Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша


1. Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша.
Жоспар
Кіріспе
1. 1Тауар-ақша қатынастары және олардың қаржы жүйесіндегі орны
1. 2 Ақша және қаржы қатынастары
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Ал өз кезегінде тауар-ақша қатынастарының мәні ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының экономикадағы басты қажеттігі объективті мән-жайдан тауар ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталынады.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қорлары қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша.
1. 1 Тауар-ақша қатынастары олардың қаржы жүйесіндегі орны
Қаржының экономикадағы басты қажеттігі объективті мән-жайдаң - тауар-ақша қатнастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. /3, 17б/
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатнастары елеулі дәрежеде «қоғамдық немесе әлемметтік тауарлар» деп аталанылатындарды - мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық және сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көсетуді өндірумен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржының экономикалық мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыс шарты тауар- ақша қатнастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеұайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Тауар өндірісінің негізінде тауар өндірушілердің экономикалық алдын ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақты және затталынған еңбектің әрүрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің объективті қажеттігі туындайды. Бұдан ақша және оның туындауы экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жеткізіледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда қаржы тауар қатнастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламалармен өткізгенде өндірушілердің ақшалай немесе қаржылық түсімдері жасалынады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады.
1. 2 Ақша және қаржы қатынастары
Ақша- қаржы активі бола тұра, тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі. Құнның эквиваленттік формасы. Оның негізгі қасиеті өтімділік болып табылады.
Ақша- жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қағамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып келеді. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың- бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасалатын есеп айырусылары, негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және қайта бөлу, қаржы қорларын қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу және т. б /4. 18б/
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құзайтын қатнастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатнастарын ғана білдіреді.
Сонымен қаржы қатнасының ақшалай сипаты- қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипатта оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді. Ақша қаржының қызмететуінің міндетті шарты болып табылады.
Қаржы ақша қаражаттарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатнастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатнастарда ақша қатнастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының басты бегілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатнастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады. Алайда қаржы ақша қатнастарының бүкіл сферасын қамтымайды. Ол ақша қатнастары ішінен мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатнастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатнастары жалпы алғанда қаржыдан кен мағынада болады. Қаржы тек ақша қорларымен ресустарының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатнастарын ғана қамтиды. /3, 9б/
Экономикалық категория ретінде қаржынаң мазмұның құрайтын қатнастардың өзгешілі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысанында болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің әртүрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатнастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатнастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оның жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндылық экономикалық категорияларға тиістілігін көрсетеді.
Ақша қаржының іс- әрекет етуінің мәндеті шарты болып келеді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының қызметін орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатнастарының бір бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz