Сөз тіркесі синтаксисі


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Тіл-қоғамдағы құбылыс болғандықтан, қоғам өзгерісіне сай тіл білімі де өзгеріп, жаңарып, жаңа қағида, теориялармен толығып отырады. Осы тұрғыдан келгенде, тіл білімінің өзге салалары сияқты синтаксис саласы да өзгеріс, даму үстіндегі сала болып саналады.
Кезінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов, І. Бәйтенов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов т. б. негізін қалаған синтаксис саласы одан кейін де М. Балақаев, Ө. Төлегенов, Т. Қордабаев, Ә. Аблақов, Р. Әміров, Т. Сайрамбаев, Қ. Есенов сынды ғалымдардың құнды еңбектерімен толыға түсті. Кейінгі жылдары жарық көріп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылыми саласының әлі де зерттей түсуді қажет ететін тұстары бар екендігін көрсетіп отыр.
Соның бірі тұрақты тіркестің құрамындағы жеке-жеке сөздер сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бірақ мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар сөз тіркесінің бір сыңары болып, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Фразеологизмді сөз тіркесі емес, түйдекті тіркес қатарына жататындығын, сол тұтасымен сөйлемде бір ғана мүше болатындығын ғалымдар еңбегінде сөз етіледі.
Осы сөз тіркесінің байланысу формасы негізінде қарастыру тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің негізгі нысаны.
Қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің тарихи даму жолын айқындау, қолдану ерекшеліктерін анықтау және сөз тіркесі құрылымды, сөйлем құрылымды екендігін топтап қарастыру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері .
Жұмыстың мақсаты-қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестің ішкі құрылымын анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
- тұрақты тіркестің зерттелу тарихына шолу жасау;
- фразеологизмді тіркестің түйдекті тіркес қатарына жататындығын анықтау;
- сөз тіркесінің байланысу формасы негізінде қарастыру;
- фразеологизмдердің құрылысы жағынан жай сөйлем құрылымды және құрмалас сөйлем құрылымды екендігін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Бұл зерттеу жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ішкі табиғаты, яғни ішкі құрылымы арнайы қарастырылып отыр. Осыған байланысты мынадай мәселелердің өз шешімін табу қарастырылды:
- іштей қиыса байланысу;
- іштей матаса байланысу;
- іштей меңгеріле байланысу;
- жай сөйлем құрылымды және құрмалас сөйлем құрылымды екендігі анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуіне шолу.
Синтаксис морфология тәрізді грамматиканың өзекті саласының бірі. Грек тілінен аударғанда синтаксис-«syntax» термині сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдірген. Қазіргі кезде бұл тер мин екі түрлі мәнде қолданылады: біріншісі-сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада, екіншісі-тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Ғылым деген мағынада жұмсалғанда, әдетте, грамматика ғылымының морфология тәрізді өзекті саласы ретінде ұғынылады. Грамматиканың тең дәрежелі, әрі тығыз байланысты морфология, синтаксис тәрізді салалармен қарастыратын обьектілері, түптеп келгенде, тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері.
Зерттеу обьектілерінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға бөлінеді:
1. Сөз және оның формаларының синтаксисі.
2. Сөз тіркесі синтаксис
3. Сөйлем синтаксисі (Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді) .
4. Мәтін синтаксисі.
Сөз және оның формаларының синтаксисі белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра (немесе бағына) алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алу мүмкіндіктерін зерттейді.
Сөз тіркесінің синтаксисі сөздердің тіркесімділік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті мен түрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастырады.
Сөйлемнің синтаксисі сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын олардың түр-түрлерін қарастырады.
Мәтін синтаксисі- тілдік жүйедегі ең жоғары саты. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.
Синтаксистің зерттелу тарихына мағлұмат. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін орыс тіл білімінде синтаксис логикалық категорияларды білдіретін тәсіл ретінде қарастырылып келді. Лингвист ғалым А. Шахматов «синтаксисті сөздегі ойды табатын тәсілдерді зерттейтін грамматиканың саласы» десе, О. Есперсен синтаксисті тілдегі құбылыстардың қызметі мен тұлғасын зерттейтін грамматиканың тарауы ретінде қарастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында психологиялық арнадағы синтаксистік теориялар жасалды (Х. Штейнталь, А. Потебня, Пауль, Вундт) . XIX ғасырдың аяғында тілдердің ұлттық ерекшеліктеріне назар аударыла бастады, синтаксис-сөйлем ішіндегі сөздердің қызметі жөніндегі ілім ретінде танылды (Ф. Фортунатов) . Бұл морфологиялық тұрғыдан дұрыс болғанымен, сөйлемді тұтас бірлік ретінде қабылдау үшін қажет болатын құбылыстар синтаксис аясына кірмей қалды. Сондықтан батыс лингвистикалық мектебінің өкілдері синтаксиске тұлғалық және мазмұндық тұрғыда қарастырылатын сөздердің үйлесуі туралы ілім деген анықтама берді.
Тұлғалық және құрылымдық грамматика өкілдері синтаксисті сөздің үйлесу-комбинаторлық қабілеттері туралы ілім деп түсінсе (синтагмалық синтаксис), дескриптивистер оны сөздердің түрленуін зерттейтін сала деп түсінген (дистрибутивті синтаксис) . XX ғасырдың 50-жылдарына дейін синтаксис құрылымдық лингвистиканың ең аз зерттелген саласы болып келді.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап синтаксис саласында сөйлемді сөйлеу бірлігі ретінде қарастырып, оның прагматикалық және семантикалық қасиеттерін зерттеу қолға алынса, XX ғасырдың 60-80-жылдарында синтаксистің дамуында мынадай заңдылықтар байқалды:
1) синтаксистік бірліктердің тұлғасын зерттеуден гөрі, олардың маңызына көңіл бөлу (семантикалық синтаксис) ;
2) сөйлемнен ірі-дискурсті, мәтінді зерттеу;
3) тілден гөрі сөйлеуді зерттеу (коммуникацияны зерттеу) ;
4) сөйлемнің обьективті сипатынан гөрі субьективті (адамға қатысты) мағынасын зерттеу;
5) бір қалыпты синтаксистен гөрі өзгерісте болатын синтаксисті зерттеу.
Осындай заңдылықтар синтаксистің семантикамен, сөзжасаммен, қисынмен (логикамен), прагматикамен, стилистикамен, коммуникация теориясымен байланысын нығайтады.
Қазақ тілінің синтаксисінің негізін А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаевтар қалаған болса, кейіннен М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Ә. Аблақов, О. Төлегенов, Т. Сайрамбаев, Р. Әміров, М. Серғалиев, Ж. Садуақасов, Е. Ағманов, Б. Шалабаев, Ж. Жақыпов сынды ғалымдар оны әр қырынан зерттеп, аталған ғылым саласын дамытуға зор үлес қосты.
Сөз тіркесінің қарастыратын мәселелері:
- Сөз тіркесіне тән белгілер.
- Сөз тіркесінң өзіне ұқсас тұлғалардан ерекшелгі.
- Сөз тіркесі мен номинативті тіркестер.
- Сөз тіркесі мен күрделі сөздер.
- Сөз тіркесі мен сөйлем.
- Сөз тіркесі және сөздерің тіркесімділігі.
- Сөздердің тіркесу тәсілдері.
- Аналитикалық тәсіл.
- Синтетикалық тәсіл.
- Аналитика-синтетикалық тәсіл.
- Сөздердің байланысу формалары.
- Сөз тіркесін топтастыру принциптері.
Сөз тіркесі өз алдына арнайы сала ретінде 1950жылдардан бастап сөйлем синтаксисінен бөлініп зерттеле бастады. Алдымен, сөз тіркесі деген не, оған қандай қасиеттер тән деген мәселенің басын ашып алу міндеті тұрды. Сөз тіркесі болу үшін толық лексикалық мағынаға ие кемінде екі сөз бір-бірімен сабақтаса байланысуы керек. Ал толық мағыналы сөздерге тән болып есептелетін номинативтілік қасиеті сөз тіркесіне тән бе? Міне, осы тұста ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас қалыптасты. Ғалымдардың бір тобы (В. В. Виноградов, А. С. Смирницкий, В. В. Бабайцева, К. Аханов, А. Н. Баскаков) сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән десе, ғалымдардың екінші тобы (Ю. В. Фоменко, Л. И. Мойсеев, М. Б. Балақаев, Ә. Аблақов) сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады. Расында да екі номинативтілік мәні бар сөздер тіркесіне үшінші бір номинативтілік мән пайда болмайды, олардың арасында жаңа грамматикалық қатынас-анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастар пайда болады. Мысалы: жаңа- сындық мәнді, кітап- заттың атын білдіретін сөз, екеуінің тіркесінен жаңа лексикалық мән пайда болмайды, екі сөздің арасында анықтауыштық қатынас пайда болады.
Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білу қажет. Ең алдымен, номинативті тіркестерден айырмашылығына келер болсақ, номинативті (атаулы) тіркестер де басында еркін тіркестерден қалыптасқан. Кейіннен сөйлеу процесінде тұрақталып, лексикалық единицаға ауысқан. Мысалы, тіліміздегі темір жол, аяқ киім, еңбек кітапшасы, қант қызылшасы сияқты тіркестер бір кездегі анықтауыштық қатынастағы еркін сөз тіркестері. Кейіннен тіл дамуы барысында бұл тіркестер әдеттегі сөз сияқты бір ғана ұғымның атауын білдіру дәрежесіне жеткен. Сөз тіркесі мен күрделі сөздер құрамындағы сөздердің қатысы жағынан ұқсас болғанымен, айырмашылықтары бар. Біріншіден, күрделі сөздердің бір тобының құрамындағы сөздердің біреуінің ғана лексикалық мәні толық болса, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің кемінде екеуінің толық мағынасы болуы керек. Күрделі сөздер сөз тіркесі сияқты екі сөздің қатысынан жасалса да, көбінесе бір ғана ұғымның атауы болып, бір ғана сөз мәнінде қолданылады.
Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі, ал сөйлем-кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық, синтаксистік категория ретінде қарастырады.
Сөз тіркесі мен сөйлем екі түрлі единица: сөйлем қарым-қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін, ал сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болудың міндетін өтейді. Сөйлем сөз тіркесінен предикативтік, коммуникативтілік, модальділік, интонациялық қасиеттері арқылы ажыратылады. Сонымен, синтаксис сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
Сөз тіркесімділігі және оның мәні. Сөз тіркесімділігі дегеніміз ең кіші синтаксистік контексті құруға негіз болатын, сөздің мағыналық сыйымдылығына сүйенетін сөздердің грамматикалық конструктивтілік қасиеті. Сөз тіркесімділігі контекстен көрінеді. Оған мыналар жатады: аналитикалық формалар (келе жатыр, қызыл ала, аса биік), түйдекті тіркестер (оқу үшін, хат арқылы), сөз тіркестері предикаттық орамдар, жалаң сөйлемдер жатады. Бұдан байқағанымыздай, сөз тіркесімділігі тек толық мағыналы сөздерге ғана емес, көмекші сөздерде де болады. Сөз лексикалық және синтаксистік тіркесімділікке негізделе байланысады. Сөз тіркесі мен сөз тіркесімділігі деген ұғымдар бір емес. Сөз тіркесі-контекст, тілдік факт, констракция, орам, ал сөз тіркесімділігі-жалпы тіркес атаулыны тудыратын фактор, себебі сөз тіркесі сөз тіркесімділігіне сүйеніп барып туады.
Сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік байланысқа енуінің тәсілдері:
1. Аналитикалық тәсіл (Сөздердің жалғаусыз байланысуы: жасыл жапырақ, тез жүру, таулы жер, т. б. ) ;
2. Синтетикалық тәсіл (Сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы: тау ға шығу, о ның кітаб ы , хат( ты ) жазу, т. б. ) ;
3. Аналитика-синтетикалық тәсіл. (Сөздердің шылаулар, интонация арқылы байланысуы: үйге дейін барды, оқу үшін келді, Асқар-ақын, т. б. ) тіркесі жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Түркітануда сөз байланысын үшке бөліп қарастырады: салаласа, сабақтаса және қиыса байланысу.
Салаласа байланысу бірыңғай мүшелермен салалас құрмаластарға;
Сабақтас байланысу сөз тіркесі мен сабақтас құрмаластарға;
Қиыса байланысу сөйлемге тән.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары:
1. Қиысу -бастауыш пен баяндауыштың жақтық, тұлғалық жағынан қиыса байланысуы. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай)
2. Матасу -бағыныңқы сыңардағы сөздің ілік септік, басыңқы сыңардағы сөздің тәуелдік жалғауында тұрып байланысуы. Мысалы: менің атым, достың сөзі т. б.
3. Меңгеру -бағыныңқы сыңардағы сөздің басыңқы сыңардағы сөзбен атау мен іліктен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы: есікті ашты, анасымен сөйлесті, таудан түсті.
4. Қабысу -бағыныңқы сыңардағы сөздің басыңқы сыңардағы сөзбен жалғаусыз, қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысуы. Мысалы: темір қақпа, ұзақ жол, кіршіксіз көңіл т. б.
5. Жанасу -бағыныңқы сыңардағы сөздің басыңқы сыңардағы сөзбен жалғаусыз, бірде іргелес, бірде көтере. алшақ тұрып байланысуы. Мысалы: Ауыр ойдан бүгін еңсесін.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркестерін бірнеше принцип бойынша топтастырылады:
- басыңқы сөздің қай сөз табынан жасалуына қарай: есімді тіркестер, етістікті тіркестер. Кейбір әдебиеттерде бұл топтастырылу төмендегіше нақтыланады: субстантивті, адьективті, етістікті және үстеулі сөз тіркестері;
- құрылысына қарай: қарапайым, күрделі және аралас тіркестер;
- байланысу тәсіліне қарай: аналитикалық тәсіл арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы, аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған тіркестер;
- байланысу формасына қарай: матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан, қабыса байланысқан, жанаса байланысқан сөз тіркестері болып бөлінеді.
Сөз тіркестерінің түрлері:
- Есімді тіркестер.
-Қабыса байланысқан есімді тіркестер.
-Матаса байланысқан есімді тіркестер.
-Меңгеріле байланысқан есімді тіркестер.
-Етістікті тіркестер
-Меңгеріле байланысқан етістікті тіркестер.
-Қабыса байланысқан етістікті тіркестер.
Басыңқы сыңары есім сөздерден жасалған тіркестер бағыныңқы сыңардағы сөзбен матаса, қабыса және меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің көне тілдік құбылыс екенін, синтаксистік байланыстың басқа түрлері осының негізінде пайда болғанын және бір кездері қолданылу аясының кең болғанын және түркі жазбаларын зерттеуші В. В. Радлов, В. М. Насилов, Ғ. А. Абдрахмановтар еңбектерінен байқауға болады. Түркі тілдерінде оның ішінде, қазақ тілінде сөз тіркесі синтаксисін зерттеушілер арасында табыс септіктің жасырын формасында байланысқан тіркестерді қабысудың не меңгерудің қатарында қарау туралы пікір алшақтықтары орын алды. Арнайы формасы болмаса да, обьектілік қатынас сақталатындықтан қазір мұндай тіркестерді меңгерудің қатарында қарастырады. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс тәсілі-аналитикалық тәсіл (сөздердің орын тәртібі тәсілі) . Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының құрамы әр түрлі:
Зат есімді тіркестер: әнші қыз, қағаз қалпақ, темір күрек т. б.
Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері: жасыл жапырақ, биік шың, сұлу қыз т. б.
Сан есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері: бес қыз, үшінші курс, екінші қатар т. б.
Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері: бұл әңгіме, осы жігіт, барлық жұрт т. б.
Есімше мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері: оқыған бала, айтар сөз, көрер жер т. б.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бірқатары дами келе номинативті тіркестерге немесе күрделі сөздерге ұласады. Мысалы: темір жол, боз торғай, қылқан жапырақ т. б. сияқты құрылымдар-бір кездегі қабыса байланысқан сөз тіркестері.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері:
Матасу түркі тілдерінің «изафет» деген терминімен де аталады (изафеттің I, II түрлері) . Түркологиялық әдебиеттерде изафеттік құрылыстағы анықтауыштық топтың бірінші сыңары белгілі зат болса, жалғаулы болады, белгісіз зат болса жалғаусыз болады деп түсіндіріледі. М. Балақаевтың пікірінше, бұл меншіктілік (тәндік) қатынасты ерекше білдірумен немесе білдірмеумен байланысты[1] . Мысалы: жазушының сөзі-жазушы сөзі, көптің көмегі-көп көмегі т. б.
Матаса байланысқан сөз тіркестерін түркітанушылардың біреулері қиысу деп таныса (Н. К. Дмитриев, И. А. Батманов, А. Н. Кононов), енді бірі меңгеру деп таныған (В. В. Решетов, С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаев) . Матасу-екі жақты байланыс. Басыңқы сыңар бағыныңқы сыңардың ілік септігінде, ал бағыныңқы сыңар басыңқы сыңардың тәуелдік жалғауында тұруын талап етеді. Мұны зерттеп, екі жақты байланысты алғаш байқаған М. Балақаев болды. Түркітанушылар арасында изафеттің екінші түрін матасуға, не қабысуға жатқызу туралы көзқарастар бар. Изафет 2: қыз қылығы; Изафет 3: қыздың қылығы.
Сондай-ақ изафеттің қай түрі бұрын пайда болды деген мәселеде И(3) -дің И(2) мен И(1) -ден бұрын пайда болғандығы жөніндегі пікір үстемдік алып келеді. Матаса байланысқан сөз тіркестері атаулық тіркестерге де ұласады. Мысалы: Байжанның көлі-Байжан көлі-Байжан көл.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері:
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы В. Н. Насилов, А. А. Кокляновалар адвербиалдық қатынастағы септік жалғаулы тіркестерді меңгеруге жатқызбайды, сол сияқты қазақ тіл білімінде Н. Т. Сауранбаев, А. С. Аманжолов меңгеруге тек обьектілік қатынастағы тіркестерді жатқызған. Қазақ тіл білімінде М. Балақаев пен меңгеруді арнайы зерттеген ғалым Ә. Аблақов меңгерудің төмендегідей түрлерін көрсетеді: етістікті меңгеру (ағасына айтты, хат жазды), есім меңгеру (көпке ортақ, досқа адал), ортақ меңгеру (халыққа қызмет ету, бұзықты жөнге салу) . Есім меңгерудің қалыптасу тарихы төмендегідей: ең алдымен, етістікті меңгеру, оның негізінде ортақ меңгеру, ал ортақ меңгеруден барып есімдердің меңгеруі қалыптасқан [2, 32] . Мысалы, досқа адал еді-досқа адал, көршісімен тату болатын-көршісімен тату т. б.
Есім меңгерудің түрлері:
Сын есімнің меңгеруі: ісімен жақсы, жақсылыққа құштар, сөзге жақсы т. б.
Зат есімнің меңгеруі: жерге бай.
Ұйымға мүше модальдық сөздердің меңгеруі: жұртқа мәлім, жылқыда жоқ, адамда бар т. б.
Етістікті сөз тіркестері:
Етістікті сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістіктен жасалады. Барлық сөз таптарының ішінде етістік өзінің сөз тіркесін құрау қабілетінің артықшылығымен ерекшеленеді. Байланысу формасына қарай етістікті сөз тіркестері екіге бөлінеді: қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңар ыңғайына қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан есімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінеді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері:
Етістік табиғатынан өзге сөздерді өзіне бағындыруға бейім болғандықтан, тілімізде меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері өте жиі қолданылады. Табыс септігіндегі сөздің ашық, жасырын қолданылуы туралы түркітануда бірнеше пікір қалыптасты. Ғалымдардың бір тобы оны белгілілік, белгісіздік категориясымен байланыстырса, енді даралық, ортақтық ұғымдармен байланыстырады. Байланысу дәрежесіне қарай берік меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері болып бөлінеді. Берік меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер ішкі мағыналық байланысқа негізделеді, ал әлсіз меңгеруде ол болмайды. Берік меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының белгілі бір тұлғада тұруы лексикалық мағынасына байланысты болса, әлсіз меңгеруде ол меңгеруші сыңардың грамматикалық мағынасына қатысты болады. Етістік бірнеше сөзді қатар меңгергенде бір не екеуін айрықша көрсетіп тұрады. Мысалы: Ол көргендерін бастығына ретімен баяндады деген сөйлемде көргендерін баяндады, бастығына баяндады деген тіркестер берік меңгеру болса, ретімен баяндады деген тіркес әлсіз меңгеруге жатады.
Берік меңгеріле байланысқан сөз тіркестері іштей жалаң берік меңгеру (үлкенді сыйлау, бала тәрбиесін қолға алу, суға түсу, батпақпен жүру т. б. ), қосарлы берік меңгеру (хатты сиямен жазу, айнаны шүберекпен сүрту, ауылға атпен келу т. б. ) болып бөлінеді. Сабақты етістіктердің меңгеруі мен салт етістіктердің меңгеруінде мынадай айырмашылықтар бар: Сабақты етістіктер тек табыс септігіндегі сөздермен ғана емес, мағынасына орай жанама септіктерді етістіктерді де меңгереді. Оның табыс септікті меңгеруі берік меңгеруге жатады да, жанама септікті меңгеруі әлсіз меңгеруге жатады. Сол сияқты, салт етістіктердің ішінен қозғалыс-әрекетті білдіретін бару, келу, жүру, өту сияқты етістіктердің барыс не шығыс септікті сөздермен тіркесіп келген түрі берік меңгеруге жатады да, жанама септікті меңгеруі әлсіз меңгеруге жатады. Салт-сабақты етістіктер бір-біріне ұласып отырады: мектепке келді-әкесін мектепке келгізді. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы зор.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы сөз тіркесі құрылымды фразеологизмдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz