Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі


Мазмұны
Кіріспе
І. Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі.
ІІ. Тәуелсіз қазақстандағы сот билігі, мәселелері.
2. 1. Қазақстанның тәуелсіздік алу кезеңіндегі Сот жүйесіндегі өзгерістер.
2. 2. Қазақстан Республикасының қазіргі сот жүйесіне сипаттама.
ІІІ. Сот жүйесінің құрылысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
К і р і с п е
Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Қазақстанда сот қызметін атқаратын Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелік сот және жергілікті соттар құрылған.
Менің курстық жұмыссымда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы”, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының қолданыстағы бұйрықтары мен нұсқаулықтарының нормаларына түсініктемелер мен жан-жақты талдау қамтылған.
Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардан құралады. Жергілікті соттарға жататындар: заңмен құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, жауынгерлердің Әскери соты), аудандық (қалалық) соттар. Қандай атаумен болса да арнаулы және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады. 20-30-жылдары кеңес өкіметі арнаулы органдар құрып, оларға төтенше өкілеттіліктер берген болатын. Конституцияға қарсы сондай органдар заңды асқан дөрекілікпен бұзып, жазықсыз адамдарды негізсіз жазаға тартты. Нақ осы сияқты құбылыстарды болғызбас үшін Конституция арнаулы және төтенше соттар құруға тыйым салады.
1. ҚАЗАҚ ССР КЕЗІНДЕГІ СОТ ЖҮЙЕСІ.
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты - республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады. Өзінен төменгі соттар қарап шешім қабылданған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерін немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, наразылық келтіріп қайта қарау құқығын иеленді.
1936 жылғы СССР және Қазақ ССР-нің негізгі принциптеріне сәйкес халық соттарының судьяларын аудан халқы жалпыға тән төте және тең сайлау құқығымен жабық дауыста 3 жыл мерзімге сайланды. Халық соттарына судьялардың кандидаттарына, халық заседательдерін ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары, коммунистік партия ұйымы, кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болды. Обылыстық соттың судьяларын еңбекшілердің облыстық депутаттарының кеңесі 5 жыл мерзімге сайлады. Ал Жоғарғы Соттың судьяларын Қазақ ССР -нің Жоғарғы Советі 5 жылға сайлады.
Конституцияда сот ісін жүргізу қазақ тілінде, жекелеген аудандарда, яғни орыс, ұйғыр, өзбек ұлты басым жерлерде халық санының басымдылығына қарай белгіленді. Іс материалдары толығымен қажетті тілге аудармашы арқылы тәржімаланып берілді. Әр ұлттың өкілі сотта өз ана тілінде жауап беруге құқықты деп көрсетілді.
Қазақстан өз алдына жеке республика болып одақтас республикалармен теңестірілген сот жарияланған алғашқы Конституция сот істерін жетілдіруде көптеген заң шараларын жүзеге асыруға себептігін тигізді. Атап айтқанда халық соттарының рөлі артып, оларды ұйымдастыру барлық аудандарда кеңінен өрістеді. Мәселен, 1936 жылы Қазақстан бойынша 223 халық сотының участігі іс жүргізсе, Конституция жарияланған 1937 жылдың соңына қарай халық соттарының саны 240-қа жетті. Ал 1938 жылы Қазақстан бойынша 287 халық соттарының участігі 192 аудан бойынша сот ісін жүргізген. Ал облыстық соттардың саны 1937 жылы 8 ғана болса, жаңадан құрылған облыстардың есебінен 1940 жылы 14-ке жеткен.
Республика Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлап бекітті. Оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың мүшелері және халық заседательдері енді. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі.
Аталған екі сот алқасы Жоғарғы Соттағы тең дәрежедегі, өз өркімен іс жүргізетін ұйым болып табылады. Өзінен төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымдары мен шешімдердің, үкімдерін қадағалау тәртібімен заңдылық күшіне енген істерді қайта қарауды жүзеге асырды. Сондай-ақ Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Қазақ ССР Бас прокурорының наразылығымен облыстық соттардың заңдылық күшіне енбеген ұйғарым мен шешімге, үкімге наразылық келтірілген шағым бойынша істі қайта қарауға құық берілді. Мұның мынандай ішкі себептері болды.
Қысқасын айтқанда, 1938 жылы “Сот құрлымы туралы” заңға байланысты Қазақстандағы барлық соттар “белгіленген тәртіп“ шеңберінде ғана сот істермен айланысты. 1939 жылы Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы Жоғарғы Соттың судьялығына 25 мүше, 43 халық заседателдерін сайлап бекітті.
Ал соғыс майданынан тысқары жатқан аймақтар әскери соғыс жағына кірмеді. Қазқстандағы соттардың барлығы жылдағы ел тыныштығы мен халық байлығын талан-таражға түсірмей майданға азық-түлік киім-кешек жөнелтудегі социалистік заңдылықтардың дұрыс сақталып, ел ішінде спекуляция мен мемлекет мүлкін жымқырудың етек алмауын қадағалады. Бұл жөнінде халық соттары ерекше қызмет көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақсандағы халық соттары да белсенділік танытты. Мемілекетке, қоғамға аса қауіпті сатқындық ниеттегі, соғыстан қашқандарды, жаудың жеңетіні туралы өсек - аян таратқандары сотқа тартып, тиісті жазаларын береді.
Соғыс жылдарының алғашқы кезінде Қазақстандағы халық соттары білікті кадрлары мен судьяларын майданға аттандыруына тура келді. Атап айтқанда, кеңес әскери қатарына 1942 жылы 130 халық сотының судьясы 31 обылыстық соттың мүшесі соғысқа аттанса, 1943 жылы 77 халық сотының судиясы 13 обылыстық сот мүшесі майдан шебіне кеткен. Олардың орнын майданнан жараланып қайтқан заң мамандары, өзге де партия ұйымының қызыметкерлері ауыстырған.
Соғыс жылдарынан кейінгі бейбіт өмірде соғыс жағдайына негізделген төтенше ұйымдар, арнайы соттарға тән құқықтық актілер күшін жоя бастады. Әскери жағдайға көшірілген өндіріс орындары қайтадан халық шаруашылығына ауыстырылды. Соғыс жылдарында әкімшілік жазаға тартылғандардың көбісінің рақымшылық заңы бойынша жазасы жеңілдетілді. Істеген қылмыс түрлерінің жеңілдігіне қарай сотталған азаматтар да жазадан босатылды. 1947 жылы 26 мамырдағы социалистік гуманизмнің салтанат құруына орай бейбіт өмірде өлім жазасын қолдануды қысқарту үшін “Өлім жазасын жою туралы Жарлық шықты. Мұның өзі халықтың жабырқаңқы көңілін бір көтеріп тастады.
Ұлы Отан соғысы елге үлкен ауыртпалық әкелгені тарихтан белгілі. Соғыс жылдары ер азаматтардың жаппай майданға аттану салдарынан сот қызметіне, судьялыққа арнайы заң мамандағы жоқ кадырлар лажсыздан алынған болатын. Бұл үрдіс соғыстан кейінгі жылдары да саябырлай қойған жоқ. 1946 жылы Қазақстандағы сот ұйымдарында жоғары білімді заң маманы бар-жоғы 5-ақ процент болды. Орта дәрежелі білімі барлар 14 қысқа мерзімді заң курсын бітіргендер 45, заңгерлік білімі жоқтар - 36 процентті қараған. Бұл барлық кеңестер одағына тән кемшіліктер еді.
1946 жылы үкімет пен партия заңгерлік оқу орындарының мүмкіндігін кеңейтіп, сот кадырларын көбейтудің алғышартын жасады. Мәселен, 1940 жылдары облыстық соттардағы қызметкерлердің 40 процентке жуығының заңгерлік білімі болмаған еді, ал 1959 жылы облыстық соттардың барлығындағы судьялардың жоғары дәрежелі заңгерлік білімі болмаған.
Мұның сот істеріне әжептәуір пайдасы тиіп, халық соттарының шығарған үкімдері мен шешімдерін кері қайтару облыстық сот тарапынан екі есеге азайған. Сот қызметкерлерінің білімін, судьялық біліктілігін жан-жақты арттыру тез арада өрістеді. 1959 жылы Қазақстан бойынша сот ұйымдарында қызмет атқарған судьялардың 66 процентінің жоғары дәрежелі заңгерлік мамандығы болды.
Жеке Республикалармен одақтас елдердің жалпы мемлекеттік заңдарын талдап қарасақ 1936 жылы қабылданған КСРО Конституциясында қылмыстық, азаматтық кодекстерді және сот өндірісі мен сот құрылымы туралы заңдылықтарды қолдау КСРО құзыретіндегі Одақтас республикаға да тән екені айтылған. КСРО Жоғарғы Кеңесі жиырма жыл бойы тек қана КСРО мен Одақтас республикалардың сот құрылымы туралы заң қабылдады. Ал жалпы одақтық дәрежедегі кодекс болмады.
Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің 2 -сессиясы аса маңызды үш бірдей заң қабылданды. Олар сот құрылысы туралы заң, Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі болатын. Аталған бұл заңдар 1958 жылы 25 желтоқсандағы СССР мен Одақтас Республикалардың заңдарын қарап бекіткен СССР Жоғарғы Кеңесінде жан-жақты талданып, сараптаудан өткен еді. Қазақ ССР-нің Жоғарғы кеңесі шығарған сот құрылымы туралы жаңа заң бойынша Қазақ ССР -нің Жоғарғы Соты жанынан Пленум құрылды.
Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы бұдан былай Республика аумағындағы сот істеріне қолданылатын заңдар бойынша сот басшыларына түсінік беру, статистикалық мәліметтерді сараптап көрсету, сот тәжірибесі туралы талдау жасаған материалдарды қарап ұсыныс енгізу, Республика Жоғарғы Соты Төралқасының шығарған қаулысы бойынша наразылықтарды қарау, Жоғарғы Соттың әрбір сот алқасының қызметі туралы алқа төрағасы жасаған есепті баяндамасын тыңдап, бекіту құзырына ие болды. Сонымен қатар, Пленум көрсетілген заң тәртібімен Қазақ ССР-нің заңдарын талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасына маңызды мәселе қою құқығын иеленді. Сондай-ақ республикадағы барлық соттардың іс жүргізудегі қызметтеріне басшылық жасап, біліктілігін арттыру жөнінде айрықша құқық берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төралқасының да құзыры кеңейтіліп, ауқымды жұмыс жасауына бөгет болмады. Жоғарғы Соттың Төралқасы құрамында Төраға және оның орынбасарлары мен мүшелерінен құрылады. Төралқа қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы сот алқалары шығарған ұйғарымдар, шешімдері мен үкімдері бойынша келтірілген наразылықтарды қарап қабылдады. Оған Республика прокуроры немесе оның орынбасары міндетті түрде қатысып отырады.
1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Сотында Төралқа қайта құрылып, оның құрамы кеңейтілді. Сол жылы Республика Жоғарғы Соты құрамында Төраға және екі орынбасар, 19 сот мүшесі болды. 10 халық заседательдері сот істеріне қатысып, қызмет көрсетті.
Одақтық дәрежеде өткен осындай сот құрлымдарына байланысты 1960 жылы 23 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы “Қазақ ССР-нің Юстиция министірлігін қысқарту туралы” жарлық қабылдады. Министірліктің сот мекемелері жөніндегі басшылық қызыметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына берілді. Ал жергілікті соттардың ұйымдастыру ісіне обылыстық соттар басшылық етті.
Қазақстандағы сот ісін ұйымдастыру, облыс, аудандардағы халық соттарына қажетті құрал жабдықтар мен қаржылай қамқорлық көрсету әр сатыдағы сот мекемелерінің міндетіне кірді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарына атқарып келді.
Сондай-ақ қазақ ССР Жоғарғы Сотының еншісіндегі сот істерін басқаруды жүзеге асыру, басшылық жасау, мемлекетік нотариат ұйымын басқару, сот ісін талдаған статистикалдық мәліметтердің архивтік құжаттары соттарды және ноттариаттарды қаржы - қаражат жағынан қамтамасыз еткен өзге де құжаттар Юстиция министірлігінің құзырна берілді. Қазақстан Республикасының бұдан кейінгі сот құрылымы 1990 жылға дейін біріңғай жүйеде дамып отырады.
1978 жылы СССР-де кемелденген социализм жолында жеңіске жету үшін қоғамның әл-ауқатын, саяси сипатын одан сайын арттыруда замана талабына сай келетін жаңа Конституция жариялауға тура келді. Жаңа дәуір принциптері мен әлемдік саяси көзқарастарға икемделген жаңа Коституция мемлекет мүддесі үшін қажет-ақ еді.
1978 жылы 20 сәуірде 9-сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс 7-сессиясында қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы “Коммунизмнің биік мұраттарын басшылыққа ала отырып, және СССР-дің қоғамдық құрылысы мен саятатының егіздерін баянды еткен, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мідеттерін, социалистік жалпы халықтық мемлекеттің ұйымдастыру принциптері мен мақсаттарын белгілеп берген СССР Одағының Конституциясына сәйкес” шыққан еді.
1985 жылыдан бастап Кеңестер Одағында демоктатикалық саяси үлкен бетбұрыс кезеңі бүршектеніп бүр жара бастады. Яғни, тарихтың өзі дәлелдейді, өзі айтқандай “төмендегілер ескіше өмір сүруді қаламайтын, жоғарғылар бұрынғыша ел басқаруды қолдамайтын“ саяси ситуасия белең алған еді. Осы саяси шиеленісті демократиялық тұрғыдан оңды шешуде қоғамдағы өзгеріске тән қайта құру процесін мемлекет Кеңес еліндегі ішкі саясатты ушықтырмай тиімді тәсілмен жүргізе білді. Мұның соңы әрбір Одақтас республикалар өз алдына жеке, тәуелсіз мемілекет болуға. Одақ құрамынан ерікті түрге шығуына алып келеді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының қоғамдық сипатын, мемлекетік жүйесін түбегелеі өзгерткен 1990 жылы 24 сәуірдегі Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Председателі Н. Назарбаевтың “Қазақ ССР Президенті қызыметін тағайындап және Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1990 жылы 24 сәірдегі “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті туралы“ қаулысының қазақ халқы үшін маңызы зор болды . Ал 1990жылдың 25 қазан күні жарияланған “Қазақ Советік Социалистік Республикасың мемлекетік егемендігі туралы Декларациясы“ қазақ халқы ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздікке қол жеткізудің алғы шартын жасап берді. Бұл Қазақ елінің ұлы мерекесі есебінде тарихи датаға айналып, ұлттық мейрамға ұласты.
ІІ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2. 1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛУ КЕЗЕҢІНДЕГІ
СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекттке айналды. Тәуелсіз мемлекеттің бүтіндігін қорғап ішкі және сыртқы саяасатының да пәрменділігін арттыру үшін оның мызғымас заңы және сол заңды қорғайтын әділ соты болуы басты шарт. Ел жаңғырып заман өзгеріп, заманмен бірге адам да өзгеріп жатқан кезде бұрынғы замандардың да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететіні айқын.
Осы орайдағы алғашқы өзгерістер 1990 жылы басталды деуге болады. Өткені 1990 жылы “Қазақ ССР Сот құрлымы туралы заң” қабылдаған еді. Ол заң ескірген деп айтпайтын, әйткнмен одан бері елімізде талай өзгерістер болды, яки сот құрлымында уақыт талабына сай өзгерістердің болуы заңды деп есептеймін. Сот құрылымын дамыта, жетілдіре түскеннен ұтпасақ ұтылмаймыз.
Сол себепті 1992 жылы “Соттық - құқықтық реформаның концепциясының” жасалуы дер кезінде қолға алынған іс еді. Концепция сол жылы Жоғарғы Кеңестің талқысына ұсынылды. 1990 жылы Республика Президентінің - “Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиімділігін арттыру шаралары тулары” Жарлығы шығып, құқықтық реформаның қажеттілігін нақтылайды түсті. Президент Жарлығынан кейін “Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы“ - туды.
Жобада соттардың қызыметін қамтамасыз ету тәртібі жөнінде айрықша айтылған. Өйткені Республикамыздың Конституциясында соттардың тәуелсіз өкімет тармағы екені айқын айтылған. Конституцияның бұл бабы жобаның жалпы бөлімінде өз көрінісін тапты және бәлендей дау тудырмайды. Тек соттардың қызметін қамтамасыз етумен кім шұғылдануға тиіс деген сұрақ қана тереңірек ойлануды қажет еткен еді. Өйткені бұл мәселе соттардың шын тәуелсіз болу - болмауына әсер етеді.
Бұрыннан қалыптасқан тәртіп бойынша соттардың қызметін Әділет министірлігі мен оның жергілікті органдары қамтамасыз ететін. Біз бұл тәртіпті заң жобасында қалдырғанымыызбен, соттардың қызметін қамтамасыз етуді ескіше қалдыру соттарды атқарушы өкіметке тәуелді етеді деген пікірдің бар екенін айтқанымыз жөн. Осыған орай соттардың қызметін қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Соттың құрамында арнайы құрылым болуы керек деген ұсыныс бар. Біздіңше, соттар мен судьялар шын тәуелсіз болу үшін олардың қызметін қамтамасыз етудің жоғарғы сатыдағы сотқа да, заң шығарушы және атқарушы үкіметке де бірдей, жеке тәуелсіз құрылым құру керек. Бұндай құрылым соттардың қызметін қамтамасыз ететін Бас Сот Басқармасы деп аталып, оның басшысын Президент тағайындаса. Бұл құрылымды ұстауға қосымша қаржы шығарудың қажеті жоқ, оның орнына Әділет министірлігі мен облыстардағы осы шаруамен шұғылданатын басқармалар мен бөлімдерді таратса, жетіп жатыр деген ұсыныс айттық. Сот реформасының тағы бір шешімі қиын мәселесі- төрелік соттарын жалпы сотпен біріктіру. Бұндай біріктіруді жақтаушылар бірінші сатыдағы шаруашылық дауларын аудандық соттарға тапсырып, ал бұл істерді кассациялық және бақылау тәртібімен қарауды облыстық соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мен Жоғарғы Сотқа беруді ұсынған еді.
Жұмысшы топ бұл ұсыныспен келіспей облыстар мен Алматы қаласында бірінші сатыдағы төрелік соттарын қалдырып, облыстық соттар мен Жоғарғы Сот құрамында шаруашылық істер жөніндегі сот алқасын ашуды ұсынған еді. Өйткені, тек Жоғарғы төрелік сотын таратудың өзі Конституцияға тиісті өзгеріс енгізуді талап етеді. Конституцияға өзгеріс енгізу оңай шаруа емес-тін.
Ал жеке азаматтардың, шаруашылық орындарының конституциялық құқын сот тарапынан қорғау мүлдем басқа мәселе, онымен жалпы сот пен төрелік соттар шұғылданады.
Түптеп келгенде, барлық сатыдағы соттар күнделікті қызметінде Конституцияны қорғап жүрген жоқ па Азаматтық қылмыстық істерді, шаруашылық дауларды қарағанда соттар Конституцияны басшылыққа алады, Конституцияға сәйкес қабылданған заңдарға сүйенеді.
Онда ешбір сот Конституцияға қайшы билік шығара алмайды делінген.
Сондай-ақ, кез келген соттың мемлекеттік мәжбірлеу органы екені белгілі, оның билігі міндетті түрде орындалуға тиіс. Ал, Конституциялық соттың мұндай құзыры жоқ, оның шешімінің бұлжымас сот шешіміндей күші жоқ. Демек, Конституциялық соттың шешімі орындалмауы да мүмкін.
Әрине, әртүрлі заң актілерінің Конституцияға сәйкес келетін - келмейтінін тексеріп, қортынды анықтама беріп отыратын органдарының қажеттілігіне дау жоқ. Жоғарғы Кеңес жанынан конституциялық бақылау комитеті осындай орган бола алар еді деген ой айтылды.
Соттардың бірігуінің қаржылай тұрғыдан тиімділігі бар. Мемлекет үш сот ұстауға жылына жүз отыз милон теңге бөледі екен. Соттарды біріктіруден елу миллондай қаржы үнемдеп, оны құқықтық реформаны іске асырған жұмсақ несі айып, реформаның қаржы тапшылығынан ілгері жылжымай жатқаны бәрімізге белгілі еді.
Соттың үш саласын тоғыстыру идясына мен сенетін едім және болашақта өмірдің өзі осыған әкелетініне күмәнім жоқ - тын. Сол себепті де, біртұтас соттың құрлымының төмендегідей кестесін ұсындым.
Бұл кесте бойынша сол кезде күшіндегі Конституциялық соттың негізінде Жоғарғы Сот құрылып, оған өзінің бұрынғы құзырларымен қоса азаматтық, шаруашылық және қылмыстық істерге қатысты айрықша бақылау мәртебесі берілді. Ал, Жоғарғы Сот пен Жоғары төрелік соттың базасында Жоғарғы аппеляция соты құрылады. Қалған соттар қазіргі қалпын сақтайды дедім.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті 1993-1994 жылдары дүние жүзіндегі өркениетті елдермен тең дәрежеде ынтымақтаса отырып халықаралық қарым-қатынастары одан сайын нығайта түсті. Мұның өзі дүние жүзіндегі мемлекеттердің қауымдастығында салмақты саясат пен әлеуметтік талап-тілекке сәйкес келетін халықаралық құқықтық нормалардың қажеттілігі және республиканың ішкі саяси құрылымды әлеуметтік - экономикалық дамудың жаңаша сипатына лайықты құқықтық реформа жүргізуді қолға алу - маңызды мәселе екенін көрсетті.
Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатыны атап көрсетілді. Оның құзыретіне ең жоғарғы лауазымдық тұлғалардың қылмыстық істері жөніндегі сот істерін қарау, сондай-ақ кассациялық, қадағалау инстанцияларының міндеттері және заңдарды қолдану жөніндегі мәселелерге түсінік беруді жүзеге асыру кірді.
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің негізгі принциптері - “Республикадағы соттар қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсідігі, баршаның заң және сот алдында теңдігі, тараптардың жарыспалығы мен тең құқылығы істерді қараудың жариялығы принциптердің негізінде құрылады. ”
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz