Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2
2. Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.10
3. Жапонияға саяхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
4. Жапонияның туристік объектілері, ескерткіштері
4.1. Нара қаласындағы храмдық құрылыстар ... ... ... ... ..12.13
4.2. Ежелгі Осака ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.15
4.3. Қазіргі замандағы Осака ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4.4. Токио ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.19
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.21
6. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1].
Жапония аралдардың жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығыс Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами, Оу, этиго, Хида, Кисо, Аканси. Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы, Исикари. Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі – субтропикалық белдеуде, солтүстігі қоңыржай, оңтүстігі –тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында - 5ºС, оңтүстігінде 6ºС, Рюкю топаралында 16ºС, ал шілде айында 22, 27, 28ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 – 2000мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суаруға пайдаланылады. Территорясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар мен қорықтар көп.
1. Овчинников В.В. Ветка сакуры – М: молодая гвардия, 1988.-222б.
2. Лазарев А. Мост через море // Япония сегодня, 1996, 4-5б.
3. Азаров А. Путешествие во времени // Япония сегодня, 1996, 29б.
4. Федоренко Н.Т. Японские записи. – М:Советский писатель, 1974-495б.
5. Ниндзэ. Непрошенная повесть – М.: художественная литература, 1988 -494 б.
6. Қазақстан энциклопедиясы, 569 – 573 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .1-2
2. Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы,
әдебиеті және
өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3-10
3. Жапонияға
саяхат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .11
4. Жапонияның туристік объектілері, ескерткіштері
4.1. Нара қаласындағы храмдық құрылыстар ... ... ... ... ..12-13
4.2. Ежелгі
Осака ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 14-15
4.3. Қазіргі замандағы
Осака ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 16
4.4.
Токио ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .17-19
5.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..20-21
6. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .22

Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында
орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері:
Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы
126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға
бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан
басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон
тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония –
конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған
конституция бойынша император – мемелекет пен халық бірлігінің
көрінісі. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді
тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін,
Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады.
Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр
басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент –
екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен
[1].
Жапония аралдардың жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон,
Охот, Шығыс Қытай теңіздері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы қыратты
болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами, Оу, этиго, Хида,
Кисо, Аканси. Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең
белгілісі – Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма
жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит
жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары
Канто немесе Токио жазығы, Исикари. Климаты муссонды. Территориясының
басым бөлігі – субтропикалық белдеуде, солтүстігі қоңыржай, оңтүстігі
–тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура
Хоккайдо аралында - 5ºС, оңтүстігінде 6ºС, Рюкю топаралында 16ºС, ал
шілде айында 22, 27, 28ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының
көпшілік бөлігінде 1700 – 2000мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін.
Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын
алып келеді. өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын
өндіру мен жер суаруға пайдаланылады. Территорясының 68%-ін қолдан
өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар мен
қорықтар көп.
Жапон теңізі – Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі жартылай тұйық
келген шеткі теңіз. Еуразия құрлығының шығысындағы Сахалин және Жапон
аралдары аралығында жатыр. Жағалауларында Ресей, КХДР, Корея, Жапония
мемлекеттері орналасқан. Татар, Невельский және Лаперуза бұғаздары
арқылы Тынық мұхитпен, Корея бұғазы арқылы Шығыс Қытай және Сары
теңіздерімен жалғасқан. Ауданы 1062 мың км². роташа тереңдігі 1535 м,
ең терең жері 3720м. жағалаулары аз тілімденген, ірі шығанақтары: Шығыс
Қытай және 1-Петр. Түпкі бедері құрлықтық беткей және терең
қазаншұңғырлардан тұрады. Жапон теңізі қоңыржай ендіктердің муссонды
климат аймағында жатыр. Теңіздің құрлыққа іргелес солтүстік-батыс
бөлігінде 4-5 ай мұз қатады. Беткі суының температурасы қыс айларында
солтүстікте 0ºC-тан оңтүстікте 12ºC-қа дейін, жаз айларында солтүстікте
17ºC-тан, оңтүстікте 26ºC-қа дейін өзгереді. Тұздылығы 27,5-тен 34,8%
аралығында. Толысу толқыны 0,5 м, Корея бұғазы аумағында 3 м-ге дейін
жетеді. Теңізде балық аулау жақсы дамыған. Кйсіптік балықтардан
сардина, скумбрия, сайра, трепанг, балдырлар, т.б. ауланады. Теңіз
жәндіктері мен өсімдіктерін қолдан өсіру жақсы дамыған. Ірі порттары:
Владивосток, Находка, Ниигата, Цуруга, Майдзуру, Вонсан, Хыннам,
Цхончжин [2].

Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстан
бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-тпо болып қоныс
аударған деген дорамал бар. Олар жер өңдеумен, малмен айналысқан.
Б.з.д. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы
негізінде ежелгі Жапон мемелекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік
билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік
аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діңі тарай бастады.
Ямато патшалары өздерін тенно деп атады және бұл атау күні бүгінге
дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж болған Тайк төңкерісінен
кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда
болды. 710 ж алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж орталық
Нагаоку, 794 ж Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери
топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет
билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елі әскербасыларының
көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып,
самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы
1274 және 1288 ж. екі рет Жапония сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан
бастап сауда және қолөнер бірлестіктері көптеп құрыла бастады.
Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-да Қытай және Кореялармен арадағы сауда
дамыды. Кен орындары пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет
еуропалықтар, хритиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542
– 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды.
Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері
улкен жасақ ұстадаы. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін
күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды.
Халық 4 әлеуметтік жікке бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы
заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына
тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки
порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар пайда болып,
нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 – 60 ж Жапония АҚШ және
Еуропалық мемелкеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға
мәжбүр болды.
1867 -1868 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып,
жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге
көшіріле бастады. 1871 ж князъдіктер жойылып, орнына префектуралар
құрылды. 1872 -1873 ж үкіметке төлейтін біріңғай салық енгізілді.
Нәтижесінде, 1868 – 85 ж 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір
кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі "Мицул",
"Мицубиси", т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен
монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері
қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады.
1876 ж Креямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894-95
ж жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань,
Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Корея үшін Ресеймен
қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 – 1905 ж орыс-жапон соғысы өтті. АҚШ пен
Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей
Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур,
Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин араладарынан бас тартуға мәжбүр
болды. 1910 ж Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс
жылдарында еуропалық мемелкеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып,
Германияның Қытайдағы иеліктерін басып алды да, Қытайға 21 талаптан
тұратын Декларация тапсырылды. Қытай бұл талаптарды, негізінен,
орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің
Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін ығыстырды. 1914 – 19 ж өнеркәсіп өнімдері
13-тен 65 млрд иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 ж
5 сәуірде Владивастокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп
енді. Алайда, 1922 ж күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап
шығуға мәжбүр болды. 1924 -25 ж АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен
қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай
бастады. 1929 – 33 ж елде экономикадық дағдарыс басталды. 3 млн.-нан
аса жұмыссыздар армиясы пацда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті.
Жас офицерлер ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура
орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт
өсті. 1931 ж күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет құрылып, 1933-1936 ж
Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ж қарашада Германиямен
Антикоминтерндік пактіге қол қойды да, 1937 ж шілдеде Қытайды толық
жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 ж шілдеде Хасан көлі жағасында,
1939 ж мамыр-тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен
жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар оңтүстік бағытта, яғни еуропалық
мемелекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды
күшейтті. 1940 ж қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды.
1941 ж 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс
жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы
Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың
орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы,
Малайзия мен Индонезияны басып алды. 1945 ж 6-9 тамыз күндері Америка
әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына атом бомбасын тастады. 1945 ж
9 тамызда Кеңес әскерлері жабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік
Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек
күні Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге
одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан
айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 ж 3 мамырда жаңа
Конституция қабылданды. 1946 – 49 ж аграрлық реформа жүргізіліп,
мемлекеттік аппарат пен ағару саласы демократияланды. Жүргізілген
реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея
соғысына қажетті әскер тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің дамуына алып
келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-
жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-
орынға шықты.
Жапонияға қарсы соғыс – 1945ж 9-19 тамыз аралығында Кеңес одағы
мен Монғолия Қарулы күштерінің Жапонияға қарсы жүргізілген соғыс
қимылдары. 1945 ж майда Еуропада соғыс аяқталғанымен Қиыр Шығыс пен
Тынық мұхитта Жапония антифашистік коалицияға қарсы соғысты әрі қарай
жүргізе берді. 26 шілде күні АҚШ, Ұлыбританя, Қытай үкіметтері
Жапонияның толық тізе бүгуін талап еткен Подстам декларациясын
жариялады. Оған Жапониямен бейтараптық жөніндегі келісімшартты бұзған
КСРО да қосылды. Бірақ Жапон үкіметі декларация талаптарын қабылдамай
тастады. Жапониямен соғысты 1941 ж желтоқсанда бастаған АҚШ пен
Ұлыбритания 1945 жылдың ортасына қарай Жапония Қарулы Күштерін үлкен
шығынға ұшыратты. Алайда Жапонияның құрлықтағы әскерлері әлі де күшті
болатын. Қиыр Шығыстағы өз ықпалын күшейту үшін Кеңес үкіметі 1945ж 8
тамызда Жапонияға соғыс жариялады. Бұған дейінгі үш айлық тыныс алу
кезінде Батыстан Қиыр Шығысқа кеңес әскерлерінің едәуір бөлігі келіп
үлгерген болатын. 9 тамызға қараған түні кеңес әскерлері 4 мың
шақырымдық майданда шабуылға шықты. Соғысқа Монғолия әскерлері де
араласты. КСРО-ның соғысқа кірісуінен үш күн бұрын 1945 ж 6 тамызда АҚШ
ұшақтары Жапонияның 2 қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын
тастады. 14 тамыз күні Жапония Подстам деклорациясын қабылдайтын ресми
түрде мәлімдеді. 19 тамызда құрлықтағы жапондық Квантун армиясы толық
талқандалды. 1945ж 2 қыркүйекте америкалық Миссури линкорында Жапония
өзінің толық жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Бітім шартына сәйкес
1904 -1905 ж орыс-жапон соғысы кезінде Жапонияға өткен Оңтүстік
Сахалин және Куриль аралдары Кеңес Одағына қайтарылды және оған ежелден
Жапонияға тиесілі болып келген Оңтүстік Куриль аралдары соғыс соғыс
шығының өтеуі ретінде қоса берілді. Соңғы 4 аралдың берілуі Кеңес Одағы
мен Жапония арасында кейін шекара дауының өршуіне алып келді. Бұл
кикілжің Ресей мен Жапония үкіметі арасында күні бүгінге дейін шешімін
тапқан жоқ.
Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба
әдебиетінің алғашқы үдгілері - "Кодзики" шежіресі мен "Манъесю"
өлеңдер жинағы. "Кодзики" ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады.
"Манъесю" антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы
жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларын қамтыған. Шығармалардың
көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9-10 ғ-ларда жапон прозасының
алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың "Гэндзи-моногатори"
романы - әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. "Хэйкэ -
моногатори", "Тайхэйки" гунки жанрында жазылған. 15 -16 ғ-ларда поэзия
жетекші рөл атқарады. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла
бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғ-да әскери
эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Бұл жылдары ақындар
Басе (1643 -1694), Бусано (1716 – 1783), Исса (1763 – 1827) шығармалары
әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғ-да Цурия Нанбоку (1755 –
1829), Каватакэ Мокуами (1816 – 1893) сияқты драматургтердің есімі
танымал болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар
мен ағымдар тудырды.

Жапония - өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. өңдеуші өнеркәсіпте
14 млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-і жұмыс істейді. Жапония
кеме шығарудан, автомобиль, трактор, металл өңдейтін құрал-жабдықтар,
тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүние жүзінде 1-орын
алады. Бұған қоса жапондар әлесдегі түрлі түсті теледидардың 60 %-ін,
жасанды талшықтың 12,3%-ін өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте
кедей. Сондықтан жапон энергетикасы энергия көздерінің 80%-ін шеттен
әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып
келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн. Квт ток өндіретін 43 атом реакторы
бар. А. ш-да 5,7 млн адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2%-
ін өндіреді. Дегенмен, Жапония өзін-өзі азық-түлікпен 70% қамтамасыз
етеді. Балық аулаудан Жапония дүние жүзінде 1-ші орын алады. Елдегі
автожолдардың ұзындығы 1,2 млн. км. темір жолдың ұзындығы – 30 млн. км.
Теңіз сауда флоты жақсы дамыған. Сыртқы сауда айналымы жағынан АҚШ пен
Германиядан кейін 3-орын алады. Негізгі сауда серіктестері: Азия елдері
(28%), АҚШ (26%), Еуропалық одақ елдері (14%), Қытай (6%), т.б.
Экспортқа машиналар, электротехникасы, металл және химия өнімдері
шығарылса, сырттан шикізат, мұнай өнәмдері және азық-түлік әкелінеді.
Алтын, валюта қоры жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел, сыртқы
қарызы жоқ. Халықтың орташа айлық жалақысы 400 мың иена (4 мың долл.)
шамасында. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас 1994 жылдың
сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің
Жапонияға сапарынан бастау алады. Екі ел арасындағы сауда айналымы
жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның Жапонияға экспортының 99,4% –
металл өнімдері (титан, мырыш, мыс, ферроқортпа, феррохром, т.б.)
тұрады, ал Жапониядан құрал-саймандар, автомобильдер, электр тауарлары
әкелінеді. Бұған қоса жапон компаниялары Қазақстанның мұнай,
металлургия, энергетика мен инфрақұрылым салаларын қардыландыруда.
Жапония ұлттық мұнай корпорациясы Арал т. маңына геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізуде және астананың көшуіне байланысты "Жаңа астана"
қорына қаржылай көмек беруде. Жапония қаржысына Ертіс өзеніне жаңа
көпір салынды және Астана қаласындағы халықаралық әуежай жөндеуден
өтуде. Бұған қоса ғылым мен техника салаларында да екі ел арасындағы
байланыс күшейіп келеді.
Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен
жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі
ескерткіштеріне жатады. 6 ғ-да будда дінімен бірге келген қытай
мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды. Жапонияның
астанасы Нора 8 ғ-да қытай үлгісімен салынды. 12 – 16 ғасырларда
Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғ-дың 2-жартсынан бастап
Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-
дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами
бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды. Жапония бейнелеу
өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.д. 3 ғ-да
қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер
салу, 3 – 6 ғ-ларда "ханива" – адамдар мен аңдардың балшықтан
домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 – 11 ғ-ларда діни мүсінді
нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 – 14 ғ-ларда өнердің бұл түрі
монументті сипат алды. Жапония өнеріне 14 ғ-дан бастап Қытай
кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 – 18 ғ-ларда жанрлық кескіндеме дами
түсті. 19 ғ-дың аяғында еуропалық стильмен сурет салу дәстүрге айналды.
2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескідеме,
графика жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғ-
дан сақталған. 7 ғ-да сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан
корей, қытай, үнді халықтары музыка мәдениетінің ықпалы да байқалады.
Ежелгі музыка дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі – кагура.
Бұл – мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі
түрінде кездеседі. Музыкалық халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті
аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук
флейталары). 16 ғ-дан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан
кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде
дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі
мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 – 1956) болды. Қазіргі
ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның
музыкалық орталықтары Токио, Осоко, Киото, Нагоя сияқты
консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры
тарихында гигаку (7ғ(, бугаку (11 ғ-дан кейін), сингаку, саругаку деп
аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғ-дың соңы мен
20 ғ-дың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа
түрлері пайда болды. Сиегэки – еуропалық театр ықпалымен 20 ғ-дың
басында пайда болған драмалық жанр. Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 ж
түсірілді. 1908 ж Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы
кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция мемлекеті туралы
Италия туралы жалпы мәлімет
Италия Республикасы
Ливан - республикасы
Италия Республикасы— Еуропаның оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет
Италияның басқа
Ресей Федерациясы
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Азия Республикалары
Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері
Пәндер