Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ3
I тарау. КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ8
1. 1Әлеуметтік саясат концепциясы8
1. 2 Кедейшілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде3
1. 3 Кедейшілікпен күрестегі әлеуметтік саясаттың әлемдік тәжірибесі. Чили, Германия, Швеция, Нидерланды, Қытай9
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ35
2. 1 Қазақстандағы кедейшіліктің әлеуметтік-мәдени ерекшелігі. Қазақстандағы кедейшіліктің құрылымы35
2. 2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты41
2. 3 Әлеуметтік саясаттың экономикалық басымдықтары54
2. 3. 1 Жұмысбастылық саясаты55
2. 3. 1 Салық саясаты61
ҚОРЫТЫНДЫ. 65
СІЛТЕМЕЛЕР:69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:72
КІРІСПЕ
Кедейшілік мәселесі адамзат тарихындағы қоғамның объективті құбылысы ретінде әрқашанда болған. Кедейшілік бұл қоғамдағы теңсіздіктің көрінісі, ал теңсіздіктің болуы табиғаттың заңдылығы. Бұл мағынадағы теңсіздік қоғамның белгілі бір топтарының үлесіне тиесілі қоғамдық байлықтың көлемі, қандай да бір ресурстардың шоғырлануы. Осы байлықтар мен ресурстардың белгілі бір топтардың қолында шоғырлануы қоғамды түрлі деңгейлі қабаттарға бөледі.
Жалпы алғанда кедейшілікпен күрес барлық мемлекеттерде, барлық замандарда жүргізілген. Қоғамда бай таптың үлесі артқан сайын кедейліктің өткірлігі тереңдей түседі, және онымен күрес те басымдыққа айналады. Бұны дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Кедейшілік проблемасын, және оны шешуге қатысты мәселелерді, ондағы мемлекеттің алатын орны туралы өз заманында бірталай ғалымдар қарастырған болатын. Солардың ішінде алғаш болып кедейлікті эмпирикалық жағынан зерттеген, және кедейшілік шегін анықтаған Дж. Бут пен Ч. Раунтри болдды. Сондай-ақ кедейлікті А. Смит, Т. Мальтус, Д. Рикардо сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтық шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әртүрлі аурулар, соғыс сияқты тиімді «көмекщілер» арқылы реттеліп отырады.
ХІХ ғасырдың француз ғалымы д`Оссонвиль пауперизм проблемаларын қарастыра келе, «мемлекет қайырымдылық жасаушы болуы керек» деп санаған, ол міндетті мемлекеттің қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін бөліп көрсетеді: ауру-сырқат, төтенше жағдай, кәрілік». Тұлғаның өмірлік сценарийінің өзгеруіне ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге қарсы бағытталған шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс болды. Ғалымның пікірі бойынша, мақсаттық бағдарламалар мен қаржыландыру қажет, және олар муниципалитеттер құрылымы арқылы жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік қайырымдылық мәні осында деп табылды.
Вильгельм Гумбольд - неміс философы, жазушы және мемлекет қайраткері мұқтаждарға көмек ісінде мемлекеттің рөлін либерализм позициясынан қарастырды. Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттің негізгі функциялары сыртқы шекараны қорғау, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету, тәртіпті қамтамасыз етуі болуы тиіс. В. Гумбольд мемлекеттің адамның жеке өміріне араласуына қарсы болды, ол мұнда адамдардың құқығы бұзылады деп көрсетті, ал екінші жағынан, осы арқылы мемлекет инициативаның жоқтығының, зиянкестіктің және қайыршылықтың орын алуына жол береді деп санады: «мемлекеттің көмегімен үнемі күтуден шығатын зиянды салдарын тәжірибе іс жүзінде көрсетуде, атап айтқанда: өзіндік әрекеттің жоқтығы, жалған мақтаныш, әрекетсіздік, қайыршылыққа дейін»
Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға береді. «Әлеуметтік статика» деген еңбегінде ол кедейлік пен теісіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді. Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл мәселені толық шешу мүмкін емес. Г. Спенсер кедейлікті қоғамдық құбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай, проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін еместігін өзінің методологиялық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде де бағалайды.
Э. Реклю «Байлық пен кедейлік» атты еңбегінде кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның тұжырымдауы бойынша, кедейлікті жеңудің шарты - ауыл шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бөлу
Гегель адамның кедейшілігінде оның қалыпты табиғи жағдайын көрді. Ол адамға көмектесе алатын қазіргі заманғы амалдар мен қаражаттарды көрмеді. Кедейшілікке арнайы салық түрі орнатылған Англияның салық жүйесін талдай келе, ол мынадай шешімге келді: «Адамдарда белгілі бір талап-қажеттіліктер болады, сонда еңбекқорлық маңыздылығынан айырылады, олар өз еңбегімен өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуге деген құрметті құқығынан айырылады, нәтижесінде толықтай арсыздық орын алады». Адамгершілік құндылықтарын жоғалту егер де Шіркеу мұқтаждарға көмектескен жағдайда да орын алады: «Кедейшіліктің өсуіне сондай-ақ монастырьлар да, жалқаулыққа орын беріп, септігін тигізеді, өйткені олар қажеттіліктерді еңбек етпей-ақ қанағаттандырады».
Г. Гегель қайырымдылық мекемелерінің дамуына қарсы болды, себебі олар имманентті қарама-қайшылықтар тән болып келетін қоғам дамуының диалектикасына қарсы тұрды, кедейшілік тұлға мен жалпы қоғам дамуының осындай диалектикалық шарттарының бірі болды. «Ең жақсы жол кедейлерді өз тағдырында қалдырып, олардың қайыршылық жағдайына көну. Қайырымдылық мекемелері не т. с. с. болған кезде адамдарда қорқыныш сезімі болмайды, олар не істегісі келсе соны істейді, қысылмай-ақ бастығына сөз айта бастайды; керісінше, кедейлік оларға ұяңдық ұялатады, және көпшілігі мұндай шараларға жүгінгеннен гөрі, өз бетімен көтерілуге ұмтылып, жұмыс істеуді қалайды».
Дюркгейм кедейшілік пен әлеуметтік қорғауға позитивті қарады, себебі олар аномияны ұстап тұрушы факторлар болды. Оның ойынша, әлеуметтік ынтымақтастықта кедейшілік, оның қызмет атқаруында шектеуші бөгет бола алмайды. Әлеуметтік ынтымақтастықпен тығыз байланыстағы әлеуметтік қанағаттылық әлеуметтік реформалаудың, қайта бөлу процедураларымен бұзылуы мүмкін, осыдан шыға келгенде кедейшілік те орын алады. Кедейшілік әрқашан адамдарды тәртіпте ұстауына итермелейді, ұжымдық тәртіпті қабылдауға дайындықты қалыптастырады, ол аномия мен әлеуметтік дезорганизациядан моральді кепілдік ретінде қызмет атқарады.
Қоғамның стратификациялануын зерттеген американ социологы Питирим Сорокин адамның қоғамдағы статусын анықтайтын төрт көрсеткішті атап көрсеткен, олар: табыс, білім, билік және престиж. Осы төрт көрсеткіш адамның бай қабатқа немесе салыстырмалы түрде кедей қабатқа жатқызуға негіз болды.
Қазіргі таңда қоғамды негізгі үш қабатқа бөліп қарастырады: бай тап, орта тап және төменгі кедей тап. Идеал тұрғысында қоғамның ромб тәріздес моделі тұрақты дамудың көрсеткіші болып табылады, яғни 10% бай қабат, 10% кедей қабат және қоғамның тұрақтылығының кепілдігі - орта тап - 80%. Бұл модель негізінен дамыған елдердің қоғамына тән. Ал өтпелі экономикалы елдерге үшбұрыш тәріздес модель сәйкес келеді. Яғни үшбұрыштың басында бай қабаттың аз үлесі, одан кейін біраз ғана орта тап, және қоғамның негізгі қабатын құрайтын төменгі тап. Мұндай құрылысты қоғамдарда тұрақтылықты сақтаушы орта таптың үлесі мардымсыз, керісінше өзінің жағдайына көңілі толмайтын төменгі таптың үлесі басым болып келеді.
Біздің еліміз 90 жылдары нарықтық шаруашылыққа өту кезінде дәл осы қоғамның үшбұрышты моделіне айналды. Бұған негізгі себеп экономикадағы шаруашылық қатынастардың үзілуі, осының салдарынан кәсіпорындардың жабылып қалуы, халықтың жұмыссыз қалуы немесе қысқаруға ұшырауы орын алды. Халықтың жұмыссыз қалып, негізгі табыс көзінен айырылуы кедейшіліктің кең етек алуына негіз болды. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің көлемі де бұл кезде кедейшіліктің алдын-ала алмады. Бұл кезде әлі де бұрынғы Кеңес заманының әлеуметтік қамсыздандыру принципіне негізделген әлеуметтік саясат қызмет атқарып жатқан еді, бюджеттің тапшылығына байланысты ендігі жерде ол да трансформацияға ұшырады. Әлеуметтік төлемдер бюджетке түсетін салық есебінен төленеді, ал бұл жылдары халық атаулы табыстардың жоқтығынан бюджетке де қаржы түспеді. Елдегі жағдай дағдарыста болды. Осы кездегі мемлекеттің алдында тұрған басты міндет қаржы көзін табу болды. Осылайша, шетелдерден инвестиция тартыла бастады, шетел инвесторларын қызықтырған Қазақстанның мұнай-газ секторы болды. Кеңес Одағында Қазақстан тек шикізат өндіретін мемлекет болатын, елде өңдеуші кәсіпорындардың жоқтығы шикізатты экспорттауға себеп болды. Осы бастамалармен Қазақстан біртіндеп нарықтық реформаларды жүзеге асыра бастады.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның экономикасы 1998 жылға дейін дағдарыс жағдайында болды, 1998 жылдан бастап елдің экономикасы қарқынды дами бастады, ЖІӨ-нің көлемі жылдан жылға өсе бастады. Алайда, халықтың көпшілігі кедейшілік жағдайына ұшырады. Бұрын Кеңес Одағында орта таптың негізін құраған халық, жаңа заманда төменгі таптың өкілдеріне айналды. Бұл мәселені отандық та, ресейлік те ғалымдар өз зерттеулерінде атап өтуде - З. Ж. Жаназарова, М. В. Фирсов сияқты ғалымдар. Бұл жылдары халықтың кедейленуі жаппай құбылысқа айналды. Мемлекет экономикалық жағдайын түзеп алғаннан кейін, ЖІӨ-нің түсімі тұрақтанғаннан кейін елдегі кедейшілікпен күресті қолға ала бастады.
Әлеуметтік мемлекетті құруды көздеп отырған Қазақстан өзінің әлеуметтік сферасын реформалауда: бұрынғы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі әлеуметтік қорғау жүйесімен алмастырылды. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізін құрайтын әлеуметтік қорғау жүйесі халықты негізгі қауіп-қатерлерден қорғауға кепілдік береді: кәрілік, мүгедектілік, асыраушысынан айырылған жағдайда. Осындай негізгі қауіп-қатерлерден мемлекет қорғауға кепілдік бере тұрып, әрбір азаматтың өзінің мүмкіншіліктерін іске асыруына, өзінің иннициатива танытуына, өзінің жеке басының қабілеттерін пайдалана отырып, жетістіктерге жетуіне ықпал жасайды. Еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері келесідей:
- табиғи және техногенді апаттар, ауру, ашаршылық, түрлі қауіп-қатерлерді зардаптарына мемлекеттік кепілдік беру;
- әлеуметтік ауыртпалықты азайтатын, белгілі бір өмір сүру деңгейіне және оның сапасын өзгертуге жұмсалынатын материалды қаражаттарды қайта бөлу және оларды ұйымдастыру;
- өмір сүру деңгейін реттеу (салықтық құралдар, қайырымдылық шараларын кеңейту, кәсіпкерлікті қолдау) .
Еліміз қазіргі таңда әлеуметтік мемлекет құру жолында. Әлеуметтік мемлект дегеніміз - бұл нарықтық қатынастарға негізделген қоғам, бірақ халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін күш жұмылдыратын мемлекет. Осы бағытта бірнеше стратегиялық бағдарламалар қабылдануда, солардың ішіндегі ең бастысы «Қазақстан-2030 даму бағдарламасы» болып табылады, сондай-ақ «Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясы», «2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту концепциясы», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» және т. б. Бұл стратегиялардың іске асуы Елбасының жыл сайынғы халқына Жолдауында үндестік табуда. Биылғы жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауында Елбасының алға қойған басымдықтары осының дәлелі бола алады.
Жоғарыда келтірілген фактілердің Қазақстанның дамуындағы маңызды аспектілер болғандықтан, еліміз реформалар барысынан қалай өтті, кедейшілікпен күресте қандай шаралар жүргізіліп жатыр, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай құрылған және қалай қызмет атқарып жатыр деген мәселелрдің өзектілігі бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
Мақсаты - нарықтық шаруашылыққа өту салдарынан туындаған кедейшілікпен күрестегі мемлекеттің әлеуметтік саясатын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Қазақстандағы кедейшіліктің құрылымын, оның ерекшеліктерін көрсету және кедейшіліктің негізгі себептерін анықтау;
- Қазақстанның әлеуметтік саясатының моделін талдау, нарық жағдайындағы оның өзгерістерін қарастыру;
- Кедейшілікпен күрестегі әлемдік тәжірибені талдау.
Бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес, зерттеу объектісі мемлекеттің әлеуметтік саясаты, әлеуметтік қорғау жүйесі, халықтың кедейшілігі.
Бітіру жұмысының пәні : мемлекеттің әлеуметтік саясатының кедейшілікпен күрестегі іс-әрекеті.
Бітіру жұмысының құрылымы келесідей: Кіріспе, Негізгі бөлім, Қорытынды, Сілтемелер және Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Біріншісі зерттеу жұмысының теориялық негіздемесі болып табылады. Онда әлеуметтік саясат концепциясы қарастырылып, кедейшіліктің мәні және кедейшілік құбылысын зерттеген ғалымдардың еңбектері келтіріледі, сондай-ақ кедейшілікпен күрестегі Чили, Қытай, Швеция, Германия, Нидерланды сияқты елдердің тәжірибелері қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері мен құрылымы қарастырылып. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, және оның экономикалық басымдықтары ашып көрсетіледі.
І ТАРАУ. КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Әлеуметтік саясат концепциясы
Қандай да болсын мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыты әлеуметтік саясат болып табылады. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты қоғам өміріндегі теңдіктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу, елінің азаматтарын кем дегенде әлеуметтік минимуммен қамтамасыз ету, яғни азаматтардың қалыпты өмір сүру дәрежесін қамтамасыз ету.
Француз ғалымы д`Оссонвиль «Мұқтаждық, ақау және қайырымдылық» (1889) атты еңбегінде пауперизм проблемаларын қарастыра келе, міндетті мемлекеттің қолдауы қажет етілетін жағдайлардың үш негізгі типін бөліп көрсеткен: ауру-сырқат, төтенше жағдай, кәрілік. Тұлғаның өмірлік сценарийінің өзгеруіне ықпал ететін осы объективті факторлар пауперизмге қарсы бағытталған шараларды жасау кезінде мемлекетпен ескерілуі тиіс деп көрсетті [1] .
Адамзат тарихында әлеуметтік саясат ел басқарушыларымен әрқашан жүргізіліп отырған. Мысалға, Ежелгі Грецияның классикалық кезеңінде Перикл бірқатар әлеуметтік шаралар жүргізген: кедей-қайыршылардың санын азайту үшін барлық азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеген - жас әрі қуатты адамдарға әскери жорықтар қоғамдық сомадан табыс табу көзі болса, қаланы бекіту бойынша, безендіру бойынша жұмыстар түрлі кәсіп өкілдерін, әртүрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан азаматтарды жұмыспен қамтамасыз еткен [2] . Әлеуметтік саясатты жүргізудегі мемлекеттердің басты басымдығы азаматтарын әлеуметтік қорғау болған, және олар түрлі деңгейлерде, түрлі формаларда жүргізіліп отырған.
Әлеуметтік саясаттың ғылыми тұрғыдан негізделуіне алғашқы қадамдар ХІХ ғ. соңында Германияда жасалынған болатын, мұнда Бисмарктың (1815-1898) басшылық етуімен әлеуметтік заңнама қабылданған болатын, оның негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың классикалық белгілері пайда болып қалыптасты. Мүгедектілік пен қартаю бойынша сақтандыруға қатысты О. Бисмаркпен енгізілген заңдар кедейшілік пен қайыршылықтың таралуына қарсы бағытталған заңнамалық шаралардың маңызды кезеңі болды. 1883ж. жұмысшылар үшін ауру-сырқат бойынша міндетті сақтандыру енгізіледі, 1884 ж. төтенше жағдайлар бойынша сақтандыру, ал 1889 ж. өнеркәсіп жұмысшылары үшін мүгедектілік бойынша сақтандыру енгізілді. Аталған заңдар ауру-сырқат, мүгедектілік, қартаю жағдайларында жұмысшыларды қолдауға бағытталған шаралар болды және кәсіпкерлерге жүктелді. Дәл осы кезде зейнетақылық қамсыздандыру алғаш рет заңнамалық тұрғыдан қарастырылады [3, 4] .
Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың мазмұнына байланысты кейбір қоғам танушылар қоғамдық өмірді ұйымдастырудың үш негізгі концепциясын бөліп көрсетеді: «түңгі күзетші» мемлекеті, «жаппай әл-ауқаттылық» мемлекеті, және уақыт талабына төтеп бере алмаған «коммунисттік» мемлекет.
«Түңгі күзетші» мемлекетінің концепциясы консерватизм мен либерализмнің синтезі болып табылады.
Жаңа либеральді-консервативті ағымның негізгі құндылықтары - қоғамдық құрылыстың негізі ретіндегі жеке меншік және еркін нарық. Неоконсерваторлардың пікірінше, мемлекет экономикалық сфераға араласпауы керек және әлеуметтік сферада өз қатысын шектеуі қажет, яғни әлеуметтік шектеулер саясатын жүргізуі қажет. Сондықтан да бұл концепция «түнгі күзетші» мемлекет атына ие болды.
ХХ ғ. бойында К. Маркс жазған классикалық капитализм түпкілікті метамарфозадан өтіп, «адамдық» кейіпке өтті. Осылайша, «жаппай әл-ауқаттылық» мемлекетінің теориясы да пайда болды, оның атасы болып Дж. Гелбрейт саналады. Мұнда мемлекет қоғамның барлық қабатының мүддесін қорғайтын тапүстілік күш ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жекелеген теорияларда «аралас экономиканың» концепциясы дамып бекітілді, оның негізі әлеуметтік бағытталған экономиканың түрлі варианттары болып табылады.
«Жаппай әл-ауқаттылық» мемлекетінің шеңберінде әлеуметтік іс-әрекеттер өз алдына үш мақсат қояды:
- қайта бөлу жүйесі арқылы кедейшілікпен күрес, яғни жоқшылықпен күрес (кірістің, қамқорлықтың, тәрбиенің, жұмыстың, баспананың жетіспеушілігі) .
- нарықтық экономиканың кері салдарын әлеуметтік қызмет көрсету арқылы бәсеңдету.
- адам мүддесі үшін әлеуметтік реттеуді қамтамасыз ету.
Француз зерттеушісі Франсуа Ксавиер Меррьен бойынша, «жаппай әл-ауқаттылық» мемлекетінің қазіргі заманғы концепциясы, үш ұлттық-тарихи концепциялардың нәтижесі болып табылады:
- «Жаппай әл-ауқаттылық» мемлекетінің француздық концепциясына сәйкес, дәстүрлі қауымдастықтар (отобасы, кәсіби бірлестіктер, т. б. ) әлеуметтік қорғаудың барлық функцияларын өз беттерімен орындай алмайды: өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындарды мемлекет өз қамқорлығына алуы керек. Мұнда игілік әр азаматтың өзінің игілігі үшін индивидуалды жауапкершілігін мойындаудан гөрі, ұжымдық жауапкершілік түсінігіне негізделеді.
- «Әлеуметтік мемлекеттің» немістік түсінігі франциялықтан біршама ерекшеленеді: әл-ауқаттылықты тек билік етуші таптарға ғана қамтамасыз етпеу. Канцлер Бисмарк жұмысшылардың жағдайын жақсарта отырып, таптық күреспен құлдырап отырған елінде әлеуметтік бейбітшілікке жетуге ұмтылды.
- «Жаппай әл-ауқаттылық» мемлекетінің англосаксондық түсінігі (welfare state) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Ол әлеуметтік мемлекетті бүкіл тұрғындарға таратады, негізгі идея барлық азаматтар лайықты өмір деңгейіне жетуі тиіс [5] .
Өркениеттердің даму барысы көрсетіп отырғандай, халықтың әл-ауқаттылығына едәуір ықпал ететін жайт әлеуметтік саясаттың моделі мен қолданылатын шаруашылық жүргізудің механизмі, яғни қоғамдық өнімді тарату мен өндірісті ұйымдастырудың өзара байланысқан экономикалық құбылыстардың, нормалардың, ережелердің макродеңгейлік жүйесі.
Бірталай елдердің ұстанатын бағыты экономиканың әлеуметтік моделі, мұндай елдерді тағы әлеуметтік бағытталған мемлекеттер деп те атайды. Әлеуметтік нарықтық экономиканың теориялық негіздері соғысқа дейінгі кезеңнің өзінде ордолиберализм ғылыми бағытының шеңберінде қалыптаса бастаған (Ойкен В., Бем Т. және т. б. ) . Бұл теорияның орталық ұғымы - «тәртіп», Х. Ламперт бойынша, бұл халық шаруашылығының элементтерінің арасындағы қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың жиынтығы.
Экономиканың әлеуметтік бағыттылығы шаруашылық жүргізудің нарықтық принциптеріне сүйенетін, оның тиімді жүргізілуінде ғана жүзеге аса алады. Әлеуметтік нарықтық экономика, оны жасап шығарушы теоретиктердің пікірінше, мемлекет пен нарықтық институттардың белсенді ат салысуымен нарықтық тиімділік пен әлеуметтік теңдіктің арасындағы балансты қамтамасыз етуге бағытталған. Қандай да болсын экономикалық жүйе әлеуметтік бағытталған болуы үшін, ол келесідей сипаттамаларға ие болуы тиіс: экономикалық сферадағы жеке бас еркіндігі, әлеуметтік теңдік (әсіресе, экономикалық процестен тыс қалған адамдарды қолдау), антициклдық саясат (тұрақтылық), әлеуметтік серіктестік.
Әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың түрлі модельдерін бөліп көрсетеді. Солардың ішіндегі ең танымалдары германиялық (классикалық), скандинавиялық (кейде оны шведтік социализм деп те атайды) және англосаксондық модельдер. Германиялық модель бюджет арқылы таратылатын ЖІӨ-нің жоғары деңгейімен (50% жуық) сипатталады (ФГР, Франция, Австрия) . Әлеуметтік шығындардың елеулі бөлігі, негізінен жұмыс берушімен төленетін сақтандыру жарналары есебінен де қаржыландырылады.
Скандинавиялық модельдің әлеуметтік бағыттылығы бұдан да жоғары, мұнда бюджет жүйесі арқылы ЖІӨ-нің 50% астамы таратылады (Швеция, Норвегия, Финляндия және т. б. елдер) . Әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы негізгі рөлді салықтар атқарады, бұл модель әлемдегі салық салудың ең жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл елдердегі әлеуметтік даму экономикалық іс-әрекеттің мақсаты ретінде қарастырылады. Дания, Бельгия және Нидерланды қайта тарату процестерінің көлемі бойынша скандинавиялық модельді елдердің қатарына еніп кетеді.
Ұлыбритания, Ирландия, Канадада (англосаксондық модель) әлеуметтік саясат басты басымдық ретінде қарастырылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы негізгі ауыртпалықты мемлекет өзіне алады, бұл салық салудың жоғары деңгейін білдіреді, өйткені бюджет арқылы ЖІӨ-нің 40% астамы таратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz