыс және қырғыз тілінде шығады. Бірақта кейбір оңтүстікте орналасқан басылымыар өзбек, және орталықтағылар басқа да тілде шығады. Оның ішінде ағылшын, неміс тілдері бар. Бұндай көптеген басылымдардың жарық көруі, елдегі демократияның жақсы дамуы деп түсіндіріледі. Бұны жергілікті тұрғындар сөз бостандығымен, жеке тұлғалардың еркіндігі деп біледі.
Мемлекетте журналдар газеттерге қарағанда азырақ, он алты ғана. Ол полиграфиялық базаның жоқтығы және қаржы мәселенің кесірінен болып отыр. Әдеби, политикалық, банкпен салық, әзіл - қалжың, кәсіби және түрлі мамандықтарды қарастырады, республикдағы журналдар осы және басқада түрлі тақырыптарды қамтиды. Оның ішінде Ала - Тоо әдеби журналы өзін бұрыннан елдің сүйікті журналына айналды. Сонымен қатар, сатиралық Аки пресс, Кырчын, Адыл сот баспа нарығында жаңадан пайда болған бұл газеттер үлкен сұраныста. Жергілікті әкімнің қадағалауымен шығатын Ош жыр жинағы білім алу, мәдениет, денсаулық, спорт тақырыптарын қозғайды. Және бұл газет тек қана Қырғызстанда ғана емес, сонымен қатар ол көршілес елдер Қазақстанда, Тәжікістанда, Өзбекстанда да танымалдылыққа ие.[1]
Қырғызстандағы баспа ақпарат құралдарының тұрмыс- тіршілігін қадағалап, оның танымалдылығын анықтап отыратын ол - бәсекелестік. Көптеген газеттер жаңадан дүние есігін аша салып жабылып жатады. Кейбіреулері аяғын ойланып басып, жұмыс істеуде. Мысалы, Ош қаласында соңғы үш жылдың ішінде қаржы мәселесіне байланысты сегіз газет өз ісін тоқтатты. Оның орнына басқа газеттер ашылып үлгерді. Оларды жарыққа шығаруға, алғашқы демін алуға түрлі ұйымдар көмек етуде. Оның ішінде Фонд Сорос Қырғызстан, Евразия, ЮНЕСКО, АҚШ-тың ақпарат қызметі де бар. Олар қаржы жағынан көмек береді, онымен қоса материалды, техникалық жағынан, кеңес беруден көмектеседі. Мемлекеттік басылымдар бұндай көмектен айырылған. Соған бйаланысты болар, мемлекеттік басылымдар тәуелсіз басылымдарға қарағанда жойылып бара жатыр. Сондықтанда олардың көпшілігі форматын өзгертуді көздеп жаңадан өмір сүруді қалайды, немесе жабылуға тура келеді.
Осыншама бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан таңдау көп болғанымен жергілікті тұрғындар асып кетсе екі ғана басылымға жазыла алады. Қырғызстанда ең төмен жалақы құны 100 сом болса, газеттің құны 3-4 сомға дейін жетеді. [1]
Қырғызстанда ақпарат құралдары өзінің төртінші билік екенін мойындатқан болатын. Ол халықтың пікіріне тікелей әсер ететін, қалыспаудағы жалғыз ғана мықты құрал болып есептелінеді. Бұны билік өкілдеріде, басқа партияларда жақсы түсінеді. Жалпы республикада 22 партия тіркелген. Қырғыстанның ақпарат құралдарын әлем тәжірибесінде халықты бар зерін салып қорғайтын есік алдында байланып тұрған төбетке теңеп жатады. Бұл теңеулері де бекерден бекер болмаса керек.
Тәуелсіз газеттердің өзі республикада бірнеше түрге бөлінеді. Опозициялық, сары басылымдар және тағы басқалары болып. Экономикалық мықты газеттің бірі Вечерний Бишкек, Оппозициялық газетерге Асаба, Республика , бұл газеттер оқырман қауым арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сабырлылыққа шақыратын газеттердің ішінде Кыргыз руху газеті жатады. Танымалдылыққа ие болғанына байланысты бұл газеттер экономикасы жағынан жақсы дамығандар. Ал, мемлекеттік газеттер қазіргі таңда қиын қыстау кезеңді басынан кешіруде. Областық газеттердің тиражы соңғы он жылдың ішінде 10-15 есе төмендеп кетті. Және қазіргі таңда олардың басылымдары 1,5 мың және 4 мың тираждан аспайды. Айта кетерлігі тәуелсіз газеттердің дәрежесі төмен болған сайын, оның мемлекеттің, биліктің алдында жауапкершілігі мол. Ол ақпаратты толығымен еркін жеткізе алмайды. Бұның бәрі психологияға байланысты болуы мүмкін. [7]
Баспа Ақпарат құралдарының жағдайымен жұмысы Бұқаралық Ақпарат Құралдарының заңы бойынша қадағаланып отырады. Алайда көптеген журналистер бұл заңдарға құлақ аспайды, оған қазіргі таңдағы көптеген қалам шеберлерінің хал жағдайы дәлел бола алады. [26]
Ең алдымен журналистпен ұйымдатырушының арасындағы заң қадағаланбаған. Ешқандай жерде журналистердің монополизациялауы болғаны және оларды әлеуметтік қорғау ешбір жерде жазылмаған. Тек қана жарнамаға шектеу қою жайында ғана бар. Полиграфиялық өнеркәсібі, материалды және өндіріс қуаты биліктің қолында. Енді ғана полиграфиялық қуатты жекелендіру басталып жатыр. Бұл билік тарапынан басылымдарға қысым көрсетуге оңай болу үшін істеліп отыр. Онымен қоса биліктің салық деген газеттерді қорқытатын тағы бір қаруы бар.
Салық жағынан олар коммерциялық орындарға тікелей байланысты. Олардың экономикалық жағдайы осы деседе болады.[1]
Жарнама республикада басылымыдарға қарағанда жақсы дамыған. Және жергілікті басылымдардың беттерінде олар ақырындап пайда болып келе жатыр. Профессионалды жағынанда және этикалық жағынанда түрлі шешілмей жатқан мәселелер көптеп кездесіп жатады. Нақты құқықпен, этиканың болмаған себебінен қырғызстан журналистиксының арасында түсініспеушілік көптеп пайда болуда. Сөз бостандығы бар екен деп біраз журналистер түрлі дерексіз, тексерілмеген ақпараттар беруде, Ал шындығына келгенде ешкім өз сөзіне жауап бере алмайды. Ал, бұл түрлі қолайсыз жағдайларға алып келіп соқтырады. Әсіресе ол байқамай айтылған сөздің кесірінен әлеуметтік, этникалық, және басқа да қақтығысты тудырып алуы мүмкін. Құбылмалы елде бұндай жағдай көптеп орын алып жатады. Республика әлі де болса әлсіз және толығымен азаматтық ынтымақтастыққа жеткен жоқ.[3]
Қырғызстандағы Бұқаралық Ақпарат Құралдарының түсініспеушілік жағдайға түсуі ол оппоненттеріне қарсы айтылған сөздердің ішінде толығымен этиканың сақталмағанынан деседе болады. Көптеген газет, журналдар басқа біруудің өміріне қол сұғудың және оқырманды дұрыс жолдан тайдырудың арқасында танымалдылыққа ие болған газеттерде жетерлік. Бұндай басылымдарда жиі кездесетін заң бұзушылықтың арқасында журналистердің өзі зардап шегуде. Олар берген ақпаратты жоққа шығаруы үшін қайтадан кешірім сұрап мақала жазады. Немесе заңмен жазалануы мүмкін. Ол дегеніміз айып пұл төлеу немесе, абақытыға отыруыда мүмкін.
Нарық экономикасына байланысты ақпарат тауарға айналып отыр. Бұл қалыпты жағдай. Және журналистерде тауарға айналуы мүмкін. Әркімнің айтқанымен жүретін ақпарат таратушыларыда кездесіп жатады.
Журналистермен Ақпарат құралдарының басшыларының өздері де этикалық қағидалар қадағаланбайтынын мойындап отыр.
Бұндай жағдайлар орын алмас үшін, кейбір ақпарат құралдарының басшылары бірігіп, ұйым ашып отыр. Олар профессионалды журналистерді тәрбиелеп шығаруды көздеп отыр. Алайда сұрақ жалпы ұлттың тарапынан шешуді қажет етеді. Ең алдымен журналистердің білім алуынан бастау керек. Көптеген келеңсіз оқиғалар жас журналистердің кесірінен болып жатады. Қазіргі таңдағы журналистикаға Ұлттық Университетпен Қырғыз Техникалық Университеті ғана оқытады. Ош Университетінде ашылған филология факультетіндегі журналистика мамандығы әлі күнге шейін базасыда жоқ. Әсіресе білімді кадр іздеу жағынан өзбек тіліндегі журналистерді табу қиын. Себебі, Республиканың оңтүстігінде Ош қаласында өзбек тілінде шығатын үш бірдей газет бар.
Алайда журналистердің жалақысына келсек, газетте жұмыс істейтіндер орташа есеппен алғанда 700 сом жалақы алады. Сол себетіде газетте көбінесе өз ісін сүйгендермен бұл іске деген ынтасы барлар ғана жұмыс істей алады.
Бүкіл республика бойынша 5-6 басылым ғана өзінің жұмыскерлерін жақсы жалақымен қамтамасыз ете алады екен. Алайда, жекеменшік газеттер нарықта ақша табу көзін тауып алды. [6]
Сонымен, республикадағы басылымдарға тән бес, алты шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Ол билікпен ақпарат құралдарының арасындағы жиі болып тұратын қақтығыс. Журналистердің әдеуметтік жағдайы, жергілікті билік өкілдеріне тәуелділігі, құқытарының толығымен орындалмауы, экономикалық базаларының төмендігі, ақпаратқа толығымен қол жеткізе алмауы болып есептеледі. Осы мәселелердің ауқымдығына қарамастан, Қырғызстандағы басылымдардың Орталық Азиядағы басқада ақпарат құралдарынан ерекшелігі ол бұл жағдайлардың шешілуінде. Республикада Ақпарат құралдарымен билік тарапынан болған келеңсіз жағдайлар заңмен шешіледі. Бұған демократияның көзімен қарағанда дұрыс деген баға беруге болады. Мысал ретінде Республика, Вечерний Бишкек, Асаба газеттерінің жағдайын келтірсе болады. Екі алыптың, билікпен ақпарат құралдарының арасында түсініспеушіліктер орын алған жағдайда олар заңмен шешіледі.[8]
Кейбір қырғыз басылымдарында ұлтаралық ұйымдардың сарапшылары Қырғыз Республикасындағы сөз бостандығын жоғары бағалап отыр. Ақпарат Құралдары жөнінен ОБСЕ төрағасының кеңесшісі Стенли Шрегераның айтуы бойынша, БАҚ мен биліктің арасындағы жан жал ол өте орынды нәрсе. Себебі, екеуі екі түрлі одақ, және олардың көзқарастарыда әр түрлі болып келеді. Және әрбір демократиялық елде билікпен ақпарат құралдарынң арасында ұрсыс керіс болып тұрады. Бұл қалыпты жағдай деген болатын.
Бір шетінен кез-келген елдің сөз бостандығын алып қараған кезде, мынандай факторды жіберіп алмаған дұрыс деп ойлаймын. Өзінің экономикалық дамуының модельін құрастырған әрбір ел өзінің ақпараттық модельіне құқығы бар. Қырғызстан табиғат ресурстарына кедей болғанымен ол адами ресурсты дамытуға бел буды. Қырғызстанда қазіргі таңда баспа ақпарат құралдарының жаңа бағытын жасау басты назарға алынып отыр. Осыдан бастап БАҚ ассосациясы пайда болды, оның журналистер одағына мүлдем қатысы жоқ. Ең бастысы қырғызстандағы БАҚ Орталық Азиядағы басқа да БАҚ қызметкерлерімен тікелей байланыс орнатуға тырысуда. Алайда, көршілес мемлекеттерден бұған көмек аздап түсуде. Газеттермен журналдар қырғызстанның сөз бостандығына біраз ықпалын тигізуде. 4,5 миллион халқы бар республикаға бұл тән нәрсе де есептеймін. [4]
2005 жылы қырғызстанда болған қызғалдақ төңкерісіне тәуелсіз басылымдардың алған орын көп деп жазғандар кездесіп жатты. Сонымен осы жылы 24 наурызда орын алған жағдай тәуелсіз ақпарат құралдарының халықтың пікіріне тікелей байланыс жасай алатынын дәлелдеді. Олар тек қана халықтың ойына өз әсерін салып қана қоймай, сонымен қатар, политикалық өзгерістер енгізе алатын жағдайы бар екенін билікке жеткізді. Оппозиялық Республика, Ағым газеттері билік тарапынан қысымға қарамастан, билікке төңкеріс алып келді. Бір басылымдарда оларды көтерілсітіңбастауы болды депте жазған. Билік бірнеше рет өз тарапынан тәуелсіз басылымдарға қарсы шыққанымен, халық ақпарат құралдарының сөзіне құлақ асатын болып шықты. Бұл төңкеріс егеменді республиканы екіге бөліп тастады. Жалпы Республикадағы журналистиканы бірнешеге бөлуге болады. 24 -наурыз күні болған оқиғадан кейін, билік барлық баспасөздер тәуелсіздігін алады деген болатын. Бірақта тәуелсіздікке көшу үшін біраз уақытпен, жағдай, ойланып құрылған стратегия керек екені мәлім болды. Бұрын Слово Кыргызстана, Кыргыз Туусу газеттері мемлекеттен қаржыландырылып отырған. Соған орай оларда мемлекеттің айтқанынан шықпай, биліктің басты ақпарат құралы болып есептелінеді. [8]
Қырғыз республикасында Бұқаралық ақпарат құралдары жақсы дамыған деседе болады. Ол тіпті бір жылдары демократиялық және сөз бостандығы бар Орталық Азиядағы елдің бірі болатын. Журналистері де Ақпарат құралдарының ғұмыры ұзақ және атына кір кеелтірмес үшін бар күштерін салып әлек. Республикада ресми түрде төрт жүз бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Бірақта олардың ішінен бірқалыпты және жақсы қызмет етіп келе жатқандарын саусақпен санау болады. Олар оншақты ғана газет және телеарналармен радиостанциялар. Формасымен мағынасы жөнінен олар Мемлекеттік және тәуелсізболып екі категорияға бөлінеді. Мемлекеттік газеттердің ішінен ең елеулі екі газет бар. Қырғыз тілінде шығатын Қырғыз Туусу бес мың тиражбен газет аптасына екі рет шығады. Ал екіншісі орыс тілінде Слово кыргызстана газеті ол да аптасына екі рет алты мың тиражбен шығады. Және аптаның соңында әр жұма күні В конце недели деген атпен жиырма мың экземплярмен қосымшасы шығады. Әр қаладағы және облыстағы жергілікті әкімшілік қарамағында қырық сегіз райондық, он бір қалалық,он бір облыстық газеттер бар. Қырғызстанда бар жоғы жеті облыс, қырық алты район, он бір қала бар. Негізінде регионалдық мемлекеттік газеттер екі тілде шығады, орыс және қырғыз тілінде. Алайда Ош облысы ерекше болып келеді, ол жерде газеттер орыс, қырғыз, өзбек тілдерінде шығады. Шу облысында орыс және қазақ тілінде екі газет тіркелген. Ыстық көл облысында орыс және қырғыз тілінде екі газет жарық көруде. Кейбір көпұлттар тұратын үлкен райондарда да екі тілде жарық көретін газеттер бар. Бұл жердегі газеттердің тиражары мыңнан төрт мыңға дейін жетеді, аптасына бір рет шығады. Жалпыреспубликалық мемлекеттік телевидение және радио Қырғыз мемлекетік телерадовещательная корпорация, Бішкектен бүкіл республикаға көрсетеді. Әр облыстың әкімшілік орлатығында облыстық мемлекеттік телерадиокорпорация қызмет атқарады. Бұл барлық мемлекеттік ақпарат құралдары мемлекеттен қаражаттанады. Сол себептенде олар жергілікті және мемлекеттік биліктен тікелей тәуелді.Олардың барлығы мемлкеттің тапсырысы бойынша қызмет атқарады. Сондықтанда олар оқырман арасында лкен сұранысқа ие емес, содан ең төмен жалақы және тираж осы бір мемлекеттік газеттерге тиесілі. Парламенттік және президенттік сайлауда, және оппозиция тарапынан болған түрлі митингпен көтерілістер кезінде оларға оппозция жақтан шабуыл жасалады. Бұндай күндерде немесе айларда республикада мемлекеттік және тәуелсіз газеттердің арасында арпалыс басталады. Және бұл жағдайлар мемлекетте қалыпты жағдайға айналған. [2]
Ал, тәуелсіз Бұқаралық ақпарат құралдары саны жағынан аз болғанымен сапасы жағынан көз тартарлық. Бұл ақпарат құралдары қырғыз халқы егемендігін алған кезде пайда болған болатын. Бұл жерде енді басқаша, олардың басты мақсаттары елдің қамымен сөз бостандығы. 1991 жылдан бері шығып қазіргі таңға шейін, өзінің сол бір жылдары таңдаған жолынан таймай келе жатқан Дело № алпыс данамен шығады. Сол жылдары ел назарына Асаба газеті шыға бастады, және лезде елдің көңілін өзіне аулап алды. 2000 жылы елу мың тиражға дейін барды, одан қалды аптасына екі рет шығып тұрды. 1992 жылы орыс тілінде апталық Республика газеті шыға бастады. Оның тиражы осы күнге шейін он мыңнан аспапты. Бірақ мемлекетің жалпы жағдайына әсері аз болмады. Бұл газеттің редакторы Замира Сыдықова жалпы халықтық журналистикадағы ерлігі үшін деген марапатқа ие болған болатын.
Жаңа ғасырдың алғашқы жылдарында билік бұл газеттерді құртудың түрлі жолдарын ойлап тапты. Оның бірі Асаба газетіне келіп тиді. Бұл газет құлдырауға ұшырап, өкімет басшыларының қолына көшеді. Редакторы Меліс Эшимқанов әріптестерімен жиналып 2002 жылы басқа Ағым атты газет ашады. Ол сөз бостандығын дәріптеген ең басты газеттердің біріне айналады. Бұл газет қанды жексенбі оқиғасы туралы бар шындықты жайып салған алашқы газеттердің бірі болып отыр. Ал, Республика газеті 2002 жылдың басынан бастап аяғына тұсау байланған деседе болады. [8]
1992 жылы 2 - маусымда парламент Бұқаралық Ақпарат Құралдары жайында заңды өз ісіне енгізді. Ол ақпарат құралдары үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық заңдарды анықтап берді. Ол мемлекеттік органдармен ақпарат құралдарының арасындағы қатынасты заңмен анықтап берді. Ол сонымен қатар, жекеменшік шаруашылықпен жалпы ұлттық ұйымдардың, халықтың арасндағы қатынасты анықтап берді. Құқықтың ең бірінші бетінде цензураға жол жоқ деп анық жазылған.
Ал, 1993 жылы 5-мамырда Қырғыз Республикасында Конституция қабылданды, ол жерде әр адам, тұлға өзінің жеке ойына, идеясына, сөз бостандығына, ақпаратты таратуға және оны алуға құқығы бар деп жазылған.
1997 жылы 11-қарашада сол кездегі президент Асқар Ақаевтың тапсырысы бойынша парламент Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы екі бірдей заң қабылдады. Журналистерге тікелей қатысы бар, Ақпаратқа еркін қол жеткізуге және Журналисттің шеберлігін қорғау дегендей. Бір шетінен бұл заңдар журналистердің емін-еркін жүріп тұруына және олардың ақпаратқа қол жеткізе алуына, сөз бостандығына кепіл бола алады. Ал, енді екінші жағынан ол сол ақпаратты таратуға және оны алуға шектеулерде қойып тастаған. Бұл заңдар журналистермен заң қызметкерлері және басқа да мамандықтағылардың арасындағы қатынасты анықайды. Бұл заңға сүйену арқылы ақпаратты емін еркін алуға болады. Қағаз бетіне түскен бұл заңдар ақпарат алуға көмектеседі. Сонымен қатар, құпиялы ақпараттарды әр адам біле бермеуі тиіс және бұл ақпаратты алуға болмайды. Бұл жерде мемлекеттік және комерциялық құпиялар айтылған. 1994 жылы 14-сәуірде мемлекеттік құпияларды сақтау деген заң қабылданған болатын. 1998 жылы 2-наурызда коммерцялық құпия жайында заң қабылданды. [8]
Сонымен қатар, соғысты пропаганда жасауға, діни снімге деген сезімдерін ренжіту, порнографияны таратуға, мемлекеттік символдарға зақым келтіруге, былағат сөздерді таратуға, адамның жеке өмірімен оынң жеке шаруасына бас сұғуға болмайды Ең соңғысы туралы заң істері көптеп тарап кетті. Адамның жеке өміріне қол сұғудың арқасында бірнеше сот процестері де болып өтті. Әсіресе үлкен лауазымды жерлерде отырғандармен қарапайым журналистердің арасында көптеп кездесіп жатады. Журналистер тарапынан оларға айтылған шындықты кейбіреулері көтере алмай өтірік жала жабумен ақпарат өкілдерін соттап немесе ақпарат құралдарын жауып, банкрот қылуға дейін барады.
1998 жылы 17-қазанда республикада Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум қабылданды. 65-бапты 8 нұсқамен толықтырды. Ол жерде сөз бостандығына шектеу қоймау жайында заң қабылданбайды. Бұл өзгеріс енгізілгеннен кейін, елдегі сөз бостандығы осымен алға жылжуда болды. Алайда, журналистердіәң ақпаратты таратуда шектеу қойып, аяғынан шалуға көптеген адамдар әуес. [7]
Республикада Бұқаралық Ақпарат Құралдары қарама-қарсы екі топқа бөлінуін қоймайды. Себебі тәуелсіз журналистрге қысым көрсетіп, оларға биліктің қарсы шығуын тоқтатпағанша. Міне осысыменде тәуелсіз басылымдар мемлекетті басылымдардан ерекшеленеді. Тәуелсіз басылымдардың қолы байлаулы деседе болады Ал, мемлекеттік басылымдар биліктің айтқанынан артық кете алмайды. Алайда, егерде бәрін орнына келтіретін, бәрін реттеп отыратын заң қабылдаған жағдайда ғана, тыныштық орнамақ. Себебі тәуелсіз басылымдар типографияға тәуелді, ал типографияны билік басқарып отырады. Бұл қолайсыз жағдайды тек қана жекеменшік типографиялар немесе дұрыс қабылданған заң шешуі мүмкін. Және тағы да бір айта кетерлігі елде жалпы газет журналдардың құқығын қорғайтын ассоциация жоқ. Ал кейбір ұйымдар тек қана жалғыз журналистің құқығын қорғайтындар бар. Бұндай ассоциация типографияның жұмысына тікелей әсер етеді, ал ол өз тарапынан ассоциация ның материалды -техникалық бастамасы болмақ.
Ал, қырғызстанда БАҚ қызметкерлеріне қысым көрсету әлі де болса басылар емес. Тіпті түрлі тәуелсіз газеттердің өкілдерінің біразы абақтыға да отырды. [2]
Ел басына және парламентке хаттар жазып әуреге түскен жайлары да бар. Бірақ бұл ойлары сәтті аяқталды деп айтуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Қырғызстанның мемлекеттік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Қазіргі қазақ журналистикасы
Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
Қазақ спорт журналистика мәселелері
Түркия журналистикасы
АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Пәндер