Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы



І. Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының
саяси.құқықтық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3. Абылай ханның реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
4. Кіші жүздің Ресейге қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
5. Орта жүздің Ресейге қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
6. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ халқының тағдырында аса құрделі бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз атты қазақ хандықтарына бөлінді. Бытыраңқы мемлекетке жоңғарлар шапқыншылық жасап, халық "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама" атты қасіретке ұрынды. Осы соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды. Билердің біріктірушілік рөлінің арқасында қазақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.
Кіші жүздің ханы Əбілхайыр Ресей патшасының қол астына кірудің бастаушысы болды. Тəуелсіздіктен айырылып, бодандыққа кірудің басы болған бұл оқиға 1731 жылдан басталып, 1864 жылы аяқталды. 1,5 ғасырға созылған осы кезеңде Қазақстан біртіндеп отарға айналды. Қазақ хандықтары біртіндеп тарихи сахнадан кетті. Бұл кезең қазақтардың тəуелсіздікті қайтарып алу жолындағы азаттық қозғалысына толы жылдар болды. Тек Абылай хан мен Кенесары хан ғана аз ғана уақыт қазақ хандығының тəуелсіздігін қалпына келтірді.
Осы кезеңде қазақ мемлекетінің — хандықтың қалай жойылып, оның əдет-ғұрып құқығының да Ресей заңдарының ықпалымен өзгерістерге ұшырағанын көреміз.
Осы жұмыста Қазақ хандығының жойылуы, бодан болып Рессей патшалығна қосылу тақырыбын қарастырдым.
Ресей отаршылдық саясатының негізгі мақсаты - қазақ халқын қосып алу, қазақ жерін отарлау өз билігін орнату болды.
1. Қазақстан тарихы (Очерктер) Алматы: "Дәуiр" 1994 жыл.
2. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси – құқықтық тарихы. Оқу құралы – Алматы: Ғылым 2000
3. Назарбаев К. Тарих толқынында... 284-6.
4. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы: Санат, 1994. 120 б.
5. Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-40-х годах ХҮІІІ в –Алма-Ата: АН Каз ССР. 254 с.
6. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы: Санат. 1994. 136 б.
7. Маданаов Х. Ұлы дала тарихы. Алматы: Санат. 1994. 272 б.
8. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы. 1993. 127 б.
9. Әбдіразақов Т. Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардабы // Қазақ тарихы. 1995 №2. 10-15 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Жоспар:

І.
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 3

1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының
саяси-құқықтық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4
2. Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
3. Абылай ханның реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
4. Кіші жүздің Ресейге
қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
5. Орта жүздің Ресейге
қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
6. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 15
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Кіріспе

XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында қазақ халқының тағдырында аса құрделі
бетбұрыс оқиғалар болды. Біртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
атты қазақ хандықтарына бөлінді. Бытыраңқы мемлекетке жоңғарлар шапқыншылық
жасап, халық "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сулама" атты қасіретке ұрынды. Осы
соғыста қазақ халқының жарымына жуығы қырылды. Билердің біріктірушілік
рөлінің арқасында қазақтар ірі жетістіктерге жеткенімен оның түбі баянды
болмады. Хан, сұлтандардың бір тобы бытыраңқылық факторына айналды.
Кіші жүздің ханы Əбілхайыр Ресей патшасының қол астына кірудің
бастаушысы болды. Тəуелсіздіктен айырылып, бодандыққа кірудің басы болған
бұл оқиға 1731 жылдан басталып, 1864 жылы аяқталды. 1,5 ғасырға созылған
осы кезеңде Қазақстан біртіндеп отарға айналды. Қазақ хандықтары біртіндеп
тарихи сахнадан кетті. Бұл кезең қазақтардың тəуелсіздікті қайтарып алу
жолындағы азаттық қозғалысына толы жылдар болды. Тек Абылай хан мен
Кенесары хан ғана аз ғана уақыт қазақ хандығының тəуелсіздігін қалпына
келтірді.
Осы кезеңде қазақ мемлекетінің — хандықтың қалай жойылып, оның əдет-
ғұрып құқығының да Ресей заңдарының ықпалымен өзгерістерге ұшырағанын
көреміз.
Осы жұмыста Қазақ хандығының жойылуы, бодан болып Рессей патшалығна
қосылу тақырыбын қарастырдым.
Ресей отаршылдық саясатының негізгі мақсаты - қазақ халқын қосып
алу, қазақ жерін отарлау өз билігін орнату болды.

1. Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мəселелері

Кіші жүздің ханы Əбілхайыр 1726 жылы Ордабасыдағы бүкіл қазақтық
жиында қазақ əскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланды. Бірақ ол барлық
қазақтардың ханы болғысы келді. 1729 жылғы қазақтар шешуші жеңіске жеткен
соң да, сол жылғы Орта жүздің ханы Болат қайтыс болған соң да бүкіл
қазақтың ханы бола алмады. Əбілхайыр хан енді Ресейге арқа сүйеп, өз
позициясын нығайтпақ болды.
Осылай Əбілхайыр хан Ресей патшасы Анна Ионовнаға Ресейдің қол астына
алу туралы жасырын хат жазды. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылдары да
Əбілхайырдың əрекетіне түрткі болды.
1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Ионовна Кіші жүздің Ресейдің қол
астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Онан соң қазақ даласына
А.И.Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732 жылы 10 қазанда
Əбілхайыр хан жəне 27 рубасы сұлтан, батырлар Кіші жұздің Ресейге қосылуы
туралы юридикалық актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да
30 рубасы ант берді.
Патша өкіметі алғашқы кезде қазақтардың ант түріндегі уəдесін алуға
ерекше мəн берді. 1731 жылы Орта жүздің ханы Сəмеке де Орта жүз атынан
Ресейге қосылғысы келетінін білдіріп ант берді.
Қазақтардың бір бөлігі бірден-ақ Ресейге қосылуға қарсы болды. А.
Тевкелевтің елшілігі келгенде Əбілхайырдың өтірігі шығып, қазақтардың қарсы
тобы дау көтеріп хан мен Тевкелевті уақытша үй тұтқынына алады, тіпті
Тевкелевті өлтірмек те болады. Оның қасындағы бірнеше башқұрт старшындары
өлтірілді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы бірден-ақ осындай қайшылықта болды.
Сұлтан батыр бастаған билер мен қазақтардың тобы Ресейге бағынуға қарсы
күрес те жургізді. Қазақтардың бұл тобына қалмақтар дем берді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы ғылыми-тарихи əдебиетте де əртүрлі
бағаланды. 1943 жылғы "История Казахской ССР" атты еңбекте "Қазақтардың
Ресей қол астына өтуі қазақ атқамінерлерінің бір тобының патша үкіметімен
ауыз жаласуының қорытындысы болды. Қол астына кіру халық бұқарасының
еркінен тыс қабылданды", - деп жазылды.
Соғыстан кейінгі тарихи əдебиеттерде идеологиялық қысымның
нəтижесінде Ресейдің қол астына кіру тек ерікті негізде болды əрі аса
маңызды тарихи оқиға болды деп дәрiптелді.
1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Россияға
қарайтындығы туралы шарттық міндеттемелер қабылдады. Олардың ішінде Орта
жұздің ханы Əбілмəмбет пен Абылай сұлтан да болды.
Қосылудың алғашқы жылдарында Кіші жүз бен Орта жүз Ресеймен
протекторлық қарым-қатынаста болды. Бұл қарымқатынас бойынша Қазақстан
сыртқы саясаттан өзге мəселеде егемендігін сақтауы тиіс болды. Ресей қол
астындағы елдің ішкі саясатына араласпауы қажет болды. Шынында Ресей
қазақтардың ішкі ісіне бiрден-ақ араласа бастады. Сыртқы саясатта соғысып
жатқан қазақтарға əскер жəне қаружарақ жағынан жəрдем бермеді. Жоңғарларға
қазақтар өзінің қол астында деген мəлімдемеден ары аспады.
Қазақтардың ішкі өмірде өзін-өзі басқаруы да бұзыла берді. Қазақтың
жерлеріне айналдыра əскери қамалдар орнатылып, оларға əскер əкеліп қойылды.
Қазақтар Ресейдің келісімінсіз хан сайлай алмады. Қазақ хандары балаларын
аманатқа беруі тиіс болды. Жайылымдар тартып алынып қазақтар ішкі жаққа
ығыстырыла түсті.
Осылай қазақтардың Ресейдің қол астына кіруі про-текторлық
қатынастардың шеңберінен асып, Ресей тарапынан таза отырықшылық сипат алды.
Қазақстанның XVIII ғасырының 30-40-жылдаргы Ресеймен қатынасын
вассалдық тəуелді қатынастар деп те бағалауға болады. Қазақ басшылары үнемі
өздерінің Ресейге тəуелділігі туралы ант берумен болды. Қүқықтық жагынан
қазақ хаңцықтарының вассалдық тəуелділіктері хан институтын жойганға дейін
созылды2.
Кіші жүздің Ресейге юридикалық қосылуынан (1731) XIX ғасырдың 60-
жылдарындағы нақты қосылуға дейін немесе Кіші жүздің қосылуының басталуынан
Орта жүздің (1740) жəне Ұлы жүздің қосылуының аяқталуына дейін Қазақстан
мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды Ресейдің Қазақстанға вассалдық
элементтері араласқан протекторлығы деп анықтауға болады.
Себебі осы аралықта Ресейге келген қазақ жүздері-нің өкілдері елшілер жəне
елшіліктер деп басқа шетелдердің ресмй өкілдері ретінде аталды. Бұл кезенде
Қазақстан əлі де халықаралық куқықтың субъектілік құқыгын толық жой-ган
жоқ. Осындай жагдай Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынасты протекторлық-
вассалдық деп анықтауға мүм-кіндік береді4.
Протекторлық қарым-қатынас жагдайъшда тəуелді мем-лекет өзінің
халықаралық қатынастарын анықтауда өзі протекторы болған мемлекетке
бағынышты болады, іппсі мəселелерін өзі шешеді.
Вассалдық қарым-қатынас жағдайында тəуелді мемлекет халықаралық құқық
субъектісі болудан қалады жəне өзі бағынышты болған мемлекетке алым төлеу;
аманат беру, вассал болған елдің басшысын жоғары тұрған мемлекеттің
тағайындауына көнуге мəжбұр болады.
Қазақстан мен Ресей арасында протекторлықта, вассалдық та қарым-
қатынастардың болғандығына фактілер өте мол. Сондай-ақ Ресей тарапынан
протекторлық-вассапдьіққатынас отаршылық саясатпен ұштасып жатты.
Патша үкіметі бірден-ақ қазақтың жерлерін отарлауға кірісті. XVIII
ғасьфдың 50-жылдар ішінде Каспий теңізінен бастап Ертіске дейін ондаған
қамалдардан тұратын əскери бекіністер салды. Ол жерлерде Жайық, Орынбор
жəне Сібір қазақ əскерлерін құрды. Жайық, Тобыл, Елек, Есіл, Ертіс
өзендерінің бойындағы жақсы жайылымдарды қазақ əскерлері тартыл алды.
Қазақтардың малы ол жерлерге жайылуға рүқсат етілмейтіндііі туралы 1756жылы
патша рескрипті, 1755 жылы сыртқы істер коллегиясының жарлығы шықты.
Екінші жағынан Патша үкіметі қазақтардың беделді хан, сұлтан, билерін
сыйлық, шен, пара беріп сатыып алып өзіне қызмет еткізді.
Қазақ халқы патша өкіметінің отаршылдығына қарсы көптеген
көтерілістер жасады. Солардың алғашқысы Сырым Датүпы бастаған 14 жылға
(1783-1797) созылған көтеріліс болды.
Патша үкіметі бүл көтерілісті жаншып отаршылдықты тереңдетш Кіші
жүзде хандық билікті жоюға əрекет етті.
"Игельстром реформасы" деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы
Игельстромның əрекеті Сырым Датұлы бастаған көтерілісті өз мақсаты
тұрғысында пайдалану еді. Нүралы хан Кіші жүзден қашқан соң Игельстром хан
сайлауға рүқсат етпеді. Сырым бастаған старшын, би, батырлардың сьезін
шақырды. Олар Игельстромды қолдады. Бірақ бүл шара сұлтандардың қатты
наразылығын тудырды.
Кіші жүзді тайпалық күрамына қарай үшке бөлу үсынылды. Эр бөлікті
басқару үшін расправолар құру көзделді. Расправо-лар Орынбордағы 1786 жылы
құрылған шеқаралық сотқа бағынуы тиіс болды.
Реформа бойынаша билік рубасы старшындарға өтті. Бірақ расправолар
да, шеқаралық сот та қалыпты жұмыс істей алмады. Оған себеп ықаалы мықты
сұлтандық топтьщ əсері болды.

