Ақша қаражаттарының есебі туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

«Ақша қаражаттарының есебі»

Мазмұны

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3: 3
Кіріспе . . .: I тарау. Ақша қаражаттарының сипаттамасы
3:
Кіріспе . . .:
  1. Ақша қаражаттарының түсінігі және олардың баламалары.

Есеп айырысу нысандары . . .

3:
Кіріспе . . .: 1. 2 . Вексель арқылы есеп айырысу . . .
3:
Кіріспе . . .: 1. 3. Төлем карточкаларының есебі . . .
3:
Кіріспе . . .: 1. 4. Ақша қаражаттарының ішкі бақылау жүйесі . . .
3:
Кіріспе . . .: II тарау. Ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
3:
Кіріспе . . .: 2. 1. Кассалық операциялар есебі . . .
3:
Кіріспе . . .: а) кәдімгі кассаның есебі . . .
3:
Кіріспе . . .:

б) шетелдік валюта түріндегі қолма - қол

ақшаның есебі . . .

3:
Кіріспе . . .: в) оперативтік кассаның есебі . . .
3:
Кіріспе . . .: г) кіші кассаның ұйымдастырылуы . . .
3:
Кіріспе . . .: 2. 2. Қолма - қол емес ақшалай есеп айырысудың есебі . . .
3:
Кіріспе . . .: а) есеп айырысу шотындағы операциялар есебі . . .
3:
Кіріспе . . .: б) валюталық операциялар есебі . . .
3:
Кіріспе . . .:

в) банктегі арнайы шоттардағы ақша

қаражаттарының есебі . . .

3:
Кіріспе . . .:

2. 3. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің

бланкілерін түгелдеу . . .

3:
Кіріспе . . .: 2. 4. Ақшаның қозғалысы туралы есептіліктегі ашып көрсетулер . . .
3:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3:

Кіріспе

Ақша қаражат арқылы субьектілер бір - бірімен есеп айырысуды ұйымдастырады. Мекемелер қолма - қол есеп айырысуды және банктік операциялар негізінде әртүрлі қаржылық қатынастарды ұйымдастырады. ҚР -да ақшалық байланыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің заңдарымен нормативтік актілер, ережелер арқылы реттеледі.

Олардың арасына:

1. ҚР ҰБ бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібі;

2. 24. 12. 1996 № 54-1 «Валюталық реттеу туралы» ҚР - ң заңы;

3. ҚР ҰБ 20. 04. 2001ж. № 115 «ҚР- да валюталық операцияны жүргізудің

ережесі»;

4. ҚР-ғы «Вексель айналымы туралы» заң;

5. 02. 05. 2000ж №266 ҚР-ның «Банктердегі клиенттердің банктік

шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері» туралы заң;

6. ҚР-ның ҚМ-гі бекіткен «Бухгалтерлік есеп стандарты»;

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, занды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

Субъект өз қызметін дербес жоспарлайды және даму болашағын, материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етумен қатар, ол күрделі кұрылысын да белгілейді. Ол өз өнімін, жұмысы мен қызметтерін Қазақстан Республикасы заңдарында анықталған жағдайларды қоспағанда, өз бетінше белгілеген бағасына немесе шарттардың негізінде сата алады.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, кұндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында
тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық
құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады) ;

- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір
қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де) ;

- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр
фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек) .

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы - кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.

Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның зандылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бас бухгалтерді қызметтің босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.

Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін жүргізген кезде субъект мына жайларды қамтамасыз етіуі керек:

- есеп беру кезеңінің ішінде ақшаларды бағалау мен есептік саясатқа сәйкес ұйымдастырылуын;

- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезенде жүзеге асқан барлық ақшалай операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;

- тиісті есептік кезеңіне ақшалай операцияларды есептік регистрлерге және есептілікке дұрыс қатыстырылуы;

- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,
аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.

Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.

Бухгалтерлік құжаттарда жасалған ақшалай операциялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін көрсетеді. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен рәсімделуімен байланысты болып келеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде қаржылық есептілік және ақша қозғалысының жүргізудің тәртіптері келтірілген. Қазіргі кезде « Ақша қаражаттарының тақырыбы актуалды» , өйткені ақша қаражат операцияларының дұрыс реттеу, орындалуын қадағалау қажет, әсіресе электрондық ақшалай операциялар кезінде. Сондықтан да мен осы тақырыпты дипломдық жұмыс ретінде таңдадым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ақша қаражат операцияларын зерттеу және олардың мекемелерде бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуын қарастыру. Осы мақсатқа байланысты дипломдық жұмыста келесі тапсырмалар бар:

- ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру және ақша қаражаттарының қозғалуының ішкі бақылау жүйесі

  • кассалық операция есебін ұйымдастыру
  • есеп айырысу шотындағы операциялар есебі
  • валюталық операция есебі
  • ақшаның қозғалысы туралы есептіліктегі ашып көретулер

І тарау. Ақша қаражаттарының сипаттамасы.

  1. Ақша қаражаттарының түсінігі және олардың баламалары. Есеп айырысу нысандары

Қаржылық нарықтың қиындылығына байланысты ақша қаражаттарды басқару өте маңызды болып келеді. Бәсеке фирма қаржы таба алатындай және одан әрі дамитын, жаңа технологияларды ендіре алатын қабілетін талап етеді. Ақша қаражаттың және оның баламларының классификациясы мен дұрыс анықталуы кәсіпорынның өтімділік бағасын нақты анықтайды.

7 Қаржылық Есепкерліктің Халықаралық Стандарты (ҚЕХС) “Ақша қаражатының қозғалуы туралы есепте” ақша қаражаттарына және оның баламаларына, ақша қаражатының ағымына келесі анықтама берілген: Ақша қаражаттар өзіне қолда бар ақша мен талап етілгенге дейін салымдарды кіргізеді. Ақша шоты өзіне міндеттемелердің жедел төлеу атауларын ғана кіргізеді. Ақша қаражатына қаржылық мекемелердің ағымдағы шоттардың қалдықтары, нақты қолда бар қағаз ақшалар, монета, валюта, кіші кассадағы қолда бар ақша және кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша құжаттарының берілуі, қаржылық мекемелермен қабылданған жедел депозиттер мен алымдар жатады. Бұл қарапайым ақша құжаттарына: қарапайым чектер, кассалық ордер, клиенттердің чектері, ақша аударымдары және тағы басқа жатады. “Ақша қаражат” - баланстық баптың бүкіл ақша шотының атауларын көрсетеді. Ақша қаражатының баламалары - қысқа мерзімді, өтімділігі жоғары, ақша қаражатына тез айналатын, құндылығының өзгеруінің төменділігі бар салымдар жатады.

Ақша баламалары инвестиция емес қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді қанағаттандыруға бағытталған. Инвестиция ақша баламасы болуы үшін ол ақша қаражатының белгілі сомасына тез айналатын, құндылығының өзгеруі төмен болуы керек. Мұндай кезде инвестиция ақша баламасы бола алады, егер инвестиция қайтару мерзімі қысқа, мысалы 3 ай немесе одан да төмен болса.

Ақша қаражатына пошталық марка, аванс, іс-сапар шығындары, кәсіпорынның жұмыскерлерінің дебиторлық берешегі, қызметкерлерге және сыртқы қатысушыларға төленген ақша аванстар (төленуге тиісті шот) жатпайды.

Есепкерлік мерзімнің соңында төленбеген ақша аударымдары, чектер ақша қаражат шотының қалдығынан шығарылмайды. Кейбір кәсіпорындар чектер төленбегенге дейін қалдықты азайтпайды. “Ақша қаражат” шотына еркін қолдануға болмайтын компенсациялық қалдық сомасын енгізуге болады. Бұл қалдық минималды сома болып табылады және мұны кәсіпорын өз шотында банк талап етпегенше сақтайды. Негізінен бұл қолда бар соманы шектейді және кәсіпорынның өтімділігін төмендетеді.

Банктік займдар негізінен қаржылық қызмет болып саналады. Дегенмен шетелде банктік овердрафтар кәсіпорынның ақша қаражатымен басқаруының негізгі бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда банктік овердрафтар ақша қаражат және баламаларының компоненті ретінде кіргізіледі.

Овердрафт - Банк пайдаланарманының шоты бойынша қаражатты (шоттағы қалдықтан тыс) есептен шығару арқылы берілетін, соның нәтижесінде дебет сальдосы қалатын қысқа мерзімді кредит нысаны. Әдетте, банк пен пайдаланармен арасындағы келісімде овердрафтың барынша көп сомасы, кредит беру шарты, өтеу тәртібі белгіленеді.

Овердрафт негізінен қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады. Мұнда банкпен келісім нәтижесінде банк шотындағы сальдо оңнан теріске өзгереді.

Ақша қаражат ағымы ақша қаражат немесе олардың баламалары арасындағы қозғалысын қоспайды.

Өйткені ол кәсіпорынның операциондық, инвестициондық, қаржылық қызметтің бөлімі емес, ақша операцияларын реттейтін, бақылайтын компоненттердің негізі болып табылады.

Егер ақша қаражаттарының ағымдағы актив ретінде емес басқа мақсатқа пайдаланса, онда олар ағымдағы актив бөлімінен шығарылады.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекспен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.

Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады. 1

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады.

1 (4) 47, 48 б. (127, 128 бап)

Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген зандарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарынын, инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық, кұндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында каражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады. (Қосымша №1)

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

- төлем тапсырмасының нөмірі;

- төлем тапсырмасының жазылған күні;

- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)

- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;

- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК
немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;

бенефициар - аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

- банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын кабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;

- төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құкықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;

- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік

шотына акша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіңдегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

1. 2. Вексель арқылы есеп айырысу

Векселъ - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем кұжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас болып келеді.

Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, кұжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы койылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қатар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.

Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.

Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.

Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.

Егер вексель беруші аударма вексельде "Бұйрыққа емес" немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады. Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбір келісім-шарт койылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі Шектеулі серіктестік «А-БЕК» матеилдарының нәтижесінде ондағы ақша қаражаттарының есебін қазіргі талап деңгейіне сай уйымдастыру
«Транс Техно Сервис» ЖШС- нің ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы ақшалардың есебі
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Ақша қаражаттарының есеп айырысу және валюталық шоттардағы есебі
Ақша қозғалысы
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептері
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz