Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

І. Тарау. Ахмет Байтұрсынов туралы.

І. 1. А. Байтұрсыновтың өмірі.

І. 2. А. Байтұсыновтың шығармашылық қызметі.

ІІ. Тарау. А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы.

ІІ. 1. А. Байтұрсынов шығармашылық мұрасының зерттелуі және олардың бастауыш сыныптарда оқытылу дәрежесі.

ІІ. 2. А Байтұрсыновтың педгогикалық көқарасы.

ІІ. 3. А. Байтұсыновтың психологиялық көзқарасы.

Қорытынды.

Пайдалынған әдебиеттер.

Диплом жұмысының өзектілігі.

Кеңес Одағы орнаған алғашқы жылдары халық басына шын мәнісіндегі азаттық келді, енді тілімізді, дінімізді сақтайық, соны жетілдітейік, зерттелмеген тұстары өте көп, зерттеп зерделеп, кейінгі ұрпаққа өнеге етейік деп жанын сала еңбек еткен қазақ тілі білімінің әдістеме т. б. салаларында айрықша орны бар. Педагог ғалым А. Байтұрсыновтың еңбектері айырықша маңызға ие . Себебі ол қазақ халқына алғашқы алфавит пен қоса сауат ашудың мысалдарын ашып, соның әдістемесін жасап, оқулықтарын ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда А. Байтұрсыновтың мол мұрасы әлі де болса терең де жан-жақты зерттелмей жатыр. Біздің дипломдық жұмысымыздың «А. Байтұрсынов-педагог, ағартушы» деп аталуы да сондықтан. Біз жұмысымызда А. Байтұрсынов шығармашылығына жалпы шолу жасауды, оның еңбектерінің бастауыш мектепте оқытылу дәрежесі мен ғалымның педагоикалық және психологиялық көзқарастарын қарастырдық. Себебі мұндай жұмыс қазірше жоқтық қасы.

Диплом жұмысының мақсаты.

Бастауыш мектеп мұғалімдеріне педагог, ағартушы ғалым А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан қысқа да нұсқа мәлімет беру.

Диплом жұмысының мәндері.

Аталған мәліметті жеткізу үшін А. Байтұрсыновтың өмір тарихына, ғылыми әдістемелік еңбектеріне шолу жасап, оның педагогикалық және психологиялық көзқарастарын ашу.

Диплом жұмысының нәтижесін:

  • бастауыш мектеп мұғалімдері теориялық білімдерін жетілдіруде;
  • А. Байтұрсынов шығармаларын өту барысында;
  • А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған кештерде қосымша материал ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі лингвистикалық әдістен бөлек талдау, жинақтау, бақылау және салыстыру әдістерінен пайдаланылды.

Диплом жұмысының зерттеу обьектісі:

А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық қызметі, оны педагогикалық және психологиялық көзқарасы.

Диплом жұмысының құрылысы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І. тарау. А. Байтұрсынов туралы

І. 1. А. Байтұрсынов өмірі

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 январда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының ауылында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.

Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы. Байтұрсын Жомақов-арғын Үмбетай батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған:

Байтұрсын, Ақтос, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адам» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сайыса бермей, оларға тынышсыздау болады. Тіпті ауылдағы түгіл, уезд басындағы ел билеушілердің зорлық зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін ел адамдары «кәрі аяз» деп атап кеткен полковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрьде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ ауылына келіп, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады, сол сәтте ауылда болмақ шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады, әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атына аударып алып, басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады. Әрине, «Жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды, көп ұзамай бұл ауылға енді Ырғыз бен Торғайдан шақырылған жазалаушы отряд келіп, ауылды өттеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркетерді ұрып-соғып, Ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Ерғазыларды бірнеше ауыл адамдарымен қоса ұстап алып кетеді. Оларды Торғайдың әскери гаупвахтасына әкеліп жабады. Тұтқындарды Қазаннан келген Округтік әскери сот соттайды. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «итжеккенге» -Сібірге каторгіге келеді. Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы төрт айға тұтқында отыру жазасын алады. Бұл-1886жыл болатын, ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді.

Осыдан 23 жыл кейін өзі де ер жетіп, патша режиміне қарсы пікірлер білдіргені үшін, 1909 жылы Семей түрмесінде қамауда отырғапда, анасына жазған хатында былай дейді:

Қарағым, айналайын қамқор анам.

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сен онда, мен мұнда аман сақтай

Көруге жазған еді хақ тағалам.

Бара алмай өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген жаөығым жоқ.

Үкімет қылған зорлыққа бар ма шараң?

Оқ тиіп он үшімде ой түсірген.

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам

Алданып тамағыма оны ұмытсам

Болғандай жүрегімнің бәрі харам . . .

Бұл - өлеңмен жазылған хаттың бас жағынан алынған үзінді ғана. Осы үзіндіден отаршылдық пен әділетсіздікке, зорлық-зомбылыққа қарсы әкесі бастаған жолды өзінің де қалап алғанын танытады.

Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы, айдардан Аман қалған Ерғазы қамқорлығына алады. Ақтастың ұлы Аспандияр мен Байтұрсынның ұлы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Одан кейін Ахмет ауылдағы мұсылманша сауатты адамдардан үйреніп, хат таниды. Өзінің 1929 жылы жазылған өмірбаянында: «1882-1884 жылдары бірде үйде, ауыл адамдарымен, бірде жақын маңайдағы ауыл мектебінен оқып, сауатымды аштым» деп жазады. Училищені бес жыл оқып, 1886 жылы түсіп, 1891 жылы бітіреді. Оның Училищеге түсіп оқуын Байтұрсыновтың өмірін жазушылар «орайы келген сәтті іс болды» деп санайды. Ал бұл сәттілікке, орыстың мақалымен айтқанда, «сәтсіздік» себепкер болады. Оның мәнісі мынау: ол кезде қазақ балаларын шетке шығарып оқыта бермейтін, ал кедей-кепшіктер балалатын оқуға түсіре де алмайтын. Осындай бір кезде Ерғазы екі інісін де өзге оқу емес, тек орысша оқуға беруді мақсат етеді. Оған себепкер өзінің сот алдында орысша тіл білмегенін көрген зәбірі ойын, жауабын айтып жеткізе алмаған өкініш еді. Демек, Ахметтердің орысша оқыған «бақытына» себепкер Байтұрсын, Ақтас, Ерғазылардың «бақытсыздығы», яғни үкімет (орыс) сотының алуына жазықты ретінде жауапқа тартылуы болып шығады.

Ахмет училищені бітірген кезде әкесі мен ағасы айдуда ( олар елге 17 жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы қайтыс болған еді. Сондықтан Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін көп көреді. Мұны бұл өзінің жан шерін шерткен «Туысыма» деген өлеңінен білеміз (бұл өлеңде ақын туысым деп туған-туысқандарын емес, өзінің туылыын, дүниеге келуін айтады деп ұғамыз) .

Болармын неағып риза туысыма,

Туыппын таршылықтың уысында

Шамам жоқ жан-жағыма қол созарлық

Тар көрдің тығылғандай қуысына

Айта алмай, шын сөзіңді қорғалайсың,

Туғаның бүйтіп көрген құрысында

Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса.

Мал құрлы мағына жоқ тұрысыңда.

Бұл жолдарда Ахмет тек басынан кешірген жоқшылықты айтып, «жылап» шағынбайды, керісінше, сол жоқшылықты жеңіп өз басына ғана емес, өзгелерге де пайда кетірерлік жағдайға жетуді мақсат етіп қояды. Сол мақсатпен ол жаяу жалпылап, оқу іздеп Орынборға барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын мектепке «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, едәуір білім алған ол енді өзі қалаған пайдалы жұмысқа тұра алатын мүмкіндікке ие болып шығады. Ал бірақ өзі бала оқытуды, ағартушылық жолына қызмет етуді қалайды.

Ол 1895-1909 жылдарда Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. М. Әуезов жаөуына қарағанда, ол алғашқы кезде Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы Ахметкерей Қайшыбақовтардың ауылындағы ауылына мектепке барып, оқытушы болған. Мұнда біраз уақыт болған соң Қостанай уезінде Әушекөл деген жерде болыстық мектепте оқытушы болған, Әушекөлден ауысып барған мектебі Қостанай қаласының уездік екі сыныптық орыс-қазақ мекебі: Бұл жылдардың ішінде оның Омбыға барған сапары жайында да мәлімет бар. А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, белгілі бибшограф және этнограф, қазақ халқының тарихын, экономикасын, фольклорын, тілін зерттеуші А. Е. Аяктровпен танысады. М. Әуезовтың жазғанына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқына оқу-білім беру жөніндегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білгізеді, өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай түседі.

Көп ұзамай А. Байтұрсынов Омбыдан Қарқаралыға келіп, әуелі екі кластық орыс-қазақ мектебінде, кейін училищеде сабақ береді.

Қарқаралыда қызмет еткен жылдарында А. Байтұрсынов саясат ісіне белсене кіріседі, атап айтқанда мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа араласады, қазақтың елдігін сөйлей бастайды. Осындай әрекетттің бірі -1905 жылы бір топ қазақ оқығандары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару орнына петиция жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік теңдік берілуін, жер бөлісінде тұрғылықты халықтың мүдделі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді.

Самодержавиеге қарсы пікірлер білдіріп, іс-әрекеттер жүргізіп отыр деген айыппен ұсталып, 1907 жылы Қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады. 1909 жылы 1 июльде А. Байтұрсыновты Семей губернаторы Тройницкийдің жарлығымен тағы да тұтқынға алып, әуелі қарқаралы түрмесіне, кейін Семей түрмесіне қамайды. Губернатордың бұл жарлығына негіз болған жергілікті тыңдаушылардың (Тәттімбет Шыңғысовтың ) оның үстінен көрсеткен доносы (арызы) . Бұл доноста А. Байтұрсынов меңгеріп отырған училищеде бірде-бір орыс баласы жоқ (өйткені ұлтшыл А. Байтұрсынов оларды кіргізбей отыр) деген сияқтылар жазылады. Сондай-ақ долоста А. Байтұрсынов Мемлекеттік бірінші думаның мүшесі Әлихан Бөкейхановпен және басқа қазақ оқығандармен табысып, бірлесіп үкіметке қарсы іс-әрекет жүргізіп жүр деген де айтылады.

І. 2. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық қызметі.

А. Байтұрсынов жайында ізденіп материалдар жариялаушылардың жазғанына қарағанда 1909 жылы «Оренбургский край» атты газетте белгілі революционерлер Мақсұт Бекметов «Қазақ ақыны» атты мақала жариялап, онда А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ағартушылық қызметтеріне кеңінен тоқталып, оған тағылған бір айыптардың мүлде негізсіз екенін дәлелдейді де, заң орындарының оны қорғап шығуын талап етеді. Сотқа тартылатын қылмысы жоқ екенін, жел айдаған қаңбақтай патша үкіметі зорлығының құрбаны болып отырғанын түрмеден анасына жазған сәлем хатында өзі де айтады.

Мал ұрлап кісі өлтірген жазығым жоқ.

Өкімет өр зорлыққа не дүр шара

Қаламда лахул махбуз ұмытқан ба

Лаж жоқ жел айдаса ермесіңе .

Тайпалған талай жорға талай тұлпар.

Тағдырдың кез болып тұр кермесіңе

Солардан жаныл-тәніл ардақты емес

Орынсыз күйзелейін мен несіне.

Сол отырған Семей түрмесінде сегіз ай бойы ешбір жауапсыз тексерусіз отырады. Үкімет бұл айыптардың жала екенін еріксіз мойындап, оны ашық соттай алмайды да, 1910жылдың 21 февральінде екі жылға туған жері топырағынан кетуге ұйғарады, яғни административтік түрде де жер аударады. Сол кезеңдерде 9 марттакеліп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрады.

Әрине, Орынборда А. Байтұрсынов тағы қарап отырмайды. Туған халқына қызмет ету, отаршылдық саясатына қарсы күресу, оқу-білім тарату жолында нақтылы жұмыстар істеусияхты өзінің алдына қойған мақсатымен қазақ қоғамының рухани мәдени даму тарихында елеулі орын алған істерге кіріседі.

Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының М. Әуезовтың сөзімен айтқанда «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қалайды. Сөйтіп ол 1913 жылдардың басында 1917 жылдардың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді.

«Қазақ» газеті бес жылдай (1913-1913) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін едәуір көп тиражбен (8000 дана) шығып тұрған. Бұл газет ең алдымен қазақ халқының ұлт-азаттығы жіне мәдени әлеуметтік дамуы үшін күрескен. Сонымен қатар қазақ қоғамы мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Тұңғыш жарияланған нөмірінде өізінің көздейтін мақсаты мен ұстанатын бағыты жөнінде былай деп жазды:» «Бұл газеталық мақсаты жұрт пайдасына көз бөлу:қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету ; басқа жұрттардың халімен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсұттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру. Государственная дума һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып тұру, Қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету; адам және мал дәрігерлері жайынан жазу:

Қазақ тіл ілімінің іргетасын қалаушы, ғалым, Ы. Алтынсариннен кейінгі еңбегі айырықша ағартушы- педагог тамаша ақын талантты публицист туған халқының рухани дүниесіне бар күш жігерін жұмсаған қоғам қайраткері А. Байтұрсынов екені белгілі. ХІХғасырдың ІІ жартысында ұлы ағартушы ізгі жолды оның жерлесі, әрі ізбасары А. Байтұрсынов дамытып, жалғастырды. Өзінің алдында өмір сүрген Абай, Ыбырай, Шоқан сияхтыАхмет те қазақ халқының болашағы, елдігін сақтап қалуы білімге, оқу-ағарту ісіне байланысты деп санай отырып, Орынборда мұғалімдер даярлайтын «Учительская школаны» 1895 жылы бітірісімен, ағартушылық қызметін бастаған болатын. Ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болып есептеледі.

1895-1909 жылдар арасында А. Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдың, болыстық мектептерде бала оқитын, кейін екі кластық училищелерде ұстаз болажүріп, 1901жылдан бастап, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды. Ал Фольклор нұсқаларын зерттеуді А Байтұрсынов оқу-ағарту ісін дамытудғыа өзінің азаматтық міндеті деп санаған. Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіде оқулықтар жазуы да бай терминология дүниесін жасауы да ағартушылық мақсаты деуге болады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқыта жүріп, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденіп, әліппе, тіл құралын, әдебиет тамытқыш»атты кітаптарын жарыққа шығарды. Ол өлеңдерінде де, оқулықтарында да, білім ғылымнан кенже қалған өз халқын оқу-білімге шақырудан талмайды.

1920 жылдардың басында Абай ағартушылық және ғылыми жұмыспен де айналысады. Бұған қоса мемлекеттік басқару, ұйымдастыру істерін де жүргізе береді. Ол 1924-26 жылдары Орынбордағы қазақтың халық ағарту институтында, ал 1936-38 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді, лекция оқиыды. 1928 жылдың қыркүйек айында Алматыда қазақтың мемлекеттік университеті ашылғанда, оған сабақ беруге Мәскеудегі Ташкенттен шақырылған мамандардың бірі болып, А. Байтұрсынов та келіп, қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры жұмысқа орналасады. Сондай-ақ А Бакуде болғантюрколгтардың Бүкіл одақтық І-съезіне қойысып, бірнеше комиссияның жұмысынбасқаруы Қазақстан Оқу-ағарту комиссариатындағы жұмысы-осынау бәрі оның қоғамдық, мәдени ағартушылық ғылыми қызметінің алуан түрлі қомақтылығынаңғартады. Белгілі тюрколг, академик А. Н. Коноковтың А. Байтұрсыновты көрнекті тюрколыктардың қатарына еске алып, оның қазақ алфавитін жүйелеу, оқу құралдарын жасау, фонетикамен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен туралы зерттеулерінің маңызы жайлы жазуы да тектен-тек емес.

А. Байтұрсыновтың алғаш ағартушылықой-пікірлері 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ»газетінде жариаланған мақала-дакөріне бастады. 1913жылы«қазақ»газетінде А. Байтұрсыновтың «Оқу жайы» деген мақаласы жариаланады. Осы мақалада афтор оқу-білімінің қажеттілігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланйстырады «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал, сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3есе қымбат түрдесатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік деп» ашы ла мәлімдейді

Балаларға білім берудің алғашқы баспалдағы бастауыш мектеп. Сондықтан да А. Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмытылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте, үйрететін білімде сондай керек»-деп жазады ол. Бастауыш мектептің 5жылдық болуын, алғашқы 3жылын қазақша, 2жылын орысша оқыту керек деген ұсыныс білдіреді.

А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914жылы 62санында «мектеп деректері» деген мақала жариялап, онда ең әуелі мектепке керек білімді педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші оқыту ісіне керекті құралдар, қолайлы және сайлы болуы, құралсыз іс істелмейді, және құралдар қандай болса, істеген істе сондай болмақшы. Үшінші мектепке керек белгіленген программа (бағдарлама) . Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс- солпы. Я ортақ я кем шықпақшы деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақты белгілеп берді.

Олөзінің көпжылдық мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отырып, қазық мектептеріндегі ең мұқтаж мәселелердің бірі-оқулық жазу ісімен түбегейлі айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фанетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кірісті . Қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліпби» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» ЖАЗБАС БҰРЫН жазу графикасын жөндеп алудың қажеттілігін ескере отырып, А . Б. в. 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде араб таңбаларын жетілдіру(дыбыстық, әріп, дәйекші, жуан, жіңішке дыбыс, қағида т. б) туралыой-пікір қозғады.

. Ахметтің араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын алдымен қазақ жұртшылығы -әсіресе мұғалімдер қауымы жылы қабылдады. Себебі Бай. В . реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған еді. Өйткені, қазақ дыбыстарының табиғатын анықтау, ғылымға қазақтың жаңа «Әліпбиін» жасауға мүмкіндік берді. А. Б-ң 1912 жылдан бастап ұсынылған жаңа жазуы жаңа емле» - деп айтылды іс жүзінде қолданыла бастады. Баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша, 1915 ж-ң өзінде ғана емес осы емлені негізге алып 15-ке жуық кітап басылып шыққан. Ал Ахмет ұсынылған «жаңа емле» мектептерінде қолданыла бастаған болатын.

А. Байтұрсыновтың қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына бар күш-жігерін жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын. Қазақша оқытылатын пәндердіңтілі-қазақша болғанымен, жазуы яғни ресми қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтан әрбір мұғалім өзіне орыс, не араб жазуларын пайдаланып отырды. 1905 жылы 26 шілдеде А. Б . в бастаған қазақ зиялылары Ресей империялық минстрлер кеңесінің төрағасы ойына лекция жазады. Онда айтылған талаптардың бастылары « Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылып, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» . Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Б. в қазақша оқу құралы- тұңғыш әліппені «1912 жылы жазды.

1892 жылы қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген оқулық жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінде негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылды. А. Байтұрсынов 1926 ж «әліпбидің жаңа түрін осы күнгідей суреттермен безендіре отырып «Әліппе» кітабын жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері
Абайдың әдеби мұрасы
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Алашорда үкіметі және мемлекеттік тіл саясаты
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz