Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері


Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

М. С. САТЫЛҒАНОВА

Бітіру жұмысы

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ»

050711 - «Геодезия және картография» мамандығы бойынша

Алматы 2012

Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі: Н. Н. Керімбай

Бітіру жұмысы

« ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ »

050711 - «Геодезия және картография» мамандығы бойынша

Орындаған М. С. Сатылғанова

Ғылыми жетекші Н. Н. Керімбай

г. ғ. к., доцент

Норма бақылаушы Е. Б. Қалмұратов

т. ғ. к., доцент

Алматы 2012

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері».

Бітіру жұмысы кіріспе, 4 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру жұмысы беттен, кестеден, суреттен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың өзектілігі : Тарихи ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады. Елімізде көне қала мен қоныс орындары, суару жүйелері мен зират кешендері сынды ескерткіштер көптеп кездеседі. Олар топографиялық, хронологиялық және этникалық сипаттары бойынша біркелкі емес, бірақ нақ осы жай олардың зерттелуінің маңыздылығын арттырып отыр.

Еліміздегі көне тарихи ескерткіштерді зерттеулердің алатын орны ерекше болып саналады. Өткен күнді тірілтпей көп ұлтты Отанымыз - Қазақстанның бүгінгісін, оның егемендікке қол жеткізуін тану мүмкін емес. Сондықтан да халық тағдырын баян етер тарих пен мәдениетті оқып-үйрену әр адамды отан сүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.

Отанымыздың ұлан ғайыр аумағында әлі де зерттелмеген ескерткіштер- адамзаттың құнсыз ақпарат қоры, оның жоғалмас байлығы болып саналады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті : қазіргі таңда ұлттық тарих пен мәдениетке деген талаптың, қызығушылықтың артуы кезеңінде, қоғамдағы сұранысты қанағаттандыру мақсатында, Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру болып табылады. Елімізде ұлттық мәдени мұраларды және Отандық тарихымызды тануға, зерттеуге көңіл аударыла бастады. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

  1. ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ КАРТА САЛУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .

1. 1. Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы . . .

1. 2. Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары . . .

1. 3. Қазіргі уақыттағы табылып жатқан тарихи мұралар . . .

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . .

1. 1. Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы . . .

1. 2. Жамбыл облысының физикалық-географиялық жағдайы . . .

1. 3. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайы . . .

1. 4. Қызылорда облысының физикалық-географиялық жағдайы . . .

3. ТАРИХИ КАРТАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕДАКТІЛЕУ . . .

2. 1. Тарихи карталарды құрастыру және редактілеу . . .

2. 2. Тарихи карталардың жіктелуі . . .

2. 3. Тарихи карталарды безендіру . . .

2. 4. Археологиялық барлау. Барлаулар нәтижесінде тарихи карта құрастыру . . .

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫ . . .

3. 1. Археологиялық карта . . .

3. 2. Тарихи туристтік карта . . .

3. 3. Мәдени мұра картасы . . .

3. 4. Оңтүстік аймақтағы мәдени маңызы бар тарихи ескерткіштер . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының тақырыбы - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ТАРИХИ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ .

Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын түрлі негіздерге сүйене отырып құрастыру.

Жұмыстың бастапқы мәліметтері: Ұсынылған дипломдық жұмыстың негізін топографиялық және тақырыптық карталар қолданыс тапты. Жұмыс алдына қойылған міндеттерді орындау кезінде басылымдағы әдебиеттер көздері, газет-журналдар, ғаламтор, қор материалдары пайдаланылды.

Жұмыстың өзектілігі: Археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады, осыған негізделіп түрлі тақырыпта карталар құрастыру. Археологиялық мәдени мұра осы жәдігерлердің маңызды бөлігін құрайды. Мәдени мұраның заттай бөлігі халықтың материалдық түйсігі. Археологиялық мәдени мұра осының негізі бөлігін құрайды. Алайда тарихымыздың кейбір парақтары әлі күнге дейін ашылмай сан құпияны бауырына басып жатса, кейбірі ашылғанмен де өткенімізбен толық таныса алмайды.

Жұмыстың құрылымы: беттен, 3 картадан, суреттен, кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс нәтижесінде зерттеу аумағының масштабы 1:2 000 000 археологиялық, мәдени мұра, тарихи -туристтік карталары құрастырылып, олардың электрондық және қағаз бетіндегі нұсқаларын дайындау іске асырылды.

  1. ҚАЗАҚСТАНДА ТАРИХИ КАРТА САЛУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 2. Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы

Кез келген дәуірдегі тарихи мәселені ғылыми тұрғыдан зерделегенде, өзінің алдындағы бір немесе бірнеше дәуірлердегі кезеңдермен байланыстыра қарастыруға тура келеді. Тарихты осылайша сабақтастықта қарай білу ғылыми зерттеу жұмысының барысында мәселеге қатысты кейбір жаңсақ пікір білдіруден сақтандырып, дұрыс тұжырымдар жасауға, ақиқат ой қорытуға жол ашады Бұл арада, ең алдымен, Қазақстанда ежелден қалыптасқан тарихи білімнің санада орнығуының ғылыми-теориялық негіздер желісін түзу керек болады.

Қазақстан тарихшыларының ішінде қазақтар арасында ежелден қалыптасқан дәстүрлі тарихи білім ұғымына ғылыми баға беру ең алғаш зерттеуші В. П. Юдинде кездеседі. Ол айтады: «Далалық ауызша тарихнаманы көрсететін шығармаларды оның қайнар көзі деуге де болады. Олар тарихи әңгіме жинақтарын - Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімінің бөлімдерін көрсетеді. Бұл әңгіме - бастаулар арнайы «қара сөз» атауына ие болды, яғни «ескі сөз», «қара сөз» деген [7] . В. П. Юдиннің осы айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі қазақ этносының қалыптаса бастаған Ақ Орда кезеңінен бергі уақытты қамтиды. Осы арада егер қазақтар өзінің түп негізін сақ, үйсіндерден бастаса, онда Ақ Ордаға дейінгі тарихи білім, өзінің бастауларын қалай қалыптастырған деген сұрақ туындайды. Сондықтан біз, өз зерттеуіміздің бірінші тарауында мүмкіндігінше ұлттық тарихи білімнің көзін тауып, оны В. П. Юдин айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жалғастыра келе, кеңес дәуіріне ұластыруды мақсат еттік.

Археологиялық картаға енген ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, заңмен қорғалады. Қазақстандағы кейбір археология ескерткіштер 19 ғасырда әр түрлі археологиялық карталарға енген. Еліміздің археология ескерткіштерінің біртұтас археологиялық картасын жасау ісі 50-жылдары К. А. Ақышевтің жетекшілігімен басталып, 1960 жылы «Қазақстанның археология картасы» жинағы (орыс тілінде) баспадан шығарылды. Оны әзірлеуге көрнекті археолог-ғалымдар Е. И. Агеева, Г. А. Кушаев, А. Г. Максимова, Т. Н. Сенигова, А. М. Оразбаев, Г. И. Пацевич, М. К. Қадырбаев қатысқан. Жеке облыстар бойынша дәуір-дәуірімен жүйеленіп жасалған бұл археологиялық картаға 5 мыңнан астам ескерткіш енгізілген. Жинақ соңында библиография және география көрсеткіштер берілген. 20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанның әрбір аймағына арналған археологиялық карталар жасау қолға алынды. Оның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ескерткіштерді қамтитын алғашқы томы «Свод памятников истории и культуры. Южно-Казахстанская область» деген атпен 1994 жылы баспадан шықты[1] .

C:\Users\Maira\Desktop\материалы\3a7ebf5fc70d.jpg

Академик М. Қ. Қозыбаев « . . . біздің Ұлы Сахарада да өркениет 1500-2000 жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық» [8] - деп шегелеп айтса, онда қазақ халқын өркениеттілікке жеткізген білу мен біліктілікті және тәңірлік дінмен бірге келген білімді, аңыздан басталып, ауыз әдебиетіне ұласқан тарихи білімді, VIII ғасырда ислам дінімен бірге келген тарихи білімді, ойма жазудан басталып, көркем әдебиетке ұласқан дәстүрлі тарихи білімді қалайша жоққа шығарамыз. Сондықтан да бұл мәселе, бүгінгі таңдағы республикалық және халықаралық ауқымдағы конференциялардың негізгі тақырыбына айналып, күн тәртібінен түспей келеді [9] .

XVIII-XIX ғғ. Ресейдің әскери адамдары мен ғалымдары: А. И. Левшин, В. Г. Тизенгаузен, Н. А. Аристов, А. Н. Харузин, В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Г. Н. Потанин т. б. қазақтың ауызша тарихы туралы естігендерін жазып қалдырғанмен, негізгі борыштары - өз елінің мүддесіне қызмет ету болғандықтан, қазақтың дәстүрлі тарихи білімі олардың бәрін бірдей қызықтыра бермеген. Айталық, ауызша тарихтың білімдік байыбына бармаған Ресей тарихшысы А. И. Левшин қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына дейінгі зейіндік деректерден айналып өтеді [10] . Қазақтарды жойылуға тиіс нәсіл ретінде кемсіткен А. И. Левшинді барынша сынаған В. В. Радлов болса, оған қарама-қарсы пікір айта келіп, қазақтарға «отырықшы халықтардың дәуіріне қарама-қарсы тұрған мәдениет өркениетінің баспалдағы» ретінде жоғары баға берген [11] .

Біздіңше , тарихқа кез-келген зерттеу жұмысын қолға алғанда, американдық антраполг Франц Баос айтқандай, археолгияға, биологияға, лингвистикаға және этнографияға жүгіну жеткіліксіз [12] . Мәселеге олардан маңызы кем түспейтін саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни, педагогикалық, психологиялық, әдет-ғұрыптық және көркем әдебиеттік факторлардың да әсер ететіндігі анық.

Сонымен егер ерте уақыттан бергі ауыз әдебиеті ауызша тарих айту дәстүрінің дамуына ықпал етіп, Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жеткізсе, қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясы «Зар заман» ақындарымен жалғасын тапқан тарихи білімге ұласса, оны XIX ғ. сонындағы қазақ ағартушы-ойшылдары одан әрі дамытып, кеңес дәуіріне дейін әкелсе, ал кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті ауызша тарихты астарлы түрде дамыта білсе, онда қазақ халқының діліне тән әдебиет арқылы келген ауызша тарихи білімдегі шындықты дерек көзі ретінде қарау басымдығы туындайды. Осыған қосымша, біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі ұлттық тарих ғылымы, заман ағымына орай, өзінің зерттеу ұстанымдарында тағы да мынандай жаңа 3 басымдықтарға жетуді қажетсінеді:

1. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы тарихи білімдегі зерттеу ұстанымында геосаяси мүмкіндіктермен санасу әдіснамасы сияқты жаңа туындап отырған басымдықты қажетсінеді;

2. Қазақстан аумағындағы түркі мәдениетіне арап, парсы, қытай тілдік мәдениеттерінің орыс мәдениеті ықпалының әсер етуінен кем болмағандығын көрсету - тарихи шындыққа жетуге көмектеседі;

3. Екі ғасырдан астам уақыт қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ислам діні өзінің өміршеңдігін сақтап қалды. Ендеше, бүгінгі тәлім-тәрбие ұстанымында, қазақ тарихындағы ислам дінінің басымдық рөлін жоққа шығара алмаймыз. Осы арадағы «тәлім» сөз тіркесінің кезіндегі білімнің мағынасын атқарған рөлін ескерген дұрыс.

Сан ғасырлар бойы тәңірлік дінді берік ұстанған сақ-үйсіндер тарихи білімнің дін арқылы дамыған үлгісін түрік тілдестерге аманат ретінде қалдырған. Түркіленуге негіз болған хұндардың билеушісі үйсін жұртында қалған жас нәрестені қасқыр баққаннын естіп, киенің құдіретіне жорыған. Кейін ер жете келе, жаңағы бала, әкесінің жұрты - Үйсін еліне ие болған. Бұл оқиға шамамен б. д. э. II ғасырдың кейінгі жартысына тән. (Қараңыз. Ежелгі үйсін елі. - Үрімжі, 2005. - Б. 13, 31) . Демек, бастауын сақтардан өрбітетін отандық тарихымыздың өзі тәңірлік дінмен қабысқан тарихи білімнің нәтижесі.

Қазақ жеріне VIII ғасырдан енгізілген ислам дінінің ықпалы бұрыннан бар тұрмыстық білімді ғылымға бейімдеп, IX-XII ғасырларда Қазақ елін бүкіл әлемге танытқан бірнеше ғұлама-ойшылдарды тарихи аренаға шығарған, ал олардың бәрі ислам дінін мемлекеттік дін ретінде мойынсұнған еді. Тіпті ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өзі оның көзі жұмыла салып, ислам дініне мемлекеттік мәртебе бергені тарихтан белгілі. Ендеше, бұл тарихи оқиға да дәстүрлі тарихи білімдегі діннің деректік мәнін көрсетеді.

Қазақ елінің тарихи білімдік ой-санасын қалыптастыру тарихшы-ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидың да үлесіне тиседі. Ол өзінің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің беташарын «Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаған». Егер біз «Тарих-и Рашидидің» қазақша мағынасын «Хақ жолындағылар тарихы» деп аударып жүрсек, онда Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың ұрпаққа қалдырған мұрасында «хақ» сөзін назарға алуы бекер емес. Демек хақ дін - ислам дінімен бірге келген тарихи білімнің жетістігі болып табылады.

Тәңірлік және мұсылман дін тұтастықтары Ақ Орданың кезінен басталатын этникалық бірлік негізіндегі тарихи білімге жеткізсе, ол осы аралықтарда қалыптасқан қазақы діл дерегінің нәтижесі. Осы арада халқымыздың ділін оның тарихымен бірге қарастыруды жақтайтын қазақстандық философ А. Қасабектің пікіріне қосарымыз, ислам дінінің қазақы ділге ғана емес, қазақтың ауызша тарихына да ықпалы болған.

Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруға дәнекер болған діл дерегі қазақ халқына тән рухани құндылықтардың қалыптасуын да тездетті. Жауінгерлік дәстүрді орнықтырған «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары мен дәстүрлі үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу дәстүрін орнықтырған «Қыз Жібек», «Мақпал», «Бозжігіт» дастандары қазақтың еңбек қарекеті, әдет-ғұрыптары, халықтық ойындары мен мейрамдары, музыка және зерделі сөз өнерлері арқылы бір-бірімен өз үндестіктерін тауып жатса, бұл - тарихи білімді дамытудағы ділдік деректің маңызын айғақтайды.

Қазақ хандығы дәуірінде осы ділдік ерекшеліктерді тарихи білімде орнықтырудың жаршылары билер мен жыраулар және сал-сері, ақын-сазгерлер болды. Ал Ресейге еріксіз бодан болған тұста ол дәстүрді «Зар-заман» атауын алған ақындар мен қазақ ағартушы-демократтары жалғастырды. Бұлардың тұсында тарихи білімдегі шежірелік дәстүрді хатқа түсіру жанданып, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары арқылы астарлы мәнге ие болған тарихи білім өзін ел мен жер мәселесі, ұлт пен ұрпақ қамы, отарлық езгіні айыптау, халықты азаттыққа, теңдікке үндеу, оқуға, ғылымға тарту, еңбекке баулу бағытындағы дамуға бағдар ұстанды. Кеңес дәуірінің алғашқы екі он жылдығында, ұлттық тарихты білім ретінде жүйелі оқытудың ғылымға негізделген кезеңі басталғанда, М. Тынышбаев, С. Асфендияров, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеров сияқты кәсіби қазақ тарихшылары шындықты айтудың құрбандарына айналып кете барды.

Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасуында ғасырлар бойы тарихпен қатар жүріп отырған қазақ әдебиетінің деректік рөл атқарғаны біздің зерттеуіміздің негізгі арқауы болып отыр. Қазақ әдебиетінің тарихи деректік рөлі кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетші ғалымдар тарапынан дәлелденген. ХХ ғасыр басындағы Ә. Бөкейханов бастаған алаш арыстарынан бері қарай М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жумалив, І. Есенберлиндердің жолын З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Н. Келімбетов, Т. Ақселеу, Қ. Салғара сияқты көрнекті филолог ғалымдар өздерінің іргелі зерттеулері арқылы ұлттық әдебиетпен келген тарихи білімді дамыта білді. Олар ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бірлігін тарихи дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғылыми негізде дәлелдеді. Сол себепті б. з. б. дәуірлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенеқон» дастандары бүгінгі Қазақстан тарихының ауызша айтылуындағы дерек көздері болып табылады демекшіміз. Сондай-ақ, аталған тарихи дастандар өзінен кейінгі Түрік қағандығы тұсындағы тарихи «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге Қаған» жырлары ғылымға дейінгі тарихи білімдік жәдігерлердің жазылуына үлгі-өнеге, негіз болды. Түрік қағандығында жазба әдебиет негізіндегі тарихи білім өзінен бұрындағы сақтар мен үйсіндердің және ғұндардың ауыз әдебиетіндегі тарихи білім үлгілерімен генезистік типологиялық дәстүрлік үндестікте дамыды.

1. 2. Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары

XV ғасырда өзінің ұлттық келбетін орнықтырып, халық ретіндегі тарихын бастаған қазақтар, жадылық есте ұстау арқылы ежелден қалыптасқан түркілердің дәстүрлі тарихи білімін ауызша тарихтың классикалық үлгісі - шежіре айту дәстүріне жеткізді.

Егер, қазақ халқындағы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген зерделі сөздердің байыбына үңілсек, ұрпақты шыққан тегі мен туған атасын білуге бағыттау сияқты тарихи білімгдік өнегені көреміз. Бұл-бір жағынан . Екінші жағынан , сол зерделі сөз жолдары елдің бірлігін, оның ұлттық белгісін сақтауды білдіреді. Үшіншіден , қазақта ұран сияқты орны бар осы киелі сөздер әрбір қазақтың зердесінде сақталып, күні бүгінге дейін ділдік ерекшелігіміздегі өзіндік үлесін жоғалтпай келеді.

Жеті атадан тарайтын үрдіс туыстық аралық қатынасқа (жігіттің үш жұрты) жеткізіп, біртіндеп бүтіндей бір ұлттың (қазақтың) тұрмыс-салт нормаларына ұласты. Бұл қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерілген. «Жазба заңның орнына «ауылыңда қарияң болса, сызып қойған хаттай болады» деген сарынмен бірден-бірге сөз мұрасын қалдырып отыратын ақсақалдар болды. Бұлар заң кітабының (кодекс законов) орнына ұсталды» [20, б. 40] . Демек, туыстық қарым-қатынастар сияқты табиғи тарихи білім нәтижелерінен қорытынды шығару үшін жеті атаңды біліп, шежіре тарата білу қазақ дәстүрінде өмірлік қажетке айналып келген. Біздің өзіндік ділі бар ел болуымыздың да түп қазығы осында. Ендеше тұнып тұрған тарихты баяндайтын осы шежіре тарихи білім қорын түзетін киелі деректің нағыз өзі.

Зерде категориясы мен шежіре айту дәстүрі ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуындағы ең басты буын болғанмен, біз жалпы ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстық , ғылымға дейінгі және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз:

1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады:

а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі;

б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі.

Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке дәуірге бөлінеді. Осы арада тарихта айтылатын тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс аралығында қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. Осы дәуірдегі тарихи білім нышандары табиғат құпияларын білуге ұмтылу сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2-ші дәуір үлесіне кіргіземіз. Бұл дәуірдегі тарихи білім нышандары философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы- пайымдау арқылы мүмкін болады.

2-ші бағыт (ғылымға дейінгі тарихи білім) үлкен бір кезең (есеп бойынша 3-ші кезең) барысында қалыптасқанмен, бұл кезең 3 дәуірге бөлінеді (III-IV-V дәуір) . 3-ші дәуір қазақ жеріне арабтардың келуінен Ақ Орданың дүниеге келуі аралығын қамтыса, ол философиялық ұғымдағы дін арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге еріксіз бодан болған тұстағы ұлттық тарихи білімнің пайда болуын философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші бағыт ішіндегі 5-ші дәуірдегі ұлттық тарихи білім, ұлт-азаттық қозғалыстар арқылы бой көтеріп, «зар-заман» ақындары арқылы қазақ-демократ-ағартушыларының көзқарастарына ұласса, бұл үрдіс философиялық түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты.

3-ші бағыт (ғылыми-теориялық тарихи білім) 2 кезең және, 2 дәуірге бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең (есеп бойынша 4-ші кезең), 6-шы кеңес дәуірі кезінде саясат арқылы жүйелі жолға түсіп, 1935 жылдан бастап идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5-ші соңғы кезендегі ұлттық тарихи білім 7-ші тәуелсіздік дәуірімен бірге келіп, қайта жаңғырып отыр.

Сөйтіп көріп отырғанымыздай зерттеу жұмысымызда ұлттық тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері мен дәуірлерін толық ашпай, XX ғасырдағы тарихи білімнің даму ерекшелігін көрсету де мүмкін болмады.

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІАлматы облысының физикалық-географиялық жағдайы

Географиялық орны, территориясы мен шекаралары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Жалпы географиялық карталар
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Карталарды құрастыру тәсілдері
Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz