Қазақстанның ауыл шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазақстанның ауыл шаруашылығы
  2. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғакшылық елдің, әсіресе оның еуропалық белігінің ауыл шаруашылық жағдайына өте ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігімен де ушыұты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалык заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылыгына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті төмен болып, қоғамдық мал шаруашылыры қанағаттанарлыксыз дамыды.

Ауыл шаруашылырының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді, 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық баскару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша каражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және кайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға кызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95% -ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болган еді. Соған қарамастан, үкімет кабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсак колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазакстандағы олардың саны 6 737-ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО-ның ауыл шаруашылығы сиякты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикізаттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын баскарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек) . Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолык кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.

Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсак есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері аз емес еді.

Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың қажеттілігі анық сезілді.

Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық көлемі еулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкеністің сатып алу бағасы көтерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптаскан шаруашылық жүргізу құрылымының негіздеріне әсер етпеді, әміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді. Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі өндірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н. С. Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті. 1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П. К. Понамаренко сайланды. Ж. Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топ кана шешті. Оны қызметінен алуға жай сылтау болған әлдебір кемшіліктер еді. Шын мәнінде Н. Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қөя бастаған болатын, ал Ж. Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.

Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың жөне тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды.

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13, 4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103, 2%, оның ішінде Қазақстанда 6, 5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7, 5 млн гектардың орнына 9, 4 млн гектар жер жыртылды.

Республика еңбекшілерінің алдында 6, 3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дакылдар өнімін арттыру міндеті түрды.

Партия комитеттерінің кысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосымша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тар 4 847 мың, ал сов-хоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлер игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі есіммен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылык өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Акмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығында, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы Ақмола облысының ауыл шаруашылық және дайындау кәсіподағының облыстык комитетінен 300, «Қазақсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4, 5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266, 6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Сол кезде «Едем мы друзья, в дальние края . . . » деген ән кең тарады. Ынтымакты бригада құрған М. Довжик Акмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М. Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайланды.

Өндірістің орасан зор көлемі Қазақстан аумағына жұмыс күшін, көлік құралдарын, құрал-саймандар жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды орналастырып, оларды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік мекемелерінің жүйесін жолға кою кажет болды.

Тың жерлерді игеруге байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен басылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп ақша табуды ойлаған кездей-соқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша, алғашқы 2 жылда Солтүстік Қазакстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру үшін қажет болды. Тың игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын талан-таражға салу, ұрлау орын алды.

Жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дамудың интенсивті жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің әкстенсивті мәнін жоя алған жоқ. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға белінген тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын интенсификациялау жолындағы ірі қадам ретінде кең дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еш нәрсе айтылмады. Көрсеткішті «жоғарылатып көрсету» үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырактың құнарлы қабатын жел үшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері екі онжылдың өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла бастады. Егін үшін жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алкаптардың келемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекендер салуға тартып алынып, олардың инф-ақүрылымын жүргізу үшін кұнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді.

50-ші жылдардың басында букіл ел бойынша ауыл щаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама томендеді. Ауыл шаруашылқк өнімдерін дайындау бағасының арзам болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, қолхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өнідірісінің артта қалуының бір себебі партия оргнпдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1, 6-2, 4 мли тонна ) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтустік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты

Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша букіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте откен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-эономикалық шаралар белгіленді. Бұлардыңм ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы қағидасын қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны кобейту, ауыл шаруашы-лық өндірісін жоспарлауда қолхоздар мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық енімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық қыз-меткерлері, әр түрлі себептермеп өнеркәсіпке, транспортқа, қүұылысқа жүұысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмыска ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың оңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, оринластыруға байланысты республикаа партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.

Қазақстандаа Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас рсспубликалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңіне

1954-1956 жж. 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391, 5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1, 5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66, 7 мың адам және Қазақстанның училищелерінен келген 19, 8 мың адамға рсспублика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама бсрілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жіберілді.

50-ші жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі - 1949-1953 жылдардың корсеткішімен салыстырғанда шамамен 3, 8 есе-дсй артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63, 4 млн. топпа астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде рсспублика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептеледі. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатып бұрып-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті. /Тың және тыңайган жерлерді игерудің сонымен бірге үлкеп азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті Жсргілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп-интер-наттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тіліндс жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса( екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізілс бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның өзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бөлігін өз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды.

Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын болып кормеген көлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлеріндс шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды. 1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық жер көлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді қайырмасыз түренмен жырту тәсілі енгізілді. Алайда, эколог мамандар атап көрсеткендей, қазіргі заманғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны қажетті экологиялық қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды жеңілдетеді. Бұл қазіргі экологиялық мәселеде, әрине жеткіліксіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Ауа температурасының режимі
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
ДСҰ және Қазақстан
ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы
Ауыл шаруашылық өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz