Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері



Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі
Резервтік капиталдың есебі
Бөлінбеген пайда есебі
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъекті мүлкінің құрамы
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтері болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (ацналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімдік) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Меншікті капиталдың құрылу негіздері және басқарылу әдістері.

Қабылдаған:
Ақпанов А.
Орындаған: Бөлебай Мөлдір

310 топ

Алматы 2008
Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану
және оны қалыптастыру
көздерімен
(меншіктік капитал және міндеттемелер,
яғни пассивтер) сипатталады".
Профессор А.Д.Шеремет

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен
айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық
қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары,
ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу
мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда
аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық
субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің
капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа
да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп
отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған,
қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Субъекті мүлкінің құрамы
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтері болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы
активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (ацналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімдік) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің
материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда
табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік
қаржылық салымдар, тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және
басқадай активтер жатады.
Субъектінің мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
құнынан құралады. Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарында пайдаланылады. Ал олардың қатарына қысқа және
ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар
жатқызылады.
Жарғылық қор меншік иесі субьектінің кәсіпорынның жарғысында
қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған
қаржыларының соммасы болып табылады.
Меншікті ұйымдық- құқығының нысанына және меншік иесінің тиісті
құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынандай түрлерде
болуы мүмкін;
Шаруашылық серіктестіктердің толық серіктестік, сенім
серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауап
кершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам
жарғылық капиталы.
Өндірістік коператив мүшелерінің мүлкі жарналары. Жарғылық қор
мөлшері субькетінің жарғысында жіне басқада құрылтайшылық заттарға
тиісті өзгерістер белгіленген, өкіметтің атқарушы оргондарында
тіркелуі тиіс. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті
өзгерістер ғана болуы мүмкін.

Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акйиаларын олардың
аталуы номиналдық құрлымынан артық құнымен сатқаннан пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестициялардан
қайта бағалағанда олардың құнының өскен соасына және тағы да
басқалардан туындайды.

Резервтік капитал – келешекте алдағы уақыттарда болуы мүмкін
зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі
өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан
Республикасының заңдарымен шаруашылық субъектісінің жоғарысында
қаралады.

Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектісінің жалпы табысының
барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан
және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Корпорация мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды қорлар
болып мыналар саналады:
• жарғылық капитал;
• қорлану капиталы;
• тұтыну қорлары;
• еңбекақы төлеу қорлары;
• валюта қорлары;
• жөндеу қорлары және т.б.

Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша жай
және артықшылығы бар акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық
аталуы құны, акционерлік қоғамның, серіктестердің, өндірістік
кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуден өткізілуі тиіс.
Қоғамның акцияны саты алатын мүшесіне сол акцияларды қоғамға немесе
үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.
Шаруашылық субъектілерінде жарғылық капитал.
501 – Жай акциялар
502 – Артықшылығы бар кациялар
503 – Қосқан үлестерімен жарналары деп аталатын 50 – Жарғылық
қор бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қрды
құрғанда, сондай ақ қосымш эмиссия жасау арқылы жарғылық қор
мөлшерін өсіргенде немесе акцияларды номиналдық құнын өсіргенде
жарғылық қордың өскен сомасынан 511 – Төленбеген капитал шот
дебиттеліп, 501 – Жай акциялар және 502 – Артықшылығы бар акциялар
деп аталынатын шоттар кредиттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті
қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында
шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары)
үлесіне (салым ақшасы) бөлінбеген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал
өзінің қызмет процесінде серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға
ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл –
ой меншігі (интеллектуальная собственность) және басқа нәрселер жатуы
мүмкін.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары
(бұл құжаттардаң ең негізгісі Жарғы болп табылады) болуы керек.
Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының
салым ақшадан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау
тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық
тексеруіне жатады.

Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
– Толық серіктестік – жарғылық капитал оның құрылтайшысын анықтайды,
алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем
болмауы керек.
– Коммандиттік серіктетік – жарғылық капиталдың мөлшері заң
актілермен белгіленген ең аз деңгейде болмауы керек.
– Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларын анықтайды.
– Қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың
мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде анықталады,
алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз
салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал
бұл саланың жетіспеушілігіне өз мүмкіндіктерінің еселенген
мөлшерде өздерінің салым ақшаларына қосады.
– Акционерлік қоғам – жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар
шығарылымының жиынтық аталуы құнына тең. Алайда заңда
қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл – ой
қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субъектілер
кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін
алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни
салымды) инвестиция деп атайды. Бақылауды қолына алған инвестор негізгі
серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын объект – еншілес шаруашылық
серіктестік болады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық капиталы
есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.
Кәсіпорындардың дербестік жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары
құрылуй мүмкін, мысалы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды
дамытуға қатысты үлестік қорлар, қамсыздандыру медециналық сақтандыру т.б.
Жарғылық капитал (қор) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы
берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді.
Ол алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерін құрғанда, өндірістік
капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың
қөзі болып табылады. Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға жағдайлар жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды
(айналым және негізгі капиталдардың) өндіріс процесінің натуралдық – заттай
элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі болып
саналады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарнасы есебінен
немесе жарналарды құрылтайшылар менқатысушылардың акцияларына айырбастау
жолымен құрылады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады,
негізгі капиталға жұмсалатын күрделі салымдар, пайда есебінен болатын
айналым капиталының өсімі, тауар – материалдық құндылықтарды бағалауға
дейінгі және капиталдың басқа толығулары нәтижесінде көбейеді, сондай – ақ
негізгі құралдарды есептен шығару немесе басқаға беру, оның тозығын
есептеу, зияндарды шығару, материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен
кемиді.

Резервтік капиталдың есебі

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды
өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін.
Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарын жабуға, сондай-ақ
қоғамның облигациясын жабуға жіне басқа қаражат болмаған жағдайда
акцияны сатып алуға арналған. Секріктестік резервтік капиталды
пайдалану бпғыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен
құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері мен акционердің жалпы жиналысында
бейнеленеді.
Резертік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға
дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Резервтік капиталдың құрылуы;
551-Құрытайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал шот
кредиті.
552- Басқадай резервтік капитал шот кредиті.
Резервтік капиталдың қаражатын пайдалану.
А)Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал есебінен
төленеді.
Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын соммаларды жұмсау тәртібі
акционерлік қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдың
жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның
жарғысында көрсетілген мөлшерде тең етіп қайта қалыптастыруды қажет
етеді. Кәсіпорындарды резервтік капиталдың есебі Резервтік капитал
бөлімінің;
Заңмен бекітілген резервтік капитал
Басқадай резервтік капитал деп аталатын шоттарда есептеледі.
Акционерлік қоғамдар немесе басқада ұйымдар өздерінің тапқан
таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар
құрылуына болады.
Бұндай бағытта құрылған қор соммаларын керекті уақытында
жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып
саналмайды.
Ол аталған есебі Басқадай резервтік капитал деп аталатын шотта
жүргізіледі. Басқадай резервтік капитал - деп аталатын шоттар
кредиттеледі. Ал шаруашылық субъектісінің резервтік капиталындағы
жинақталған соммасы жұмсалғанда бухгалтерлік есепте. Аталған қорлар
есебі 552- Басқадай резервтік капитал деп аталатын шот.

Бөлінбеген пайда есебі

Кәсіпорынның қортынды таысынан бюджетке төленетін салықтары
және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төленгенен қаған
соммасы есепті жылдық Бөлінбеген пайдасы (жабылмаға зияны) болып
табылады.
Ұйымдарда Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянының ) есебі.
- Есепті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Ақша несие саясатын жүргізу
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы энергетикалық кәсіпорнының шаруашылық қызметін басқаруды талдау
Қаржы менеджменттін ақпаратпен қамтамасыз ету
Несиенің қызметтері
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Пәндер