Ұлттық сана-сезім – шексіз дүние (Өзбекстандағы қазақтар жайында)



Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады.
Көп ұлтты Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақ елінің ұлттық сана-сезімі бекем, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау өте жоғары деңгейде дамыған.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана тілі. Өзбекстанда жасайтын қазақ халқының ана тілі мақтайтындай жағдайда жақсы сақталған. Қолданылу жиілігі жоғары, әлеуметтік қызмет атқаруы (тұрмыстық қарым-қатынас, мектепте білім беру барысында) бірінші орында тұрады.
Бүгінгі күнде Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақтар саны әртүрлі беріледі. Кейбір деректерде бір милионнан астам дейді, басқа бір деректерде 850000-ға жуық дейді. Қазақстанда «Оралман» бағдарламасы жүзеге асқаннан соң, Өзбекстаннан қазақтардың Қазақстанға көшуі күшейе түсті. Сол себептен Өзбекстан жерінде қазақтың саны азайып келеді. Өзбекстандағы қазақтардың басым көпшілігі баяғыдан сол жерде өсіп-өнген, сол жерде қазақ болып қалыптасқан ел, сондықтан Өзбекстанда қазақтар ата-бабасының тұлпары таптаған жерде өмір сүреді.
Өзбекстан Республикасында қазақ халқының өкілдері төменгі аудан-аймақтарда шоғырланған:
1. Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай, Шыназ, Бөке аудандарында және Шыршық қаласында;
2. Қарақалпақстан Республикасында;
3. Науаи облысында. (Тамдыбұлақ, Кенимех аудандарында, Үшқұдық, Зеравшан қалаларында);
4. Жызақ облысында;
5. Сырдария облысында;
6. Бухара облысында (Қарауыл базар, Газли);
Жоғарыдағы тізімде қазақтардың шоғырлануы қалың аудан-аймақтарды атап өттік. Жалпы қазақтар Өзбекстан Республикасының басқа облыстарында да тұрады.
Соңғы 15 жылда қазақтардың Қазақстанға көшуі көбейді. Оған бірнеше себептер бар:
1. Келешек балаларын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуын және жұмысқа орналасуын көргісі келгендер;
2. Ағайын-туысқандарға қосылғысы келгендер;
3. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (жұмыс бабымен);
4. Көшіп жатқан азаматтарға еліктеп көшу т.б.
Өзбекстаннан Қазақстанға қазақтардың көшуі жалғасады, бірақ Өзбекстандағы қазақтың бәрі көшпейді, себебі сол жердегі қазақи тамыры

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ – ШЕКСІЗ ДҮНИЕ
(Өзбекстандағы қазақтар жайында)

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық
ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын
негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз
Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның
мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз
уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде
сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде
тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің
қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге
тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық
тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады.
Көп ұлтты Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақ елінің ұлттық сана-
сезімі бекем, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау өте жоғары деңгейде дамыған.

Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана
тілі. Өзбекстанда жасайтын қазақ халқының ана тілі мақтайтындай жағдайда
жақсы сақталған. Қолданылу жиілігі жоғары, әлеуметтік қызмет атқаруы
(тұрмыстық қарым-қатынас, мектепте білім беру барысында) бірінші орында
тұрады.
Бүгінгі күнде Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақтар саны әртүрлі
беріледі. Кейбір деректерде бір милионнан астам дейді, басқа бір деректерде
850000-ға жуық дейді. Қазақстанда Оралман бағдарламасы жүзеге асқаннан
соң, Өзбекстаннан қазақтардың Қазақстанға көшуі күшейе түсті. Сол себептен
Өзбекстан жерінде қазақтың саны азайып келеді. Өзбекстандағы қазақтардың
басым көпшілігі баяғыдан сол жерде өсіп-өнген, сол жерде қазақ болып
қалыптасқан ел, сондықтан Өзбекстанда қазақтар ата-бабасының тұлпары
таптаған жерде өмір сүреді.
Өзбекстан Республикасында қазақ халқының өкілдері төменгі аудан-
аймақтарда шоғырланған:
1. Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі
Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай,
Шыназ, Бөке аудандарында және Шыршық қаласында;
2. Қарақалпақстан Республикасында;
3. Науаи облысында. (Тамдыбұлақ, Кенимех аудандарында, Үшқұдық,
Зеравшан қалаларында);
4. Жызақ облысында;
5. Сырдария облысында;
6. Бухара облысында (Қарауыл базар, Газли);
Жоғарыдағы тізімде қазақтардың шоғырлануы қалың аудан-аймақтарды атап
өттік. Жалпы қазақтар Өзбекстан Республикасының басқа облыстарында да
тұрады.
Соңғы 15 жылда қазақтардың Қазақстанға көшуі көбейді. Оған бірнеше
себептер бар:
1. Келешек балаларын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында
оқуын және жұмысқа орналасуын көргісі келгендер;
2. Ағайын-туысқандарға қосылғысы келгендер;
3. Әлеуметтік-экономикалық факторлар (жұмыс бабымен);
4. Көшіп жатқан азаматтарға еліктеп көшу т.б.
Өзбекстаннан Қазақстанға қазақтардың көшуі жалғасады, бірақ
Өзбекстандағы қазақтың бәрі көшпейді, себебі сол жердегі қазақи тамыры
терең кеткен, сол жердегі қазақша өмір сүру дағдысы, әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрі биік деңгейде қалыптасқан, ұлттық сана-сезімі шыңдалған,
қаймықпаған, ұлттық сана-сезім басқа рухани сезімдерден басым.
Ұлт тілінің, әдет-ғұрпының, ұлттық қасиеттерінің дамуы, таралуы
тікелей сол ұлт өкілдерінің тек бір территорияда емес, басқа
территорияларда тұруына байланысты. Сондықтан қазақ тілінің, әдет-ғұрпының,
салт-дәстүрінің басқа халықтар арасында тең жүруі, таралуы ең алдымен қазақ
халқының өкілдерінің сол (жат) жерлерде шоғырланып тұруымен байланысты.
Яғни егер қазақ шоғырланып тек Қазақстанда емес, басқа да мемлекеттерде
тұрса, қазақтық рухани дүние, қазақша омір сүру, қазақша болмысты қабылдау
дамиды. Бұл жағдай тек қазаққа емес, жалпы әлем халықтарына ортақ құбылыс.
Әрине бүгінгі жағдайда Қазақстанда қазақ санын көбейту керек,
қазақтарды тарихи Отанына шақыру керек, бірақ сонымен қатар басқа мемлекет
жерінде қазақи орталарды жоғалтпау керек. Олардың даму, тереңдеу, бекемдеу
жолдарын ойластыру керек.
Басқа мемлекеттерде өмір сүретін зиялылар қазақ еліне (мұғалім, ғалым,
дәрігер, заңгер, инженер, онер саласының мамандары) әрқашан да керек.
Бүгінде Қазақстанға көшіп келіп жатқан қазақ азаматтардың ішінде басым
көпшілігі болмаса да, жартысы осындай қоғамға қажет мамандар. Бірақ бұл
жағдай басқа мемлекеттердегі қазақ ортасын әлсіретіп барады.
Өзбекстандағы қазақтар тұратын жерлердің аттары көп жағдайларда
қазақтың ру-тайпаларының аттарымен аталған. Бұл жағдай, әсіресе Ташкент
облысында және Ташкент қаласында көп орын алған. Мысалы: Сіргелі ауданы,
Қыбрай ауданы, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Рамадан, Дархан, Араншы,
Оймауыт, Қараманас, Шақшам т.б. ауылдары.
Сонымен бірге Өзбекстан Республикасындағы қазақтардың басым көпшілігі
бір жақтан көшіп келген қазақтар емес. Жер-су аттары бұл қазақтарды осы
оңірде кемінде мың жылдан бері өмір сүретінін дәлелдейді. Бұл жағдайды
растайтын қасымша мәліметтер көп. Солардың бірі: Ташкент қаласының төрі –
Шайхванд-Тахур тарихи комплексінің ішінде орналасқан Төле би бабамыздың
мавзолейі; Көкше мешітінің маңындағы мазарда ХҮІІ ғасырда жерленген Сіргелі
руынан шыққан Жабай ата зираты; Ташкенттің солтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзбекстан Қазақстанмен қарым-қатынасы
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
Қазақстандағы өзбек диаспорасы
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Абайдың философиялық ойлары
Пәндер