Қоғамдағы инновациялық технологияның педагогикалық шарттары



Еліміз егемендік алғаннан кейін өзге де салалар сияқты оқу, білім саласына да көптеген жаңалықтар енгізілді. Осындай жаңалықтардың бірі оқу үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану. Қазіргі таңда оқытудың активті, пассивті сонымен қатар интерактивті әдісін кеңінен қолданады.
Осы орайда оқытудың пассивті әдісінде студент оқытудың негізгі обьектісі болып табылады. Мұндай әдісте студент оқытушы берген тапсырманы терең меңгеріп материалдарды қайта қарап өз білімін шыңдай түседі, әдетте мұндай әдісті репродуктивті әдіс деп атайды. Студент пен оқытушы әдетте бір ағымда ақпарат алмасады. Мысалы, дәріс сабағын өту арқылы студент пен оқытушы белгілі бір тақырыпты терең зерттей алады. Студент мұндай жағдайда тақырыптан тыс өзекті мәселелермен айналыспайды.
Ал оқытудың активті әдісінде студент оқытудың субьектісі болады. Бұл жағдайда студент тікелей оқытушымен диалогқа түседі, сондай-ақ өзін толғандырған өзекті мәселелерді шешуге тырысады. Бұл әдістеде студент оқытушыдан алған дәрістермен немесе өзі бұрып пайдаланған әдебиеттермен бір ағымда ақпарат алмаса алады. Пассивті әдіске қарағанда активті әдістің ерекшелігі мұнда студент оқытушыға өзін толғандырған мәселе бойынша сұрақ қоя алады, ал оқытушы студенттің шығармашылық ойлау қабілетін арттыру мақсатында тапсырмалар береді. Студент бұл әдісте топтың өзге мүшелерімен емес тек оқытушымен тікелей жұмыс істейді. Қазіргі кезде оқытудың мұндай әдісі семинар сабақтарымен студенттің өзіндік жұмысында кеңінен қолданады.
Интерактивті әдісте студент те, оқытушыда бір мезгілде оқытудың субьектісі болып табылады. Оқытушы тек оқыту үрдісінің ұйымдастырушысы рөлін ойнайды. Оқу үрдісінің барлық қатысушылары бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондай-ақ бір-бірімен ақпарат алмасып өзекті мәселелерді бірлесіп шешеді. Студенттер өз ойларын ашық түрде жеткізіп, өзге студенттердің атқарған жұмыстарына баға береді. Студенттер бір-бірімен іскерлік байланыста болып болашақ маман ретінде алға қойған тапсырманы бірлесіп шешеді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдағы инновациялық технологияның педагогикалық шарттары

Еліміз егемендік алғаннан кейін өзге де салалар сияқты оқу, білім
саласына да көптеген жаңалықтар енгізілді. Осындай жаңалықтардың бірі оқу
үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану. Қазіргі таңда
оқытудың активті, пассивті сонымен қатар интерактивті әдісін кеңінен
қолданады.
Осы орайда оқытудың пассивті әдісінде студент оқытудың негізгі
обьектісі болып табылады. Мұндай әдісте студент оқытушы берген тапсырманы
терең меңгеріп материалдарды қайта қарап өз білімін шыңдай түседі, әдетте
мұндай әдісті репродуктивті әдіс деп атайды. Студент пен оқытушы әдетте бір
ағымда ақпарат алмасады. Мысалы, дәріс сабағын өту арқылы студент пен
оқытушы белгілі бір тақырыпты терең зерттей алады. Студент мұндай жағдайда
тақырыптан тыс өзекті мәселелермен айналыспайды.
Ал оқытудың активті әдісінде студент оқытудың субьектісі болады. Бұл
жағдайда студент тікелей оқытушымен диалогқа түседі, сондай-ақ өзін
толғандырған өзекті мәселелерді шешуге тырысады. Бұл әдістеде студент
оқытушыдан алған дәрістермен немесе өзі бұрып пайдаланған әдебиеттермен бір
ағымда ақпарат алмаса алады. Пассивті әдіске қарағанда активті әдістің
ерекшелігі мұнда студент оқытушыға өзін толғандырған мәселе бойынша сұрақ
қоя алады, ал оқытушы студенттің шығармашылық ойлау қабілетін арттыру
мақсатында тапсырмалар береді. Студент бұл әдісте топтың өзге мүшелерімен
емес тек оқытушымен тікелей жұмыс істейді. Қазіргі кезде оқытудың мұндай
әдісі семинар сабақтарымен студенттің өзіндік жұмысында кеңінен қолданады.
Интерактивті әдісте студент те, оқытушыда бір мезгілде оқытудың
субьектісі болып табылады. Оқытушы тек оқыту үрдісінің ұйымдастырушысы
рөлін ойнайды. Оқу үрдісінің барлық қатысушылары бір-бірімен тығыз
байланыста болады, сондай-ақ бір-бірімен ақпарат алмасып өзекті
мәселелерді бірлесіп шешеді. Студенттер өз ойларын ашық түрде жеткізіп,
өзге студенттердің атқарған жұмыстарына баға береді. Студенттер бір-бірімен
іскерлік байланыста болып болашақ маман ретінде алға қойған тапсырманы
бірлесіп шешеді.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану бұл еліміздегі
түрлі сала бойынша білім алып жатқан студенттердің болашақ бәсекеге
қабілетті маман ретінде дайындап шығару. Педагогтар инновациялық
технологияны тиімді пайдалану арқылы студенттердің өз ойларын жеткізе
білуін, творчествалық ойлау қабілетін арттыруды, бір-бірімен студент
ретінде емес іскерлік қарым-қатынаста болашақ маман ретінде қызмет
барысында туындаған өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын, ақпаратты
қалай тиімді пайдалану әдістерін үйретеді.
Бүгінгі таңда білім беру орындарында теориялық және практикалық
инновация технологияларының нұсқалары қолдануда. Осы мәселемен
А.Я.Савельев, В.М.Максимов, Г.К.Селевко ғалымдар айналысты.
Л.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынады:
құрылымдық логикалық технология, интеграциялық технология (әртүрлі пәндік
білімдердің бір-бірімен байланысы), ойындар технологиясы, тренингтік
технология, ақпараттық технология, диалогтық технология.
Осы жіктеулер қазіргі кезде кең қолданылуда. Себебі, білім берудің
негізгі жолы - оқыту. Оқыту - ұстаз бен оқушы белгілі бір мақсатты жүзеге
асыратын біртұтас педагогикалық процесс. Ал белгілі бір мақсатты толық
жүзеге асыру оқытуды тиімді ұйымдастырумен сипатталады.
Оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту функцияларын кеңінен қолдану
қажеть. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,
оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қолайлы жағдай жасауға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Инновациялық технология студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдай түседі,
атап айтқанда, оқытудың интерактивті әдісі арқылы тек студенттің
кәсіби шеберлігі ғана емес, сондай-ақ ол өзін қоршаған ортаға білімін жария
ете алады.
Оқытудың интерактивті әдісі бұл оқу-ағарту саласындағы жаңа ұғым емес.
Бұл әдіспен көптеген студенттер мен оқытушылар таныс. Оқытудың бұл әдісінің
тиімділігін қазіргі таңда көптеген оқу орындары мойындап отыр.
Оқытудың интерактивті әдісінің мақсаты студенттердің тек жеке және
ұжымдық қабілетін арттыру емес, сондай-ақ олардың ақпараттарды дұрыс
қабылдап, оларды бағалау, ақпараттарды талқылауға қатысу, толғандырған
мәселелер бойынша шешімдер шығару, өз ойын өзгелерге жеткізу арқылы
көздеген бір мақсатқа жету болып табылады.
Интерактивті әдістің негізгі қызметі біріншіден, студенттердің білімі:
• оларға қалай жұмыс істеуді таныстыру;
• өз қабілеттерін тиімді пайдалануды таныстыру.
Интерактивті әдістің екінші қызметі бұл студенттің қабілетін арттыру
яғни студенттің интеллектуальды қабілетін арттыру бұл ойлау қабілетін
арттыру
• оларға өз ойларын дұрыс жеткізуді үйрету;
• болған оқиғаны дұрыс бағалауды үйрету;
• өзекті мәселеге дұрыс шешім қабылдатуды үйрету.
Интерактивті әдісте сондай-ақ өзін-өзі қалай ұстау керектігі мен топта
өзінің ойын ашық және нақты жеткізуін үйретеді.
Интерактивті оқыту әдісіңің кейбір түрлері елімізде кеңінен
қолданылады. Әрбір оқытушы немесе ұйымдастырушы оқу үрдісінде жаңа немесе
кеңінен қолданылған әдістерді пайдаланады.
Қорыта айтқанда, оқыту үрдісінде инновациялық технологияны тиімді
пайдалану арқылы оқытушылар егеменді елімізге бәсекеге қабілетті мамандарды
дайындайды.

Адам құқығы білім саласы ретінде. Негізгі ұғымдар

Адам құқығы - өмір, бостандық, қадір-қасиет, ар-ождан, абырой, жеке
автономия сияқты адамзат өркениетінің басты құндылығына біріктірілген
маңызы жағынан ерекше құқық саласы болып табылады. Осындай құндылықтар адам
құқығында нормативті түрде бекітіліп, құқықтың құралдар мен институттар
арқылы оның жүзеге асырылуы үшін кепілдікке ие болады.
Адам құқығын білім саласы ретінде оқып үйрену үшін алдыменен негізгі
ұғымдарды анықтап алуымыз қажет.
Адам құқығы саласындағы алғашқы маңызды ұғымдардың бірі - XX ғасырдан
белгілі демократия ұғымы. Қазіргі кезде кез келген саяси қозғалыстар
бағдарламаларына өз елдерінде демократияны орнатуды басты мақсат ретінде
енгізеді. Әлем бойынша демократияның алуан түрлі анықтамасы кездеседі,
қазіргі тілде демократия сөзінің бірнеше мағынасы бар. Грек тілінен
аударғанда бұл сөз халық билігі деген мағынаны береді, ал ежелгі гректер
бұл ұғымды халықтық билік деп қабылдаған. Американдық мемлекет қайраткері
А.Линкольн демократияны халықпен сайланған және халын үшін халықтың
басқаруы деп санайды.
Көбінесе демократия ұғымы демократиялық ойларды жүзеге асырудағы
халықтық билік үшін жүргізілген саяси қозғалыстар деп те ұғындырылады.
Кең мағынада демократия басқару мен қабылдауда оның мүшелерінің тең
құқылы көпшілік дауыспен шешімге келген кез келген ұйымдық құрылым нысаны
ұғымын береді. Демократиялық мемлекет дегеніміз — жалпы танылған адам және
азаматтың құқығы, бостандығының құрылымы мен әрекеті халықтың еркін
білдіретін мемлекет. Халық - биліктің қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі кездегі мемлекеттерде, соның ішінде өкілеттік демократия өмір
сүреді, яғни халық өз өкілдерін мемлекетті басқару үшін (мысалы, Президент,
Парламент, жергілікті өкілетті органдар депутаттары), халықтың әділетті
өкілеттілігін қамтамасыз ету үшін ерікті, ашық және әділ сайлауды қажет деп
есептейді. Барлық азаматтардың сайлауға қатысу құқығы демократияның маңызды
принципі болып табылады. Сонымен бірге көпшілік тұрғындардың нақты еркін
білдіретін депутаттар сайланады.
Демократия ұғымы көбінесе көпшіліктің билігі деп те түсіндіріледі.
Көпшіліктің билігі азшылың және жеке адамдарға қатысты алғанда қатал болуы
мүмкін. Демократия көпшілікке ғана қатысты емес, сонымен бірге азшылықтың
ұлттық, діни, т.б. құқықтарын сақтайды.
Демократия көпшіліктің шектелген билігі, яғни адам құқығы мен
бостандығының өзі көпшіліктің еркін шектейді. Сондықтан, демократиялық
қоғамда адам құқығы мен бостандығы көпшілік билігінің шегін анықтайды.
Адам құқығы, тұлға құқығы, жеке тұлға құқығы ұғымдары бірсарынды
болғанымен, мағыналарыөр түрлі. Адам, бір жағынан алғанда, табиғаттың
бөлігі, екінші жағынан алып қарасақ, әлеуметтік тұлға. С.И.Ожегов
анықтамасы бойынша, жекетұлға -жеке тұлғаиум сияқты жеке, тірі ағза.
Тұлға ұғымы адамның әлеуметтік маңызын білдіреді. Адам табиғи
биологиялық және қоғамдық әлеуметтік бірлік, яғни адам құқығы ұғымы
жеке тұлға құқығы (табиғат бөлігі ретінде) және тұлға құқығы (қоғамның
бөлігі ретінде) ұғымдарын қамтиды. Тұлға ұғымының азамат ұғымына
қарағанда мәні кең, себебі кез келген тұлға азамат болып табылмайды.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы осы екі ұғымды қабылдай
отыра адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын белгілейді.
Азамат құқығы мен адам құқығының айырмашылығы адамның тек қана
мемлекетпен өзара қарым-қатынасын бір жақты қарастырудағы азаматтың қоғам
және мемлекет ұғымдарының айырмашылығынан туындайды. Адамның қозғаушы
күші ретінде оның жекелеген мүдделері әрекет етеді, сондықтан адамның
әрекет етуінің дербес саласы бөлініп шығады. Аталған мүдделердің таралуы
азаматтық қоғамда жүзеге асырылады.
Азаматтың қоғам - құқық және мемлекетпен қорғалатын, қоғам мен
мемлекеттің және оларға әсерін тигізетін, мемлекет тарапынан құрылатын
қоғамдық құрылымдардың өміріндегі мәселерді шешуге белсене қатысатын, жеке
бостандыққа ие экономикалық тәуелсіз азаматтардың қоғамы. Азаматтық қоғам
немен сипатталады? Азаматтың қоғамға тән белгілер:
• жеке меншікке негізделген азаматтардың экономикалық еріктілігі;
• азаматтардың жеке өміріне мемлекет тарапынан қол сұғылмаушылық;
• азаматтардың құқықтары мен бостандығын мемлекеттік қорғау және
құқықтық ресімдеу;
• сот билігінің тәуелсіздігі;
• заңды билік өкілділігінің болуы;
• қоғамдағы әр түрлі топтар мен таптардың мүдделерін білдіретін және
мемлекеттік органдар әрекеттеріне өз ықпалын тигізетін сан алуан азаматтың
әрі қоғамдық институттардың (партиялар, бірлестіктер және басқа да
үкіметтік емес ұйымдар) дамуы;
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет тығыз байланысты, себебі құқықтық
мемлекет азаматтық қоғамның саяси құқықтың ресімделуі болып табылады.
Құқықтық мемлекет - құқықтың, заңның үстемдігін, заң алдында барлығының
теңдігін және сот тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, билікті ұйымдастыруда
оның бөліну принципін негіз етіп алатын, адам құқығы мен бостандығын танып,
кепілдік беретін демократиялық мемлекет. Құқықтың мемлекеттің белгісі болып
не табылады? Құқықтық мемлекеттің белгілері:
• мемлекет әрекетінің құқықпен шектелуі;
• қоғамның барлық саласында заңның үстемдігі;
• мемлекеттік әрекетті жүзеге асыруда биліктің бөліну принципі;
• заңдарды қабылдауда халықтың еркі мен мүддесін білдіретін заң
шығарушы биліктің өкілдік сипаты;
• азаматтардың құқықтары мен бостандығын атқарушы билік органдары
арқылы сатылық мемлекеттік қорғау;
• сот билігінің тәуелсіздігі;
• қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылық тұрақтылығы;
• Конституция және алуан түрлі көзқарастар мен ойлардың, т.б.
шеңберінде әрекет ететін партиялар, қозғалыстар, бірлестіктердің болуы,
саяси және идеологиялық сан қырлылық;
Құқықтық мемлекет - барлығына белгілі нақты және тұрақты заңдар, яғни
адам мен билік арасында ойын ережесі қалыптасқан мемлекет. ҚР
Конституциясының бірінші бабы: Қазақстан Республикасы өзін адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқыңқық және әлеуметтік мемлекет ретінде
белгілейді деп көрсетеді. Азаматтар әрекет ету барысында заңмен тыйым
салынбаған әрекеттердің бәріне рұқсат принципін негізге алса, ал билік
органдары мен лауазымды тұлғалар заңда тура көрсетілгендерге ғана рұқсат
принципі бойынша әрекет етеді, яғни құқықтық мемлекет адамның мемлекеттік
биліктің өзінің тәртібіне қаншалықты әсер ететінін нақты білетін мемлекет,
себебі бұл мемлекетте тек қана заң үстемдігін жүргізеді.
Адам құқығы моральдық құқықтың санатына енеді, бірақ олар басқа
моральдық құқықтардан бірнеше белгілері бойынша ерекшеленеді. Моральдық
құқық тұлғаға оның жетістіктері немесе әлеуметтік мәртебесі арқылы берілуі
мүмкін. Адам құқығы өте күрделі: олар барлық адамдарға барлық жағдайда оның
әлеуметтік шығу тегіне қарамастан беріледі. Құқық адамға тумысынан
беріледі. Адам құқығы адамнан бөлініп алынбайды, яғни адамды өзінің
құқықтарынан айыруға болмайды, адам өз еркімен олардан бас тарта алмайды,
бір мезгілде басқа моральдық құқықтарға қарағанда адам өз еркімен уақытша
немесе мәңгілік, толық немесе жартылай бас тарта алады, сонымен қатар басқа
құқықтық нормаларға қарағанда адам құқығы мемлекетке тән болып табылады.
Адам құқығының негізгі екі тобы қалыптасқан:
1. Материалдық құқықтар - адамға тиесілі нақты құқықтар мен
бостандықтарды қамтиды: ар-ұят, сөз, тұрғылықты жерді таңдау бостандықтары,
білім алу құқығы, т.б.;
2. Іс жүргізу құқығы - адамды өзінің құқықтарын қорғау құралдарымен
қамтамасыз ету және адамды мемлекет қабылдаған шешім арқылы әр түрлі құқық
бұзушылық әрекеттерден қорғау.
Сонымен бірге адам құқығы бар жағдайда материалдық, ал екінші жағдайда
іс жүргізу түрінде бейнеленуі мүмкін. Мысалы: соттағы қарау құқығы, оны
жүзеге асыру барысында біз құқықтарымызды бұзуды ұйымдастыратын тұлға
үстінен сотқа шағымданамыз, бұл іс жүргізу құқығы, ал басқа адамдармен
туындаған дауды шешу үшін сотқа арбитр ретінде шағымдануымыз материалдық
құқық болып табылады.
Материалдық құқық құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Адамға
құқықтардың берілуі (кей кезде оларды ұстанымдық құқықтар деп атайды)
мемлекеттің әрбір азаматқа қатысты міндеттерге ие болуымен сипатталады.
Мысалы: денсаулық сақтау құқығы әркімнің дәрігерлік көмек алу мүмкіндігіне
ие болатын емдеу мекемесін құру міндеттілігін мемлекетке жүктейді. Егер
адам ауылда аурухананың болмауы салдарынан дәрігерлік көмек алу
мүмкіндігінен айырылса, онда адамның денсаулық сақтау құқығының бұзылғаны.
Бостандықтар кей жағдайда қарсы (келеңсіз) құқықтар деп те аталады, бұл
биліктің адамның жеке өміріне араласуына тыйым салуы, мысалы жеке адамның
ар-ұят және сөз бостандығына мемлекет тарапынан қысымшы-лықтың болмауы.
Адам құқығы мен бостандығы ұғымы алдыменен адамның мемлекетпен өзара
қарым-қатынасы ретінде түсіндіріледі. Әлемде осындай қарым-қатынасқа үш
түрлі табиғи сипат берілгені белгілі:
1. Әрқашан мемлекет бірінші орында тұрады, содан кейін ол адамдарға
белгілі бір құқықтарды береді деген ұғым, яғни адамдарға мемлекет қанша
құқық берсе, оларда соншама құқықтар ғана болуы тиіс. Мұндай көзқарастар
XIX ғасырда Еуропаның бірнеше елдерінің, сондай-ақ социалистік елдер
конституцияларында орын алған.
2. Мемлекет және халық жекелеген адамдардың топ-тастығы ретінде
аталмыш мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандығы туралы қоғамдық
келісім-шартқа отырады, көбінесе мұндай шарт конституция нысанында
жасалады.
3. Табиғи құқықтар мен бостандықтарға ие болған адамдар өздерінің жеке
өмірлерін реттеу үшін мемлекет құру қажеттігін сезінеді. Ол адамдарға
қаншалықты құқықтарды беруге келіссе, осындай мемлекеттік билікте
соншалықты құқықтар болады. Мысалы, өз мүдделерін қамтамасыз етуде адамдар
мемлекетке салықтарды төлеуге, армияда қызмет етуге, т.б. келісімдерін
береді. Осы көзқарасқа сәйкес биліктегілерге тек қана заңмен рұқсат етілген
әрекеттерге ғана барулары қарастырылған, ал адамға заңмен тыйым салынбаған
әрекеттің бәрін жасауға рұқсат етілген. Осының өзі адам құқығының негізгі
көзқарасы болып табылады.
Қазіргі кездегі адам құқығы туралы көзқарастар төмендегідей үш қағидаға
негізделеді:
1. Биліктің кез келген түріне шектеу бар;
2. Әрбір адамның автономды өмір сұру аясы болады, оның жеке өміріне
ешқандай биліктің араласуға құқығы жоқ;
3. Әрбір адам өз құқықтарының қорғалуы барысында мемлекеттің өз еркін
адамдарға күштеу немесе өз шешімдерін орындатуда оларды мәжбүрлеуге қатысты
әрекеттеріне наразылық білдіре алады. Адам құқығы азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекетке қарсы тұрудағы қалқан рөлін де
атқарады.
Адам құқығы көзқарасының негізі адамның қадір-қасиеті ұғымы болып
табылады. Адамның қадір-қасиеті адамзат ұғымының мәнінен туындайды. Соңғысы
әр адамға оның тәртібі мен адамгершілік бейнесіне қатысты болады.
Адамның қадір-қасиеті – адамның қоғаммен өзіндік байланысына берген
адамгершілік тұрғыдағы өзін-өзі бағалауы, басқа адамдар тарапынан сыйлау
құқығы, бір жағынан қоғамның әлеуметтік құндылықтарды тануы, екінші жағынан
адамның қайталанбастығы, әрбір тұлғаның адамзат қауымдастығының бір бөлшегі
екендігінің маңыздылығы. Адамның қадір-қасиеті оның құқықтары мен
бостандырының қайнар көзі де болып табылады. Құқықтар мен бостандықтар
арқылы адам өзінің жекешелігін және қайталанбайтындырын сезінеді, сезімі
мен ойларын сақтайды, өзінің қабілеттілігі мен мүдделерін дамытады.
Адамдардың біркелкі ойлап, өмір сүріп, киініп, бірыңғай кітаптарды оңып,
белгілі бір көзқарастарды ғана қолдауын талап ететін тоталитарлық
мемлекетте мұндай жағдайларға жол берілмейді.
Адамның қадір-қасиеті бостандық және теңдік сияқты негізгі екі
ұғымның қалыптасуына ықпал етеді. Бостандық адам өмірінің табиғи,
экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен байланысты, сондықтан бостандық
ұғымы Солтүстік Америкада, Еуропа мен Шығыста әр түрлі мағынада
қарастырылады. XIX ғасырдың аяғында бұл құрлықтарда адамдардың әр түрлі
жағдайы мен сан алуан тарихы адам құқығының қазіргі көзқарасының
қалыптасуына әсерін тигізді. Американың ерікті де шұрайлы жерінде мемлекет
тек сыртқы және ішкі жаулардан қорғану үшін ғана құрылды, сол себепті бұл
жерлерде мемлекетке тәуелді болмау көзқарасы қалыптасты. Тәуелсіздік
Декларациясына сәйкес американдықтарға бақытқа құлшыну үшін бостандықтар
берілді, ал мемлекет бұл салада оған кедергі жасамайтын түнгі сақшы рөлінде
ғана әрекет етуі қажет болды.
Нәтижесінде мемлекеттік билікте конституцияға сәйкес оған азаматтардың
ерікті түрде берген құзіреттері ғана болатыны туралы американдық
конституциялық дәстүр идеясы қалыптасады.
Еуропадағы бос жерлердің болмауы, шаруалардың жер иесіне тәуелділігі
Француз төңкерісі құжаттарында бекітілген баңытты болу құқығына сәйкес
мемлекеттің оларға бостандық бере отырып, әрбір азаматтың өмірін бақытты
ете алатын, адамдарды қорғай алатын қабілеті туралы идеяны қалыптастырады.
Әлеуметтік мәселелер шиеленіскен Еуропада адам құқығы идеясы бірінші
кезекте адамның экономикалың және әлеуметтік құқықтарын қорғауға
бағытталған. Бұл жаңа ұғым адамды мемлекет арқылы қатал бәсеке мен өзімшіл
биліктен қорғау барысында нарықтық қатынастарды реттеуде мемлекетке жаңа
міндеттерді жүктейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Оқытудың имитациялық технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕР: ІЗДЕНІС ПЕН НӘТИЖЕ
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы
Пәндер