Дерекқор жүйелерiн жобалау
КIРIСПЕ
1 НЕГIЗГI ТҮСIНIКТЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
1.1 Автоматтандырылған басқару жүйелерi
1.2 Автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң жiктелуi
2 ДЕРЕКҚОР БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРI (ДҚБЖ)
2.1 Негiзгi функциялары және элементтерi
2.2 ДҚБЖ.ң негiзгi функциялары (қызметтерi)
2.3 SQL. сұрату тiлiнiң негiзгi командалары
3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НҰСҚАУЛАР
3.1 Курстық жобалау мақсаты
3.2 Жобаға қойылатын негiзгi талаптар
3.3 Курстық жұмысты (жобаны) орындау тәртiбi
3.4 Курстық жобаны қорғау
3.5 Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыптары
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ ҮЛГIСI
4.2 Суперкiлттер, кiлт.кандидаттар, бастапқы кiлттер
4.3 Болмыстарды кестеге түрлендiру
4.4 Байланысты кестеге түрлендiру
4.5 Сiлтеме бойынша тұтастық
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Компьютерлердi адамзат тiршiлiгiнiң барлық саласында қолдану оның тиiмдiлiгiн көрсетедi. Компьютерлер деректер өңдеудiң және басқарудың әмбебап құралы ретiнде технологиялық және өндiрiстiк процестерде, бiлiм беруде және медицинада, ғылым және техникада, банктiк iс және саудада, т.б. қолданылады.
Сондықтан компьютерлердi қолданумен, ақпараттық технологиялармен, деректердi өңдеу және басқару жүйелерiмен байланысты пәндердi оқу студенттер мен тыңдармандардың оқу процесiндегi негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылады. “Дерекқор жүйелерi” пәнi бойынша курстық жұмысты жобалау үшiн арналған әдiстемелiк нұсқау күндiзгi (сырттай) бөлiмдерде оқитын студенттермен мамандарды қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн көтеру мекемелерiнiң тыңдармандарына арналған. Бұл контингент тыңдармандарына арналған курс оқу мерзiмiнiң қысқалығымен сипатталады. Осы қысқа мерзiмде студент (тыңдаушы) дерекқор жүйелерiн жобалау негiздерi бойынша бiлiм алулары керек. Курсты оқу процесiнде мiндеттi түрде курстық жұмысты орындау керек.
Курстық жұмыс (жоба) дерекқор жүйелерiн жобалау мәселелерiн қарастырады. Курстық жұмысты орындау нәтижесiнде оқушылар дерекқор жүйесiн жобалау процесi бойынша теориялық және практикалық бiлiмдер алады.
Әдiстемелiк нұсқау төрт бөлiмнен тұрады: бiрiншi және екiншi бөлiмдерде пәндi меңгеруге қажеттi негiзгi түсiнiктер, анықтамалар берiлген. Үшiншi және төртiншi бөлiмдерде курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар мен тапсырмалар, олардың жасалу үлгiлерi келтiрiлген. Өз бетiнше орындалатын жұмыстарға тапсырмаларды мұғалiм өзi бередi немесе студенттiң (тыңдарманның) қалауы бойынша берiледi. Өз бетiнше жұмыстардың бағасының нәтижесi: бақылау жұмысы “сыналды” бағаларымен бағаланады, ал курстық жұмыс дәстүрлi балдармен дифференцияланады.

1. Казиев Г.З. Методические указания к курсовому проектированию по курсу «Проектирование автоматизированных систем управленияң.Алматы, 1999.
2. Попов А.А. FoxPro 2.0. 1996.
2. Попов А.А. FoxPro 2.0. 1996.
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:
КIРIСПЕ
Компьютерлердi адамзат тiршiлiгiнiң барлық саласында қолдану оның
тиiмдiлiгiн көрсетедi. Компьютерлер деректер өңдеудiң және басқарудың
әмбебап құралы ретiнде технологиялық және өндiрiстiк процестерде, бiлiм
беруде және медицинада, ғылым және техникада, банктiк iс және саудада, т.б.
қолданылады.
Сондықтан компьютерлердi қолданумен, ақпараттық технологиялармен,
деректердi өңдеу және басқару жүйелерiмен байланысты пәндердi оқу
студенттер мен тыңдармандардың оқу процесiндегi негiзгi мәселелердiң бiрi
болып табылады. “Дерекқор жүйелерi” пәнi бойынша курстық жұмысты жобалау
үшiн арналған әдiстемелiк нұсқау күндiзгi (сырттай) бөлiмдерде оқитын
студенттермен мамандарды қайта даярлау және кәсiптiк деңгейiн көтеру
мекемелерiнiң тыңдармандарына арналған. Бұл контингент тыңдармандарына
арналған курс оқу мерзiмiнiң қысқалығымен сипатталады. Осы қысқа мерзiмде
студент (тыңдаушы) дерекқор жүйелерiн жобалау негiздерi бойынша бiлiм
алулары керек. Курсты оқу процесiнде мiндеттi түрде курстық жұмысты
орындау керек.
Курстық жұмыс (жоба) дерекқор жүйелерiн жобалау мәселелерiн
қарастырады. Курстық жұмысты орындау нәтижесiнде оқушылар дерекқор жүйесiн
жобалау процесi бойынша теориялық және практикалық бiлiмдер алады.
Әдiстемелiк нұсқау төрт бөлiмнен тұрады: бiрiншi және екiншi бөлiмдерде
пәндi меңгеруге қажеттi негiзгi түсiнiктер, анықтамалар берiлген. Үшiншi
және төртiншi бөлiмдерде курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар мен
тапсырмалар, олардың жасалу үлгiлерi келтiрiлген. Өз бетiнше орындалатын
жұмыстарға тапсырмаларды мұғалiм өзi бередi немесе студенттiң
(тыңдарманның) қалауы бойынша берiледi. Өз бетiнше жұмыстардың бағасының
нәтижесi: бақылау жұмысы “сыналды” бағаларымен бағаланады, ал курстық жұмыс
дәстүрлi балдармен дифференцияланады.
1 НЕГIЗГI ТҮСIНIКТЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
1. Автоматтандырылған басқару жүйелерi
Автоматтандырылған басқару жүйелерi деп түрлi объектiлердi
(кәсiпорындарды, ұйымдарды, технологиялық процестердi) тиiмдi түрде басқару
мәселелерiн шешу үшiн бiрнеше адамдардан тұратын ұжымның, есептеу және
ұйымдастыру техникасы жабдықтарының, программалық және ақпараттық
қамтамалар жүйелерiнiң, коммуникация және байланыс жүйелерiнiң бiрiгуiн
түсiнемiз.
2. Автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң жiктелуi
Автоматтандырылған басқару жүйелерiн келесi белгiлер бойынша жiктеуге
болады:
Деңгейi және жұмыс iстеу саласы бойынша: мемлекетаралық, мемлекеттiк,
салалы кәсiпорындар, мекемелер және фирмалар, технологиялық процестер және
операциялар, т.б..
Мiндетi және басқару объектiсiнiң сипаты бойынша: әкiмшiлiк
(мемлекеттiк үкiмет ұйымдары), қоғамдық саяси, қорғаныс, коммерциялық
(сауда және жаппай қызмет көрсету), қаржылы-экономикалық, өндiрiстi-
техникалық, әлеуметтiк (денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, т.б.),
транспорт және байланыс.
Атқаратын қызметi бойынша: әкiмшiлiк-ұйымдық, технологиялық
(технологиялық процестердi басқару үшiн), жинақталған (аталған екi түрдi
бiрiктiру үшiн).
Есептi шешу сипаты бойынша: стратегиялық, тактикалық, оперативтi,
ақпараттық.
Алынатын нәтижелерi бойынша: ақпаратты-анықтамалық, ақпаратты-
басқарушылық.
Құрылымы бойынша: орталықтандырылған (моно орталықтандырылған және
иерархиялық) және деорталықтандырылған.
Автоматтандырылған басқару жүйелерiн жасауға арналған жоба -құжаттар
жиынтығы түрiнде көрсетiлген автоматтандырылған басқару жүйелерiн жасау
бойынша есептердi және жобаларды шешу бойынша шаралар жиынтығы.
2 ДЕРЕКҚОР БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРI (ДҚБЖ)
2.1 Негiзгi функциялары және элементтерi
60 жылдардың соңы 70 жылдардың басында жинақталған ақпараттық жүйелердi
құру әдiстерi дами бастады. Мұндай жүйелер сақталынатын ақпарат көлемiнiң
шағын болуын және бiр уақытта бiр дерекке бiрнеше қолданушы қатынас құруын
қамтамасыз ететiн икемдi деректер құрылымын құруға мүмкiндiк бередi.
Жинақталған жүйелер негiзiнде “деректер банкiсi” деген түсiнiк жатыр.
Қолданушының дерекқормен жұмысын дерекқор басқару жүйелерi (ДҚБЖ)
қамтамасыз етедi. Деректердi басқару жүйесi деректердi есте сақтау
құрылғыларына тарату, деректердiң қауiпсiздiгiн және тұтастығын
ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.
2.2 ДҚБЖ-ң негiзгi функциялары (қызметтерi)
Сыртқы жады бойынша деректердi тiкелей түрде басқару
Бұл функция дерекқорға тiкелей қатысы бар деректердi сақтауды, сонымен
қатар, қызметтiк мақсаттарды iске асыруды, мысалы, кейбiр жағдайларда
деректерге қатынас құруды жылдамдатуды (бұл үшiн әдетте индекстердi
қолданады) қамтамасыз етедi. Кейбiр ДҚБЖ-де файлдық жүйелердiң
мүмкiндiктерiн барынша қолданады, ал кейбiр ДҚБЖ-де жұмыстар сыртқы жады
құрылғысы деңгейiне дейiн жүргiзiледi.
Жедел жады буферлерiн басқару
ДҚБЖ әдетте үлкен көлемдi дерекқормен жұмыс iстейдi. Әдетте бұл көлем
жедел жады көлемiнен үлкен. Егер деректердiң кез келген элементiне
қатынас құру кезiнде сыртқы жадымен алмасу орындалса, онда бүкiл жүйе
сыртқы жады жылдамдығымен жұмыс iстейдi. Бұл жылдамдықты жоғарылату үшiн
деректердi жедел жады- да буферлеу керек. Бұл жағдайда, егер операциялық
жүйе жалпы жүйелiк буферизация жүргiзсе де (UNIX ОЖ) бұл шара ДҚБЖ-ң
мақсаттарын iске асыруға жеткiлiксiз. Сондықтан дамыған ДҚБЖ-нде жедел
жады буферлерiнiң жеке жиынтығы қарастырылған.
Транзакцияны қолдану
Дерекқорды басқару жүйелерiнде транзакциялау дегенiмiз – дерекқордың
тұтастық күйiн сақтай отырып, бiрнеше операциялардың орындалуы. Транзакция
орындалу процесiнде жаңартылған деректер жадыда немесе жергiлiктi дискiде
уақытша сақталады.
Жасалған өзгерiстер тек транзакция аяқталған соң ғана бекiтiледi. Егер
кейбiр себептермен деректер жаңартылмай қалса, онда енгiзiлген өзгерiстер
жойылады.
Журналдау
ДҚБЖ-не қойылатын негiзгi талаптардың бiрi деректердi сыртқы жадыда
сақтаудың сенiмдiлiгi. Деректердi сақтаудың сенiмдiлiгi дегенiмiз – ДҚ-ң
соңғы келiсiлген күйiн кез келген аппараттық немесе программалық
жаңылысу (сбой) жағдайынан кейiн қайта қалпына келтiре алу мүмкiндiгi.
Кез келген жағдайда ДҚ-ды қайта қалпына келтiру үшiн қандай да бiр
қосымша ақпарат болуы қажет. Басқаша айтқанда ДҚ-да деректердi сенiмдi
түрде сақтау қосымша артық деректердi сақтауды талап етедi, сонымен қатар
қайта қалпына келтiру үшiн қолданылатын деректердiң бөлiгi аса сенiмдi
түрде сақталуы қажет. Мұндай қосымша ақпаратты қолданатын әдiстердiң iшiнде
кең тараған түрi ДҚ-на жүргiзiлген өзгерiстердi тiркеп отыратын журналды
қолдану әдiсi.
Журнал – ДҚБЖ-ң қолданушылар қолдана алмайтын және ДҚ-ң негiзгi
бөлiктерiне енгiзiлген барлық өзгерiстер аса тиянақтылықпен (кейбiр
жағдайларда журналдың екi көшiрмесi түрлi физикалық дисклерде сақталады)
жазылып отыратын ДҚ-ң ерекше бөлiгi.
Барлық жағдайларда журналға Write Ahead Log (WAL) хаттамасы деп
аталатын “бекiтiлген” жазба стратегиясы қолданылады.
Дерекқор тiлiн қолдану
Дерекқормен жұмыс iстеу үшiн дерекқор тiлдерi деп аталатын арнайы
тiлдер қолданылады. Бұрынғы ДҚБЖ-нде өздерiнiң функцияларына
арнайыландырылған бiрнеше тiлдер қолданылды. Олардың iшiнде жиi
қолданылғандары – ДҚ схемасын анықтау тiлi (SDL – Shema Definition
Language) және деректердi басқару (манипуляциялау) тiлi (DML - Data
Manipulation Language). DSL негiзiнен ДҚ-ң логикалық құрылымын анықтауға
арналған. DML – деректердi басқару операторлар жиынынан, яғни деректер
енгiзуге, өшiруге, модификациялауға немесе керектi деректердi таңдауға
мүмкiндiк беретiн операторлардан тұрады.
Қазiргi кездегi ДҚБЖ-нде әдетте дерекқор құру жұмыстарынан бастап,
дерекқормен базалық қолданушылық интерфейстi қамтамасыз ететiн барлық
қажеттi жабдықтардан тұратын бiртұтас жинақталған тiлдi қолданады. Қазiргi
кездегi реляциялық ДҚБЖ-нде кеңiнен тараған стандартты тiл - SQL
(Structured Query Language) тiлi болып табылады.
Ең алдымен SQL тiлi SDL және DML жабдықтарын меңгерген, яғни реляциялық
ДҚ-ң схемасын анықтауға және деректердi басқаруға мүмкiндiк бередi.
SQL тiлiнде дерекқордың тұтастығының шектiгiн анықтайтын арнайы
жабдықтардан тұрады.
SQL тiлiнiң арнайы операторлары дерекқорда аталымы бар бағаналы сұраныс
түрiнде сақталатын дерекқор көрсетiлiмiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
2.3 SQL- сұрату тiлiнiң негiзгi командалары
FoxPro тiлiне SQL (Structured query Language) сұрату тiлiнен бiрқатар
командалар қосылған. Бұл үлкен ЭЕМ-дерде жұмыс iстеген көптеген
қолданушыларға жақсы таныс және стандартты деп саналады. Бiрақ бастапқыда
SQL-дiң пакетiне қосылуы программистердiң қажеттiлiгiне қарағанда, ДҚБЖ
шараларын қалыпты толықтыруымен болды. Төменде қарастырылатын командалар
деректердi тез және пайдалы өңдеу құралы болып табылады. SQL командалары
программаларға FoxPro өзiнiң командаларымен қатар тiкiлей қосыла алады.
Дерекқорды құру
CREATE DBF DBF-файл
(өрiс атытип[өлшем[, бөлшек разрядтары])
[,өрiс аты..]])FROM ARRAY массив
Команда жаңа дерекқор DBF-файл көрсетiлген атымен құрады. Әрбiр өрiс
үшiн оның аты, типi (C,N,D,M,F,L әрiптерiнiң бiреуiнен), ұзындық және ондық
разряд саны берiледi. (D) мерзiм, (L) логикалық және (M) қосымша типтерi
үшiн ұзындық және нақтылық берiлмейдi, ал (С) символдық тип үшiн нақтылық
берiлмейдi. Дерекқор өрiстерiн мәлiмдеуге қойылған барлық талаптар
стандартты. Құрылған қойма тез ашылады. Өрiстердi мәлiмдеу FROM ARRAY
опциясының қолданылуымен массивтенде берiлуi мүмкiн. Мұнда екi өлшемдi,
төрт бағаналары және жолдардың сандары өрiстердiң санына сәйкес келетiн
массив жоғарыда көрсетiлген толтыруларға ие болу керек. Мысалы, функция
AFIELDS() ашық дерек қоймасынан дәл осындай массивтi шығарады.
Мысалы: KADR.DBF қойманы құру
CREATE DBF kadr(FAM C(25), TAB N(3),;
DTR D,POL C(1), SEM C(1), DET N(1),;
PODR C(15), SZAR N(7,2), PER M)
Мұндай әдiс сiздерге программадан деректер қоймасын құруға ыңғайлы механизм
болатыны анық. Командалар макро алмастыруды қолдануға мүмкiндiк бередi.
Мысалы: Қойманы толықтыру
INSERT INTO ДҚ-файлы [(өрiс1 [,өрiс2[,...])]
VALUES (өрнек1 [,өрнек2[,...]])
Команда өрнектi қолдана отырып VALUES сөзiнен кейiнгi аталған
дерекқор файлы соңына жазбаларды қосады. Егер өрiс аты көрсетiлмеген
болса, өрнек тiзбектелген дерекқор өрiстерiне оның құрылымына
сәйкестендiрiлiп жазылады.
Бұл команданың басқа формасы
INSERT INTO ДҚ-файлы массив FROM MEMVAR
Көрсетiлген массив (опция ARRAY) құрамындағы деректердi немесе
уақыттық айнымалылардағы (MEMVAR опциясы) деректердi көшiредi. Мұндай
айнымалылар бар болуы керек және олардың аттары дерекқор өрiстерiнiң
аттарымен сәйкес келуi керек (М префиксiмен). Мұндай айнымалылар, мысалы,
SCATTER MEMVAR командасы бойынша өңдiрiледi. Сәйкес аттары жоқ өрiстер бос
күйде қалады.
Сөйтiп, INSERT командасы APPEND BLANK және REPLACE қос командларына
сәйкес болып келедi.
Келесi командада KADR.DBF дерекқорда FAM, TAB және SZAR өрiстер үшiн
деректерi бар жаңа жазбалармен толықтырылады.
.INSERT INTO kadr (fam, tab, szar) VALUES (‘Петров В.П’,860,5600)
Толықтырылатын дерекқор команданың орындалу кезiнде ашылмауы да мүмкiн,
бiрақ та бұдан кейiн ол ашық және белсендi күйде қалады.
Дерекқор сұратуларын қалыптастыру
Бұл команда сұратуларды өңдеудiң мықты құралы болып табылады. Осының
көмегiмен қойма-көзiнен қажеттi деректер бөлiнедi және экранға немесе файл-
қабылдағышқа жiберiледi. Деректер әртүрлi қоймадан алынуы мүмкiн және де
қалаған түрде топтастырылған және қалыпталған бола алады.
Команда көптеген мүмкiндiктерге ие. Осыны ескере отырып, оның
синтаксисiн келтiрейiк.
SELECT не шығарылады
FROM қайдан (көзi) INTO қайда (қабылдағыш)
WHERE қандай шарттарға жауап беруi керек
GROUP BY топтастыру орындалатын бағаналар
HAVING бiр жолға жазбаларды топтастыру шарты
ORDER BY деректердi қайсы тәртiппен шығарады
SELECT командасы және SQL командалары өзi де FoxPro ортасының ағымды күйiне
аз бағынышты. Олар өздерiне керектi деректер қоймасын және индекстi
файлдарды өздерi ашады.
Егер команданың орындалуы үшiн қажеттi индекстерi жоқ болса, онда олар
құрылады, ал команданың аяқталуы кезiнде жойылады. Бiрақ, дайын
индекстердiң пайдаланылғаны жақсы болар едi, бұл үшiн олар ашық болуы қажет
(компакты индекстер қолданылады).
Сәйкес деректер қоймасының ашылуы индекстi де ашады.
(Мысалы, SELECT командасының көмегiмен).
Ендi оның толығырақ форматын қарастырайық.
SELECT
[DISTINCT][псевдоним] өрнек [AS бағана]
[,[псевдоним] өрнек [AS бағана]...]
FROM ДҚ [,ДҚ...]
[[INTO қабылдағыш][TO FILE файл
[ADDITIVE]TO PRINTER]]
[NOCONSOLE][PLAIN][NOWAIT]
[WHERE байланыс шарты]
[AND байланыс шарты...]
[ANDOR iрiктеу шарты...]
[ANDOR iрiктеу шарты...]]]
[GROUP BYбағана[,бағана...]]
[HAVING iрiктеу шарты
[ORDER BY бағана [ASCDESC][,бағана[ASCDESC]...]
Реляциялық дерекқорды жобалау
Деректердiң реляциялық моделi – деректердiң кестелiк құрылымынан осы
кестелерге байланысты тұтастық ережелерiнен және деректермен жұмыс iстеуге
арналған көптеген операторлардан тұратын модель.
Деректердiң реляциялық моделiнiң кестесi формальдi түрде қатынас
(ағылшын тiлiнде relation) деп аталады. Қатынас әрқайсысы “атрибут-мән”
түрiндегi жұптар жиыны болып табылатын кортеждерден тұрады. “Кортеж” мәнi
түсiнiктiрек болу үшiн, оны “жазба” немесе “қатар” деуге болады.
“Атрибут-мәнi” жұбы мағынасын “өрiс аты - өрiс мәнi” деп талдауға
болады.
Атрибут – болмыстың (қатынастың) қасиетi немесе сипаттамасы.
Болмыс – байланыс моделi (Entity-Relationship) – берiлген пәндiк
аймақтағы дерекқордың семантикасы мен логикасын бейнелейтiн формальдi емес
модель. Болмыс-байланыс моделiн – моделденетiн формальдi емес әлем мен
реляциялық модельдiң формальдi әлемi арасында жалғаушы ретiнде де қолдануға
болады. Дерекқорды жобалау кезiнде талданатын пәндiк аймақты болмыс және
байланыс деп бөлiп қарастырған жөн.
Болмыс – ол өмiрде бар және өзiндiк айырықша қасиетi бар нәрсе. Болмыс
ретiнде нақты бiр заттар бола алады, мысалы, машиналар, оның тетiктерi
(детальдары) немесе қызметкерлер, алайда болмыс та абстрактiлi болуы мүмкiн
мысалы, мәселелер немесе мақсаттар.
Болмыстар түрлi сипаттар мен қасиеттерге ие және оларды дерекқорда
көрсету керек. Реляциялық модель терминдерiнде бұл қасиеттердi атрибут деп
атайды.
Байланыс – екi немесе одан да көп болмыстар арасындағы бiрлестiк
(ассоциация). Кез-келген бинарлы Е1 және Е2 жиындар болмысының арасындағы
қатынастар үшiн келесi төрт түрлi сәйкестiктердiң бiреуi орындалуы мүмкiн:
1) Бiрден-бiрге (өзара бiр мәндi сәйкестiк): Е1 жиынының әрбiр
болмысына Е2 жиынының тек бiр болмысына Е1 жиынының тек бiр болмысын
сәйкес келтiруге болады;
2) Бiрден-көпке: Е1 жиынының әрбiр болмысын Е2 жиынының кез келген
болмысын сәйкестендiруге болады, бiрақ Е2 жиынының кез келген
болмысын Е1 жиынының тек бiр болмысын сәйкес келтiруге болады.
3) Көптен-бiрге: Е1 жиынының кез келген болмысын Е2 жиынының тек бiр
болмысын сәйкес келтiруге болады, бiрақ Е2 жиынының кез келген
болмысын Е1 жиынының кез келген болмыс санына сәйкестендiруге
болады.
4) Көптен-көпке: Е1 және Е2 жиындарының әрбiр болмыстарына басқа жиын
кез келген көлемдегi болмыстарын сәйкестендiрiп қоюға болады.
Сәйкестiктер деректердiң семантикалық типтерiн анықтайды. Бұл
дерекқорға, байланысқа модельденетiн объектiлер мәнiмен енгiзiлген
нақты әлемнiң шектеулiктерi.
Болмыс-байланыс диаграммасы. Болмысты және олардың арасындағы
байланысты болмыс-байланыс диаграммасы (Entity-Relationship) немесе ER-
диаграммасы көмегiмен бейнелеуге болады. Болмыс-байланыс диаграммасы
дерекқордың логикалық құрылымының графикалық бейнесi болып табылады.
Болмыстың BER-диаграммасы үшбұрыш түрiнде, ал атрибуттары шеңбер түрiнде
бейнеленедi. Атрибуттар түзу сызық кесiндiлерiмен байланысқан.
Суперкiлттер. Жиынның әрбiр болмысын ерекше түрде идентификациялайтын
атрибутты немесе бiрнеше атрибуттар жиынтығын суперкiлт деп атайды.
Кiлт-Кандидат. Әрбiр болмысты идентификациялауға жеткiлiктi минимальдi
атрибуттардан тұратын және құрамында басқа артық элементтер жоқ суперкiлт,
кiлт-кандидат деп аталады.
Бастапқы кiлт. Жүйеде болмыстарды өзара ажыратуға кепiлдiк беретiн кiлт-
кандидат бастапқы кiлт деп аталады.
Сыртқы кiлт. Бiр кестенiң басқа кестенiң бастапқы кiлтiне нақты түрде
сәйкес келетiн бiр немесе бiрнеше бағаналарын сыртқы кiлттер деп атайды.
Дерекқордың болмыстар бойынша тұтастығы. Бастапқы кiлттiң белгiсiз
компоненттерiне тыйым салу болмыстар бойынша тұтастыққа кепiлдiк бередi.
Болмыстар бойынша тұтастық дерекқордың тұтастығын қамтамасыз етудегi
негiзгi шарт.
Дерекқордың сiлтемелер бойынша тұтастығы. Сiлтелiнетiн кестедегi
кiлттiң мәнiне сыртқы кiлттердiң мәнi нақты және толығымен сәйкес келу
сiлтеме бойынша тұтастық деп аталады. Сiлтеме бойынша тұтастық шарты
деректер қоймасында тұтастықты қамтамасыз етуде екiншi шарт болып табылады.
Дерекқордың автоматтандырылған басқару жүйелерiн жобалау
1. Деректердi өңдеу жүйесiн (нақты бiр пәндiк аймақ үшiн) жобалау үшiн
дерекқорды басқару жүйелерiн (ДҚБЖ) талдау және таңдау;
2. Қолданбалы есептi шығару үшiн реляциялық дерекқорды жобалау;
3. Берiлген есептеу торабының құрылымына арнап үлестiрiлген деректер
жүйесiн жасау;
4. Қолданбалы есептi мысалға ала отырып, түрлi деректер құрылымын бағалау;
5. Дерекқордың ақиқаттылығын жоғарылатудың тиiмдi әдiстерiн жасау;
6. Ақпараттық қойма деректерiнiң құпиялығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiн тиiмдi әдiстерiн жасау;
7. Берiлген ДҚБЖ-iн қолдана отырып, дерекқордың автоматтандырылған iш
жүйесiн құру;
8. Дерекқорды жобалау үшiн бастапқы деректердi талдау және дайындау
әдiстерiн жасау;
9. Ақпараттық қоймада деректердi қорғау әдiстерiн қолдану;
10. Ақпараттық қойма деректерiнiң сөздiгiн жобалау.
АБЖ-ң (АСУ) ақпараттың қамтамасын жобалау - қолданбалы есептердi шешу
мақсатында дерекқорды есептеу техника жабдықтарымен автоматты түрде өңдеуге
арналған тиiмдi дерекқорды құру процесi.
Қазiргi уақытта ақпараттық қамтамаларды жобалау және эксплуатациялау
процесiнде дерекқорды тиiмдi түрде ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз
ететiн дерекқор басқару жүйелерi (ДҚБЖ) кеңiнен қолданылады.
Сонымен қатар, дерекқорды тiкелей жобалау, оның логикалық құрылымы,
деректер арасындағы қатынас құру, деректердi ерекшелеу және құрылымдау
процесi құрастырушы еншiсiне тиедi.
Сондықтан дерекқорды жобалау процесi ең қиын процесс болып табылады.
Дерекқорды жобалау — құрастырушының iс тәжiрибесiнiң кең болуын және
дерекқор жасалатын ортадағы пәндiк аймақта жоғары бiлiмдi болуын талап
ететiн күрделi, көп сатылы процесс.
Дерекқорды жобалау сатылы түрде iске асады.
Бiрiншi сатыда алға қойылған мәселе және оған қатысты пәндiк аймақ
талданады, есептi шешуге қажеттi атрибуттар, сонымен қатар деректердi өңдеу
процедуралары анықталады. Объектiлер (элементтер) арасындағы болмыстар мен
байланыстар, сәйкестiктер анықталады.
Екiншi сатыда – алынған деректердiң болмыс-байланыс диаграммасы (ER-
диаграмма) құрылады. Бастапқы кiлттер, кiлт-кандидаттар, суперкiлттер
анықталады.
Үшiншi сатыда – ER-диаграмма реляциялық модельге түрлендiрiледi. Осы
мақсатта ER-диаграмма болмыстары және байланыстары кестелерге
ауыстырылады. Сыртқы кiлттер анықталады, сiлтемелер бойынша тұтастық
шарттары анықталады, деректердiң болмыстар бойынша тұтастығы
нақтыланады.
Төртiншi сатыда - қойылған қолданбалы мәселенi шешу үшiн дерекқордың
жобасы қалыптастырылады және ол есептеу жүйесiнiң жадысына жүктеледi.
Деректердi қорғау және оның қауiпiсiздiгi мәселелерi қолданбалы
мәселенi шешуге қойылатын талаптар ескерiлiп шешiледi.
Автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң техникалық
қамтамасын жобалау
1. Максимальдi сенiмдiлiктi қамтамасыз ететiн бiртектi есептеу жүйесiн
жобалау;
2. Тораптың оптимальдi топологиясын жобалау әдiстерiн жасау;
3. “Клиент-сервер” сәулеттi есептеу торабының құрылымын жобалау;
4. Көппроцессорлы жүйесiнiң деректер өңдеуi бойынша есептi оптимальдi түрде
үлестiру;
5. Берiлген автоматтандырылған басқару жүйесi үшiн есептеу жабдықтарын
талдау және таңдау;
6. Кәсiпорынның автоматтандырылған басқару жүйесi үшiн жергiлiктi есептеу
торабын жобалау;
7. Автоматтандырылған басқару жүйесi үшiн үлестiрiмдi есептеу торабын
жобалау.
Қазiргi кезде есептеу техника жабдықтарын өндiрушiлер бiр- бiрiнен
өнiмдiлiгi, сәйкестендiру әдiстерi, платформалары және де басқа
сипаттамалары бойынша ерекшеленетiн есептеу техника жүйелерiнiң кең
спектiрiн шығарумен.
Сондықтан, құрастырушылар есептеу жабдықтарын және олардың
сипаттамаларын немесе ЭЕМ торабын автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң
нақты жобасын тиiмдi түрде қанағаттандыратындай етiп таңдау керек.
ЭЕМ тораптарын жобалау кезiнде техникалық сипаттамалармен қатар,
торапты қолданатын программалық жабдықтар шектеулерi мен мүмкiндiктерiн де
ескеру қажет.
Сонымен, курстық жұмыс (жоба) мәселесiн қоюдың және шешудiң негiзгi
сатылары процесстi мазмұнды түрде баяндаудан, бастапқы деректердi
жүйелендiру және анықтаудан; математикалық модельдi жасаудан; шешiм
алгоритмiмен программаны жасаудан; алынған нәтижелердi ЭЕМ-де есептеу және
талдаудан; есептеу жабдықтарын таңдаудан; автоматтандырылған басқару
жүйелерi үшiн есептеу жүйесiнiң құрлымын және құрамын жасаудан тұрады.
3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР ЖӘНЕ
НҰСҚАУЛАР
3.1 Курстық жобалау мақсаты
Автоматтандырылған басқару жүйелерiн жобалау үшiн “Дерекқор жүйелерi”
пәнi бойынша курстық жұмыстың (жобаның) мақсаты студенттердiң
(тыңдаушылардың) осы пәндi оқу процесiнде, сонымен қатар, күрделi жобаларды
орындау кезiнде алған практикалық бiлiмдерiн бекiту мен тереңдету.
3.2 Жобаға қойылатын негiзгi талаптар
Курстық жұмыс (жоба) жетекшi берген индивидуальдi тапсырма негiзiнде
орындалады және есептеме-түсiндiрмелiк және графикалық бөлiмдерден тұрады.
Есептеме-түсiндiрмелiк жазба мазмұны келесiлерден тұрады: титулдық
бет, курстық жобаның тапсырмасы, жоба тарауларының тақырыптары, кiрiспе,
мәселелердiң мазмұнды қойылымы, қойылған мәселенi шешуге арналған модельдiң
немесе әдiстiң баяндамасы, есептi шешу алгоритмiнiң баяндамасы, есептi шешу
программасының және ЭЕМ-де есептелген нәтижелердiң баяндамасы, есептi
шешудiң бақылау және практикалық мысалдың баяндамасы, алынған
нәтижелердiң анализi және жоба бойынша негiзгi қорытындылар, жобаның
экономикалық негiздемесi, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, жоба
қолданбалары (қолданбалар ретiнде алгоритмдердiң және программалардың блок
схемасы, техникалық жабдықтар және олардың жеке түйiндерi комплексiнiң
схемасы, диаграмма-графиктер, ЭЕМ-дегi экспериментальдi есеп нәтижелерi
және программа мәтiнi болады).
Графикалық бөлiмiне курстық жобаның мазмұнын бейнелейтiн сызбалар
кiредi. Сызбаларда курстық жобаны қорғауға қажеттi көрнектi материалдар
келтiрiледi.
Құрылым және ақпараттық ағым схемалары, алгоритмдер мен
программалардың блок-схемалары, графиктер мен диаграммалар, эксперименттi
деректер енгiзiлген кестелер, есеп қойылымының математикалық моделi (қажет
болған жағдайда).
Есептеме-түсiндiрмелiк жазбаның көлемi 15-30 бет болу керек. Графикалық
бөлiм 24-шi форматты 2-4 беттен тұруы керек.
Курстық жұмысты (жобаны) орындау кезiнде курстық жұмыстың
индивидуальдi тапсырмасы, курстық жұмыс (жоба) жетекшiсiнiң нұсқаулары мен
ұсыныстары, осы әдiстемелiк нұсқау, лекция конспектiлерi, ұсынылған
әдебиеттер ескерiлiп, негiзге алынады.
3.3 Курстық жұмысты (жобаны) орындау тәртiбi
Курстық жұмыс (жоба) индивидуальдi тапсырма негiзiндегi күнтiзбелiк
графикке сәйкестендiрiлiп орындалады. Күнтiзбелiк графикте – жобаны бастау
және оны өткiзу уақыттары, курстық жұмыстың орындалу барысын анықтап
тұруға арналған бақылау мерзiмдерi көрсетiлген.
Курстық жұмыс (жоба) келесi тәртiппен орындалады:
1) Курстық жоба бойынша индивидуальды тапсырма түсiндiрiледi және
талданады.
Тапсырма келесiлерден тұрады:
- қойылған мәселенi бiр қалыпқа келтiруге немесе оның математикалық
моделiн (қажет болған жағдайда) құруға мүмкiндiк беретiн мазмұнды
қойылымы;
- қойылған мәселенiң көрнектiлiгiн және анықтылығын қамтамасыз
ететiн құрылым және ақпараттық ағым схемалары;
- математикалық модельдi (қажет болған жағдайда) немесе мазмұнды
қойылымды нақты шешiмге келтiруге мүмкiндiк беретiн сандық
деректер;
- берiлген сандық деректермен қойылған мәселенi шығаруға таңдалған
әдiс;
- курстық жұмысты (жобаны) орындауға қажеттi әдебиеттер тiзiмi және
лекциялық курстың бөлiмдерi.
2) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz