Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту
үрдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ..6
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 . 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4.1. Мемлекеттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру ... ... ... ...8
4.2.1. Фискалдық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту ... ... ... ... ... ... ...10
4.2.3. Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи
монополиялардың қызметін тиімді реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4.2.4. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4.2.5. Мемлекеттік меншікті тиімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
4.3. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру
және адами капиталды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4.3.1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4.3.2. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту ... ... 19
4.3.3. Ғылымды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
4.3.4. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету ... ... ... ... ..24
4.3.5. Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші.қон ... ... ... ..27
4.3.6. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту ... ... ... ... ... ... ... ..30
4.3.7. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мәдениет саласын дамыту ... .31
4.3.8. Туризм мен спортты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
4.4. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
4.4.1. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
4.4.2. Қылмыстық.атқару жүйесін одан әрі дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
4.4.3. Сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шараларды іске асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
4.5. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
4.5.1. Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын іске асыру ... ... ... ... ... 40
4.5.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
4.5.3. Жер қатынастары, геодезия және картография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
4.5.4. Минералдық шикізат кешенін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
4.5.5. Тұрғын үй құрылысының әлеуметтік бағдарланған саясатын
іске асыру және тұрғын үй.коммунальдық шаруашылығын дамыту ... ... ... ... ..51
4.6. Техникалық реттеудің жаңа моделіне көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
4.7. Инфрақұрылымды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
4.7.1. Көлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
4.7.2. Электр энергетикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
4.7.3. Телекоммуникация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
4.8. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
аумақтық даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
4.9. Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға
табысты кірігуін қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
4.10. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
4.10.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту: мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, тиімділігін арттыру және оның қызметті үйлестіруді
қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
4.10.2. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
4.10.3. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
5. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... .68
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін негізгі әлеуметтік.экономикалық нәтижелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған қызметі ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іс жүзінде іске асыруға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламасының басым бағыттары ел Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы) және 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауларының, Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының негізінде қалыптастырылды.

2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту үрдістерін талдау
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
2006 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда неғұрлым жедел қарқынмен дамыды.
2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7 %-ті құрады.
2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім болжамды мәннен 2,1 проценттік пунктке артып, 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 110,6 %-ті құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл
2005 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-ні
2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан кешіктірмей орындалатын болады.
Өнеркәсіптік өндірісі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ті, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3 %-ті, тау-кен өнеркәсібінде –
7 %-ті құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ті құрады. Көлік қызметтері 5 %-ке, байланыс қызметтері 20,4 %-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6 %-ке ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ке, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3 %-ке, импорт 36,4 %-ке өсті.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана, 2007 жыл
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту
үрдістерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ..6
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
4.1. Мемлекеттік
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін
арттыру ... ... ... ...8
4.2.1. Фискалдық
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 8
4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын
дамыту ... ... ... ... ... ... ...10
4.2.3. Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи
монополиялардың қызметін тиімді
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4.2.4. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .14
4.2.5. Мемлекеттік меншікті тиімді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
4.3. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру
және адами капиталды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 16
4.3.1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... .16
4.3.2. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін
дамыту ... ... 19
4.3.3. Ғылымды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22
4.3.4. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз
ету ... ... ... ... ..24
4.3.5. Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші-қон
... ... ... ..27
4.3.6. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . .30
4.3.7. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мәдениет саласын
дамыту ... .31
4.3.8. Туризм мен спортты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 33
4.4. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін
нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
4.4.1. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
4.4.2. Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..37
4.4.3. Сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың алдын алуға және
оларды жоюға бағытталған шараларды іске
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..39
4.5. Экономиканы жаңғырту және
әртараптандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
4.5.1. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыру ... ... ... ... ... 40
4.5.2. Агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
4.5.3. Жер қатынастары, геодезия және картография
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
4.5.4. Минералдық шикізат кешенін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
4.5.5. Тұрғын үй құрылысының әлеуметтік бағдарланған саясатын
іске асыру және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығын
дамыту ... ... ... ... ..51
4.6. Техникалық реттеудің жаңа моделіне
көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
4.7. Инфрақұрылымды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..56
4.7.1.
Көлік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
4.7.2. Электр
энергетикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...58
4.7.3.
Телекоммуникация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..60
4.8. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
аумақтық
даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .61
4.9. Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға
табысты кірігуін қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 63
4.10. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты

қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
4.10.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту: мемлекеттік аппараттың
кәсібилігін, тиімділігін арттыру және оның қызметті үйлестіруді
қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 4
4.10.2. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
4.10.3. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
5. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... .68
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін негізгі әлеуметтік-экономикалық
нәтижелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

1. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған
қызметі ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына
Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іс
жүзінде іске асыруға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламасының басым бағыттары ел
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы) және 2007 жылғы 28 ақпандағы
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауларының,
Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу
тұжырымдамасының негізінде қалыптастырылды.

2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту үрдістерін
талдау
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың
тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін
арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
2006 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде
жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда
неғұрлым жедел қарқынмен дамыды.
2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7 %-ті құрады.
2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім
болжамды мәннен 2,1 проценттік пунктке артып, 2005 жылдың деңгейіне
қарағанда 110,6 %-ті құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері
2006 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл
2005 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық
дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-ні
2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан
кешіктірмей орындалатын болады.
Өнеркәсіптік өндірісі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 7%-ті, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3 %-ті, тау-кен өнеркәсібінде

7 %-ті құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы
өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ті құрады. Көлік қызметтері 5 %-ке, байланыс
қызметтері 20,4 %-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ке ұлғайды. Негізгі
капиталға инвестициялардың көлемі 10,6 %-ке ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ке, оның ішінде экспорттың көлемі
37,3 %-ке, импорт 36,4 %-ке өсті.
Еңбек нарығында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және жалақы
деңгейін одан әрі арттыру байқалды. Жұмыссыздардың саны 2,4 %-ке азайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 0,3 проценттік пунктке азайды
және 7,8 %-ті құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері 10,7 %-ке өсті.
Орташа айлық жалақы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша
2006 жылы 40775 теңгеге жетті және нақты мәнде 10,2 %-ке ұлғайды.
Қаржы нарығы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының
бірі болып табылды. Ел экономикасына тартылған кредиттердің көлемі 2006
жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7 %-ке ұлғайды және 4,7 трлн. теңгені
құрады. Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің жалпы
көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4 %-ке – 3,1 трлн. теңгеге
дейін ұлғайды.
2006 жылы инфляциялық әлеуеттің ұлғаюын болдырмау және экономиканың
қызып кету қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде
шаралар қабылданды. Есепті кезеңде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі
рет: 2006 жылғы 1 сәуірден бастап –
8,0 %-тен 8,5 %-ке дейін, 1 шілдеден бастап 9,0 %-ке дейін арттырылды.
Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3,5 %-
тен
4,5 %-ке дейін кезең-кезеңімен ұлғайды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша
кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24 %-тен 2006 жылдың аяғында 4,76 %-ке
дейін өсті.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі
2005 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен 1 проценттік пунктке
(7,6 %) және 2006 жылға жоспарланған шаманың жоғары шегінен 6,9 – 8,5 %
дәлізінен 0,1 проценттік пункт артып, айтарлықтай жоғары деңгейде – 8,6 %
болып қалыптасты.
Теңгенің АҚШ долларына орташа өлшемді биржалық айырбас бағамы бір
жылда номиналды мәнде 5,06 %-ке нығайып, 2006 жылы орта есеппен 1 АҚШ
долларына 126 теңгені құрады.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен
кіріктіруді қамтамасыз ету, елдің экономикасына инвестициялар тарту
мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін
реттейтін Агенттік құрылды.
Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 74,5 %-ке ұлғайып, 2006
жылғы 31 желтоқсанда 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта
резервтерінің көлемі оларды есепке алғанда 33 млрд-тан астам АҚШ долларына
жетті.
Зейнетақы жинақтарының көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 40,3
%-ке ұлғайды және 909,7 млрд. теңгені құрады.
2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер түсімінің
жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды. Мемлекеттік бюджетке түсетін
түсімдер жоспардан 6,5 %-ке артып, 2,54 трлн. теңгені құрады, шығыстар 2,39
трлн. теңге сомасына немесе жоспардың 98,6 %-іне жүргізілді. Жоспарланған
136,4 млрд. теңге тапшылық кезінде іс жүзінде 81,6 млрд. теңге сомасында
профицит қалыптасты.
Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасының перспективаға серпінді және
қарышты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін оң алғышарттар байқалды.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мақсаты
Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты
даму принциптерінің негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып
табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін
және оның азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым бағыттары
белгіленген.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым бағыттары

4.1. Мемлекеттік жоспарлау
Мақсаты
Мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға
бағдарланған тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдаудағы дербестігін және
олардың түпкілікті нәтижелерге (мақсатты индикаторлар) қол жеткізуге
жауапкершілігін арттыруға бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге
және ұстауға жаңа тәсілдерді көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесін
әзірлеу және енгізу.
2. Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру: мемлекеттік мақсаттар
– мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер –
іс-шаралар – ресурстар – бюджет.
3. Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын
пайдалануының ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету.
4. Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің
мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін
жетілдіру.
Шешу жолдары
Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне
және экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу стратегиясын әзірлейді және
Бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрады.
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі
әзірленетін және енгізілетін болады.
Бұл әрбір мемлекеттік органның өзінің дамуының стратегиялық жоспарын
(5 жылға арналған) және оның негізінде мемлекеттік органдардың мақсатты
бағдарламаларын, операциялық (жылдық) жоспарларын әзірлеуін көздейді.
Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары арасында нысаналы
индикаторларды белгілей отырып, үш жылдық кезеңге арналған меморандум
жасалатын болады. Жыл сайын мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер
жарияланатын болады. Өңірлерде осыған ұқсас жүйе енгізілетін болады.
Мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу кезең-кезеңмен жүзеге
асырылатын болады. 2007 – 2008 жылдары олар екі-үш пилоттық мемлекеттік
органдарда және екі пилоттық өңірде енгізілетін болады. 2009 жылдан бастап
барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа
жүйесіне көшуі жоспарланып отыр.
Жоспарлаудың жаңа жүйесін іс жүзінде іске асыру үшін тиісті
нормативтік құқықтық база жасалатын болады.
Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналар жүзеге
асырылатын болады:
мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне
жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске
асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық
жоспарлау жүйесіне көшу;
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің
бюджеттік бағдарламалармен, ал жоспарлардың міндеттерін шешуге бағытталған
іс-шаралардың бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларымен,
мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін
бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен
байланысуы;
мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары
туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және
мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен
байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға
енгізу;
мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде,
мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың
дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;
мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар
жүйесін әзірлеуі;
мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге
қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу.
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенге дейін қолданыстағы
бағдарламалық құжаттарды біріктіру, қысқарту және жекелеген міндеттерді
шешуді мемлекеттік органдардың деңгейіне беру жолымен оларды оңтайландыру
жүргізілетін болады.
Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын
пайдалануының ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету
үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
мемлекеттік органдар қызметін және олар іске асыратын бағдарламаларды
үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер) мен халықтың мемлекеттік
қызметтер көрсетудің сапасы туралы пікірлерін ескере, осы бағалау
нәтижелерін міндетті түрде жариялай және мемлекеттік органдардың алдағы
жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар әзірлей отырып, түпкілікті нәтижелерге қол
жеткізу мәніне бағалау институтын енгізу;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне, олардың ашықтығына
және бақылануына уақтылы қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;
мемлекеттік жоспарлау және оны іске асыру сатысында еңбек өнімділігін
арттыру үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару рәсімдерін
ықпалдастыру мақсатында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және
жаңғырту.
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің
мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін
жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық
(жылдық) жоспарларын, олардың нысаналы бағдарламаларын орындау процесінде
нысаналы индикаторлар жетістіктеріне статистикалық қадағалауларға
негізделген мемлекеттік статистикалық есептілік енгізілетін болады.
Нәтижелері
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу.

4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру

4.2.1. Фискалдық саясат
Мақсаты
Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру,
әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-
бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Міндеттері
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық
тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу
және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді
оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын
жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік
белсенділігінің өсуін ынталандыру.
3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың
негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.
Шешу жолдары
Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және
орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын
мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған
қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты,
мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды
мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан
қарыз алу үлесін азайту жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.
Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік
тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру
мақсатында мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың
кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал
топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша
салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар
дайындау;
кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;
салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың
ашықтығын арттыру;
2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және
орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар
алудың хабарлау жүйесін енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын
тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен
міндеттерін ықпалдастыру;
бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың
тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау
бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.
Нәтижелері
Салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет шығыстарының тиімділігін
арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін толық орындау.

4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту
Мақсаты
Ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы
мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Міндеттері
1. Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру.
2. Қазақстанның қаржы секторын нығайту, оның орнықтылығын және
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындар мен халықтың қаржы секторының
қызметтерімен қамтылуын кеңейту, оның жекелеген сегменттерін одан әрі
дамыту.
3. Қазақстан Республикасының ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде
қаржы ағындарын тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы
орталығы ретінде қалыптасуы.
Шешу жолдары
Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің бірлескен іс-қимылдарымен
жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк өзінің негізгі мақсатын орындауға
бағытталған мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізетін болады. Атап
айтқанда, бұл ақша-кредит саясатының құралдары мен операциялық негізін одан
әрі жетілдіруді, банк жүйесінің шамадан тыс өтімділігі проблемасының
өткірлігі сақталған жағдайда ақша-кредит саясатын қатайтуды болжайды.
Үкімет, өз кезегінде, Ұлттық Банк қызметінің негізгі мақсатын
орындауға, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша жәрдем көрсететін болады:
көбінесе өндірістің тиімділігін арттыру және еңбек өнімділігін өсіру
есебінен экономиканың өсуін ынталандыру;
өлшемдері ақша-кредит саясатымен келісілетін біркелкі қатаң фискалдық
саясат жүргізу;
шикізат ресурстарына жоғары баға кезеңінде Ұлттық қорда қаражатты
жинақтау саясатын жүргізу;
орта мерзімді тарифтік жоспарлар шеңберінде табиғи монополиялар
субъектілерінің тауарлары мен қызметтер көрсетуіне бағаны реттеу;
үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тауарлары мен
қызметтер көрсетуіне баға белгілеуді бақылау;
баға жөнінде сөз байласу фактілерін, теріс пиғылды бәсекелестікті
анықтау және жолын кесу;
бәсекелі ортаны, бәсекелі ішкі нарықтарды дамыту үшін жағдай жасау;
биржалық сауданың қалыптасуы және оны дамыту;
сауда инфрақұрылымын дамыту;
ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Нақты макроэкономикалық бағдарлар, оның ішінде ақша-кредит саясатының
бағдарлары, сондай-ақ тараптардың оларға қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-
қимылдары Үкімет пен Ұлттық Банктің жыл сайынғы бірлескен мәлімдемелерінде
айқындалатын болады.
Экономиканы ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қаржы
секторын дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыруды ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ мыналарға:
қаржы институттарының орнықтылығы мен тұрақтылығын, қаржы секторы
қызметтерінің сапасын және оларға қол жетімділікті арттыруға;
қаржы қызметтері нарығында бәсекені арттыру мақсатында қаржы секторын
реттеу стандарттарын жақсартуға, оны одан әрі ырықтандыруға;
Ұлттық Банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі және Үкімет арасында қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша
меморандум жасасуға;
Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың перспективалық
секторларына нарықтық ақталған қолдау көрсету үшін жағдай жасауға және
өңірлік экономикалық жобаларда, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік
әріптестік шеңберінде банктік қатысуды күшейтуге;
Қазақстанның жиынтық сыртқы борышының оңтайлы мөлшерін ұстап тұру
қажеттілігін ескере отырып, cыртқы қарыз алуды шектеу жөнінде қолданылатын
шаралардың тиімділігі туралы мәселені қарауға;
тиімді жұмыс істейтін қаржы нарығын құруға және халықты өздерінің
жинақтарын бағалы қағаздарға белсенді түрде инвестициялауға тартуға;
электрондық банктік қызметтердің инфрақұрылымын кеңейтуге байланысты
болады.
Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру коммуникация құралдарын
пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде
негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы қаржы секторының жекелеген
сегменттерінің көшбасылық өңірлік ұстанымдарға қол жеткізуі есебінен
мыналар:
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және оның тиімді жұмыс
істеуі;
ТМД мен Орталық Азиядағы неғұрлым өтімді және қол жетімді нарық
ретінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту;
валюталардың негізгі түрлері бойынша Қазақстанда неғұрлым өтімді
валюта нарығының қалыптасуы;
қазақстандық қаржы институттарының (банктердің, зейнетақы қорларының,
сақтандыру компанияларының және басқа да қаржы институттарының) ТМД мен
Орталық Азия өңірінің қаржы ресурстарына қажеттілігін, сондай-ақ
қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялары мен мүдделерін қолдауды,
өңірлік нарықтарға жылжытуды қамтамасыз етуге қабілетті ірі өңірлік қаржы
ұйымдары ретінде дамуы;
Қазақстанның қаржы секторының мынадай көрсеткіштер: тұрақтылық,
орнықтылық, айқындылық, сондай-ақ қаржы өнімдерінің деңгейі, сапасы мен
әртүрлілігі бойынша ТМД мен Орталық Азиядағы көшбасылық бойынша
экономикалық жағынан дамыған елдердің стандарттарына қол жеткізуі арқылы
қамтамасыз етілетін болады.
Бұл ретте Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі
жағдайында отандық қаржы институттарының орнықты ұстанымдар мен бәсекеге
қабілеттілікті сақтауы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Нәтижелері
Қолданылатын шаралар:
инфляцияны жылына 5 – 7 % деңгейінде ұстауға;
отандық қаржы секторының даму деңгейін, оның орнықтылығын, бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, бұл өз кезегінде Қазақстанның ТМД мен Орталық
Азия өңірі шеңберінде негізгі қаржы орталығына айналуға мүмкіндік береді
әрі тұтастай алғанда республика экономикасының дамуына оң әсер етеді;
халықтың инвестициялық сауаттылығы деңгейін арттыруға;
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының халықаралық қаржы нарығының
жаңа сегменті ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4.2.3. Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи
монополиялардың қызметін тиімді реттеу
Мақсаты
Еркін бәсекені одан әрі дамыту, табиғи монополиялардың қызметін
реттеу.
Міндеттері
1. Еркін бәсекелі орта құру және нарықтың барлық субъектілеріне тең
жағдай жасау.
2. Инвестицияларды активтерді жаңғыртуға және жаңартуға бағыттауды
ынталандыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің
тиімді жүйесін қалыптастыру, олар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру.
3. Бәсекені қорғау жүйесін жетілдіру.
Шешу жолдары
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
тарифтік және техникалық реттеу функцияларын біріктіретін тәуелсіз
салалық реттеуіштерді жасау жолымен реттеуші органдардың рөлін, функциялары
мен құрылымын қайта қарау;
экономиканың инфрақұрылымдық салаларында, оның ішінде темір жол
саласында, телекоммуникацияда және энергетикада монополияландыруды және
келеңсіз экономикалық шоғырландыруды жою, осы салаларда бәсекені дамыту;
жаңа компаниялардың нарыққа, оның ішінде республикаішілік
авиатасымалдар нарығына шығуын бөгейтін кедергілерді жою жөніндегі
шараларды іске асыру;
үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің міндеттерін заңнамалық
деңгейде белгілеу, ашық конкурстар өткізу жолымен монополиялық түрде
сатылатын тауарлардың (жұмыстардың және қызмет көрсетулердің) өзіндік
құнына елеулі әсер ететін тауарларды (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді)
сатып алуды жүргізу;
ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға сәйкес тексеріс жүргізу
және оны жетілдіру;
монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін барабар шаралар мен айыппұл
санкцияларын енгізу;
мұнай өнімдерінің айналымы және газбен жабдықтау, электр энергетикасы
саласында халыққа коммуналдық қызметтер көрсету аясында бәсекені дамытуға
келеңсіз әсер ететін артық делдал құрылымдарды алып тастау;
тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін, оларда сатылатын
тауарлардың бағасын қалыптастырудың айқын тетігін, биржа саудасына
қатысушылар арасында адал бәсекені қамтамасыз ететін Тауар биржалары
туралы Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
бәсекені қорғау жөніндегі мемлекеттік органды институционалдық
күшейту;
қызметтерді тұтынушылардың бәріне кедергісіз және кемсітпейтін қол
жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің
желілері мен қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібін қайта қарау;
табиғи монополиялар субъектілері персоналының санын және олардың
шикізат, материалдар, отын, энергияның әр түрлі шығыстарын нормалау
тәсілдерін қайта қарау;
мыналарды:
табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңғыртуға салынатын
инвестициялық салымдарды ынталандыруға, олардың қызметтерінің тиімділігі
мен сапасын арттыруға, менеджментті және қызмет көрсеткіштерін жақсартуға;
табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерді көрсету
шығындарын және технологияларын ұтымды етуге;
табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді қалыптастыру кезінде
ескерілетін нормативтік техникалық шығындарының деңгейлерін төмендетуге
бағытталған нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.
Нәтижелері
Республиканың тауар нарықтарында еркін және адал бәсекені дамыту,
нарықтарды монополияландыру дәрежесін төмендету, бәсеке үшін тең жағдай
жасау, табиғи монополиялар салаларын қысқарту, реттелетін тауарларға
(жұмыстар мен қызметтер көрсетуге) бағаны қалыптастыру тетігінің
айқындылығын қамтамасыз ету.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тарифтер
деңгейінің айқындылығын, негізділігін және алдын ала белгілі болуын, табиғи
монополиялар субъектілерінің негізгі өндірістік қорларын жаңартуға және
жаңғыртуға инвестициялардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды және оларды
өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді жүйесі қалыптастырылатын
болады.

4.2.4. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Мақсаты
Кәсіпкерлікті тиімді дамыту үшін заңнамалық және институционалдық
сипатта қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту,
шағын және орта бизнесті, оның ішінде мемлекеттік холдингтердің қолдауы.
Міндеттері
1. Бизнесті дамытуды бөгейтін әкімшілік кедергілерді жою.
2. Бизнес ахуалды жақсарту.
3. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастыққа
тарту үшін ынталық туғызу.
Шешу жолдары
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату;
жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру процесін жетілдіру, оның ішінде
фирманы тіркеудің мерзімін 2 – 3 күнге дейін қысқарту;
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңына, оның
ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымын енгізу бөлігінде
өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
қайталауды жою және рұқсат беру рәсімдері мен тексерулерді қысқарту;
лицензиялау, келісу, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу және
аттестаттау рәсімдерін оңайлату;
аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру;
кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және бизнестің көлеңкеден одан
әрі шығуы үшін салық заңнамасын жетілдіру;
кеден заңнамасына экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату
бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
елдің шағын қаржы секторын дамыту;
Қазақстанның барлық өңірлерінде инфрақұрылым объектілерінің қызметін
жақсарту және кеңейту жолымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
консалтингтік және үйретуші қызметтер көрсету;
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның кредит беруінің жаңа
өнімдерін әзірлеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ұзақ мерзімді кредит
беруді енгізу;
мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға тән
емес функцияларды шағын және орта бизнеске беру (аутсорсинг);
мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың
тапсырыстарын Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында
орналастыруды қамтамасыз ету.
Нәтижелері
Дүниежүзілік Банктің (Doing Business) өлшемдеріне сәйкес бизнесті
жүргізу жеңілдігі рейтингінің мынадай индикаторлары жақсартылатын болады:
бизнес ашу, лицензиялау, меншікті тіркеу, салықтар төлеу, халықаралық
сауданы жүргізу, компанияны жабу. Нәтижесінде Қазақстанның жалпы рейтингі
2006 жылы 63-орыннан 2007 жылы 58-ге, 2008 жылы 53-ке және
2009 жылы 48-ге дейін жоғарылайтын болады.

4.2.5. Мемлекеттік меншікті тиімді басқару
Мақсаты
Корпоративтік басқару принциптерін енгізу арқылы мемлекеттік меншікті
басқару тиімділігін арттыру.
Міндеттері
1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқару
принциптерін енгізу.
2. Мемлекеттік меншікті оңтайландыру.
Шешу жолдары
Мемлекеттік холдингтер мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда
олардың жұмыс нәтижелерін бағалау, тәуелсіз директорлар институтын және
корпоративтік басқарудың басқа да принциптерін енгізу жолымен корпоративтік
басқару жүйесін жетілдіретін болады.
Мемлекеттік холдингтерді тиімді басқаруды ұйымдастыру, олардың
қызметін бақылау және олардың қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету
жөнінде шаралар енгізілетін, мемлекеттік холдингтерді дамыту
тұжырымдамалары бекітілетін болады, мұның негізінде оларды дамыту
стратегиялары қабылданады.
Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар және олардың еншілес (тәуелді)
ұйымдары үшін Корпоративтік басқарудың үлгі кодексі бекітілетін болады.
Мемлекеттік меншікті оңтайландыру үшін мемлекеттік меншікті басқару
саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған шаралар кезең-кезеңімен
қабылданатын болады. Заңнамалық актілерге мемлекеттік кәсіпорындар қызметі
салаларына және стратегиялық объектілерге байланысты мәселелерді реттеуге
қатысты өзгерістер мен толықтырулар дайындалатын болады.
Мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті және мемлекеттік
холдингтердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталына
және бәсекелі ортаға беруге ұсынылатын мемлекет қатысатын акционерлік
қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) және мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбелері айқындалатын болады.
Нәтижелері
Мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру және мемлекетке
тиесілі активтердің құнын ұлғайту.

4.3. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және
адами капиталды дамыту

4.3.1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
Мақсаты
Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде орнықты дамуға және қоршаған
ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды
және тиімді пайдалану.
Міндеттері
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға орнықты даму
принциптерін енгізудің тиімді тетігін жасау.
2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су, орман, балық ресурстарын,
жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жаңартылатын энергия
көздерін орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау.
3. Нысаналы көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, Экологиялық
кодекстің ережелерін іске асыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды
енгізу есебінен қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету.
4. Экология (жердің тозуы, биологиялық әртүрлілік және басқалар) және
климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық өзара іс-
қимылды қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін жандандыру.
5. Ең жаңа экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып,
өндірістер құруды немесе қазіргі кәсіпорындарды қайта жаңартуды
ынталандыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру және стратегиялық су
ресурстарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды енгізу, халықты ауыз
сумен қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада орнықты қамтамасыз
етуге қол жеткізу.
Шешу жолдары
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға орнықты даму
принциптерін енгізудің тиімді тетігін жасау үшін мыналар жүзеге асырылатын
болады:
дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларының
теңгерімін қамтамасыз етуге, республиканың жекелеген өңірлерінің өткір
экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін экологиялық орнықтылық
индексі бойынша Қазақстан Республикасының әлемдегі барынша дамыған елу
елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсатында кешенді экологиялық саясат
жүргізу жөніндегі шаралар;
елдің салалары мен өңірлері үшін орнықты дамудың нысаналы
көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту, бағдарламалық құжаттардың орнықты даму
принциптеріне сәйкестігіне сараптама жүргізу.
Су, орман, балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды, жаңартылатын энергия көздерін орнықты және
ұтымды пайдалануға жағдай жасау үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
су ресурстарын басқарудың ғылыми негізделген мемлекетаралық, ұлттық
және өңірлік бағдарламалар негізінде өзен бассейндерінің ағынын реттеу мен
бөлудің қазіргі жүйесін қайта қарау;
қолданыстағы және әзірленетін бағдарламалық құжаттардың негізінде су
ресурстарын, ормандар, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау және ұтымды
пайдалану жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
өнеркәсіптің базалық салалары мен ауыл шаруашылығында су үнемдейтін
технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерін және су
пайдаланудың қалдықсыз технологияларын әзірлеу мен енгізуді ынталандыру;
үш мемлекеттік ұлттық парк, екі мемлекеттік табиғи резерват құра
отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту, қазіргі төрт
табиғи қорықтың, үш мемлекеттік ұлттық парктің алаңдарын кеңейту;
су, орман, балық ресурстарын және жануарлар әлемін қорғау және
молықтыру процесіне жеке меншік капиталды белсенді тарту, табиғат
пайдаланушылардың осы салалардағы жауапкершілігін арттыру.
Бұдан басқа, Бурабайда Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі
инновациялық жобаларды жинақтауға арналған орталық және Орнықты даму
проблемалары орталығын құру жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
Нысаналы көрсеткіштер мен квоталарды белгілеу, Экологиялық кодекстің
ережелерін іске асыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу
есебінен қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету үшін мынадай шаралар
қабылданатын болады:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері, эмиссияларға өңірлік
квоталар енгізу, жетекші технологияларға кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз
ету негізінде экологиялық нормалау моделін және рұқсат беру жүйесін енгізу;
Экологиялық кодекске сәйкес нормативтік құқықтық база қалыптастыру,
табиғат қорғау заңнамасын халықаралық стандарттармен одан әрі үйлестіру;
көмірсутек ресурстарын өндіретін, тасымалдайтын және қайта өңдейтін
кәсіпорындарды неғұрлым қатаң экологиялық стандарттарға сәйкестікке
сертификаттау бойынша Жасыл мұнай принципін әзірлеу және енгізу;
пайдаланылған ресурсы бар технологиялар мен жабдықтарды елге әкелуге
тыйым салуды енгізе отырып, 4R халықаралық принциптеріне сәйкес қалдықтарды
басқарудың бірыңғай жүйесін құру;
гидрометеорологиялық қызмет жүйесін реформалап және жаңғырта отырып,
қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік
жүйесін құру;
ел аумағындағы тарихи ластануды түгендеу және оларды кезең-кезеңімен
жою жөнінде ауқымды шаралар әзірлеу;
шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде өңірдің экологиялық
сыйымдылығын айқындау үшін ғарыштық технологияларды пайдалана отырып,
Каспий теңізінде кешенді мониторингтік зерттеу.
Экология және климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және
халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлін жандандыру
үшін орнықты даму трансшекаралық аймақтары құрылатын, бассейндік принцип
негізінде, бірінші кезекте, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий, Ертіс аймақтарында
мемлекетаралық келісімдер мен бағдарламалар іске асырылатын болады.
Ең жаңа экологиялық жағынан таза технологияларды пайдалана отырып,
өндірістер құруды немесе қазіргі кәсіпорындарды қайта жаңартуды және
стратегиялық су ресурстарын қорғау саласында халықаралық стандарттарды
енгізуді ынталандыратын тиімді тетіктерді қалыптастыру, халықты ауыз сумен
қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада орнықты қамтамасыз ету үшін:
экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық ұйымдар мен донор
елдердің мүмкіндіктерін пайдалану;
Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын,
Биоәртүрлілік жөніндегі БҰҰ Конвенциясының биоқауіпсіздік жөніндегі
Картахен хаттамасын және Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік
конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау мәселелерін пысықтау;
мынадай:
эмиссия үшін ақының және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін
айыппұл санкцияларының ынталандырушы сипатын арттыру;
прогрессивті технологияларды енгізу есебінен эмиссиялардың көлемін
едәуір төмендеткен кәсіпорындарды ынталандыру;
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде экологиялық қауіпсіз өнімдер мен
қызметтер өндірісін ынталандыру үшін жасыл сатып алу принципін пайдалану
жолымен табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың жаңа экономикалық
тетіктерін енгізу;
жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін, жұртшылықтың
шешімдер қабылдауға қатысуын, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың
нығаюын кеңейту;
халықты қажетті мөлшерде және кепілдік берілген сапада ауыз сумен
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, ауыз су сапасының
сараланған стандарттарын әзірлеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарын ІSO: 14001 экологиялық менеджменттің
халықаралық стандарттарымен неғұрлым кеңірек қамту жөнінде, қоршаған орта
сапасының стандарттарын халықаралық аналогтармен үйлестіру жөнінде шаралар
қабылданатын болады.
Астана қаласында континентте су ресурстарын зерттеу мен қорғау
мәселелерін кешенді түрде шешуге арналған Еуразиялық су орталығы құрылатын
болады.
Нәтижелері
2009 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының сапалы ауыз суға қол
жеткізуін кемінде 15 %-ке ұлғайту қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорық қорының аумағы
кемінде 1 232,6 мың га-ға ұлғайтылады.
Ормандарды молайту және орман өсіру жөніндегі жұмыстардың жыл сайынғы
көлемі 45 мың га-ға жетеді.
ЖІӨ-нің бір бірлігіне атмосфераға эмиссиялар 20 %-ке, су объектілеріне
– 12 %-ке, орналастырылатын қалдықтарға – 14 %-ке төмендейді.
Баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесі өседі.
Экологиялық орнықтылық индексі 68 балға жетеді.
ІSO: 14001 стандартына сәйкестігіне сертификатталған компаниялардың
салыстырмалы көрсеткіші ЖІӨ-нің 10 миллион долларына шамамен 1-ден келеді.
Ірі қалаларда атмосфераның ластануының орташа индексі 21 %-ке
төмендейді.
Қоршаған ортаға орналастырылатын улы қалдықтардың көлемі 8 %-ке
төмендейді.
Экологиялық ахуал жақсарады және тарихи экологиялық проблемаларды
шешу үшін жағдайлар қалыптастырылады.

4.3.2. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту
Мақсаты
Қазіргі заманғы білім берудің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың
нақты экономикалық жағдайларға барабар бәсекеге қабілетті жүйесін дамыту.
Міндеттері
1. Білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделін енгізу.
2. Білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
3. Жаһандық экономиканың талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы
кәсібилігі жоғары жұмыс күшін даярлау жүйесін дамыту.
Шешу жолдары
Үкімет нысаналы индикаторларды белгілеу жолымен түпкі нәтижелерге қол
жеткізуге, республиканың барлық өңірлерінде мектептегі және мектепке
дейінгі білім беру қызметтерін және тең де біркелкі көрсетуді қамтамасыз
етуге бағдарланған білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделін құру
мәселелерін пысықтайтын болады.
Осы мақсатта білім беру саласының бюджет қаражатын орталықтандыру және
өңірлік коэффициенттерді ескере отырып, жан басына шағу принципі негізінде
оларды бөлу, министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасында білім
беру қызметтерін көрсету, білім беру ұйымдарының жұмыс істеуі үшін
жауапкершілікті бөле отырып, білім беруді басқарудың бірыңғай құрылымын
жасау мүмкіндігі зерделенетін болады. Білім беру қызметтерінің сапасын
бақылау жүйесі одан әрі дамиды.
Үкіметтің білім беру қызметтерінің сапасын арттыру саласындағы күш-
жігері мынадай бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:
білім беру мазмұнын жақсарту, дәл және инженерлік ғылымдарға ерекше
көңіл бөле отырып, барлық деңгейлер бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей
міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру мен үйлестіру;
мемлекеттік білім беру ұйымдарының желісін дамыту және оларды
материалдық-техникалық жарақтандыру, оқу процесін тиісті технологиялармен
қамтамасыз ету.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі одан әрі дамитын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында күш-жігер мектепке дейінгі
ұйымдардың балаларды қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ мектепке дейінгі
ұйымдар үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталады. Бұдан басқа, балалардың
өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивтік білім беруді дамыту жөнінде
шаралар кешені қабылданатын болады.
Мектепке барар алдындағы даярлық бөлігінде балаларды қамту
ұлғайтылатын болады.
Жалпы орта білім беру саласында:
2008 жылдан бастап 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңімен көшу
жүзеге асырылады;
Қазақстанның салыстырмалы халықаралық зерттеулерге қатысуы қамтамасыз
етіледі;
жалпы орта білім беру ұйымдарының желісін дамыту жөніндегі жұмыс
жалғастырылады, бұл оның ішінде үш ауысымда оқытуды жою проблемасын шешуге,
мектептердің авариялық ғимараттарын қайта жаңартуды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді;
үздік мектептерге жыл сайын гранттар тағайындалатын болады;
педагогтарды, оның ішінде 12 жылдық білім беру жүйесі үшін қайта
даярлау жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерге ағылшын тілінің
шетелдік оқытушылары тартылады;
үздік оқытушылардың жұмысын бағалау және сыйлық беру жүйесі
жетілдіріледі;
отандық, оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеу мен енгізу, білім
беру процесіне қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды, оның ішінде оқу теледидарын енгізу жөніндегі жұмыс
жалғастырылады;
мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерін физика, химия және
биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен
жарақтандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
оқу процесіне Мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық білім беру
желісі көп функционалдық жүйесі енгізіледі;
білім алушылардың жетістіктерін бағалау тетіктері жетілдіріледі;
педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі
жұмыс жалғастырылады.
Кәсіптік жоғары білім беру саласында:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш
сатылы: бакалавриат – магистратура – докторантура моделіне ауыстыру;
техникалық білім беруді дамытуға ден қоя отырып, жоғары оқу орындары
желісін оңтайландыру;
Астана қаласында жаңа университет құрылысын жалғастыру;
жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық моделіне көшуді жүзеге
асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 2008 жылдан бастап жекелеген білім
беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу жөнінде жұмыс жүргізілетін
болады. Оған қол жеткізу үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілетін
болады;
сырттан бақылау жүйесін құру;
аспирантурада оқитындардың санын бір уақытта қысқарта отырып,
PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылардың санын ұлғайту;
мамандық пен жоғары оқу орнының мәртебесіне қарай мемлекеттік білім
гранттарын саралауды міндетті түрде енгізе отырып, мемлекеттік білім беру
тапсырысын қалыптастырудың жаңа принципін енгізу;
экономиканың басым салалары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыруда
мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
республиканың жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен
консультанттарды тарту, сондай-ақ отандық оқытушыларды шетелде
тағылымдамадан өткізу;
жоғары оқу орындарының базасында ақпараттық ресурс орталықтары жүйесін
құру;
Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық
стипендиясының шеңберінде азаматтарды әлемнің үздік жоғары оқу орындарында
оқыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Жаһандық экономиканың талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы
кәсібилігі жоғары жұмыс күшін даярлау жүйесін дамыту үшін Үкіметтің күш-
жігері мыналарға:
кәсіптік білім беру жүйесін ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне
сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл жасаудың мемлекет – оқу
орындары – жұмыс берушілер жаңа моделін құруға;
техникалық және кәсіптік білім берудің білім бағдарламаларын жоғары
білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге;
экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық және қызмет көрсету
еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнінде өңірлік кәсіптік
орталықтар құруға;
еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын техникалық және
қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға шоғырландырылатын болады.
Нәтижелері
2009 жылға қарай кемінде 50 мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім
беру стандарттары жетілдіріледі және үйлестірілетін болады.
Осы кезеңге қарай мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамтуы кемінде
30 %-ті, мектеп алдындағы даярлық 80 %-ті құрайды.
2009 жылы 12 жылдық білім берумен балаларды қамту 494 мың баланы
құрайды.
Қазақстанның салыстырмалы халықаралық зерттеулерге қатысуы
2008 жылы ТIМSS халықаралық зерттеуінде шамамен 55-тен төмен емес орынды
алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп салынатын
болады.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде жылына кемінде 31 мың педагог қайта
даярлаудан өтеді.
Жыл сайын кемінде 30 үздік мектеп айқындалатын болады.
2008 жылға қарай мектеп оқушыларының компьютерлермен қамтамасыз етілуі
20 оқушыға кемінде 1 компьютер келетін арақатынасты құрайды.
2008 жылы білім беру ұйымдарының 4 және 9-сыныптары оқушыларының
кемінде 50 %-і аралық мемлекеттік бақылаумен қамтылатын болады, ал ҰБТ
рәсіміне қосымша пән енгізіледі.
2007 жылдан бастап бекітілген отандық стандарттар бойынша ұлттық
аккредиттеу жүйесін енгізу басталады және жоғары оқу орындарын
институционалдық аккредиттеу жүзеге асырылады. 2008 жылдан бастап жекелеген
білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу жөнінде жұмыс
жүргізілетін болады.
2009 жылға қарай экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық
және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау
жөніндегі 2 өңіраралық кәсіптік орталық құрылатын болады, сондай-ақ тағы да
осындай 2 орталық құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

4.3.3. Ғылымды дамыту
Мақсаты
Жаңа білімдерді тиімді дамыту мен пайдалануды қамтамасыз ететін
бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық жүйенің негіздерін құру.
Міндеттері
1. Ғылыми және инновациялық қызмет үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды
дамыту.
2. Академиялық ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары ықпалдастығын
қамтамасыз ету.
3. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тиімді жүйесін құру.
4. Ғылыми-зерттеуді және конструкторлық қызметті жүргізуде жеке меншік
сектор үшін ынталандырулар туғызу.
5. Ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру және қазақстандық ғылымның
әлемдік ғылымға кірігуі үшін жағдайлар жасау.
6. Ғылыми қызметкерлердің жалақысының деңгейін арттыру.
Шешу жолдары
Мемлекет Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын басым бағыттар
бойынша болашақ инновациялық экономиканы құру үшін негіз болатын іргелі
және қолданбалы зерттеулерге қаражат бөлетін болады.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландырудың гранттық жүйесі
дамиды.
Шетелдік үздік ғалымдарды тарта отырып, жобалар мен ғылыми-техникалық
бағдарламаларға тәуелсіз сараптама жасау ғылыми жобаларды іріктеу мен
бағалау жүйесінің маңызды буынына айналады.
Инновациялық қызметті қаржыландырудың қосымша нысандары, оның ішінде
Ғылым қоры акционерлік қоғамы арқылы және жеке меншік бизнес қаражатын
тарту есебінен кеңейтіледі.
Үкімет қолданбалы ғылымды қаржыландыру саласындағы озық тәжірибе мен
білімді енгізу, әлемдік деңгейдегі күрделі ғылыми зерттеулер мен
әзірлемелерді дамыту саласындағы қазіргі заманғы басқару әдістерін еншілеу
жөнінде нысаналы бағытта жұмыс жүргізетін болады.
Қабылданған халықаралық практикаға сәйкес білімді молықтыру және
отандық кадрлар даярлау жүйесі болатын университеттік ғылым құрылатын
болады. Жоғары оқу орындарының жанынан ғылымды дамытудың
5 басымдығы бойынша инженерлік бейінді 15 зертхана ашылатын болады.
Мынадай бағыттар: нанотехнология, биотехнология, ядролық
технологиялар, көмірсутек және тау-кен металлургия өнеркәсібіне арналған
жаңа технологиялар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары
ҚР-дағы 2007 – 2009 жылдарға арналған саяси жүйе
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
«Федоров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Пәндер