Бухгалтерлік баланс туралы



I. Кіріспе:
1. Бухгалтерлік баланстың қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

II. Негізгі бөлім:
2. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
3. Бухгалтерлік баланс құрылымы және есеп тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8
4. Баланс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.9
5. Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.10
6. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11.14

III. Қорытынды:
7. Бухгалтерлік баланстың есептегі маңызы мен пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндеттерінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып – бухгалтерлік баланс табылады.
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржылық-шаруашылық есепті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 03.03.1994 жылғы № 10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе:
1. Бухгалтерлік баланстың қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

I. Негізгі бөлім:
2. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
3. Бухгалтерлік баланс құрылымы және есеп тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8
4. Баланс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8-9
5. Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9-10
6. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-14

I. Қорытынды:
7. Бухгалтерлік баланстың есептегі маңызы мен пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

Кіріспе

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндеттерінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады.
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржылық-шаруашылық есепті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 03.03.1994 жылғы № 10-41143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс - бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтерінің бірі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп тәсілі дегеніміз - әдіс, амалдардың жиынтыңы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Баланс - белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл - субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.

Бухгалтерлік баланстың құрылымы және есеп тәсілі

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерде бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:
Активтік баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдаланылуы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
Активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.
Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сай келеді.
Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.
Актив:
І. Ұзақ мерзімді активтер;
ІІ. Ағымдағы активтер.
Меншікті капитал мен міндеттемелер:
І. Меншікті капитал (Акционерлік капитал);
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер.
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, Материалдық емес активтер, Негізгі құралдар баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлеуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві - деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал - кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
Актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:
Актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндіріс, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойыншақарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.

Актив
МКМ
I. Ұзақ мерзімді активтер:
1. Материалдық емес активтер;
2. Негізгі құралдар;
3. Ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек;
4. Инвестициялар.
I. Ағымдағы активтер:
1. Тауарлық-материалдық қорлар (материалдар, дайын өнім, тауарлар);
2. Ақшалай қаражат (касса, есепшот, валюталық шот);
3. Дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу);
4. Қаржылық инвестициялар;
5. Келешек кезең шығындары.
I. Меншікті капитал:
1. Жарғы капиталы;
2. Резервтік капитал;
3. Қосымша төленген капитал;
4. Қосымша төленбеген капитал;
5. Төленбеген табыс (жабылмаған шығын).
ІІ. Ұзақ мерзімдік міндеттемелер:
1. Ұзақ мерзімді қарыздар;
2. Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
3. Салықтар.
ІІІ. Ағымдық міндеттемелер:
1. Қысқа мерзімдік қарыздар;
2. Бюджетпен есептесулер;
3. Алынған аванстар;
4. Жалақы бойынша есептесулер;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер.

Баланс - бухгалтерлік есептің екі бөлімінен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі. Біріншісі - Актив деп, ал екіншісі - Меншікті капитал және міндеттемелер деп аталады.
Бірінші бөлімде - шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімде - Меншікті капитал және міндеттемелер (МКМ), яғни қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі көрсетіледі.
МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері - баланс баптары деп аталады.
Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.
Баланс 5 бөліктен тұрады:
1. Ұзақ мерзімді активтер МЕА (НМА), НҚ (ОС) және т.б.;
2. Ағымдағы активтер (1жылдан кем);
3. Меншікті капитал;
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам);
5. Қысқа мерзімді міндеттемелер (1 жылдан кем).
Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтеріне) тең болуы тиіс.
Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар-жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсыбір сәтінде ғана (заңнамаға сәйкес - есепті жылдың 31 желтоқсанында) анықтауға болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын мынандай теңеуді пайдаланып, есептеп шығаруға болады:
Активтер = Міндеттемелер + Меншікті капитал.
Бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесінде бұл теңдеу баланстық теңдеу деп аталады. Оның екі бөлігі де өзара тең болуы тиіс.
1- бөлім. Ұзақ мерзімді активтер:
Материалдық емес активтер - бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.
Мұнда мынадай баптар ашылуға тиіс:
А) жер;
Ә) үйлер мен ғимараттар;
Б) машиналар мен жабдықтар;
В) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;
Г) жинақталған тозу;
Д) аяқталмаған күрделі құрылыс.
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.
Инвестициялар - кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.
Мұнда мынадай баптар ашылады:
А) еншілес серіктестерге берілген инвестициялар;
Ә) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;
Б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан ерекшеленеді.

2-бөлім. Ағымдағы активтер.
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).
Алдағы кезең шығындары - есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.
Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары - мерзімі бір жыға дейін.
Дебиторлық берешек - есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
А) аванстық төлемдер;
Ә) алуға арналған шоттар мен вексельдер;
Б) еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;
В) лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;
Г) өзге де дебиторлық берешектер.
Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.
3-бөлім. Меншікті капитал мен резервтер.
Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.
Жарғылық капитал - кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құрылған жарғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:
А) мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген (мәлімделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;
Ә) төленбеген капитал;
Б) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;
В) оларға ие адамдардың құқы, дивиденттерді бөлу мен мүлік бөлігін төлеудің шарттары;
Г) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген дивиденттер;
Д) өтемі төленіп алынған меншікті акциялар (алынып қойылған капитал);
Е) болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.
Өзге меншікті капитал:
А) номинал құнынан артық төленген капитал;
Ә) негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.
Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).
4-бөлім. Шығарылған капитал.
5-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:
А) қамтамасыз етілген несиелер;
Ә) қамтамасыз етілмеген несиелер;
Б) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;
В) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.
6-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:
А) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;
Ә) салықтар бойынша берешек;
Б) төлеуге арналған дивидендтер;
В) еншілес серіктестіктерге берешек;
Г) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;
Д) өзге кредиторлық берешек.
Төлеуге есептелген шығындар - болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Алдағы кезеңдердің табыстары - бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.
Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.

Бухгалтерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ТУРАЛЫ
Баланстың активі мен пассиві
Бухгалтерлік баланстың құрылымы және мазмұны
Бухгалтерлік баланс және есеп беру
Бухгалтерлік баланстың құрылымы
Кәсіпорын балансы
Бухгалтерлік баланс және оны талдау әдістері
Бухгалтерлік баланс ұғымы
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы, түрлері, өзгерісі
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
Пәндер