Хикмет Тревел


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

Оқу өндірістік практика есебі

«Хикмет Тревел»

орындаған: Кенжебаева Ж, 3 курс, туризм

Практика жетекшілері: Айжолова Г. Р

Масгутов М

Алматы, 2014

Мазмұны

кІРІСПЕ . . . 3

1. Қазақстан қалалары Алматы - Астана - Бурабай -

Көкшетау - Бурабай - Астана - Қарағанды - Алматы

бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай

ұйымдастырылған оқу практикасы . . . 6

2. Өндірістік практика . . . 21

2. 1 ЖШС «Хикмет Тревел» турфирмасының

жалпы сипаттамасы . . . 21

2. 2 Фирманың жұмыс технологиясы . . . 27

2. 3 Маркетинг тұжырымдамасы . . . 31

3. Екі ел арасындғы прктикаға талдау жасау (Қазақстан

мен Өзбекстан мысалында) . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

Кiрiспе

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінің туризм мамандығының 3 курс бойынша оқу-өндірістік практикасы 26. 05. 14 - 28. 06. 14 уақыт аралығында болып өтті.

Мақсаты: Ұйым практикалық тәжирбесін алу және Қазақстан мен қапсарлас елдерде туристік саяхаттау жүргізу, экскурсиялық қызмет көрсету, туристік ақпарат жинақтап, өңдеу болып табылады.

Міндеттері: Теориялық материалдарды практика жүзінде жетілдіру, экскурсия методикасын үйрену, танымдық экскурсия өткізудің тәсілдерін үйрену. Алматы облысы, Қарағанды, Ақмола облыстары және Дубай қаласы бойынша туристік-рекреациялық ресуртармен танысу, кәсіби экскурсоводтар тәжірибелерімен танысу, жаңа мәліметтерді алу, туризм инфрақұрылымындағы орналастыру орындарының құрылымен, құрылысымен өндірістік тұрғыда танысу, білім алып, оны жетілдіру. Сонымен қатар, отандық туризмге деген қызығушылықты одан ары арттыру, шетел туризмі мен еліміздің туристік жағдайын салыстыру, анализ жасау, құнды тарихи-мәдени объектілермен танысу, елімізге деген қамқорлықты, экологиялық тазалықтың маңызын, танымдық туризм, жаяу, ат, велотуризм, су туризмін меңгеру жатады.

Практика келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Жолға дайындық, маршрут бойынша мәліметтер жинау.
  2. Алматы - Астана - Көкшетау - Бурабай - Астана - Қарағанды - Алматы
  3. Өндірістік практика өтетін мекеме
  4. Есеп дайындау және қорғау.

Практика кезінде студенттер экскурсия бойынша кітапханалардан, интернет көздерінен мәліметтер жинастырды және де маршрут карточкаларын, карта-схемаларды, сонымен қоса фотоматериалдар дайындады.

Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.

Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.

Туризм - экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н. Ә. Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 - 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.

Туристiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құрал жаңартылған технологияларымен дамытылған, арнайы түрлi туристiк ұсыныстарға толған жарнамалық даңғылары және турфирманың жетiстiкке жету жолында арнайы мәлiметтерді болашақ клиентке жеткізу, оның табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді. Нарықты саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Бұл жұмыс барысында қарастырылады.

Өндірістік практиканы мен ЖШС «Хикмет Тревел» туристік фирмасында 09. 06 - 28. 06. 2014 аралығында өттім. Фирманың негізгі қызмет көрсету түрі ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар менiң тәжiрибиемнiң мақсаты мамандық бойынша теориялық білімімді және өзiндiк жұмыстан алған білімді бекiту болып табылады.

Қазақстан қалалары бойынша шығу тәжірибесі 26. 05. 2014 - 4. 06. 2014 аралығында Алматы-Астана-Бурабай-Көкшетау-Бурабай-Астана-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылды.

Қазақстан қалаларына шығу практикасының мақсаты: қалалардың туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу, олардың қазіргі жағдайларына талдау жасау және осы саланы дамыту жолдарын қарастыру.

Қазақстан қалаларына шығу практикасының міндеті:

  1. студенттерді әр қаланың туристік орындарымен таныстыру;
  2. туризм инфрақұрылымын дамытуға деген студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
  3. шетел, Қазақстандағы практикаларға салыстыру жасау және Қазақстан туризмін дамыту шараларын іздестіру;
  4. теориялық білімді практика жүзінде одан әрі жетілдіру;

Туристтiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Өндірістік практиканың мақсаты: студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында, жүргізіледі.

Өндірістік практика міндеті:

  1. ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;
  2. кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу;
  3. кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
  4. кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;
  5. жаңа бағдарламалармен, технологиялармен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;
  6. келісімшарт, шарт, әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
  7. туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;

Экономиканың жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан, аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

1. ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ АЛМАТЫ - АСТАНА - БУРАБАЙ - КӨКШЕТАУ - БУРАБАЙ - АСТАНА - ҚАРАҒАНДЫ - АЛМАТЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША БЕКІТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАҒА САЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ПРАКТИКАСЫ

Қазақстан қалалары бойынша шығу тәжірибесі 26. 05. 2014-4. 06. 2014 аралығында Алматы-Астана-Бурабай-Көкшетау-Бурабай-Астана-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылды.

26 мамыр - Алматы қаласынан Астана қаласына шықтық.

27 мамыр - Астана қаласына келдік. “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы болды. Экскурсиядан соң Бурабай елді-мекені Звездный лагеріне келдік.

28 мамыр - Бурабай МҰТП туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу. Абылай хан мұражайы Абылай хан алаңы т. б. туристік нысандарға бардық.

29 мамыр - Көкшетау қаласының туристік-рекреациялық нысандарымен таныстық.

30 мамыр - Бурабай МҰТП басқару әкімшілігімен кездесіп дөңгелек үстелге қатыстық.

31 мамыр - Қатаркөлге бағытталған оқу тәжірибелік жорық болды.

1 маусым - Бурабай-Щучинск курорты зонасына бағытталған экскурсия болды.

2 маусым - Астана қаласында кешкі экскурсия болды.

3 маусым - Қала сыртына тақырыптық экскурсиясына шықтық. Алжир саяси қуғындалғандар лагерь мұражайымен таныстық.

4 маусым - Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясына қатыстық. Алматы қаласына осы күні жолға шықтық.

5-9 маусымда практика есепті дайындық жұмыстарын жүргіздік.

27 мамыр “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы.

Астана - Қазақстан Республикасыны елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013) . Қазір қаланың аумағы 200 км 2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы - Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Экскурсия бойынша жүріп өткен қаланың назар аударарлық орындары:

Бәйтерек - Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4, 8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар.

eIoEDhpw9fM

Сурет 1. Бәйтеректің ішінде (автормен түсірілген)

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А. Рүстембеков (топ жетекшісі), С. Базарбаев пен Ж. Айтбалаев, инженер-конструкторы М. Вахштейн, интерьер дизайншысы А. Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В. Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/e/ec/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA-%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%8B_2010.jpeg

Сурет 2. Астана қаласының көрікті ғимараттарының бірі (автормен түсірілген)

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Dx37r4oSD-I

Сурет 3. Тәуелсіздік монументінің алдында (автормен түсірілген)

Экскурсиядан соң, Бурабай елді-мекені “Звездный” лагеріне келдік.

“Звездный” жазғы лингвистикалық баларлар лагері Щучинск-Бурабай курортты зонасында, Қатаркөлге жақын қарағайлы орманда орналасқан. Мұнда балалар демалумен қатар, өздерінің дүнетанымын кеңейту үшін, мемлекеттік және өзге де тілдерді үйрену үшін келеді. Жайлы ғимарат кешені асханадан, оқу бөлмелерінен, ойын және спорт алаңдарынан тұрады. Мұнда тек Ақмола облысының балалары ғана емес, басқа аймақтан да балалар келеді. Лагердегі ауысым ұзақтығы-15 күн.

IMG_5416 wUcnRYPT33s

Сурет 4. “Звездный” лагері (автормен түсірілген)

28 мамыр - Бурабай МҰТП туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу. Абылай хан мұражайы Абылай хан алаңы т. б. туристік нысандарға бардық.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы - қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы, әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді. Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар. Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек, аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған. 21. 08. 2008 ж. резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ашылды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.

IMG_5161

Сурет 5. “Абылай хан” мұражайы (автормен түсірілген)

29 мамыр - Көкшетау қаласының туристік-рекреациялық нысандарымен таныстық.

Көкшетау - Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 - 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған) .

Тарихы

Көкшетау - Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.

6-8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан

кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т. б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.

13-15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ - қазіргі қазақ халқы қалыптасты.

17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т. б. ) асқан ерлік көрсетті.

18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т. б. ) ата қонысына айналды.

1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай'' тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.

1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен К. бекінісі ресми тізімге енгізілді.

1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.

1868 ж. Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды.

1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 - 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу . . . ”.

1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 - 10 жұмысшы, маусымдық 15 - 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.

1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.

1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті.

1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді.

1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.

19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт з-тын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.

1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.

1922 ж. Көкшетау - Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.

1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған) .

1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.

1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды.

1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды.

1989 ж. Көкшетау қаласы АҚШ-тың Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Туристік кәсіпорында еңбек ынталандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу
Туризм саласындағы іс-құжаттар
Діни туризмнің даму тарихы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
ЖШС «Компас Тревел» турфирмасы
Туризм мамандығы
Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Туризм индустриясының құрылымы
Солтүстік Қазақстан облысының демалыс орындары мен туризмнің біртұтас туристік қарқынын сипаттап, туристік қызметтің ролін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz