Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын реттеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. . . 4

1. 1. Азық-түлік нарығының жалпы түсінігі, азық-түлік нарығын реттеудің міндеттері мен мақсаттары . . . 4

1. 2. Азық-түлік нарығын реттеудің қағидалары мен қайнар көздері . . . 6

1. 3. Азық - түлік нарығын реттеудің ұлттық және экономикалық нарығының бір элементі ретінде . . . 9

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ. . . 15

2. 1. Азық-түлік нарығын реттеудің мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мекемелер . . . 15

2. 2. Отандық азық-түлікті бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сатудың көлемін ұлғайту . . . 20

2. 3. Аймақтық азық-түліктік қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етуге баға беру . . . 27

2. 4. Қазақстанның азық-түлік нарығының құқықтық, ұйымдық-экономикалық мәселелері . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында азық-түлік нарығын реттеудің құқықтық мәселелеріне, атап айтсақ, азық-түлік нарығының жалпы түсінігі, Азық-түлік нарығының қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық заңнамалардың қалыптасуы мен даму тарихын анықтауға, азық-түлік нарығын реттеудің міндеттері мен мақсаттарын ашуға, азық-түлік нарығын реттеудің қағидалары мен қайнар көздерін анықтап, белгілеуге, азық-түлік нарығын реттеудің ұлттық және экономикалық нарығының ажырамас бір элементі ретінде талдау жасауға, азық-түлік нарығын реттеудің мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың құзыреті мен мақсаттарына тоқталып, азық - түлік нарығының қамтамасыз етуге салыстырмалы талдау жасау, аймақтық азық-түліктік қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етуге баға беру, Қазақстанның азық-түлік нарығының құқықтық, ұйымдық-экономикалық мәселелерін зерттеу, азық-түлік нарығын реттеудің шет мемлекеттердің әдістері мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Азық - түлік қауіпсіздігі туралы» модельдік Заңы мен кейбір нормативтік құқықтық актілердің жетілдіру мәселелеріне тоқталған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендік алып жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалы қоғам құруға бет бұруы көптеген экономикалық, құқықтық және әлеуметтік реформалар арқылы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы - ел үшін өзекті салалардың бірі. 2008 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің Азық-түлік нарығының қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.
Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар», - деген [1] .

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан Азық-түлік нарығының қамтамасыз ету жолында біраз оң шаралар жасалып жатыр. Қазақстан өткен жылы бидай өндіру бойынша жан басына шаққанда Австралияны артқа қалдырып, әлем бойынша бірінші орынға шықты. Елімізде қайта өңдеу кәсіпорындарының саны өсіп, жаңа бағыттар - кластерлер дамуда. Көптеген кәсіпорындар өнімнің халықаралық стандарттарын енгізіп, өсімдік карантинін қамтамасыз ету жүйесі халықаралық талаптарға сәйкестендіру жұмысы жалғасуда [2] .

Соңғы уақыттарда ауыл шаруашылығындағы реформаларды тереңдетуге бағытталған жаңа қадамдар жүйелі жүргізілуімен ерекшеленеді деуге болады. Алайда, аграрлық сектор өндірісін құқықтық үйлестіре білу жағы соған ілесе алмай жүргендігін еске салмасқа болмайды. Заңнамалық құжаттар мен актілердің қатарында Азық-түлік нарығының қамтамасыз етуге қатыстылары жоқтығы өкінтеді.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

1. 1. Азық-түлік нарығының жалпы түсінігі, азық-түлік нарығын реттеудің міндеттері мен мақсаттары

Азық-түлік нарығының ұғымы, осыдан 30 жыл бұрын, "геосаясат" ұғымы секілді, адамзаттың құлағын мазалатқан болатын. Бүгінгі таңда азық-түлік нарығының ұғымы саясаткерлер мен заңгерлер лексиконының бөлігі ретінде қалыптасты [3] .

Тұңғыш рет «азық-түліктік қауіпсіздік» термині практикаға астық әлемдік бағасы күрт өсіп кеткеннен кейін 1974 жылы Римде болып өткен ФАО ұйымдастырған Азық-түлік мәселелері жөніндегі дүниежүзілік конференциясында енгізілген болатын.

1996 жылы 20 жылдан кейін азық-түлік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі өткізілген дүниежүзілік бас қосуда азық-түлік ұғымы толық ашылған болатын. Бас қосудың қорытындылары бойынша Дүниежүзілік азық-түліктік қауіпсіздік жөніндегі Римдік декларация қабылданған. Осы декларацияға сәйкес Азық-түлік нарығының - бұл тұтастай мемлекеттің халқы мен жеке алғанда әр азаматына азық-түліктің сапасы, ассортименті мен көлемі жағынан толық қажеттерін қанағаттандыратын тұлғаның дене бітімі мен әлеуметтік дамуы үшін, ел халқының денсаулығы мен кеңейтілген ұдайы өсуі үшін қажет болатындай және жеткілікті болатындай тамақ өнімдеріне, ауыз су мен өзге де тамақ өнімдеріне қол жеткізуге кепілдік берілетін экономиканың жағдайы деп көрсетті [4] .

Қазақ елінің тарихында ата заманнан азық мәселесі ауқымды орын алған. Халық өзін азықпен қамтамсыз ету үшін, ең бірінші жер қажет болған. Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізгі және олардың шаруашылық қызметнің материалдық базасы болған. Ол мал және басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мәнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал мен мүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді «туған ел» деп, ал шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған. Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты әдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған.

Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайды. Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер - қазіргі ата-бабалары - сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің және ғұндардың мемлекеттері иеленген.

Тайпалар жерді иелене отырып, жерді өңдеумен айналысып, әр түрлі дәнді дақылар егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Ертедегі қазба дерекетеріне сүйенсек, неолит дәуірінде тайпалар аңшылықпен және балық аулаумен, мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысты. Ал қола дәуірінде, б. з. д ІІ-мыңжылыдқтарда шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургияда болды. Осыдан кейін де ғұн, үйсін, түркеш және тағы басқа мемлекеттіктер дами келе егін шаруашылығы және бау-бақша өсіріп, оларды жасанды жолдармен суғарып отырғандығы бәрімізге мәлім.

Қазақ хандығы кезеңінде өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында топырақтық климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрстеді. Осы жағдайлардың нәтижесінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басы ролді иеленді. Ауыл шаруашылығындағы дәнді дақылдарды арпа бидай, сұлыны өсіріп егін шаруашылығының дамыған түрімен айналысып, оларды сол кезеңдегі технологиялармен өңдеп, басқа хандықтарға сатқан немесе айырбас жасаған.

Ресейдің үстемді кеткен кезеңіндегі тарихында Қазақ халқы Ресейге қосылуымен байланысты үкімет бұл жерлерді Ресей мемлекетінің меншігі ретінде жойылды. Хан билігі жойылды, жергілікті халық колониялдық басқару органдарына бағынады. Патша билігі жайылымдық жерлерді «бос жерлер» деп санады. Көшіп-қону басқармасының алдында мынандай міндет қойылды - жергілікті халықтың осындай жерлерін қысқартудың есебінен көшіп-қону қорын көбейту. Мал шаруашылығының айрықша ерекшеліктерімен, қажеттіктерімен санаспай билік құрылымдары жергілікті еңбек шаруа халқының жер пайдалану нормаларын аяусыз қысқартты [5] .

Қазақтардың жартылай көшпелі өмірі сипатталды. Жартылай көшпелі шаруашылығының сипаты болып күздік жайлымдардың, қыстаулармен жақын жердегі шөптердің олардағы құдықтар мен ормандармен бірге жекелеген ауылдардың, тіпті, жекелеген отбасылардың меншігінде болып табылады. Сондай-ақ азық-түлік оның ішінде мал, өсімдік, егін шаруашылығымен қазақ шаруалар айналысқан. Ресей мемлекеті Азық-түлік нарығыныңн қамтамасыз етуді қолға алған.

КСРО құрамы кезеңіндегі тарихында Азық-түлік нарығыныңне байланысты көптеген өзгерістер болды. КСРО-ға еген кезден бастап жер, су, орман, тау және басқа құқықтық қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізді. Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда патшалық рекрияциялық аграрлық саясаттың саладары байқалатын. Қазақстандағы Ресей империясының отарлау саясатының Қазақстандағы Ресей империясының отарлау нәтижесінде Қазақстандағы 28, 2 млн ондық жыртуға икемді жердің 22, 7 млн ондағы халықтың пайдалануынан алынды.

Шаруашылықтың ұжымдық шаруашылықтарға және ұжымдық шаруашылықтың басқа да нысандарына ауысуын ұйымдастыру тек мәжбүрлеу әдістерімен ғана жүзеге асырылды. Мысалы, ОАК-тың (ЦИК) 1930 жылғы 1-ақпандағы «Ауылшаруашылығын социалистік қайта құру және кулактармен күрес бойынша шаралар туралы» қаулысына сәйкес жергілікті органдарға мәжбүрлі ұжымдастырға кедергі жасаушы ірі шаруашылықтармен күресу, тіпті, олардың мүлкін тәркілеп, қатысушыларды елдің шалғай игерілмеген аудандарына айдап жіберу құқығы берілді.

Ауыл шаруашылғын жаппай ұжымдастыру (1929-1935ж. ж) кезінде ауыл шаруашылық кооперациясының кең тараған түрі болып артель табылды. Көшенді және жартылай көшпенді аймақтарда да біршама ауыл шаруашылғын ұжымдастыру белгілері көрініс тапты.

Жоғарыда айтылғандай, ұжымдастыру ауыл шаруашылығында мәжбүрлі түрде жүзеге асырылды және де мұнда көшпенді және жартылай көшпенді тұрғылықты халықтан барлық мал мен астық мәжбүрлі түрде алынды. Осының нәтижесінде, Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың алғашқы кезеңінде тұрғылықты халықтың екі миллионнан астам адам ашаршылықтан өлді. Ұжымдастыру салдары Азық-түлік нарығыныңне кері ықпалын тигізгені айдан анық көрініс тапты. БКП Орталық комитеті 1932 жылғы 17-қыркүйекте «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылдады.

Ауыл ашруашылыңы кезенңінде кеңес заманының жеңіуіне байланысты (1935-1956), осы кезеңде колхоздар шаруашылықтың ұжымдық-құқықтық нысаны болды, козхохдың үлгілі жарғысы ретінде базалық шығарылған заңдары болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылғына әскер мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Алайда, республикада мал шаруашылығын көтеруге ешбір жағдай болмады: техника, жұмыс күші жетіспеді, шөп дайындайтын адамдар болмады, мал азығының тапшылығы байқалды. Республика жайылымдық мал шаруашылғын дамытуға бет бұрды. Жалпы соғыс жылдары жартылай көшпенді өндірістегі жайлымдық мал шаруашылығының қажетіктері үшін жайлымдар мен шабындықтардың 20 млн. га жері игерілді.

1953 жылдан бастап КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда тың және бос жатқан жерлерді игеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде, Республикада тек 1954 жыл мен 1958 жыл аралығында ғана тың жерлерінде 326 жаңа кеншарлар және бос жатқан жерлердің негізінде 206 әл-ауқаты нашарлау кеншарлар құрылды. Жалпы алғанда 1954-1966 жылдары жаңа кеншарлар ұжымдастырылды.

Ауыл шаруашылығы заңдарының социалистік даму кезеңдерінің бірі болды (1956-1985) . Бұл кезең ауылшаруашылық кәсіпорындарды реформалау тұтастай мемлекетке өткізілді, жарым-жартысын жоя отырып, ал бұдан былай колхоздарды қайта құра отырып; өндірістің барлық меншік құралдары толық мемлекеттік болып танылатын бірінші орныды совхоздар құру болды.

1. 2. Азық түлік нарығын реттеудің қағидалары мен қайнар көздері

Азық-түлік нарығының қағидалары деп - азық-түлік қауіпсіздік қатынастардың құқықтық реттелу сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар. Қағидалар салалық және салааралық болып екіге бөлінеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі болып табылатын азық-түлік нарығының салалық қағидалары ретінде:

  • аграрлық кәсіпкерлік еркіндігі және шаруашылық нысанын таңдау еркіндігі;
  • ауылдағы меншік нысанының және шаруашылық нысанының көптігі;
  • аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және агроөнеркәсіптік кешендігі әр түрлі меншік нысандарының тең дәрежеде құқықтық қорғалуы;
  • агроөнеркәсіптік кешен дамуының артықшылғы;
  • агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау;
  • азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
  • Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік-шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың араласпауын
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына азық-түліктің тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес жастарынан, мүліктік және лауазымдық жағдайларынан, тұрған және тұратын жерлерінен тәуелсіз азық-түлік тауарларының нақты және экономикалық қол жетімділігін қамтамасыз ету кепілі;
  • Қазақстан Республикасында өндірілетін және сатылатын азық-түлік тауарларының сапасының тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы заңдарда белгіленген талаптарға сәйкестігі;
  • отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету;
  • ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерінен тәуелсіз азық-түлік қорын қалыптастыру, жаңарту және толықтыру;
  • астықтың мемлекеттік қорларын қалыптастыру;
  • барлық жеке меншік түрлері ұйымдарына аграрлық азық-түлік нарығына рұқсат беру жолымен тең бәсекелік ортаны құру;
  • мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара әрекеті мен ынтымақтастығы;
  • Азық-түлік нарығыныңн қамтамасыз ету мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) рөлін арттыруға көмектесу;
  • аграрлық азық-түлік нарығының күйі туралы ақпараттың ашықтығы принциптерінен құралады.

Сонымен қатар, Азық-түлік нарығының қауіп-қатерінің алдын-алуға бағытталған жағдайларды есептемегенде -

  • азық-түлік тауарларын өндірушілердің өткізу нарықтарына рұқсатын шектейтін;
  • азық-түлік тауарларының бағасының кенеттен көтерілуін, азық-түліктің ішкі қорларының төмендеуін өршітетін;
  • азық-түлік тауарларын елден тысқары заңсыз (контарбандалық) жолмен шығаруға ықпал ететін шешімдер мен әрекеттерді қабылдауға тыйым салынады [12] .

Салааралық қағидаларына азық-түлік және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы қағидаларға:

  • адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға азық-түлік және тамақ өнімдерінің нарығыныңінің басымдығы;
  • экологиялық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын-алу;
  • мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
  • ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
  • қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
  • тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
  • азық-түлікті әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің нарығын реттеудің гі субъектілердің жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылады [12] .

Азық-түлік нарығының қамтамасыз ету әлеуметтік-саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, ұйымдастыру, ақпараттық және азық-түлік дағдарысының алдын алуға және (немесе) жеңуге бағытталған басқа да шараларды әзірлеу мен іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Азық-түлік нарығына қауіп төну - республика аумағында азық-түлік тауарлары көлемінің төмендеуіне әкелетін жағдайлар, процестер және нақты жағдайлардың, сонымен қатар тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген талаптардың орындалмауының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Азық-түлік нарығына қауіп төнген жағдайда азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына қажет болған жағдайда уақытша шек қоюға құқылы.

БҰҰ-ның болжамына сәйкес 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі. Кейінгі уақытта әлемдік нарықта айтарлықтай өзгерістер болуда, бірақ, сарапшылардың мәліметінше, бұл проблемалардың өзектілігі барған сайын арта түспек.

БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын халық санының өсім қарқыны 1, 4% құраса, өнім өндіру көлемі жыл сайын 0, 9%-ға ұлғаюда. Яғни, оның кенжелеп қалғаны айқын байқалады. Тағы осы болжамға сай, 2030 жылы дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныс екі есе өседі. Сол себепті келешекте саясатта да, экономикада да азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарушы елдер шешуші роль атқаратын болады.

Mемлекет адамының өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды, бұдан мемлекеттің ауыл шаруашылық тауар өдірушілердің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеуі және оған қандай да бір шығын келтірмеуі бағытында қамқорлық жасалғанын көруге болады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін азық-түлік өнімдерін өндіруді тоқтатуға және оның алдын алу шараларын жасауын талап етеді [14] .

1. 3. Азық - түлік нарығын реттеудің ұлттық және экономикалық нарығының бір элементі ретінде

Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және еліміздің Азық-түлік нарығының ғана емес, мемлекеттегі қоғамдық-саяси тұрақтылық та осы саланың дамуымен тікелей байланысты. Әлемдік азық-түлік нарығында туындаған дағдарыс пен оның салдары азық-түлік мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да салмақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды. Азық-түлік тапшылығы қаупін сезініп-түйсінген әлемнің барлық елдері, қазір өздерінің аграрлық саясатын шұғыл қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізіп жатыр [16] . Әсіресе өндіріс көлемін арттыру мен ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру мақсатындағы мемлекеттің реттеу және қолдау көрсету ролін күшейтуге ерекше мән беріліп отыр.
Әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде дүниежүзілік азық-түлік нарығындағы жағдай Қазақстан экономикасына да ықпал етіп, ішкі азық-түлік нарығында көрініс тапты. Бұл әсер негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт қымбаттауы мен сыртқы нарыққа жаппай экспортталуы нәтижесінде ішкі қордың күрт азаюынан байқалды. Уақытында алдын алу шараларын қолданып, жалпы ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтап қалдық. Дегенмен, осы жағдай Қазақстанның аграрлық саланың «әлсіздігін», әлемде орын алатын қауіпті құбылыстарға төтеп беретін ешқандай мүмкіншілігінің жоқтығын тағы бір рет ашып көрсетті. Біздің ел үшін әлемдік дағдарыстың әсерін дәл болжаған Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылдың ақпанындағы Жолдауында аграрлық саланы одан әрі дамыту қажеттігіне ерекше назар аударып, еліміздің Азық-түлік нарығының қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Әлемдік азық-түлік нарығы қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан қазіргі кезде, бұрын қалыптасып қалған стеротиптерді қайта қарап, бұл тапсырмаларды орындау үшін мәселенің жаңа қырынан қарау үшін саладағы қызметтің стратегиялық бағыттарын заман талабына сай қайта өзгерту қажет. Дегенмен, бұл қазіргі стратегиялық бағытты толықтай қайта өзгерту дегенді білдірмейді, тек соңғы жағдайларға байланысты ішінара түзетулер енгізу керек. Сондықтан бұрын жасалып, қазір жүргізіліп жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, оны жағдай қалай өзгерген кезде де еліміз Азық-түлік нарығын қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыру тиіс.

Бүгінгі күні әлем алдындағы ең үлкен дағдарыстың бірі азық-түлік дағдарысы екендігі рас. Халықаралық деңгейде қиындық тудырып отырған ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтынатын азыққа сұраныстың аяқасты шарықтайтынын алдын ала дөп басып болжаған ешкім болмады десек те шындыктан алыстамаймыз.
Ендігі күні ғана қиындықтың нақты қаупі айтылып, әлемдік деңгейдегі бірлескен шаралар қамтылуы жайында сөз болуда. Осының бір көрінісі ретінде Жапонияның Тояко қаласында өтіп жатқан «Үлкен сегіздік» саммиті барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдемесін атаған орынды. Онда Бас хатшы бүгінгі адамзат баласы бір-бірімен өзара байланысты үш дағдарысқа ұшырағанын айтады. Олар: азық-түлік дағдарысы, климаттың өзгеруі дағдарысы және даму дағдарысы. Бас хатшы Пан Ги Мун бұндағы азық-түлік бағасының өсуі Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге кедергі болатынын айтып, алаңдаушылық білдірді және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы ресми көмектер үлесін бүгінгі 3 пайыздан 10 пайызға дейін арттыру қажеттігі туралы үндеу жасады.

Бұдан былай Қазақстанның Азық-түлік нарығының мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен бірге қарастырылатын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Экономикадағы интеграциялық процестер
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
“Өндірістің ауыл шаруашылығымен байланысын жақсарту механизмдері”
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz