Автопарк мәліметтер қорын құру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 DELPHI.ДЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Реляциялық мәліметтер қоры.Мәліметтер қорын басқару ... ... ... ... 4
1.2 Database Desktop көмегімен кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3 Delphi.де МҚ байланысты орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 TQuery компонентімен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
22
2 АВТОПАРК МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.1 Бағдарламаның негізгі сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
2.2 Қордан мәліметті іздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.3 Мәліметтерді қосу,өзгерту және өшіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Сонымен курстық жұмысқа қысқаша тоқталып өтер болсақ:
Тақырыбы: «Автопарк мәліметтер қорын құру». Бұл курстық жұмыстың мақсаты, автопаркте жұмыс жасайтын администраторлардың жұмысы жеңілдету.
1. “Информационно-поисковая система в системе управления предприятием”, Сборник научных трудов, Ленинград, 1989г.
2. В.В.Шураков. “ Информационно-поисковая система для статической обработки данных”, 1990г.
3. И.Л.Кантарь. “Информационно-поисковая система управленческого аппарата”, 1990г.
4. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста – М.: Кудиц – Образ, 2002. –432с.
5. Архангельский А.Я. Разработка прикладных программ для Windows в Delphi5 –М: Бином 1999-256с. ил-(Все о Delphi)
6. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5. –М: Бином, 2000 –208с. ил-(Все о Delphi)
7. Бобровский С. Delphi 7 Учебный курс. – СПб.: Питер,и 2002-640с.
8. Кандзюба С.П. Delphi 6. Базы данных приложения: Лекции и упражнения /Кандзюба С.П., Громов В.Н. -М: Диа-Софт. 2001-576с.
9. Кенту Марко. Delphi 5 для профессианалов. СПб.: Питер, 2001-944с:ил-/в пер.
10. А. Я. Архангельский. Программирования в Delphi 6 – М.: ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2003 г. – 1120 с., ил.
11. Томас Коннолли, Каролин Бег, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. Пос: -М.: издательский дом “Вильямс”, 2000г.
12. Гофман И.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5.-СПб.: БХВ-Санк-Петербург. 2000г.
13. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5. Рукаводство разработчика базы данных –М.: “Нолидж”, 2000г.
14. К. Грибачев. “Delphi и Model Driven Architecture” Разработка приложений баз данных – СПб.: Питер, 2004. – 348 с.: ил.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1  DELPHI-ДЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Реляциялық мәліметтер қоры.Мәліметтер қорын 4
басқару ... ... ... ...
1.2 Database Desktop көмегімен кесте 10
құру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.3 Delphi–де МҚ байланысты 19
орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
1.4 TQuery компонентімен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2  АВТОПАРК МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН 23
ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.1 Бағдарламаның негізгі 23
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.2 Қордан мәліметті 24
іздеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.3 Мәліметтерді қосу,өзгерту және 26
өшіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 28
... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН 29
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам
дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен
түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып
табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын
басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты
жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі
талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму
барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі.
Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу
орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру
үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар
қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды
деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды
мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және
мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады.
Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер
қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып
есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және
программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана
емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі
да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және
қолайлы болып табылады.
Сонымен курстық жұмысқа қысқаша тоқталып өтер болсақ:
Тақырыбы: Автопарк мәліметтер қорын құру. Бұл курстық жұмыстың
мақсаты, автопаркте жұмыс жасайтын администраторлардың жұмысы жеңілдету.
1. DELPHI-ДЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
1.1 Реляциялық мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Реляциялық (қатынасты) мәліметтер базасы (Relational Data Base (RDB))
— ішкі ақпараттары бағаналар (өрістер — field) және жолдардан (жазбалар —
record) тұратын екі өлшемді кесте түрінде берілген мәліметтер базасы. Әр
түрлі кестелер арасындағы өзара байланыс белгілі бір бағаналардағы
мәліметтер мәндері бойынша орнатылады.
Ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу және іздеуге арналған мәліметтер
қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталатын арнайы программалар болады.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті МҚБЖ –
нің бірнеше түрі: dBASE, FoxPro, Paradox бар. Мәліметтер қорын жасауда
жұмыстардың төмендегі кезеңдері орындалады:
1. Кесте өрісінің атауларын анықтау;
2. Кестелерге тікелей енгізу не пішімдердің көмегімен мәліметтер
кестесін толтыру;
3. Кестелер арасындағы байланысты сілтемелер мен формулалар арқылы
орнату;
Мәліметтер қоймасымен тікелей жұмысқа төмендегілер кіреді:
1. Мәліметтерді реттеу;
2. Фильтерлеудің көмегімен қажетті мәліметті алу;
3. Мәліметтерді экрандық түрде қарап шығу;
Мәліметтер қорын құрғанда оған қандай мәліметтер енгізілетінін, қалай
сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын, оларға қалай шығуға
болатынын және өрістердің типін айқындау керек. Бұл процесс мәліметтер
қорын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жасалады.
Жобалау – бұл мәліметтер қорын теориялық түрде құру.
Мәліметтер қоры жобалауға мәліметтерді ұйымдастыруды 3 кезеңде:
ақпаратты – логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концепталдық) және
физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың
инфологиялық, концепталдық және физикалық модельдері сәйкес келеді.
Жобалаудың бүкіл процесін 3 кезеңге бөлуге болады.
Мәліметтер қорын құрғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу
және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрау бойынша
есеп беру амалдарын орындауға болады. Ақпарат іздеу іздеу шарты бойынша
жүзеге асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек түрінде жазылады.
Ақпаратты жылдам табу үшін мәліметтер қорындағы жазбаларды сұрыптап
алған жөн. Жазбаларды өрістері бойынша өсу немесе кему ретінде алфавиттік
ретте сұрыптап, тек содан кейін ғана өздеріңе қажет категориялар бойынша
ақпарат алуларыңа болады.
Бірақ бұл кезеңдерді қандай ретте болса да кезектестіруге болады,
мысалы:
1. Жаңа мәліметтер қорын жасадық, яғни мәліметтерді енгізіп, оларды
сақтап қойдық.
2.Бұрын құрылған мәліметтер қорын аштық, редакцияладық, пішімдедік,
оны сақтадық, бірақ шығарған жоқпыз.
3.Бұрын құрылған мәліметтер қорын аштық, қажетті ретте cұрыптадық,
берілген параметрлері не шарты бойынша іріктедік және оны сақтамай, есеп
беруді бірден басуға шақырдық және т.с.с.
Компьютерлік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік тілдері Pascal көмегімен. Бұл әдісті
тәжірибелі прораммалаушылар ерекше мәліметтер қорын құру үшін қолданады.
2. Программалау ортасы көмегімен, мысалы Delphi. Бұл әдіс программалау
іскерлігін және программалау ортасында жұмыс жасау дағдысын қажет етеді.
Оның көмегімен мәліметтер қорын жасаудың жеке ерекшеліктерін талап ететін
мәліметтер қорын құруға болады. Мұндай мәліметтер қорын тәжірибелі
қолданушылар үшін құрады.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталатын арнайы
программалық жабдық көмегімен құруға болады. Бұл жүйе компьютерде жұмыс
жасау іскерлігін ғана қажет етеді.
Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:
1. Мәліметтер қорын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
2. Cақталған мәліметтер қорын ашу және оларды түзету;
3. Мәліметтер қорына жазбаларды, өрістерді қосуға;
4. Мәліметтер қорындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
5. Жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
6. Мәліметтер қорындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;
7. Жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;
8. Берілген параметрі бойынша немесе үнсіз келісім бойынша сұрыптауға;

9. Есеп беруді басуға, яғни принтерге шығаруға.
Әдетте мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге
болады:
1. Бірінші категориясы – жобалаушылар. Олардың міндетті тапсырыс
берушінің мақсатына сай мәліметтер қорының кестелерінің құрылымын анықтап
беру. Жобалаушы мәліметтер қорын нақты мәліметтермен толтырмайды.
2. Екінші категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар –
қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорды толтырумен
айналысады.
Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режимі бар:
біріншісі мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның
обьектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер қорын
пайдалануға арналған.
Мәліметтер схемасын даярлау. Тапсырыс берушінің тұтынатын
мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер қорының құрылымын
дайындауға болады. Мәліметтер қорын оның негізгі обьектісі – кестелерінің
құрылымын дайындаудан бастайды.
1. Жұмыс негізгі өрістер тізімін құрудан басталады (олардың саны
жүздеген өрістерді қамтуы мүмкін).
2. Әр өріске қандай 0мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің
типтері анықталады.
3. Жалпы тізімдегі өрістерді негізгі кестелерге орналастырады. Егер
кестенің қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені
екі бөлікке бөледі.
4. Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде
мәліметтері қайталануы мүмкін емес өріс алынады.
5. Егер өрістер тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейілеп құруға
болады.
6. Қағаз бен қарындаштың көмегімен кестелер арасындағы байланысты
сызып көрсетіледі. Кілтті өрістер кестелерде майлы қаріппен көрсетіледі.
Мұндай сызба мәліметтер схемасы деп аталады.
7. Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге
және бірден көпке. Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады
(қайталанбайтын айрықша мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірнеше рет
қайталанады.
8. Мәліметтер схемасын жасаумен мәліметтер қорын құрудың негізгі
қағазға түсірілген сатысы аяқталады. Осы схеманы тапсырыс беруші
жобалаушымен келісіп бекітіп алғаннан кейін барып, мәліметтер қорының
электрондық нұсқасын құруға кіріседі.
Мәліметтер қорының кең түрде қолданылуының алғы шарттары.
Мәліметтер қорының айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары
оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына
келесілер жатады:
• Нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады.
Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді
қалыптастыруды талап етеді;
• Әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады,
ал бұл бір мәліметтер қорын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған
кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
• Ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті
мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы
болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық
жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық
жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
• Техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі
заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді
мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық
және пайдаланушылық. Бірінші режим қор құрылымын құру немесе баяндауға және
оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде қорды толтыру немесе
одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс
берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Қорды құрушылар базаны
нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына
болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База объектілерін қалау кезеңін де
үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Қорды пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады,
мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік
кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың
қызметі - нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға қор құрылымын басқаруға
қолы жететіндей құралдары жоқ.
Қазіргі кезеңде МҚБЖ-нің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде белгілі және
әйгілілері Access, FoxPro, Paradox. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
мәліметтер қорын құруды, мәліметтерді өңдеуді, қандай да бір шарт бойынша
қордан мәліметтерді таңдауды және қор негізінде әр түрлі формаларға есеп
берулерді құруды жүзеге асырады.
Егер мәліметтер топтастырылмаса, толығымен реттеліп отырмаса, біз
мәліметтер былығында қалар едік. Мәліметтерді реттеу үшін мәліметтер
тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар,
карточкалар, энциклопедиялар және т.б. бар.
Осындай үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін
компьютерде арнайы программа бар. Мұндай программалар мәліметтер қорын
басқару жүйесі деп аталады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның
көмегімен мәліметтер қоры құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі
құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі дегеніміз - мәліметтер
қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар. Қолданылу
түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшілік қолданушы деп бөлінеді. Дербес
МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін локальды (желілік) мәліметтер қорын
құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ - не Paradox, dbase, FoxPro, Access
т.б жатады. Көпшілік қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс
істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көп қолданылатын
МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады.

МҚБЖ - нің негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады:
• Мәліметтерді анықтау (data definition) - мәліметтер қорында қандай
ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін,
сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете
аласыз. Кейбір жағдайларда мәліметтерді тексеру форматы мен критериін
беруге болады;
• Мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді әртүрлі тәсілдермен өңдеуге
болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып,
нәтиже мәнін есептеуге болады;
• Мәліметтерді басқару - мәліметтерді басқаруда мәліметтермен кім
танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қосуға
болады. Сонымен қатар мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға
болады.
Бір базада орналасқан мәліметтер өзара қисынды байланысқан болуы
керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір – біріне
қатысының белгілері бойынша деректерді, яғни мәліметтерді біріктіру жолымен
іске асырылады.
Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
1. Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады.

а) Мәліметтер өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған программа
өзгертілуі міндетті емес.
ә) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа басқа
программадағы өзгертулерден оқшауланған болуы тиіс.
2. Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше қайталанбауы тиіс,
яғни, артық мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру.
3. Жан – жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар
қандай да бір файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды
ұйымдастырады.
4. Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер өзгертіліп
және кеңейтіліп отыру мүмкіндігі бар.
5. Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.
Мәліметтер қоры негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі:
Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай мәліметтер
қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.
Фактографиялық мәлімет қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған,
жазылған объектілердің қысқаша мәліметтерінен тұрады. Мысалы, кітапханадағы
кітаптар қорының мәлімет қорында әрбір кітап туралы деректер
библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б.
Кітаптың мәтіні мәліметтер қорында сақталмайды. Яғни, фактографиялық
мәлімет қоры – картотекалар.
Құжаттық мәлімет қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық,
дыбыстық, мультимедиалық кең көлемдегі информациялардан тұрады. Мысалы,
заңдық актілердің құжаттық мәлімет қоры заңдардың мәтінінен тұрады. яғни,
құжаттық мәлімет қоры – бұл архив.
Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры
орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтандырылған
мәлімет қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады.
Бөлектелінген мәлімет қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде
қолданылады және информацияның әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде
сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі – информацияны ұйымдастыру құрылымы бойынша мәліметтер
қоры реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Кез-келген
мәліметтер қоры деректердің реляциялық моделіне негізделеді. Мәліметтердің
реляциялық негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы
жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте
түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті
бейнелеу болып табылады. Реляциялық мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан
қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай
құрылым үшін төменгі деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер қорының үшінші түрі - желілік МҚБЖ. Керекті ақпараттарды
жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген
ақпараттық құрылым келешекте қажетті ақпаратты алу үшін құрылады. Сондықтан
да, ол мәліметтердің құрылымын жасау мына әдістерге сүйену арқылы жасалады:

1. Объектінің сипаттамаларын анықтау;
2. Осы объектілердің атрибуттарын (атрибут - кесте бағандары) анықтау;

3. Объектілердің арасындағы байланысты көрсететін құрылым типтерін
таңдау;
4. Ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
Компьютерлік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1.Программалаудың алгоритмдік тілдері Basic, Pascal т.с.с. көмегімен.
Бұл әдісті тәжірибелі программашылар ерекше мәліметтер қорын құру үшін
қолданады.
2.Бұл әдіс программалау іскерлігін және программалау ортасында жұмыс
жасау дағдысын қажет етеді. Оның көмегімен мәліметтер қорын жасаудың жеке
ерекшеліктерін талап ететін мәліметтер қорын құруға болады. мұндай
мәліметтер қорын тәжірибелі қолданушылар ғана құра алады.
3.МҚБЖ деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен. Бұл жүйе
компьютерде жұмыс жасау іскерлігін қажет етеді.
Жалпы, мәліметтер қорын басқару жүйелерінде (МҚБЖ) қолданбалы
программа жобалауда негізгі екі бағыт қолданылады: төменнен жоғары қарай
және жоғарыдан төмен бастау.

1.2 Database Desktop көмегімен кесте құру
Database Desktop бағдарламасы кестені құруға және өзгертуге арналған,
сонымен қатар SQL сұрауымен және жасырын атауымен жұмыс істеуге мүмкіндік
береді. Бұл бағдарламаны Delphi ортасында Tools Database Desktop командасы
арқылы шақыруға болады, яғни жіберілген файл dbd32.exe арқылы немесе
негізгі мәзірдегі Программы Borland Delphi 7 Database Desktop командасы
арқылы шақыруға болады.
ДҚ құруды былай бейнелейміз. Концептуалды жобаға сәйкес мәліметтер
базасы  2 өзара байланысқан кестелерден тұрады. Бірінші кесте басты болып
табылады.
Кестенің әрбір жолы өріспен сәйкес келеді. Бағаналардың тағайындаулары
:
Fields Name - алаң аты ;
Type - алаң типі ;
Size - алаң өлшемі (жолдардың алаңы үшін  );
Key - '*'жұлдыздан құралады, 
егер алаң алғашқы кілтті құрамына е нсе . Егер алғашқы кілтке бірнеше алаң 
құюғакірсе , онда  олар алғашқы кілтте қатысудағы 
жүйелілікпен анықталуы тиісті. Соны мен қатар, барлық алғашқы индекс 
құрамына кіруші алаңдар, басқа алаң дар алдында анықталу тиісті , яғни  жоғары
 алаң тізімінде болу.
 
Мастер – кестені  конструциялау
 
Деректер қоры кестесін құру үшін  Database Desktop (DBD) )( Пуск
Программа Borland Delphi 3 Database Desktop ) утилитін жіберу қажетті.
Утилит жіберілуінен кейін жұмысшы псевдонимі  утилитін  орнатамыз. Бұл
псевдоним үндеместен  жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы псевдонимі
орнатылмаса, онда  DBD жэұмыс істеген сайын псевдонимді көрсетіп отыру
керек, бұл уақытты көп алады.
Жұмысшы псевдонимін орнату үшінбас менюдан  File Working Directory
элементін  таңдау керек  және Aliases түсетін тізімінде псевдоним атын
PRIMER-ді  таңдау , одан кейін Ok батырмасын  басу керек.
 Осыдан кейін  ДҚ кесте структурасы анықтамасы терезесі пайда болады.
 
  
Сурет 1.1. Database Desktop утилиті: ДҚ кестесінің құрылымын анықтау
терезесі
 
Кесте құрылым конструкциялау. ДҚ кестесін құру үшін  бас менюден  File
New Table элементін таңдау керек. Create Table терезесінде көрінген
(Paradox7) құрылған кесте үлгісі өзгертусіз қалдырамыз және Ok батырмасын 
басамыз . Осыдан кейін белгілі ДҚ кесте құрылымы  терезесі көрінеді.
 

Сурет 1.2. Өріс алаңын таңдау
" Материалдар " кестесіне кіруші алаңдарды анықтаймыз. Field Name
бағанасына Material енгіземіз . Алаң типіні анықтау үшін, Type бағанасымен
шертіңіздер және ашық жер (пробел) пернесін басыңыздар. Бұған жауап ретінде
керек алаң типті таңдау үшін алаң типі тізімі шығады. ( сурет-7).
СУБД Paradox мүмкін барлық типі  8-суретінде келтірілген.
Material алаңы типін  анықтау үшін, Alpha таңдаймыз және бағанға Size
–ға 20мәнін көрсетеміз. Key бағанына жұлдызшаны сыйғызамыз осы алаң алғашқы
кілтті құрамына енетінін білдіреді. Ол үшін мынаның клавиатурада кез келген
символды басамыз.
Кесте-мастері  алғашқы кілтіпен индектеледі.
Materialу  кестесінің  басқа  бағаналарына анықтамалар енгіземіз.
 
 
Сурет 1.3. Materialy  кестесінің құрылымын анықтау

Есеп шарттарына сәйкес берілген  кестенің барлық алаңдары  толтырылауы
тиісті . Сондықтан әрбір алаңды мәндермен міндетті түрде толтыру талабын
анықтаймыз.Бір алаңнан екінші алаңға өту үшін  Required Field ауыстырып
қосқыштары қосамы. Басқа алаңдар  мағынасына шек салу үшін қызмет етеді :
Minimum value - алаңның ең аз мәнін анықтайды
Maximum value - алаңның барынша үлкен мәнін анықтайды
Default value – алаң мәнін үндемеумен анықтайды
Picture – алаңның бейнелеуінің шаблонын анықтайды . Шаблон  құру үшін 
Assist батырмасын басу Бір алаңда мәннің болмауы алаңның шектелген мәнінің
қойылмағанын білдіреді.
Кестелерді толтыру және есте сақтау.   Кесте құрлымын
конструкциялағаннан кейін Database Desktop-та таблицаны толтыруға болады.
Кестені орыс алфавитінде толтыру мүмкін болмауы мүмкін онда латын алфавитін
пайдалануға болатынын атап өтейік.
Содан соң С:\PRIMER каталогында құрылған кесте ( Materialу )  аты
анықтағаннан кейін  Materialу файлы құрылады.
 
 
Сурет 1.4. Кестені сақтау терезесі
 
Құрылған  кесте реструктурлануы. Егер ДҚ бар кестелерге өзгерістер
енгізу керек болса, FileOpenTable меню элементін таңдау керек, пайда
болған диалогты терезеден  кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек.
Кесте мазмұны көрсетіледі. (11-суретте Materialу кестесінде жазуларды жоқ
болады ,  өйткені біз оған мәліметтерді енгізген жоқпыз ).
 
 Сурет 1.5. Materialy кестесінің мазмұны – жазбасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кестелерді мәліметтермен толтыру
Кәсіпорындық жүйелерді техникалық және программалық қамсыздандыру
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Міндетті зейнетақы төлемдер
Өндірістік учаскелердің ауданын есептеу
Мекеме автокөліктерінің қоршаған ортаға әсері
Автобусты спутниктік мониторинг арқылы бақылау
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Өскемен қаласындағы 12 бағыттық жолаушылар көлігінің тасымалдау көрсеткіштерін жетілдіру
Тазалық ГККП-да биогаз станциясын игеру жобасы
Пәндер