«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Кәсіпорынның жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2. «СНПС.Ақтөбемұнайгаз» ААҚ.ның өндірістік.шаруашылық қызметі ... .8

3. «СНПС.Ақтөбемұнагаз» ААҚ.ғы қаржылық есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары тауарлы нарықтардың ең дамыған және табыстылығы жоғары түрі болып табы-лады. Мұнай мен газ қорларының әлемдегі орналасуы әркелкі. Мұнай қорын алатын болсақ, елдер бойынша келесідей: Сауд Аравия – 25 %, Кувейтте- 14 %, Иракта- 11 %, Біріккен Араб Эмираттарында- 10%, Иранда- 9%, Венесуэлада- 7%, Ресейде- 6%, Мексикада- 5%, Ливияда- 3%, Кытайда- 2%, АҚШ-та 2%, Ни-герияда- 2%, Қазақстанда- 2%,басқа елдерде- 2%. Сондықтан бұл нарықта да-мыған және дамушы елдердің мүдделері ұштасып келеді.Әрине мұнай нарығы-на қатысушылар , экспорттаушы не импорттаушы елдер өзі үшін тиімді жағдай қалыптастыруды мақсат етеді.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары дамушы елдердің әлемдік экономика-ға интеграциясының күшеюі байқалады. Бірақ осындай интеграцияның эконо-микалық салдарлары барлығына бірдей емес, өйткені дамыған елдер халықара-лық ынтымақтастықтан ұтысы, дамушы елдермен салыстырғанда анғұрлым көп. Бұны сыртқы қарыз көрсеткіші, экономикалық өсудің қарқыны, дамушы елдерден капиталдың ағылуы сияқты параметрлерден көруге болады. Дамушы елдерде экономикалық өсуді күшейтуге бағытталған халықаралық экономика-лық ұйымдардың әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді.
Көмірсутекті ресурстарды игеру әлемдік экономика дамуының басымды-лықты бағыты болып отыр және де бай энергетикалық ресуртары бар елдер әлемдік нарықта маңызды орын алады. Бұл көптеген дамыған және жаңа ин-дустриалды елдердің өз қорларын бітіруіне немесе жоқтығына байланысты. Әлемдегі ірі мұнай компаниялардың барлығы дерлік жоғары дамыған елдердің қолында.( Бритиш Петролеум, Шеврон, Эни, Тоталь,Ройял Датч, Шелл, Стан-дард ойл т.б.) Осы компаниялар мұнай өндірісін әлемнің түкпір түкпірінде , яғ-ни мұнай мен газдың шоғырланған жерлерде, жүзеге асырады. Сөйтіп дамыған және дамушы елдер ынтымақтасу нәтижесінде мұнайға деген қажеттілікті қам-тамасыз етіп отыр.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

СНПС-Ақтөбемұнайгаз - Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың
айқын мысалы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Кәсіпорынның жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .4

2. СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі ... .8

3. СНПС-Ақтөбемұнагаз ААҚ-ғы қаржылық есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ... 17

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Әлемдік мұнай мен газ нарықтары тауарлы нарықтардың ең дамыған және
табыстылығы жоғары түрі болып табы-лады. Мұнай мен газ қорларының әлемдегі
орналасуы әркелкі. Мұнай қорын алатын болсақ, елдер бойынша келесідей: Сауд
Аравия – 25 %, Кувейтте- 14 %, Иракта- 11 %, Біріккен Араб Эмираттарында-
10%, Иранда- 9%, Венесуэлада- 7%, Ресейде- 6%, Мексикада- 5%, Ливияда- 3%,
Кытайда- 2%, АҚШ-та 2%, Ни-герияда- 2%, Қазақстанда- 2%,басқа елдерде- 2%.
Сондықтан бұл нарықта да-мыған және дамушы елдердің мүдделері ұштасып
келеді.Әрине мұнай нарығы-на қатысушылар , экспорттаушы не импорттаушы
елдер өзі үшін тиімді жағдай қалыптастыруды мақсат етеді.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары дамушы елдердің әлемдік экономика-ға
интеграциясының күшеюі байқалады. Бірақ осындай интеграцияның эконо-микалық
салдарлары барлығына бірдей емес, өйткені дамыған елдер халықара-лық
ынтымақтастықтан ұтысы, дамушы елдермен салыстырғанда анғұрлым көп. Бұны
сыртқы қарыз көрсеткіші, экономикалық өсудің қарқыны, дамушы елдерден
капиталдың ағылуы сияқты параметрлерден көруге болады. Дамушы елдерде
экономикалық өсуді күшейтуге бағытталған халықаралық экономика-лық
ұйымдардың әрекеттері айтарлықтай нәтиже бермеді.
Көмірсутекті ресурстарды игеру әлемдік экономика дамуының басымды-лықты
бағыты болып отыр және де бай энергетикалық ресуртары бар елдер әлемдік
нарықта маңызды орын алады. Бұл көптеген дамыған және жаңа ин-дустриалды
елдердің өз қорларын бітіруіне немесе жоқтығына байланысты. Әлемдегі ірі
мұнай компаниялардың барлығы дерлік жоғары дамыған елдердің қолында.(
Бритиш Петролеум, Шеврон, Эни, Тоталь,Ройял Датч, Шелл, Стан-дард ойл т.б.)
Осы компаниялар мұнай өндірісін әлемнің түкпір түкпірінде , яғ-ни мұнай мен
газдың шоғырланған жерлерде, жүзеге асырады. Сөйтіп дамыған және дамушы
елдер ынтымақтасу нәтижесінде мұнайға деген қажеттілікті қам-тамасыз етіп
отыр.
Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы орны күшеюде. Әрине бұ-ған
себеп болған еліміздегі бай мұнай мен газ кен орындарының орналасуы. Бі-рақ
егемендігін алуына дейін өзінің бай ресуртарын толық пайдалана алмады және
осыған байланысты дербес экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндігі болған
жоқ.
Қазақстан Республикасында ашық экономикалық моделін қалыптастыру
кезеңінде мұнайгаз комплексінің маңыздылығы өсті. Қазақстан Республикасы-
ның Президенті Н.Ә.Назарбаев мұнай маңыздылығын келесідей анықтаған: Мұнай
отандық өнеркәсіптің маңызды саласына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің
тәуелсіз мәртебесінің символына, жарқын болашақтың үмітіне ай-налып отыр.

СНПС-Ақтөбемұнайгаз
Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы

1. Кәсіпорынның жалпы сипаты

Ақтөбе қаласы Қазақстан мен Ресей шекарасынан жақын жерде, шамамен
Орынбордан оңтүстік-батысына 250 шақырымда орналасқан. Ақтөбе облысы Арал
теңізінен Ресей шекарасына дейінгі және батысында Күлсарыдан шығы-сындағы
Нұрыға дейінгі кеңстікте орын алады.
Ақтөбемұнайгаз ААҚ-ның офисі орналасқан Ақтобе қаласы Батыс Қа-
зақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығы болып та-
былады. Ақтөбе облысында қазба байлықтардың үлкен табиғи қорлары-мұнай,
руда, табиғи газ, тұз, алтын бар.
Мұнай мен газға барлау-зерттеу жұмыстары 80 жыл бұрын басталды. Ақ-
төбемұнайгаз игеріп жатқан кен орындары Жаңажол және Кеңкияқ болып та-
былады. Олардың геологиялық қорлары бірге санағанда 450 млн.т құрайды. Ал-
ғашқы мұнай кен орындары Шұбарқұдық пен Жақсымай 1926-1933 жылдары ашылған.
Осыдан кейінгі дамуды 3 тарихи кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Бірінші кезеңде, 1933-33 жылдары Жақсымай мен Шұбарқұдық кен орын-
дарының өнеркәсіптік эксплуатациясы басталды.
Екінші кезеңде, 60-шы жылдары осы аймақты толық зерттей бастады.
1966 жылы жоғары мұнайдың кен орны-Кеңкияқ іске қосылды.
Ақтөбе мұнай өнеркәсібі дамуының үшінші кезеңі 1978 жылы ашылған
ірі тұз асты мұнайгаз конденсаты бар Жаңажол кен орнының іске қосылуымен
байланысты.
Октябрьмұнай, Кеңкияқмұнай басқармалары мұнай-газ өндіруді жүзе-
ге асырады. Жер қойнауынан алынатын мұнай мен ілеспе газ Жаңажол газ өң-деу
зауытының айыру қондырғысынан кешенді тазартудан өткізіледі. Тазарту
кезінде зауыт тауарлы күкірт алады. Көлік басқармасы өндірісті көлік-
техноло-гиялық қамтамасыз етумен айналысып, Ақтөбе, Қандыағаш қалалары мен
кен орындары арасында вахталық тасымалдау істерін атқарады. Құрылыс
басқармасы өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұрмыстық обьектілердің құрылысын
жүргізеді. Бұдан басқа да құрылымдар мұнай-газ өндірудің қосалқы шаруаларын
жүзеге асыруға ат салысады.
Қазір ақтөбелік және қытайлық мамандардың бірлескен жоспарларында
кәсіпшілік құрал-жабдықтарды түбегейлі жаңарту, пайдалану және барлау бұр-
ғылауларын арттыру, болашағы зор Кенңкияқ-тұз асты кен орнын кезең-кезең-
мен игеру, мұнай және ілеспе газ өңдеудің қалдықсыз экологиялық қауіпсіз
технологиясын енгізу, мұнай-газ өндіру көлемін едәуір арттыру қаралған. Бұл
облыстың экономикалық қуатын арттыруға ықпал ететін болады. 31,244 б
1981 жылы КСРО мұнай өнеркәсібінің Минисòðëiãiíiң құрамында Актю-
бинскнефть өндірістік бірлестігі құрылды. 1993 жылдың желтоқсанында ол
Ақтөбемұнайгаз АҚ ретінде қайта құрылды.
1997 жылдың маусым айында мұнайгаз кен орындарын барлау мен игеру
Қытай Ұлттық компаниясы (ҚҰМГК-нің еншілес компаниясы) Қазақстан Рес-
публикасы Қаржы Министрлігінің Жекешелендіру департаментімен Ақтөбе-
мұнайгаз АК-ның 60,3 % пакет акциясын сатып алу туралы келісім-шартқа
отырған. Қытай Ұлттық мұнайгаз Корпорациясының мұнай-газ өндірісі секто-
рының барлық салаларында 50 жылдық тәжірибесі бар. ҚХР-ның вертикалды
интеграцияланған компанияның елдің 100-ден асà кәсіпорындарының 100 про-
цент немесе бақылау пакет акцияларын иеленеді. Оның елдің ішінде, сондай-ақ
шет елдерде ірі жобалардың жүзеге асырылуында экономикалық қуаттылығы мен
бай энергетикалық ресурстары бар. Компания мұнайгаз жобаларына инвес-тиция
салу мен қаржыландыруды Канадада, Венесуэлада, Суданда т.б. елдерде жүзеге
асырады.32 2000 жылдың наурыз айында компанияның аталуыСНПС-
Ақтөбемұнайгаз Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
2001 жылдың наурыз айында мемлекеттік пакет акциялары (25,12%) 5 жыл
мерзімге американдық Аксесс Индастриз компаниясына сенімді басқаруға бе-
рілді. Бұл келісімнің маңыздылығы американдық жағының Орск мұнай өңдеу
зауытына ақтөбелік мұнайдың кедергісіз жіберілуін орындау міндеттемесінде
(Аксесс Индастриз ресейлік Тюмен мұнай компаниясының акционері, ал Орск
мұнай өңдеу зауыты өз кезегінде Тюмен мұнай компаниясының бақылауында ).
33
15 филиалы, 6927 адам қызметкерлері бар қоғам облыстағы ең ірі өндіріс
орны болып табылады.
Октябрьскнефть мұнайгаз өндіру басқармасы-Қандыағаш қаласы.
Кеңкияқтағы Кеңкияқнефть мұнайгаз өндіру басқармасы.
Ақтөбе қ-ғы Жаңажол газ өндіру зауыты.
Мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу басқармасы-Ақтөбе қ.
Технологиялық транспорт пен арнайû техниканың Октябрьск басқармасы-
Қандыағаш.
Бұрғылау жұмыстарының басқармасы-Қандыағаш.
Кеңкияқ транспорттық басқармасы-Кеңкияқ.
Өндірістік-техникалық қызмет көрсету мен құрал-жабдықтарды құрастыру
басқармасы-Ақтөбе қ.
Өндірістік қызмет көрсетудің Орталық базасы-Қандыағаш.
Актюбэнергонефть басқармасы-Қандыағаш.
Ақтөбе мамандалған құрылыс-монтаж басқармасы-Ақтөбе қ.
Кеңкияқ құрылыс-монтаждық басқармасы-Кеңкияқ.
Транспортсервис басқармасы-Ақтөбе қ.
Қоғамдық ас беру мен сауда басқармасы-Ақтөбе қ.
Ғылыми-зерттеу институты-Ақтөбе қ.
Қоғам коммерциялық ұйым болғандықтан, өз қызметін өндірістік-шаруашылық
дербестік негізінде жүргізеді.
Қоғам қызметінің пәніне төмендегілер жатады:
• көмірсутекті шикізатты өндіру мен өңдеу;
• эксплуатациялық, құрылымдық, барлау скважиналарын бұрғылау;
• мұнай мен газ кен орындарын зерттеу,барлау және іске қосу, мұнай мен газ-
ды қайта өңдеу;
• мұнай мен газды, олардан шығатын өнімдерді тасымалдау, сату;
• электр және жылу энергиясын өндіру және сату;
• бұрғыланған минералды ресурстарын игеру, өндіру, сату;
• мұнай құбырларын салу;
Жарияланған жарғылық капитал 14835637500 теңге құрайды және номи-
налды құна 1500 теңге болатын 9890425 акцияларға бөлінген. Оның ішінде
атаулы жай акциялар саны 8946470,кұны 13419705 мың теңге, артықшылығы бар
акциялар саны 943955, құны 1415932,5 мың теңге.

Кесте №9

Компанияның ационерлер тізімі

Акционерлер Үлесі,%
CNPC Internatoinal Ltd 60,33
Access Industries 25,12
Жай акциялары бар жеке және заңды
тұлғалар 5
Артықшылығы бар акцияларды
иеленетін жай және заңды тұлғалар 9,54

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын қарастыратын болсақ,оның толық
сипаттамасы қосымша бетте ( №3,4) берілген. Қоғамның басқару орган-дары 3
органнан тұрады:
1. Жоғары орган-акционерлердің жалпы жиналысы.
2. Басқару органы-Директорлар кеңесі. Ол 3 жылдан аспайтын мерзімге акцио-
нерлердің жалпы жиналысының көпшілік дауысымен сайланатын 9 мүшеден
тұрады.
3. Атқарушы орган-Бас директор.
СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ шаруашылық қызметті басқаруға маңызды көңіл
бөледі. Халықаралық мұнай компанияларының комплексті жүйенің мо-дельдік
басқару негізінде, компания жаңа әлемдік стандартқа сәйкес басқару-шылық
деңгейге көшті. Өндірістік-шаруашылық қызмет түбегейлі өзгерді. Мұ-най мен
газ өндірудің өз құндылығы жылдан жылға азайып келеді. Қытай Ұлт-тық мұнай
компаниÿсы келгенге дейін кен орындағы мұнайдың өзіндік құны тонна үшін 80
доллар құрады. Ал 1999 жылы компания мұнайдың өзіндік құ-нын 50 долларға
дейін төмендетті. 34 Акционерлік қоғам шығынды мекеме-ден даму
перспективасы бар, экономикасы тиімді компанияға айналды.
1999 жылы компанияның каржылық-экономикалық қызметінде өзгерістер
болды. 2000 жылы өндірістік-шаруашылық қызметтің табысы 100 млн. доллар-ға
жетті, 2001 жылы – 153 млн.долларға, 2002 жылы 220 млн. АҚШ долларын
құрады.
1999 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 32,5
млн.доллар көлемінде дивиденд алды. Бұл Қазақстандағы шетел инвесторлары
жекешелендірген компаниялары ішінде алынған дивидендтер көлемі бойынша
алдыңғы қатарларда. 2002 жыл үшін төленген дивидендтер көлемі бір акция
үшін 4 АҚШ доллар құрады.
СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ-ның қаржылық саясатын зерттегенде, оң және
теріс жақтар байқалды.
Оң жақтары. СНПС-Ақтөбемұнайгаз акцияларын сатып-сатып алу келі-сімі
бойынша қытайлық жақ 1998 жылдан бастап 4 млрд.доллар көлемінде ин-вестиция
салуды міндеттенеді. Сонымен қатар капиталдық салымдар бойынша қажетті
инвестиция салу қарастырылады. Яғни 1998 жылдан бастап 5 жыл ішінде осы
мақсатқа 585 млн. доллар салу қажет. Қазірдің өзінде оның нәтижесін
байқауға болады. Осы міндеттемені қытай жағы мерзімінен á½ðûí бітіріп,
белгіленген инвестиция көлемі 600 млн.доллардан асып отыр.
Теріс жақтары. Мұнай өндірісіне қытайлық жақтың келуімен көптеген
жұмысшы орындарының қысқартылуы болды. Қытай басшыларының айтуынша, бір
жұмысты екі адамға бөліп жасатудың қажеті жоқ. Сонымен қатар басқару
аппаратында жоғары лауазымды көбінесе қытай өкілі алып отыр. Біздің
байқауымызша, қаржы департаментінің әр бөлімінің басшысы қытай өкілі, ал
оның орынбасары қазақстандық жақтың өкілі болып отыр.
Жолдар салуға қажетті түрде инвестиция бөлінбейді.

2. СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі

СНПС-Ақтөбемұнайгаз ААҚ-ы үш кен орнында көмірсутек өндіруге ли-
цензиясы бар: Жаңажол, Кеңкияқ-тұз үсті, Кеңкияқ-тұз асты. Барланған геоло-
гиялық мұнай қоры 618 млн.т құраса, геологиялық газ телпектері қоры 100,5
млрд.текше метрді құрайды. Одан бөлек, компания Каспий ойпатының Шығыс
бөлігіндегі Орталық территориясында көмірсутек шикізатын барлау жұмыста-
рымен айналысуға құқығы бар. Бұл шоғырдың ауданы 3262 шаршы км., мұнай-дың
геологиялық қоры шамамен 130 млн.тонна.

1-ші сурет

2-ші сурет
Акционерлік қоғам мұнайгаз өндіру көлемін 2 млн. тоннадан 5 жыл ішінде
4 млн. тоннаға арттырды.
2001 жылы акционерлік қоғам 3 млн.250 мың тонна көлемінде мұнай өн-
дірді, 2000 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемі 26 пайызға өсті. 2002
жылы компания 4 млн.200 мың тонна, ал келесі жылы 5 млн.200 мың тонна мұ-
най өндіруді жоспарлап отыр. Компания жыл сайын мұнай өндіру көлемін 1 млн.
тоннаға арттырып отыр. Бұл қарқын 2005 жылы өнім көлемін 7 млн. тон-наға
жеткізеді. Ақтөбе облысының жаңа учаскелерін игеру қосымша 3 млн. тонна
мұнай әкеледі және де әрі қарай өнім көлемін жалпы 10 млн. тоннаға
жеткізеді, табиғи газ көлемі 5 млрд. текше м-ден кем болмайды деп жоспарла-
нуда.35

Кесте №1

2001-2002 жылдар аралығындағы мұнай өндірісінің көрсеткіштері

Кен Орташа тәуліктік өндіріс(тонна)Жылдық өндіріс(тонна)
орны
арақатынас арақатынас
31.12.01 31.12.02 абс салыст2001 2002 абс(т) салыст
(т) .% .%
Кеңкия1000 1200 200 20 299445 387420 87975 29,38
қ
Барлығ11000 13708 2708 24,62 3258225 4367470 1109195 34,04
ы

Мұнай өткізудің жалпы көлемі 4322 мың тонна құрады, оны өткізуден та-
быс 571610 мың АҚШ доллары. Осы көрсеткішті 2001 жылмен салыстырғанда
(372555 мың доллар ) табыс 199060 мың АҚШ долларға өсті, өсім 53,43 % құ-
рады. Оның ішінде халықаралық нарыққа мұнай өткізу үлесі 2001 жылы 61,4 %,
тек 80% өсті. Ал бұл қоғам табысын 64 млн. АҚШ долларға өсірді. Газ өт-
кізуден түскен пайданы есептесек, бұл көрсеткіш 4417600 АҚШ долларын құ-
райды.36 2002 жылы жергілікті атқарушы органдарға жылу мен электр энер-
гиясы бойынша газ бағасын куб м үшін 2100 тг-ден 1200 тг дейін түсірілді.
СНПС-Ақтөбемүнайгаз ААҚ-ның негізгі тұтынушылары мен қамтамсыз
етушілері туралы мәлімет төмендегі №11,12 кестелерде берілген.

Кесте№2

Компанияны қамтамасыз етушілер
Компания аты Шыққан жері Өнім
CPTDC ҚХР Құрал-жабдық
Қорғанхиммаш Ресей Құрал-жабдық
Пензахиммаш Ресей Құрал-жабдық
КНИСК ҚХР Құрал-жабдық

Кесте №3
Компанияның негізгі тұтынушылары

Компания аты Шыққан жері Өнім
CHINAJOIL ҚХР мұнай
ЖШС Дархан плюс Қазақстан мұнай
Евразия Ойл Ресей мұнай

1999 жылы Қазақстан-қытайлық бұрғылау компаниясы Ұлы қабырға ЖШС
құрылды. Бұрғылау жұмыстары халықаралық дәрежелі 23 бұрғылау қон-
дырғыларымен жасалады. Бір ұңғының құрылыстық циклі орташа 90 күн ( ұң-
ғының тереңдігі 3850 ден 4000 метр), бұрғылау жылдамдығы 2 есе артты. Бұр-
ғылаудың сапасы мен жылдамдығы туралы 2002 жылы акционерлік қоғам тари-
хында жаңа парақ ашылды.
Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуіне байланысты ірі инвестициялар күр-
делі құрылыс масштабтарын кеңейтуге бағытталып отыр. Қазіргі Жаңажол газ
өңдеу зауытының қайта жаңартылуы өткізілді, осы профильді жаңа зауыттың
құрылысы басталды.
Жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 2 млн.тонна мұнай, 1,4 млрд.текше м.
газ дайындауға арналған. Жаңа зауыт құрылысының капиталдық салымы 170 млн.
АҚШ долларын құрайды. Зауыттың бірінші кезегі Қазақстан Республика-сы
тәуелсіздігінің 11 жылдығы қарсаңында іске қосылды.
Қазіргі зауыттың жаңартылуы, жаңа газ өңдеу зауыттың құрылысы табиғи
ресурстардың тиімді пайдалануы мен шығарылатын өнімнің сапасын жоғарла-тып,
тұрғындардың қажетті көлемде жергілікті арзан бағалы газбен қамтамасыз
етеді. Жыл сайын компания капитал салымдарының көлемін ұлғайтуда. Оның
сандық көрсеткішін 12-ші суреттен көруге болады.

Компанияның 1997-2002 жылдар аралығындағы капитал салымдары
3-ші сурет

Мұнай мен мұнай өнімдерін сату
Компания мұнай өнімдерін өткізу жолдарын дамытуда және мұнай өткізу-ден
барынша көп табыс алуда белсенді жұмыс атқарады. Инфрақұрылымдарды
модернизациялау мен қайта жаңартудың салдарынан акционерлік қоғам Ақтөбе
мұнайының сапасын жоғарлатты, сол себептен оған сұраныс көбейді.
1997 жылдан бастап компания мұнай сату жөнінде сауданы диверсифика-
циялаумен ұдайы айналысады. 2001 жылы жақын мен алыс шекаралас шетел-дерге
мұнай жеткізу үшін темір жол, теңіз жолы және мұнай құбыры арқылы
тасымалдаудың жаңа аралас маршруты ашылды. Ақтөбе мұнайының бір бөлігі
Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіледі.
2002 жылы Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы ҚазМұнайГаз ком-
паниясымен біріге отырып, қашықтығы 450 км Кеңкияқ- Атырау мұнай құ-бырын
сала бастады. Ол Каспий мұнай құбырынан кейінгі екінші ауқымды, ең жоғары
қуаты шамамен жылына 12 млн. тонна мұнайды құрайды.
Мұнайды сатумен компанияның мұнайды жеткізу мен сату бөлімшесі ай-
налысады. Бөлімше жұмыскерлері жаңа тұтынушыларды іздеп, олармен мұнай-ды
жеткізілуіне келісім-шарттар жасасады. Келісім-шарттарда жеткізу мерзімі,
тауар сапасы, бағасы, жақтардың міндеттемелері т.б шарттар қарастырылады.
Сатылàтын мұнайдың сапасы жоғары, ал техникалық шарттары ТУ 39-1623-93
әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Мұнайдың көбісі Ресей мен Қытайға жібері-
леді. Мұнайдың жіберілуі келесі схема бойынша жүзеге асырылады. Ай сайын
Жаңажол және Кеңкияқ мұнайгаз өндіру басқармаларынан 150-180 мың тонна
мұнай Орск қаласындағы Орскнефтеоргсинтез ЖШС-нің мұнай өңдеу зауы-тына
жіберіледі. Мұнайдың бір бөлігі сонда өңделуге қалады, ал екінші бөлігі
соңында орын басу үшін АНАКО ААҚ арқылы ресейлік тұтынушыларға Кротовка
мұнай өңдеу станциясына жіберіледі. Кротовка орын басу стан-циясына
дейінгі тасымалдауды СНПС-Ақтөбемұнйгаз ҚазТрансОйл арқы-лы жүзеге
асырады, тасымалдау шығындары тонна мұнай үшін 3,6 доллар құ-райды.
Өндірілген мұнайдың 20 пайызы Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы-мен келісімі
бойынша Қытайға тасымалданады ( ай сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СНПС-Ақтөбемұнайгаз -Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
Қазақстан мұнай-газ секторына Қытайдың қатысы
Мұнай сферасындағы маркетинг
Ақтөбе қаласының атмосферасын кәсіпорындар ластауда
Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың дамуы
Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы
ҚР-ның инвестициялық саясаты
Ақтөбе
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Пәндер