Қазақтың әдет-ғұрып салт дәстүрі



Қазақ мәдениетінің типологиясын қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық - мәдени типтерінің өзіндік ерекшіліктерін анықтаумен байланысты. Бұл ұғым тарих пен мәдениеттануда соңғы жылдары маңызды әдістемелік атқарып жүр. Әрине, ШМТ- тің руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт- дәстүрлер, сенім нышандар, фольклор, дүние - таным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді. Осының ішінде қазақтың әдет-ғұрпы мен салт дәстүріне ерекше тоқталып өтейік.
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата-дәстүрі болады. Сонымен, бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлерде бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке, көке деп сыпайы қарым қатынас жасайды, сондай- ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тіл алғыш, қолғант болу, ал отбасы мүшелер үлкендердің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шамаларынша іс атқаруы. «Ұлдардың ұятты әкеге,қыздың ұяты шешегең деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ТУРАН университеті

РЕФЕРАТ

Қазақтың әдет-ғұрып салт дәстүрі

Орындаған: Байзахов Е.
Тексерген: Молтабарова К.
фэф –3-03

Алматы 2004
Қазақ мәдениетінің типологиясын қарастырғанда туатын маңызды
мәселе шаруашылық - мәдени типтерінің өзіндік ерекшіліктерін
анықтаумен байланысты. Бұл ұғым тарих пен мәдениеттануда соңғы жылдары
маңызды әдістемелік атқарып жүр. Әрине, ШМТ- тің руханилықпен
байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-
дәстүрлер, сенім нышандар, фольклор, дүние - таным шаруашылық
әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді. Осының ішінде қазақтың
әдет-ғұрпы мен салт дәстүріне ерекше тоқталып өтейік.
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата-дәстүрі болады.
Сонымен, бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлерде бар. Оларды
атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже,
әпке, аға, әке, көке деп сыпайы қарым қатынас жасайды, сондай- ақ
жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі,
отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің
алуы, елгезек, тіл алғыш, қолғант болу, ал отбасы мүшелер үлкендердің
өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла
істеп, әрқайсысының өз шамаларынша іс атқаруы. Ұлдардың ұятты
әкеге,қыздың ұяты шешегең деп қараған халқымыздың ұл баланы
тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы
тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналады.

НАУРЫЗДЫҢ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Наурыздың айрықша тәлім – тәрбиелік, үлгі өнегелек, сән-
салтанатылық, мәрт- жомарттық қадыр -қасиеттілік нышан белгілірі мен
таным ұғымдарының үлгі – түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары
саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдылыққа, көргенділікке,
ізеттілікпен білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға
күтетіні де осыдан болса керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет -ғұрыптары мен жол-
жоралары бар.
Наурыз кҮні. Наурыз- ежелгі мәдениетті, дамыған елдің бірі
Парсының нау- жаңа, руз- күн, яғни жаңа күн, руз- күн, яғни жаңа күн
деген сөзінен шықанны көпке бұрыннан – ақ белгілі. Бұл қазіргі күн
есебі бойынша наурыздың 22- жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтарда бұл күн
жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы
күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс не
басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, даус
көтермейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды,
құран оқымайды. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды.
Наурыз кҮні- яғни наурыз айының 22 жұлдызы мереке, демалыс күні.
Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойыншы жылдың алғашқы айы.
Григориан күн есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де, күн мен
түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған.
Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып қар еріп, жыл
құстары келе бастайды. Сондықтан жылдың құт мезгілі есебінде де, жылдың
алғашқы айы есебінде де, күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол
себептен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы,
көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды.
Сондықтан жылдың құт мезгілі есебінде де Наурызды бүкіл халық аса
құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай есебінде
бағаланған.
НАУРЫЗНАМА- шат-шадыманды ойын- сауық, той.
Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама
қыламыз деп той- тамаша қылады екен” (Абай). Кей жерлерде Наурыз тойы деп
те аталады. Бұл күні үлкен болсын, осы мейрамға келіп, көңілді ойын -
сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге
қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт
бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер,
наурыз жырлары айтылады. әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама
бұрын 3-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдеп -
ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын той. Қазақтың қазақ
болғаны да өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама.
Ол күні қожаларға оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз
жайын ұқтыратын ол кітаптың атын Салдама” дейді. Наурызнамада қыз-
жігіттер жиналып бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты
дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз- келіншектерге сақина, сырға
айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны селт еткізер деп атайды.
Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы – жұмсақ
тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Бұлардың соңы келер күні наурыз көжеге жалғасады.
Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған
мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары,
құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық
сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге
ықыласпен ұсынады. Наурыз көженнің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық
тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке,
ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз
әдебиеттінің түрлерінің бір саласы. Жыр- өлең осы күнге лайықталып,
мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық
арасында өте көп тараған. Наурызға арналған бұрынғы, соңғы ақындардың
шығармалары да көптеп саналады.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар...
НАУРЫЗ БАТА. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы Наурыз
бата. Мұнда Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап Наурыз көжегең
шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы да
басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары
бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға
да беріледі.
Мысалы:
Өркеннің өссін!
Әр күннің Наурыз күнніндей берекелі болсын!
Ұлы –оңға, қызын қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалауды бол!
Айың тусын оңынан,
Жұлдызың тусын солыңнан!
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендкерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған
батаның орны бөлек.
НАУРЫЗ ЖҰМБАҚ. Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен
түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда
ақындар, қыз жігіттер осы тақырыптарға ғана тән құбылыстарды жұмбақтап,
өлеңдетіп айтысатын болған.
Мысалы:
Пәле жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Тілек- достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі
тойдың жарасты салтының бірі ретінде арналған.

НАУРЫЗ ТӨЛ. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар Наурыз төлі
деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды

қазақ баласы оны оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге
сыйға берілмейді.

НАУРЫЗКӨК- наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана,
осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде Наурыз келдің
бе?ң деп шақырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
НАУРЫЗ ЕСІМ. Наурыз күнінде немесе айында туғандарды халық
бақытты, ерекше адамадар деп ұғынған. Мысалы: қазақ халқында Наурызбай
Құтпандайұлы (1706-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі
батырлар болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген
адам аттары да жиі кездеседі.
НАУРЫЗ ШЕШЕК. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі- түрлі гүлді,
қауашақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті
бар. қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
Наурызшешек Қызыл кітапқаң енген сирек кездесетін бағалы өсімдік
қатарына жатады.
НАУРЫЗША. Наурыз айында жұп- жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны
халық наурызша деп атайды.
САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ ЖІБИДІ. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз.
Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, обсерваториясындағы көктасқа дәл 22
наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу
тасты жібетеді- мыс.
Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұруға және ол
кешірім беруге тиіс. Кешірмесе бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді,
сен тастан қаттысың ба? ң, деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің
әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күнмен түннің теңелер тұсында,
яғни, 22 наурыз күні жер – көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін
көрінеді. Оны жан- жануарлар ішінде жұматқан шыққан қой ғана сезеді
дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да
ерекше сезім, қасиет болады. Мұндай қасиеті күндерде тырнақ, шаш
алдыруға болмайды.
Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.
Наурыз қай жағынан алып қарағанда да бүкіл халық үшін ерекше
мерекелі күн қатарында аталып өтеледі. Анасын көріп қызын алң деген
қағиданы қатаң ұстайды. Яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы
кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Тұқымында, тегінде ауруы бар
отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып
балаларының болашағы туралы әңгеме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін
білдіреді. Мұны қыз айттыруң дейді. Бұл жолдың да түрлі ереже,
тәртіптері бар. Егер балалар (ұл, қыз) жас болса, тіпті іште жатса да
ерте келісіп сөз байласады. Мұндай адамдар көбіне бір- бірін жақсы
білетін, өте сыйлы, дос кісілер арасында болады. Олар алдымен іште
жатқан балаларын бір- біріне (әрине бірі ұл, бірі қыз болса) қосу
туралы келіседі. Атастыруң деген осы. Мұны бел құдаң дейді. Бесікте
жатқан балаларды атастыра бесік құдаң дейді. Кейде қыз алған құда
енді сол үйге өз қызын беретін болса мұны қарсы құдаң дейді. Бұрын құда
болған кісілер құдалықты тағы жалғастыратын болса оны сүйек жаңғыртуң
деп атайды. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу құда
түсуң арқылы жасалады.
Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз
алыспайды. Некелік ережеде әйел күйеуден 8 жас, еркек әйелден 25 жас
үлкен болса қосылуға рұқсат етілмейді.
Әрине, әмеңгерлік жолда бұл шектеуге қарамайтын жайлар да бола
береді. Қыз айттыру” баталасу жас отаудың беріктігінің, сенім мен
сыйластықтың негізін қалайды.

ҚазаҚ салттары

ҚЫЗ КӨРУ. Кейде қыз таңдауда” деп те аталады. Салт бойынша
белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал- сері жігіттер өзіне
лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. Пәлен жерде жақсы қыз барң
дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос- жолдастарын ертіп қыз
аулына барады. Қазақта қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейдің деген
мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің
назарлық білдіруге, тосқауыл жасауға хақысы жоқ. Керісінше ондай
жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен, ер мінезді,
еркін қыздары мұндайда қыз көретін жігітті біз көрелікң деп белсене
шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз
ойын ашық айтқан. Осындай жолда бір- бірін сынаған қыз жігіттер айтысқа
да түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда
жіберген. Демек, жігіт жолы жасалған. Олай болса бұрын да қыз-
жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған.
Әрине, қазақ салтында қыз таңдауң, қыз көруң әркезде бола
бермеген. Оған аты белгілі адамдардың балалары мен ер жігіттердің
ғана қолы жеткен. Қыз көруң салты Т. Жомартбаевтың Қыз көрелікң
романында кеңірек суреттелген.

ҚЫЗ АЙТТЫРУ

Қыз айттыру (дәстүр). Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген ханның
бұйрығы бойынша орнаған көрінедің (Н. Алтынсарин). Әр ата- ана өз ұлының
болашақ қалындығын ерте ойластырады, өзінің тәнін іздейді.

ОТАУ КӨТЕРУ

Отау көтеруң (салт) Көтерілген отаудың құтты болып, Ұзақ жасап
ішінде сүйсін жарыңң ( Қыз Жібекң). ұлтымыздың мәдениеттінде отау
көтердің деген сөз бар. Ол үйлендің, жұпты болдың мағынаны білдіреді.
Демек үйленумен бірге олар отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін,
қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына
отау қосылып берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып
саналатындықтан оны барынша әсемлеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу
аз шаруа емес. Оған көрші- көлем, жақын- туыс, нағашы – жиендер тегіс
араласады. Кесе- аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл
ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш
тігілгенде оған құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да
бақанға ақ мата байлап, ел ағаларына көтереді. Отқа май құлады,
босаға майлауң жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам
жасалады. Кіргендер шашу шашып, құтты болсынң, іші жанға, сыртты малға
толсынң деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік
әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.
Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер
шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы тауды
төңіректейді. Ауылдастармен мен жанашырлар жас отау түтінінің түтін
шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс тіршілігін сырттай бақылап, келінге
баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жақындағы
іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен
мәдениеттілігін білдіреді.

ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУ

Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі
қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт- дәстүрін
жетік білетін белгілі этнограф - жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп
жазған: ...қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді Бұған баласы
көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болсада алғызады. Ыңғайлы жер
болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып
көтереді.Бұл еңбегіне не ат мінеді не түйе жетектейді. Бұған малды
атауды көтерткен жақ береді ( А. Жүнісов Фәниден бақиға бақиға
дейін ң). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас
отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтеруде үлкен мән, ырым бар. Өйткені
жүзден үлкен күйеуң қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу
қайтайған сай қайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы
жолдан айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе ауылдың үлкен- кішісі, еркек
-әйелі онымен бір қалыспай, қажыспай қалмайды. Оның шаңырақ көтергенде
де осындай терең сыйластық бар.

АТБАЙЛАР

Атбайларң (салт). Мұның да екі түрі бар.
1. Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң, ағайын- туыстар оған шашу
шашып, керегесі кең болсын ң деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет
жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты ат байларң.
2. Атбайлардыңң екінші рет – кәде. Құда- құдағилар келгенде немесе
күйеу қалыңдығын алуға келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға
келгенде олардың жеңгелер алдынан шығып түсіріп алып, атын
байлайды. Бұл атбайларң деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде
беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

СӘУКЕЛЕ КИГІЗУ

Сәукеле кигізу (салт) Қара мақпал сәукеле, Шашың басар жар- жар-ау (жар-
жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрі көп. Соның ішінде қалыңдыққа
сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі – сәукеле әйел киімдерінің
ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі сәтінің
естен кетпес ыстық сәті. Бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға
арасын аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Олай болса
келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-
құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле
байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек, ойын- сауық
көңілді күлкі жаңа өмірдің есігін ашқандай әсер береді. Сәукеле туралы
бірер сөз.

СӘУКЕЛЕ

Бас киімдердің ішінде аса ерекше саналатынның бірі- қалыңдықтың ұзатылу
тойында киетін сәукелесі.
Сәукеленің негізгі бөлшектері – тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау.
Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын
жартылай дөңгелек айдары болады. Маңдайына тағылған шашақталған
өрнектер шекелік деп аталады. Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-
өнсін игі тілекпен жасалған. Сәукеле шекелігіне көбінесе жылан жылан
басының бейнесін салып, күмістен өрнектейді. Күміс тазалықтың, ал жылан
бас бейнесі тіл көзден сақтау және жылан дұшпанына сұсты болып
көрінуге әсерін тигізеді деген мағынада жасалады. Яғни, пәле- жаладан
төтенше келген қауып қатерден сақтау мағынасын білдіреді. Сәукеленің
төбесіндегі кішкентай тақия қалындықтың балалық шағымен қоштасу
белгісі ретінде жасалады. Ал, екі самайдан төмен түсіп тұратын құлақ
бауларға құрбылармен қоштасу белгісі ретінде жасалатын әшекейлер
тағылады. Қазақ- салт дәстүрінде жат- жұрттық боп бара жатқан қыз
бала, өз үйінен ұзаттылып аттаналарда, артына қарамай жүріп кетуі
керек. Сәукеленің артқы бойына, яғни желкелігіне тағылған әшекей,
қалындықтың кейінде қалған туған- туысын, ел жұртын ұмытпау белгісі
ретінде тағылады.
Қазақ ұғымында, үйлену салт- дәстүрімізде сақталған қасиетті бас
киім сәукелең жетілік әлемнің нышандары белгісі болып табылады.
Сәукеленің төбесіне қадалған үкісі, Өмір ағаш – бәйтеректің,ал
сәукеленің өзі Жер кіндігі – Көк төбенің бейнелейді. Ерте кезде
қалындықтың мінез- құлқын да осы сәукелеге тағылған әішекейге қарап
білетін болған. Оған су моншақ, ақ моншақ сияқты жеңіл әшекейлер тағылса,
ашық қыздың ал бағалы ауыр тастар тағылса, ұстамды, салмақты мінезді
қыздың сәукелесі екенін білген. Тектілікке аса мән берген халқымыз
қалындықтың шыққан тегін оның киген сәукелесіне қарапта анықтаған.

СҮЙІНДІР

Сүйіндірң (салт). Келіншек босағаннан кейін оның анасы кәде- жорасын
алып әдейі келуге тиіс. Бұл қалыптасқан салт және ананың міндеті
парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және дәне
орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып,
оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын
үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құда- құдағиларының
немерелі болған қуанышына ортақтасады,нәрестеге арнаған бұйымдарын,
сәлем- сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.
Перзентті болған қызына анасының арнайы баруы ежелден келе
жатқан жоралғы екенін жұрттың бәре де растайды. Алайда бұл салттың
қалай аталатынын қариялардың өздері де дәл айтып бере алмады. Кеңес
заманының кесірі көп нәрсені ұмыттырыпты. Солай бола тұрса да біз
осы салты сүйіндірң деп атадық.

ТУҒАН КҮН

Туған күн (дәстүр) Туған күнің құтты болсын. Көп жасы (Құттықтау сөз).
Туған күн адам өміріндегі ұмытылмас күндердің бірі. Бүгінгі жаңа
дәстүрлер қатарында оны атап өту рәсімі бар. Әсіресе балалардың туған
күнін өткізіп, оған жаңа киім, кітап, т.б. сыйлықтар алып беру
жасөспірім көңілін көтеріп, мерейін арттыра түседі. Егер ол өзі
қатарлы достарын шақырса, оған қолдау жасаған жөн. Бұл да тәрбие
бесігіне тең үлгілі істердің бірі. Ал жасы үлкен кісілерді туған
күнімен құттықтап, де,нсаулық тілеп, сый- сияпат ұсынудың еш
артықтылығы жоқ. Бұл әсіресе, жасы жеткен кісілерге жасалса, олар ақ
батасын беріп, шын риза болады. Адам өміріндегі мұндай сәттерді
ескеріп отыру - құрметтеудің белгісі.

ҚЫЗҚАШАР

Қызқашарң (дәстүр) Бұлайша қызқашар дәстүрін өткізетін үйді “
болыс үй” дейтін көрінедің (Х. Арғынбаев). Күйеудің алғашқы келісін
ұрын келуң десе, қыздың атастырылған күйеуін көруге қызқашарң дейді.
Бұл ұрын тойң өтетін күні болады. Ұрын тойң жастар үшін көңілді,
думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады.
Күйеуден алатын қол ұстатарң, шаш сипатарң, арқа жатарң көрпе
қимылдатарң тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-
бірі көріп, тілдеуші қалындық жігітке қыз белгісі ормалын және оның
іні- қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құ құдалық бұзылатын болса қазақ
заңында бұл өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса
бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып саналады. Батаны қыз жағы
бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.

ШЕГЕ ШАПАН

Шеге шапан (дәстүр, кәде). Құда болуға балатасқан екі жақ
келіскеннен кейін бір- біріне келісім белгісі ретінде сый- сияпат
ұсынады. Жігіт жағы (қарғыбау) ұсынғаннан кейін қыз әкесі жаушыға
(шеге шапан) жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. (Жаушы) жіберген жақ
жігіт ауылы келе жатқан өз (жаушыларының) үстіндегі жаңа яғни (шеге
шапаннын) көріп, олардың шашу шашып қарсы алады.

БАТА АЯҚ

Бата аяқ (салт). Ұлдың атасы (бата аяқ) деп бір түйе, бір
жылдық жібереді, (Ә. Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімімен
кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп, (бата аяқ) өткізеді. Кейде мұны
(сырға тағар) деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі,
кәде, жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді (
баталасу) дейді. Батаның екі түрі бар:
1. Кесімді бата- жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері :
алыс- беріс, келу- кету т.б.
2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға,
уақытқа қарай кейін белгіленеді.
Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында бас жақсы, орта
жақсы, аяқ жақсы, деген ірі бағалы кәделер болады.
Бас жақсыға - боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы
бұйым, алтын, күміс жамбылары жатады.
Орта жақмыға – таңдаулы бір түйе, бір ат жатады.
Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой жатады.

БІЗ ШАНШАР

Біз шаншар (салт). Кең байтақ Қазақстан даласында салт- дәстүрлер
қызықты түрлері көп- ақ. Бірақ олар бір- бірінен онша алшақ емес.
Соның бірі ( біз шаншар). Еліміздің шығыс оңтүстік жақтарында жаушың
орнына осы біз шаншарң салты қолданылады. Ақсақал- қарасақалы аралас
бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен
жүргенін айтпайды, әртүрлі ел шаруасын, амандық білген болып,
қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ былай
жүрмейді.
Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді
қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл ( бізде ұл, сізде қыз бар,
құда болайық) дегенді білдіреді.

КҮЙЕУ КИІМІ

Күйеу киімі (салт). Әкесі – күйеу, шешесі қалыңдық болаған ба?
деп бізді мінейді. Киі- деп дәл аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу
киімінің бәрін кигізеді. қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті
түрде (күйеу киімін) киюге тиіс. Алдынан шыққан женгелер мен жас қыз
–келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа
жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл
шапан, биік өкше киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік
көрсететін тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды.

ШАШУ

Шашу- қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да, салтанатты
дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы
келгенде, құда келгенде тағы басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың cаяси-рухани өзегі
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Ұлттық тәрбие тағылымы
Қазақ баспасөзіндегі рухани құндылықтар мәселесі
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Пәндер