Мұнай мен газ өндірісі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

АЛҒЫ СӨЗ

Мұнай мен газ отын және энергия көздерінің ең тимдісі ретінде, оларды пайдалану үнемі өсуде. Оларды пайдалануға құрылымыи өзгертпей және өзгертін өңдеуден кейін дайындайды.

Ұсынылып отырған оқу құралында сала өндірісіне қажетті мамандарды дайындаудың оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкестендіріп, мұнай мен газды құрылымын өзгертей өңдеудің химиясы және технологиясы жанында толық мәліметтер берілген. Онда мынадай тақырыптар қамтылған: Мұнай мен газ өндірудегі негізгі мәліметтер; олардың құрамы және физикалық қасиеттері; химиялық құрамды зерттеу өндірісі және мұнай мен мұнай өнімдерін кластарға бөлу; табиғи газдарды өндеу; мұнайды алғашқы өңдеу; мұнай фракцияларын тазалау әдістері; қышқылмен және сілтімен тазалау; мұнай шикі затын талғамды еріткіштермен тазалау - асфальттардан және парафіндерден айыру; адсорбциялық тазалау; тауарлы мұнай өнімдерін өндіру; қазіргі мұнай өңдеу зауыттарының шаруашылығы және осы бағыттары.

Оқу құралы мұнай газ өндіріс қатысты арнайы колледж (техникум), институт, университет және академия студеттеріне, аспиранттарға және оқытушыларға, арнайы факультеттер тыңдаушыларына, тағы да сала өндірісінің инженер-техник қызметкерлеріне арналған.

Қолжазбаны қарап, құнды ұсыныс және пікір айтқан И. М. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ университетінің мұнай мен газды өңдеу технологиясы кафедрасына (техн. ғыл. докторы, проф. З. И. Сюняев) . Шымкент мұнай өңдеу зауытының бас технологы Л. Жақсыбаевка, осы зауыттың бас инженерінің ғылым және техника жөніндегі орынбасары, хим. ғыл. докторы, проф. Н. Қ. Қалдыгөзовке ризашы-лығымды білдіремен.

КІРІСПЕ

МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРІСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1. Мұиай меп газдың қазіргі дәуірдегі миңызы.

Энергетикалық қорлар қазіргі эконюмикада жетекші рөл атқарады. Кез-келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің деңгейі негізінен энергия қорларын жұмсау ауқымымен анықталады. Энергия қорларының маңызының зорлығына дүние жүзінде өндірілетін пайдалы қазбалардың 70% астамы энергия көздеріне жататындығы дәлел бола алады.

Энергия қорларының негізгі түрлері - көмір, мұнай, табиғи газ, гидроэлектроэнергиясы және ядролық энергия. Дүние жүзінде энергия қорларын өндіру құрылымы (оттының келісілген жылу сынымдылығына

29, 5 мың кДж/т есептегенде) млрд. т мынадай:

1900ж 1920ж 1940ж 1960ж 1980ж 2000ж

Көмір: Көмір
0, 72: 0, 72
1, 34: 1, 34
1, 88: 1, 88
2, 09: 2, 09
2, 45: 2, 45
3, 3: 3, 3
Көмір: Мұнай
0, 72: 0, 03
1, 34: 0, 14
1, 88: 0, 45
2, 09: 1, 37
2, 45: 3, 8
3, 3: 4, 1
Көмір: Табиғи газ
0, 72: 0, 01
1, 34: 0, 03
1, 88: 0, 12
2, 09: 0, 63
2, 45: 2, 7
3, 3: 3, 0
Көмір: Гидроэлектро
0, 72:
1, 34:
1, 88:
2, 09:
2, 45:
3, 3:
Көмір: энергия
0, 72: 0, 02
1, 34: 0, 03
1, 88: 0, 07
2, 09: 0, 28
2, 45: 0, 60
3, 3: 0, 6
Көмір: Ядро энергиясы
0, 72: -
1, 34: -
1, 88: -
2, 09: -
2, 45: 0, 65
3, 3: 3, 7
Көмір: Басқа тұрлері
0, 72: 0, 50
1, 34: 0, 60
1, 88: 0, 70
2, 09: 0, 70
2, 45: 0, 60
3, 3: 0, 6
Көмір: Барлығы
0, 72: 1, 28
1, 34: 2, 14
1, 88: 3, 22
2, 09: 5, 07
2, 45: 10, 08
3, 3: 15, 3
Көмір:
0, 72:
1, 34:
1, 88:
2, 09:
2, 45:
3, 3:

Осы келтірілген мәндерден мұнай мен газдың дүние жүзілік энергетикада 60-жылдарының жартысында жетекші рөл атқара бастағаны байқалады. ГФР, Ұлыбритания сияқты елдерде мұнай мен табиғи газдың жалпы энергия қорын пайдаланудағы үлесі 55-60%, АҚШ-та және Жапонияда ол 75-80% құрады.

Энергия қорларының дүние жүзілік пайдалану құрылымы ( ағашты , торфты және басқаларды еске алмағанда), % (экв. ) төмендегідей

:
1970ж: 1970ж
1980ж: 1980ж
1990ж: 1990ж
2000ж: 2000ж
2020ж: 2020ж
: Мұнай
1970ж: 3, 7
1980ж: 43, 5
1990ж: 37, 6
2000ж: 32, 9
2020ж: 21, 2
: Табиғи газ
1970ж: 1, 1
1980ж: 18, 8
1990ж: 20, 8
2000ж: 21, 4
2020ж: 19, 0
: Қатты отын
1970ж: 93, 2
1980ж: 28, 9
1990ж: 29, 1
2000ж: 30, 0
2020ж: 33, 2
: Ядро энергиясы
1970ж: 0
1980ж: 2, 5
1990ж: 5, 6
2000ж: 8, 6
2020ж: 13, 6
:

Гидроэнергия және

балама қайта пайда болушы энергия

көздері

1970ж: 2, 0
1980ж: 6, 2
1990ж: 6, 9
2000ж: 7, 1
2020ж: 13, 0

Дүние жүзі бойынша энергия қорларының негізін қатты органикалық жанғыш отындар құрағанымен (90 % астамы тас және қоңыр көмірлер, антрацит, сланецтер, торф және т. б. ), бірақ дүние жүзілік отын энергетика балансында (ОЭБ) . олардың үлесі қазіргі кезде мұнай мен газ отындарына карағанда аз. 1970-1980жж. аралағында дүние жүзілік отын-энергетика баласында мұнай мен газдың үлесі жоғары теминен есті, бірақ ол кейін баяулады. ОЭБ дүние жүзі елдерінің мұнай мен газды пайдалануда үлесі әртүрлі. Мұнай мен газды энергия қоры есебінде пайдалануда 1987 жылы АҚШта 64, 7%, Италияда 82, 4 %, Францияда 56%, Жапонияда - 64, 8%, ГФР және Ұлыбританияда - 59-60%, Канадада - 47, 7%, Норвегияда - 28, 9%, ал бұрынғы КСРО-да көмірсутекті отындар үлесі 1985-1990 жж шамамен

73 % құрады. Бұл көрсеткіштер барлық елдерде де, мұнай мен газдың (оларды өндірмейтін елдерді қоспағанда) энергия қорының негізінен құрайтынын көрсетеді.

Бұрынғы КСРО-да электр энергиясын және отын өндіру құрылымы төмендегідей болады.

:
1913ж: 1913ж
1940ж: 1940ж
19б0ж: 19б0ж
1980ж: 1980ж
1986ж: 1986ж
: Электр энергиясын өндіру,
1913ж:
1940ж:
19б0ж:
1980ж:
1986ж:
: млрд кВт/сағ
1913ж: 2, 0
1940ж: 48, 6
19б0ж: 292, 3
1980ж: 1294
1986ж: 1599
: Сонымен бірге гидро-
1913ж:
1940ж:
19б0ж:
1980ж:
1986ж:
: электроэнергия
1913ж: 0, 04
1940ж: 5, 3
19б0ж: 50, 9
1980ж: 183, 9
1986ж: 214, 5
: Отын өндіру (келісілген
1913ж:
1940ж:
19б0ж:
1980ж:
1986ж:
: отынға есептегенде), млн. т
1913ж: 48, 2
1940ж: 237, 9
19б0ж: 692, 8
1980ж: 1977, 6
1986ж: 2205
: сонымен бірге мұнай
1913ж: 14, 7
1940ж: 44, 5
19б0ж: 211. 4
1980ж: 8613
1986ж: 865. 8
: Газ
1913ж: -
1940ж: 4, 4
19б0ж: 54, 4
1980ж: 522, 4
1986ж: 748, 8
: Көмір
1913ж: 23, 1
1940ж: 140, 5
19б0ж: 373, 1
1980ж: 523, 6
1986ж: 516, 2
: отынның басқа түрлері
1913ж: 10, 4
1940ж: 44, 0
19б0ж: 53, 9
1980ж: 70, 3
1986ж: 74, 2

Бұл мәндер мұнай мен газдың энергия қорларының негізін құрайтынын көрсетеді.

Мұнай және газ - өте құнды қазбалы арзан энергия көзі әртүрлі отындар алудың және химиялық синтездің бірден бір негізгі шикізаттары болып саналады. Олардың экономикалық мәні қазіргі кезде ерекше зор. Мұнай мен газды өңдеудің өнімдері шаруашылықтың, өндірістің барлық түрінде қорғаныс және азаматтық үй құрылыстарында, ауыл шаруашылығында, энергегикада, космонавтикада, атом электр станциясында, үй шаруашылығында және т. б. салаларда кең қолдану табуда.

Бірақ мұнай мен газдың қоры шектеулі. Олар көмірге, жаңғыш сланецтерге және битумды құмдарға қарағанда, табиғатта өте аз. Сонда да болса, мұнай мен газды өндіру басқа жанғыш қазбаларды өндіруден едәуір көп екенін мына төмендегі мәліметтер көрсетеді:

:
Көмір: Көмір
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар:

Жаңғыш сланецтер

битумды құмдар

Мұнай: Мұнай
Газ: Газ
: Өндірістік қорлары,
Көмір:
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар:
Мұнай:
Газ:
: млрд. т
Көмір: 1700
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар: 1200
Мұнай: 90
Газ: 400
: Үлесі, %
Көмір:
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар:
Мұнай:
Газ:
: жалпы қордан
Көмір: 50
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар: 35
Мұнай: 3
Газ: 12
: өндіруден
Көмір: 28
Жаңғыш сланецтербитумды құмдар: 1
Мұнай: 50, 5
Газ: 20, 5

Дүние жүзі бойынша мұнайды пайдаланудың жоғарғы деңгейі, ғалымдар мен мамандардың жақын кезінде мұнай қорының таусылу мүмкіндігі туралы ойларын дәлелдей түседі. XXI ғасырдың соңына таяу дүние жүзілік мұнай қорының таусылуы туралы пікірлер көп айтылуда.

Мұнайдың энергия өндіруде негізгі шикі зат болган кезеңінде, оның дүние жүзілік экономикалық және саясаттық рөлі арта түсті. Мемлекетте мұнай қорының бар болуы, мұнайды және мұнай өнімдерін экспортка шығару мүмкіндігі бұл мемлекетке экономикалық және әлеуметтік өркендеуде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұнайдың дүние жүзілік бағасының өзтеріп тұруы, мұнай базарындағы коньюктурасы, мұнай өндіруші елдермен қатар, мұнайды өндірісіне шеттен алып келіп пайдаланатын елдер үшін эқононмикалық саясатта күрделі өзгерістер жасауға тура келеді.

Соңғы жылдары мұнайдың дүние жүзілік бағасы тұрақсыз болып тұр. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мұнай бағасын, құрамында АҚШ-тың мұнай монополиясы үстемдік бағыт ұстанған, халықаралық мұнай картелі анықтады. Картель мұнайды оны өркендеуші - экспортер елдерден монополиялы төмен бағамен (1970ж - 22 долларға 1м 3 үшін) сатып алып, ал мұнай епімдерін импорттаушы - мемлекеттерге салыстырмалы жоғары бағаға сатты. Мұндай жағдай өркендеуші елдерді қанағаттандыра алмады. Сондықтан, олар өздерініц саяси жағдайын қорғау мақсатын, мұнай монополистерімен күресу үшін және мұнайды экспорттауда бірлескен саясат ұстау мақсатында, 1960 жылы мұнайды шетке шығарушы елдердіц (МШІІЕҚ) қоғамын құрды. Бұл қоғамға Ирак, Иран, Кувейт, Сауд Аравиясы, Қатар, Абу-Даби, Венесуэла, Индонезия, Ливия, Нигерия, Алжир, Эквадор кірді.

Дүние жүзіндегі, әсіресе өркендеген елдердегі, энергетикалық шикі затқа деген сұраныстың күрт көтерілуін ескере отырып МШШЕҚ, елдері 1972-1973жж мұнай монополияларына қысым жасап, мұнайдың бағасын төрт- жеті есе көбейтті. Мұнай бағасының көтерілуі өркендеген елдерде өндірістің барлық салаларының мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді қиындатты. . Бұл құбылыс энергетикалық немесе мұнай кризисі деген атпен белгілі болды.

Өркендегси Батыс елдері өздерінің мұнай импортынан бағыныштығын азайту мақсатында, мұнай мен көмірді өздерінде өндіруді көбейтті, мұнай өнімдерін үнемдеуге бағыт ұстады, энергия өндірудің басқа көздерін (күн, ядро, геотермалды) өсіре бастады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде дүние жүзілік базарда мұнай бағасы төмендей бастады. 1980ж. мұнайдың дүние жүзілік орташа бағасы 1м 3 үшін 190 доллар құрады, ал 1987ж. 113 доллар болды.

Бұрынғы КСРО өзін мұнаймен толық қамтамасыз етумен қабат, оны көп мөлшерде Батыс және Шығыс Европа елдеріне, өркендеуші елдерге экспортқа шығарып, мемлекеттің валюталық қорын толтырып, шет елдерден өндірістік және тұрмыстық тауарлар алып келді.

Қазақ мемлекеті де келешекте мұнай мен газконденсатын экспортқа көп мөлшерде шығару ( өндірілген өнімнің жартысындайын) арқылы, елдің валюта қорын көбейтуде, өндірістің техникасы мен технологиялық жабдықтарын жаңартып, экономикасын көтеруде көптеген шаралар жоспарлауда.

1. 2. Мұнай және табиғи жанғыш газдар.

Негізгі мәліметтер

Мұнайдың жер бетіне шығуын Каспий теңізінің жағалауында 500 жыл алдын, ал газдың жер бетіне шығуын Кавказда және Орталық Азияда біздің заманнан 6 мың жыл бұрын ғалымдар байқаған. Мұнай өндірістік мәнге ХҮІП ғасырдан бастап ие бола бастады.

Мұнай - жердің қалдық қабатына көп тараған, сұйық жанғыш материал. Мұнай және одан жер бетіне бөлінетін табиғи өнімдер - асфальттар және битумдар адам баласына көптен белгілі. Оларды Вавилонда және Византияда оталдырғыш қоспа есебінде пайдаланған. Ерте заманғы Египетте, Римде, Тигр және Евфрат өзендерінің аралығында оларды жол құрылысында, науа жасауда және басқа құрылыста тесіктерді бітеуде тоқушы, бырыстырушы және гидроайыру материалы есебінде көп қолданған. XVIII ғасырдың соңынан бастап мұнай өндеудің өнімі - керосинді үйлерді және көшені жарықтандыруда пайдалана бастады. Ал ХIX ғасырдан бастап, ішкі жану қозғалтқыштарды ойлап табумен байланысты, мұнай өнімдері әртүрлі жол көліктерінде негізгі отың болып қалды.

Мұнай құрамы жөнінен көміртегі мен сутегінен бөлек, оттегі, күкірт және азотты көмірсутектердің өте күрделі қоспасы (алкандар, сақинаалкандар, арендер) болып саналады.

Мұнай сыртқы көрінісі жағынан май тәрізді сұйықтық, жарықта флюресценцияланады. Мұнайдың түсі ондағы шайыр заттарының мөлшеріне және құрылымына байланысты; мұнайдың қара (бурыл, тіптен қара), ашықтау және тіптен түссізі де белгілі. Мұнай судан жеңіл және онда іс жүзінде ерімейді. Мұнай тұтқырлығы оның құрамына байланысты, бірақ барлық жағдайда да судың тұтқырлығынан жоғары.

Мұнай жаңғыш зат, оның жану жылуы қатты жаңғыш пайдалы қазбаларға (көмір, сланец, торф) қарағанда, жоғары, ол шамамен 42 МДж/кг құрайды.

Мұнайдың қатты жанғыш қазбалардан айырмашылығы күлі аз болады.

Мұнай өзінің атын нафата деген, ағып жиналушы, ағып шығушы мәнін беретін парсы сөзінен алады.

Мұнайдың түзілуін анықтау қазіргі ғылымның ең күрделі проблемасы болып саналады. Геологтар мен химиктердіц басым көпшілігі мұнайдың түзілуінің органикалық теориясын жақтайды, бірақ кейбір ғалымдар, мұнайдың анорганикалық заттардың әртүрлі химиялық өзгерісінің нәтижесінде, табиғатта абиогенді тәсілмен түзілуін жақтайды.

Мұнайдың анорганикалық түзілу теориясын алғашқылардың бірі болып Д. И. Менделеев 1877 жылы ұсынды. Оның жорамалы бойынша, мұнай көмірсутектері жер астында металл карбидтерінің сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі. Мұндай реакциялар орын алса-дағы, мұнай құрамындағы көптеген әртүрлі құрылымды көмірсутектерінің пайда болуын карбид теориясымен түсіндіру мүмкін емес, тағы да жер бетіндегі төменгі қысым жағдайынан жер астына жоғары қысымдық жағдайға судың ауысуы да түсініксіз. Соңғы жылдары мұнайдың космикалық, магнитті вулканды түзілу жорамалы ұсынылды, бірақ олар кең қолдау таппады.

Қазіргі кездегі мұнай туралы дүние жүзілік ғылымның геологиялық және геохимиялық байқауларының және факты фактілерініц көіішілік бөлігі көмірсутектердің түзілуінің әртүрлі процестерінің ауқымын қоса есептегенде, мұнайдың органикалық түзілу жорамалын жақсы дәлелдейді. Әсіресе, ескі шөгінді жыныстар мен қазіргі жыныстардағы, тірі заттар мен органикалық қосылыстар компоненттерінің арасында генетикалық байланыстың барлығын дәлелдей түседі.

Органикалық түзілімді көмірсутектерінің мөлшері жер қыртысында өте көп, олар мұнай мен газ қорын түзуге жеткілікті.

Мұнайдың түзілуінің органикалық теориясының мәні, мұнай мен газ жер қыртысында шашыранды күйінде кездесетін органикалық заттардан түзіледі деген қағида. Жер қыртысында жиналушы органикалық материалдардың негізін теңіз суындағы өлген, өте ұсақ флора мен фауна (планктон, бентос және т. б. ) қалдықтары құрайды, оларға жануарлар мен өсімдік қалдықтары тағы араласады.

Шөгінді жыныстардың жоғарғы қабатында көмілген органикалық материалдар оттегі мен бактериялардың әсерімен газдар (СО 2 , N 2 , NH 3 , CH 4 және т. б. ) және суда еритін сұйық өнімдер түзін тез ыдырайды. Химиялық және бактериялық әсерге өте тұрақты бастапқы органикалық материалдың бір бөлігі шөгіндіде қалады.

Одан әрі, органикалық заттардың шөгінді жыныстардың қабатына

1, 5 - 3, 0км және одан да төмен, көп миллиондаған жылдар бойы батқан сайын, тотықсыздану ортасында оларға жоғары температураның (шамамен 120-150ºС дейін, 200ºС сирек) және қысымның 10-30 МПа, сонымен бірге, арадағы жыныстардың каталитикалық әсерлері болады. Қазіргі көзқарас бойынша, бұл сатыда термиялық және термокаталитикалық процестер нәтижесінде органикалық заттар жәнет негізінен линидтер (майлар, балауыздар) мұнай көмірсутектеріне ауысады.

Мұнай түзілу - өте күрделі және көп уақыт жүретін химиялық процесс, оның тетігінің кейбір сәттері әлі белгісіз. Себебі бастапқы органикалық материалдар шашыранды түрінде, оның мұнай мен газға айналу өнімдері де, әуелі кезде мұнай аналық көбінесе балшық қабатында, кездесуі әбден ықтимал. Бірақ мұнай мен газдың, су сияқты жылжу қабілетінің әсерінен, олар шөгінді жыныстардың қабаттарында еркін қозғалады. Осындай қозғалуды геологтар миграция дейді. Бірінші және екінші миграцияға бөледі.

Мұнай мен мұнайаналық жыныстардан бірінші миграция нәтижесінде, көрші кеуек құмды және карбонадты жыныстарға жиналады. Миграция әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін: жыныс қысымының нәтижесінде сығу немесе жару, диффузия, әсіресе газдардың, сумен қозғалу, мұнайдың сұйық заттарының газдарда жоғары қысымда еруі және буғаз қоспасы есебінде қозғалуы, қысымның аралық жыныстарындағы өзгеруінің нәтижесінде тесіктерден және жарықтардан сүзілуі және т. б.

Одан әрі қарай тесік қабаттарымен қозғалу және тік миграция нәтижесінде, пайда болған гравитациялық және тектоникалық факторлардың әсерінен, мұнай мен газ қақпан деп аталатын орындарға жиналады, яғни олардың мұндай тесік тау жыныстарында одан әрі миграциясы мүмкін емес немесе қиындалған.

Осындай қақпандарда мұнайдың жиналуын мұнай қорлары деп атайды. Егер мұнайдың (немесе газдың) мөлшерінің кені үлкен болса, немесе осы тау жыныстарының қабаттарының құрылымында бірнеше кендер болса, онда мұнай, мұнайгаз немесе газ шығу орьндары туралы айтылады.

Сонымен, мұнайдың тау жыныстарындағы кең орналасуының осындай болуынан, мұнай мен газ сыйыстырушы жыныстың тесіктерін толтырады. Жынысгың тесіктік коэффициенті өскен сайын, жыныс мұнаймен қанығуы түсінікті. Балшықтың, әсіресе ылғал күйінде, тесіктері болмайтындықтан, жыныстардың балшықты қабаты тесікті кенді одан әрі миграциядан қорғайды. Мұнай мен газдың бірге кендерінде әруақытта су да болады, себебі, ол да жыныс тесіктерін толтырады.

Мұнай қақпан - кендерінің негізгі бөлігі, әдетте, үлкен терендікте (900-2300м) орналасқан. Мұнайдың жер бетіне шығуы өте сирек кездеседі. Ондай жер бетіне жақын орналасқан кен орындарында бұрын, мысалы, Әзербайжанда мұнайды өндірудің құдық әдісі пайдаланған.

Мұнайшы-геологтардың қазіргі алдында тұрған мақсат, мұнай мен газ кен орындарын іздеу және барлау болып саналады. Қазір мұнайды барлауды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық әдістерінің үйлесуімен

жүргізеді.

Геологиялық әдістің мақсаты шурф және төтелдер көмегімен шөгінді жыныстардың құрылымьн зерттеу болып саналады. Мұндай төтелдер үлкен терендікке жете алады. Бұрғылау нәтижесіне карап, шөгінді жыныстардың құрылым картасын жасайды, онда тау жынысының құрамы мен оның жасы және қабаттар рельефінің ерекшелігі белгіленеді. Одан әрі мұнай немесе газ қақпан-кен орнын анықтау үшін іздеу төтелдерін бұрғылайды. Кен орнын тапқаннан кейін, мұнайлы алаңңың мөлшерін және мұнай немесе газ қорын анықтау мақсатында, барлау бұрғылауды жүргізеді.

Тау жыныстарын геофизикалық әдістерімсн зерттеу соңғы кездері өсе бастады. Олар өте дәл приборлармен мынадай құбылыстар мен физикалық параметрлерді - гравиметриялы ауытқулықты, магнитті ауытқулықты, жыныстың электр тогын өткізгіштігін, терең емес төтелдердегі жасанды қопарылыстан пайда болған сейсмикалық толқындардың тарау ерекшеліктерін өлшеуге негізделген. Сонымен қабат төтелдерді нейтронмен бомбылауды пайдаланатын акустнкалық және радиометрия әдістсрі де қолданылады.

Геофизикалық және геологиялық әдістерді комплексті қолдану, шөгінді жыныстардың құрылымын, қақпан кен орнын табуда, мұнай қабаттарының тереңдігін және дәл орналасқан жерін анықтаудың зерттеуді едәуір кеңейтті.

Мұнай қен орындарын іздеу барлық жерлерде үлкен жетістіктерге жетуде. Мұнай кен орындарын іздеуді сонғы кездері теңіз су астынан, күшті қарқынмен жүргізілуде.

Мұнайдың дүние жүзілік барланған қоры 306 млрд. г, оның 95 млрд. т. «өндірістік өндірілігін құрайды. Мұнай кен орындарының дүние жүзілік елдерде және аймақтарда орналасуы біркелкі емес. Өндірілетін мұнай қорының жартысынан көбі (54 млрд. т) Жақын және Орта Шығыс (Сауд Арабия, Ирак, Кувейт. Иран, Біріккен Араб Эмираты (БАЭ), тағы Солтүстік және Батыс Африка (Ливия, Алжир, Нигерия) ; Оңтүстік-Шығыс Азия (Иіідонезіія, Индия, Малазия) ; Америка континеттегі (Мексика, АҚШ, Венесуэла, Канада, Аргентина, Бразилия), Батыс және Шығыс Европа, Азия (Ұлыбритания, Норвегия, Ресей Федерациясы, Қытай, Қазақстан) елдерінде орналасқан. Мұнайдың жалпы барлық кен орындарының санының 5% құрайтын кендердер шамасы 85% мөлшері алып кен орындарынан өндіріледі. Жер шарында барлығы 10 мыңдағаи мұнай мен газ кен орындары, оның ішінде 1500 мұнай және 400 астам газ кен орындары біздің елде ашылған.

Мұнайдың кен орындарының біразы алып кен орындардың үлесіне тиеді. Олар: Сауд Арабияда Гавар (II млрд. т) және Сафания) (4, 1 млрд. т) ; Кувейтте Бурган (9. 9 млрд. г) ; Иракта Куркук (2, 2 млрд. г) және Эр-Румайле (2, 7 млрд. г) ; Венесуэлде Боливар (4, 8 млрд. т), Лагунильяс (1, 5 млрд. т) ; Алжирде Хасси-Ме-Сауд; Иранда Ахваз (2, 4 млрд. т), Маруп (2, 2 млрд. т) Гечсаран (2, 1 млрд. г) және Агаджари (1, 9 млрд. г) ; Ливияда Серир; АҚШ-та Продхо-Бей; Қытайда Яэрся; Қазақстанда Каспий теңізіндегі Солстүстік Қашағанда (7 млрд. г) ; Теңіз (5-2 млрд. т), Жаңа жол. Қарашығанақ, Өзен, Жетібай (Барлық мұнай қоры 15, 1 млрд. т) ; Ресей федерациясында Самотлор, Усть-Балық, Сургут Ссверо-Совет, Ромашка, Арлан, Туймаза, Усинск; Әзербайжанда Нефтяные камни; Мексикада Чикогенек (1, 6 млрд. т) .

Мұнайды өндіру басқа жанғыш қазбаларға қарағанда жеңіл, оны тасымалдау құбырмен іске асырылады және қарапайым өңдеп, өте көп әртүрлі бағытта пайлаланылатын өнімдер алады. Сондықтан, дүние жүзі елдерінің отын-энергетика комплекстерінің жарымынан көбі мұнай үлесіне тиетіні кездейсоқ емес. Кез-келген мемлекеттің экономикасы мұнайға, басқа өнімдерге қарағанда, көбірек байланысты.

Дүние жүзі бойынша мұнай өндіруде ең жоғарғы көрсеткішке

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының газ өнімдерін пайдалануы
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мұнай жайлы
1921 жылдың ақпан айында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz