Негізгі құралдардың есебі жайлы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

  1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

1. 1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ

1. 2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ КІРІСКЕ АЛУ ЕСЕБІ

1. 3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

1. 4. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ, ОЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ, НАҚТЫ БАРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУ

1. 5. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ МҮЛІКТІК ТҮГЕЛДЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БАҒАЛАУ.

1. 6 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖӨНДЕУ ЕСЕБІ

  1. “АҚ НИЕТ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АУДИТІ

2. 1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

2. 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚҰЖАТТАУДЫҢ АУДИТІ

2. 3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ КЕЛІП ТҮСУІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ АУДИТІ

2. 4. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУЫНЫҢ ДҰРЫС ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ЕСЕПТЕЛУІНІҢ АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУІ

2. 5 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖӨНДЕУДІҢ, ЖАЛҒА АЛУДЫҢ АУДИТІ

2. 6 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖӘНЕ АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есептің ролінің жоғарылауын қажет етеді. Үнемі өзгеріп отыратын нарықтық конъюктура және бәсекенің дамуы жағдайында кәсіпорынды басқаруда шешімдерді қабылдау үшін нақты, сенімді, уақтылы ақпарат керек.

Бұл жағдайда кәсіпорында өз жұмысын бақылау, жетілдіру үшін бухгалтерлік есепті белсенді қолдану қажеттілігі жоғарылайды.

Басқару жүйесінде есеп маңызды орынға ие. Ол өндіріс процесін, бөлу және тұтынуды көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және оның қызметін жоспарлауда негізгі қызметті атқарады.

Бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған әсер етіп отырады.

Сондай-ақ есеп барлық шаруашылық қорлардың сақталуына, бақылауына, олардың дұрыс қолдануына ең қажетті құрал болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесінде ерекше орын алатын мәселе негізгі қорлардың жағдайымен байланысты. Бұл өзінің жиынтығында өндірістік - техникалық базаны қалыптастырады және шаруашылықтың өндірістік мақсатын айқындайды.

Қазіргі жағдайда кәсіпорын негізгі құралдардың есебіне ерекше көңіл аудару керек. Нарықтық экономика жағдайында негізгі құралдар өндірушілер арасындағы бәсекелестікке сай үнемі қайта бағалануға әкеліп соғуда.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - негізгі құралдардың есебі саласындағы қазіргі уақыттағы енгізілген заң актілерін және теориялық материалдарды оқып білу. Сонымен қатар соңғы заң өзгерістерінен хабардар болу. Негізгі қорлардың құрамын, оларды бағалау тәртібін, құжатталуын және басқа да аспектілерімен жан-жақты танысу болып табылады.

“Ақ Ниет” акционерлік қоғамының мәліметтері дипломдық жұмыста қолданылады.

С. М. Киров атындағы мақта тазалау зауыты тамыры тереңнен басталып, тағдыры Қызыл-Іұм өңіріндегі өзге өңдеуші өндірістермен тағдырлас, сол өндірістің ішіндегі ең көнесі.

Зауыт сегізінші бес жылдықта өз алдына отау тігіп, көне “Багара” селосы, қазіргі Киров атындағы мақта қабылдау пунктінің орнында шаңырақ көтерді.

Жаңа зауыт 1967 жылдың наурыз айында іске қосылып, сол жылдың қыркүйек айында өнім шығаруға кірісті. Қазіргі таңда жан-жақты толысып, техникалық саяси-әлеуметтік және де экономикалық өсудің жоғары сатысына көтерілген.

Зауыт құрылған жылдары өндіріске пайданылған механизмдер мен жалпы техниканы бүгінгі күнгі озық прогресті техникамен механизмдермен салыстыруға болмас еді.

Ол кездегі зауыттың өнім өңдеу мүмкіндігі қазіргіден анағұрлым төмен жағдайда болатын. Небәрі сағатына 3-12 тонна ғана шикізат тазалауға қабілеті жететін. Күнделікті жұмыс барысында атқарылатын жұмысың көбі қол еңбегіне тиетін.

Шикізатты кептіру және тазалау жұмыстарында өте көп қиыншылықтар кездесетін. Сондай-ақ өнімнің сапасын жоғарылату мақсатындағы кептіру процесі қазіргідей газбен емес жанар жағар май жағу арқылы жүргізілетін.

Зауыт басшылары бүкіл жұмыстың алдағы уақытта нәтижесіз екендігіне көз жеткізе отырып, өндірісті түбегейлі реконструкциялауды жоспарлады. Зауыт шикізатты алғашқы тазалаудан өткізу жұмыстары прогреске қол жеткізді. Мақта тазалау цехі, жылу жүйесі, насос станциясы, су жүйесі, үш қабатты кеңсе салынып іске қосылды.

Зауыттың кешегі күнгі жетістігі бүгінгісімен, бүгінгісі ертеңгісімен салыстыруға болмайды. Қазіргі зауыттың өнім өңдеу мүмкіндігі сөткесіне 60-70 тоннаға жеткізіліп, бұрынғы жылдарға қарағанда 1-1, 5 есе жоғарылап отыр.

Дәл бүгінгі таңдағы жағдайы одан да жақсаруда. Бұл зауыт қазіргі уақытта ”Ақ Ниет” Акционерлік қоғамы деп аталады. Оның негізгі қызметі мақтаны өңдеп, улюк, линт, мамық, шит, мақта майын шығару.

”Ақ Ниет” Акционерлік қоғамы өз өнімдерін экспортқа шығарып, шетелдермен, республика аумағындағы көптеген кәсіпорындарымен тығыз байланыс жасайды.

Кәсіпорын қарамағында 30-ға жуық мақта дайындау пункттері бар. Пункттерде дайындалған мақта зауытқа жеткізіліп отырады. Мұнда барлығы маман кадрларымен қамтылған.

1 Кесте

“Ақ-Ниет” АІ қаржы-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері 2001-2002 ж. ж.

N: N
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
2001: 2001
2002: 2002
Ауытқу(+; -):

Ауытқу

(+; -)

Өсу қарқыны%:

Өсу қарқыны

%

N: 1
Көрсеткіштер: Сатудан алынатын табыс
Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 1602656
2002: 1741214
Ауытқу(+; -): +138558
Өсу қарқыны%: 108, 6
N: 2
Көрсеткіштер: Өндірілген өнімнің өзіндік құны
Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 1473249
2002: 1689665
Ауытқу(+; -): +216416
Өсу қарқыны%: 114, 7
N: 3
Көрсеткіштер:

Жалпы табыс

(1-2)

Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 129407
2002: 51549
Ауытқу(+; -): -77858
Өсу қарқыны%: 39, 8
N: 4
Көрсеткіштер:

Кезең шығындары

(3-5)

Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 38858
2002: 15465
Ауытқу(+; -): -23393
Өсу қарқыны%: 39, 8
N: 5
Көрсеткіштер: Таза табыс
Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 90549
2002: 36084
Ауытқу(+; -): -54465
Өсу қарқыны%: 39, 8
N: 6
Көрсеткіштер:

Рентабельдік

(5/1)

Өлшем бірлігі: Пайыз
2001: 5, 6
2002: 2, 1
Ауытқу(+; -): -3, 5
Өсу қарқыны%: 37, 5
N: 7
Көрсеткіштер: Жүмысшылардың орташа тізімдік саны
Өлшем бірлігі: Адам
2001: 710
2002: 848
Ауытқу(+; -): +138
Өсу қарқыны%: 119, 4
N: 8
Көрсеткіштер:

Еңбек өнімділігі

(1/7)

Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 2257, 26
2002: 2053, 32
Ауытқу(+; -): -203, 94
Өсу қарқыны%: 90, 9
N: 9
Көрсеткіштер: Негізгі қорлардың жылдық орташа құны
Өлшем бірлігі: Мың теңге
2001: 193924
2002: 206212
Ауытқу(+; -): +12288
Өсу қарқыны%: 106, 3
N: 10
Көрсеткіштер:

Іор қайтарымдылығы

(1/9)

Өлшем бірлігі: Теңге
2001: 8, 26
2002: 8, 44
Ауытқу(+; -): 0, 18
Өсу қарқыны%: 102, 2
  1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

1. 1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ

Өндіріс процесі еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын шала фабрикаттар) және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар роліне қарап белгіленеді.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланатын және өнім беретін құралдар т. б. ) . Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды.

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады (станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады) .

Айналым қаражатты бір өндіріс процесінде пайдаланады және өз құнын тұтастай жаңадан өндірілген өнімге аударады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді:

Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, жабдықтар, көлшік құралдары, ғимараттар, құрылыстар) дегеніміз мөлшері мен техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық құралдардың бір өлшеміне шаққандаға өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иеленуге (тиесілігіне) қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші ”Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші ”Жер”, 122-ші ”Ғимараттар мен құрылыс жайлары”, 124-ші ”Көлік құралдары”, 125-ші ”Басқа да негізгі құралдар” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқталып қойған) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанда пайдаланудағы құрал-жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал-жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі қралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға (ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, және құрал-жабдықтар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер-субъект меншік құқығымен сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерді меншіктену құқығы жер учаскелеріне құқық актісімен расталуы керек. Жерді меншіктену құқығы актісі берілген әр жер учаскесі мүліктік объект болады;

Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған сәулет-құрылыс объектілері. Әр бір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әр жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

Өткізгіш тетіктер - электр және жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмисссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемдерінен бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына (құжырасына) дейін мүліктік объект бола алады;

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылыр мен лабораториялық жабдықтар; әр машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімдегіш құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объект болып саналады.

Көлік құралдары - адамдар және жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әр объект соған тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағаштарды және тағы басқаларды өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

Өндірістік мүлік және соған тиісті заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы материалды сақтауға арналған сиымды заттар; өндірістік мәні бар заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар зат мүліктік объект болады.

Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар обьект мүліктік обьект болып табылады.

Жұмысқа пайданылатын және өнім беретін мал- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайданылатын малдар: өнім беретін мал- мүйізді ірі қара мал, асыл тұқымды айғырлар, бұғылар, маралдар тағы басқа. Әр бір ересек мал мүліктік обьект болып табылады.

Көп жылдық өсімдіктер- қолдан егілген, жас мөлшеріне тәуелсіз көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер дамуы толысқан өсімдіктерден бөлек есепке алынады.

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жерді үстірт жақсарту шараларына жұмсалатын мүліктік емес сипаттағы шығындар.

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі, жалға алынған негізгі құралдарға жұмсалған күрделі салымдар.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын айқындап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады.

Бастапқы (тарихи) құн - негізгі құралды сатып алуға, сатуға және және жасап шығаруға кеткен нақты шығыннан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез-келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны былайша қалыптасады:

Қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша - олардың қайта бағалау кезінде белгіленген тәртіппен бекітіліп, есепте көрсетілген қайта қалпына келтіру құны;

Медігерлік және шаруашылық тәсілмен жасалған негізгі құралдар бойынша - алуға, жеткізуге, құрастыруға және орнатуға кететін және объектілердің мүліктік құнына енгізуге тиіс басқа шығындар;

Құрастыруды қажет етпейтін басқа машиналар бойынша - сатып алуға байланысты басқа да шығындар;

Тегін алынған объектілер бойынша - тапсыру құжаттарында көрсетілген күн (құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін жеткізу және құруға кететін шығындар қоса есептеледі) ;

Пайдалануда болған, ақы төлеп сатып алынған объектілер бойынша сатып-алуға, жеткізуге байланысты шығындар және алынатын объектілердің тозу сомасын қоса есептегенде сатып алуға кеткен шығындар (құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін алушының орнатуға кеткен шығындары қоса есептеледі) ;

Негізгі табынға қосылған жас малдар бойынша - малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;

Жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен нақты шығындар;

Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша - олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша - жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі құралдардың бастапқы құны объект қайта жабдықталғанда (күрделі қаржы тәртібімен жүзеге асырылған кеңейту, салып бітіру, жабдықтап бітіру, жаңалау, қайта құру) . Сондай-ақ объектінің жартылай жойғанда және белгіленген тәртіппен негізгі құралды қайта бағалаған кезде ғана өзгереді.

Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасы алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны.

Сатылу (өткізу) құны - бір-бірін жақсы білетін, мәмлеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу құны болып тпбылады.

Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.

Тозу құны - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құралдарының арасындағы айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.

Негізгі құралдардың қалдық құны - бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.

Бухгалтерлік есепте негізгі қорлар мүліктік объект бойынша тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген сомамен есептеледі. Соған байланысты барлық бейімдегіш заттары мен қажет заттары бар аяқталған қондырғыны немесе белгілі бір дербес қызметтерді орындауға арналған жекеше құрастырылған затты мүліктік объект деп есептейді. Мүлік объектісіне мүліктік тізімдеу номері беріледі. Объектілерді номерлеу әдетте реттік - сериялық жүйемен жүргізіледі. Мүліктік тізімдеу номерлері мүлік карточкаларында және негізгі құрал жабдықтар есебі мен қозғалысы құжаттарына беріледі. Мүліктік тізімдеу номері әдетте объект қолданыста болған барлық кезеңде сақталады, ал ол шығарылған кезде жаңадан түскен негізгі құрал жабдықтарға ұзақ уақытқа дейін бұл номер берілмейді.

Негізгі құралдың есебі 12-ші ”Негізгі құралдар” бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі:

121-ші ”Жер”

122-ші ”Ғимараттар мен қүұрылыс жайлары”

123-ші ”Машиналар мен жабдықтар”

124-ші ”Көлік құралдары”

125-ші ”Басқалары”

126-шы ”Аяқталмаған құрылыс”, бұл шотта аяқталмаған күрделі салымдар көп жылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар тағы да басқа шығындар есептеледі.

Субъектідегі негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есептің 6-шы ”Негізгі құралдар есебі” стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуінің, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруының және шығуының, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды, негізгі құралдардың есептелген амммортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есеп және калькуляция объектілері бойынша амортизация шығындарының есебін, негізгі құралдардың жаңа техниканы және оны қолданудың жаңа әдістердің тиімділігін, негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін, негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды, мезгілінде және толық өткізуді және олардың нәтижесін есепте көрсетуді, негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетуді қамтамассыз етуге тиісті.

N6 стандартта атап көрсетілгендей, негізгі құралджардың есебіндегі басты мәселе қабылдау сәтін, бастапқы құнын пайдалы қызмет ету мерзімін, амортизация есептеу тәртібін және олардың шығу нәтижелерін анықтау болып табылады.

Субъектінің қаржылық қортынды есеп беруінде мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуі керек.

- негізгі құралдардың әр түрі бойынша олардың қозғалысы: енгізілуі, шығып кетуі, бастапқы құнының өзгеруі, өзгеру себептері ескеріле отырып есеп берілетін кезеңнің басындағы және аяғындағы бастапқы құны;

  • негізгі құралдардың әр түрі бойынша амортизация есептелген кезде: амортизация есептеудің қолданылатын әдісі, амортизацияланатын негізгі құрал жабдықтардың есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы бастапқы құны, есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы жинақталған амортизация сомасы;
  • бағалау жүргізілген кезде: негізгі құралдардың әр түрі бойынша есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы ағымды құны, қайта бағалау жүргізудің негіздемесі және мерзімділігі, қайта бағалау өткізілген күні, қайта бағалау өткізу әдісі сараптық бағаның кім бергені.

Қаржылық қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін есеп беру кезеңінің соңында мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиісті:

  • уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал жабдықтарды бастапқы немесе ағымды құны туралы;
  • пайдаланудағы, амортизациясы толық есептелген негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымды құны туралы;
  • міндеттемелер бойынша кепіл ретінде аманатқа берілген негізгі құралдарға қойылған шектеулер мен олардың нақты бары туралы;
  • есеп берілетін кезеңінің соңында пайдаланудан алынған, бірақ сату мақсатымен негізгі құралдар құрамында есепте тұрған негізгі құрал жабдықтардың жекелеген түрлерінің құны туралы;
  • негізгі қралдарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар мен байланысты есеп саясаты туралы.

1. 2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ КІРІСКЕ АЛУ ЕСЕБІ

Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салу, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу, өз күшімен құрал-саймандар дайындау, басқа субъектілерінің жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуі, объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу, жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қызметі
Ұзақ мерзімді активтер туралы
Негізгі құралдардың жіктелуі
Машиналар мен жабдықтардың тозуы
«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
Бухгалтерлік есеп жайлы ақпарат
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Компания Бағлан ЖШС
Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу
Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz