Жанұя



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Жанұя ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
II. Ерлi.зайыптылардың бiр.бiрiне деген сыйластығы ... ... ... 18
а/ ер адамның әйелiне деген мiндетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
ә/ әйел адамның ерiне деген мiндетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
III.Әке.шешенiң балаларына деген сүйiспеншiлiгi ... ... ... ... ... ... 46
IV.Балалардың әке.шешесiне деген сүйiспеншiлiктерi ... ... .. 53
V. Бауырлардың бiр.бiрiне деген сыйластығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
Ислам дiнiнде отбасына айрықша көңiл бөлiнедi. Отан — отбасынан басталады десек, әрбiр отбасындағы бiрлiк, татулық елiмiздiң тыныштығы боп есептеледi. Сондықтанда әрбiр денi сау, ақыл-есi бүтiн азаматтың шаңырақ көтерiп, өмiрге перзент әкелуi мiндеттi де.
Ислам дiнi ұрпағының келешегiн ойлап, болашағына жете мән беретiндiктен де некенiң адал болғанын қалайды.
Өйткенi отбасы құрмай бақытты өмiр сүрудiң мүмкiн еместiгiн, ақ некеге мән берiлмесе адамдар рухани азғындыққа бой ұрғызып, жаман iстердiң көбеюiн жеткiзедi. Исламда неке екi дүниенiң куәсi болып табылады. Екi жас бiр-бiрiне Алла алдында серт берiп, бiр-бiрiне деген адалдықтары бекiтiледi.
Бiздiң мақсатымыз — ақ некенiң мән-мағынасы мен маңызын, жастарға берер тәрбиелiк мәнiн жан-жақты түсiндiрiп, ақ некенiң әрбiр адамды `харам` iстен арашалап, ар-намысын қорғайтындығын түсiндiру, жеткiзу.
Атамыз қазақтың “Үйлену — оңай, үй болу — қиын” деген асыл қағидасын бағамдай алмай қалдық па, қазiргi кезде ажырасу көбейiп, күрделi мәселеге айналып бара жатыр. Шиленiскен жiптей боп түйiнi табылмай жатқан нарық кезеңiнде отбасы бiрлiгiнiң бұзылуы да жиiлеп кеткен тәрiздi.
Негiзiнен некенiң бұзылуы, шаңырақтың шайқалу себебi неден ?
Байқап, бажайлап қарасақ, көп себептiң бәрi бiрдей бiзге таңсық емес екен. Бiрiншiден, бiрiн-бiрi түсiнiсiп, сыйламаған жұптың бақыты еш баянды болмайды. Екiншiден, еркектердiң маскүнемдiкке салынуы. Үшiншiден, заманның ауырлығы, жетiспеушiлiк және жоқшылық ерлi-зайыптылардың жанын бiрдей күйзелтедi. Мiне, осы тақылеттес жағдайлар бiр-бiрiн шаршатып, дiңкелеген жандарды ажырасуға дейiн алып келедi.

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
I. 8
Жанұя ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
II. Ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне деген сыйластығы ... ... ... 18
а ер адамның әйелiне деген мiндетi 34
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ә әйел адамның ерiне деген мiндетi 39
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
III.Әке-шешенiң балаларына деген сүйiспеншiлiгi 46
... ... ... ... ... ...
IV.Балалардың әке-шешесiне деген сүйiспеншiлiктерi ... ... .. 53
V. Бауырлардың бiр-бiрiне деген сыйластығы 73
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды 76
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер 79
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

КIРIСПЕ

Ислам дiнiнде отбасына айрықша көңiл бөлiнедi. Отан — отбасынан
басталады десек, әрбiр отбасындағы бiрлiк, татулық елiмiздiң тыныштығы боп
есептеледi. Сондықтанда әрбiр денi сау, ақыл-есi бүтiн азаматтың шаңырақ
көтерiп, өмiрге перзент әкелуi мiндеттi де.
Ислам дiнi ұрпағының келешегiн ойлап, болашағына жете мән
беретiндiктен де некенiң адал болғанын қалайды.
Өйткенi отбасы құрмай бақытты өмiр сүрудiң мүмкiн еместiгiн, ақ
некеге мән берiлмесе адамдар рухани азғындыққа бой ұрғызып, жаман iстердiң
көбеюiн жеткiзедi. Исламда неке екi дүниенiң куәсi болып табылады. Екi жас
бiр-бiрiне Алла алдында серт берiп, бiр-бiрiне деген адалдықтары
бекiтiледi.
Бiздiң мақсатымыз — ақ некенiң мән-мағынасы мен маңызын, жастарға
берер тәрбиелiк мәнiн жан-жақты түсiндiрiп, ақ некенiң әрбiр адамды `харам`
iстен арашалап, ар-намысын қорғайтындығын түсiндiру, жеткiзу.
Атамыз қазақтың “Үйлену — оңай, үй болу — қиын” деген асыл қағидасын
бағамдай алмай қалдық па, қазiргi кезде ажырасу көбейiп, күрделi мәселеге
айналып бара жатыр. Шиленiскен жiптей боп түйiнi табылмай жатқан нарық
кезеңiнде отбасы бiрлiгiнiң бұзылуы да жиiлеп кеткен тәрiздi.
Негiзiнен некенiң бұзылуы, шаңырақтың шайқалу себебi неден ?
Байқап, бажайлап қарасақ, көп себептiң бәрi бiрдей бiзге таңсық емес
екен. Бiрiншiден, бiрiн-бiрi түсiнiсiп, сыйламаған жұптың бақыты еш баянды
болмайды. Екiншiден, еркектердiң маскүнемдiкке салынуы. Үшiншiден, заманның
ауырлығы, жетiспеушiлiк және жоқшылық ерлi-зайыптылардың жанын бiрдей
күйзелтедi. Мiне, осы тақылеттес жағдайлар бiр-бiрiн шаршатып, дiңкелеген
жандарды ажырасуға дейiн алып келедi.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң с.а.с. хадистерiнде: “Алла алдында болатын
iстiң ең сорақысы, әрi жазалауға лайығы ерлi-зайыптылардың ажырасуы”, —
деген.
Нелiктен сүйiп қосылған екi жас жыл жарым өтпей жатып ажырасады ?
Ал, бiз оны көбiне бiр ауыз жалпақ тiлмен түсiнiспеушiлiк деп
табамыз. “Түсiнiспедiк, мiнезiмiз жараспады” деген сияқты себептер неке
бұзу туралы арыздарда көптеп кездеседi.
Республика бойынша жыл сайын ерлi-зайыптылардың 1,4 пайызы ажырасса,
соның кесiрiнен 18 жасқа дейiнгi 700 000 бала ата-анасының бiрiнен
айырылады. Соңғы мәлiметтер бойынша қазiргi кезде ай сайын 1000 жұптың 14-i
айырылысатын көрiнедi.
Ажырасу туралы арыз жазатын көбiне әйел адамдары боп келедi. Өйткенi
отбасындағы қиыншылық ең алдымен әйелдiң басына түседi. О баста Хауа ананы
сайтан азғырып, жәннаттан тайырды, оның игiлiктерiнен айырды.
Әйел затының күйкi тiрлiгi мен күйбеңi әлi күнге дейiн еншiлерiнде.
Адам ата мен Хауа ана күнә жасағанда Алла оларға: “Бiрiңе бiрiң қас
болып, жерге түсiңдер”[1], - дедi.
Ерлi-зайыптылардың бiр байламға келе алмай, ажырасу себебi де харам
iс пен күнәнiң жасалуынан. Әйтпесе, әрбiр әйелдiң ең ардақты арманы жар
сүйiп, Ана болу емес пе? Сондай-ақ әйел еркектiң екiншi жартысы саналады,
күйеуiнiң өмiрiн екi есе жеңiлдетедi.
Ислам дiнi әйелге ерекше құрмет, ықыласпен қарауды жүктейдi. Әйел
затына әуелi Ана ретiнде қарап, барынша мейiрiм төгудi, оларға зорлық
жасамауды және мұра ретiнде пайдалану (бiреуден бiреуге ауысып тұратын зат
ретiнде) мұсылмандарға жат iс деп қарайды. Егер ерлi-зайыптылар бiр-бiрiне
асқан сүйiспеншiлiкпен қараса, Алла тағала да оларға ерекше мейiрiм төгедi.
Пайғамбарымыз: “Үйленiңдер, ұрпақ көбейтiңдер ! Мен ақирет күнiнде
сендердiң көптiктерiңдi айтып мақтанамын”,- дейдi, және де “Үйленiп, ақ
некесiн қиғандар дiннiң жартысын қорғайды”, - деп айтқан. Өйткенi ақ неке
әр бiр адамды харам iстен арашалап, жұбайлық жұптастықты баянды етедi.
Құран Кәрiмде ерлi-зайыптылардың мiндетiн, бiр-бiрiне сенiмдi де адал
болудың жолын түсiндiредi. Ал шариғат жолымен неке қияр алдында ерлi-
зайыптылардың болашағына қажеттi, рухани азық болар дауағат айтылады.
Жастарға жақсы мен жаманды, харам мен халалды, лас iстен бойды аулақ ұстау
керектiгiн түсiндiредi, әрi ақ некелерiнiң куәсi болып бүкiл туған-туыс,
жора-жолдастары жиналады. Бiлмеген, естiмеген нәрселерiнен ғибадат алады.
Дауағат тыңдағандар жамандық атаулының тек қана имансыздықтан туатынын
бiледi. Сондықтан да шариғат жолымен қиылған ақ некенiң тәрбиелiк мәнi мен
сауабының тереңдiгiн түсiнуiмiз қажет.
Бiздер Исламның құрметтi орны мешiтке қидырған некенiң сауапты да
пайдалы екендiгiн жете түсiне алмай жатқандаймыз. Өркениеттi елдерде некенi
мiндеттi түрде ғибадат орындарында қияды. Мұның басты мәнi — жастарды Алла
алдында дiнiмiзге, өзiнiң болашақ өмiрлерiне, имандылыққа және т.б.
iзгiлiктерге көзқарастары нығаяды.
Ал, шаңырақтың шайқалуы, ерлi-зайыптылардың кездескен қиындықтарға
шыдамай, бiр-бiрiне қадiрсiз болуы да иманның жоқтығы, Құдайдан қорықпай,
айналасына, ертеңiне көз жұма қарауы. Мұның бәрi дiннен хабарсыз қараң
жастардың адасуы.
Жанұядағы бар ауыртпалық әйел-аналардың еншiсiнде. Отбасының бар
ауыртпалығын көтерiп, қиын-қыстау уақытта ер-азаматша мойнына алып, ерi мен
балаларына сүйiктi жар-ана бола бiлген, қоршаған ортасының мейiрiмiне
бөленген, өзiне ғана тән әсемдiк пен нәзiктiктен жаралған әйел-ана жөнiнде
бiз II-тарауда толығырақ тоқталып өтемiз.
Отбасының да, баланың да мерейi — әке. Өйткенi ол — отбасының
қорғаны, қамқоршы панасы. Әкенiң аяулы алақаны, ыстық мейiрiмi, жылы жүрегi
баланы барынша бақытқа бөлейдi. Оның асыл бейнесi асқар таудай биiк
көрiнiс, көңiлiне медет, iсiне бағдар сiлтер тiрек болып, әкеге ұқсауды,
әкеге тартуды әр бала өзiне нысана ғып белгiлейдi емес пе ? Осы жөнiнде
және отбасындағы ер адаманың мiндеттерi жөнiнде II-III-IV тарауларда, ал
отбасындағы бала тәрбиесi, баланың бауырларына, туған-туысқандарына деген
сүйiспеншiлiгi жөнiнде V-тарауда толық тоқталып өтемiз.
Сонда бұл жерден түйер ой, ата-ана мен бала мәселесiн бөле-жара
қарауға болмайды. Үйдегi келеңсiздiктердi күнделiктi көрiп, ұрыс-керiске
куә боп жүрген бала әкеге көңiлi қалып, қатыгез боп өспесiне кiм кепiл.
Сондықтан да, осындай келеңсiз көрiнiстерден айырылу үшiн, бақуатты отбасын
құра отырып қуатты қоғам құру үшiн, қазiргi жастарымызға ислам дiнiн
уағыздап, оны толық, жете түсiнуiне жағдай жасап, тәрбиелеу керек.

I. ЖАНҰЯ

Жанұя тiршiлiгi, қоғамның қуат тiршiлiгi. Исламда жанұя ұйымы өте
маңызды. Жанұя мүшелерi, әуелi ер және әйелден, бұлардың бала-шағасының
құрамымен құрылған.
Жанұя әке-шеше және балалардан ортада пайда болған. Ерлi зайыптылар
тарапынан құрылған отбасы қоғамның қуаты, ұлтымыздың iрге тасы. Ұлт
дегенiмiз - үлкен бiр қоғам, жанұяның бiр араға келуiнен пайда болған.
Дiнiмiз ұлтпен бiрлiк және бiрге күштi және қуатты болуына үлкен мән
берген. Бiр жанұяның жақсы болуы, оның ортаға әкелген жақсылығымен және
қажеттi бөлiктерiнiң саулығы мен мүмкiн болғаны сияқты, ұлттың күштi және
қуатты болуы да оның ортаға келуi жанұялардың жақсы болуына байланысты.
Жанұя, дiни және аһлақи тақырыптарда алған мәлiметтiң бергенi, ұлттық
және рухани құндылықтарды iске асуы; әдет-ғұрыптың жасалғаны бiр мектеп
һалiнде.
Адамның бақыттылығы өз ұясында қалған рахат және тыныштық, тек жанұя
мүшелерiнiң бiр-бiрiне деген мiндеттерiнiң орнына келуiмен қуатты болады.
Осы себептен жанұя мүшелерiнiң өздерiне байланысты мiндеттердi жақсы
бiлулерi және аһлақи (мiнез-құлқы) мiндеттердiң орындалуы, жанұя тыныштығы
және ұлттың пайда болуына үлкен бiр пайда әкеледi. Жанұяның негiзi неке
актiмен құрылған. Дiнiмiз үйленiп, ұя құруға әмiр және тәусие еткенде,
жанұяның таралуына себеп болатын сөз және сенiмдердiң сақталуын қалаған,
керексiз жерге және уақытша рахат белгiсiнен босанып, жанұясын бұзбауы
жалған сенiм болғанын бiлдiрген.
Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай дедi: “Адам қашан үйленсе, дiннiң
жартысын тәмамдаған болады. Қалған жартысында Аллаһа қарсы келуден
сақтансын” деген.[2]
Тағы да Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай бұйырған: “йленуге шамасы
келе тұрып, үйленбеген менен емес (яғни менiң үмметiм емес)”.[3]
Отбасы, жанұя, семья барлығы бiр-бiрiне синоним сөздер.
Отбасы - адам баласының өсiп өнер қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын
бесiгi. “Бiрiншi байлық - денсаулық, екiншi байлық - ақжаулық”, яғни үй
болу, некелесу дейдi халық. Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай бұйырған:
“Төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннетiнен: қына жағу, хош иiстену, мисуақ
қолдану (тiстi таза сақтау) және үйлену”.[4]
Сонда некелесiп отау тiгу деген не ? — Бұл жiгiтпен қыздың ресми
праволық негiзде, яғни заңды түрде ерлi-зайыптылық қарым-қатынасқа түсуi,
қосылып үй болған екi жастың материалдық және жеке бас мүдделерi заңмен
бекiтiлуi. Мұны некелесу қыздың некеге тұрып, бiрiгуi - жеке отау тiгiп, өз
отбасын құруы.
Отбасы дегенiмiз — туысқандық байланыста болатын (күйеуi, әйелi,
балалары, ата-анасы, әжесi, т.б.) бiрлесiп, әлеуметтiк-тұрмыстық өмiр
сүретiн адамдар. Олар отбасында мемлекеттiк заңдармен ережелердi сақтайды.
Демек, некелiк-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихи, әлеуметтiк
және праволық мәнi бар.
Отбасы - некеге немесе қандас туысқандыққа негiзделген қоғамдық шағын
топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Ол — бiр-бiрiн шын
сүйетiн, бiр-бiрiне қамқор, ортақ шаруаны жүргiзу iсiне үлкендермен бiрге
балалар да ат салысатын, үлкендердiң де, балалардың да мұқтажы өтелiп
жататын бiр тұтас ұжым. Мұндағы өзара қарым-қатынас сүйiспеншiлiкке, ер мен
әйелдiң барлық жағынан да толық тең праволығына негiзделген. Әр ұрпақтан
құралса да отбасындағылардың туысқандығымен рухани жағынан тiлегi, мүддесi
бiр.
Оның үлкендерi мен кiшiлерi өздерiнiң өмiр тәжiрибелерiмен, еңбектегi
алатын орнымен ажыратылады, бiрақ олардың бәрi де ата ұрпақтың түтiнiн
жалғастырушылар. Балалар мен ата-аналар қуаныш-ренiшi ұштасып жатады.
Балалар ата-анасының еңбектегi iсiне көңiл бөлiп, оны түсiнуге тырысады.
Ата-аналарды баоаоарының күн сайын басынан кешiрiп отыратын жағдайларын
бiлiп отырады. Отбасының берiк негiзi мiне, осы рухани мүдденiң бiрлiгiнде.
Оның бiртұтас тату болуы, береке-бiрлiгi ең алдымен ата-ана мүддесiнiң мәнi
мен мағынасына, әке мен шешенiң бiр-бiрiне, балаларына, олардың достары мен
жолдастарына қалай қарайтындарына байланысты.
Бала жақсы адам болып өсуi үшiн ол күн сайын дерлiк отбасы мүшелерi
арасындағы ең жарасты, ең әдiлеттi қарым-қатынастарының куәсi болуы керек.
Ол ата-анасының өзiне қандай қамқоршы екенiн көрiп отыруымен қатар ата-
аналарының да өзара бiрiн-бiрi осылай қастерлейтiнiн аңғарады. Әке баладан
анасын сыйлауын талап етедi. Ал шешесi баласына әкесiн құрметтеуге, оны
немен, қандай iс-әрекет, мiнез-құлықпен қуантуға болатынын үйретуге
тырысады.
Отбасы шын мәнiнде тату-тәттi, үйленумен болса, одан адамгершiлiк пен
әдiлеттiлiктiң көрiнiсi таңғы шықтай мөлдiреп көрiнiп тұрады. Отбасының
бiрлiгi мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бiрегей адамгершiлiк
талаптарын, бiрегей саяси көзқарасты ұстануынан, соған орай өзара көмек
қарым-қатынасын, ерлi-зайыптылық және ата-аналық сезiмiн терең түсiне
бiлулерiнен көрiнедi.
Отбасының негiзгi мiндетi — баланы еңбекке, адамдар арасында өмiр
сүре бiлуге үйрету. Сондықтан отағасы мемлекет басшысы екенiн, ал балалары
сол мемлекеттiң азаматтары екенiн және бiр-бiрiне деген махаббатпен
сыйластықтың осы мемлекеттерiнiң негiзi екенiн түсiнгендерi абзал.
Отбасының аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi - жас ұрпақты жарқын сезiмдерге,
нұрлы мұраттарға тәрбиелеу. Жауапкершiлiк, достық, ар-намыс сезiмдерi,
негiзiнен ошақ қасында қалыптасады.
Отбасы - шағын ұжым. Оның басшыларының мiнез-құлықтарындағы олқылық
бала бойына күйкi, тұрпайы сезiм ұрығын ұялатады. Ата-аналар ұнамсыз
жайларға, тiптi уақытша болса да, бой алдыруына жол бермеуi тиiс. Өйткенi,
күйкi көрiнiстiң ықпалы лезде тамыр жайып, оның бойына мiнез болып
қалыптасуы ықтимал.
Отбасында бала тәрбиесiне терiс ықпал ететiн факторлардың бiрi - ата-
ананың iшiмдiкке бой алдыруы. Маскүнемдiктен туатын жиiркенiштi әдеттердi
жоюға тиiспiз.
Ата-аналардың өзара және олардың балаларға қатынасы жалпы
отбасындағы жағдай тұтастай алғанда, балалар үшiн өз алдына үлкен бiр
мектеп. Олар өз көргендерiн жолдастары арасында, мектепте, аулада,
есейгеннен кейiн еңбек ұжымдарында қолданады. Сондықтан да отбасындағы iшкi
қатынастардың әлеуметтiк үлкен мәнi бар.
Отбасы, оның барлық өмiртiршiлiгi, ата-ананың адамгершiлiк сенiмi мен
сезiмi, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға,
қоғамға деген көзқарастары - осылардың бәрi балаларға ұмытылмас терең әсер
етедi. Оған ақындардың, жазушылардың кейбiр шығармаларынан алынған мына
үзiндiлер куә:
Жан әке шертiп сезiм домбырасын,
Кеудемдi қуанышқа толтырасың,
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқартау боп сен тұрасың.
Ш. Қалдаяқов

Ыстық-ау кiм-кiмге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмiрдiң соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
А. Шәмкенов

Әлемнiң жарығын сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлiн жинадың сен маған.
Сен бердiң құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзiңе арналған.
Ғ.Қайырбеков
Ата-ана балаларын адамдарға деген құрметпен ризашылық сезiмiне
тәрбиелей отырып, оларға үлкендермен сөйлесе бiлудi үйретедi. олардың сөзiн
бөлмеудi, берiлген сұраққа жауап берудi, қиқаңдамауды, сыпайы “Сiз” деп
сөйлесудi талап етедi. Егер жақын адамдарына құрметпен қараушылыққа
отбасында үлкен мән берiлсе, онда ол тамырын терең жаяды.
Ата-ана ұлдары мен қыздарының зейiнiн олар үшiн iстелген семьядағы
үлкендердiң мейiрiмдi iсiне аударуы да қажет.
Ата-бабамыз семья тәрбиесiнде еңбекке көп мән берiп, ол туралы
қорытынды ойлар қалдырған: “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, өзi үшiн оттаған
айуанның бiрi боласың. Адамзаттың қарызы үшiн еңбек қылсаң, Аллаһын сүйген
құлы боласың” - деп еңбектiң адам баласының керегi, ел үшiн жұмсалуын өз
ойының қазығы етедi. Балаларды қолдарынан келетiн еңбекке араластыра
отырып, әке-шешесi олардың зейiнiн үлкендер еңбегiне аударады.
Үлкендердi құрметтеп, қадiр тұтуды, iлтипатты қарым-қатынаста болуды,
сыйласа бiлудi қазақтар отбасында берiк ұстанған. Мұны ғасырлардан ғасырға
ауысып келген мол нақыл сөздердiң өзiнен-ақ байқауға болады. Олардың бiрi:
“Үлкендi сен сыйласаң, кiшi сенi сыйлайды, кiшi сенi сыйласа, кiсi сенi
сыйлайды” - десе, екiншiсi: “Аға әдептi болса, iнi әдептi. Апа әдептi
болса, сiңлi әдептi” - деп ой қайырады; үшiншiсi: “Әдептiң не екенiн,
әдепсiз адамды көргенде ұғарсың” - десе, төртiншiсi: “Әдептi жiгiт өсiрсе,
ауылдың абыройы”, “Жiбек мiнездi қыз жұртқа жағады” - деп пiкiр түйедi. Осы
тек-тек мақал-мәтелдерiмiз қазақ шаңырағында әруақытта да әдептiлiктi
құрмет тұтқанын, сыпайы, кiшiпейiл адамды басқаларға үлгi-өнеге ете
бiлгендiгiн, жас ұрпақтың тәлiмдi, тәрбиелi болып өсуiне ерекше назар
аударатындығын айқын көрсететiнi хақ.
Қазақ дәстүрiнде жастардың үлкендер бар жерге адуындап кiрiп,
асқақатай сөйлеуi, сөкеттiк саналады. Ауыл ақсақалдарының қолын алу үшiн,
жастар атынан аулағырақтан түсiп, үйге дейiн жаяу аяңдап келген. Сырттан
жасы үлкен адам кiрген кезде орнынан тұрып қарсы алу, оларды атқа
қолтығынан демеп мiнгiзiп, сөйлесу, әңгiмелесу барысында iзет пен iлтипат
танытып отыру жасы кiшiлерге тән әдеп салттары болады. Осы орайда ата
жолын, қонақ кәденi, сыбағаны, жеңге назын, келiн iзетiн, күйеу мезетiн,
сәлем салуды, көңiл айтуды, тағы да басқаларға дем қойған ұл мен қыз
осындай ұғымдардың тек атын ғана емес, затында бiлуге талпынатынына шек
келтiруге болмайды.
Ата-ананың тәрбиесi бала мiнезiнiң iрге тасы. “Ұяда не көрсе, ұшқанда
соны iледi” - деп түйiндейдi. Бұл халық даналығы. Сондықтан балаға өмiрiнiң
алғашқы жылдарынан-ақ адамгершiлiк сезiмдерiн егудiң орны бөлек. Жастайынан
бойға сiңген мiнез басқа бiр зор күш әсерiнен болмаса, есейгенде де
сақталады. “Сүтпен бiткен мiнез, сүйекпен кетедi” - деген мақал, ең алдымен
тәрбие мәселесiне қаншалықты терең мән берiлетiнiн көрсетедi. “Тәрбие -
табалдырықтан басталады” - деген нақылдың өзi өмiрден алынған шындық.
Сондықтан да халық өмiр есiгiн ендi ғана ашқан бөбек тәрбиесiн бесiктен
бастайды. Бесiк жырында халқымыз өзiнiң сол бөбекке деген тiлегiн, үмiтiн,
жақсы азамат болып, өмiрден өз орнын тапса екен деген арманын бiлдiредi.
Ұрпақ тәрбиесiне айрықша мән беру сәби жүрегiн тербеп, адамгершiлiкке
жетеледi. Кең байтақ өлкемiзде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық,
әдептiлiк, көрегендiлiк, мейiрiмдiлiк, шарапаттылық, салтанат құрып,
үйлесiмiн тауып жатты. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өмiрiне серiк
етiп ұғынса, сыйласа, тiршiлiк ету бағытында нық ұстанған әдеп, тұрмыс-
салттарының ең көкейкестiсi. Мiне сол қымбат қасиеттердiң бәрi отбасы, ошақ
қасында бүршiк атып, бұтағын жаяды. Сондықтан да “Отан отбасынан
басталады”.
Отбасы тiршiлiгiнiң ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол
болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға не әпке басқарады. Олардың сөзiн,
ұйғарымын өздерi жерде қалдырмайды, ол үй-iшiнiң шылбыр-тiзгiнiн қолында
ұстаушыларда өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерiнiң пiкiрiн, тiлек
ұсыныстарын елеп, ескерiп отырса, бұл бiр жағынан, ортақ мүддеге қызмет
етедi, екiншi жағынан, тәрбиелiк, өнегелiк мәнi бар инабаттылық та болып
табылады.
Отбасының бейiл-береке, ынтымағы үшiн отбасының (басқарушының) әдiл
болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк ролi де зор. Ата-ана өз отбасын
нығайта отырып, сонымен бiрге оның балағатқа толған мүшелерiн үй болуға, өз
шаңырағын көтеруге әзiрлеуi басты әрi өте жауапты мiндет болып саналады.
Отбасының ұйытқысы, берекесi, мейiр-шапағат көзi — әйел. Әйелдiң бұл
ролi отбасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйiспеншiлiгiмен,
қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштық пен нығая,
биiктей бередi. Әрине, әйел де өзiнiң аналық борышын ұмытпағанда, әсiресе
ерiмен қабағы жарасып, тату, сүйiспеншiлiкте тұрғанда, оған деген
көзқарасында халқымыздың iзгi дәстүрiн, өнегелi өмiршең - салтын, дiни жол-
жосығымызды ескергенде, оның қадiр-қасиетi, бүкiл отбасын, ауылды, ағайын-
туысты топтастырушылық мәртебесi арта түспек. Жеткiншек ұрпақ мұны ұғып,
бiлiп өскенi абзал.
Әйелдiң ерiне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын
анықтайтыны берiк есте болуға тиiс. Мұның өзi, бiр жағынан, үй iшiндегi
әдептiң бастау алатын көзi екенi анық. Демек, “балалар үшiн әке беделi
аналарының сөзi, iс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады”. Мысалы: ерлi-
зайыптылар балалар көзiнше бiр-бiрiне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгiл,
дауыс көтерiп, керiсуге тиiс емес. Олай еткенде өз беделдерiн жоғалтудың,
бала-шағаның жүрегiн шошытып, зәресiн ұшырудың үстiне, олардың жанына кейiн
өздерi үй болғанда алдарынан шығатынын жаман әдеттiң ұрығын егедi. Бұл
жағынан аналардың балаларға: “Әкеңмен ақылдас”, “Әкең бiледi”, “Әкеңнiң
айтқанын iсте”, т.с.с. дәстүрiмiзде бар сөздердi айтып отыру қандай
ғанибет.
Ата-ананың бiр-бiрiнiң қадiр-қасиетiн осылайша ардақтап, беделiн
өсiруi, араларында өкпе-наз, кикiлжiң туа қалғанда, оны балалардан оңашада,
екеу ара шешiп отыруы шынайы инабаттылық, әдептiлiк болып табылады. Сонда
ғана олар үйдiң “қос алтын босағасы” дейтiн “халықтық шарапатқа лайық
биiктiктен көрiнбек”.
Ислам қағидаларында алтын ұя отбасының жоғары бағаланып, оның бала
тәрбиелеп өсiруiне бiрiншi дәрежелi мән берiлген.
“Муашарат әдәби” кiтабында көрсетiлгендей, шариатта: “Балалар — ата-
аналар қолына берiлген аяулы аманат” - делiнген[5]. Бұл ғажайып, құдайшылық
анықтаманы жадында ұстау былай тұрсын, әр үйдiң маңдайшасына жазып қоюға
тұрарлық. Балалардың өздiгiнен өмiр сүруге мүлде қабiлетсiз нәресте кезiнен
бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейiн жастық жолдары
өтетiн отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмiр айдынында жүзiп бара жатқан
қайыққа теңесек, оның қол ескегiн - әке мен шеше дер едiк. Әйтседе
отбасының өмiр отын лаулатып, отырған ошақ иесi әйелдiң орны да, еңбегi де
ала бөтен. Баяғының бiлiмпазы Ризауддин ибн Фахруддин: “Әйелдерi тәрбиелi
болған халық тәрбиелi, әйелдерi тәрбиесiз болған халық тәрбиесiз. Әйелдер,
үнемшiл, пысық, жiгерлi, талапты болса, халық бай; ал жалқау, салақ немесе
ысырапшыл болса, халық пақыр, кедей болады” - деп бекер айтпаса керек.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат нормаларының терең тамырланып, кең
жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбiр ұяның қос тiреуi ерлi-
зайыптылар өздерiне қатысты әдеп, адамгершiлiк талаптарын, хұқықтары мен
мiндеттерiн мүлтiксiз орындаса, бүкiл қоғамда, елде бейбiт те берекелi
тұрмысқа негiз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ
қамтамасыз етiлмек.

II. ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ БIР-БIРIНЕ ДЕГЕН СЫЙЛАСТЫҒЫ

Балағатқа жеткен жiгiт жар таңдағанда әуелi қыздың адамгершiлiк,
адалдық қасиетiне назар аударуы керек. Бұрын көрiп-бiлмеген қызға тек ата-
ананың қалауымен үйлене салуға болмайды.
Қыздың жасы, бойы, дәулетi, шыққан тегi күйеуiнен төмендеу тұрғаны,
ал ажар-көркi, мiнезi, әдептiлiгi, нәзiктiгi күйеуiнен жоғары тұрғаны
абзал.
Ерлi-зайыпқа тиiстi мiндет, бiр-бiрiне махаббат және құрметпен
үйлену, iрге тасын бiрге құрап, ұяны жамандықтан қорғау керек. Бұл үшiн
ерлi-зайыптының бiр-бiрiне қарсы хақ және мiндеттерiне құрмет етулерi үлкен
пайдасы бар.
Пайғамбарымыз:

“Бiр кiсi жұбайын жек көрмесiн, ұнамаған мiнездерi болса, оған қарсы
сүйсiнетiн мiнездерi де бар”[6] бұйырғандай, ердiң әйелiне сенуi,
шыдамдылықпен өмiр сүруiн қалаған.
Ерлi-зайыптының бiр-бiрiне қарсы жүктерi болғандай жанұя мүшелерiнiң
жейтiн, iшетiн, киетiн және басқа да ықтиаждарымен өмiр сүрулерi үшiн адал
жолмен жұмыс iстеп, оларға харам жолмен жегiзбеу керек. Кiсi жанұя ықтиажы
үшiн iстеген жақсылығы сауап болады.
Бұл жайында Пайғамбарымыз с.а.с. былай бұйырған:

“Аллаһ жолында жұмсаған ақша, бiр құлды азат етуге жұмсалған ақша
және жанұя мүшелерiне жұмсаған ақшаң жоқ па ? Бұлардың сауабының ең үлкенi
жанұяңа жұмсаған ақшаң”[7].
Жанұяның өмiр сүруiне немқұрайлы қарағандар жайында Пайғамбарымыз
былай бұйырған:

“Жанұяның өмiр сүруiне керек болғандарға немқұрайлы етуi бiреуге күнә
болады”[8].

“Отбасына қарау бiреудiң нафақасын қысу мен бiреуге күнә”[9].
Ерi әйелiне дiни уазифесiн оған үйретуге жәрдем етуi, кемшiлiктер
жiбермеуге тырысу керек.
Әйелдерге жақсы қараған адам жайында Пайғамбарымыз былай бұйырған:

“Муминдердiң иманының толығы аһлақының (мiнез-құлқының) ең жақсы
болғаны. Сiздердiң ең жақсыларыңыз, әйелiңiзге жақсы қарағаныңыз”[10].
Әйел, ерiне махаббатпен үйленедi, ерiне жаман көзқараста болмаулары
керек. Пайғамбарымыз бұл жайында былай бұйырған:

“Әрқандай бiр әйел, күйеуi әйелiне разы болған жағдайда өлсе,
жәннетке кiредi”[11].
Әйел күйеуiнiң тапқан табыстарын ысырап қылмауы, баласын тәрбиелеуде
күйеуiне жәрдем етуi керек. Әйел үйiнiң, отбасының намысын қорғауы керек.
Жанұяның тыныштығын бұзатын, таралуына себеп болатын нәрселерден алшақ болу
керек. Күйеуiне құрмет көрсететiн әйелдер жайында Пайғамбарымыз былай
деген: “Әйел бес уақыт намазын оқиды, рамазан айында ораза тұтады, намысын
қорғайды және күйеуiне мойынсынса өзiне “қай есiктi қаласаң, сол есiктен
жәннетке кiр” дейдi”[12].
Бiр-бiрiне жақсы қараған ерлi-зайыптылар жанұяда бақытты болады,
жамандықтар ұмытылады.
Егер әйел:
1. Туылуынан бедеу, бала көтермейтiнi анық болса;
1. бұрын тұрмыс құрған, ал екiншi рет күйеуге шыққанда тек
бұрынғы күйеуден қалған балалардың жолында екеуiнiң дүние
мүлкiн шашуды ғана ниет етсе;
1. өзiнiң байлығын, шыққан жерiнiң iрiлiгiн мақтап, мiндет етiп,
ерiн қорлауға дайын тұрса;
1. сыртқы ажар-көркi көз тартқанмен өзi ақылсыз, мiнезi шайпау
болса, ...
онда мұндай әйелден бойды аулақ салғанымыздың өзi жақсы.
Ер адамның әйелiне деген мiндетi қандай ?
1. Ерi әйелiн сыйлап, сүйiспеншiлiкке бөлеу керек. Бостан босқа жекiмеу
керек. Әйелiнiң әр қылығына кешiрiммен қарап, кең пейiлдiлiк көрсетсе
құба-құп. Әйел сенiң тұтқының емес. Тiптi тұтқынның өзiне мұсылман баласы
қайырымдылық көрсетуге тиiс.
1. Егер әйелi бiр деменi бүлдiрiп қойса, ерi бәрiбiр төзiмдiлiк танытқаны
дұрыс. Әйел шектен шығып, ұрыс-керiс бастаса, ерi оның арқасынан қағып
тұрып, “Әй, зұлым шайтан ! Тез арада менiң әйелiмнiң аппақ денесiнен
кет, қараңды батыр” - десiн. Шынында да әйелдi ессiз ашуға бастайтын ет
пен терiнiң арасына кiрiп алған шайтан емесiне кiм кепiлдiк бара алады ?
1. Ерi әйелiн, бала-шағасын асырауға, тамақ тауып берiп, киiндiруге
мiндеттi. Әрине, оның тапқан табысы ұрлық-қарлықтан емес, адал маңдай
терiнен болуы шарт.
1. Отбасының иесi — еркек. Отбасында тумай қоймайтын әрбiр мәселе ерiнiң
мақұлдауымен, ықтиярымен шешiледi. Осыны ұмыта бастаған әйелге әрдайым
ескерту жасап, есiне түсiрiп қоюдың артықшылығы жоқ.
1. Әйел жататын бөлмеге бiрге туғандары, бала-шағасынан басқа ерiнiң
рұқсатынсыз ешкiмнiң кiруiне рұқсат етiлмейдi.
Ал, әйелдердiң ерiне деген мiндетi қандай ?
1. Ерiнiң рұқсатынсыз бiр жаққа қыдырып кетуге, яки, қонақ шақыруға хақысы
жоқ.
1. Ерiнiң ықтиярынсыз оның мүлiктерiн, өзге де нәрселерiн (мәселен,
ақшасын, кiтабын, қалам-қағаз, т.б.) өзгелерге бере алмайды.
1. Әйел ешкiмнiң зорлауынсыз отбасындағы мiндеттерiн атқара беруге тиiс.
1. Ерiнiң қас-қабағына қарап, оның қуанышы мен қайғысына ортақ болуы керек.
Мәселен, ерi әлдеңеге ренжiп, қайғыға батып отырғанда әйелдiң ештеңе
ойламай жарқылдап күлiп жүргенi жарамайды.
1. Әйелi ерiнiң тапқанына қанағат тұтып, ерiнен артық нәрселердi талап
етпейдi.
Халқымызда “Бiрiншi байлық денсаулық, екiншi байлық ақ жаулық” - деп
келетiн ұлағатты сөз әйелдiң табиғи қадiрiн, оның адамзат өмiрiндегi үлкен
орнын көрсетедi. Әйел болмаса, өмiр де болмас едi. Өйткенi, адамзатты
дүниеге келтiрушi де, тәрбиелеушi де әйел-ана.
Әйел табиғат сыйлаған қасиеттерiмен, төзiмдiлiгiмен, икемдiлiгiмен
отбасы өмiрiндегi үлкен құрметке бөлендi. Шағын мемлекет атанған отбасы
мүшелерiнiң арасындағы қарым-қатынасты, отбасындағы тәртiптi реттеушi де
әйел. Отбасының рухани хал-ақуалы, көңiл күйi де әйелге байланысты. Мiне,
әйел басындағы игi қасиеттер ер-азаматтың өз қосағын жанының пейiшi, өмiрде
теңдесi жоқ жолдасы, сырласы деп, әйел махаббатын өмiр тiршiлiгiнiң нәр
берушi күшi деп қарауына сөзсiз ықпал жасады. Ер азамат қаншама атақты
болса да, оның көңiл-күйi әрқашан әйел махаббатына зәру.
Ер азамат өзiнiң қуанышын да, қасiретiн де әйел төңiрегiнен iздестiру
заңды сияқты. Өйткенi жарының адал махаббаты, тiршiлiктiң ұсақ-түйек
қалтарысында әйелдiң бекем болуы, семьялық өмiрдiң кедiр-бұдыр соқпағында
оның төзiмдiлiк пен шыдамдылық жасауы ер-азаматтың алаңсыз творчестволық
еңбек етуiне, өзiнiң бойындағы күш-қуатын толық пайдаланып, жiгерленуiне
сөзсiз жағдай жасайды. Зайыбының жақсы ықпалы ерiнiң өзiне деген, семьясына
деген сенiмiн молайтады. Ерi әйелiнiң қандай әлеуметтiк-қоғамдық жұмыс
атқарып жүрсе де өзiнiң семьядағы аналық, әйелдiк орнын ұмытпауын қалайды.
Семьяның материалдық та, рухани да талабын толығымен қанағаттандыру ерлi-
зайыптылардың екеуiне де ортақ iс. Алайда ер адам семьяны басқаруда, оның
мүшелерiне бағыт берiп, белсендiлiк позициясын ұстап өзiнiң семьядағы
беделiн көтеруге тиiс. Адамзат қоғамының даму тарихында дәстүрге айналған,
өзiнiң табиғаты мен болмысында ел басқаруға, ел қорғауға, семья басқаруға
лайық жаратылған ер-азаматтың орнын мойындамауға, оның iс-әрекетiмен
есептеспеуге ешкiмнiң де хақы жоқ. Қазiргi әйелдiң әлеуметтiк-қоғамдық
тұлғаға көтерiлуiне аталарымыз бен әкелерiмiздiң, ағаларымыздың да белгiлi
үлес қосқанын ұмытуға болмайды. Өзi оқыған, көкiрегi ояу әрбiр ер-азамат
өзiнiң зайыбының да сол дәрежеге көтерiлуiне жағдай жасайды. Әсiресе бала
тәрбиесiнде, ұрпақ өсiруде әкенiң ықпалы, орны ерекше.
Қазiрде әйелдерге азамат деп қарайды. Азамат деп адамгершiлiгi мол,
өзiне жүктелген мiндеттердi адал да, жауапкершiлiкпен орындап, халық
көңiлiнен шығып жүрген, қоғамда, семьяда сенiмге кiрген, оған жұрт
құрметпен қарайтын адамдарды айтады. Мiне, осы азамат атанған әйелге
жүктелген мiндеттердiң iшiне де, әсiресе, семья бүтiндiгiн сақтау, оның
мәнi мен сәнiн толық түсiнiп мойындау - ең абзал мiндет.
Әңгiме әйелдiң еркектермен қатар табыс тауып, тепе-тең қызмет
атқарып, материалдық жағынан ғана қамтамасыз болуында емес, әңгiме оның
семьядағы орнын дұрыс атқара бiлуiнде. Әрине, әйелдiң ерiмен қатар күнi
бойы жұмыста болуы бiр қатар қиындықтар келтiретiнi сөзсiз. Ұсақ-түйек
үйдiң тiршiлiгi, семья мүшелерiне қамқорлық жасау және т.б. күнделiктi
табылып жататын (бiтпейтiн десе де болатын) үй жұмысы әйелдiң мiнез-
құлқының өте ұсақталып кетуiне кейде орынсыз ашу шақырып, мазасыздануына
сөзсiз себеп болады.
Шын туайтқа келгенде тiршiлiк тауқыметiн өз қара басына да
байланысты. Дүниеқорлық жолға түсiп өзiн сол дүние мүлiктiң құлына
айналдыру ерлi-зайыптылардың жүгiн сөзсiз ауырлатады. және олардың
психологиясында тоғышарлық, дүниеқоңыздық қасиеттердi молайтып, олардың
семьялық одағы тек сол арнада өмiр сүредi. Ерлi-зайыптылар арасындағы
рухани байланыс, азаматтық қарым-қатынас әлсiрейдi.
Осы дүниеқоңыздық пәленiң салдарынан неше түрлi қылмысқа барып, соның
сазайын тартып жүрген ерлi-зайыптының бiрiн ақтап, екiншiсiн ғана кiнәлау
қиын. Өйткенi ерiнiң сонша ақшаны немесе дүниенi қайдан әкелiп жүргенiн
бiлмеу әйелi үшiн қылмыс, бұл өзiнiң өмiрлiк серiгi өзi қазған құдыққа
түсiруге итермелеу. Ерiнiң семьядағы орнын оның табысымен бағалау, тек осы
үшiн қадiрлеу бiздiң моралымызға жат нәрсе.
“Байлық қуған жерде бақыттың басы қисаяды” - деп үлкендер текке
айтпаған болу керек.
Ер-азаматтың семьядағы, қоғамдағы орны алдымен оның адал еңбегiмен,
берiк азаматтық позициясымен, жарына деген, баласына деген адал жүрек, шын
пейiл ықыласымен өлшенедi. Зайыбына сүйiктi болудың жолын немесе оның
iстейтiн ұсақ-түйек тiршiлiгiн, барлық семья тауқыметiн көтеру, ол не талап
етсе, соның бәрiн көз жұмып орындау жолымен iздемеу керек. Әйел заты ерiнiң
ақылы мол, ерiк күшi берiк, интеллектуалды сезiмдерiнiң бай болуын қалайды.
Әдетте семья құруға дайындалып жүрген жас қыз “Болашақ ерiңiздiң қандай
болуын қалайсыз ?” - деген сұраққа : “Оның бiлiм жағынан да, ақыл жағынан
өзiмнен жоғары болуын қалаймын” - деп жауап бередi. Сондықтан да ерi өзiнiң
зайыбына деген сүйiспеншiлiгiн әйелдiң ұсақ-түйек талабын бұлжытпай
орындап, оның қас-қабағы мен көңiл-күйiнiң ықпалында ғана әрекет iстеп,
ошақ басы, от қасындағы күйкi тiршiлiктiң бәрiн өз мойнына алу жолымен
көрсетем деген пиғылдан аулақ болуы керек. Семьяның материалдық өмiрiнде
ғана емес, рухани өмiрiнде ер-азаматтың тұлғасы биiк болса, сол жерде оның
зайыбының табиғатындағы нәзiктiгi, семьядағы қадiрi де жақсы сақталады.
Ерiнiң көңiлi кетiп, құлай сүйген сүйiспеншiлiгiн үлкен махаббатқа
айналдыру үшiн, оның өмiр бойы сүйкiмдi ақ перiштесi болу үшiн зайыбы оның
да талап талғамын ескере отыру керек. Көңiл күйiн сезiну керек. Оның
азаматтық тұлғасының биiк тұруын есептеу арқылы өзiнiң жұмсақ мiнез-құлқы,
жайдары жүзi, кең пейiлi арқылы әсер етедi. Өзiнiң әйелдiк сәнiн келтiретiн
үй тiршiлiгiнен қол үзбей еңбектенуi қажет. Үй еңбегiн ұйымдастыруда
әркiмнiң мүмкiншiлiгi, бейiмдiлiгi, орны ескерiлсе алынбайтын қамал жоқ.
Әңгiме әркiмнiң өз орнында болуында. Өзi сүйiп қосылған асыл жарының
шаршап-шалдығуын қаламаған кейбiр жас жiгiттер семьялық өмiрдiң бастапқы
кезiнде үй тiршiлiгiнiң ұсақ-түйегiнiң бәрiн өзi атқара бередi. Зайыбының
көп ұйықтап, көп демалуына жағдай жасайды. Қазақта: “Аурудан әдет жаман” -
деген мәтел босқа айтылмаған. Осындай орынсыз аялауға үйренген жас келiншек
ерiне иек артып, үй тiршiлiгiмен жөндi айналыспайды. Мұндай семьяда әйелдiң
үйде бар-жоғы байқалмайды. Керiсiнше ерi үнемi үй күшiк болып алады. Ал үй
шаруасынан басы босаған зайыбы көңiл көтеру үшiн қыдыру жолына түседi,
өзiмен әңгiме-дүкен құрарлық “жолдас-жора” iздейдi. Осыдан келiп, көңiл
қалушылық, наразылық туады. Әрбiр еркек үйiне келгенде алдымен зайыбын
iздейдi. Зайыбының алдынан шығып, есiк ашып, ас үйде тамақ қамына кiрiсiп
жатқанын көрудiң өзi ерi үшiн үлкен сүйенiш. Осы арқылы ол өзiнiң семьялық
өмiрiнiң қуанышын, қызығын көредi. Өзiне деген, балаларына деген айаулы
қамқорлықты көредi. Бұл оны семья мүддесi үшiн барлық қиындыққа төзуге
дайындайды. Семьядағы тату-тәттi өмiр - зайыбы болсын, ерi болсын, балалары
болсын бәрiне де қажеттi. Олардың ажарын келтiрiп, көңiлiн нәрлендiретiн,
жақсылыққа талпындыратын алтын бесiк.
Семья құруға немқұрайлы қарап, ойланбай, толғанбай үйлене салу,
үйлене салып ажырасып кету. Семья жауапкершiлiгiнен қашып дер кезiнде
үйленбей сұр бойдақ-жалғыздық өмiр кешiп жүргендер кездесiп қалады.
Мұндайлар “Көңiлiм қаласа тағы да үйленемiн, қыз табылады” деген желеумен
көңiлiн жұбатып, “өмiрiмде сүйiп iстейтiн жұмысым, айналысатын басқа да
сүйiктi iстерiм баршылық, семья құру менiң сүйiктi iстерiмдi орындауымда
аяққа оралғы болады” деген сылтауға бой алдырып жалғыз бастылық өмiр кешудi
қалайды. Бұл табиғат заңына үйлеспейтiн, ешқандай шындыққа жанаспайтын,
қара басының қамынан басқаға құлақ аспайтын керенаулық. Бұл белгiлi тәртiп
пен жауапкершiлiкке өзiн тәрбиелегiсi келмейтiн ерiншектiң өзiн-өзi алдаған
сылтауы.
Адамның жеке басының көпшiлiк талқысына сала беруге болмайтын, басқа
адамға тiптi жария етуге болмайтын өзiндiк сырының, көңiл күйiнiң болуы
табиғи нәрсе. Осындай сәтте оның жанында сырласатын, көңiл-күйiн бөлiсетiн
жан дүниесiн ұға бiлетiн, көңiлiн толқытқан мәселе төңiрегiнде кеңесетiн,
ауырған-сырқаған жағдайда күте бiлетiн өте бiр жақын адамының болуы
тiршiлiк заңы. Қаншама жүмыс басты болғанмен, творчестволық еңбектiң
жемiстерiн көргенмен бiр сәт осылар туралы толғаныстар мен ойларыңыздан дем
алу қажет болған кезде жарыңыздың айдай жүзiн, ол ұйымдастырған жан
пейiшiмен тыныстау, кiшкентай бөбегiңiздiң былдырлаған тiлi мен тәттi
қылықтарын қызықтау. Адамның көңiл күйiн көтеру. Шаршағанын ұмыттырып,
сергiтiп жiберетiнiн бәрiмiз де жақсы бiлемiз.
Ер-азаматтың алаңсыз еңбек етуi, қоғамдық-әлеуметтiк жұмысты табысты
болуы қасындағы ар-намысын бiрге ойлайтын жарына байланысты. Денi де сау,
жаны да сау ұрпақ өсiру үшiн ерлi-зайыптылар арасындағы үлкен бiрлiк болу
керек. “Бiрлiк түбi - береке”. Ал, береке болған жерде кең пейiл, үлкен
сыйластық бар.
Семья шағын мемлекет болғандықтан, ол оның мүшелерiнен саналы
тәртiптi талап етедi. Кiмдi сүюге, кiмге үйленуге әркiм ерiктi болғанымен,
бiр шаңырақтың астында, бiр ошақтың басында өмiр сүруде ерлi-зайыптылар
жеке басының мүддесiнен гөрi, жұпталған қос жүректiң мүддесiн жоғары қоюға
тиiс.
Семьялық өмiрде өзiмшiл, менмен, бәрiн өзi пiшiп, өзi шешу, қасындағы
ерiнiң көңiл-күйiмен, ақылымен есептеспей, өзiнiң ғана қамын ойлау әйел
үшiн жарасымды құбылыс емес. Өзi осылай бола тұра ерiне, “ маған деген
алғашқы ыстық сезiмдердiң жоғалып бара жатқан сияқты” - деп өкпе айтуына
бола ма ?
Сүйiп қосылған ерiнiң сүйiктiсi бола алмауы - әйел үшiн қасiрет.
Әрине, бұл ерлi-зайыптылардың екеуiне де байланысты. Бiрақ, бұл жерде
әңгiмемiз ерiнiң қиялынан шығатын, оның жақсылығын бағалап, кемшiлiгiн
кешiретiн, өздерi көтерген ақ отаудың ар-намысын бiрге ойлайтын, семья
тiршiлiгiндегi береке мен бiрлiктiң ұйытқысы болатын әйелдер жайында.
Әсiресе, “әйел қылығымен” деген ұғымның iшiнде әдептiлiк, сыйластық деген
қасиеттердiң орны ерекше.
Қоғамдық ортада, көпшiлiк жиналатын жерде, көшеде, қызметте, театрда,
қонақта, отбасында әйел өзiн дұрыс ұстай бiлуi әдептiлiгiне байланысты.
Әдептiлiк дегенiмiз әр түрлi жағдайда өзiңдi жалпы мiнез-құлық ережелерiне
лайық ұстаумен бiрге, эстетикалық және этикалық талаптардың дәрежесiнде
болу деген сөз. Әдептi болғысы келген адам әрдайым өзге адамды сыйлауға,
оны ұғуға халқымыздың ежелден келе жатқан жақсы салт-дәстүрiн құрметтеуге,
өзгенi тәрбиелеу үшiн өзiн тәрбилеу үшiн өзiн тәрбиелеуге тырысуы қажет.
Әдептiлiкке еншiлес жатқан ұғымның бiрi сыпайы болу деген өзiңе,
өзiңнiң мiнез-құлқыңа, қабiлетiңе жоғары талап қою, өзiңе де сын көзбен
қарау, қателiгiңдi мойындау, ерiңнiң орынды айтқан ескертпесiн түсiнiп,
осыдан бiр қорытынды шығару.
Кейде өткiр боламыз, ашық боламыз деп жиын тойда, көпшiлiк арасында
көп сөйлеп, қалжың айтамын деп адырлық, тұрпайылық көрсетiп алатын
әйелдерде кездесiп қалады. Еркелiк пен наздықтың парқын бiлмей жеңiлтектiк
жасап, қасындағы ерiн ұятқа қалдыратын немесе iшiмдiк iшiп, темекi тартуда
айылын жимай, ерiнен асып түсетiн әйелдер жайында жақсы пiкiр болуы мүмкiн
бе ? Әрине мүмкiн емес. Зайыбының темекi тартып, көпшiлiк арасында ешкiмге
сөз бермей, “шешендiк” жасауы, беттерi мен қастарын баттастыра бояп, өзiне
лайық киiмдерiн кие алмауы қандай еркекке ұнайды деп ойлайсыз ? Мәдениеттi
тұрмыс құру мәселесi қазiргi халықтың хал-ақуалын жақсарту iсiнiң
көкейкестi мәселесiнiң бiрi болып отыр. Мұнда да әйелдiң жауапкершiлiгiн
айтпай кетуге болмайды. Мұнда қолда барды ұқсата бiлу, үй-жайды, ыдыс-
аяқты, көрпе-жастықты, төсенiштi таза ұстау, үйге, семья мүшелерiне, өз
басына қажеттi нәрселердi, киiм-кешектi белгiлi талғам мөлшерiнде жинай
бiлу, мезгiлiмен тамақтану, демалыс күндерiн дұрыс ұйымдастыру, туған-
туыстармен, көршi-қолаңмен сыйластық қарым-қатынас жасай бiлу және т.б. осы
сияқты тұрмыс мәдениетiн ұйымдастыру негiзiнен әйелдердiң қолында.
Киiм кию, дос-жарандармен аралас-құралас боп, сыйлас жүру мәселесiнде
де ерiнiң талап талғамын ескеру ерлi-зайыптылардың ынтымағын, бiрiнiң
екiншiсiне деген сыйластығын арттырады.
“Еркектердi сақтау керек” деген пiкiрлер айтылып жүр. Мұндайда оларды
неден сақтауды айтады екен деп жеңiл әзiл-қалжыңға айналдырып жiберемiз.
“Тiптi алғашқы қауым кезiнде-ақ аң аулап, құс атып, шақпақ тастан от жағып
бала-шағасын асыраған, қиын-қыстау кезiнде ел қорғаған, адамзаттың бақытын
қорғаған, ғылыми жаңалық ашуда, шаруашылықтың ауыр салаларын меңгеруде, бiр
семьясы емес, тiптi бүкiл бiр ауылды тәрбиелеуге күшi жеткен еркек ендi
неге әлсiз болып, төмендеп кеткен ?” - деген сұрақ туады. Әрине, бұл
сұраққа сол еркектiң қасында оның жарты бөлiгiне айналып кеткен, оның
өмiрiнiң ащысын да, тұщысын да бiрге бөлiсiп жүрген зайыбы жауап беруге
тиiстi.
Еркектiң биiк тұлғасы зайыбының адамгершiлiк келбетiнен өмiрлiк
мақсат-мүддесiнен көрiнуi табиғи нәрсе. Еркектiң қиялындағы ақ перiштесi
осы.
Әйелдiң ерiне қояр талап-талғамы да аз емес. Қазiргi дәуiрдiң әйел-
анаға қойып отырған мiндеттерi оның жауапкершiлiгiн өсiрумен қатар,
талғамын да, талабын да көбейтiп отыр.
Семьялық тұрмыс құруда әйел “қасымда тек еркек болса болды” деген
мақсат қоймайды. Сонымен қатар өзiне пiр тұтар адам iздейдi. “Әйел қазiр
күшейiп алды. Олардың бабын табар, көңiлiн өсiрер серiгiн табу қиындап
барады” деген пiкiрлер көп айтылып жүр.
Шындығында, материалдық жағынан қазiр әйел қауымы ешкiмге тәуелсiз.
ақын Шынболат Дiлдебаев “Шындық” деген өлеңiнде:
Өкiнiштен өксiгiмдi баса алмай,
Айту қиын, ойлы көзге жас алмай.
Бiр азамат бiр ауылды билеушi едi,
Қазiр қалдық бiр әйелден аса алмай.
— деп жырлаған. Оның үстiне өмiрден оқып-бiлгенi, жиып-тергенi, меңгергенi
де аз емес. Ғылым саласында әйел араласпаған жұмысы жоқ. Мiне, iс жүзiнде
теңдiкке жеткен, әйел семья құруда күн көрiс жолын iздемейдi. Ол өзiнiң
көңiл-күйiн толық ұғатын сезiмтал, сергек, азаматтық бiтiм-болмысы жоғары
адамды, түсiнiгi мен интеллектуалдық деңгейi жағынан өзiмен тең ойланатын,
махаббатын аялайтын адамды iздейдi, ерiнен рухани-моральдық үйлесiмдiк
iздейдi. Қазiргi әйелдiң семья тауқыметiнен басқа, жеке адамдық және
творчестволық мүдделерiн жоққа шығаруға болмайды. Осындай әйелдiң қоғамдық-
әлеуметтiк тұлғаға айналуы оның жүгiн сөзсiз көбейтiп отыр. Алайда олардың
табиғат сыйлаған әйелдiк, аналық қасиеттерiн жоюына, сөйтiп өмiрден көрер
қызықтарынан айырылуға күшi жетпейдi. Қалай болған күнде де әйел өзiнiң
табиғи орнында болуға құштарлы, өз бақытын семьясынан табады.
Өмiрге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу, әйел үшiн ең қасиеттi, ең жоғары
парыз. Өмiр оның тағдырын осы тұрғыдан өлшеп, осы тұрғыда бағалауын талап
етедi. Материалдық жағынан ешкiмге тәуелсiз болғанмен, рухани жағынан әйел
еркектiң қамқорлығына, iлтипатына зәру. Осы жолда пiрiм деп табынарлық
серiк керек.
Әйел махаббаты, оның талғамы қызық. Әдетте ол өзi сүйген адамның
өзiнен әлсiз болуына, дәрменсiз, жiгерсiз және жасық болуына төзе алмайды.
Әйел махаббатының күшi ерiнiң күштiлiгiмен, үлкен жүректi, мойымайтын
азамат болуымен өлшенетiн сияқты.
Қазақта “әйел ерге қарайды” деген ұлағатты сөз бар. Мiне, әйел ерiне
қарағанда, ерi жерге қарамай, тұйыққа тiрелген кезiнде оған ақыл айтып,
жағдайын жеңiлдетiп жiберсе, шалыс басып бара жатқан жерi болса дер кезiнде
ұғындыру арқылы әсер етсе, ұсақ-түйек үй тiршiлiгiнен шаршап тұрған сәтiнде
көңiлiн көтеретiн жағдай жасап, тiптi керек болса қол ұшын берiп көмектесе
салса жiбiмейтiн әйел болуы мүмкiн емес. Әйел табиғатында кең пейiлдi,
кешiрiмдi. Осы қасиеттерi арқылы ол ерiнiң ғана емес, балаларының, туған-
туыстарының қадiрлi адамына айналады. Сол сияқты көмектесудiң жолы осы деп
ертелi-кеш аяқ-табақ қасынан шықпай қоюы немесе өзiнiң сүйетiндiгiн үнемi
орынды-орынсыз мәпелеу, мақтау арқылы көрсетуге тырысуы кейде әйелдi мезi
етiп жiберуi мүмкiн. Затында жалғандықты сүймейтiн әйел ерiнiң шектен тыс
емiренушiлiк жасауының шындығына күмәндануы ықтимал. Оның үстiне өзiнiң қас
қабағымен көңiл күйiнен, ақыл-кеңесiнен аса алмай отыратын ерiнiң өзiнен
қай жағынан да кем түсiп жатуы әйелдi қанағаттандырмайды.
Еркек өзiнiң қырларын әр жақты көрсетуге сырын бүгiп қалмағанмен сыр
алдыру жағына асығыстық жасамай, өзiнiң болмысын ұқтыруда сабырлы, ұстамды
болуы, семья тiршiлiгiне байланысты мәселелердi байыпты шешуi арқылы
зайыбының өзi жайындағы көзқарасын тәрбиелеуi керек. Ерiнiң үнемi ұсақ үй
тiршiлiгiнiң қамын ойлаудан әрi аса алмауы зайыбының жан дүниесiн
құлазытып, оның iштей бұлығуына әкелiп соғуы, пейiш деп армандаған семьялық
өмiрiнiң қызығы жоқ сүреңсiз бiр соқпақ сияқты көрiнуi мүмкiн. Әсiресе
мұндай жағдай жас жұбайлар арасында жиi кездесiп қалады.
Семьялық өмiрдiң қарапайым ғана қоңыр тiршiлiгiне үйлесiп, үйренiсiп
кету де оңай процесс емес. Әр адамның өзiндiк талап-талғамы, мiнез-құлқы,
өзiндiк болмысы, мүмкiншiлiгi, әдетi болуы сөзсiз. Бұл қасиеттердiң барлығы
бiрдей ерлi-зайыптыларда үйлесiмдi келе бермейдi. Осы жағынан алып
қарағанда, әруiм өзiнiң сүйiп қосылған жарының бiлмейтiнiн бетiне басып,
iстеген iсiне үнемi наразы болып, кемшiлiгiн айта берсе, әйелдiң ерi
жөнiнде қандай көңiл күйде, пиғылда жүретiнiн айтпай сезуге болады. Осыдан
кейiн үй тiршiлiгiнде ештеңе iстеуге зауқы соқпайды. “Ұнамайды екемiн, өзi
iстесiн” деген көзқарас туады. Мұндайда үй тiршiлiгiне бұрыннан бейiм ерi
әйелiн өзiмен бiрге ала жүрiп, бiрге iстеп тәрбиелеуi қажет.
Бала тәрбиесiнде әке — бәйтерек. Ерiнiң кейбiр жетiспей жатқан
жерлерiн зайыбы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Жар таңдаудағы діндарлықтың маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ
Отбасындағы кездесетін негізгі проблемалар
Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктердің, алдын алуда отбасы мен мектептің әрекетін кіріктіру
Баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Пәндер