Жастар әлеуметтануы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау Жастар әлеуметтануының әлеметтанушылық ғылым құрылымындағы орны.
1.1 Жастар әлеуметтануының объектісі мен пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Жастар әлеуметтануының деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II Тарау Жастар әлеуметтануының ҚСРО мен посткеңестік кеңістіктегі қалыптасуы.
2.1 Жастар әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде дербес топқа жатқызудың критерийлері. Жастардың әлеуметтік сипаты ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Жастар социологиясы - қазіргі заманғы социологияда жастарды әлеуметтік қауымдастық ретінде теоретикалық және эмпирикалық негізде зерттеуші социологиялық білімнің жеке саласы. Ресейде бұл салыстырмалы түрде жас ғылым, сонау Хрущевтік кезеңдегі 60-шы жылдардың 1-ші жартысында социологиядан бөлініп шықты.
Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.
Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.
Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға болады, әсіресе, ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың “Социолог көзқарасындағы студент” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасалынды. Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді. Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін “оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.
Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды. Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады.
1. Тұрғынбаев Ә.Х «Социология» Алматы, 2001
2. Тощенко Ж.П. «Социология» Москва, 1994
3. Н.Смелзер. Социология М.1994.
4. Ж. Сәрсенова, Г. Тәңібергенова «Әлеуметтану» Алматы, 2000
5. Ә.И Икенов, А.Д. Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы, 2004
6. А.И.Кравченко Социология учебное пособие Екатиринбург 1998
7. Оданова Р.К «Социология тарихы және теориясы», Шымкент, 2005- 256б.
8. Социология. Ж. Сарсенова. Алматы. 1998.
9. М.М Аженов, С.И. Утешов «Общая социология» Алматы, 2001
10.Зборовский. Г.Е. «Общая социология» Москва, 2004
11.Волков. Ю.Г. «Личность и гуманизм» Челябинск, 1995
12. П.Сорокин «Человек, цивилизация, общество» Москва, 1992
13.Әлеуметгану. Оқу куралы. Алматы 1992 ж.
14. Мертон Р. Социальная структура и аномия. Социс,1992 2,4.
15. И.Шәмшәтұлы, МДәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнкожаев "Әлеуметтану" Алматы, 1999ж.
16. Основы социологии, ч П. М.,1994г.
17. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология (курс лекций) М, 1995 г.
18. Тәжін М., Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы, 1993 ж.
19. Н.Р. Айтов, Қ.У. Биекенов «Социология» Алматы, 2000

20 . М.М Аженов, С.И. Утешов «Общая социология» Алматы, 2001

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------------3
I Тарау Жастар әлеуметтануының әлеметтанушылық ғылым құрылымындағы орны.
1.1 Жастар әлеуметтануының объектісі мен пәні-------------------------------
--------6
1.2 Жастар әлеуметтануының деңгейлері------------------------- --------------
--------11
II Тарау Жастар әлеуметтануының ҚСРО мен посткеңестік кеңістіктегі
қалыптасуы.
2.1 Жастар әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде дербес топқа
жатқызудың критерийлері. Жастардың әлеуметтік сипаты------------------------
-17
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------21
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------------24

Кіріспе
Жастар социологиясы - қазіргі заманғы социологияда жастарды әлеуметтік
қауымдастық ретінде теоретикалық және эмпирикалық негізде зерттеуші
социологиялық білімнің жеке саласы. Ресейде бұл салыстырмалы түрде жас
ғылым, сонау Хрущевтік кезеңдегі 60-шы жылдардың 1-ші жартысында
социологиядан бөлініп шықты.
Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-
сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми
зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп,
түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар
революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең
зерттеуді қажет етті.
Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі
жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын
мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.
Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу
бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға
болады, әсіресе, ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың “Социолог
көзқарасындағы студент” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни
талдау жасалынды. Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін
туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді.
Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі
асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін
“оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.
Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды.
Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар
субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың
әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп
қарама–қайшы қойған кезең болып табылады. Мұндай ахуалдың итермелеуші күші
(эпицентірі) Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы, өзіндік
құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік, саяси
солшыл радикалды топтар бірлестіктері 1968 жылдары – “студенттер
ревалюциясы” деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты. Осындай
өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей
қоймады, бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып – сенген қағидалар бойынша өмір
сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті. Кеңес Одағындағы жастар
субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген
қызығушылықтар көбейіп, шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары,
әдеби және көркем андеграундтары, кеңестік эстраданың ресми және
идеологияландырылған эстрадасына қарама – қайшы, түрлі әндер дүниеге келе
бастады.
Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт – насихаттан
тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында
бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті:
нашақорлық, жезөкшелік, құндылықтық вакуум, білім және мәдениет дағдарысы,
біртіндеп тереңдей берген, үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа
бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа
геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене, тереңдей
түсті, әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті.
Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай
қоғамтанудың жаңа, ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды.
Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты 1970 жылдан бастап
1982 жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып
отырды. Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы
саласының бірі болып табылады. Оның мәні өте ауқымды, жастар категориясына
қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды. Мұндай проблемаларға:
әлеуметтік құрылымдағы жастардың орны мен рөлі (С.Н.Иконникова мен
В.Т.Лисовский еңбектерінде қарастырылады); жас ұрпақтар арасында жеке
тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтену процесі (И.С.Кон еңбектері); жастардың
құндылықтарға икемделуі; әлеуметтік өз - өзін сезіну мен өмір бейнесі;
кәсіби бейімделу; жұмыссыздық проблемасы мен жастардың жұмысқа тұру
мәселесі; әлеуметтік рөлдер мен жастардың әлеуметтік мобильділігі, әртүрлі
әлеуметтік қабат өкілдеріндегі жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің
ерекшеліктері, әлеуметтік белсенділігі мен белсенсіздігі (пассивтілік)
себебі, әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері; жастардың әлеуметтік
басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу жетістіктері, жастар және студенттік
отбасы проблемасы т. б.
Жастар социологиясын зерттеуші атақты отандық социолог И.С.Кон
зерттеу объектісіне толық анықтама берді: “Жастар – жас ерекшілігі
мінездемелері негізінде біріккен, әлеуметтік жағдайы мен басқа да
әлеуметтік – психологиялық қасиеттеріне қарай жинақталған әлеуметтік –
демографиялық ерекшеленетін топ. Жастық шақ белгілі бір фаза (кезең)
ретінде, биологиялық тамаша өмірлік циклі бар, алайда оның нақты жас
ерекшелігі ара қашықтығы, әлеуметтік статусы мен әлеуметтік – психологиялық
ерекшелігі әлеуметтік – тарихи табиғаты бар, қоғамдық құрылысқа тәуелді,
қоғамның мәдени әлеуметтену заңдылықтарына тән кезең болып табылады.”
Жалпы социология секілді жастар социологиясының пәндік ғылыми
зерттеуінің үш деңгейі бар. Бұл жалпы - теоретикалық деңгейі жастарды
макросоциологиялық процестер ауқымында зерттейді; арнаулы – теоретикалық
деңгей жастарды жас ерекшелігі мен әлеуметтік демографиялық топ ретінде,
өзіндік әлеуметтік және психологиялық өзгешіліктері, құндылықтары, күтулері
тағы басқаларды зерттейді; эмпирикалық социологиялық зерттеу деңгейі нақты
статистикалық материалдар беруін, қорытындылар мен теоретикалық жалпылау
негіздерін жасауға болады.

I Тарау Жастар әлеуметтануының әлеметтанушылық ғылым
құрылымындағы орны.
1.1 Жастар әлеуметтануының объектісі мен пәні.
Жастар социологиясы социологиялық білімнің біртұтас жүйесінің бір
саласы болғандықтан оның басқа да салалары мен тығыз байланыста, жастарды
тек әлеуметтік феномен ретінде оқымайды, сондай-ақ түрлі нақты әлеуметтік
қарым – қатынастар формасында оқиды. Ол мәселен, дін социологиясы - себебі,
жастарды діни көзқарастары мен ізденістері, діни институттар қызметіне
қатысуы, секталар, шіркеулер, қала және ауыл социологиясы – жастардың
қаладағы және ауылдағы құндылықтарға бейімделуі мен іс - әрекеттеріне
салыстырмалы талдау жасалынады, денсаулық сақтау социологиясы жастарға әсер
ету факторларына тоқталады.
1. Жастар социологиясы жастарды ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттейді,
әсіресе, оның қоғамдық өндірістенудегі орны мен ролін, жас ерекшелігі
шекарасын, қажеттіліктері мен қызмет ету әдістері, жас адамдардың
әлеуметтену процесі, олардың әлеуметтік - кәсіби бейімделуі мен ұжымға
үйренісуі, бейресми жастар бірлестігі мен таптық, гендерлік, этикалық,
мемлекеттік және діни ерекшеліктері бар қозғалыстары өзгеше. Жастар
социологиясы әлеуметтік өмірдің бірқатар проблемаларына қызығады, олар
жалпы социологиялық болғанымен жастарды да қамтиды (білім, отбасы, неке,
жыныс қатынасы), немесе жастардың ортаға бейімделуі (тәрбие ерекшелігі,
оның формаларының тиімділігі, әдіс – тәсілдер, әлеуметтік, саяси дамуы тағы
сол сияқты)
Жастар социологиясының зерттеу объектісі – жастар әлеуметтік өмір мен
әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісінің феномені ретінде қарастырды. Бұл
феноменнің ғылыми талқыламасы жалпы социологияға тән, үш өзара байланысты
органикалық біріккен деңгейді зерттейді:
1) Жалпы теоретикалық, жастарды әлеуметтік феномен негізінде түсіну;
2) Арнаулы – теоретикалық, жастарды әлеуметтік-демографиялық топ
ретінде қарау, оның сана –сезімінің және іс - әрекетінің ерекшелігі, жас
мөлшері мен әлеуметтік – психологиялық мінездемелері, өмір бейнесі,
құндылықтың икемделуі, саяси, мәдени және діни ұстанымдарын қарастырады.
3) Эмпирикалық жастар өмірінің түрлі саласындағы нақты социологиялық
берілгендерге сүйенеді.
Жастар социологиясының пәні: қоғам дамуындағы жастардың орны мен
рөлін зерттеу, оның сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері,
құндылықтары, әлеуметтік күтулері, өмірлік көзқарастары, әртүрлі әлеуметтік
салалардағы ерекшеліктерін қарастыру, өмірлік жоспарлары мен оны оптималды
түрде жүзеге асыру жағдайын анықтау, жастардың әлеуметтік басқару мен
әртүрлі деңгейдегі өзін-өзі басқаруға әлеуметтік белсенділігі және қатыспау
себептері, моральдық – психологиялық дайындығын анықтау т. б.
Жастар көптеген әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың зерттеу
объектісі: психология, педагогика, демография, құқық, саясаттану,
философия, тарих, социология.
Жастар социологиясының пәнін түсіну үшін оның социологиялық басқа да
ұқсас, “шекаралас” ғылымдар саласындағы орнын саналы түрде анықтау қажет.
Қоғамның жас ерекшелігін зерттей отырып, жастар социологиясы мына
салаларға келіп тіреледі, олар балалар, кәрілер, өмірлік цикл, ұрпақтарды
зерттеу. Олардың ортақ проблематикасы (жас ерекшелігі шекарасы, жастық
кемсіту (дискриминация) ұрпақтар ауысымы, өтпелі әлеуметтік статустар пәні,
өмір жағдайының жалғасы), сондай – ақ, жас ерекшелігін зерттегенде,
объектілер уақытының өзгерісін зерттеуге бағытталады (ретроспективті,
лонгитюдті стратегия, қайталанбалы немесе панельді зерттеу, жағдайлар
талдауы бар).
Алайда жасөспірімдік шақ зерттеу пәні ретінде өмірлік циклдің тек жас
ерекшелігіне жатпайды, себебі сонымен қатар есею процесінің әлеуметтік
аспектісі бар, олар әлеуметтік теориясы түсінігінде қарастырылады.
Сондықтан, жастар социологиясы білім социлогиясы, мәдениет, отбасы
социологиясы, тәрбие проблемасын қамти отырып, әлеуметтену, әлеуметтік
бақылау мен өзін - өзі анықтау, өзін - өзі бөлектеу дағдарысы, статусын
ауыстыруына байланысты өзгерістер.
Жастар социологиясы социологияның бірнеше салаларымен тығыз қарым –
қатынаста: қала, ауыл, өнер, мәдениет, жеке тұлға, бұқаралық коммуникация,
медицина және денсаулық сақтау, білім, қоғамдық пікір, ұйымдар, әскер,
саясат, құқық, дін, отбасы, еңбек, басқару, дене тәрбиесі мен спорт.
Тағы бір ескеретін жәйт, жастар социологиясы социологиялық білімнің
бір саласы ретінде барлық елде өзіндік статус пен титулға ие болған жоқ,
себебі, жасөспірімдік шақты ең алдымен психология және әлеуметтік
антропология зерттейді.
Кеңестік социологиясында жастар проблемасына деген қызығушылық алғаш
рет ғасырлар тоғысында дамыды. Ресейдегі капиталистік қарым-қатынас пен
дәстүрлі отбасылық әлеуметтенуінің дағдарысы, және жалпы кәсіби білім
жүйесінің дамуына итермеледі. Дәл осы кезде жас жеткіншектерді отбасы
жерінен босатып алып, мемлекет тарапынан әлеуметтенуін қамтамасыз етуге
тырысты.
П. Сорокин 1916 жылы өзінің Қазіргі заманғы отбасылар дағдарысы
еңбегінде дәстүрлі отбасылық байланыстардың үзілу процесін суреттей келе,
жеке аспект ретінде ата-ана мен бала арасындағы дәстүрлі байланыстардың
ажырап, жасөспірімдерді тәрбиелеу және қамқорлыққа алу функциялары мемлекет
қолына өтуі проблемасын ерекше бөліп қарастырды. Ол тәрбие мен оқыту отбасы
міндеті болудан қалды - деп жазды. Балалардың оқу, тәрбиелену
мекемелерінің кең ауқымда болуы дегеніміз, тағы сол сияқты, негізде алғашқы
тәрбиелеуші және скультор отбасыдан алынып, баланың өз отбасы ошағында
өткізетін уақыты да қүрт азайды. Отбасылық тәрбие мен оқытуды кәсіби
ауыстыру П. Сорокиннің ойынша, өзінің жағымды жақтары бар, яғни баланың
қоғамдық мотивтерімен қызығушылықтарды толық меңгерген, жан-жақты дамыған
әлеуметтендірілген ұрпақ болып өсуіне өз септігін тигізеді.
П. Сорокин ертеректегі мақаласындағы баланы, жеке тұлғаны индивид
ретінде қарастырудың тарихи бағытынан ауысып, жас ұрпақты қауымның
мүшесі, білім институттарында әлеуметтенген статусы бар индивид ретінде
талдау жасады. Енді оның әлеуметтік қалыптасуы қоғам тарапынан болатын
мүмкіндіктер мен шектеулерге бағынышты.
Сол кездері баспаларда студенттер мен оқушы жастар проблемасы пайда
бола бастады (А. Сперанский), оның ішінде әсіресе орыс студенттерінің
тұрмысы мен материалдық жағдайы проблемаларына дәстүрлі назар аударыла
бастады, ондағы бюджеттегі оқу мен оқудан тыс уақыттары талданды (А.
Кауфман).
Әлеуметтік статистикада жұмыс істеуші жастар категориясы (10-12 жастан
20 жасқа дейін) сол 1897 жылы халық санағында анықталды. Жұмысшы
жасөспірімдердің өндірістегі және тұрмыстық саладағы ауыр жағдайы, оларды
үлкендермен салыстырғанда құқықтық қорғау мен қамқорлыққа алу мәселесі
бойынша мақалалар жарық көре бастады. (И. Ян -Жул, А. Бернштейн-Коган). Бұл
мақалалардың жалпы бағытталуы әлеуметтік қорғауды талап ететін және
кемсітілген топтар, билік тарапынан қосымша қамқорлық қажет ететіндердің
демократиялық түрде қызығушылықтарын талап ету болып табылады.
Жастарға деген жаңа қызығушылық 19 ғасырдың 1920 ж.ж. басқару
қызметтерінде партиялық, кеңестік және қоғамдық ұйымдардың қалыптасыуымен
байланысты дамыды.
Бұл 1920 ж.ж. жастардың еңбекке белсенділігі мен тәрбиелеу
проблемасына аса назар аударылды, оның себебі, өндірістің техникалық артта
қалушылығын жолға қоюдың прогматикалық қажеттілігі, еңбек мәдениетінің
төмендігі, өндірістің ұйымдастырылуы, патша тәртібімен соғыстан кейінгі
өндірістерді қайта жаңғырту секілді проблемалармен түсіндірді. Ал, жастар
еңбек ресурстарының басым көпшілігін құрайды: әрбір бесінші 14-тен 22 жас
аралығында, сондай-ақ негізгі бөлігі (28млн) ауылда болса, тек 14 млн.
қалада.
20 жылдары тәрбиелеу теориясы мен практикасы саласында басшылықта
ревалюциялық эксперименттер жасау өз шыңына жетті. Бұл кезде ерекше
қызығушылық психоаналитикалық әдістіңтің дамуына әсер етті. Психоанализдің
дамуы билік тарапынан қабылданып қолдауға ие болды. Психоанализдің ғылыми
зерттеу институты ашылып, балалар үйінде практика психоанализ әдістері
негізінде құрылған экспериментальды тәрбиеленген топтар құрылды.
Жастардың идеологиялық тәрбиеленуі билікке қарым-қатынасында, әсіресе
жас өспірімдердің имандылық туралы (махаббат және жыныстық тәрбие
проблемасы, әрбір адамға ұжымдық жауапкершілік пен өзін-өзі өлтіру
проблемасы) ғылыми зерттеулерге сүйенген дискуссияларға аса мән берілді.
Келесі бір толқын 1930 ж.ж. ортасында белең алды, алғашқы кеңестік
жастардың есею өміріне араласуымен байланысты дамыды. Жастар социалистік
тәрбие объектісі ретінде қарастырылып, партияның саяси идеалы астарында
тәрбиелініп дайындалды.

1.2 Жастар әлеуметтануының деңгейлері
Жастар социологиясының социологиядан жеке ғылым ретінде бөлініп
шығуы 1960 ж.ж. Жастар революциясы кезеңімен байланыстырылады, әсіресе,
жастар проблемасының өсуі, ұрпақтар жанжалы мен әлеуметтік өзгерістердегі
жастар рөлдеріне қатысты дамыды. Бұл толқында К. Маннгеймнің әлеуметтік
прогрестің жаңа ұрпағы негізгі көзі атты идеялары және М. Мидтің әртүрлі
тарихи кезеңдердегі ұрпақтардағы мәдени ерекшелігі типтері жайлы идеялары
атақты болды.
Кейінірек (1970-1980 жылдары) еңбек нарығындағы өзгерістермен жоғары
білімі бар жас адамдардың өсуімен байланысты. Батыс елдерінде жастардың
әлеуметтік-экономикалық проблемаларын зерттеуге мән бере бастады (білімі,
жастардың саяси таңдауы, еңбек нарығы, жастар субмәдениеті мен кәсіби
бейімделуі).
Ресейдегі социологияда жастар социологиясын зерттеу тақырыбы өзгеше
еді. Біріншіден, социологиялық зерттеулер қоғамдық пікір сауалнамасы
саясатта қолданылды. Жастардың қоғамдық пікірін анықтайтын қазіргі өзекті
проблемасы ретінде көптеген социологиялық облыс және қала комитеттерінде
құрылды. Мұндай алғашқы топ 1964 жылы желтоқсанда ЦК ВЛКСМ ауқымында
құрылып, ол үш адамнан құрылды: В. Васильева, А. Кулагина, В. Чупрова.
Екіншіден, жастар проблематикасына деген қызығушылық мемлекет
тарапынан жас ұрпақты коммунистік идеалдарға тәрбиелеп ұстап тұру
қажеттілігінен туындады.
Жастарды тәрбиелеу аталарымен әкелерінің атақ дәрежесі идеологиясы
негізінде үстемдік етуші нормалар мен құндылықтарды игеруге бағытталды.
Жастар субмәдениеті мен бейресми жастар қозғалысы девиациялық іс-
әрекет ретінде қарастырылды. Октябрят, пионер ұйымдарымен комсомол саяси
партияның ресми құралы болды. Өз кезеңінде И. Сталин бұл ұйымдарды,
профсоюздарды партияның белдеуі деп атады.
1968 жылы ҚСРО да ғылым Академиясының президиумында нақты әлеуметтік
зерттеу Институты құрылып мемлекет социологтарға әлеуметтік тапсырма бере
бастады, ондағы жастарды коммунистік тәрбиелеу проблемасына қатысты болды.
3. Жастар социологиясының әрі қарай дамуы идеологиялық тапсырмалар
бағытында болып, көптеген нақты социологиялық зерттеулер жастарды
коммунистік тәрбиелеу проблемаларына айналды.
Институтта нақты әлеуметтік зерттеулер екі бөлімнен тұрды: Білім
берудің әлеуметтік проблемалары (В. Н. Шубкин), және Жастардың әлеуметтік
қажеттіліктерін болжау (И. В. Бестужев-Лада).
Жоғарғы комсомолдық мектептерде ғылыми-зерттеу орталығы құрылып,
жастар арасында рухани мен коммунистік тәрбие проблемасы бойынша сауалнама
жүргізілді. ВШК социологтары ЦК ВЛКСМ ауқымында жастардың әлеуметтік-саяси
және еңбектік белсенділігін анықтау мақсатында типтік әдістемелер құрылып,
Жастардың өмірлік белсенділігі көзқарасындағы моральдік бейімделу,
Жұмысшы табының колхоз шаруашылығында дұрыс толығуының қалыптасуы
тақырыбында зерттеулер жүргізілді.
Егер де комсомолдық зерттеу, тапсырыстық идеологиялық мінездеме
болса, онда басқа академиялық бағыттар жастар проблемасын объективті
талдауға ұмтылды. Осы бағыт жастар социологиясының жеке ғылым саласы
ретінде дамуына шын мәнісіне негіз болды. Оның ішінде әсіресе, бірнеше
мектепті бөліп алуымызға болады: Новосибирск (В. Шубкин), Свердловск (Ф. Р.
Филиппов, М. Н. Руткевич, Л. Я. Рубина), Ленинград (В. Т. Лисовский, С. Н.
Иконникова, А. В. Лисовский) және Эстон (М. Титма).
Новосибирск мектебі. Проект 17-17, Проект 17-25 деп аталатын В.
Н. Шубкин бастаған 1936 жылы Новосибирдегі социологиялық зерттеу кейін
Мәскеуде жалғасып жастардың өмірлік жоспарын зерттеуге арналады. Бұл есею
өміріне араласу процесі туралы көзқарасты анағұрлым тереңдетуге көмектесті.
Социалистік қоғамдағы жастардың өмірлік жолы деп аталатын В. Н.
Шубкин жүргізген зерттеу мен төрт батыс европалық елдерде (Чехословакия,
Болгария, Венгрия мен Польша) жүргізілген зерттеулер жастардың еңбек
нарығындағы сұранысы мен білім деңгейінің арасындағы сәйкес кемшілікке
қорытынды жасады. Жастар арасындағы жеке топтардың өмірлік
мүмкіншіліктерінің теңсіздігі туралы қорытынды социализм кезіндегі барлық
әлеуметтік топтарда теңдік туралы көзқарасқа қарама-қайшы қағидалар
анықталды.
Өмірлік мүмкіндіктер теңсіздігі өткір әлеуметтік проблема ретінде сол
кезде қарқынды экономикалық даму әсерінен соғыстан келгендермен толған
еңбек нарығында бос орын болмауы, жоғары білімі барларға жұмысқа тұруда
қиындықтар туғызғаны белгілі болды.
1970-1980 жылдардың ағында батыс жастар социологиясы жастардың
әлеуметтік-кәсіби проблематикаға қайта бейімделуінің қарама-қайшылықтарын
нықтауға бағытталды.
Свердловск мектебі. Свердловтағы сол кездегі Ф. Р. Филиппов пен М. Н.
Руткевич зерттеген жастар проблематикасы ұрпақтар арасындағы әлеуметтік
құрылымының өндірістенуі мен әлеуметтік мобильділік мәселесі болды.
Жоғарғы мектеп (1973-1974) атты проект пен қоғамның әлеуметтік
құрылымында жоғарғы білімінің халықаралық компаративті зерттеу (1977-1978)
үлкен фактологиялық материал берді. Онда білім жүйесі әлеуметтік мобилділік
маңызды факторы ретінде қарастыратын бағыт дамыды, ол бағытты Свердловта Л.
Я. Рубина, Харьковта Е. А. Якуба басқарды.
Кейінірек нақты әлеуметтік зертеулер Институтында жастар әлеуметтік
проблемалары секторы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта деңгей теориясы
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Білім әлеуметтануы концепциясы
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Жас стратификациясы
Жастық шақ теориялары
Білім беру әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Пәндер