2. Қазақ жеріндегі алғашқы бекіністер

Ресей бекіністері алғашқы сәтте-ақ әскери мақсатта салына бастаған
еді. Ресей империясының отарлық саясатының тірегі ретінде бекіністер
ролінің маңызы ерекше болды. Ресей бекіністерінің қазақтардың қорғануына
кейіннен елдік экономикалық-мәдени өсуіне біршама септігін тигізгендігін де
жоққа шығаруға болмайды. Алайда бұл бекіністер сонымен қоса қазақ халқын
ауыр жағдайға ұшыратты, дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы әлсіреді, құнарлы
жерлер шектеліп қазақтар шөлді-шөлейтті жерлерге қуылды. "Бөліп ал да билей
бер" саясатын ұстанған Ресей отаршылдары қазақ даласын бекіністер шептеріне
бөліп отарлық саясаттың одан әрі жүргізілуіне оңай жол ашты.
Әскери бекіністер салу ісі Ресей үкіметі тарапынан жоспарлы түрде
жүргізілді. Қазақ даласының ландкарталары жасалып тиісті жерлерге салынуға
қажетті бекіністер орындары белгіленді. Петр-І тұсында басталған Ресей
бекіністерін салу ісі оның мұрагерлері тұсында да қолдауын тапты.
Бекіністер бүкіл қазақ даласының Ресей қол астына өтуін қамтамасыз етті.

Кенесары, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай бастаған көтерілістер де Ресей
империясының отарлық саясатына онымен қоса оның тірегіне айналған
бекіністерді жою мақсатында жүргізілген болатын.
ХVІІІ ғасырдың 70-80-жылдары Орынбор әкімшілігі Кіші жүз жеріне
біртіндеп ену үшін, өзен бойларында бекіністер сала бастады. Ал өзен
бойлары қазақ малдары үшін таптырмайтын жайылым еді. Осыдан соң бұл
шараларға хан төңірегіндегі топтар да қарсы шықты.
Қазақтар Орынбор әкімшілігіне қанша рет наразылық білдіріп хат
жазғанымен, жайылым мәселесі XIX ғасырдың аяғына дейін шешілмеді. 1801 жылы
патшаның арнаулы жарлығы арқылы Кіші жүз рулары Бөкей сұлтанның
басшылығымен Нарынқол мен екі өзен аралығына көшіп, Бөкей хандығы құрылды.
Бекініс салуға әуелден қарсы болған қазақтар, ендігі жерде патша
өкіметіне ашық наразылық білдіре бастады. Жайық азактарымен қақтығыстар
болып тұрды. Қазақтар жақын бекіністер арқылы Кіші жүз казақтарының
ауылдарын тонап, шекара манындағы халықтың мазасын кетірумен болған. Бұл
орталық саясаттың күш қолдану аркылы жүргізіле бастағаны еді.
Ең алдымен Орынбор әскери линиясы бойындағы бекіністер тұрғызылып,
күшейтілді. 1742-жьшы Жайық бойыңца Ильинскі бекінісі, сосын Воздвижение
бекінісі салынды. Орталық бекініс Орынбор болып табылды.
Жыл сайын бекіністер мен бекініс желілері саны өсе түсті.
Орынбор батысқа қарай Самар шебі бекіністері, оңтүстікке қарай төменгі
Жайық, Солтүстікте Сакмар және Жоғарғы Жайық линиясының Ор дистанциясы,
Шығыста Жоғарғы Жайық линиясының Горкая дистанциясы және Батыс Сібірмен
жалғастырушы Үй дистанциясы созылып жатты.
1734-жылы Жоғарғы Жайық әскери шебінің негізі қаланды. Шеп Жайық өзені
бойындағы Жайық қамалынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі жерлерді қамтыды.
1810 жылы казақ жерінде жаңадан Жаңа Іле шебі тұрғызылды. Бұл шеп Іле
ауданының жерін қамтыды. Ал 1835 жылы Орскіден тікелей Троицкіге дейін жаңа
шеп тұрғызылды.
1818 жылы Ұлы жүз жері Ресей құрамына өткеннен кейін ұлы жүз жеріне
бекіністер тұрғызыла бастады. Осы уақытта қазақ жерінде Ақмола (1832),
Көкпекті (1844), Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністері тұрғызылды. Кейіннен
Аягөз ішкі округі құрылды.
XIX ғасырдың 50-жылдарында Ресей үкіметі Каспий теңізі бойынан
Оңтүстік хандықтар жеріне өз үстемдігін жүргізу мақсатында әскери отрядтар
ұйымдастырды. 1839 жылы 4000 әскерден тұратын Перовский отряды Орынбордан
Хиуаға келіп жетпекші болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Келесі жылдары
Торғай, Ырғыз, Райым, Арал бекіністері тұрғызылды.
1853 жылы Перовский басқарған әскери жорық сәтті болды. Бұл жолы
Қоқандық Ақ Мешіт бекінісі салынып, оған Перовский есімі берілді. Перовск
бекінісі алынғаннан кейін Сырдарияның Сырдария әскери шебі кұрылып, оған
Райымнан Ақмешітке дейінгі аудандар кірді.
Оңтүстікте бой көтерген Ресей бекіністерінің ішінде Верный
бекінісінің де әскери-стратегиялық маңызы ерекше болды. 1871 жылы Ресей
әскерлері Құлжаны алды. Бірнеше жылдан соң Құлжа Қытайға қайтадан
қайтарылып берілді.
Николай I кезінде батыстан Каспий теңізінен Аралға дейін одан әрі
Сырдария өзені арқылы Перовскіге дейін, шығыста Жетісу жерін қамтыған жаңа
шеп тұрғызылды. Ендігі Перовск пен Верный бекіністерін қосу ісі Александр
II кезінде жүзеге асты.
1860 жылы орыс әскерлері Ұзын Ағаш бекінісін алды. Колпаковский
басқарған 800 адамдық отряд Ұзын-Ағаш бекінісін алып, Жетісуда қазақтардың
Ресей қол астына өтуіне ықпал жасады.
Орынбор, Уй, Жаңа Ишим, Жайық, Ертіс, Оралдан басталып Өскеменге дейін
созылып жатқан қазақ жерін отарлауға Ресей өкіметі үшін жеңілдіктер
туғызды. Бұл шептерде казачество өскерлері орналастырылды. Төменгі Жайық
линиясын Жайық казачествосы, Іледен Звериноголовск бекіністеріне дейінгі
жерледі Орынбор, ал Звериноголовскіден Ертіске дейінгі жерлерді Сібір
казачествосы қорғады. Бекіністер шебі ендігі жерде бүкіл қазақ даласын
қоршай орналастырылып қазақ халқы Ресей отаршылдық саясатының езгісіне
түсті. Қазақ даласы бекіністер шептерімен бөлініп отаршылдық құрсауына
ілікті. Ендігі жерде Ресей әскери бекіністері Ресей отаршылдық саясатын
жүргізудегі саяси-
әкімшілдік орталықтарына айнала бастады.

Ресей бекіністерінің қазақ жеріне тигізген әсері.
Ресей бекіністері шептері қазақ даласында ежелден қалыптасып келе
жатқан дәстүрлі көші-қон шаруашылығының әлсіреуіне, қазақтардың өз
жерлерінен айырылуына әкеп соқтырды. Ресей бекіністері қазақ даласын қоршай
орналастырып көпшелі халықтың тұрмыс-тіршілігіне зор ауыртпалығын тигізді.
Құнарлы жерлер тартып алынып, ол жерлер казактар мен шаруларға бөлініп
берілді..
Ресей шептері қазақ даласына ішкерілей еніп Жайық, Тобыл, Есіл, Іле
сияқты құнарлы жерлерге қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. 1755 жылы
орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағалауына өтуге тыйым салынды. Ол жайлы
деректерде: от 6 марта 1755 года (коллега иностранных дел) запрещала
казахам среднего жуза переходить на жилую сторону Иртыша. А чтобы отнять у
них и охоту и запреть тоже делать. Командиру Сибирской линий бригадиру
Крафту предписывалось в Иртышские крепости воинских людей... предленожить",
а казахи пусть довольствуется тем, что на другой стороне Иртыша при здешней
линий иметь безприпятственно допускаются.
Ресей бекіністері қазақ даласы шекарасын қыса түсті. Қазақтар көші-қон
жерлері Ресей отарлауынан бұрын Оралдың сол жағынан Алтайға дейін, Іледен
Арал теңізіне дейін созьшып жатқан болатын. Ішкері қарай өтуге тыйым
салынғаңдықган көшпелі дәстүр бұзылып қазақтардың көпшілігі өз малдарынан
айырылып қалды. Орал мен Волга арасындағы қазақтарға көшпелі шаруашылығына
қажет жерлер тартып алынды.
Қазақтар өз жерінде осылайша өздері ауыр халге душар болды.

3. Абылай ханның реформалары

Абылай хан (1711-1781) қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер.
Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің
ханы Əбілмəмбет қайтыс болтан соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бұған дейін-
ақ қазақтың үш жүзінің көпшілік бөліктері Абылайдың билігін мойындады.
XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан
түгелдей азат етілді. Абылайдың əскерлері Қазақстанға басып кірген қытай
басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады.
Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан
азат етілді.
Абылай ханның қазақ халқына сіңірген екі үлесін атап өткен жөн.
Біріншіден ол жоңғарларды талқандап Қазақ елінің тұтастығын қалпына
келтірді немесе еліміздің жерлерін түгел азат етуге басшылық етті.
Екіншіден Абылай Қазақ хандығының тəуелсіздігін қайта қалпына келтіріп,
бытыраңқылъпъш уақытша болса да жойды. Абылай ханның үлкен саясаткерлігі,
қолбасшылығы, батырлығы мен көре-гендігі, дигоюматиялық шеберлігі осындай
жағдайға жетуге себеп болды.
Хан сайланғанына бес жыл өткенде ғана Орынбор əкімшілігінің өтініп
сұрауымен Абылай патшаға үш жүздің ханы етіп бекітуді сұрап хат жазады.
Екатерина II патша 1778 жылы 24 мамырда Абылайды Орта жүзге хан еткен
жарлыққа қол қойып, ол туралы грамотаны үлкен сый-сияпатпен Абылайға
Орынборда не Троицкіде тапсыруды қарастырды. Бірақ Абылай түрлі сылтаумен
ол грамота мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстан мен Ресей
Xviii ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және ішкі саяси жағдайы
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Пәндер