1986 жыл. 16 желтоқсан



1986 жыл. 16 Желтоқсан. Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут! Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын таптауға жетіп-артылды.
Он сегіз-ақ минут,
Ел тағдыры шешілген.
Он сегіз-ақ минут,
Тәныстырған шешіммен.
Он сегіз-ақ минут,
Ызгары қарып жаныңды,
Он сегіз-ақ минут,
Есіңнен кетпес есіңнен!
Он сегіз-ақ минут -Ең қысқа өткен жиналыс. Он сегіз-ақ минут -Тағдыры елдің сыйған іс. Он сегіз-ақ минут, Биліктің озбыр пышағы, Тамырын елдің қиған іс.
Он сегіз-ақ минут,
Жиналыс өтті ызғарлы.
Он сегіз-ақ минут,
Тынышын елдің бұзған-ды.
Он сегіз-ақ минут,
Он сегіз минут артында
Он сегіз жылда жуылмас қара із қалды...
/Айбек Қалмағанбетов/
Жиналғандар дереу республика Компартиясы орталық комитетінің I хатшысы, Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен
Дінмұхаммед Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына Саяси Бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Г. В. Колбинді сондай бірауыздылықпен сайлады. Колбиннің бұлай аяқастынан келуін «тоқыраған» қазақстандық басшылар бір-бірімен қарға тамырлас, сондықтан қайткенде де «сырттың адамын» әкелуге мәжбүр болдық деп түсіндірді («Алматы 1986. Желтоқсан» 3-кітап. 1992. «Шабыт» баспасы. Жауапты шығарушылар: Талғат Айтбайұлы, Тойболды Зейнәбін).

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1986 жыл. 16 Желтоқсан. Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан Компартиясы
орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут! Осы қысқа
уақыт қазақ халқының намысын таптауға жетіп-артылды.
Он сегіз-ақ минут,
Ел тағдыры шешілген.
Он сегіз-ақ минут,
Тәныстырған шешіммен.
Он сегіз-ақ минут,
Ызгары қарып жаныңды,
Он сегіз-ақ минут,
Есіңнен кетпес есіңнен!
Он сегіз-ақ минут -Ең қысқа өткен жиналыс. Он сегіз-ақ минут
-Тағдыры елдің сыйған іс. Он сегіз-ақ минут, Биліктің озбыр пышағы,
Тамырын елдің қиған іс.
Он сегіз-ақ минут,
Жиналыс өтті ызғарлы.
Он сегіз-ақ минут,
Тынышын елдің бұзған-ды.
Он сегіз-ақ минут,
Он сегіз минут артында
Он сегіз жылда жуылмас қара із қалды...
Айбек Қалмағанбетов
Жиналғандар дереу республика Компартиясы орталық
комитетінің I хатшысы, Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен
Дінмұхаммед Қонаевты қызметінен алды. Оның орнына Саяси Бюроның
ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Г. В. Колбинді
сондай бірауыздылықпен сайлады. Колбиннің бұлай аяқастынан келуін
тоқыраған қазақстандық басшылар бір-бірімен қарға тамырлас, сондықтан
қайткенде де сырттың адамын әкелуге мәжбүр болдық деп түсіндірді (Алматы
1986. Желтоқсан 3-кітап. 1992. Шабыт баспасы. Жауапты шығарушылар:
Талғат Айтбайұлы, Тойболды Зейнәбін).
Желтоқсанның 17 күні ертеңгілік Орталық Комитет ғимаратының алдындағы
Л. И. Брежнев алаңына жиналған 25-30 мыңдай нөпірдің дені жастар еді.
Қазақта Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды деген аталы сөз
бар, ал ол кездің жүрегі түкті, көзсіз батырлары болса отызға да тола
қоймаған жиырманың о жақ бұ жағындағылар еді. Мұқағалиша айтқанда халықты
сүйем деп байбалам салмай, оған текжан жүрегімен ғашық бола білген сол
кезге тән өршіл жастардың келбетін тарихшы М. Қойгелді ағамыз былайша
сипаттайды:
Біріншіден, олар 37-38-дің жойқын жап-пай репрессиялау саясатын
көрмеген, 39-45 жылдардағы екінші дүниежүзілік аласапыран соғысқа
қатыспаған, соғыстан кейінгі мерзімде қатая түскен тоталитарлық жүйенің
идеологиялық ықпалына ұшырағанымен, илеуінде біржола жаншылмаған ұрпақ еді.
Екіншіден, ешқандай да күмәнсіз нәрсе сол, бұл жаны таза, рухы биік,
қазақ әдебиеті мен өнерінің үздік дәстүрінде тәрбиеленген, Мұқағали
Мақатаевтың Реквиемін, өлеңдерін жатқа білетін, Шәмші Қалдаяқовтың
Менің Қазақстанымын өзінің ортақ гим-ніне айналдырған ұрпақ болатын. 1986-
ның желтоқсан күндері олар өз елінің азаттығы үшін ең биік те асқақ қамалды
алуға даяр еке-нін дәлелдеп берді (Егемен Қазақстан 2001, 17 Желтоқсан).
Көңілдің кірі айтса кетеді деген мақаласында журналист Көлбай Адырбекұлы
да сол кезгі жастардың ерекшеліктерін қадап айтып, айбынды жастардан тіпті
Колбиннің да қатты қорыққанын тілге тиек етіп, оларға өте биік лайықты баға
берген:
Орталық Комитеттің тағы бір қателігі сол - қазақ ұлтына баяғы Ресей
патшалығының бұратаналық көзқарасымен қарауы. ...Олардың енді бұрынғылардай
айтқандарына көніп, айдауларына жүре бер-мейтінін білмеді. Тіптен мұздай
қаруланған жазалаушы әскерлерімен жан-жақтан қоршауға алып, зәр-заһарын
шашып тұрғанның өзінде сеңдей соғылысқан жастар толқындай тербетіліп тұрып,
ақын Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған композитор Шәмші Қалдаяқовтың
Менің Қазақстаным әнін шырқаумен болды. ..Менің елім,
Менің жерім... - деп Алматы аспанын жаңғыртқан ән құдіреті көргендердің
айтуына қарағанда, Ақ үйде үстел басына қонжиған Колбинді орнынан он
тұрғызып, он отырғызыпты. Құтының қашқаны соншалық, байыз таппай үстел мен
терезенің арасын-да сан рет жүгірген. Өзінің мұнда жат екенін білген.
Жиналған жастарға аяусыз күш қолданып, ұрып-соғып, қан төгіп таратса да
олардың рухын жеңе алмағанын іші сезді. Бұрынғы бұратана ұрпағы емес,
ештеңеден қайтпайтын, намысын ту етіп, арғы асыл тегі-не тартқан жастардан
сескенді.
Желтоқсанға негізгі қатысушы қозғаушы күштің, бастаушылар да, дем
берушілер де, соған сай жазаланушылар да негізінен жастар
болғандығын бірқатар фактілер де бұлтартпай растайды. Желтоқсанға
қатысқан Роза Спанова шығарған Біз білетін Желтоқсан (Жалын баспасы,
2000) кітабында жастардың құрамы былайша берілген: Ұсталған 633 адамның
ұлттық құрамы:
628 қазақ, 1 татар, 1 ұйғыр, 1 корей, 1 карақалпақ, 1 қырғыз;
әлеуметтік құрамы: 303 жұмысшы, 275 студент жастар, 5 мектеп оқушысы, 9
зиялылар өкілі, 16 қызметкер, 17 жұмыссыз.
Жастардың басым бөлігі Алматы тұрғын үй құрылысы
тресінде, Құрылыс монтаж басқармасында,
Алматы ауыр машина жасау зауытында, Алматы мақта-мата
комбинатында, Поршень зауытында, Тұрмыстық химия зауытында,
Гагарин атындағы тігін фабрикасында істейтін жұмысшы жастар еду Академик
Манаш Қозыбаев алаңға негізінен жастар шықты деген дерек-терді алға тартып,
желтоқсан - таза жастардың қозғалысы деген баға береді
Фіктілер желтоқсан қозғалысына қазақ жастарының шыққандығын көрсетеді.
Америкалық Хельсинкі тобы олардың орта жасы 25-те еке-нін растайды.
Жазушы Т. Бейісқұлов Желтоқсан ызғары атты еңбегінде 99 сотталған жастар
туралы деректер береді. Олардың 23-і әйел, 40-ы жұмысшы, 47-сі студент
жастар, милиция пунктіне әкелінгендердің 1163-і жұмысшы жастар, ал
Мемлекеттік қауіпсіздік коми-тетіне әкелінгендердің 87-сі студент, 57-сі
қызметкер, 102-сіжұмыссыздар
Желтоқсан 1986 - жастар қозғалысы, болашаққа үміт артқан ұрпақ
қозғалысы.. (Егемен Қазақстан 1996, 6-желтоқсан, 1986-желтоқсан: дақпырт
және шындық)
¥лттық рух сынға түсіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Желтоқсан - 1986
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Дақпырт пен шындық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Пәндер