Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдай



1. Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси.экономикалық жағдай
2. Азамат соғысы кезіндегі халық шаруашылығы
3. Әскери коммунизм саясаты
4. Жаңа экономикалық саясат
5. Индустрияландыру кезіндегі даму
6. Алғашқы бесжылдықтар тұсындағы шаруашылық
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі
Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған жоқ. Кейбір жерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір жерлерде облыстық мекемелер мен басқармаларының Комиссариаттары құрылды. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, Кеңес атқару комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық басқармалардың коллегия мәжілісінде қарлып отырды.
Ауылдарда әлә кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес үкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес үкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті жерлерде үкімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі комиссия, милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. блімшелер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей езінде ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін экономика, саясат және мәдениет тұрғысынан мешеу қалған Қазақстан дамудың капиталистік сатысын аттап өтіп, социализмді орнатуға көшті. Осы кезден бастап КСРО таратылғанға дейін Орталықтың аясаты Республикамызды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту тұрғысында жүргізілді.
• «Қазақстан экономикасы» Нұрғалиев Қ.Р. – Алматы, 2006
• «Қазақстан тарихы» Мусин. – Алматы,1999
• «Қазақстан тарихы» Төлентаева К.А. – Алматы, 2006

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдай
2. Азамат соғысы кезіндегі халық шаруашылығы
3. Әскери коммунизм саясаты
4. Жаңа экономикалық саясат
5. Индустрияландыру кезіндегі даму
6. Алғашқы бесжылдықтар тұсындағы шаруашылық
7. Қорытынды
8. Әдебиеттер тізімі

Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған
жоқ. Кейбір жерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір
жерлерде облыстық мекемелер мен басқармаларының Комиссариаттары құрылды.
1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, Кеңес атқару
комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық
басқармалардың коллегия мәжілісінде қарлып отырды.
Ауылдарда әлә кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес үкіметінің нұсқау,
жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік
тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша
мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес үкіметіне қарсы күштер бас
көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске
асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті
жерлерде үкімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру
басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген
маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық,
сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар
іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі комиссия, милиция
құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. блімшелер
ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де
жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей
бастады. Осындай курс Семей езінде ұйымдасты. Облыстық Кеңестер жанынан
ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін экономика, саясат және мәдениет
тұрғысынан мешеу қалған Қазақстан дамудың капиталистік сатысын аттап өтіп,
социализмді орнатуға көшті. Осы кезден бастап КСРО таратылғанға дейін
Орталықтың аясаты Республикамызды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту
тұрғысында жүргізілді.
Қазақстанда социалистік өндіріс салтының қалыптаса бастаған
капитализмдік өндіріс салтының қалыптаса бастаған капитализмдік өндіріс
салтын жоюдан, өндіріс құралдарын қоғамдық меншікке айналдырудан басталды.
Саяси міндеттің бастысы халық шаруашылығында иелікті совет өкіметінің
басқаруына беру болды. Экономикалық саясаттың ең басты бастапқы адымы
байлардың, қуатты шаруалардың, тіпті орташа шаруалардың мал-мүлкін
тәркіледі, өндіріс саласына жұмысшы бақылауын енгізу, банктерді, фабрика,
зауыттарды ортақтандыру. Осылардың бәрі де тиісті Декреттер мен Ережелер
бойынша жүзеге асырылады.
Республикада жерді артықшылыкпен пайдалануды жою қажет болды, жерді
тек пайдалану саясаты жүргізілді. Осыған сәйкес мынадай саясат қолданылды:
Сібір, Орал және Семей казак-орыс әскерлеріне қазақтардан тартып
алынған жерлер олардың өздеріне қайтарылып берілді;
Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісі басылғаннан кейін Ресейден ауып
келген кулактарға жеңілдікпен берілген қазақтардың жерлері қайтарылып
беріліп, оларға деген жеңілдіктері жойылды;
Суды пайдалануда қазақ шаруалар мен орыс шаруаларының құқығы
теңестірілді;
Жер бөлінісінде барлық ұлттардың да жерге деген тең құқықтығы
қамтамасыз етілді.
Бүкіл өнеркәсіп толығымен ортақтастырылды, олар қару-жарақ
өндірісіне көшірілді. Ұсақ қолөнері сипатындағы кәсіпорындар негізінде
қолөнер артельдері құрылып, армияға қажет өнімдер шығару қолға алынды;
Еркін саудаға тыйым салынды, азық-түлікті таптық сипатқа қарай
орталықтан мемлекет тарататын тәртіп енгізілді;
Азамат соғысы аяқталып, шаруашылықты қалпына келтіру басталарда, яғни
капитализмнен социализмге көшу кезеңі деп аталып кеткен шақта Қазақстанда
бес қоғамдық-экономикалық бағыт қалыптасты:
1. Патриархалдық қалып. Бұған көшпелі және жартылай көшпелі аудандар,
яғни натуралды шаруашылықтар жатты.
2. Ұсақ өнімді шаруашылықтар.
3. Жеке меншік капитализм шаруашылықтары.
4. Мемлекеттік капитализм.
5. Социалистік сектор.
Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір-бірімен
байланыс нашар болды. Олардағы жағдай түзетуді қажет етті. Шет ел
басқыншылығы, ішкі және сыртқы жаулармен күрес әскер бөлімдерін құруда
еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізуді, әскер бөлімдерін
темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек
еді. Әскер құрамында ұлттық әскерлер құрамаларын, оның ішінд қазақ
жастарынан тұратын бөлімдер құралды. Кеңес үкіметінің декреттері негізінде
фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске асырылды. Қазақстанда
алдымен ұсақ, орт кәсіпорындары мемлекет меншігіне көшті. Кейін ірі
кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты, Екібастұз көмір
өндірісі, Риддер рудниктері мемлекет қарамағына алынды. Онда еңбек тәртібін
нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесімен кәсіподақтар кеңінен
айналысты. Олар өндіріс пен өнімді бөлуді бақылауға алды. Жұмыс күні,
еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаждарына
көмек көрсету, әйелдер мен жасөпірімдердің еңбек құқықтарын қорғау
мәселелрімен шұғылданды. Кеңес орындрымен тығыз қарым-қатынас жасап отырды.
Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету
жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай
казакорыстардың, патша шенеуніктерінің иеліктерінде болып келген, сондай
қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше
кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан – 1918 жылғы жазға дейінгі
кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос
жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың
жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамассыз ету
мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару
қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең – 1918 жылдың жазынан – 1920 жылдың аяғына дейінгі
уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске
асыруруға әзірлік жұмыстары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер-су реформасы іске
асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде – жерге орналастыру,
шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай
шараларды іске асыруда тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың
түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл
төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің,
солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес үкіметіне сенімді
азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.
Азамат соғысы қазақ халқына Ресейдің басқа да халықтары сияқты
жоқшылық әкелді.
Өнеркәсіп саласында: Қазақстанның мемлекет қарауына өткен
307 кәсіпорынның 250-і тоқтап тұрып қалды. 1913 жылмен салыстырғанда
Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірі 5 есе азайды, ал мыс
рудасын өндіру мүлде тоқтады. Ақ казак әскерлері шегіну кезінде мұнай
кәсіпшілігін таланға салды, 400 мың пұттан астам мұнайды теңізге ағызып
жіберді. Риддер кені, Екібастұз көмір кені, Спасск кен байыту фабрикасы
тұтастай істен шықты.
Ауыл шаруашылығында: егістік көлемі қысқарды. Мал басы едәуір кеміп,
29.9 миллионнан 16.3 миллионға дейін азайды.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін ең алдымен шаруалар соғыс
коммунизмі саясатына, әсіресе азық-түлік салғыртына наразылықтарын
білдірді. Осыны өз пайдасына шешкісі келген антикеңестік элементтер Орал,
Ақмола, Семей облыстарында бүліктер шығарды.
Елді тұтастай шаруалар толқуының етек алу қаупі төнді. Соғыс
коммунизмі саясатының енгізілуімен және оның әрекет етуіне байланысты
коммунистердің беделі әлсіреп, Коммунистерсіз Кеңестер! ұрның
болшивиктерге қарсы күштер күн тәртібіне қойды. Шаруаларды тұйыққа тіреген,
болшивиктерге деген олардың сенімсіздігін тудырып өрбіткен соғыс
коммунизмі болды.
Соғыс коммунизмі саясатын большивиктер шетел соғыс интервенциясы
мен азамат соғысының басталуына байланысты экономикада бірқатар төтенше
шараларды жүзеге асыру мақсатымен лажсыз белгіленген уақытта шара деп
қарастыды. Саясат өзінің нақтылы бастауын 1919 ж. 11 қаңтардағы РКФСР Халық
Комиссарлар Кеңесінің Астық пен жем-шөпке азық-түлік салғыртының
енгізілуі Декретінен алды.
1) Соғыс коммунизмі саясатының белгілері:
2) Ауылда, деревняда азық-түлік салғыртын енгізу;
3) Жеке саудаға тыйым салу;
4) Тауар-ақша қатынасының жойылуы;
5) Ірі, орта кәсіпорындарды былай қойғанда, ең аяғы ұсақ кәсіпорынға
дейін мемлекет қарамағына өту;
6) өнімді карточкамен бөлу;
7) шикізат пен отынды бөлудің қатаң түрде орталықтандырылуы;
8) баршаға бірдей еңбек міндеттілігі.
Аталған саясаттың Қазақстандағы орындалуы барысына тоқталсақ, өлкенің
елдің орталығынан шалғай жатқандығымен, соғыс қимылдарының шаруашылық
өмірдің шырқын бұзумен, жекелеген уездер мен облыстарың шаруашылық-
экономикалық жағынан дамуының әркелкілігі мен өзгешілігімен байланысты
(көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының басым болуы, 1918-1919
жылдары егіннің аз себілуі, жер мәселесінің шешілмегендігі, ұлттық қарым-
қатынастың күрделілігі) мұнда азық-түлік салғырты астық өндіретін негізгі
аудандар азат етілгеннен кейін, яғни 1920 жылдың басынан былай қарай іске
асырыла бастады:
- Қазақстанда ірі, орташа, ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік орталыққа
бағындырылды және оларды басқару үшін халық шаруашылығы кеңестері
құрылдыф;
- Қорғаныс үшін зор маңызы бар кейбір кәсіпорындар соғыс жағдайында
деп жарияланып, жергілікті жерде Қызыл Армияны жабдықтау
жөніндегі төтенше комиссиялар құрылды;
- өлке экономикасының аграрлы сипатына, қалалардың экономикалық
рөлінің мардымсыздығына, өнеркәсіп пен транспорттың жұмыс күшін
қажетсінудің кең көлемде қолданылмады;
- отынның барлық қорлары есепке алынды, оның жергілікті түрлерін –
ағаш, сексеуіл, шым-тезек дайындау ұйымдастырылды;
- теміржолшылар жолды қалпына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазан төңкерісі
1917 жылғы ақпан төңкерісі
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
1917-1920 ж.ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қазақстандағы азамат соғысы және қазақ зиялыларының ұстанымы.
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
Қазақстандағы қайта құру саясаты. (1985 – 1991 жж)
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Азамат соғысы
Пәндер