Өндірістік емес сала
КІРІСПЕ
1 ӨНДІРІСТІК ЕМЕС САЛАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ӨНДІРІСТІК ЕМЕС САЛА ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Өндірістік емес сала түсінігі,салалық құрылымы
1.2 Өндірістік емес саланы зерттеудің теориялық аспектілері
1.3. Өндірістік емес саланың ел экономикасында алатын орны

Тақырыптың өзектілігі. Алматы облысының өндірістік емес саласының, әсіресе, туризм және демалыс аясының дамуының мәселелері, қазіргі жағдайы мен болашағы өзекті болып табылады. Себебі, шаруашылықтың өндірістік емес саласының дамуы, қоғамдық қажеттіліктің дамуын, өмір сүру деңгейін көрсетеді. Жұмыстың мақсаты – Алматы облысының өндірістік емес саласының қазіргі жағдайын, даму аспектілерін, мәселелерін, сонымен қатар, нарықтық қатынас жағдайындағы даму болашағының болжамын зерттеу. Белгіленген мақсатқа жету үшін келесі алдыға келесі міндеттер қойылды: - Алматы облысының өндірістік емес саласының еке салаларын зерттеу; - Алматы облысының өндірістік емес саласының қазіргі жағдайына талдау жасау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының даму ерекшеліктерін анықтау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуының күшті және әлсіз жақтарын анықтау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуын тежейтін мәселелерді анықтау; - Алматы облысының туризм саласының табиғи, әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын, болашағын анықтау.
Зерттеу нысаны: Алматы облысының өндірістік емес саласы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бұқаралық ақпараттар құралы, спорт, көлік және байланыс, ойын-сауық және демалыс орындары, оларды қызмет көрсету деңгейі. Ғылыми жаңалығы Алматы облысының экономикасының өндірістік емес саласының құрылымын, оның ішінде туризм тармағының осы салалар ішінде ұлттық табысқа қосатын үлесін, даму және қызмет деңгейіне талдау жасау. Ғылыми жұмыс негізінде өндірістік емес саланың білім беру, денсаулық сақтау, туризм нысандарының карталарын құрастыру.
Тәжірибелік мәндігі - Өз бетінше ізденіс жұмыстарына негізделеді; - Статистикалық мәліметтер негізінде ArcGIS 9.3. бағдарламасы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, туризм нысандарының картасы құрастырылды; – Статистикалық мәліметтерді салыстыру негізінде салыстырмалы диаграммалар, кестелер, сызбанұсқалар құрастырылды; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуының жағымды және жағымсыз жақтары анықталып, осының негізінде SWOT-талдау жасалды. Диссертациялық жұмыс – кіріспеден, 3 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тарауы 3 тараушадан, екінші және үшінші тарау 2 тараушалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 78 бет, кесте саны 8, 30 сурет келтірілген, пайдаланған әдебиеттер тізімі 51.

Тақырыптың өзектілігі. Алматы облысының өндірістік емес саласының, әсіресе, туризм және демалыс аясының дамуының мәселелері, қазіргі жағдайы мен болашағы өзекті болып табылады. Себебі, шаруашылықтың өндірістік емес саласының дамуы, қоғамдық қажеттіліктің дамуын, өмір сүру деңгейін көрсетеді. Жұмыстың мақсаты - Алматы облысының өндірістік емес саласының қазіргі жағдайын, даму аспектілерін, мәселелерін, сонымен қатар, нарықтық қатынас жағдайындағы даму болашағының болжамын зерттеу. Белгіленген мақсатқа жету үшін келесі алдыға келесі міндеттер қойылды: - Алматы облысының өндірістік емес саласының еке салаларын зерттеу; - Алматы облысының өндірістік емес саласының қазіргі жағдайына талдау жасау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының даму ерекшеліктерін анықтау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуының күшті және әлсіз жақтарын анықтау; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуын тежейтін мәселелерді анықтау; - Алматы облысының туризм саласының табиғи, әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын, болашағын анықтау.

Тәжірибелік мәндігі - Өз бетінше ізденіс жұмыстарына негізделеді; - Статистикалық мәліметтер негізінде ArcGIS 9.3. бағдарламасы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, туризм нысандарының картасы құрастырылды; - Статистикалық мәліметтерді салыстыру негізінде салыстырмалы диаграммалар, кестелер, сызбанұсқалар құрастырылды; - Алматы облысының өндірістік емес саласының дамуының жағымды және жағымсыз жақтары анықталып, осының негізінде SWOT-талдау жасалды. Диссертациялық жұмыс - кіріспеден, 3 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тарауы 3 тараушадан, екінші және үшінші тарау 2 тараушалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 78 бет, кесте саны 8, 30 сурет келтірілген, пайдаланған әдебиеттер тізімі 51.
Бірінші тарауда өндірістік емес саланы зерттеудің теориялық аспектілері, өндірістік емес сала түсінігі мен құрылымы, оның экономикадағы алатын орны сипатталған.
Бірінші тараудың бірінші бөлімінде өндірістік емес сала ұғымының мағынасын ашатын бірнеше түсініктер берілген. Өндірістік сала мен өндірістік емес саланың айырмашылығын айқындайтын 2 сызбанұсқа келтірілген. Сонымен қатар өндірістік емес саланың құрылымы қарастырылып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, көлік және байланыс, БАҚ, спорт, сауда және туризм салаларына қысқаша сипаттама берілді. Бірінші тараудың екінші бөлімінде өндірістік емес саланың теориялық зерттеулері жазылды. Бұл бөлімде өндірістік емес саланы, қызмет көрсету саласын зерттеген ғалымдардың анықтамалары, зерттеулері келтірілген. Атап өткенде, орыс ғалымдары А.М. Румянцев, Л.М. Гатовский, С.А. Ковалев, В.В. Покшишевскийдің қызмет саласын зерттеулері, М.А. Абрамовтың өндіріс пен қызмет арасындағы қатынасын зерттеулері, неміс ғалымы К. Маркс және американдық ғалымдар Р. Малери, Т . Хилл, Ф. Котлердің анықтамалары мен ойлары келтірілген.
Бірінші тараудың үшінші бөлімінде өндірістік емес саланың жалпы экономикадағы үлесі, алатын орны жайында айтылады. Бұл бөлімде өндірістік емес саланың жеке саласында қанша халық жұмыспен қамтылғаны, өндірістік емес саланың ЖІӨ-ге пайдасы, салыстырмалы диаграмма мен кесте түрінде берілген.
Екінші тарау Алматы облысының өндірістік емес саласын талдауға арналған. Тарау екі бөлімнен тұрады.
Екінші тараудың бірінші бөдімінде Алматы облысының өндірістік емес саласының даму ерекшеліктері қарастырылып, жағымды және жағымсыз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері анықталып SWOT-талдау жасалды. Сонымен қатар, Алматы облысының өндірістік емес саласының ЖАӨ-ге әкелетін пайдасы анықталып, осыған байланысты салыстырмалы кесте келтірілді. Алматы облысының өндірістік емес салада дамуына арналған бағдарламалар талданды.
Екінші тараудың екінші бөлімінде Алматы облысының өндірістік емес саласының жеке салаларының қазіргі жағдайы жазылды. Әр сала жеке қарастырылып, денсаулық сақтау, білім беру салаларында 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасының орындалу жағдайы жазылды. Денсаулық сақтау саласында Алматы облысындағы әлеуметтік аурулармен ауыратын халық саны статистикасы, мектепке дейінгі мекемелер, орта мектеп нысандарының қаншалықты жеткілікті екендігі анықталып, осының негізінде карталар құрастырылды. Сондай-ақ, Алматы облысының мәдениет, коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс саласы қарастырылды. Алматы облысының өндірістік емес саласын зерттеу барысында ерекше көңілді туризм саласына бөлдім. Себебі өндірістік емес саланың ішінде туризм саласы жақсы дамыған болса, онда оның экономикаға, ЖІӨ-ге пайдасы өте мол. Ал Алматы облысының туризм саласын дамытуға табиғи да, тарихи да әлеуеті мол облыс болып табылады. Бұл бөлімде Алматы облысының туризм саласының негізгі нысандарына сипаттама берілді, облыстың негізгі туризм нысандарының картасы құрастырылды.
Үшінші тарау екі бөлімнен тұрады, мұнда Алматы облысының өндірістік емес саласының даму мәселелері мен болашағы қарастырылды.
Үшінші тараудың бірінші бөлімінде Алматы облысының өндірістік емес саласының негізгі салалары: білім беру, денсаулық сақтау, көлік және байланыс, мәдениет, спорт және туризм саласының даму мәселелері жеке қарастырылды. Үшінші тараудың екінші бөлімінде Алматы облысының өндірістік емес саласының даму болашағы қарастырылды. Бұл бөлімде облыс аймағына жоспарланған бағдарламалар, болашаққа жоспарланған жобаларға көңіл бөлінді. Алматы облысы, Алматы-Қапшағай арасындағы 4 серіктес қала G4 City жобасы, жоба идеясы, орналасу қағидасы, әр қаланың орындайтын функциялары қарастырылып, әр қаланың қамтитын жер аумағы мен болашақ халық саны кесте жүзінде келтірілген.
1 ӨНДІРІСТІК ЕМЕС САЛАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. ӨНДІРІСТІК ЕМЕС САЛА ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Өндірістік емес сала түсінігі,салалық құрылымы
Өндірістік емес сала - материалды өнім шығармайтын кәсіп түрінің және саласының шарттық атауы. Кеңестік экономикалық статистикада өндірістік емес салаға тұрмыстық қызметтер, мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, басқару салаларын жатқызған. Қазіргі уақытта өндірістік емес сала термині − әлеуметтік мәдени сала, әлеуметтік сала деп те айтылады [1]. Өндірістік емес сала - материалдық игіліктерді тікелей өндірмейтін салалар кешені; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі), денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, көркемөнер, ғылым мен ғылымдық қызмет ету, басқару және т.б, қарекет түрлері (сурет 1) [2]. Көбінесе ол адамның бейматериалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты салалар. Оларға өндірілу үдерісі уақыт жағынан тұтынылуымен сәйкес келетін қызметтер көрсету (кино, театр, монша, саябақ, аттракцион, шаштараз, т.б.), әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету (әлеуметтік қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, халық пен бейөндірістік салаға арналған көлік пен байланыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, баспасөз, басқару саласы, қоғамдық ұйымдар, т.б. жатады. Бейөндірістік саланың жұмыспен қамтылу аясындағы үлес салмағы елдің дамуы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кеңестік дәуірде бейөндірістік салалар тұтыну қорының тек шығыс бөлігінде ғана көрсетілді; бұл салалар табыс әкелмейді деп есептеліп, мемлекеттік жәрдем қаражатқа сүйенді, өйткені олардың көбісі тегін немесе оны төмен бағамен қызмет көрсетті. Қазіргі кезде бұл салалар өндірісінің көлемі елдің жалпы ішкі өнімі мен жалпы ұлттық өнімнің жалпы құнына кіреді [3,4]. Өндірістік емес сала жалпы қоғамның және адамдардың материалдық өнімдерден басқа әртүрлі қажеттіліктерімен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығы салаларының жиынтығы. Бұл қажеттіліктер ұйымдастыруға, айырбастың жүзеге асуына, материалды игіліктерді тұтынуға және бөлуге, адамзат денсаулығын сақтау және күшейтумен қоса, тұлғаның жан-жақты дамуы мен рухани игіліктерді өндіруге келіп түйіседі. Мұнымен қоса, өндірістік емес сала біртұтас ағза сияқты, жалпы қоғамның және жеке адамның әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Экономика салаларының жиынтығы
Өндірістік емес сала
Материалды өндіріс саласы
:: өнеркәсіп
:: ауылшаруашылығы
:: су, орман шаруашылығы
:: құрылыс
:: жүк көлігі
:: қатынас
:: сауда
:: қоғамдық тағамдану
:: материалды‐техникалық қамтамасыздандыру.
:: тұрғын үй‐коммуналдық және тұрмыстық қызмет
:: жолаушылар көлігі
:: денсаулық сақтау
:: өндірістік емес сала арасы қатынасы
:: дене шынықтыру
:: мәдениет
:: ғылым
:: өнер
:: білім беру
Сурет 1 - Өндірістік сала мен өндірістік емес сала айырмашылығы *Дерек көзі: автор арқылы құрастырылған
Өндірістік емес салада жұмыспен қамтамасыз ететін салалары ішінде үлкен үлесті, К.Маркстің қызмет деп атаған, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау сияқты қолданысқа өзіндік арнайы өнім шығаратын сала алады. Бұл қолданыс нысандары, заттық формалары жоқ, оларды өндіру үрдісінде қолданылады. Олардың заттық формалары болмайтындықтан, жинала алмайды және тиісінше, ұлттық табыстың қалыптасуына үлесін тигізе алмайды, бірақ, қоғамның жеке қолданыс қорына кіреді [5]. Қызмет көрсететін жұмысшылар еңбектері міндетті түрде адамға әсер етеді. Ол рухани қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін үнемі шығындары өсіп жатқан еңбек күштерін өдіруге үлесін қосады. Бірақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, бұл сала жұмысшыларының еңбектері, оны өндіруге кететін шығындардың ішіне кірмейді. Соңғы айтылғандарға, өндірістік сала жұмысшылары еңбектерінің шығындары олардың білім берудегі, мәдениет, медициналық көмек жағынан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл қажетті өнім бөлігі үшін, өндірістік сала жұмысшылары, өндірістік емес сала жұмысшылары еңбектерінен пайдалы әсер алады. Өндірістік сала өнімдеріне қарағанда, өндірістік емес сала жұмыскерлері еңбектерінің пайдалы әсері, әсіресе, білім беру, мәдениет және т.б. әлеуметтік нышанға ие [6,7].
Егер бидай дәмінен оны кім - құл ма, әлде жалдамалы жұмысшы өсіргенін білу мүмкін емес болса, онда білім беру мен мәдениет, яғни өндірістік емес салада - белгілі бір идеологиялық бағытты болжайды. Егер өндірістік емес сала жұмысшыларының еңбегі, өндірістік қатынастың басқарушылық формасында ұйымдастырылып, өндіріс әдісінің мақсатын жүзеге асырған болса, онда ол өндірістік еңбек ретінде шығады. Өндірістік емес саланың дамуы, өндірістік сала жұмыскерлері еңбектерінің өнімділік деңгейіне байланысты. Ол жоғары болған сайын, өндірістік емес салаға бөлінген еңбек және материалдық ресурстар да көп болады. Өндірістік күштері әртүрлі деңгейдегі елдерде дәл осылай, бірақ, өндірістік емес салада жұмыспен қамтамасыз етілуі бірдей болғанда, салалар құрылымы күрт ерекшеленеді. Даму деңгейі жоғары елдердегі өндірістік емес сала құрылымы өте жақсы дамыған [8]. Қызмет көрсету ортасы өндірістік емес саланың белгілі бір ажырамас бөлігі бола отырып, өзінің құрамына келесідей салаларды қамтиды: 1. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық (тұрғылықты қызмет көрсету) - жақсы жағдайы жасалған (электр, су, газбен жабдықтау, канализация, жылыту, телефон, қоқыс тазалау жүйесі) тұрғын үй ұсыну;
2.Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - егде адамдар мен мүгедектерге арналған үйлер, балалар үйлері және интернаттар, зейнетақымен жабдықтау және әлеуметтік сақтандыру.
3. Бөлшектік сауда және қоғамдық тамақтандыру.
4. Тұрмыстық қызмет көрсету - өндірістік салалар ерекшеленетін салалар тобы. Ол бір мезгілде қызмет көрсету ортасына және материалды өндіріске де (киім тігудегі жекеменшік ателье, аяқ-киім, баскиім, жиөаз жасау, тұрмыстық техниканы жөндеу, пәтерлерді жөндеу және т.б.) жатады. Ал, екінші топқа жеке гигиенаға байланысты қызметтер (монша, кір жуу, шаштараз, сұлулық салондары және т.б.), үй-жай күтімі ( еден тазалау, жинау, терезе жуу және т.б.) және жеке транспорттар, жалға беру орындары, суреттер және т.б. жатады. Ерекше орынды Жинақ банктері алады.
5. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету - почта, телеграф, телефон-автоматтар, қалааралық сөйлесу пунктері, анықтамалық бюро. Спорттық құрылыстардың кең торлары (жеке физкультурамен айналысу жұмыстары және спорттық фитнес клубтар);
6. Халыққа туристік-экскурсиялық қызмет көрсету.
7. Халықтың кейбір әлжуаз топтарының өмірін кешенді қамтамасыз ету (қарттар үйі тұрғындары, балалар үйі, мүгедектер және жазылмайтын аурулар, қайта түзеті калониялары).
7. Ритуалды қызметтер - белгілі бір діни дәстүрді жүзеге асыру, молаларға қою, крематорийлер.
8. Құқықтық қызметтер (нотариат, адвакатура, сот - жеке тұлғалардың құқықтарын бұзған және басқа да азаматтық істер бойынша мекемелер).
9. Мәдени-ағарту қызметі - көрсету кәсіпорындарының әртүрлі торы: театрлар, кинотеатрлар, концерттік және көрме залдары, цирктер, мұражайлар, стадиондар және бассейндер, клубтар және мәдениет үйлері, кітапханалар; бұл салаға газет, журнал және кітап баспаханаларының қызметін, радио және телевидение, кітап сатуды да жатқызуға болады.
10. Білім беру: балабақшалар, жалпыбілім беретін мектептер жүйесі, мамандандырылған-техникалық оқыту, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындары, кадрларды қайта даярлау және кардрлардың квалификациясын көтеру.
11. Медициналық қызмет көрсету (денсаулық сақтау) мекемелері: амбулаториялар, жартылай клиникалар, ауруханалар, медпунктер және ауылды жерлердегі фельдшерлі-акушерлік пунктер, әртүрлі маманданған диспансерлер, жедел жәрдем қызметі, аналар мен балаларды қорғау жүйесі, санаторлы-курортты торлар және профилакториялар, санитарлар қызметі (санэпидемстанция, дезинфекциялаушы пунктер, санитарлық ағарту үйлері және т.б.), дәріханалар.
12. Халықтың қауіпсіздігін қорғау және оның мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, милиция және тұрғылықты жердегі сот органдарының қызметі арқылы тәртіп сақтауды жүзеге асыруы, өрттен қорғау қызметі.
13. Жолаушылар транспорты - тек уақытты үнемдеу құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету құралы да (почта жеткізу, медициналық қызмет көрсету және үйдегі техникалардың жөндеу жұмыстары, автодүңгершектер, автоклубтар және т.б.) [9,10]. Өндірістік емес саланың маңызды бұтағының бірі - ол білім беру. Оның маңыздылығының себебі, балабақша, жалпы білім беру мектептер (оның ішінде музыкалық, спорттық және басқалары) жүйелері арқылы балаларды тәрбиелеу және оқыту болып табылады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіне арнайы орта және жоғары оқу орындары жүйелері арқылы маманданған кадрларды дайындау кіреді.
Мектепке дейінгі мекемелер мұнда тек 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін пайда бола бастады. Бұл мекемелер тағайындау және жастық құрамы бойынша ерекшеленеді. Қазіргі уақытта елде 1000-нан астам мектепке дейінгі мекемелер бар және олардың саны өсуде. Қазақстан Республикасында орта білімді міндетті түрде алу керек. Қазақстанда алғашқы жоғары мектептер XIX ғасырда, елдің Ресей құрамына қосылғаннан кейін пайда болды. Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептері барлық жерде бар. Кәсіби білім, маманданған жұмысшыларды даярлау жұмысын жүргізетін жүздеген кәсіби мектептерді, лицейлер мен колледждерді біріктіреді. Денсаулық сақтау. Бұл өндірістік емес саланың маңызды тармағы халық денсаулығын сақтаумен айналысады. Соңғы жылдары елдегі медико-демографиялық көрсеткіштер айтарлықтай жақсарып, халықтың табиғи өсімінің көбейіп, өлім-жітімнің азаюы байқалуда. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болып табылады. Бұл қызметтестік Қазақстанға қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және зерттеу, емдеудің жаңа әдісін енгізу, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесін өңдеу бойынша күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі . Дене шынықтыру және спорт халық денсаулығын күшейтудің, оның қоғамдық және еңбекке жарамдылығын жоғарылатудың маңызды құралы болып табылады. Республикада 2 млн. адамнан тұратын 15-ға жуық дене шынықтыру ұжымдары құрылған. Спорттың көптеген түрлерімен айналысуға арналған 150-ге жуық стадиондар, 5,5 мыңға жуық спорттық залдар, 110-ға жуық жүзу бассейндері, соның ішінде 70-ке жуығы жабық, көптеген спорт алаңдары, шаңғы және қайық базалары мен бекеттері бар. 100 мың адамға арналған спорттық залдар саны бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынға ие. Республика мақтанышы - 1961 м биіктікте орналасқан Медеу жоғары тау кешені. Ауданы 10 мың шаршы метр мұз алаңы конький спорты, бейнелі сырғанау, хоккей бойынша ірі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. ТМД елдеріне Шымбұлақ тау-шаңғы базасы да әйгілі. Мамандарды даярлау мақсатында республикада Алматы мен Қарағанды қалаларында екі институт, екі дене шынықтыру техникумы, педагогикалық институттардағы дене тәрбиесі факультеттері бар. Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Туризм- бұл қоғам өмірінің күрделі көпқырлы және көпаспектілі көрінісі, ол экономиканың ең серпінді, жоғары табысты, үлкен салаларының бірі. Қазіргі заманғы әлем туризмі саласында шамамен 300 млн. адам, яғни, әлемдегі әр оныншы адам жұмыс істейді. Оның үлесіне 7%-дан астам инвестиция көлемі, 11% тұтынушылық шығын, барлық салық түсілімінің 5%-ы және әлемдік қызмет саудасының үштен бір бөлігі келеді [11,12]. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2004 жылы қызмет көрсетілген туристердің ең көп пайызы сыртқы туризмге тиесілі - 52,9%, ал ішкі туризмнің үлесі небары - 10,7% [13].
Урбанизацияның қазіргі заман жағдайында туризм маңызды рөл атқара бастайды. Бұл адамның бос уақытын пайдалануының бір түрі. Психологиялық шаршау қала көшелерінен тыс, туристік сапарларда, белсенді демалыспен жақсы басылатыны бәрімізге белгілі. Туризм, шаруашылықтың көптеген салалары сияқты емдік, спорттық-сауықтыру, танымдық және басқалары сияқты өзіне тән арнайы функцияларды атқаратын бірнеше тармақтардан тұрады. Бұлардың әрқайсысы табиғат ресурстарын пайдалануға бағдарланады, өзінің дамуында техникалық және әлеуметтік инфрақұрылымға, еңбек ресурстарының белгілі бір артықшылығына сүйеніп, шаруашылықтың басқа тармақтарына тура әсер етеді. Адам өміріндегі маңызды рөлді әртүрлі ойын-сауықтық ұжымдар жүйесін: театрлар, кинотеатрлар, концерттік және қойылымдық залдар, цирк, музейлер, клубтар мен мәдениет үйлері, кітапханаларды біріктіретін мәдени-ағартушылық қызмет көрсету атқарады. Бұл салаға сонымен қатар, газет-журналдық және кітап баспаларының жұмысы, кітап сату, радио, телекөрілім жатады. Қазақстанда 40-тан астам театрлар, ондаған кинотеатрлар, клуб мекемелері, музейлер, 20-дан астам ғылыми әмбебап кітапханалар бар. Халыққа мәдени қызмет көрсетудің тағы бір түрі ол баспасөз. Бұл сөздің астарына көбінесе мерзімдік баспалар және ең бастысы газет, журналдар жатады.Бұларды жиірек пресса деп те атайды. Баспасөз - жаппай ақпараттың және үгіт-насихат құралдарының бірі, ол саяси жіне әлеуметтің күрестің, ағартудың, ғылыми білімді таратудың, мәдениет дамуының құралдарының бірі. Байланыс - айырбас, ақпарат қабылдау және беру құралы, адамдардың қатынас құралы, олардың танымдық және әржақты мәдени қажеттіліктерімен қамтамасыз ету құралы. Қазіргі уақытта біздің елде байланыстың айтарлықтай барлық түрі дамыған. Байланыс кәсіпорындары мен олардың бөлімдері, сонымен қатар телевизорлар, радиоқабылдағыштар, радиотрансляция нүктелері саны бойынша Қазақстан ТМД-да тек Ресей мен Украинаға ғана орын береді. Қызмет көрсету аясының салаларының ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы ерекше орын алады. Коммуналдық шаруашылық - кәсіпорындар, қала, ауыл халықтарына санитарлы-гигиеналық қызмет (суөткізгіш, канализация, тазарту құрылғылары, моншалар), газ, жылу және жарық беру, қалалық көлік, сыртқы сәулеттендіру нысандары мен құрылғылары (жолдар, көпірлер, жолөткізгіштері, фонтандар және басқалары), қонақүйлер және басқа да көптеген ұжымдар көрсететін қызметтер мен шаруашылықтар жиынтығы. Коммуналдық қызмет көрсету жоғарыөнімдік еңбек үшін көңіл-күй мен жағдай жасайды. Қазақстан ТМД елдері бойынша тұрғын үй қорының көлемі жөнінен алдыңғы орындарға ие. Өкінішке орай, Қазақстан қалалары, әсіресе ауыл халқын қамтамасыз ету мен жабдықтау пайызы өте төмен. Қала шаруашылығының бір бөлігін алатын көлік саласы, қала және қала сырты халқына қызмет көрсету аясының маңызды саласы болып есептеледі. Оның негізгі ролі адамдарды күнделікті тасымалдау, әсіресе, оның маңыздылығы территориясы мен халық саны көп қалаларда артады. Қазақстанда қазіргі уақытта қала көлігінің барлық негізгі түрлері дамыған. Барлығынан да қала автомобиль көлігі, трамвайлық қатынас тек бес қалада (Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен Және Теміртау), ал троллейбустық тек сегіз қалада (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Тараз, Ақтөбе және Қостанай) дамыған. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету - өндірістік және өндірістік емес қызмет− үй, киім, аяқ киім, химтазалау мен жуу, автотехқызмет, шаштараз, фотосурет, тұрмыстық машиналар мен құралдарды жөндеу, жиһаз жасау және жөндеу, металл бұйымдарын жасау және жөндеу және т.б. бойынша қызмет көрсету саласының бөлігі. Халық көңіл күйі мен оның еңбегінің өнімділігі көбінесе тұрмыс қызметінің даму деңгейіне байланысты. Қазақстанның халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы халық шаруашылығының дербес тармағы ретінде 60 жылдардың басында қалыптасып, соңғы 10-15 жылда өзінің негізгі дамуын алды. Қазір республикада 1000-ға жуық әртүрлі қызметтер көрсетіледі, шамамен жартысы - ауылдық жерлерде. Сауда - тауарларды сату-сатып алу жолымен жүзеге асырылатын халық шаруашылығы кешенінің маңызды тармағы. Бөлшек сауда - сатылымдық және сатылымдық емес тауарларды халыққа сату. Тауар ресурстарының қалыптасуы халықтың тұтынымына тауарлар шығаратын өнеркәсіп, сонымен қатар, ауыл шаруашылық өндірісі және шетел тауарлары импортының дамуымен байланысты. Сауданы территориялық ұйымдастырудың негізгі қағидасы - сауда нүктелерін тұрғылықты жерлерге жақындастыру. Республикадағы сауда дамуының болашағы алдыдағы сауда нүктелері жүйесін кеңейтумен, сауданың қарқынды формалары мен әдістерін енгізумен байланыстырылады. Қазақстанда халыққа сауда қызметін көрсету үнемі жақсарып отырады, саудаайналым, дүкендер саны мен аумақтары, қызмет көрсету персоналы және т.б. өсу үстінде [5].
1.2 Өндірістік емес саланы зерттеудің теориялық аспектілері
Өндірістік емес саланың дамуы, қоғамдық қажеттіліктердің, халықтың өмір сүру сапасының жоғарылауына байланысты олардың құрылымының өзгерісін көрсетеді. XX ғасыр ортасынан бастап, ҒТР жайылуымен байланысты, адамзат факторын дамытуға бағытталған материалдық емес саланың көптеген тармақтары айқын дами бастады: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сипаттағы қызметтер және т.б. А.М. Румянцевтің ойынша, ғылым - өндіріс жүйесінің бастапқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz