Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қазаншұңқырдың құрылымы 4

1. 1 Қазаншұңқырдың қалыптасу және даму тарихы 4

1. 2 Мұхит түбінің жер бедері 4, 5

1. 3 Шөгінділер 6

2 Минералды ресурстар 7

3 Климат және су 8

3. 1 Атмосфералық циркуляция 8

3. 2 Ауа температурасы мен жауыншашын 9

3. 3 Судың физикалықхимиялық қасиеттері 9, 10

3. 4 Су динамикасы 11, 12

4 Физикогеографиялық бөліктері 13

4. 1 Солтүстік субполярлы (субарктикалық) белдеу 13

4. 2 Солтүстік қоңыржай белдеу 13

4. 3 Солтүстік субтропикалық белдеу 14

4. 4 Солтүстік тропикалық белдеу 14

4. 5 Экваториалды белдеу 14

4. 6 Оңтүстік тропикалық белдеу 15

4. 7 Оңтүстік субтропикалық белдеу 15

4. 8 Оңтүстік қоңыржай белдеу 16

4. 9 Оңтүстік субполярлы (субантарктикалық) белдеу 16

4. 10 Оңтүстік полярлы (антарктикалық) белдеу 16

5 Мұхиттық аралдар 18

5. 1 Жалпы мәліметтер 18

5. 2 Аралдардың пайда болуы және құрылысы 18

5. 3 Климат 19, 20

Қорытынды 21

Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Кіріспе

Тынық мұхит - мұхиттардың ең ірісі. Оның ауданы - 178, 7 млн шаршы шақырым, ол әлемдік Мұхит акваториясының жартысын және бүкіл жер бетінің 1/3 құрайды. Мұхит ауданы бойынша барлық материктерді қосқандағыдан да асып түседі және дөңгеленген конфигурациясы бар: солтүстікбатыстан оңтүстікшығысқа қарай созылған. Мұхиттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы - 16 мың шақырым, батыстан шығысқа қарай - 19 мың шақырымнан жоғары. Оның максималды ені ендіктерге келеді, сондықтан да ол мұхиттардың ішіндегі ең жылысы. Су көлемі - 710, 4 млн шаршы шақырым (әлемдік Мұхит су көлемінің 53%) . Мұхиттың орташа тереңдігі 3980м, максималды - 11 022м (Мариан шұңғымасы)

Мұхит өзінің суларымен Африкадан басқа барлық континеттерді шаяды. суық ауа массаларынан Тынық мұхиты барынша оқшауланған (Чукотка және Алясканың аралығындағы тар бұғаздың жақын орналасуы) . Осыған байланысты Мұхиттың солтүстік бөлігі Оңтүстікке қарағанда жылырақ. Тынық мұхит бассейні басқа мұхиттармен байланысқан, араларындағы шекаралары шартты келеді. Солтүстік Мұзды мұхитпен арадағы шекара Беринг бұғазы арқылы өтеді (86 шақырым) . Атлантика мұхитымен шекарасы Дрейк кең бұғазы арқылы өтеді. Үнді мұхитымен шекара шартты саналады. Жағалау сызығы мұхиттың шығыс бөлігінде қарапайым келеді, ал батыс бөлігі қатты тілімденген, мұнда көптеген шеткі және ішкі теңіздер, терең шұңғымалар орналасқан. Шеткі теңіздерге Австралия және Евразия жағалауындағы теңіздер жатады. Ал ішкі теңіздер Малай түбегінің маңында орналасқан. Солтүстік және Оңтүстік Америка жағалаулары әлсіз тілімденген, мұнда шеткі теңіздер кездеспейді.

Мұхиттың орталық және оңтүстікбатыс бөлігіндегі аралдар Океания атты аймаққа жатады.

1 Қазаншұңқырдың құрылымы

  1. Қазаншұңқырдың қалыптасу және даму тарихы

Зерттеулер бойынша палеоТынық мұхиты кембриге дейінгі кезеңнің ортасынан бастап белгілі. Ол Жердің жалғыз материгі - Пангей - Іді ғана шайды.

Мезозой кезеңі Тынық мұхит эволюциясында маңызды роль атқарды. Кейінгі юрада (160140 млн жыл бұрын) жас Үнді және Атлантика мұхиттарының ашылуы болды. Тынық мұхиттың ежелгі мұхиттық қабығы ЗаварицБениоф аумағындағы мантияға енді. Тынық мұхиттың дамуының осы кезеңінде оның ежелгі орталықмұхиттық жоталарының қайтақұрылымы жүрді.

Кейінгі мезозойда солтүстікшығыс Азия мен Алясканың құрылуы Тынықты Солтүстік Мұзды мұхиттан бөлді.

Кайнозой кезеңі. Тынық мұхит оған материктің жақындауынан кішірейе бастады. Солтүстікбатыс акваторияда шеткі теңіздер пайда болды. Антарктида жағалауларында Росса, Беллинсгаузен және Амундсен теңіздерінің қазаншұңқырлары қалыптаса бастады. Азия мен Австралияны қосып тұрған құрлықтың үгілуі болды, нәтижесінде көптеген аралдар Малай түбегі пайда болды. Австралиядан шығысқа қарай өтпелі аймақ аралдары мен шеткі теңіздерінің қазіргі түрі қалыптаса бастады. 4030 млн жыл бұрын екі Америка аралығында мойнақ құрылды, және Тынық және Атлантика мұхиттарының Кариб ауданындағы байланысы үзілді.

Соңғы 1 - 2 млн жылда Тынық мұхиттың көлемі сәл ғана кішірейді.

  1. Мұхит түбінің жер бедері

Басқа мұхиттардағыдай Тынық мұхитта да негізгі ғаламшарлық морфоқұрылымдық зоналардың барлығы анық көрінеді: өтпелі аймақтар, мұхит түбі және ортамұхиттық жоталар.

Материктің су асты шекаралары Тынық мұхиттың 10% алады, материктік қайраң үлесі - 5, 4%.

Қайраң батыс материк маңы секторында, шеткі теңіздерде - Беринг, Охот, Сары, ШығысҚытай, ОңтүстікҚытай, Малай түбегі теңіздері және Австралиядан солтүстікке және шығысқа қарай басым. Қайраң Беринг теңізінің солтүстік бөлігінде кең.

Австралиядан солтүстікке қарай кораллды рифтерге бай ірі материктік қайраң орналасқан. Коралл теңізінің батыс бөлігінде - Үлкен Барьерлі риф орналасқан. Оның жалпы ауданы - 200 мың шаршы шақырым.

Өтпелі аймақтар. Бұл морфоқұрылымдар Тынық мұхит көлемінің 13, 5% алады. БатысТынықмұхиттық секторда (АзиатАвстралиялық) бірнеше аймақтардың өтпелі облыстары өтеді, бірбірін субмеридионалды бағытта ауыстырады. Әрқайсысы өзінің құрылымымен ерекшеленеді. ИндонезияФилиппин облысы қиын құрылған, оның құрамына ОңтүстікҚытай теңізі, Малай түбегінің теңіздері шұңғымалары кіреді. Жаңа Гвинея мен Австралиядан солтүстікшығыс және шығысқа қарай қиын Меланезия облысы орналасқан.

Американ секторының оңтүстігіне қарай шеткі теңіздер кездеспейді, тек Орталықамерикан шұңғымасы (6662м), Перуан (6601м) және Чили (8180м) шұңғымалары орналасқан.

Ортамұхиттық жоталар. Олар Тынық мұхиттың 11% алады және ОңтүстікТынықмұхиттық және ШығысТынықмұхиттық көтерілімдері бар. Тынық мұхиттың ортамұхиттық жоталары өздерінің құрылымы және орналасуы бойынша Атлант және Үнді мұхиттарынан айырмашылығы бар. Олар шығыс және оңтүстікшығысқа қарай жылжыған.

Тынық мұхиттың ортамұхиттық көтерілімдерінің құрылымының өзінің ерекшеліктері бар. Бұл құрылымдардың ені үлкен (2000 шақырымға дейін) . Субпараллельді трансформды сынулармен ШығысТынықмұхиттық көтерілім бірнеше жеке бөліктерге бөлінген. Көптеген трансформды сынулардың ұзындығы - 15002000 шақырым. Ең ірі құрылымдары - Мендосино, Меррей, Кларион, Клипертон, Галапагосс, Пасха, Элтанин және басқалары.

Экватордан солтүстікке қарай ШығысТынықмұхиттық көтерілім тарылады. Бұл жерде рифтік аймақ анық байқалады. Калифорния ауданында бұл құрылым Солтүстік Америка материгіне басып кіреді.

ШығысТынықмұхиттық көтерілімнің осьтік бөлігіндегі жер бедерінің абсолютты көрсеткіші - 25003000 м маңында, бірақ кейбір биіктіктерде олар 10001500 метрге дейін төмендейді.

Шығыстық көтерілімнің ұзындығы - 7600 шақырым, Оңтүстік - 4100 ш.

Мұхит түбі. Ол Тынық мұхиттың жалпы ауданының 65, 5% алады. Ортамұхиттық көтерілімдер оны екі бөлікке бөледі, ОңтүстікШығыс бөлігі Батыстыққа қарағанда мұхит түбінің 1/5 алады, таяздау келеді.

Шығыс секторының ірі бөлігін морфоқұрылымдар алады, ол ШығысТынықмұхиттық көтеріліммен тура байланысы бар. Мұнда оның салалары - Галапагосстік және Чилилық көтерілімдері орналасқан. Ірі жоталары Теуантепек, Кокостік, Карнеги, Наска, СалаиГомес трансформды аймаққа жатады. Суасты жоталары мұхиттүбінің шығыс бөлігін бірнеше қазаншұңқырларға бөледі: Гватемалдық (4199 м), Панамдық (4233 м), Перуандық (5660 м), Чилилық (5021 м) . Мұхиттың шеткі оңтүстікшығыс бөлігінде Беллинсгаузен қазаншұңқыры орналасқан (6063 м) .

Тынық мұхит түбінің батыс бөлігіне жер бедерінің құрылымының қиындығы және әр түрлілігі тән.

Тынық мұхит түбінің әр түрлі көтерілімдерімен ортамұхиттық жоталарды мұхиттық қазаншұңқырларды бірбірінен бөледі.

Мұхиттың батысорталық бөлігіндегі ірі қазаншұқырларға: СолтүстікБатыс (6671 м), СолтүстікШығыс (7168 м), Филиппиндік (7759 м), ШығысМариандық (6440 м), Орталық (6478 м), БатысКаролиндық (5798 м), ШығысКаролиндық (6920 м), Меланезиялық (5340), ОңтүстікФиджи (5545 м), Оңтүстік (6600 м) және басқалары жатады. Тынық мұхит қазаншұқырларының түбі шөгінді жыныстарының аз қуаттылығымен ерекшеленеді.

Тынық мұхит түбіне жеке орналасқан гайоттар - 20002500 м тереңдіктегі жайпақ шыңды суасты таулары тән. Олардың көпшілігінде кораллдық құрылыстар және атоллдар пайда болды.

1. 3 Шөгінділер

Тынық мұхиттың шөгінділер құрамы әр түрлі. Материктік қайраңда, шеткі теңіздерде және терең шұңғымаларда терригенді шөгінділер тараған. Олар бүкіл Тынық мұхит түбі ауданының 10% қамтиды. Терригенді айсбергті шөгінділер Антарктидада ені 200 ден 1000 шақырымға дейін белдеуді құрайды.

Биогенді шөгінділер арасында Тынық мұхитта негізгі ауданды карбонатты (38%), оның ішінде фораминиферді шөгінділер алады.

Фораминиферді шөгінділер негізінен экватордан оңтүстікке қарай 60º о. е. дейін таралған. Кораллды шөгінділер мұхиттың оңтүстікшығыс бөлігінің белдеу маңындағы қайраңдарда орналасқан және мұхит түбі ауданының 1% алады. Тынық мұхит түбі шөгінділерінің маңызды ерекшелігі - қызыл балшықтардың кең таралуы (мұхит түбі ауданының 35%)

2 Минералдары ресурстары

Тынық мұхитта темірмарганецтік конкрециялардың ірі қоры орналасқан - 16 млн шаршы шақырым. Жеке аудандарда конкреция құрамы 1 шаршы метрге 79 кг дейін жетеді. Тынық мұхит түбіндегі темірмарганецтік конкрециялардың жалпы қоры - 17 мың млрд т бағаланады.

Конкреция түріндегі басқа пайдалы қазбалардан фосфориттік және бариттік кездеседі.

Фосфориттің өнеркәсіптік қорлары Калифорния жағалауында, Перу және Чили жағалауында, Жаңа Зеландия маңында табылды. Фосфориттерді 80350 м тереңдіктен өндіреді. Бариттік конкрециялар Жапон теңізінде табылды.

Қазіргі уақытта рутил (титан рудасы), циркон (цирконилік руда), монацит (торилік руда) кен орындарының маңызы өте зор.

Оларды өндіруде басты орынды Австралия алады, Оның шығыс жағалауы бойымен кен орындары 1, 5 мың шақырымға созылып жатыр.

Титанмагнетиттік және магнетиттік кендер Жапониядағы Хонсю аралында, Индонезияда, Филиппинде, АҚШта (Аляска маңы), Ресейде өндірілуде. Құрамында алтын кездесетін топырақ Солтүстік Американың батыс жағалауында (Аляска, Калифорния) және Оңтүстік Америкада (Чили) таралған. Платиндік топырақ Аляска жағалауында өндіріледі.

Қайраңды аймақта глауконит, пирит, долмит, құрылыс материалдары - гравий, топырақ, балшық, және т. б. . Мұнайдың, газдың және тас көмірдің теңіздік кен орындары үлкен маңызға ие.

Мұнайгаз кен орындары Тынық мұхиттың шығыс және батыс бөлігінің қайраңды аймақтарында табылды. Мұнай мен газды АҚШ, Жапония, Индонезия, Перу, Чили, Бруней, Папуа, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей (Сахалин аралы маңында) өндіреді. Ресей үшін Беринг, Охот және Жапон теңіздері үлкен маңызға ие.

Тынық мұхиттың кейбір қайраңды аудандарында көмір кен орындары ашылған. Мұхит түбі қойнауынан жалпы өндірілген тас көмірдің 40% Жапонияның үлесіне тиеді. Аз көлемде көмірді теңіздік әдіс арқылы Австралия, Жаңа Зеландия, Чили және басқа елдер өндіруде.

3 Климат және су

3. 1 Атмосфералық циркуляция

Тынық мұхиттың үстінде олар жалпығаламшарлық факторларға байланысты қалыптасады. Мұхиттың үстіндегі екі жартышардың субтропикалық ендіктерінде тұрақты барит максимумының, экватор маңы ендіктерінде Экваториалды депрессия, қоңыржай және полярмаңы аудандарында - төмен қысым облысы: солтүстікте - маусымдық Алеут минимумы, оңтүстікте - төмен қысымды Антарктика белдеу бөлігінің орталықтары орналасқан.

Желдер жүйесі атмосфералық қысымның мұхит үстіндегі таралуына сәйкес қалыптасады. Субтропикалық максимум және экваториалды деппрессия әсерінен тропикалық ендіктерде пассаты желдер қалыптасады. және ОңтүстікТынықмұхиттық максимумдер американ континетіне жылжығандықтан, пассаттардың барынша жылдамдығы және тұрақтылығы Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде байқалады.

Мұнда оңтүстікшығыс желдер жылдың 80% уақытына дейін ұсталынады, олардың орташа жылдамдығы - 6 - 15 м/с (максималды - 20 м/с дейін) . Солтүстікшығыс желдер тұрақсыздау болып келеді - 60 70% дейін, орташа жылдамдығы - 6 - 10 м/с.

Желдердің максималды жылдамдығы тропикалық циклондар - тайфундардың өтуімен байланысты.

Тайфундар негізінен жазда және бірнеше облыстарда туады. Бірінші облыс Филиппин аралдарының шығысына қарай орналасқан, осы жерден тропикалық циклондар солтүстікбатыс және солтүстік бағыттарда Шығыс Азияға қарай және ары қарай Беринг теңізінің солтүстікшығысына қарай қозғалады. Күн сайын Филиппин, Жапонияға, Тайваньға, Қытайдың шығыс жағалауы және басқа аудандарға басқаннан кейін тайфундер толассыз жауындармен, дауылды желдермен биіктігі 1012 м дейін штормды толқындармен сипатталады. Басқа облыс Австралияның Жаңа Гебрид аралдарының солтүстікшығысына қарай орналасқан, осы жерден тайфундар Австралия және Жаңа Зеландияға қарай қозғалады. Мұхиттың шығыс бөлігінде тропикалық циклондар сирек кездеседі, олардың туу облысы - Оңтүстік Америкаға тиіп тұрған жағалау аудандары. Бұл дауылдардың қозғалу бағыты Калифорнияның жағалау аудандары арқылы Аляска шығанағына қарай өтеді.

Экватормаңы ендіктерінде пассат конвергенциясының ауданында әлсіз және тұрақсыз желдер басым. Екі жартышардың қоңыржай ендіктерінде, әсіресе мұхиттың оңтүстік бөлігінде батыс желдері басым. Оңтүстік жартышардың дәл осы орта ендіктерінде олар ең үлкен қуаттылығына және тұрақтылығына ие. Полярлық фронта жиі пайда болатын циклондардың әсерінен осында жылдамдығы 16 м/с дейін жететін дауылды желдер болып тұрады. Антарктида жағалауларында жоғары ендіктерде шығыс желдері басым келеді. Солтүстік жартышардың қоңыржай ендіктерінде қыстық уақыттың батыс желдері жиі соғады.

Тынық мұхиттың солтүстікбатыс бөлігі - муссонды циркуляциясының анық байқалатын облысы. Қуатты Азиат максимумы қыста бұл жерде материктен суық және құрғақ ауаны әкелетін солтүстік және солтүстібатыс желдерді қалыптастырады. Жазда оларды мұхиттан материкке жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін солтүстік және солтүстікбатыс желдері ауыстырады.

3. 2 Ауа температурасы және жауыншашын

Максималды жоғары температуралар (36 38ºС дейін) Филиппин теңізінің шығысына қарай солтүстік тропик ауданында және Калифорния ауданында және Мексика жағалауында байқалды. Ең төменгі - Антарктикада ( 60ºС дейін) . Жалпы төменгі ендіктерде Тынық мұхиттың батыс бөлігі шығысқа қарағанда жылырақ.

Мұхитты қоршап тұрған материктер құрлығының әсері өте зор.

Мұхит үстіндегі ауа температурасын таратуда Антарктиданың әсері өте үлкен. Мұхиттың оңтүстік жартысының үстіндегі ауа солтүстікке қарағанда суығырақ. Бұл Жердің полярлы ассиметрияларының бірі болып табылады.

Ең көп жауыншашын пассат конвергенциясының ауданындағы ендіктерде - жылына 3000 мм дейін. Әсіресе, оның батыс бөлігінде - Зонд аралдарының, Филиппин және Жаңа Гвинея маңында көп жауады. Каролин аралдарынан шығысқа қарай жауыншашынның жылдық көрсеткіші 4800 мм асады. Экваториалды ауданда жауын мөлшері азырақ, ал шығыста экватормаңы ендіктерінде құрғақ аймақ байқалады (500 мм аз) . Қоңыржай ендіктерде жауыншашынның жылдық көрсеткіші 1000 мм, ал батыста 20003000 мм құрайды. Ең аз жауыншашын мөлшері субтропикалық барит максимумы әрекетінің ауданында байқалған. Осылайша, калифорния түбегінің батысына қарай 200 мм аз жауады, ал Перу және солтүстік Чили жағалауларында - жылына 100 мм төмен. Екі жартышардың жоғары ендіктерінде әлсіз булану нәтижесінде жауыншашын мөлшері төмен - жылына 500300 мм.

Конвергенцияның ішкі тропикалық ауданында атмосфералық жауыншашынның таралуы жыл бойы бірқалыпты. Алеут барит минимумының әрекетінің ауданында олар негізінен қыстық уақытта түседі. Жауыншашынның қыстық максимумы Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінің қоңыржай және поляр маңы ендіктеріне тән. Муссонды солтүстікбатыс ауданда жауыншашынның көп бөлігі жаздық уақытқа келеді.

Тынық мұхит үстіндегі бұлттылықтың максималды көрсеткіші қоңыржай ендіктердің үлесіне келеді. Осында тұмандар жиі пайда болады, әсіресе, Курил және Алеут аралдарына тиіп тұрған акватория үстінде.

Тынық мұхит арктикалықтан басқа барлық климаттық белдеулерде орналасқан.

3. 3 Судың физикалықхимиялық қасиеттері

Тынық мұхит Жердегі мұхиттардың ішіндегі ең жылысы болып есептеледі. Оның беткі суларының орташа жылдық температурасы 19, 1ºС құрайды (Атлант мұхиты температурасынан 1, 8ºС және Үндіден - 1, 5ºС жоғары) . Ол су бассейнінің үлкен көлемімен - жылу жинаушысы, неғұрлым қызатын экваториалдытропиктік аудандардағы акватория ауданының үлкендігімен, Тынық мұхиттың суық Арктикалық бассейнінен оқшаулануымен түсіндіріледі. Антарктиканың Тынық мұхитқа әсері Атлант және Үнді мұхиттарымен салыстырғанда азырақ.

Тынық мұхиттың беткі суларының температураларының таралуы негізінен атмосферамен жылуалмасу және ауа массаларының циркуляциясымен анықталады.

Экваториалдытропиктік ендіктерде судың ең жоғарғы маусымдық және жылдық температуралары байқалады - 25 29ºС, ал максималды көрсетекіші (31 32ºС), бұл көрсеткіштер экваториалды ендіктердің батыс аудандарының үлесіне келеді. Төменгі ендіктерде мұхиттың батыс бөлігі шығысқа қарағанда 2 5ºС жылырақ. Солтүстік жартышардың қоңыржай және субполярлы акваторияларында мұхиттың батыс бөлігі жыл бойы шығысқа қарағанда 3 7ºС суығырақ. Жазда Беринг бұғазындағы су температурасы 5 6ºС. Мұнда минималды температура - 1, 7 - 1. 8ºС. Антарктикалық суларда жүзгіш мұздардың таралу аудандарында су температурасы 2 3ºС дейін сирек көтеріледі.

Судың тұздылығы және тығыздығы. Мұхиттың су балансына атмосфералық жауыншашын мөлшерінің булану көлемінен артықтығы тән. Тынық мұхиттың бетіндегі жоғарытұздалған судың қалыптасу ауданына екі жартышардың субтропикалық аудандары жатады, себебі мұнда булану түсетін жауыншашын мөлшерінен жоғары.

Екі жоғарытұздалған аймақтар (35, 5‰ солтүстікте, 36, 5‰ оңтүстікте) екі жартышардың 20º ендігінен жоғары. 40ºс. е. солтүстікке қарай тұздылық күрт төмендейді. Аляска шығанағының шыңында ол 3031‰ тең. Оңтүстік жартышарда тұздылықтың азаюы Батыс Желдерінің әсерінен субтропиктерден оңтүстікке қарай төмендейді: 60ºо. е. дейін ол 34‰ жоғары болады, ал Антарктида жағалауында 33‰ дейін азаяды. Судың тұщылануы атмосфералық жауыншашын мөлшері жоғары экваториалдытропиктік аудандарда байқалады. Тұздану мен тұщылану аудандары арасында тұздану таралуына ағыстар қатты әсер етеді. Жағалау бойында ағыстар мұхиттың шығыста тұщы суларды жоғары ендіктерден төменгілерге, ал батыста - тұзды суды кері бағытта тасымалдайды.

Тынық мұхиттағы мұздың пайда болуы антарктикабойы аудандарында, сонымен қатар Беринг, Охот және Жапон теңіздерінде (Сары теңізде, Камчатканың шығыс жағалауындағы шығанақтарда және Хоккайда аралында және Аляска шығанағында) байқалды. Жартышарлар бойынша мұз массивтерінің таралуы бірқалыпсыз. Оның негізгі үлесі антарктикалық облысқа келеді. Мұхиттың солтүстік бөлігіндегі қыста түзілетін жүзгіш мұздардың басым бөлігі жазда еріп кетеді. Мұхиттың солтүстік бөлігіндегі мұздың максималды жасы - 4 - 6 ай. Осы уақытта ол 1 - 1, 5 м қалыңдыққа дейін жетеді. Жүзгіш мұздардың ең оңтүстіктегі шекарасы 40º с. е. Хоккайдо аралының жағалауында, ал 50º с. е. Аляска шығанағының шығыс жағалауында орналасқан.

Беринг теңізі түбінің оңтүстік бөлігі ешқашан да қатпайды. Аляска шығанағының солтүстігінде бірнеше жағалық мұздықтар белгілі. Мұхиттың солтүстік бөлігіндегі мұз кеме жүзуге қолайлы емес.

Мұхиттың оңтүстік бөлігінде ірі мұз массалары жыл бойы кездеседі, және оның барлық түрлері солтүстікке қарай таралады. Жазда да жүзгіш мұздардың бөліктері 70º о. е. маңында ұсталады.

Қыстың соңына қарай жүзгіш теңіз мұзының қалыңдығы 1, 2 - 1, 8 м дейін жетеді. Антарктиданың қуатты беткі мұздықтары көптеген айсбергтердің пайда болуына себеп болады. Антарктикалық айсбергтердің орташа көлемі - ұзындығы бойынша 2 - 3 шақырым және ені 1 - 1, 5 шақырымды құрайды. Рекордті көлемі - 400/100 шақырым. Айсбергтердің пайда болуының негізгі аудандары - Росса және Амундсен теңіздері.

3. 4 Су динамикасы

Атлантикадағы сияқты, Тынық мұхитта да солтүстік және оңтүстік субтропикалық антициклоналды ағыс айналымы және солтүстік қоңыржай ендіктердегі циклоналды ағыс айналымы жүреді. Бірақ басқа мұхиттардан айырмашылығы мұнда қуатты және тұрақты Пассатаралық қарамақарсы ағыс бар, ол Солтүстік және Оңтүстік пассатты ағыстармен бірге экватормаңы ендіктерінде екі тар тропикалық айналымды құрады: солтүстіктік - циклональді және оңтүстіктік - антициклональді. Антарктида жағалауларында материктен соғатын шығыс желдерінің әсерінен Антарктика ағысы түзіледі. Ол Батыс Желдері ағысымен байланысты, осында Росса теңізінде жақсы байқалатын тағы бір циклональді айналым қалыптасады. Осылайша, Тынық мұхитта басқа мұхиттармен салыстырғанда беткі сулардың динамикалық жүйесі жақсы байқалады. Айналымдармен су массаларының дивергенциясы және конвергенция аудандарымен байланысты.

Тынық мұхит суының циркуляциясында Кромвелл ағысының маңызы зор.

Ағыстың ұзақтығы - 7000 шақырым, ені - 300 шақырым, жылдамдығы - 1, 8 ден 3, 5 шақырымға дейін. Негізгі беткі ағыстардың көпшілігінің орташа жылдамдығы 1 - 2 шақырым/сағ., Куросио және Перуан - 3 шақырым/сағ. Ең көп мөлшерде су тасымалдайтын ағыстарға - Солтүстік және Оңтүстік Пассатты ағыстар - 90 - 100 млн шаршы метр/сағ, ал Куросио 40 - 60 млн м³/сағ суды тасымалдайды.

Мұхиттағы тоқындардың ұзындығы орташа 1 - 2 м құрайды, Аляска шығанағында - 5 - 7 м, Кук шығанағында - 12 м дейін барады.

Тынық мұхитта ең жоғарғы жел толқындары пайда болады (34 м дейін) . Неғұрлым дауылды аймақтарға 40 50º с. е. және 40 60º о. е. аудандары жатады, мұнда қатты және ұзақ желдердің әсерінен толқын биіктігі 10 - 15 м дейін жетеді.

Дауылды белсенділік Антарктида және Жаңа Зеландия аралығында ауданда барынша интенсивті. Тропикалық ендіктерде толқулардың себебі пассаттар болып табылады, ол барынша бағыттар бойынша бірқалыпты және толқындарының биіктігі - 2 - 4 м. Тайфундардағы желдердің қатты жылдамдығына қарамастан, олардағы толқындар биіктігі 10 - 15 м аспайды.

Мұхиттың солтүстік және солтүстік -батыс бөлігіндегі Евразияның аралдары және жағалауларында, сонымен қатар Оңтүстік Америка жағалауларында цунамилер болып тұрады.

Акваторияның және жақын орналасқан материк бөліктерінің үстіндегі атмосфера циркуляциясының ерекшеліктерімен біріншіден Тынық мұхиттағы беткі ағыстардың ортақ кестесі анықталады.

4 Физико - географиялық бөліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс аймақ
Мұхит суының температурасы
Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Дүниежүзілік мұхит
Солтүстік Американың физикалық – географиялық жағдайы
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz