1917 жылғы ақпан төңкерісі


1917 жылғы Ақпан төңкерісі
Жоспар.
I. Кiрiспе
II. Негiзгi бөлiм
1) Петроградтағы төңкерiс
2) Қос үкiметтiң орнауы
3) Төңкерiстiң қазақ жерiн шарпуы
4) “Алаш” партиясы
III. Қорытынды
Кiрiспе
Патша үкiметiнiң I дүниежүзiлiк соғысқа араласуы және майдандағы сәтсiз қимылдары, патша жарлығына қарсы бағытта кей аймақтарда болған ұлт-азаттық көтерiлiстер, сонымен қоса 1905 жылғы күздегi солдаттар мен матростар көтерiлiсi патша үкiметiне қарсыластарының санын көбейте түстi. Жұмысшылар мен майдандағы солдаттардың ауыр хәлдерi патша үкiметiне деген наразылығын тудырды. Мұның өзi революцияның пiсiп-жетiлуiн тездеттi.
1917 жылдың басында Ресейдiң төңкерiстiк жаңа толқыны көтерiлдi. Империалистiк соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңiнен насихатталды. Патша өкiметi бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Төңкерiстiк дағдарыстың пiсiп-жетiлiп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның iшiнде Қазақстанда да сезiлдi.
Көтерiлiстiң жiру барысы
Экономикалық күйзелiс және орыс әскерлерiнiң майдандағы жеңiлiсi, елдегi жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның iшiнде өздерiнiң жеңiлiске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергiлiктi халықтарының 1916 жылғы көтерiлiстерi Ресейдiң революциялық күйзелiс шегiнде тұрғанын, оның демократиялық күштерi, соның iшiнде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешушi шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдедi.
1916 жылы ақпанда Ресейде халық жек көретiн царизмдi құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция болып, сол тұрғыда патша үкiметiн құлатты.
Петроградтағы көтерiлiс. 27 ақпан күнi таңертең Петрогратта қарулы көтерiлiс басталды.
Выборг ауданы көтерiлiске бiрiншi болып шықты. Оларға Волынск полкi қосылды. Қаланың әр жерлерiнде қаруланған жұмысшылар мен полиция және жандармериямен шайқастар басталды.
Қару алған жұмысшылар солдаттармен бiрлесе отырып, үкiмет мекемелерiн басып алды, полицейлердi, чиновниктердi қамауға алып, саяси тұтқындарды босатты. Түрмеден босаған большевиктер бiрден-ақ күреске кiрiсiп кеттi. Көтерiлiс қарсаңында солдаттар халыққа от атса, 27 ақпанда солдаттар жаппай халық жағына шыға бастады. Бұл самодержавиенiң тағдырын шештi.
II Николай әскер бөлiмдерiн майданнан астанаға аттандырып, өзi де Петрогратқа қайтты. Бiрақ оның бөлiмдерiн революцияшыл отрядтар Петроградқа кiре берiсте тоқтатты. Патша поезi Дно станциясында тоқтатылып, Псковқа жiберiлдi. 27 ақпанның кешiне қарай бүкiл қала дерлiк жұмысшылар мен солдаттардың қолында болды. Үйлерде қызыл жалау желбiреп, көпке жиренiштi патша режимi құлатылды.
Әрине, жеңiс халыққа оңай түскен жоқ. Петроградта ақпан шайқастары күндерi 1400-дей адам өлдi және жараланды. Көптеген большевиктер ерлiкпен қаза тапты.
Петроград жұмысшылары мен солдаттардың көтерiлiсiн бүкiл Россия еңбекшiлерi қолдады.
Самодержавиенiң құлатылуы жөнiндегi хабар елге тез арада тарады. Донбасста, Оралда, Төменгi Новгородта жұмысшылар мен солдаттар көтерiлiстерi болды. Iрi қалаларда жұмысшы милициялар отрядтары құрылды.
Революция майданға да жеттi. Мұның көрiнiсi мынадан байқалды: солдаттар мен матростар көптеген бөлiмдерде неғұрлым жеккөрiнiштi офицерлердi қуып шығып, оларды сайланатын командирлермен ауыстырды. Самодержавиенiң күйреуi шаруалар арасында аса зор қанағаттану сезiмiн тудырды.
Ақпан төңкерiсiнiң бiр ерекшелiгi революция нәтижесiнде қос үкiмет орнады. Ол - мемлекеттiк ресми өкiмет билiгiн өз қолына алған буржуазиялық уақытша үкiмет және ресми емес үкiмет - жұмысшы және солдат депутаттарының Петроград Кеңесi. Кеңестiң қолында мемлекеттiк үкiмет билiгi болған жоқ, бiрақ ол қарулы жұмысшылар мен солдаттардың қолдауына және күшiне сүйендi. Жоғарыда айтылған қос үкiмет бiраз уақыт қатар жұмыс iстедi. Уақытша үкiмет, ол кезде революцияны басу үшiн нақтылы күшi болмағандықтан, Кеңестердiң қолдауы арқасында ғана өмiр сүре алды.
Ақпан революциясы елдiң алдында өзiнiң таптық мәнi және алған бағыты жағынан қоғамдық дамудың мүмкiн болатын және тiкелей қарама-қайшы болатын екi жолын ашып бердi. Россия капитализмге феодализмнiң сарқынщақтарынан арылған буржуазиялық-реформистiк жолмен бара ма, әлде пролетарлық-революциялық жолмен социализмге қарай ұмтыла ма - тарих мәселенi осылай қойған едi.
Қазақстандағы ақпан төңкерiсi.
Ендiгi кезекте Қазақстандағы ақпан төңкерiсiне тоқталайық.
Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос үкiмет құрылды. Орталықта және жерглiктi жерлерде буржуазияның саяси өкiмет органдарын құру үшiн Мемлекеттiк дума, қалалық думалар және басқа комитеттер нақты негiз қалады. Уақыша үкiмет әскери губернаторларды, генерал-губернаторларды және отарлық әкiмшiлiктiң шенеунiктерiн билiк жүргiзуден алып тастады. Олардың орнын облыстық комисарлар, азаматтық атқару комитетi, коалициялық комитет және басқалар басты. Бiрақ болыстарда, ауылдарда және селоларда сол бұрыңғы болыс пен ауыл басшылары, селолық старосталар мен станицалық атамандар билiк жүргiзiп қалды.
Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-сәуiр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркiстан өлкесiнде және т. б. жерлерде құрыла бастады.
Уақыша үкiмет облыстардың басына бұрыңғы патшаның отарлау-шенеунiктерiн, сондай-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкiлдерiн қойды.
Мысалы, Ә. Бөкейханов уақытша үкiметтiң Торғай облысындағы, ал М. Тынышпаев - Жетiсу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды. Уақытша үкiметтiң Қазақстандағы жергiлiктi органдары 1917 жылы наурыз-сәуiр айларында құрылды.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездiк комитеттерi де ұйымдастырылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлерi мұсылмандық, татарлық және басқа комитеттерге бiрiктi. Айталық, 1917 жылы 7 наурызда Верныйда жалпымұсылмандық комитет - З. Тазетдинов басқарған Құрылтай пайда болды.
Осы кезде Омск, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы уақыттары мәдени-ағарту iстерiмен шұғылданған жастар үйiрмелерiн, ұйымдарын құрды. 1915-1917 ж. ж Орынборда «Еркiн дала», Омскiде «Бiрлiк», Оралда «Жас қазақ», Троицкiде «Үмiт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйiрмелер мен топтар құрылып, халық арасында сол кездегi көкейтестi мәселелерге байланысты листовкалар және өлең-тақпақтар таратты. Олардың белгiлi бiр бағдарламалары болмады, әлеуметтiк құрамы жағынан да бiркелкi емес едi. Алайда олар қазақ халқын царизмнiң ұлттық-отарлау езгiсiнен азат етудi шын пейiлдерiмен қалады, өз халқының бiлiм алып, ағартылуын талап еттi, еңбекшiлер санасында ұлттық бiрлiк, бостандық пен тәуелсiздiк идеяларын оятуға ұмтылды. Кейбiр жағдайда ұлттық интеллигенция өкiлдерi Ақпан төңкерiсiнен кейiнгi қоғамдық - саяси дамудың өте маңызды мәселелерi бойынша Уақытша үкiмет жағына шығып кетiп отырды.
“Алаш” партиясы.
Бұл кездегi империя көлемiн қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесiп, кезек күттiрмейтiн ұлттық мәселелерге байланысты бiр тұжырымға келу үшiн жалпы қазақ съезiн шақыру туралы шешiм қабылдады. Олар ”Қазақ” газетi арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шiлдеде Орынборда болған ” Бүкiл қырғыздық ” съезде ”Алаш” партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т. б. кiрдi.
Әрине, кез-келген саяси партияның алдын-ала жасалған бағдарламасы болады. Партия сол жылы 5-13 /18-26/ желтоқсанда Орынборда өткен екiншi съезiнде Қазақ автономиясы - Алашорда үкiметi - ұлт Кеңесi құрылды және жоғарыда айтылғандай, ”Алаш” партиясының Бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарлама негiзгi он бөлiмнен тұрды. Оларды атап көрсетсек:
- Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
- Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
- Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
- Дiн туралы, дiндi мемлекеттен ажыратып шығару;
- Елдегi билiк және сот туралы;
- Елдi қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
- Халықтың табысына қарай салық салу;
- Жұмысшылар туралы;
- Ғылым және бiлiм туралы;
- Жер мәселесi;
Жаңа құрылған үкiметтiң құрамына 15 адам, Халық кеңесi төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекiтiлдi. Бұл үкiметтiң негiзгi мақсаты ұлттық бiрлiктi жандандыру саясаты болған едi. Осы қозғалыстың өмiрге келуi отаршылдық езгiдегi халқымыздың ғасырлардан бергi қордаланып келген және әбден пiсiп-жетiлген наразылығының айқын көрiнiсi болды.
Большевиктер билкке келiсiмен-ақ, ұлттық мүдденi негiзгi мұратына санаған, Қазақстандағы бұл қозғалыс пен Алаш партиясына пролетарлық төңкерiстiң салтанатты шеруi жолындағы кедергi есебiнде қарады. Бұл бағыт оның iшкi және сыртқы саясатында ашық көрiнiс тауып, әсiресе, Сталиннiң жеке билiгi орнағаннан кейiнгi кезеңде жетекшi бағытқа айналды. Соның салдарынан бұрынғы империяның шет аймақтарында дами бастаған ұлттық қозғалыстарға үзiлдi-кесiлдi тежеу салынды.
1918 жылғы 5 қаңтарда Бүкiлресейлiк құрылтай жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құру мүмкiншiлiгiне де зардабын тигiздi. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық тереңдей түстi. Егер Алаш партиясы, бiрiккен ұлттық зиялылар большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтiк тәжiрибенi күштеп танушы, қазақ жұртына iрiткi салушы күш ретiнде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесiн қорғайтын, төңкерiске қарсы кертартпа күш есебiнде қарады.
Сөйтiп, қазақ елiнiң ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тiккен биiк арманы - ұлттық мемлекеттi қалпына келтiру iсi - Алаш қозғалысы, Алашорда үкiметiмен бiрге тоталитарлық өктемдiк пен империялық зомбылықтың шабуылына көмiлiп, тарих қойнауында қала бердi.
Ақпан төңкерiсiнен кейiнгi алғаш күндерi-ақ патша үкiметiнiң жергiлiктi органдарын жою және оған неғұрлым жан-тәнiмен қызмет еткендердi жазалау жөнiндегi шаралар қолға алынды. Облыс губернаторларын, кейбiр офицерлердi қызметiнен алып, тұтқындады. Осы кездегi жұмысшылардың негiзгi ұрандарының бiрi 8 сағаттық жұмыс күнiн талап ету болатын. Жұмысшылар өздерiнiң бұл талаптарын Орынбор - Ташкент және Омск темiржолының бүкiл өн бойында нақты iске айналдыра алды. Риддер темiр жолында да осы талапты қойып, және одан нәтиже шығара алды.
Патша өкiметi құлатылған соң, Қазақстан большевиктерi астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә. Жангельдин, А. Коростелев, Ақтөбеде - В. Ф. Зинченко, Перовскiде - А. В. Черняхов, Оралда - П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н. Морозов, Семейде - П. Салатов, Петропавлда - К. Сүтiшев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргiздi.
Большевиктiк партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серiкбаев, Т. Рысқұлов С. Арғыншиев және басқалары кiрдi. Олар уақытша үкiмет саясатының мiнiн халыққа ашып бердi, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледi, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерiстiң жеңiсi жолындағы күреске топтастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz