Ғылыми менеджмент туралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

  1. Ғылыми менеджменттің пайда болуы

II Негізгі бөлім

  1. Тейлор теориясы
  2. Тейлор концепциясы
  3. Эмерсонның «өнімділіктің 12 принципі»

III Қорытынды

Ғылыми Басқару (1856 - 1920)

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856 - 1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері -- « Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912) . Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған.

1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.

1856 жылы филадельфиялық адвокаттың отбасында дүниеге келген Фредерик Тейлор жасынан талапкер, ізденгіш болып өсті. Әуелі көзі уақытша нашар көргендіктен, Гарвард университетінде оқуды тоқтатып, Тейлор Филадельфиядағы шағын шеберханаға қарапайым жұмысшы болып орналасты.

Төрт жылдың ішінде ол модельді және механик мамандықтарын меңгерді. Кейіннен Тейлор Филадельфиядағы «Миндвейл Стил Воркста» жұмыс істеп, түнге қарай инженер-механик мамандығын оқып үйренді. Тейлор «Мидвейльдің» басқарушысы болғанда өнеркәсіп практикасындағы берекесіздікке қайран қалды. Ол басқарушы мен жұмысшы арасындағы ешқандай ынтымақтастықты көре алмады. Берекесіздік пен ысырапшылдық етек алған еді. Жұмысшылардың өнім өндіруінің шектелуі кең етек алған. Мұны Тейлор ұдайы әскери қызмет деп атады. Нашар жабдықталған, әрі жеткілікті үйретілмеген жұмысшыларға ешбір талғамсыз кез келген жұмыс тапсырылды. Осыдан бастап Тейлор, ғылыми менеджменттің атасы «Таңдаулы жол іздестіруге» құлшына кірісті.

Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. «Мидвейлде», кейіннен «Бетлехем Стилде» жұмыс істеген кезде Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты:

  • Нормалау
  • Уақыт пен міндетті зерттеу
  • Ұдайы сұрыптау және баулу
  • Ақшалай ынталандыру

Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да молшылық әкелді. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының психологиясын түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді: «дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

  1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
  2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру жәнебаулу.
  3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
  4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды барынша мақсат етіп қоя отырып, Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т. б. көздеді.

Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық, жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Тейлор «ең қолайлы» жұмыс тәсілін жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып олардың еңбегін мамандандыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттігі туды.

Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді жоспарлағанда басқаруға өзгеріс енгізуге, цехтарды басқаруды қайта құруға қайта мүмкіндік берді. Линиядағы мастердің орнын әртүрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады. Цехта тікелей 4 мастер жұмыс істеді: инспектор, жөндеу жөніндегі мастер, жұмыс ырғағын белгілейтін мастер, бригадир. Қалған мастерлер -- «үлестіру бюросы» деп аталатындар маршруттармен, нұсқау әзірлеумен және есеп берумен, өзіндік құнды анықтаумен, тәртіп мәселелерімен т. б. шұғылданды. Тейлор еңбекақы жүйесіне де түбегейлі өзгеріс енгізді. Оның өзі белгіленген норманы орындауына қарай жеке дара жүргізілді.

Тейлор жұмысындағы басты жүйе -- жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.

20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.

Гильберт прибор ойлап шығарып, оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі бір операцияда қандай қозғалыстардың атқарылатындығын және де олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланылды. Осылайша алынған ақпараттарға сүйене отырып, олар артық өнімсіз қозғалыстарды жою мақсатында жұмыс операцияларын өзгертті, әрі стандартты процедуралар мен жабдықтарды пайдаланып жұмыс тиімділігін арттыруға тырысты.

Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды (1912) . Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

  • Дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен оның қол астындағылар ұмтылады;
  • Болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;
  • Білікті кеңес беру -- өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;
  • Тәртіп -- барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;
  • Қызметкерлерге әділ төрелік;
  • Басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;
  • Ұжым қызметін мұқият, жедел басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;
  • Ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;
  • Ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететінжағдайларды қалыпқа келтіру;
  • Уақытты белгілеуді және әрбір операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;
  • Атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
  • әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.

Өнеркәсіп орындарындағы өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен классикалық мектептің өкілі Г. Форд шұғылданып, Тейлор жүйесін пайдалануды одан әрі жетілдірді. Ол Тейлор принциптерін негізге ала отырып, оны көпшілік өндірісте қолданды. Форд бұйым өңдеу жөніндегі операцияларды қарапайым қозғалыстарға дейін жіктеуге тырысты. Мұның өзі өндірісті ұйымдастырғанда бұйымның бір операциядан келесі операцияға жылжуы жұмысшының біліктілігіне қарай емес, тек машинаның операцияны атқару ұзақтығына тәуелді болатындай етуіне мүмкіндік берді. Жаппай өндіріс өнімнің өзіндік құнын едәуір кемітуге ықпал етті. Өндіріс процесін мұқият ұйымдастыру басқару жүйелерін тиісінше ұйымдастыруын қажет етті. Осы мақсатта Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

  • барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды, байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;
  • жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;
  • шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;
  • өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;
  • өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірсті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, оның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды. Басшылар - практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді қолдануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті. Дәл осы кезеңде «басқару жөніндегі кеңесшілер» немесе «еңбек өнімділігі мәселесі жөніндегі сарапшылар» секілді жаңа мамандықтар пайда болып, тез етек алды, күн өткен сайын әр түрлі мектептер, колледждер, басқару жөніндегі семинарлар саны көбейді, жоғары оқу орындарында: «Кәсіпорынды басқару туралы», «Өнеркәсіпті басқару туралы» курстарды оқыту жүргізіле бастады, басқаруды ұйымдастыру проблемасын зерттеуге ғалымдар көптеп тартылды, «ғылыми басқару» мәселелері бойынша жарияланымдар көбейді.

«Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Францияда, Швецияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды. Мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т. б. аттармен жарияланды. Егер әуелде тек өндіріс табыстарына, бизнеске ғана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар қызметінің барлық саласында бірдей қолданылатын басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптері» концепциясы қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Менеджмент
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Менеджменттің қағидалары
Менеджменттің ғылыми салушылардың негізгі бағыттары
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Менеджмент, менеджмент түрлері
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz