Тың игеру жылдарындағы қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кісіпе

1. Тың игеру жылдарындағы Қазақстан

ІІ Негізгі бөлім.

1. Тың игерудің пайдасы мен зияны

2. Тың игеруге жаппай кірісу

3. Тыңның алғашқы табыстары

ІІІ Қорытынды. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің қорытындысы

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойьшша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығьшын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өнідірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1, 6-2, 4 млн тонна) ғана тауарлы астық ендірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан - ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

Қазакстан ауыл шаруашылығыньщ мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді.

Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы қағидасын қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен дрвхоздардың құқықтары мен ынтасықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір котерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресс бұрынғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман агрономдар,

1. “Егемен Қазақстан”, 1994, 1 - наурыз.

2. Вестник высшей школы, Москва, 1990 №7, 49 - бет.

инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тсрі мен МЖС-теріне жұмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылықтехникасын шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында рсспубликаның 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.

1. Қазақставдағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны

1940 жылы Қазақстандағы дәнді дақылдар егісін тың жерлерді игеру есебінен бір миллион гектарға кеңейту көзделді. Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін 750 мың гектарға жуық тың жер ауыл шаруашылық айналымына енгізіледі. Қолға алынған жүйелі жұмыс соғыс жылдарында да жалғасады. КСРО-ның батысындағы астықты алқаптың 47 проценті жау қолында қалғанның өзінде 1941 -1944 жыддары одақ бойынша 4264 миллион пұт астық өндіріледі. Соғыс жылдарында Қазақстан колхозшылары қиын жағдайға қарамастан жанқиярлыклен жұмыс істеп, мемлекетке жоспардан асырып 30, 8 миллион пұт астық тапсырады. Соғыстан кейінгі ауқымы мен ауыртпалығы айырықша болған халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында да аштыққа жол берілмеді, тігінен 1947 жылы нанға кәртішке жүйесі жойылды. Қазакстандағы астық өндірісі 1950 жылы 1751, 3 мың тоннадан 1953 жылы 1977, 5 мыңтоннаға жетті.

Қазақстандағы астық өндірісінің үлес салмағы анағұрлым азайып, одақ бойынша белгіленген өнім дайыңдаудың 5-6 процентін ғана құрады, ал астықтың тауарлы түсімі тым төмен болып гектарына 2, 57 центнерден айналады. 1953 жылы дәнді дақылдар өнімі күрт кемуіне орай ашаршылық қаупі төнеді, ауыл адамдары қалаларға барып, нан сатып алып күнелтуге мәжбүр болады. 1953 жылғы қыркүйекте өткен КОКП Орталық Комитетінің Пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан ауыр жағдайға әділ баға беріп, елдің жалпы дамуы мен ауылдағы жағдай арасында тепе-теңдіктің жоқтығы, адамдардың

1. Чернявский У. Г. Война и продовольствие. Москава, 1964, 20 бет.

2. “Егемен Қазақстан”, 1993, 8 - мамыр.

3. Казахстан за 40 лет. Стат. Сборник, Алматы, 1960, 95 - бет.

4. ИМЛ қазақ филиалы 708 - қор, 27 - тізбе, 6 - іс, 576 - бет.

нашар тамақтанатыны атап көрсетіледі. Мол мүмкіңцік бола тұрып, біздің

республикада да халықтың нан жөніндегі сұранысы қамтамасыз етілмейді. Себебін түсіндіру қиын. Айтуға тұратыны: егіншілік мәдениетінің төмендігі, механизаторлар жетіспеуі, ауыл шаруашылығы мамандарының аздығы, еңбеккерлерді материалдық ынталандырудың мәз еместігі, салаға басшылықтың бәсеңдігі.

Істің оңға басуына қажетсіз кайта құрулар да кедергі келтіреді. 1951-1952 жылдары жергілікті жағдайды жеткіліклі зерттеп жатпай-ақ кішігірім колхоздар асығыс ірілендірілді. Соның салдарынан Қазақстандағы колхоздар 3 есеге кемиді. Жергілікті билік органдарының өкілеггілігі трактор-егіс бригадаларының шеңберімен шектеледі. Мұндай бұрмалауларды жөнге салу Сталиннің жеке басына табынуды талқандағаннан кейін ғана қолға алынады. Анахронизм ауыртпалығынан арылған ауыл еңбеккерлерін аграрлық салада келесі істер күтіп тұрған еді. Бұл дағдарыстан шығудың бір ғана жолы бар еді. Ол үшін өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқаңда, нарық қатынастарына көшу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай әнгімені қозғауға ешкімнің батылы бармады. Өзін өзі сақтау үшін билік иелері мәселені экстенсивтік әдіспентың жерлерді кең ауқымда игеру жолымен шешуге кірісті.

2. Тың игеруге жаппай кірісу.

1953 жылдың аяғында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлер көп делінетін Орал, Сібірмен бірге Қазақстан да алдымен аталып жүрді. Жерлерді жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П. К. Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына біраздан кейін оның орнына келген Л. И. Брежнев отырғызылды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктеміне қараған шақта қабылданды. Онда 1954- 1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егіс аумағын 13 млн гектарға арттыру, ол жерлерден

1. Қазақстан тарихы. 1994 №1. 44 бет

1100-1200 млн. пүт астық, соның ішінде 800-900 млн. пұт тауарлы астық алу көзделді. Тың игеру жөніндегі бұл шешімді қазақстандықтар мақұлдап, куаттайтыңдықтарын біддірді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бұл науқан кезінде қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлық, интернационалдық, бауырмалдық мінездерін таныта білді.

КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады. Ол кезде коммунистер мен комсомолдардың бастама көтеріп, түрлі науқандарға шақырып жатуы әдептегідей жәй еді. Баспасоз бетінде тың игерушілердің сапына косылуға шақырған үндеулер мен ұрандар жиі басылып тұрды. Тың игеруге салт басты, сабау қамшылы жастар ғана емес, отбасымен толық көшіп келушілер де көп болды.

Өнеркәсіп ошақтарын орнатамыз деп мыңдаған жұмысшы-қүұрылысшылар келіп жатты. Халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені 50 жылдардағы тың жерлерді игеру кезі болды. 1953-1965 жылдары Қазақстанға басаяғы 2 миллион адам сырттан келіп, осыңда орналасты, қоныс тепті, жұмыс тапты. Олар негізінен орыстар мен украиндар болды. Олар жергілікті халықпен санаспады, көрмеді. Қазақ халқының өз жерінде азшылық болып үштің бірі деген үлеске түсіп калатын халі осылай жасалған.

Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылық механизаторлары еді. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге

асырылды. Тыңгерлер барар жеріне шейін тегін көшірілді. Әр отбасына 500-1000 сомнан бір мезеттік көмек көрсетілді. Үй салу үшін (оның 35 процентін мемлекет оз мойнына алып), мал сатып алу үшін несие берілді. Астық немесе үн ретінде азық-түлік көмегі көрсетілді. Тыңгерлер 2 жылдан 5 жылға шейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

Бұл жерде жоғарыдағыдай ынталандыру үшін бөлінген материалдық көмекті бөлуде алалық болғандығын ескере кету керек. Көтерме көмекті славян

1. Қазақстан тарихы. 1994 №5. 66 бет.

2. Қазақстан тарихы. 1994 №5. 66 бет.

тектілер артықшылықпен пайдаланғанда, Қазакстан тыңын игеруге үлес қосуға ниет білдірген, Ресей жерінде тұратын қазақ жұртының өкілдері ешқандай материалдық көмек ала алмады.

1954 жылдан бастап егіске жарамды жерлерді зерттеп, тандап алу жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Санкт-Петербургтың, Украинаның топырақ зертгеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологтары қатысты. Алайда, өмірлік тәжірибе көрсеткендей, орасан көп жерді жыртып тастаудың зиянды салдарлары болатыны ескерілмеді және сол кездің айқайшыл басшыларын келешек туралы ғылыми болжамға айландыру оңай емес те еді. Тыиының алғашқы табыстары. Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың коктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астық совхозы құрылды. Олардың егіске жарамды жерлері 10 млн гектардан астам болды. 1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі тапсырма артығымен орындалды. Қазақстанда 6, 5 млн га тың жер жыртыдды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетті. (1950 жылы Қазақстанда 7854 мың гектар жерге дон себіліп, одан 4, 7 млн тонна астық жиналған болатын) . 1955 жылы егіс көлемі 1954 жылғымен салыстырғанда екі еседей артып, 20, 6 млн га жер жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың тонна ғана астық алынды. Тыңгерлер ауыз толтырып айтатындай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бұл жылы республика 16 млн. тонна астық жинады. Мұны коммунистік даңғазалықпен 1 млрд пұт деп ауыз толтыра айту қалыптасты. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4, 8 млн. га тың жер игеріліп, егіс көлемі 28, 6 млн. гектарға дейін өсті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінін аумағы 23, 2 млн. га еді. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де ұлғайтылды.

Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс болды. Еңбек озаттары көптеп шыға бастады. Астық жинаудың түрлі әдістері дүниеге келді. Мәселен, Қостанай облысыңдағы "Ярославский" совхозының бригадирі

1. Партиная жизнь. Основние целины. Велекий подвиг партии и народа. 1974, №7. с. 7 - 13.

2. Бұл да сонда 12 - 148

М. ЕДовжик, Қостанай облысындағы Павлов атындағы совхоздың комбаиншысы Ж. Демеев, Павлодар облысының Буденный атындағы колхоздың комбаиншысы П. Ф. Музыка т. б. тыңгерлер еңбектегі ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.

Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін есіруге деиінгі ықпал етті. Сол жылдары Қазақстанның Оңтүстігіңде күріш өсіру едәуір жанданды. Қызылорда облысының Шиелі ауданының "Қызыл ту" колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жакаев күріштен мол өнім алудың ғажап үлгісін көрсетті. Ол көптеген ізбасарлар дайындап шығарды.

Тың жерлерді игеру жылдарында біздің Қазақстан сапалық жағынан жаңа экономикалық және әлеуметтік деңгейге шықты. Өте қысқа мерзім ішінде оның еліміздің азық-түлік балансындағы ролі артты. Қазақ жеріңде ірі-ірі кәсіпорындар пайда болды, ғылым мен мәдениет одан әрі дами түсті. Алайда, тың игерудің нәтижелері тіпті де бір мәнде емес. Қазақ КСР-інің 70 жылдығына арналған мәжілісте жасаған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, бүкіл жағымды қорытындыларын мойындай отырып тың игеру қозғалысы терең ойластырылмаған, дайыңдықсыз қолға алынған. Көп жағдайда волюнтаристік сипаты басым кең ауқымды әрекет болды. Мұнда ең алдымен республиканың ұлттық ерекшелігі назарға алынбаған еді. Дәстүрлі мал шаруашылығына елеулі нұқсан келтірілді, астық проблемасын шешудің өзі негізінен алғанда экстенсивті жолмен ғана қолға алыңды. Орасан зор көлемде халықтың басқа жерден Қазақстанға тоғылуы рухани, адамгершілік тұрғыдан әубастан-ақ көреғар сипатта болды. "Бос жатқан, қумекен далаға барасыңдар, оны игеріп, өздерің қолдарыңмен орнатасыңдар" деген ат үсті нұсқауларға иек артқан тың игерушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, оның тарихи ескерткіштеріне қандай тұрғыдан қарауға тиіс еді? Қазақ мектептерінің саны осы жылдары күрт қысқарды. Бір ғана дерек мысалы, 1956 жылдың қаңтарында облыста 154 қазақ тілінде оқитын мектеп болса, оның саны 1991-ші жылдың 1 қаңтарында небары 57 ғана болып отыр.

Сол баяндамасында Н. Ә. Назарбаев: "Тіл туралы мәселе халықтың "жан

1. Партийная жизнь. 1974. №7 с. 3 - 12.

1. Қазақстан тарихы. 1994. №5. 67 бет.

ашуы" сияқты бір ышқынар сәті. Біз сондай тығырыққа тірелген халықпыз. Бірақ үмітсіз емеспіз" деді. Оған қоса Қазақстанда қазақ топонимдерінің үштен бірі өзгертілді, жаңа ауыстырылған жасанды тіліміз бен рухани болмысымызға жат шығу тегі, қойылу тарихы күмәнді атаулар көбейді.

Қазақ жерінің Есіл, Нұра, Еремен, Атбасар, Қорғалжын, Теңіз, Сілеті атаулары ғана сақталып, қалған аймағы - Алексеев, Астрахань, Целиноград, Вишнев, Макин, Балкашин, Краснознамен, Красный флаг, Красный яр болып жалғасып кете барған осы өлкенің тың игеру кезіндегі күнгейі мен көлеңкесі, қуанышы мен қасіреті қатар болғандығы рас. Шырайлы шабындық, жасыл жайлау есепсіз жыртылып, аң ауып, құс ұясы бұзылды. Небір айнаколдер тартылып, бұлак көздері бекітілді.

Халықтың тағдырына да тыңның тегеуріні нендей "сыйлық" бергенін жариялылықтың арасында ашық айта бастады. Туған халқымыздың әр перзентінің осыған жамы ауырады деді Н. Ә. Назарбаев. Ал жазушы С. Жүнісов әңгімелейді: 1) 1955 жыл еді. Тың игерудің нағыз басталған шағы. Осы науқан елдің берекесін қашырды. Жыртылмаған жер қалмады. Небір қасиетті орындар егіннің астында расуа болды. Алдауларда ұрлық көбейді. Құлпы жоқ үйлерді түгел көшіріп әкеткен оқиғалар аз болмады. Ел бұзылды. Маскүнемдік етек алды. Қазақ әйелдері аузына арақ ала бастады.

Қорыта келгенде 1954-1960 жылдары жалпы Совет одағында 42 млн. гектар жер көтерілді. Мұның ішінде Қазақстанда 25 млн. гектар жаңа жер игерілді. Қазақ ССР-ында тың игерудің көлемі мен тиімділігі жөнінде мына цифрлар айғақ бола алады: тың игеру басталған 1954 жылдан 1978 жылға дейінгі мерзімге Қазақстанда 438, 9 миллион тонна астық ендіріліп, оның 252, 2 миллион тоннасы мемлекетке сатылды. Осы мерзімде Қазақстанның ауыл шаруашылығын, оның ішінде тынды дамытуда 21, 2 миллиард теңге жұмсалды.

Астық сату айналымынан 27, 2 млрд. сом алынды. Сөйтіп жұмсалған барлық еңбек пен шығын барынша қысқа мерзімге өтеліп оның үстіне айтарлықтай пайдаға да қол жетті.

1. Тәтімов Мақаш. Қазақ ұлтының қасіреті. “Егемен Қазақстан”. 1996 18 сәуір

2. Сонда “Егемен Қазақстан” 1996 ж. 18сәуір.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 - 1980 жж. )
Соғыстан кейінгі жылдар
Хрущевтың жылылығы жылдарындағы Қазақстан
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары (1945-1964 жж. )
Тың игерудің алғашқы екі жылында көрші республикалардан
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы мәдени ағарту жұмысы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz