Бүкіл әлемдік қаржылық дағдарыс



КІРІСПЕ
1ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Инфляцияның пайда болу себептерi және оның балама қайнар көздерi
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
1.3 Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау. Антиинфляциялық саясат
2 БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ
2.1 Инфляция деңгейінің әлеуметтік . экономикалық дамуға ықпалы
2.2 Нарық жағдайындағы Қазақстанның қаржылық дағдарысының қазіргі көрінісі және оны тежеу жолдары
2.3Ұлттық Банкпен Үкіметтің дағдарысты реттеуге бағытталған саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тарих табалдырығын аттаған 2009 жылды әлем жұртшылығы бір күдік, бір үмітпен қарсы алды. Жаһандық қаржы дағдарысы талай елдің экономикасын тығырыққа тіреп, қаржы жүйелеріне кері әсерін тигізуде.
Бұл экономикалық құбылыс барлық елдерге де әсер ететіні анық. Өйткені бір ел тек қана өзімен-өзі өмір сүрмейтіні белгілі. Мәселен, өткен ғасырдың басында мемлекеттердің бір-біріне қарым-қатынасы қазіргідей қарқында болған жоқ. Бұрын бір елдің дәулеті құлдыраса, ол екінші елдің де әл-ауқаты нашарлауына алып келген жоқ десек те болады. Керісінше кейбір елдердің әлсіреуі екінші елдердің дамып, қасындағы көршілерін басып озуға жол ашқаны тарихтан белгілі.
Ал қазір ғарыш заманы. Бір ел мен бір ел тығыз байланысты. Әсіресе, мұнай бағасының өзгеруі,қаржылық дағдарыстың шарықтауы көптеген елдердің экономикасына өз ықпалын тигізіп отыр. Сол себепті де бүгінгі тақырыптың өзектілігі де осы жайында қарастырылады.
Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты-әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайына әсері және онымен күресу мақсатында Үкіметпен Ұлттық Банктің жүргізіліп отырған саясатын қарастыру болып табылады.
Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Жоғарыда атап өткендей инфляция тек экономикалық емес,әлеуметтік салаға да өз ықпалын тигізеді. Енді қарастырылған мәселелерді зерттеу мақсатында орындалатын міндеттемелер:
- Инфляцияның теориялық аспектілерін,оның туындауына әсер етуші факторларды қарастыру;
- Әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін салдарын талдау,
- Өтпелі және қазіргі нарықтағы Қазақстанда орын алған қаржылық дағдарыс салдарын зерттеу және күресу жолдарын талдау болып табылады.
Осының барлығы дипломдық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды және динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігі қарастырылды.
1. «Дағдарыстан – дамуға» Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, Астана қ., 2009 жылғы 6 наурыз
2. Көшенова.Б. Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастар.-Алматы: Экономика,2000 - 328бет.
3. Әубәкіров.Я.Экономикалық теория негіздері.- Алматы :1998-280бет.
4. Әкімбеков.С.,Баймұхаметова.А.С.,Жанайдаров.У.А.Экономикалық теория.- Астана: 2002-464бет
5. Жатқанбаев.Е.Б. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы.- Алматы :2006 -256бет.
6. Данияр Сиқымбаев. Банк секторындағы жағдайдың жағымсыз өріс алу ықтималдығы өте төмен// ҚазАқпарат.-2008-№7.
7. Таңатар Табынұлы. Бөлінген қаржы дағдарысты еңсеруге оң ықпал етеді//Экономика.-2009-№1
8. Назарбаев.Н. Дағдарыстан шығу кілті//ЕгеменҚазақстан.02.03.2009.
9. Жоламан Б.Бағаны тұрақтандыру жайы қалай// Егемен Қазақстан.2.13.2009
10. Жағыпарұлы.Ж.Дағдарысқа қарсы іс-қимыл: Қазақстандық тәжірибе//Экономика-2009-№2
11. Солтанұлы.Н. Үкімет «2008-2011 жылдарға арналған бюджетке» өзгеріс енгізді //Егемен Қазақстан.29.03.2009.
12. Нұрасыл.Б. Қаржы дағдарысы: кеше, бүгін, ертең//Айқын.04.04.09.
13. Григорий МАРЧЕНКО. Ұлттық банк басқармасының төрағасы: Девальвациядан мен де ұтылдым//Айқын.06.03.2009.
14. Асанов.Т. Мақсат – халықтың сенімін күшейту//Егемен Қазақстан.15.11.2008.
15. Солтанұлы.Н.Қаржы игеру қарқыны төмен//Егемен Қазақстан.17.04.2009
16. Редакция: 105млрд.теңге игерілмей қалды//Айқын.28.04.2009.
17. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 96-Ivзаң. – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы.
18. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА-ның Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.
19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары.
20. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналғанстратегиялық жоспары
21. Қ.Р.Үкіметінің,Ұлттық банктің 2009жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары- Егеменді Қазақстан газеті, 21.01.09
22. Үкімет «2008-2011 жылдарға арналған бюджетке» өзгеріс енгізді- Егеменді Қазақстан газеті 29 наурыз 2009.
23. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовтің Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысындағы баяндамасы//Астана 2009 жылғы 13 қаңтар.
24. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары . 17.02.2009
25. Нарғозиев.І.Ж.Инфляцияны реттеу: әлемдік тәжірибе және Қазақстан практикасы
http://www.google.kz
26. Редакция.Валютный рынок
http://dk.news.kz
27. Жамішов.Б. «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ-нан бөлінетін қаржы туралы
http://www.samruk-kazyna.kz
28. Баға статистикасы департаменті.2009 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы базалық инфляция туралы
http://www.stat.kz
29. Сұлтанов.Б.«2008-2011 жылдарға арналған бюджетке» өзгеріс енгізілді
http://akorda.kz
30. Қаржы бөлу операциялары
http://minfin.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тарих табалдырығын аттаған 2009 жылды әлем жұртшылығы бір күдік, бір үмітпен қарсы алды. Жаһандық қаржы дағдарысы талай елдің экономикасын тығырыққа тіреп, қаржы жүйелеріне кері әсерін тигізуде.
Бұл экономикалық құбылыс барлық елдерге де әсер ететіні анық. Өйткені бір ел тек қана өзімен-өзі өмір сүрмейтіні белгілі. Мәселен, өткен ғасырдың басында мемлекеттердің бір-біріне қарым-қатынасы қазіргідей қарқында болған жоқ. Бұрын бір елдің дәулеті құлдыраса, ол екінші елдің де әл-ауқаты нашарлауына алып келген жоқ десек те болады. Керісінше кейбір елдердің әлсіреуі екінші елдердің дамып, қасындағы көршілерін басып озуға жол ашқаны тарихтан белгілі.
Ал қазір ғарыш заманы. Бір ел мен бір ел тығыз байланысты. Әсіресе, мұнай бағасының өзгеруі,қаржылық дағдарыстың шарықтауы көптеген елдердің экономикасына өз ықпалын тигізіп отыр. Сол себепті де бүгінгі тақырыптың өзектілігі де осы жайында қарастырылады.
Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты-әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайына әсері және онымен күресу мақсатында Үкіметпен Ұлттық Банктің жүргізіліп отырған саясатын қарастыру болып табылады.
Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Жоғарыда атап өткендей инфляция тек экономикалық емес,әлеуметтік салаға да өз ықпалын тигізеді. Енді қарастырылған мәселелерді зерттеу мақсатында орындалатын міндеттемелер:
oo Инфляцияның теориялық аспектілерін,оның туындауына әсер етуші факторларды қарастыру;
oo Әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізетін салдарын талдау,
oo Өтпелі және қазіргі нарықтағы Қазақстанда орын алған қаржылық дағдарыс салдарын зерттеу және күресу жолдарын талдау болып табылады.
Осының барлығы дипломдық зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды және динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігі қарастырылды.

1ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Инфляцияның пайда болу себептерi және оның балама қайнар көздерi

Инфляция - ондiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiң эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.
Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалай факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi; халық шаруашылығындағы несие ақшалардың көптiгi; ұлттық валютаның курсын бiрқалыпты ұстау үшiн үкiметтiң қолданатын тәсiлдерi; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және тағы да басқа факторлар жатады.
Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрылымының үйлеспеушiлiгi; шаруашылық механизмiнiң шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемлекеттiң экономикалық саясаты; сыртқы экономикалық iс-шаралары және сол сияқты факторлар жатады.
Шын мәнiнде екi топтағы факторлар бiр- бiрiмен тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi- тауар бағаларының күрт өсуi. Осы көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт "ақшаның тауарды қууы" деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi- айналымдағы ақша массасы мен сатылуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы.
Бұндай диспропорция, бiрiншiден, өндiрiстiң кенет қысқаруынан, екiншiден, айналымдағы тауар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттырудан туындаған инфляция едi. Бұны былай түсiндiрейiк: айналыста төлем құралы ретiнде немесе айналым құралы ретiндегi қолма-қол емес ақшалардың үлесiнiң артуы едi. Яғни қолма-қол емес ақшалар қолма-қол ақшаларды үнемдеп алдымен олардың айналым жылдамдығын арттырса, екiншiден ақша массасының артуын көрсетедi. Бiр мысал ретiнде 80-шi жылдары АҚШ-тағы инфляцияның тудырушы бiр факторы ретiнде банкоматтар ақша жылдамдығын арттырып, нәтижесiнде сұранысты өсiрiп, ал бұл фактор өз кезегiнде тауар дефицитiн тудырып, инфляцияға түрткi болады. Қорытындыласақ, ақша айналымының шапшаңдығының артуы өзiнiң экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанмен тең.Мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң инфляцияға байланысына келсек, ол мынандай. Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.
Егер, тауар өндiрушiлер, басқа елдерден шикi затты немесе өндiрiстiк жабдықтарды жоғары бағамен сатып алса, өндiрiстiң шығыны көбейедi, тауардың өзiндiк құны өседi. Мұндай жағдайда тауар өндiрушiлер пайданың көлемiн азайтпау үшiн өнiмнiң бағасын өсiруге тырысады. Сөйтiп баға өседi. инфляция күшейе түседi.
Елдiң iшкi саяси жағдайының тұрақсыздығы да инфляциялық ахуал туғызады. Өйткенi, кез келген митингiлер, ереуiлдер, басқа да бас көтерулер, осыдан шығатын барлық зардаптарымен өнiмнiң көлемiн азайтады.
Ел iшiнде, ұлттық ақшамен қатар басқа елдiң ақшасының қолдануы да инфляцияның қозғаушы күшi болып табылады. Басқа елдiң ақшасы (мысалы доллар) еркiн айырбасталатын болған соң, ұлттық ақшаны айналымнан ығыстырып, оны құнсыздандырады.
Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ, ол инфляцияның әсерiн күшейтедi; несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты- тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер етедi. Инфляция тек қағаз ақшаға ғана тән және ол экономиканың кез келген үлгiсiнде де орын алады. Көбiнесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюiмен бейнеленедi. Бiрақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бiрқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнiмiнiң көлемi азайып кетсе, онымен тiкелей байланысты тауар айналымының да көлемi азаяды. Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтiп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбiр бөлiгi артық болып шығуы мүмкiн. Тап осындай жағдай ақша айналымы жедетiлсе де туады. Ақша айналымын жетелдету, басқа жағдайлары бiрдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бiрдей.
Алайда инфляцияны айналым процесiн құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсiну жеткiлiксiз. Инфляция тауар бағаларының өсуiнен көрiнгенiмен, ол тек ақшаға ғана тән "ғажайып" құбылыс емес. Ол- күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс,оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлi саласындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы. Инфляция дүниежүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық өмiрiндегi ең бiр өткiр проблемалардың бiрi.
Инфляцияның қазiргi кездерде өзiне тән бiршама ерекшелiктерi бар:
* егер инфляция қарқыны бұрын бiр жердiң аумағынан шықпаса, қазiр де бүкiл ел аумағын қамтиды.
* егер инфляция бұрын бiр мезгiлде ғана жүрсе, қазiр инфляция көп уақытқа созылған құбылыс.
* егер инфляция бұрын тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiр де көптеген ақшасыз және тағы да басқа факторларға байланысты
Инфляцияның пайда болу себептері мен факторларын мына суреттен көруге болады:

Тауардан ақша жиынының асып түсуі

Экономканың сәйкеспеушілігі
Ақша эмиссясы
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы
Экономиканың жұмсалма сипаттамасы

Экономиканың милитарландырылуы
Жалақы баға бұрылымы

Кәсіпорындардың монополизмі
Халықтың болжамы

Монетарлық (ақшалы) факторлар
Ақшаға байланысты емес факторлар

Сұраныс инфляцясы
Шығын инфляциясы

Сонымен, инфляцияның пайда болуын қорытындыласақ мынадай тұжырымдамаларға келемiз:
1. мемлекет кiрiсi мен шығысының бұзылуы, балансының бұзылуы.
2. әскери шығындардың өсуi немесе инвестицияның милитаризациялануы.
3. нарықтың өзiндiк ерекшелiктерi. Бұл олигаполиялық немесе монополиялық нарықтағы монополистердiң нарықтық заттарды, нарықтық бағалардың қалыптастыруынан пайда болатын инфляция.
4. бұл автаркиялық рынокта пайда болатын құбылыс. Елдегi рынокқа импорттық тауарлардың көптеп енбеуi, тауар тапшылығы туындаса, онда да инфляция туындаудың бiр себебi.
5. инфляцияның пайда болуының тағы бiр себебi - инфляциялық күту. Егер де белгiлi бiр инфляциялық жағдай- бағаның өсуi iшкi рынокта күтiлсе, онда барша халық тауар сатып алуды көбейтедi де, нәтижесiнде өзiндiк инфляцияға үлес қосады.[3]

1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары

Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Нарықтық экономиканың механизмі -- бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.[2]
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға -- халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.[5]
Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 2 - суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 - AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 - Р2), яғни инфляция қалыптасады.

3

Р2

Р1 2
1



0 Q1 Q2

1- сурет. Сұраныс инфляциясы

Сұраныс инфляциясы негiзiнен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесiнде төлем қабiлетi бар сұраныста жоғары болады.
Ал сол кездегi бiр қалыпты баға жағдайында өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды.
Сұраныс түрткі болған инфляцияның талдауының үлгісі 2 суретте келтірілген:
2.2
Р3 2

Р2
Р1 A 1.1
1
2- сурет. Сұраныс инфляциясының дамуы
Экономикада тепе-тендік бар деп есептейік, Графикте бұны жиынтық сүраныстың 1 және үсыныстың 2 қисық сызықтарының А нүктесінде берілген базалық баға дәрежесіндегі өндірістің келемінің нақты табиғи деңгейімен түйіскені көрсетеді.Ақша массасының өсуі (ақша айналымының жылдамдығының) жиынтық сұраныстың қисық сызығын, жиынтық үсыныстың қисық сызыгының бойымен, жоғары 1', қысқа мерзімде тепе-тендіктің жаңа дәрежесіне жеткенше, жылжытады. Өндіріс көлемінің кеңеюі, сүраныстың бастапқы осуіне сәйкес мультипликациялық эффектпен үйлесімді жүреді. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан сұраныс бағаның жалпы дәрежесін жоғарыға итереді.
Белгілі уақыт мерзімі өткеннен кейін, бағаның өскенін барлық шаруашылық субъектер сезеді. Еңбектің бағасы өседі, басқа ресурстардың құның өсуі де өндіріс шығындарын өсіреді. Нәтежисінде жиынтық үсыныстың қисық сызығы бағаның өсу шамасына солға қарай жоғары 2 жылжиды. Жиынтық сұраныстың сызығы осының алдындағы сұраныстың өсімінің шамасының көлемінде тағы жоғары көтеріледі. Бұған кейінгі кезендерде сүраныс пен үсыныстың қисық сызықтарының жылжулары болып тұрады: үзақмерзімдік кезеңде сұраныстың барлық есімі баганың өсімімен өтеліп отырады, ал өндіріс көлемі өзінің табиғи деңгейіне оралады.
Инфляциялық процестің дамуының осындай түрі сұраныс түрткі болған инфляция деп аталады.
Осындай сұраныс инфляциясының дәрежесін мынадай факторлар белгілейді:
1 экономикалық өсудің орташа жылдық қарқыны;
2 еңбек нарығының болмысы және толық жұмыспен қамтылу дәрежесі;
3жиынтық ұсыныс компоненттерінің динамикасы және өсім
қарқыны;шаруашылық агенттерінің бағаның болашақта қалай өсетінін болжай алатын қабілеті.
Шығындар инфляциясы 3 суретте көрсетілген:

AS2 AS1

3
Р2
Р1 2 Ad
1
Q2 Q1
3- cурет. Шығындар инфляциясы
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 - Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 - Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
Шығындар қысқа мерзімді факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа мерзімде өсуі) қызметі әсерінің нәтижесінде ғана емес, ол ұзақ мерзімді факторларының қызметтерінің әсерінің нәтижесінде өседі:
1өндірістегі диспрропорциялар мен жекеленген қолайсыз жағдайлардың болуы (қүрылымдық инфляция);
2 монополизацияны өсіру бағытындағы нарық қүрылымын өзгерту;
3ұсынысты бұзу немесе жою;еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан артық қарқынмен жалақының өсуі.
Шығындар инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақының өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру шығындарының өсуiне, пайданың төмендеуiне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде инфляциялық серiппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерiлуi жалақының өсуiн талап етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның "инфляциялық серiппе" теориясы деп аталады.
Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бiр-бiрiмен тығыз байланыста және бiрiне-бiрi себепшi, оларды дәл ара-жiгiн ажырату мүмкiн емес.
Оны мынадай жүйелiктен байқауға болады:

Айналымдағы артық ақша
Товар мен қызметке сұранымның өсуі
Бағаның өсуі

Еңбек ақының көбейтілуі
Бағаның қайта өсуі
Өндіріс шығынының өсуі

Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруі мынадай жағдайларға әкеліп соғады:
oo ұзақмерзімдік аспектіде -- өндірілген өнімдердің саны оңдіріс факторларының шығындарымен және қолданған технологиямен белгіленеді;
oo қысқамерзімдік аспектіде -- егер экспансионистік ақша несие саясаты күтпеген және болжамсыз сипатта болса, өндірістің нақты көлемі өсуі мүмкін;
Өндірістің номиналдық көлемі және инфляцияның қарқыны ақшаның ұсынысымен белгіленеді. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында байланыс барын (көбінесе асинхрондық) дәлелдейді.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс - шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты:
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана - сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс - шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс - шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын -- тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:

Р х Q = М х V, (1)
Мұндағы,
сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М -- ақша массасы, V -- айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.[4]


1.3 Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау. Антиинфляциялық саясат

Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция. Тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кенес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінін 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті.[17]
Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс теңгенің тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт кұлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді.
Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты. Реформаның барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.
ҚР Ұлттық банкісі жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.[25]
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
-ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
-өндірілген өнімдерге энергетикалық, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;
-өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;
-мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
-басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.[14]
2008 жылдың қарашасында желтоқсанында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 9,2%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,3%-ға (16,5%) төмен.
ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында ағымдағы жылдың қараша қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2007 жылғы желтоқсанына 11,2%-ға өскен ақылы қызметтер болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,0%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 10,3%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,9%-ға төмен (23,2%). Азық-түлік емес тауарлар 5,8% (9,2%) бағасында өсті
2008 жылдың қарашасындағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен

4- сурет.2008 жылдың қарашасындағы инфляция деңгейі

Ағымдағы жылдың қарашасында 2007 жылдың желтоқсанына азық-түлік тауарларындағы нан және ұн-жарма өнімдері - 17,6%-ға, макарон өнімдері - 17,6%-ға, ұн - 15,4%-ға бағаға едәуір өсуі байқалды. Күріштің 71,8%-ға өсуін ерекше атап өтуге болады. Сүт және сүт өнімдері - 12,3%-ға, қант, кондитерлік өнімдер - 10,6%-ға, көкіністер - 10%-ға, ет және ет өнімдері - 9,6%-ға, жемістер - 7,9%-ға, шай - 7,0%-ға, балық және теңіз өнімдері - 6,8%-ға өсуі байқалған.
2008 жылдың қарашасында инфляция өткен айға қарағанда 0,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағалары 0,7%-ға көтерілген. Ақылы қызметтер 1,0%-ға ұлғайды, сол кезде азық-түлік емес тауарлары 0,7%-ға төмендеген.

2007ж 2008ж
5- сурет. 2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда %-бен
2008 жылдың қаңтар-қарашасында инфляция деңгейінің орташа жылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қараған 2007 жылғы қаңтар-қарашасында 10,0%-бен салыстырғанда 17,9%-ды құрады.
Сонымен бірге, а.ж. қарашасында өткен айға қарағанда тұтыну өнімдерінің кейбір түрлеріне бағаның төмендеуі байқалды.

6 -сурет. Кейбір тұтыну өнімдеріне бағаның түсуі

2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 2008 жылдың желтоқсанында өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі

7- сурет. 2008 жылдың желтоқсанында өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі

Осы графикпен анықтағандай Қазақстандағы орташа Республикалық деңгей 9,2% -ды құрады.[25]
Мемлекеттiң инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды iске асыру арқылы жүргiзедi. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Тарихта ақша реформасын жүргiзудiң екi формасы бар:
1 жаңа ақша жүйесiн құру-ол алғашқыда металл ақша жүйесiн құрғанда, сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылдықтан арылған саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдерi құрылғанда бұл елдердiң даму ерекшелiктерiне байланысты өзiне тән жаңа ақша жүйесi пайда болды.
2 ақша жүйесiнiң кейбiр элементтерiн өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемiн енгiзу, баға масштабын, ақша түрлерiн және тағы сол сияқты өзгерту.
Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтiрудiң ең бiр қажеттi жолы ретiнде мына әдiстердi қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация және деноминация.
Инфляция экономикалық "аурудың" ерекше түрi. Ол бiр мезгiлде материалдық-қаржылық сәикессiздiктiң әрi салдары, әрi себептерi ретiнде көрiнедi. Оны бүкiл шаруашылық механизмiмен емдемей жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесiз болуы мүмкiн.
Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда -- жанама түрде баға арқылы реттеледі.
Баға саясатын жүргiзудiң екi жолы бар: бiреуi-бағаның өсуiне жол бермей, бiр деңгейде ұстап отыру (бұрыңғы әкiмшiлiк тарату жүйесiнде ұсталынған саясат), екiншiсi-бағаны қоя берiп, оның өсуiне кедергi жасамау (қазiргi нарықтық саясат). Бiрақ, осы екi жолдың екеуi де инфляциялық ахуалды жоя алмайды. Өйткенi, инфляцияны толығымен жоюға болмайды. Сондықтан, шама келгенше, инфляциялық ахуалдың бақылаудан шығып кетпеуiн, оның шексiз өсiп кетпеуiн қадағалау керек.
Баға саясатының инфляция процесiне тигiзетiн әсерiн төмендегi сызбадан көруге болады:
Нарықтық баға

Бағаны бұрынғы деңгейде ұстау әрекеті
Тауардың және қызметтің бағасын жоғарылату

Халықтың әл ауқатын бір деңгейде ұстау үшін еңбек ақыны көбейту
Өндірістік шығынның азайтылуы

Өндірістік дамуы тоқталуы, оның техникалық деңгейі төмендеуі

Өндірістің шығыны көбеюі, тауардың өзіндік құнының өсуі

Тауардың жеткіліксіздігінің пайда болуы
Пайданың азайтуы

Бағаның қайтадан жоғарылатуы

Тауарды қымбатқа сататын қара базар пайда болуы

Халықтың әл аухаты нашарлауы
Инфляцияның қайтадан ұлғаюы, инфляциялық бұралым пайда болуы

Үкімет үшін инфляцияға карсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шүғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қоддауына, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.
Қазақстанда инфляцияның дамуы "сұраныс пен ұсыныс" инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырды. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:
Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер;
Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі -- қайта қаржыландыру үшін несиелер;
Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие -- олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен тандыру терапиясының монетаристік әдістері қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.[6]

2 БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

2.1 Инфляция деңгейінің әлеуметтік - экономикалық дамуға ықпалы

Әлемдік қаржы дағдарысының шығу себептерін, Америка Құрама Штаттарынан басталған осы дағдарыстың өзге елдерге қалай әсер етіп жатқанын білеміз. Себебі АҚШ экономикасының көлемі дүниежүзі экономикасының 20 пайызын құрайды. Экономикасының ауқымы 13-14 триллион доллар болатын болса, 70-80 триллион доллар әлем қаржысының 20 пайызы АҚШ-тың үлесіне тиетіні анық. Дүние жүзінің 20 пайыз импорты да Америка Құрама Штаттарында. Ал экспорт бойынша АҚШ Еуроаймақтан кейін екінші орында. Әлем экономикасы тауарлардың барлығын Америкаға барып сатады және Америкадан сатып алады. Сондықтан оның әсері әлем елдерінің экономикасына әсер ететіні белгілі жайт.
Елімізде Ұлттық қордың тұрақтандырушы, жинақтаушы міндеті бар екенін айта келіп, бұл елдің экономикалық тұрақтылығын сақтауға қызмет ететінін ескерсек,осы жағдайдың барлығын қаржы саласының мамандары, экономистер, саясаткерлер халыққа түсіндіруі қажет. Жалпы, экономикаға мұнайдан, басқа шикізаттардан түсім түсе беретін болады. Ал Қордың ақшасы Үкіметтің арнайы бағдарламасы бойынша бірнеше жылдың ішінде бөлінетін қаржы.
Егер Ұлттық қор болмаса, мемлекет банкротқа келіп тірелетіні анық. Мемлекеттің тәуелсіздігі экономикаға тікелей байланысты. Елбасының жүргізіп отырған саясатының айқындығына, Үкіметке дер кезінде беріп келе жатқан тапсырмаларының дұрыстығына халқымыз көз жеткізіп келеді. Осындай қадамдарға әлемнің көптеген сарапшылары да оң бағасын беруде.
Атап айтқанда, Ұлттық қордан 2009-2010 жылдар ішінде 10 миллиард АҚШ долларына дейінгі қаражатты пайдалануға рұқсат бергендігі анық.
Қазіргі әлемдік қаржы жүйесіндегі дағдарыстың біздің еліміздің экономикасына да әсер еткеніне қарамастан, Қазақстан экономикасы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Бүгінде елімізде жалпы көлемі 50 млрд доллардан астам 17 инфрақұрылымдық және 28 өндірістік жоба қаржыландыру кезеңінде тұр.
2007-2008 жылдары ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында 540 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде құрылысы бітпей қалған тұрғын үй кешендерін іске қосу мәселесі қамтылды. Астана мен Алматы қалаларындағы үлескерлердің мәселелерін шешу үшін қомақты қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде биыл 8 мың үлескер өз пәтерлеріне ие болмақшы. Ал қалғандары келесі жылдың аяғына дейін өз пәтерлеріне кіру мүмкіндігі қарастырылып отырғаны анық.
13 қазанда Мемлекет басшысы Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Үкіметке заңнамада белгіленген тәртіппен бірнеше шараларды іске асыру жөнінде тапсырма берілді. Осы Жарлыққа сәйкес Самұрық холдингі мен Қазына орнықты даму қоры біріктіріліп, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ы құрылды. Оның қаржыландырылуы 40 млрд АҚШ доллары көлемінде болады. Бұл қор мемлекетімізге қажетті барлық мәселелені дер кезінде шешуге, күрделі жағдайлардың алдын алуға қызмет етеді.[10]
Бір ақиқаттың беті ашық, ол - бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың жалғасып жатқандығы. Жалпыадамзаттық қоғамның тығыз интеграцияланған бір бөлшегі ретінде оның Қазақстанға тигізіп жатқан әсері бар екендігі де сөзсіз.
Мұны Үкіметіміз алдын ала болжаған да болатын. Сол болжамның нақты нәтижесіндей бірқатар ірі кәсіпкерлермен жұмыс орындарын қысқартпау, баға тұрақтылығын сақтау жөнінде меморандумға қол қойылды. Иә, түсінік жұмыстары жүріп жатыр.
Бірақ АҚШ-тың өзінде жұмыссыздар санын 10 пайызға жеткізіп тұрған дағдарыс Еуропада да миллиондаған адамды далада қалдырды. Мұндай келеңсіздік Ресейде де уақыт озған сайын өсе түсуде. Олай болса, біздің де етек-жеңімізді жиып, болуы мүмкін жұмыссыздар армиясына қандай еңбек майданын тауып береміз? деген ой төңірегінде бас қатырғанымыз жөн.Айта кететін тағы бір мәселе Қазақстандағы жағдай. Өткен жылдың ортасынан қаржылық дағдарыс белең ала бастаған сәттен елімізде де жұмыс орындары қысқарып,жұмыссыздық деңгейі арта түсі. Бұл жағдайды нақты графикпен сипаттасақ:

8- сурет. Жұмыссыздық, жұмыспен қамту (өткен жылдың тиісті айына %-бен)
2008ж. қыркүйекте-желтоқсанда жұмыссыздық деңгейінің өсу үрдісі байқалды. Тиісінше, қазанда-желтоқсанда жұмыссыздар санының төмендеу қарқынының бәсеңдеуі байқалды.[28]
Енді осы мәселені шешуде аймақтық сипатта қарастырсақ:
Батыстың энергети - ка - лық хабы атауына ие болған бұл майданда бі - раз жұмыс орны ашылары сөзсіз. Ақ - таусити жобасын жүзеге асыру биыл бас - талмақшы. Қысқасы, 2009 жылдан бастап осы өңірде 15 миллиард доллар көлеміндегі шетелдік тікелей инвестицияны игеру қызу қарқынмен жүре бастайтын болады. Сөйтіп, Маңғыстау өңірі нағыз қызған еңбек май - данына айналады. Ең алдымен Ақтауды ха - лық - аралық талапқа сай теңіз тасымалы ай - лағына айналдыру үшін ертеңгі күнге қызмет ете алатын инфрақұрылымдар өмірге келмек. Олар үшін қажетті энергетикалық кешен жасау - бүкіл батыс өңірін энергетикалық тә - уелділіктен құтқару мақсатында жүргізі - леді. Бұған қоса өңірді азық-түлікпен толық қамтамасыз ету шаралары және бар. Те - міржол және автокөлік жолдары құрылысы, құбырлар тарту... не керек, толып жатқан қажеттіліктерді жасап алу жолындағы қызу тірлік осы өңірдің еліміз үшін пайдалы ай - мақ - қа айналуына септігін тигізеді. Болашақ - тағы пайдасын былай қойғанда, дәл қазіргі кезде байырғы жұмыс орындарынан амал - сыздан босап қалған қазақстандықтардың күнкөрістіктерін табуына ғана емес, жақсы тұрмыстық деңгейді қамтамасыз ететіндей жалақыға жұмыс істеуіне жол ашылады.
Ал қазір осы бір еліміздің болашағы үшін аса маңызды нысанды ке - шенді түрде жедел және сапалы деңгейде өмір - - ге әкелуге қажетті жұмысшы күшін жа - сақтау - Үкімет пен облыс әкімшілігі ара - сында арнайы жұмыс шарасы ретінде қолға алынуы керек. Бұл ретте бірінші қажеттілік - қандай мамандық иелері қанша мөлшерде қажет екенін анықтау. Сонан соң оларды жұмыссыз қалғандар есебінен қайыра оқытып, жаңа мамандыққа тәрбиелеу. Біздіңше, бұл қиын шаруа емес, ең бастысы, осы мақсатқа бөлінген арнайы қаржы да бар. Тек соны мақсатты түрде ұқсата білейік.
Қазіргідей бос жұмысшы күші мол сәтті Астана өңірін көгалдандыру ісіне пайда - лан - са, өте жақсы болар еді. Елбасымыздың нұс - қауымен Астанамыздың төңірегін түгелдей дерлік жасыл бақпен орау жұмысы бас - тал - ғалы біраз болған. Оның нәтижесі де бар - шылық. Десек те биылғыдай қысқы ылғалы мол, боранды жылдарда Астанамызды қар басып қалу қаупі әрқашан алдан кес-кестеп шығатыны сөзсіз. Өйткені Сарыарқаның мінезі барша қазаққа белгілі. Арқада қыс жақсы болса, арқар ауып несі бар деген сөз содан қалса керек. Ал егер ел жүрегі қалың орманмен берік қоршалса, ондағы ауа тазалығы үшін ғана емес, Астананы қалың қардан қорғау үшін де пайдасы зор. Бұл - бір. Екіншіден, Астанаға ене алмаған мол қар бұл өңірдегі егістік алқаптарға жайы - лады. Қысқасы, Астананы жасыл орман қор - шаған қалаға айналдыра отырып, біз бір оқпен бірнеше қоян атып аламыз. Әлеуметтік саланың нашарлауына әсер етуші фактордың бірі- тұтыну азық-түліктің бағасы. Осы жағдайды 2008 жылмен салыстыра отырып, анализдік талдау жасасақ:

1- кесте .Тұтыну азық-түліктің бағасы %-бен*

2009 жылғы наурыз

2009 жылғы қаңтар-
наурыз 2008 жылғы
қаңтар-наурызға

2009 ж.
ақпанға
2008 ж.
желтоқ-
санға
2008ж.
наурызға
2005ж. желтоқ-
санға

Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер
0,8
2,0
8,9
43,7
8,8
Азық-түлік тауарлары
0,6
1,3
8,3
52,5
8,8
Азық-түлік емес тауарлар
1,5
2,9
7,1
28,8
5,9
Ақылы қызмет көрсетулер
0,5
1,9
11,6
46,3
11,7
* Дерек көзі:www.stat.kz.Тұтыну бағалары.2009.

Азық-түлік тауарлары рыногындағы жағдайды өткен айдағы бағаның өсімін график бойынша көрсетсек:

9- сурет. Азық-түлік тауарлары рыногындағы бағаның өсімі

Орташа есептегенде: 2009 жылғы наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,9%-ға өсті .

Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағаның өзгеруі
өсуі +, төмендеуі - пайызбен,

10 -сурет. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағаның өзгеруі

Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.2009 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде :

11- сурет. 2009 жылғы қаңтардан бастап есептегендегі тауарлардың үлесі
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары:
2008 қаңтар-желтоқсандағы нақты ЖІӨ-нің өсімі 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2% құрды.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 164,3 млрд. теңгені құрып, 2008 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,2% азайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық саласы және әлемдік экономика
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс
Әлемдік дағдарыс» себептері ,оның жеңу жолдары
Әлемдік қаржы дағдарысы
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Еліміздегі қаржы нарығының интеграциялануы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру
Қазақстан экономикасына және әлемді алаңдатқан қаржы дағдарысына жалпы сипаттама беріп, қаржы дағдарысының түрлерін және Қазақстан экономикасына тигізер кері әсерлерін ашып көрсету
Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы Дағдарыстан шығудың Қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері
Пәндер