Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары



1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
4. Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан,бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлылқтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгі астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші алдыңғы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада ХІХ ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастыру түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілу бұқара халықтың саясаты қатысуы аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партияалар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саятсаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап өтті:
1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
4. Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. “Партия”
деген сөз латын тілінен шыққан,бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды.
Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар
болатын. Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін
қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз
әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлылқтай маңызы болмады. Еңбекші
топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгі астында еді.
Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың
мүддесін ара-тұра билеуші алдыңғы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада ХІХ ғ.
екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық
революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастыру түрі және
жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді.
Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілу бұқара халықтың саясаты қатысуы
аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар
парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады.
Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі.
Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың
негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партияалар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның
ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саятсаттанушысы Макс Вебер саяси
партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап өтті:
1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік
партиялар.
Саяси клуптардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы- олар ең
алдымен буржуазияның мүддесін білдірді (Ал аристократтық үйірмелер жер
иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеалогиялық
байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты
кең өрістеуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі - олар жұмысын
тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да
көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды
тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие,
мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенімен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі
партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативті
(тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың өсуінің даму
жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік
партия болып қалыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық
партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы
да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті
ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер
өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып
1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдің
басшылығымен) құрылды. Жұмысшы Одағы Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын
көпшілік партиялар пайда болды. мұндай партиялар басқа континенттерде де
құрыла бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Поломбараның ойынша
партиялармынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеалогияны
қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия –
адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың
әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның
мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен
жасалады); 4)әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына
дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың
саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат
береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты
принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық
іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен
жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың,
таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің
өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу
қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және
негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін,
құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті)
саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну және т.т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз
мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық
ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын
партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр
түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы
әлеуметтік – экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту
керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында
қоғамның саяси саласындағы басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық
өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт
қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау
кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның
сайлаушылар тобы деген сөзінен ) құрайды. Еуропадағы социал – демократиялық
партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық –
демократиялық партияларды орта жіктегі қізметкерлер, интеллигенция, ұсақ
кәсіпкерлер және т.б. қолдайтын.Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін.
Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың
бір бөлігін тірек ететін. ХХ ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді . Ірі
партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек,
солардың мүддесін де көздейді.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс
жүзіне асыруға белсене қатынасады.

Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері
бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру
ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиалық байланыстардың
сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша
мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы
М.Дюверже ХХ ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына
байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды
ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп
– қатарында сайлаушылардың 10 %- ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз
партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі.
Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы
төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған
Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-ның Христиандық-
демократиалық одағы, Жапония либералдық демократиялық партиясы, Француз
коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда
оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп
болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік
жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және
демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы, т.т.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен
екі партиясынан басқа әмбебап партиялар деген үшінші түрін бөліп шығарды.
Олардың ерекшелігі – партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге
тырысады. Онда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән
берілмейді. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка
елдерінде тез етек алуда.

Саяси жүйедегі ролі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды
төрт түрге топтастырады:
1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы
жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен
партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы,
Үндістанның ұлттық конгрес партиясы, бұрынғы СОКП.
2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің
сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт
жүргізу, т.т.
3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады:
сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді
алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу,
келістіруу үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерге
(жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар)
жасайды. Премьер-министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы
парламенттегі ккөпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда,
Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды
ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне
орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін
біріктіреді.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы
партиялар. Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады.
Жекеменшіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар
коммунистік партияның басқарушы ролін мойындауы керек.
Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста
мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
2. Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік)
партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың
мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады.
Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік,
ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның,
Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары,
Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.
Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап,
азып-тозып бара жатқаны бәріне аян. Сондықтан Еуропада социал-
демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық
мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялық. Олар ХІХ ғасырда Еуропа
мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. мынандай
принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан
ашық күрес жүргізілуі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау
арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе
партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға
(партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді.
Заң алдында бәрінің тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар
бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық
партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін
қорғайды. әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық
және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды.
Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның
Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиалық
одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүддеден
мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң
орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын
шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық
немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партияялар
кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және
т.б. жаңарған неофашистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Руханият партиясы
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Демократиялық мемлекет идеясы
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қозғалыстар
Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы
Мемлекеттік белгілер
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Пәндер