Банктің несиелік саясаты туралы


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе. . . . 3-4
I. Тарау. Банктің несиелік қызметін ұйымдастыру
1. 1 Банктің несиелік саясаты . . . 5-10
1. 2 Несие беру және оған мониторинг жүргізу . . . 11-16
1. 3 Несиені классификациялау және проблемді несиелермен жұмыс
жүргізу . . . 17-21
II. Тарау. «Нефтебанк» АҚ-ның несиелік қызметін бағалау
2. 1 «Нефтебанк» АҚ-ның қаржылық есептеріне талдау . . . 22-61
2. 2 «Нефтебанк» АҚ-ның несиелік-портфельдің сапасын бағалау . . . 62-64
2. 3 Несие сапасының банк кірістілігіне әсері . . . 65-66
III. Тарау. Несиелеу процесіндегі болатын проблемалар және оларды
шешу жолдары.
3. 1 Несиелеу процесіндегі болатын проблемалар және оларды шешу
жолдары . . . 67-72
Қорытынды . . . 73-74
Қолданылған әдебиеттер . . . 75-76
Қосымшалар .
I Тарау. Банктін несиелік қызметін ұйымдастыру
1. 1. Банктін несиелік саясаты
Несиелік саясат банктін несиелік қызметінін міндетінің оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктін несиелеу жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесінің шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктін стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктін несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни дерективті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудін мақсатттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудын бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттарымен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктін стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтін төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- Несиенін берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын обьективтік стандарттар мен кретерийлерін;
- Несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардан басты іс - әрекеттерін;
- Сыртқы аудит қызметтерінін жұмысын және банктегі несиелік қызметтін сапалылығын;
- Ішкі бақылау қағидаларын. 1
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялауда іс-әрекеттердін тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердін лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудын белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудін біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясатпен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудін негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінін бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушышынын несиелік қабілетіне қарап, «өз клиентін» талдаудағы біліктілігне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктін бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық иновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады. (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барсында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау; банктін несиелік портфелінін жағдайына және оның ішінлде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) .
Ішкі несие сасатын жасау банк жетекшілерінін несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардын банктін жалпы міндеттерімен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктін несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандартымен несиелік нұсқаулары жасалады.
Несиелік стандарттармен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелік қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе деректорлар кеңесі, несиелік комитет ) саясатты және соған сәйкес нұсқауларды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердін несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережелер қамтылады.
Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. 2
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттін шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттін өтінішін және несиелік қызметкердін несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасымен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді; ( несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктін несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердін жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттін мәжілісінін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатта енгізудін негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтін басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттын қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзіретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулі;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдерімен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
- Несиелеу саясаты;
- Несиелеу стандарты;
- Несиелеу нұсқаулықтары;
Сондай-ақ, аталған құжат ерекше бір құжатта - « Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету » біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінін қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтары мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердін жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- Қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- Несиенің кепіл хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қ
- ойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
қарыз алушынын несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
- несиелеудін айрықша түрлері бойынша ережелер ( мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелер бойынша ) .
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әртүрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім- шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және тағы басқалары жатады.
Несиелік нұсқаулық - несиелеу процедураларын іске асырудын жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктін қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтін нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестін барлық кезеңдері көрсетіледі. 3
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиеледі жүзеге асыратын бөлімдердін қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтарды талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінін тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктін несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалар мен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
1. 2 Несие беру және оған мониторинг жүргізу
Банк өзінің несие саясатын жасап болғаннан кейін және нарықты зерттей отырып несиелік операцияларын жүргізеді. Келесі этап болып нақты несие беру процесі табылады. Осыған байланысты несие беруінің дұрыс қаралуы банк ісінде өте маңызды орын алады. Себебі, несие маманы дұрыс қаттануы ісіне өте маңызды орын алады. Себебі, несие маманы құжаттарды дұрыс қаттамаса банктің немесе клиенттің мүдделері зардап шегуі мүмкін. Осыған байланысты несие құжаттарын дұрыс қатталуына ерекше назар аударылуы керек, себебі несиенің берілуі және оның уақытында толық қайтарылуы осыған байланысты болады. Клиенттің банкке әкелген құжаттары негізінде және басқа ерекшеліктерге байланысты банк банк несиені беру немесе бермеу шешімін қабылдайды. Әкелген құжаттардағы мәліметтер экспертиза жасау үшін толық, шынайы және анық болуы керек, себебі несие беру шешімі осыларға негізделеді. Бұл құжаттардың тізімі заңды және жеке тұлғалардың ерекшеліктеріне байланысты беріледі. 4
Несие берудің сатылары
Несиелеу процесінің несиенің сапалық сипаттамасына өзінің салымын
салатын және оның сенімділігі мен банк үшін пайдалылығының дәрежесін анықтайтын бірнеше этаптарға бөлуге болады:
- Несие алуға берген өтінішті қарау және болашақ қарызшымен сұхбаттасу;
- Клиенттің несие қабілеттігін талдау және несие бойынша тәуекелді бағалау;
- Несие келісім-шартын дайындау және құру;
- Келісім-шарттың шарттарының орындалуын және несиені жабуды бақылау.
Осы несие этапын толық ашу үшін және болатын проблемаларды қарастыру үшін несиелеу процесі бір қарыз алушының мысалында көрсетілді.
Өтініш және клиентпен сұхбаттасу.
Клиент банктен несие алуға келгенде алдымен арыз береді, онда талап етіліп отырған несие жөнінде алғашқы мәліметтер болады; несиенің мақсаты мен көлемі, несиенің түрі және мерзімі, ұсынылып отырған кепіл-заты.
Банк банкке келген себептерін және несие алу өтінішін анықтайтын қаржылық есеп берулерді және басқа құжаттарын талап етеді. Бұл құжаттар арыздың міндетті құрамдас бөліктері. Олардың талдануы несие маманы клиентпен алдын-ала сұхбаттасып болғаннан кейін және мәліметтің перспективті екенінің тұжырымдама жасалғаннан кейін келесі этаптарында жасалады. Арыз несие маманына әкелінеді, ол оның қарап потенциалды қарызшымен алдын ала сұхбаттасады. Сұхбаттасу негізінде болашақ несие беру сұрақтарын шешерде маңызды орын алады: ол несие маманына несие арызының көптеген маңызы детальдарын анықтаумен ғана қоймай, қарызшының психологиялық суретін құрастыруға, компанияның басқару құрылымының профессионалдық құрылымын анықтауға, оның компанияның басқару құрылымының профессионалдық құрылымын анықтауға, оның жағдайды бағалауының нақтылығын және кәсіпорынның даму перспективасын қалай бағалайтындығын көруге мүмкіндік береді. Потенциалды қарызшымен сұхбаттасу кезінде несие маманы келесі сұрақтарды қамтуға тырысу керек. 5
1. Клиент және компания жөнінде мәліметтер:
- Клиенттің заңдық статусы;
- Компанияның құрылған жылы;
- өнімнің түрі;
- меншік иелері;
- менеджерлердің тәжірибесі;
- компанияның табысы, пайдасы қандай;
- сатып алушылары мен өнім қоюшылары;
2. Несие өтініші жөнінде сұрақтар:
- компания банктен қандай ақша сомасын алғысы келеді;
- ол сома қалай есептелген;
- қаржылық қажеттіліктердің жорамалы дұрыс құрылуы;
- несиені қандай мақсатқа алғысы келеді және несиені қайтару мерзімі;
3. Несиені жабу жөнінде сұрақтар:
- клиент несиені қандай жолмен жабады;
- клиентке операциондық цикл кезінде қанша қолма-қол ақша түседі;
- клиентте несиені жабуға арнайы көзі бар ма;
4. Қарызды қамту бойынша сұрақтар:
- кепілге қандай зат беріледі;
- кепіл заттың иесі кім;
- кепіл зат қай жерде орналасқан;
- кепіл затты сатуға басқа біреудің екінші рұқсаты керек пе;
- кепіл бұзылуы мүмкін бе;
- оны сақтауда шығымдары қандай;
5. Клиенттің басқа банктермен байланысы жөнінде сұрақтар:
- клиент қазір қай банктермен жұмыс жасайды;
- басқа банктерден несие алу қаралған ба;
- неге клиент осы банкке келді.
Банктік несиелеу процесіндегі несиелік өтінішті қарау процедурасы әрбір бактің өз несиелік саясатына байланысты әр түрлі. «Нефтебанк » АҚ-ң қазіргі кездегі қолданып отырған несиелеу процедурасы келесідей:6
Несиелік өтінішті қарау процедурасы
Негізгі процедуралар: Бөлімшелердің өзара әркет етуі:
↓ ↓
өтініш
↓
↓
Несиелік мониторингтің негізгі болып несие архиві табылады. Мұнда барлық қажетті құралдар жиналады, яғни қаржылық, кепілдік құжаттар.
Несиені жабуды және ол бойынша пайыздарды төлеуді бақылау несиелеу досьесін қайта-қайта талдануына, банктің несие портфелін қайта құруға, несиелердің жағдайын бағалау және аудиторлық тексерулерде көрінеді.
Әрбір банк өзінің несиелік досьесін жүргізеді. Көбінесе құжаттар келесідей бөлімдерге топталады.
- Несие бойыша құжаттар, яғни несие келісім- шарттың көшірмесі, мерзімдік міндеттемелер, кепіл хаттар.
- Қаржылық және экономикалық мәліметтер: аналитикалық кестелер, бизнес жоспарлар, салық декларациялары.
- Несиені қамту бойынша материалдар.
- Несие қабілеттігі жөнінде есептер мен сұраулар: несие агенттіктерінің анықтамалары, телефондық сұраулар, хаттамалар. 7
Жоғарыда айтылғандай несиелік портфель банктің табыс көздерінің негізі болып табылады.
Банк портфелінің құрылымы мен сапасынан банктің тұрақтылығы, оның репутациясы және қаржылық нәтижесі көп тәуелді. Сондықтан барлық банктерде портфельде орналасқан несиелердің сапасына бақылау жүргізіп отырады, тәуелсіз экспертиза мен банктің несиелік саясатынан ауытқуларды ашу жүргізіледі. Несиелік қызметкерлер белгілі бір қарызшыларда немесе белгілі бір салаларда несиелердің мақсатында портфельдің құрамына талдау жасайды. Несиелік портфельді бақылау бағдарламаларды банктің типіне, оның мамандалуына несие қабілетін бағалау тәсілдеріне байланысты. Мысалы қазіргі уақытта өндірісі құлдырап жатқан кәсіпорындарда көп несие берген банк өзінің қарызшыларының жұмысының жағдайын әр ай сайын тексере алады, керісінше сенімді несиелер 2-3 ай сайын тексерілуі мүмкін.
Несиені тексеру қаржылық есептерде қайта тексеруден, кәсіпорынға қарызшының баруы құжаттарын тексеруден, қамтулары да тексеруден тұрады. Бақылау тексеруде берілген несиенің банктің несиелік саясатында мақсаты мен бағыттарына сәйкес келуі қаралады, клиенттің несие қабілеттігі мен қаржылық жағдайы операцияларының рентабелділігі талданады.
1. 3. Несиені классификациялау және проблемді несиелермен жұмыс жүргізу
Несиені классификациялау несиені басқарудағы тиімді құрал болып табылады. Себебі, несиемен қатар оның тәуекелі де классификацияланады, несиеден болатын мүмкін жоғалтулар анықталады. Қарызшының қаржылық жағдайы несиелік міндеттемені жабуға келмейтін жағдайда, ал қамтуға берілген кепіл құны бұл соманы жабуға жеткіліксіз жағдайда банктің өзінің бекемдік жағдайын анықтау үшін тиісті резервтер жасау бойынша қолайлы саясаты болуы керек. Сондықтан банктің несиелік қызметінен болатын зияндарды жабуға арналған провизия құру талап етіледі. Провизия құруда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несиелік портфельді классификациялау әдісі, коммерциялық банктердің несиелік портфельді классификациялау әдісі қолданылады. 8
Банктің несиелік портфелі ай сайын келесідей классификацияланады:
А) қаржылық жағдайы бекемді меншікті капиталы жеткілікті, мерзімі өткен несиелері жоқ, сенімді, өтімді қамтулар бар.
Б) банкте сәйкес несиелік досьесі бар. Бұл несиеде қайтармаудың белгілері жоқ.
А) негізгі қарыз бен пайыздарды қайтару бойынша төлемдерді 30 күннен астам кешіктіру;
Б) бір реттен көп мерзімін қайта ұзарту болса;
В) банкте несиелік досьесі бар;
Бұл топқа сондай-ақ қаржылық жағдайы тұрақты, бірақ белгілі бір қанағатсыз көрсеткіштер бар.
А) негізгі қарыздар мен пайыздарды қайтару бойынша төлемдерді 30-60 күнге дейін кешіктіру;
Б) бір реттен көп мерзімін қайта ұзарту;
В) нарық коньюктурасының өзгеруіне байланысты өндірістік дағдарысы әсерінен қарызшының қаржылық жағдайының аздап немесе потенциалды төмендеуі;
Г) сәйкес несиелік досьенің жоқтығы.
А) негізгі қарыз бен пайыздарды қайтару бойынша төлемдерді 60-90 күнге дейін кешіктірілсе;
Б) негізгі қарыздар мен пайыздарды жабу үшін негізгі кірістің жеткіліксіздігі;
В) бір жылдан аспайтын мерзімге санация жариялау;
Г) қарызшыға материалды зиян әкелген, бірақ оның жұмысы тоқталмаған форс-мажорлы жағдайлар;
Д) басқа банктерден алынған несиелер және гарантиялар бойынша арыздың мерзімі өткендері.
А) негізгі қарыз бен пайыздарды 90 күннен аса кешіктіру;
Б) қарызшы банкрот деп жарияланса;
В) бір жылдан аса мерзімге санация жарияланса;
Г) қарызшыға материалды зиян әкелген және оған жұмысын жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс- мажорлы жағдайлар.
Егер классификацияланған несие критерийлері бойынша несиенің екі тобының аралық орнына тұрса, онда банк тәуекелін төмендету үшін бұл несиені төмендеу сапаға жатқызады. Егер санация режиміндегі қарызшыға берілетін несиенің сіңімді және өтімді қамту болса, бұл несие субстандартты несие ретінде классификацияланады. Егер өз міндеттемелері бойынша сіңімді төлеуші репутация бар қаржылық бекемді қарызшыға берілетін банктік несие субстандартты болып классификацияланады. Несиені алғаш классификациялау тәуекел деңгейін бағалау негізінде несие беру уақытында жүргізіледі. Одан кейінгі классификациялау және несиелік портфельді талдау ай сайын жүргізіледі. Талдау нәтижесінде несиенің классификациясы өзгеруі мүмкін, ол үшін портфельдің сапасын жақсарту шаралары алынуы керек.
Қазақстандық банктер алдында проблемді несиелерді басқару ісінде маңызды қиындықтар тұр. Саяси сипаттағы сыртқы және ішкі жағдайлардың қысымы, өндіріс қиындықтары, қаржылық шектеулер, жиі тұрақсыздық жағдайлар қарызшылардың қаржылық жағдайларын бұзады. Сол сияқты қаржылық ақпараттар жиі сенімсіз болады, құқықтық құрылым қарызды өтеу бойынша міндеттемелердін орындалуына жағдай жасамайды. Көп жағдайда сыртқы сипаттағы қиындықтар ішкі әлсіздікпен күшейе түседі және одан әрі активтердің нашарлауына әкеледі.
Қазақстандық банктердің көбіне проблемді несиелерді басқарудағы нақты жасақталған процесі болмайды. Олардың ішінде анағұрлым көп кездесетін кемшіліктерді атап көрсетуге болады:9
- жазбаша жасалған несиелік саясат пен несиелік процедуралардың болмауы;
- портфельді жинақтауда шектеулердін болмауы;
- үстірт несиелік талдау;
- кепілдін жоғарылатылып қойылған бағасы;
- клиентпен байланыстардың жиі болмауы;
- несиеге мониторинг жеткіліксіздігі;
- несиелерді құжатттауда бақылаудың нашарлығы;
- несиелік процестің тиімді бақылау және аудиттеу қабілетсіздігі;
- несиелік құжаттаудың толық еместігі және тағы басқа.
Бұл кемшіліктер несиелік портфель әлсіздігіне келіп құйылады, несиелердін шектен тыс шығарылуын, проблемді несиелердін үлкен портфелін, олардың зияндарын, төлем қабілетсіздікпен өтімсіздікті қосқанда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz