Зейнетақы жинақтарын құру және инвестициялау тәртібі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қаржы» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді »
Протокол № ___ « » 2012ж.
Кафедра меңгерушісі
Арзаева М. Ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
«Зейнетақы жинақтарын құру және инвестициялау тәртібі (ЖЗҚ мысалында) »
050509- «Қаржы»
Орындаған:
Ф08К3 тобының 4 курс студенті Калиева М. Е.
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Кукиев А. Д.
Нормоконтролер: Садыханова А. Д.
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық мәніЗейнетақы жинақтарын құру және инвестициялаудың институционалдық факторларыХалықтың зейнетақы жинақтарын басқарудағы шетелдік тәжірибесі
- ҚР-ДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ («АСТАНА» ЖЗҚ МЫСАЛЫНДА) Қазақстанның 1997-2012 жж. зейнетақы жүйесі: басқару эволюциясы, жетістіктері мен кемшіліктері және ағымдағы жағдайы«Астана» ЖЗҚ-ға жалпы сипаттама «Астана» ЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын құруЖинақтарды инвестициялау көлеміне құрылымдық-динамикалық талдау
- ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫЖинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын есептеу әдістемелерін жетілдіруЗейнетақы жинақтарының тұрақтандырушы резервтік қорын құру
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы жолдауында «Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жиналымдар көлемі 17 миллиард АҚШ долларынан асады. Сонымен бірге, бүгінде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан. Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүдделеріне қызмет істейді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек» деп көрсетілген. Қаржы-экономикалық дағдарыс әлемнің барлық елдерінің экономикасына әсерін тигізді. Ол жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы үлгілерінің, мемлекеттік реттеу құрылымындағы жəне қаржы институттарының қызметіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуімен, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуымен, айқындылықтың жеткіліксіздігімен байланысты.
Қазақстанның қазіргі зейнетақы жүйесі - әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызды компоненттерінің бірі және республиканың экономикасын инвестициялаудың маңызды құралы болып табылады. Зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесінің реформалары нарықтық экономика талаптарымен шартталған болатын. Оның бағыты халықты зейнетақылық қамтамасыз ету шығындарындағы мемлекет үлесін барынша төмендетуге негізделген. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау ТМД елдерінің ішінде ең бірінші жүргізілгендіктен, бірыңғай зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысуда жүргізілген іс-шаралар көптеген елдер үшін үлгі бола алады. Дегенмен, енгізілген өзгерістерді іс жүзінде пайдаланушылар әлі зейнеткерлік жасына толмағандықтан, бұл жүйенің қаншалықты оң нәтиже беретіндігін бағалау әлі мүмкін болмай отыр. Бүгінгі таңда зейнеткерлік жасына жеткендер 1998 жылға дейін жұмыс стажы бар азаматтар болып табылатындықтан, олар бірыңғай және жинақтаушы зейнетқы жүйелері бойынша зейнеткерлер ретінде қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін теориялық тұрғыдан қарастыру және нақты бір жинақтаушы зейнетақы қоры мысалында зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мен инвестициялау үрдісін талдау болып табылады. Осы қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттерді қарастыру қажеттілігі қойылған:
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу;
- экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің
мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жинақтарды қалыптастыру және инвестициялау тәріптерін қарастыру;
- зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық - экономикалық тетіктерін зерттеу;
- зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің халықты зейнетақымен қамтамасыз ету үрдісінде пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдiстемелiк негiздерi: Қазақстандық және шет елдiк ғалымдардың ғылыми зерттеулері; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттейтiн заңнамалық және нормативтік актілер, зейнетақы жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламалары табылады.
Дипломдық жұмыста мемлекеттiк статистикалық Агенттіктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттеу жөнiндегi Комитетiнің, ҚР-ның қаржы нарығы және ұйымдарын реттеу мен қадағалау Комитетiнің деректері, жинақтаушы зейнетақы қорларының анықтамалық, статистикалық материалдары және есеп беру мәлiметтерi, мерзiмдi басылымдардың материалдары, рейтинг агенттіктерінің есептік мәліметтері, халықты жинақтаушы зейнетақымен қаматамасыз ету мәселелерiне арналған конференциялардың материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен және кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мен инвестициялаудың теориялық аспектілері мен шетелдік тәжірибе қарастырылған. Екінші бөлімде нақты жинақтаушы зейнетақы қоры мысалында оның қаржылық жағдайы, зейнетақы жинақтарының құрылымы мен оларды инвестициялаудың тиімділігі, уәкілетті орган тарапынан пруденциалды нормативтерді орындауы қарастырылса, үшінші бөлімде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің зейнетақы жинақтарына қатысты үрдістерді жетілдіру ұсыныстары мен негізгі бағыттарын қарастыру көзделген.
- ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық мәні
Зейнетақымен қамтамасыз ету қоғамның көпшiлiк мүшелерiнiң өмiрiнде айтарлықтай орын алады. Зейнетақымен қамтамасыз ету бұл, әдетте, әр түрлi себептердiң (мүгедектiк, асыраушысын жоғалту, кәрiлiк) әсерiмен еңбекке қабiлетсiз болып қалған адамдар үшiн материалдық қамтамасыз етудің ақшалай түрi. Жасы келгендерге берілетін қамқорлық қандай түрде болса да ежелгі уақыттан берi жүргiзiледi. Экономикалық әдебиетте зейнетақымен қамтамасыз етудің анықтамасы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық табыстың оқшауландырылған бөлігі ретінде беріледі. Бұл анықтамада зейнетақымен қамтамасыз етудің тек сыртқы сипаттамасы ғана беріліп, оның экономикалық мазмұны ретінде мәні ашылмаған деген ой туындайды. Мұны орындау үшін зейнетақымен қамтамасыз етуді берілген экономикалық қатынастардың суьбектісі тұрғысынан қарастырып, оның обьектілерін бөліп көрсету керек. Барлық еңбекке жарамсыздарды үш топқа бөлуге болады.
- тиiмдi жұмыс iстеген және аман-есен зейнеткерлiк жасқа дейiн жеткен жекелеген адамдар;
- еңбектiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындау үрдісінде еңбекке жарамдылығын жоғалтқан адамдар;
- жастайынан мүгедектер, сонымен қатар еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн (еңбектiк зейнетақы алуға құқығы жоқ) азаматтар.
Жастайынан мүгедектер үшiн материалдық және моральдық шығынды аз көлемде орнын толықтырудың мүмкiндiгi бар. Еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн азаматтарға келер болсақ, олардың шағымдары қолдағы бар мүмкiндiктерге қарай (минималды) аз көлемде қамтамасыз ету шеңберiмен шектелуi мүмкiн. Жеке меншiк билiгін құрған әр түрлi елдерде мемлекеттiң әлеуметтiк рөлi әр түрлi деңгейде болады. Мысалы, швед үлгісі американдық үлгіге қарағанда мемлекеттiң барынша дамыған әлеуметтiк қызметіне ие. Кәрiлiк жағдайлар үшiн жеке жинақтардың үлкен мәнi бар. Бұл жұмыскерлердiң табысы ең аз мөлшерден шамалы жоғары болатын мемлекеттерде байқалады. [14] .
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақыны қайта құру өзара алмасу тәртібінде өтіп жатыр. Әлемдік тәжірибе өз қоғамының қатынастарына өзге әлеуметтік тетіктерді ендіру имплантация жасау ғылыми-техникалық және экономикалық алмасуды қолдануға қарағанда тиімді екендігін көрсетіп отыр. Айырмашылығы тек қоғамдық тетіктің белгілі бір «кері реакциясын» көрсетуінде ғана болуы мүмкін. Экономистер нарықтық қайта құрулар жасау кезеңінде ерте ме, кеш пе бейімделудің нақ осы деңгейі қайта құруға теріс өзгерістерге ұласуын көрсететіндігін айтқан болатын [15, 16] .
Зейнетақының екi жақтамалы мағынасы бар. Бiр жағынан, зейнетақы - бұл қоғамның еңбекке қабiлетсiз мүшелерiнiң еңбекке жарамдылығын жоғалту шамасы бойынша пайда болған қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн материалдық негiз болса, екiншi жағынан, зейнетақыны еңбекке жарамсыздардың қоғамдық өндiрiске қосқан еңбектiк үлесiнiң шамасы ретiнде қарастыруға да болады. Оған негіз әлеуметтік қамсыздандыру елімізде 1995 жылы қабылданған ҚР Конститутциясында жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз ету және мемлекетпен ең төмен әлеуметтік кепіл беруі ресми тіркелген. Зейнеткерлер - бұлар жасы бойынша, мүгедектiгi бойынша еңбекке жарамсыздар және олардың қажеттiлiктерiн қоғам маңызды деп қабылдап қанағаттандыруға мәжбүр болып танылғандар. Зейнетақымен қамтамасыз ету әлеуметтік қамсыздандырудың құраушы бөлігі ретінде танылады және әлеуметтік төлемнен айырмашылығы төменде көрсетілген (Кесте 1) .
Кесте 1. Зейнетақы төлемдерінің әлеуметтік төлемдерден ерекшеліктері
Зейнетақымен қамтамасыз ету әр түрлi әлеуметтiк жәрдемақылардан ерекшелiнедi, себебi әлеуметтiк жәрдемақы алатын адамдар әр түрлi себептермен уақытша жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн жоғалтқандар Осыған сәйкес зейнетақы берiлген адамдардың санаттары бойынша берілген нақты құқығы болып табылады және бүкiл қоғамға таратылмайды. Зейнетақының келесi ерекшелiнетiн белгiсi оның жеке адамның атқарған еңбегiмен барынша тығыз байланыста болуы. Еңбектiк салым өткен және мiндеттi болып екiге бөлiнедi. Тиiмдi жұмыс iстеп жатқан және зейнеткерлiк жасқа дейiн аман-есен жеткен тұлғалар өздерiнiң ең қажеттi және ең аз қажеттiлiктерiн ғана емес, сонымен қатар зейнеткердiң әлеуметтiк санатын сақтап қалуды қамтитын өмiр сүру қалпын сақтап қалуға үміттенеді.
Зейнеткерлiк жасқа келу шектерi биологтармен, психологтармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен әр түрлi бағаланатын шартты түрде кәрiлiктiң басталуы деп санауға болады. Сонымен бiрге қартаю үрдісі халықтың әр түрлі топтарында бiрдей болмайтындығын айта кету керек: бiреулерде ерте, бiреулерде кеш басталады. Зейнеткерлердiң еңбектiк салымдарының экономикалық және әлеуметтiк тұрғыдан үлкен құндылығы бар. Егде жастағы адамның жалпы жылдамдығы мен физикалық жылдамдығының төмендеуi сөзсiз, бiрақ, бiлiмi, кәсiпқойлығы сақталады; жасының ұлғаюына байланысты шығындары көп жағдайда білімінің және тәжiрибесiнiң жоғары сапалылығымен жабылады. Зерттеулер бойынша 60-69 аралығындағы адамдардың барлық өмiрлiк тәжiрибесi 16-19 жастағылардың балама көрсеткiшiнен 19, 8 рет жоғары; 20-24 жастағылардан - 4, 34 рет, 25-29 жастағылардан - 2, 74 рет, 30-34 жастағылардан - 1, 83 рет жоғары екен. Егер әлемдегі барлық зейнеткерлердiң арасындағы жұмыс iстейтiндердiң үлесi 1965 жылы 12% құраса, 1975 жылы - 20, 3%, 1995 жылы - 19, 2 %, 2005 жылы - 15%, 2008 жылы-13%, ал 2011 жылы - 7, 9%құрайды. Бұл мәлiметтер үлкен жастағы адамдардың шын мәнiнде қоғамның еңбек резервi болып табылатындығын куәләндырады. Жанұялық ортада олар әлеуметтiк-биологиялық, шаруашылық-тұрмыстық және өнегелiк сияқты қызметтерді орындайды. [21] .
Экономикалық әдебиеттерде зейнетақымен қамтамасыз етудің атқаратын келесі қызметтерін бөлiп көрсетедi:
- бөлу;
- ұдайы өндiрушiлiк;
- зейнеткерлiкке кәрiлiгi бойынша шыққан қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң әдеттегiдей өмiр сүру деңгейiмен қамтамасыз ету;
- еңбектiк және қоғамдық мiндеттемелерiн орындау кезiнде еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтқан, қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiнiң зардаптарының орнын толықтыру;
- еңбегi бойынша зейнетақы алуға құқығы жоқ қоғам мүшелерi мен бала кезiнен мүгедектердiң ең төменгi өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ету.
Зейнетақы қоры - бұл ақшалай құралдарды шоғырландыру және оларды қорға қатысушыларға жәрдем ақы мен зейнетақы төлеу үшiн пайдаланатын, әр түрлi iс-әрекетпен айналысатын ұйым. Әрбiр зейнетақы қоры меншiктi ережелерiне (жарғысына) сәйкес жұмыс iстейдi және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттiк жүйесiмен байланысы жоқ өзiндiк заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Барлық айтылғандардан кейiн біздің ойымызша зейнетақының жалпы анықтамасын беруге болады. «Зейнетақымен қамтамасыз ету» экономикалық санат ретiнде - қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiн қамтамасыз етуге қажеттi ақшалай түрдегi қайта қалыптастырылған өнiмiң бiр бөлiгiн өндiру және бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жіктеу зейнетақымен қамтамасыз етудің экономикалық мәнін айқындауға мүмкіндік береді (Сурет 1) .
Сурет 1. Зейнетақымен қамсыздандырудың жіктемесі
Сурет 1-де тұрғындарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі меншік түрі, қаржыландыру бағыттары, қаржыландыру қағидасы, ынтымақтастық дәрежесі, есепке алу түрі, зейнетақымен қамсыздандыру тәсілі бойынша жіктелген. Зейнетақы қоры өзi құрылған және оның қызметтеріне қызмет ететiн мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. Зейнетақы қорларының басым бөлiгiнiң негiзiне зейнетақымен толық өздiгiнше қаржыландыру (қорландыру) қағидасы қойылған.
Еңбектiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындау үрдісінде еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтқан адамдардың көзқарастары субъектiлердiң бiрiншi тобымен өте маңызды өмiрлiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру тұрғысынан бiрдей болады. Мiндеттi түрдегi еңбектiк салым, еңбектiң ағымдағы шығындарын (сол мерзiмдегi шығындарды) бiлдiредi және еңбегi бойынша бөлудiң шарты болып қызмет атқарады. Өткен еңбектiк салымдар экономистердiң пікірі бойынша, бұл «еңбекшiнiң қызмет етуiндегi еңбек нәтижелелерін, санын, сапасын және оның шарттарын» ескергендігiн білдіреді. Өткен еңбектiк салымдарға қоғамдық пайдалы әрекет етуiнiң кейбiр түрлерi теңестiрiлуi мүмкiн: жанұяның еңбекке жарамсыз мүшелерiн күту, бала тәрбиесi, әскери қызмет ету.
Өндiрiстiк зейнетақы қорында және зейнетақыны жеке сақтандыру кезiнде әртүрлi дәрежедегi сақтандыру қағидалары пайдаланылады. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Олардың iшiндегi маңыздысы, жеке компаниялар мен мекемелерден құрылған зейнетақы қорларында кәсiпкерлiк пайданың болмауы. Еркiн (бос) құралдардың инвестициясынан алынған табыс, мүшелерге арналады. Зейнетақыны сақтандыру ұйымдарында сақтандыру кезiнде компанияның қарамағына түсетiн қандай да бiр кәсiпкерлiк табыс қарастырылады (егер бұл акционерлiк қоғам болса, онда бұл пайданың бiр бөлiгi акционерлер арасында бөлiнедi) . Мұндай жағдайлар сақтандырушы зейнетақылық қорларда жүзеге асады. Мысалы, өндiрiстiк зейнетақы қорында зейнетақымен қамтамасыз етудің көлемi мен жарналар сомасының арасында қатаң байланыстың жоқтығы. Зейнетақы деңгейi еңбектік салым мен орташа еңбек ақыға байланысты. Жеке сақтандыруда жарна деңгейi сақтандырылатын зейнетақы көлемiмен анықталады және алатын еңбек ақы деңгейiмен байланысы болмайды.
Соңғы кездерi шет мемлекеттерде бiрқатар факторлармен түсiндiрiлетiн, өндiрiстiк қорлардың жылдам дамуы байқалады. Ең алдымен, қызметкерлердің компаниялар мен кәсiпорындардың қорларына қатысуына ынталандыратын факторларды бөлiп қарастырайық. Негiзгi мұндай фактор болып жұмыс берушiнiң зейнетақыны жеке қаржыландыруы (кейде толық болуы да мүмкiн) саналады. Осыған байланысты зейнетақы қорының мүшесiне зейнетақысын жеке сақтандыру жолымен, меншiктi жарнасымен зейнетақысын толық қаржыландыру әлдеқайда арзанға түседi. Кәсiпкерге келетiн болсақ, зейнетақылық қорды құру және оған қатысу мамандардың ағымын қысқартуға мүмкiндiк бередi. Бұл бәсекеге қабiлеттiлiктi және алатын пайданы жоғарылату үшiн барынша бiлiктi жұмысшы күшiн бекiтудiң тәсiлi. Жұмыс берушiнің тағы да бiр ыңғайлы факторы - зейнетақылық қорда жинақталған қордың есебiнен қорға өзiнiң меншiктi акцияларын сату түрiнде меншiктi несиелеу мүмкiндiгiнің болуы.
- Зейнетақы жинақтарын құру және инвестициялаудың институционалдық факторлары
Институтционалдық талдау отандық зейнетақы жүйесін нарықтық экономиканың шарттарына сәйкес дамытудың жағдайын көрсетеді. Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің базалық, жинақтаушы және сақтандырушылық бөлімдерін қалыптастырумен айналысатын жаңа зейнетақылық институттардың құрылуы жүргізілуде. Бұл институттар келесі қағидалар мен тетіктерді орындауға арналған: кедейшілікке тосқауыл қою (базалық бөлігі), жалақының орнына зейнетақы алу құқығына ие болу үшін жеке және ұжымдық күштерді біріктіру (жинақтау бөлігі), қартайған кездегі материалдық қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілікті жоғарылату.
Келтірілген институттар нақты теориялық негізделген және мінездеме берілген. Әлемдік қоғамдастықта берілген институттарды пайдаланудың үлкен тәжірибесі қалыптасқан Зейнетақы саласында орын алған мәселелердің көлемі зейнетақымен қамтамсыздандырудың жаңа үлгісін құруды, оның теориялық базасын нығайтуды, әлеуметтік серіктестіктерді, жұмыс берушіні, жұмыскерді, мемлекетті, азаматтарды міндетті өкілеттіліктерді бекітуді талап етеді. Зейнетақылық қайта құруды талдай отырып, жаңа бағытты жасаудың қажеттілігін байқауға болады. Қазақстандағы әрекеттегі зейнетақымен қамтамасыз етуді жаңғыртудағы негізгі мәселе зейнетақымен қамтамасыз ету институттарын дамытудың ұтымды қатынастарын анықтауда болып табылады. Оның тиімді үйлесуі үшін:
- зейнетақымен қамтамасыздандырудың ерікті - жеке үлгісін жасау;
- әлеуметтік тәуелділіктерді бағалау мен негіздеу бойынша ғылыми құралдар жасау;
- әлеуметтік зейнетақы мен зейнетақылық сақтандырулардың ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық формалары, зейнетақының әлеуметтік және сақтандырушылық мәнін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру сегменттері арасында ұтымды қатынасты қалыптастыру;
- зейнетақы жүйесінің негізгі әлеуметтік субъектілерінің тең деңгейде қатысуының (жарналарды төлеушілер, алушылар үшін де көзқарастарының теңгермешілігіне қол жеткізу) жаңа тәртібін орнату;
- халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржыландырудың ерікті жеке және тетігін жасау;
- сақтандырушының құқығы мен жауапкершілігін теңестіруге мүмкіндік беретін сақтандыру жарналары мен зейнетақы төлемдері арасында өзара байланысын орнату;
- барынша зейнетақы жүйесінің әлеуметтік тиімділігі, бір жағынан қартайғандағы кедейлікті жою, бүкіл халықты әлеуметтік қорғау, екінші жағынан - сақтандырушыларды зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек еткен мерзіміне сәйкес табыс деңгейін сақтап қалу.
Қазіргі еліміздегі зейнетақымен қамтамасыз ету нарығы өзінің даму кезеңінде. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құруда оны жекелеп жетілдіру емес, түбегейлі өзгертуді талап етілді. Зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақы жүйесінің қай бөлігіне жататыны және қандай мөлшерде зейнетақы тағайындалатыны туралы түсініксіздігі тұрғындардың арасында жаңа ақпараттармен қамту қажеттілігін айқындайды. (Сурет 2) .
Ескерту - Автормен құрастырылған
Сурет 2. Зейнетақымен қамсыздандырудағы зейнетақы төлеу жүйесі
Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісі зейнетақымен қамтамасыз етудегі зейнетақылық қатынастардың негізгі субъектілерінің теңеспелі қатысуын ұсынады. Зейнетақымен қаржыландыру міндетті түрде келесі экономикалық тетік бойынша: жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақылық жарналардың арнайы есебі мен жұмыс берушілердің өзінің жалдамалы жұмыскерлері үшін төлеген зейнетақылық жарналарының арнайы емес есебі бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өзімен жүзеге асырылады. Берiлген есебiнен зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары қалыптасады. Салымшылар немесе олардың жұмыс берушiлерi мiндеттi зейнетақы жарналарға көлемi шектеусiз қосымша өз ерiктерiмен салынған зейнетақы жарналарын салуына болады; олар бiр реттiк немесе көп реттi, реттелген немесе реттелмеген тәртiппен, қолма-қол ақшамен немесе аудару арқылы жүргiзiледi.
А санатты зейнеткерлерді және соңғы 10 жыл ішінде осындай болатындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді, ай сайын өз уақытында зейнетақы қаржысын төлеп тұру келесідей қаржы тетігін пайдалануды қажет етеді яғни: халықтың атаулы әлеуметтік жарналары, сонымен қатар мемлекет үшін дәстүрге айналмаған қаржыландыру көздері, бұрынғы жылдары еңбек еткендігін дәлелдейтін зейнеткерлік құқығы. А санатты зейнеткерлерге зейнетақының төлеу мемлекеттік бюджет тарапынан реттеліп отырады. Яғни елдегі жұмыс істеуші қауым зейнеткерлерге зейнетақысын төлеп, «ұрпақтар сабақтастығы» қағидасы орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz