Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І тарау. Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
1. 1. Электрондық БАҚ-ғы жаңалық тарату мәселелерінің теориялық негіздері . . . 11
1. 2. Жаңалық таратудың отандық және шетелдік тәжірибелері . . . 24
ІІ тарау. Жаңалықтар қызметін ұйымдастырудың жаңа үрдістері
2. 1. Қазақстандық телеарналардың жаңалықтар қызметі: ерекшеліктері мен даму бағыттары . . . 36
2. 2. Тікелей эфирде ұлттық және халықаралық жаңалықтар тарату талаптары, ерекшеліктері . . . 55
Қорытынды . . . 61
Әдебиеттер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Қазыналы да қатпарлы тарихымыздың тамыры тым тереңде. Сан ғасырлық тылсым да, сыршыл тарих өзінің құпиялы да беймәлім әлеміне сені де тарта отырып, ой тұңғиығына шомдырады. Халқымыздың жүріп өткен өмір жолында өнер есімді ұлылықтың орны тым шоқтықты әрі мөп-мөлдір. Бай ауыз әдебиеті мен жыршылығы, термешілігі, бояуы қанық поэзиясы, айшықты прозасы, әлемдік мәдениетке өз дауысы, өз үнімен келіп қосылды. Осы орайда, ауыз әдебиетінен бастау алып, сан алуан өнер тармақтарын өмірге әкелген, оның өркендеуіне, мәуелі бәйтерекке айналуына өлшеусіз үлес қосқан замана тұлғаларына айтар алғысы өлшеусіз. Өткенсіз бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің жоқ екені әлімсақтан белгілі бола тұрса да, барымызды базарлап, етек-жеңімізді жинақтап, жоғалғанымыз бен жоғалтқанымызды іздей бастағанымыз да кеше ғана. «Барға қанағат, өткенге салауат» айтып ғана қою болашақ ұрпақ алдындағы өтелмеген парыз, мойындағы қарыз сияқты сезілетіні де жасырын емес. Ерте туып, кеш жетілгенімізге өкінгенімен ешнәрсе ұтпасымыз анық. Барды бағалап, жоқтың орнын толтыра отырып, ғасырлар додасына қосылған қалың көпір ішінен өз жолымыз бен орнымызды табу да заман талабы. Арман-қиялдың шындыққа айналып, есейе ержетіп, ақыл-ойдың толыса толығып, кемелдене кернеуленіп, биіктей шыңдалып, қанаттаса қауымдасып, шоғырланған кезеңінде, мөлдір бұлақтың тұма көзінің тым тереңде екендігі де айқындала, анық байқалады.
Халқымыздың кешегі жүріп өткен өмір жолы тарих атты ұлылықтың сарғайған беттерінде сайрап жатыр. Қуаныштары мен күйініштері де, шарықтаулары мен төмендеулері де айна - қаперсіз жазылуы. Олардың бәрін де уақыт кезеңінің өн бойындағы ұлы істермен бірлікте саралай отырып, салмақтау да бүгінгі заман талабы. Буырқанған қилы уақыт кезеңге сай өз перзенттеріне «ғасыр кереметтерін» сыйға тартуда. Десек те, ХХІ ғасырдың адамзат баласы ұрпағының өміріндегі орны тым қомақты. Жаңалыққа жағы құмар пенделер адам жанына керекті дүниелерді күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналдыруда. Солардың бәрінен де дерлік шоқтығы биік әрі «ғасыр жаңалығы» аталған - теледидар. Өмірге келу мерзімін ғасырмен салыстырсақ, оның тарих қойнауынан шығып, көпшіліктің қажетіне айналғанына да жарты ғасырдан сәл-ақ астам. Замана керуеніне көз қадап, айналаңа зер сала қарасаң қас-қағым ғана сәт. Алайда «көгілдір экран» уақыт уысынан шыға, әлем атты үлкен дүниеге әр қиырдан көз сала, өзіне өзгені табындыра, әрі таң қалдыра белгісіз биіктерге бет алуда. Құпиясы мол, сыршыл да сыншыл дүние «адами пендені» ағысы адуынды, иірімді дария сияқты өз тереңіне тарта жөнеліп, ой-қиялына кіріге орнығып, өз уысында тұтқындап ұстауда. Шығамын деп шамырқанғаныңмен шыға алмасың да анық. Жан-жүрегіңді баурай, ой-теңізіне үйіре тартып, шымырлана шиырланып, ширыға түскен сайын сені өз әлеміне тарта береді, тарта береді. Сыршыл әрі құпиялы, көгілдір экранның қазақ топырағындағы тарихына небәрі қырық жыл. Нағыз өнер туындысы қысқа мерзім аралығында өнер атаулының өзгесінен оза шауып, бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіне лайықты орнын иемденсе де ол жайлы күні бүгінге дейін ана тілімізде жазылған еңбек некен-саяқ. Мұны өнер атаулының бәрін дерлік бойына жинақтаған «синтезделген» өнер десек те немесе ашылмаған құпиясы мол «беймәлім» әлем десек те қателеспесіміз анық. Газет, кино, радионың ізін ала өмірге кеш келсе де, бүгінде осылардың әрбірімен иық теңестіре оқ бойы озық шығып дараланған «жеке әлем». ХХІ ғасырға саяхат жасай отырып, кино мен телевизияның болашағын басқа мәдениет құралдарының қалай, қаншалықты өзгертетінін көруге болады. Телевизияның түгелдей түрлі-түсті болатыны қазірден көрініп тұр. Барған сайын телевизияның экраны үлкейіп, тұтас қабырғаны алатын болады. Соған орай, берілетін бейненің айқындылығы, әсерлілігі де кино экранындағы қалыпқа жақын келеді. Одан кейін телевизия стереоскопиялық болады, яғни экрандағы бейнелер стереокинодағы сияқты жан-жақтан көрсетіледіп, көлемді, аумақты болып көрінеді. Бара-бара голография кинодан телевизияға да ауысып кетуі мүмкін. Арғы болашақты болжасақ, тек бейнені көзбен көретін, сөзін, музыкасын аулақтан еститін ғана емес, иіс, дәм сияқты сезімдерді де қабылдайтын боламыз [1] .
Радио, газет, теледидар-барлық БАҚ біздің үйімізді толтыратын деп есептейік. Бірақ, М. Барманқұловтың айтуы бойынша, маңыздысы олардың бір-біріне қайшылық туғызбай, қайта бірлікте бір-бірін толықтыра жұмыс істеуі маңызды. Маған ең ұнағаны: «Пресса - это как бы наши сверхрозкие глаза и сверхчуткие уши могут видеть и оценивать по-разному. Ленин считал, что прочный успех в агитаций, обеспечивает верное теоритическое решение» деген ғалымның тұжырымдамасы [2] . Журналистке керек элементтерінің бірі - асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым, сөздің келісті болатын заңдары, шарттары білу - тіл қисыны. Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы толғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
1. Сөз дұрыстығы . Сөздің дұрыс айтылуы деп әр сөздің, сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы.
2. Тіл тазалығы . Ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
3. Тіл анықтығы . Айтылған лебіз анық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса - тіл анықтығы дегеніміз сол болады.
4. Тіл дәлдігі . Ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуі.
5. Тіл көрнектіл ігі. Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде толғау сөздердің көрнекті болуын да керек қылады [3] .
Неге арналсаң соны істе! Әлеумет тұрғысындағы зор кемшіліктің бірі -әлеуметтік мүшесі, әр адам өз орнында қызмет етпеу. Адам - өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет етеді. Кісі іштен туғаннан-ақ, белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай, өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басында да, әлеуметке де үлкен пайда келтіреді. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Ол үшін адам өзінде қандай талант, қандай қабілет, қандай зеректік, бір сөзбен қандай қасиет барлығын білу қажет. Дәлірек айтқанда, өзін-өзі тануы керек. Ал, өзін-өзі танымаған - өзгені де тануға шорқақ. Сонымен қатар, әр адам әлеуметке мүше болғандықтан, әлеумет ісіне көмектес болуға міндетті. Көмектес болу үшін мамандық таңдау керек. Әрбір өнер белгілі мінсіз қасиетін тілейді. Ондай қасиеті болмаса, қызмет жемісті болмайды. Бір нәрсені іздеп, зерттеп, соңына түскен адам, егер ынтасы, қабілеті, таланты болса, түптің-түбінде мақсатына жетпей қоймайды. «Қуат» пен «ниет» серіктесіп, бір жүреді. Бірі болмаса талап босқа кетеді. Адамның талабы іске асу үшін сыртқы шарттың жағымдылығы мен туысынан сүйегіне біткен қасиеті болу керек. Бұл қасиет нағыз тележурналист, журналисте болу қажет [4] . Сөз - әрбір журналист шеберханасындағы басты құрал. Ал, оның телевизияда алатын орнын айтпасаң да белгілі. Мұндай қаруды жақсы қолдана білу - журналистің басты міндеті. Телевизия тілі, сөз немесе бейне ұғымдар мағынасын аша түсетін бұл кітап әртүрлі телеарналар мен бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын бағдарламалардың мысалында жазылған. Кітап барысында телевизияда көп етек алатын қиындықтардың бірі сөз бен бейненің үйлесімділігі жайлы мәлімет берілген. Яғни, сөз бен бейненің қатысы әртүрлі болғанымен, екеуінің де айтар ойы мақсаты мен идеясы үйлесу керек. Бастысы журналист аудиторияны ақпараттандырып ғана қоймай, халықтың сезіміне әсер етуі керек, тіпті белгілі іс-әрекеттерге итермелеуі де ғажап емес. «Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жетеді» демекші, сөйлеуші дайын мәтінді оқып шықпастан бұрын айтатын сөзін өзі сезіне, түсіне білуі керек деген ойға келдім [5] .
Әдетте, жазушы тілі дегенде, ең алдымен, ойға оралатыны да, іздейтініміз де - оның суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері туралы әңгіме болмақ. Бұл заңды да. Өйткені, көркем әдебиет - сөз өнері. Ал, өнер шеберлікті қалайды. Бұл баршаға аян - ақиқат. М. Әуезов осы заңдылықты: «Күндегі құлаққа сіңген тозыңқы сөзбен жазушының қашан сөйлейтіні болады. Әдейі өзінің тілін тақ-тұқ ғана тіл етпей, шеберлік көрік іздегісі келеді. Кенеулі ойды да көрікті, әсерлі етіп айтпаққа талпынады. Жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, жұпыны ұғымның тілі болып қоя алмайды. Ұғым, түсінікпен қатар, ой мен сезімге де бірдей әсер етерлік айшықты тілмен әсем сөйлеу шарт», - деп анықтап берді. Көркем шығармада сөз таңдауды туғызатын факторлардың бастысы - көркемдік-эстетикалық талапты өтеу. Ол үшін сөздің контекстік (ситуациялық) қызметін тану - негізгі міндет. Сөз таңдау әрекеті мәтін түзу, яғни колорит түзуші лексика шоғырын құрастыру дегенді алға қояды. Мәтін түзуде әр алуан стилизацияны, яғни тілдік элементтердің стильдік жүк әрқалай әдейі қолданылуын зерттеу қажеттігі туады [6] .
Журналистикадағы жаңа кезең - ақпараттық кең арна мен ақпаратты алу және тарату еркіндігі. МГУ-дың профессоры Я. Н. Засурский мынадай тұжырым айтады: «Ауқымды алатын болсақ, әлемде журналистика жаңа деңгейге көтерілуде. Ол бірнеше жағдайда:
1. Жаңа ақпараттық технологияның дамуына байланысты, өйткені журналистің қызметінде кең мүмкіндіктерге жол ашады, бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының ұдайы дамуына жеткізеді.
2. Ғаламдастырудан туындайды. Ал, технологиялық төңкерістің қозғаушы күш интернет желісінің дамып, кең таралуы және компьютердің есептеу қуаты шексіз өскендігі, бағдарламалардың кең ауқымдылығы болды. Интернет ақпарат өндіру, тарату мен тұтынудың құнын едәуір арзандатып, коммуникациялық ландшафтты түбегейлі өзгертті» [7] .
Қазақ теледидарының даму тарихына келсек:
- 1939 ж. Мәскеу телевизия орталығының бейнесі 343 жолға тарамданған бірінші хабарды берді. Бейне неғұрлым көп тарамданса, соғұрлым телевизор экранында анық, әрі дәл көрінеді. Бүгінде экрандағы бейне 625 жолға тарамданады.
- 1939 ж. наурызынан бастап Мәскеу телевизия орталығының тұрақты түрде телехабар бере бастады.
- 1951 ж. Мәскеуде күнделікті телевизия хабарларының беріле бастауы.
- 1954 ж. Орталық телевизия студиясында редакциялардың - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, насихат, ғылым, спорт редакцияларының құрылуы.
- Шымкент қаласы тұрғындарының республика бойынша бірінші телекөрермендер атануы (1957 ж. 7 қараша) .
- 1958 ж. 28 ақпанында Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан радио және телевизия хабарларының үш облыстық комитетінің, сондай-ақ 13 облыстық радио комитетінің құрылуы.
- 1958 ж. 8 наурызында Алматы қаласындағы 4000 және облыстардағы 100 шақты телевизор алдына жайғасқан көрермендердің Қазақ телевизиясының дикторлары мен көгілдір экран арқылы тұңғыш рет дидарласуы.
- 1958 ж. 16 наурызда Алматы телестудиясының өз жұмысын ресми бастауы.
- 1959 ж. Алматы телестудиясының жылжымалы телевизия станциясын алуы. Соның нәтижесінде Абай атындағы Ленин ордені Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан көрсетілген. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы Қазақ телевизиясының тарихында студиядан тыс жерден берілген тұңғыш хабар атануы.
- 1960 ж. 1 мамырында астананың В. И. Ленин атындағы алаңынан Алматы еңбекшілерінің мерекелік шеруі жайлы тікелей репортаждың берілуі. Орталық телевизия Қызыл алаңнан тікелей репортаж беруді 1956 жылы бастаған.
- 1961 жылы алғашқы деректі телеочерктер мен тұңғыш фильм-концерт «Алматы көктемінің» түсірілуі.
- 1961 жылы Петропавл, Ақтөбе, 1964 жылы Орал, Балқаш, Целиноград, 1965 жылы Семей, Павлодар телевизия орталықтарының іске қосылып, жұмыс істей бастауы [8] .
Қазір жер беті халықтарының телевизиялық өнімдерсіз өмір сүре алмайтындығы баршаға аян. Бүкіл әлемдегі телеарналардың қай-қайсысын алсаңыз да адамзат үшін аянбай қызмет ететін, мақсаты мен мүддесі айқын ғаламат идеологиялық күшке айналып барады. Сондықтан көгілдір экранның құпиясы көрерменнің лезде елітіп, баурап алуға дайын тұрады десек, оны телевизиялық көрсетілімдердің әр қырынан саралап беру қиынға соқпайды. Бірақ біздің айтпағымыз, сол рухани өнімдердің сипаты қазіргі адам тәрбиелеу ісіне керісінше тойтарыс беріп отыр десе де болғандай. Батыс -шытырық, айқай-шу мен анайылыққа негізделген, одан қалса адам нанғысыз айуандық сипатқа тән көрсетілімдері жайында бүгінгі БАҚ аз қозғап, бәсең айтып жүрген жоқ. Сол себепті «Телевизиялық жаңалықтар форматы: жаһандық және ұлттық ерекшеліктер» атты тақырыпты бітіру жұмысымызға арқау етуіміз осыдан кейін өздігінен түсінікті болса керек-ті. Өйткені, тақырып бұрын-соңды айтылып жүрген мәселелерді қайта тізбелеп шығуға емес, көтерілген мәселелерге қатысты отандық телевизиямыздың дәл қазіргі күйінде қандай қадамдарға баруын зерттеп көруге жетелейді. Бүгінгі жаһандану дәуірінің көшімен қатар жылжып бара жатқан төріміздегі көгілдір экранымыздың ұлттық жан-дүниесін әсер етер түрлі қауіп-қатерлерден сақтану жолын анықтап, нендей іс-қимылдар жасау керектігін ой елегімізден өткізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz