«Сопылық» («суфизм»)


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

Кіріспе.

  1. «Сопылық» («суфизм») ұғымының қалыптасуы.

Негізгі бөлім .

  1. Суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары.
  2. Сопылық тұрақтардағы тұлғалар.
  3. «Сама»-музыка аспаптарын ойнатып қойып, зікір салу.
  4. Ислам дінінің, күллі түркі әлемінің пірі, сопылықтың негізін салушы-Қожа Ахмет Иасауи.

Қорытынды.

  1. Иасауи философиясы хикмет. Танымы сопылық.

Кіріспе.

  1. «Сопылық» («суфизм») ұғымының қалыптасуы.

«Сопылық» («суфизм») ұғымы арабтың «суф» деген сөзінен қалыптасқан. «Суф» сөзі араб тілінен аударғанда ана тіліміздегі «жүн» деген ұғымына сәйкес келеді. Ал, енді арабтың осы «суф» сөзіне «и» жалғауын жалғап сөйлер болсақ, «суфи» деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл ұғымның қазақы баламасы «жүннен тоқылған шекпек киген жан» деген мағынаны білдіреді.

Ең алғашқы мағынасында бұл ұғым көзге оғаш көрінетін жүннен тоқылған, бірақ боялмаған алба-жұлба шекпенді лыпы тұтып, қайыр-садақа сұрап ел кезген әпендіні сипаттайтын ұғымға айтылса керек. Дей тура, бертін келе бұл ұғым жаңа, жаңартылған мазмұнға ие болып, «жүннен тоқылған шекпен киіп жүру» дәстүрі мақтанышқа айналады. «Суфий» ұғымымен бұл жалғанның барлық қызығынан безіп, күйбең тіршіліктің пендешілік қалпын тәрк еткен, сөйтіп, бір Аллаға ғана жүгінуді мансұқ тұтқан, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстанып, тақуалық өмір кешкен адамдар тобын бейнелеу әдетке айналады. Мін, сонан бері «суфий» ұғымы көңілі таза, ешкімге тәуелді емес, сырттай халықпен, іштей хақпен бірге болатын, адамның ішкі сырын оқи білетін, нәпсісін өлтіріп, хақпен тірілген уақыттың перзенті, хақпен ұласқан «адам» деген мағынаны білдіреді.

Осыған қарамастан, бұл ұғымның мән-мағынасын басқалай түсіндірушілер де баршылық. Айталық, дін философиясымен, соның ішінде ислам дінінің канондарын зерттеумен айналысатын ғалымдардың бір тобы суфизм ұғымын ежелгі гректердің «софос» ұғымымен байланыстырып, сол ұғымның негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Олардың түсіндірулерінше ежелгі грек тілінде «софос» ұғымы «данышпандық» деген мағынада қолданылған.

Сонымен қатар «суфизм» ұғымынан мәнің түсіндіруші ғалымдардың екінші бір тобы, бұл ұғымның түбірі арабтың « Сафа» деген сөзі. «Сафа» ұғымы тазалық деген мағынада қолданылады. Ал, суфийлер болса, діл, рух, қала берді, барлық жағынан пәк, таза адамдар болған деген тоқтамға арқа сүйейді.

Суфизм ұғымының мәнін түсіндіруші ғалымдардың үшінші тобы болса, бұл ұғымның пайда болып, тілде қалыптасуын арабтың «сафва» деген етістік жалғауымен байланыстыра қарастырады. Арабтың бұл «сафва» деген етістік жалғауы қазақы айтылуында «қалаулы» болу деген мағынада қолданылады.

Осыдан ондаған ғасыр бұрын мұсылмандық шығыс елдері халықтар арасында суфийлер қандай беделді болған болса, бүгінгі таңда да болар мұсылмандық Шығыс елдері халықтары арасында беделге ие. Бүгінгі күні тек қана мұсылмандық Шығыс елдерінде 50 млн-нан астам сифийлер бар деп есептелінеді. Дей тұра, сопылықтың табиғаты, жүйелік ішкі құрылысы, негізгі сипаттамалық белгілері, жекелеген мектептерінің пайда болуы, қалыптасу, одан әргі даму, көріну қалыптары туралы мынандай деп дөп басып нақтылы дәйектеу қиын. Себебі суфийлер өздерінің сопылық ағынның қандай мектебіне жататындығытуралы мақтан тұтып, бөсіп, есіп отыруды ұнатпайды. Олар өздерін көпшілік ортасында өте әдепті, тұйық ұстайды. Ал өз қатарларына жаңадан қосылғандарды өздері сияқты екінші біреулерді таныстырғанда «достарымыз» немесе «біздес тақлеттестер» деп қысқа қайырып, таныстырады да қояды. Өздері болса бірін-бірі көз жазбай таниды өйткені суфийлерге өздеріне ғана ортақ әрі мәлім танымал қасиеттер, оларды көпшілік арасынан айрықша бөлік көрсетіп ерекшелеп тұратын жүріс-тұрыс стилі, өзгеше бір ойлай қабілеті тән.

2. 1. Суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары.

Жұртшылықтың басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлік тәртіптілік ережелеріне қарағанда суфийлердің ұстанатын өмірлік ұстанымдары да ерекше, кісілік қадір қасиеттерге толы. Олардың барлығына тән қасиеттер, біріншіден бұл дүниенің барлық қызығына немқұрайлық көзқарас сән-салтанатты өмір мен дәмді асқа әуездік, байлыққа, шен-шекпенге, атақ-құмарлыққа қызықпаушылық, өздеріне жоғарыдан менменси қарайтын билік басындағылардың қаһарынан бұқпантайлап, олардың алдында тізе бүкпеушілік. Көзсіз мойын ұсынушылықтан, елпілдеушіліктен, өздерін жоғары ұстаушылық. Ескілікті, қала берді қатаып қалған, ортадакцалдық діни дәстүрлерді, догматтарды және ырым-жораларды қатаң ұстанушылықтан ауыстыру. Өмірбақи риязаттта болу яғни аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу, жалғыз өмір сүру. Әрдайым терең ойлау, пікір таластыруға дайын болу. Нәпсіні тиып ұстау үшін өзің қиын да ауыр істерге итермелеу, азап шегу, шілдехана орындау, жолға шығу, қылуетке түсу. Олардың пікірлерінше, риязатта болу арқылы адам нәпсінің құлдығынан құтылып, өзін-өзі тәртіпке салады. Ең ұлы жихад нәпсіге қарсы күрес. Бұл күрестің мақсаты пендені шариғат жолына түсіру. Бұл күрес шариғаттың заңдарын орындап, жүректі таза ұстауға, өзін-өзі тәрбиелеуге, рухты кемелдендіруге, сөйтіп, өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп, үйлесімін тапқан адамға айналдыруға бағытталған. Өзінің емес, өзгенің қамын күйіттеуге, қоғамның дерттен айығуын ойлауға, қоғам үшін, басқалар үшін жанпидалық жасауға арналған.

Екіншіден, шынайы сопылық таза жолдармен құдайдың еркіне берілуді, Алламен мәңгілік ұласуды, қауышуды талап етеді. Ғибадат үстінде белгілі бір шарықтау шегіне, албүртқан сезім мен экстаздық халге жеткен сәтте, адамның коніл күйі ашылып, оған Алланың дидары корінеді. Одан, яғни Алладан құйылған нұрдан, шапағаттан адам өзін - өзі бақылайдан, тежеуден айырылып, шабыттанады, тасиды. Өзін өзі жағалтып алады. Рахат бір сезімге бқленеді . Осы сәтте ол Алламен қауышады, өзін Алла кейпінде сезінеді. Бұл сәт жүректін кіршіксіз тазаланып, бұл дүниенің, күйбең тіршіліктін барлық азабынан арылып, өзінен басқа жан сезіне алмайтын рахат әлеміне сүнгу сәті. Құлшылық ету үстінде Алланың еркіне берілу, Аллаға ұмтылу, Хақпен қауышып, табысу халі. Алла аян берген сәтте шабыт оты алаулап жанып, тасуы, делсал күйге түсуі, рахат бастауы. Алламен жүздесу сәті, яғни намаз кезінде рухани және мағынауи мираждан үлес алған сәт сәждеге бас қойған сәтте болады.

Үшіншіден, суфийлер жан тазалығына, ішкі рухани дүниесінің жан-жақты жетілуіне, ішкі жан дүниесінің белгілі бір гармониялық үйлесімділікке жетуіне, жақсыға жаңаға ұмтылысына айрықша назар аудурады. Олар үшін сезім дүниесі өздерінің басқаларға қатынасын, Аллаға сүйіспеншілігін білдіретін көңіл күй айнасы, шындықты бейнелеудің айрықша формасы.

Көңіл айнасы сопылықта танымның қайнар бастауы, шабыт тудыратын эмоционалдық күй ләззаты. Алланың аян беру сәті. Суфийлер үшін көңіл- бұл айна, құдайлық есім, сипаттардың ең ашық, кемел дәрежеде көрініс табатын жері. Көңіл көзі немесе әлемі -адамның ғайыпты, құдайлық әлемге тән көріністерді сезіну қабілеті. Көңіл әлемі ашылса құдайлық сырды ұғынуға болады, кемелдікке жету жолы ашылады. Сопылықта, көңілде Тәңірден басқа нәрсе болмауы керек. Көңіл дүниесі- бұл адам бойындағы Тәңірдің үйі. Сондықтан, суфийлер үшін ішкі сезім дүниесіс ұстау, оны Тәңірден басқалардан басты талап, негізгі мақсат. Олар үшін образдық-сезімдік тұрғыдан әлемді тану, он сегіз мың ғаламның бірі-ғайып әлеміне сезім дүниесінде болса да ену, адам болмысы мен жанына үңілу, тіршілік тұрмыс мәнісін бағымдау, көңіл күй құбылыстары және қиял ырқымен жүзеге асса да Алла дидарын, бейнесін көру сезімдік танымның шырқау шыңы. Сезім дүниесі бай, рухы мығым кемел адамның қалбі (көңілі) -Алланың тұрақты тұратын үйі. Жер мен көкке симайтын болмыс-Алла, мумин құлының қалбіне, жүрегіне сиып кеткендіктен ең негізгі ғарыш, мың сан әлемнің ең үлкені, ең ірісі, Хақтың тұрағы-кемел адамның көңілі, жүрегі. Себебі, адам сырт көзге қарағанда тым кішкентай болып көрінгенмен, ең ірі әлем, ғарыш. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда суфийлер үшін көңіл(көңіл-парсы тілінен қазақшалағанда діл, ождан деген мағыналарды білдіреді) әлемі ақыл әлемінен жоғары тұрған хал-ахуал, шабыт қайнары, Алланың аян беру, көріну айнасы. Суфийлердің ұғым-түсінігінше, алим(ғалым), ілім-білімді оқу, ақыл арқылы жетсе, ал ариф(білуші, танушы деген мағыналарда қолданылады) ақиқат шындыққа хал, тәжірбие, сезіну арқылы жетеді. Суфийлер тарапынан негізделіп, аксиомалық тұрғылық пастулатқа айналған осы тұжырым ортағасырлық Европалық, философиялық ой-сананың дамуында шешуші роль атқарады. Айталық, Испания арабтарға бағынышты болып тұрған уақытта Кордовалық араб Ибн Масарра/Хғ/ ашып кеткен суфийлік мектептен жас кезінде дәріс тыңдаған ортағасырлық ағылшын ойшылы Роджер Бэкон(1214-92ж. ш. ) негіздеп беріп кеткен- «Сезім білімнің бірде-бір көзі дейтін, барлық білім тәжірбиеге сүйенеді және тәжірбие арқылы алынады»-деп, естейтін ағым өз бастауын сопылық философиядағы жоғарыда біз өз тарапымыздан шама-шырқымыз жеткенше негіздеп баққан «уахдати шуһуд» деген теориясынан алады.

Осы арада реті келіп тұрғанда айта кету керек XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген Ресей тектілер үшін француз тілін жетік меңгеріп, өзара сол тілде сөйлесіп, сұхбаттасу қаншалалықты мақтаныш болса, ортағасырлық Европа халықтарынын жақсылары мен жайсандары үшін араб тілін жетік біліп, сол тілде жарияланған ақыл-ой кеніштерінің озық үлгілерінен сусындап, парасаттылыққа ұмтылу соншалықты жоғарғы мәдениеттілікті білдіретін. Жалпы мұсылмандық Шығыс халықтары ойшылдарының матиматика, жаратылыстану, медицина және т. б. нақты ғылым салалары бойынша жарияланған еңбектерінің ортағасырларда Батыс Европада ғылым мен білімнің дамуына тигізген аса зор ықпалын айтпағанның өзінде, діни-философиялық ілімнің Батыстық философиялық ой-сананың қалыптасуына, еркін ойдын дамуына тигізген ұшан-теңіз пайдасын оның көрнекті өкілдерінің еңбектерінің бәрінен де айқын сезінуге болады.

Төртіншіден, суфийлерді көпшіліктен өзгешелеп тұратын тағы бір ерекше қасиет бар. Ол олардың бойындағы Аллаға, Хз. Мұхаммед пайғамбарға деген айрықша бір сүйіспеншілік, оларды үнемі мадақтап отыру, аса жоғары құмет тұтушылық. Сырт көзіге біліне бермейтін олардың бойындағы бұл қасиет олардың өздері ғана жүректерімен сезініп, ұғынып түсіне алатын «ғашықтық» мақамының мазмұнынан көрінеді. «Ғашық» («ашқ») - іңкәрлік сезімі, шынайы сүйіспеншілік деген мағыналарда қолданылады. Суфийлердің ұғым-түсінігінше, ғашықтық болмыстың және жаратылыстың негізгі себебі. Оның өзегінде пенденің өзін жаратушы Хақты көрсем, танысып білсем, онымен дидарлассам деген құштарлық сезімі жатыр. Өйткені, құштарлық сезімі-адамның бойын билейтін күшті, терең сезім, сағыныш сезімі. Көңілдің сүйіктісімен кездесуге деген құштарлығы, сағынышы. Көңілдің ең сүйіктісі-Алламен қауышу сағынышы. Жүректің сүйіктісінің аты аталғанда алып ұшып, соғуы. Құштарлық шамның пілтесіне, ғашықтық оттағы майға ұқсайды. Ашқтың суфийлердің түсінігінше, екі түрі бар. 1. Шынайы (хақиқи) ашқ; 2. Құдайлық ашқ. Құдайлық ашқтың да екі түрі бар: а) Алланың өзі жаратқан пенделерін сүю; б) пенделерінің Алланы сүюі.

Дей тұрғанмен, өзін жаратқан Жаратушыны шын жүректен сүйген пендесінің онымен дидарласып, жүздесу ахуалына жетуі ұзақ, өте ауыр, қиыншылығы өте көп, маңдай терін төгіп, тиесілі діни жоралғылар мен ғибадат ету жаттығуларын үздіксіз орындауды қажетсінетің\н күрделі үдеріс. Өйткені сопылық жолды қалап, Хаққа ұласуды мансұқ тұтқан әрбір салиқ\жолшы\ мақсатына жету үшін жетпіс мақам орындауды қажетсінетін күрделі үдеріс. Әрбір өткен мақам \аялдаудың\ талаптарын орындаған салиқ қана оның келесі деңгейіне өте алады. Сондықтан құдайдың еркінен тыс, экстаз, яғни жүрекке құйылмаған илхам\шабыт\ нұрдан құдай дидары көрінетін уажд\қуаныш\ хәлінен гөрі, кез келген салиқке «аялдауға» қол жеткізу қиын, әрі өте ауыр іс. Себебеі, әркбір мақам меңгеру, біріншісінен екіншісіне өту, одан үшіншісіне, одан әрі қарай бәрінен біртіндеп өту салиқтен өзін-өзі әрдайым алға сүйрелеп, ілгері жылжуды, өзін-өзітүнемі тәрбиелеп отыруды, көп оқып, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруді, кемелдендіруді, жоғары қарай өрлей беруді, өзін-өзі әр уақытта да бақылауда ұстауды әрі әр «аялдауға» тән мақамды, яғни оған тиеселі барлық жаттығулар мен жоралғыларды бұлжытпай орындауды талап етеді. Әрбір өткен «аялдаудың» талаптарын орындаған салиқ қана оның келесісіне ие бола алады. Салиқтың төменгі мақамда ие болған рақымшылықтың сапалық белгілері оның неғұрлым жоғары деңгейінде де сақталады. Осы мақамдардың басы «тәуба», соңы құлдық \құлшылық\ мақамы болып саналады. Дей тұрғанмен, жетпіс мақам негізінен алғанда көптік мағына береді. Әзірге дейін сопылық әдебиеттте, сөздіктерде жетпіс мақам тізіп, көрсеткен деректер жоқ. Мысалы, Ас-Сарадж мақамның жеті «классикалық» түрін атайды. Олар: «өкіну»\тәубә\; »құдайдан қорқу»\уару\; «ұстамдылық»\зухд\; «кедейлік»\факр\; «шыдамдылық, қанағатшылдық»\рида\; «құдайдан үміт күту»\тауаккул\; «құлдық»\құлшылық\. Мұнан әрі осы аталғандарда талдау барысы жүреді. Әл-Калбази «аялдаудың» 17түрін, Әбу саид Майхани-40, Қожа Ахмет Ясауи тарихта-10, шариғатта-10, мағрифатта-10, хақиқатта-10, барлығы 40 мақамды айтады. Ал, Абдаллах Әл-Ансари мақамның 100 түрін атайды. Жоғарыда айтып кеттік, мақамның біріншісі-тәубе, соңы құлдық\пықырлық\ мақам. Тәубе-тағдырға ризалық білдіріп, шүкіршілік ету, өкіну, кешірім сұрау, жібіерген қатесін қынжылып, түзеуге уәде беру. Дін уағызы бойынша қандай жаманшылық істесең де бір Аллаға ғана жалынып, кешірім сұрасаң, бәрән де Алла кешіреді дейді. Құрандағы тоғызыншы сүренің аты да, мазмұны да осы тәубе жайына арналған.

Бесіншіден, суфийлердің құлшылық ету үдерістерінде зікір, яғни Аллаға жалбарынып, оны медет тұтуда мұқият ойластырып, ресмиленген белгілі бір ритуалдық діни жоралар мен жаттығуларды орындау айрықша орын алады. Зікір суфийлердің құлшылық ету үстінде көңіл айнасы ашылып, бұл жалғанның барлық азабын да, жаратылысын да, тіптен оның барлығын да ұмытып, жоғары экстаздық көңіл күй қалпына ұйып, өзін-өзі жоғалтқан сәтте көз алдына Алланың дидарын келтіру, жан-тәнімен онымен табысып, қауышу, үйлесімділік тауып, ұласып кету халіне жету тәсілі, жол. Сондықтан да болар суфийлер зікір салуға айрықша мән беріп, оны Аллаға құлшылық етудің бірегей тәсілдерінің бірі ретінде қолданады. Өйткені суфийлердің ұғым-түсінігінше мұсылман дінін қабылдап иманға бас қойған әрбір мумин Ислам дінің бес қазығының сындарлысы және тірегі намыз екендігін жақсы біледі. Себебі, намаз оқыған адам Алланы үнемі есіне алып жүреді, жамандықтан, жаман іс-әрекеттен тиылады, өзін пәк, таза ұстайды. Намаз адамның сыртқы дене мүшелері мен ішкі ой-ниетін тазартады және бойына тек жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Намаз Алла тағалаға ғибадат, мұсылманның миғыражы, яғни Алламен тілдесетін жері. Ал, зікір болса, осы намаз оқу үстінде салауатты мұсылмандық жолды ұстанушыларды Алламен жақындастыратын әрі тәубеге келтіретін жол бастауы болып саналады.

Зікірде, зікір салушы зікір етілгеннен басқа барлық нәрсені ұмытып, тек алланы еске түсіріп, өзін-өзі жоғалқаны сонша, зікір салып жатқанын білмей де қалады. Сондықтан зікір, өзін жоғалту, ғайып әлеміне ену, сонын ішінде Хақпен табысу халін суреттейді. Зікір көбіне топтасап немесе жеке орындалады. Сонымен қатар зікір дауыстап, айналасындағылар ести алатын дәрежеде салынады. Зікір салудың мұндай түрі- «жаһри зікірі» делінеді. Сонымен бірге дауысты зікір салатын тариқаттарға «жаһри тариқаты» деген атау беріледі. Мысалы, Йассауи тариқаты- осы жаһри санатына жатқызылады. Зікірдің келесі түрі- «һафи зікірі». Зікірдің бұл түрі зікір салушының өзі ғана еститін халде, іштей үнсіз салынады. Нақшбанди тариқатының зікірі - һафи (үнсіз) болған. Сондықтан оларға «һафи тариқаты» атауы берілген.

Зікірде кейде музыка аспаптары да қолданылған. Мысалы, Мевлена Желаледдин Руми негіздеген суфийлер мектебі дәруіштері құдайға құлшылық ету барысында музыка ойнатып қою дәстүрін ұстанған. Сондықтан да болар суфизмнің мұсылмандық үлгісінің тарихын зерттеуші Батыс оқымыстылары зікір салудың мұндай түрін ұстанушы суфийлер мектептерін «үйіріле, дөңгеленіп, шыр айналып билеуші» дәруіштер ордені деп аталады. Ал, зікір салудың мұндай түрін ұстанушы суфийлердің өздері болса, құлшылық ету үстінде музыка әуеніне еліткен көңіл айнасы ашылып, рух жүрекеті бауран алған, шабыт сезіміне бөленген, рахатқа батқан сәтте өзіңді - өзің мүлдем ұмытып, ғайыптан келген нұрға шомыласың, Алламен дидарласып Хақта фани және Хақпен бірге бақи боласың деп түсіндіреді.

Жалпы, суфизмде, Мұхаммед ас-Сануси әл Идрисидің дәлелдеулеріне қарағанда, зікірдің 40- тан астам түрлері бар.

Жоғарыда біздер талапынан жан- жақты негізделіп, екшеленген тасаууфтық жолға түсіп, салиқ атанған әрбір адам ұстанатын әрі олар үшін орындалуы міндетті саналатын діни жоралар мен ғұрыптар суфийлерді әр түрлі қобалжыту мен үрейлену халінен айырып, бар бітім-болысымен, ішкі жан дүниесімен бір Аллаға үлкен құлшылық етуге даярлайды. Рухани тазарумен жаратушы Хақты тану жолына итермелейді. Көңіл түпкірінде бұқпантайлап бұғып қалған жаманшылықтың қандайынан болмасын тазарып, нәпсіні тыйып ұстауға мұрындық болады. Күпірліктен иманға келтіреді. Жаман істерден аулақ жүріп, игілік істер жасауға ұмтылдырады. Жаман мінез бен қылықтардан арылтады. Алладан басқаның барлығын ұмыттырытып, тек Алланы сүюге, соның ақиқатты жолмен жүруге, құлшындырады, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жан-жақты жетілдіріп дамытуға талаптандырады. Өзін-өзі танып білу ге, рухани тұрғыдан толысып, жоғары кемелдікке жетуге ұмтылдырады.

Әрине, біз жоғарыда шама-шарқымыз жеткенше біршама талдап, түсіндіріп беруге тырысқандардан да басқалай, сопылық ағымның өзіне ғана тән құлшылық ету тәсілдері мен жаттығулары баршылық. Дей тұрғанмен, олардың барлығының аттарын атап, түстеп жатуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан сопылықтың мәнін одан әрі тереңдетіп, қазбалай әрі сопылыққа ғана тән атрибуттық белгілерді одан әрі санамалай бермей, енді суфийлер жиналатын орындарды анықтап, олардың қандай орындар екендігін және олардың аясында суфийлердің немен айналысатындықтарын саралап көрелік.

Суфийлер білімін одан әрі жетілдіретін, өздері сияқты басқа суфийлермен әңгіме-дүкен құрып, пікір таластыру үшін жиналатын сұхбаттасу орындары, мекен-жайлар сопылық тұрақтар деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық суфизм ілімі
Суфизмнің діни философиясы
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Яссауидiң сопылық танымы
Суфизм исламның мистикалық ілімі ретінде
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Суфизмнің қазақ жеріне таралуы
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Сопылықтағы кейбір ұғымдар мен түсініктер
Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz