Өр Алтайға хош келіпсіздер!


Қазақстанның қиыр шығысындағы Өр Алтай - ел аузында жыр болып жырланған, ән болып шырқалған жер жаннаты. Катонқарағай осы асқақ Алтайдың алтын алқасы іспетті. Бұл аймақ ежелден барша түркі жұртының кіндік отаны, ақ жайлау ата қонысы болғаны да аян. Алтайдың табиғи байлығы ұшан-теңіз. Түгін тартсаң майы шыққан, ағашынан бал тамған қазақтың қасиетті мекені. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дауалы киелі де кұйқалы жерұйық. Сонымен бірге Катонқарағай археолог-ғалымдарды табындырған көне тарихтың көзі болып отыр. Мұнда талай сырлы көмбелер мен құпия қорымдар бар. Осы өңірдің барша байлығын сақтап, табиғи ажарын тоздырмай, келер ұрпаққа аман жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Катонқарағай Мемлекеттік ґлттық табиғи паркі құрылды. Оның негізгі аумағы 643477 гектарды алып жатыр. Парктің барлық аймақтары - туризм мен демалысты ґйымдастыруда табиғат кешенінің экологиялық жағдайы ескеріліп, табиғи және мәдени құнды объектілерге задал келтірмеу жағы ойластырылып, айрықша қорғауға алынған.
Паркте тағы аңдардың алуан түрлері: қоңыр аю, қасқыр, түлкі, құну, күдір, бґлғын, құндыз, борсық, елік, марал, тау ешкісі т. б. мекендейді. Өсімдіктер әлемінен дәрілік қасиеті мол емдік шөптер мен хош иісті гүлдердің 1000-нан астам түрі бар. Бґлардың 30-дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктер.
Парк территориясында жер бетінде кездесетін омыртқалы жануарлардың 369-ы тіркелген. Флорасы мен фаунасының байлығына қарап бұл паркті табиғаттың өзі жасай салған әрі ботаникалық, әрі хайуанаттар паркі десе де болғандай.
Қазіргі уақытта мұнда Табиғатты Қорғау Халықаралық Одағының (МСОП) Халықаралық Қызыл кітабына енген аса сирек аң-құстар да (қызыл қасқыр, сусар, қар барысы, алтай ґлары, қара тырна, қыран, қаршыға, бүркіт т. б. ) кездеседі.
Парк территориясы республикамыздағы ағашы мол орманды алқапты қамтыған. Сыңсыған орман адамның шаруашылық қызметінің әсерінен шамалы өзгерістерге түскені рас. Баз бір аймақтар, әсіресе сирек кездесетін қылқан жапырақты ормандар аздап өрттен де зардап шекті. Орманды қґрайтын негізгі ағаш - қарағай, самырсын мен балқарағай. Бґта-қарағанның 50-ден астам түрі: мойыл, делана, итмґрын, долантопшы, шәңгіш, көк бүлдірген мен қарақат т. б. өседі. Парктің жалпы орманды алқабының көлемі облыс бойынша есептегенде 12 пайызды құрайды. Оның үстіне бұл экологиялық аса маңызды, әрі құнды орман ретінде бағаланады.
µлттық парктың аумағында мынадай табиғи ескерткіштерді тамашалауға болады:
Көккөл су кґламасы - бұл Қазақстан бойынша ең үлкен сарқырама. Ені 10 метрден астам тентек тау өзені бүктетіле арқырап, биіктігі 80 метр биік жартастан өкіре құлап жатыр. Жоғарыдан т†мен қарай құлаған сарқырама гүрілі қґлақ тґндырады. Табиғаты көрікті, балқарағай, самырсын мен шырша көмкерген аңғар јойнауында күн жылт етсе болды, кемпірқосақ ойнап шыға келеді. Сөйтіп шатқал іші сан түрлі сәулемен, судың буымен қґбылып, сарқыраманың ажарын аша түседі.
Арасан сарјырамасы - "Рахман қайнары" санаторийінен 6 шақырымдай төменде, таудың кіндік тұсындағы су құламасы. Туристердің тамашалауына ыңғайлы, табиғаттың көрікті тұсына орналасқан.
Қарайры сарјырамасы - ұлттық парктің бұл да көрікті бір бұрышында жатыр. Сатылы күз-жартастың, терең тау шатјалының арасымен етекке қарай құлдилай аққан Қарайрық өзенінің бойында. Өзен Қаракөлден бастау алады. Бұл сарқыраманы адамдарға табиғат жасап берген керемет сыйы деп бағалауға болады.
Рахман сарқырамасы - бұл да биік таудан гүрілдей құлаған адуын, қуатты сарқырама. Көздің жауын алатын құбылмалы жалт-жұлт еткен гранитті құз-жартастың арасымен үш айырыққа бөлініп, төменге қарай арқырай сорғалаған сарқыраманың көрінісі аса әсерлі.
Қаракөл көлі - табиғаты әсем, көрікті жердің бірі. Осы тұстан ашық күндері Мұзтау барша келбетімен қақ күмісше жарқырай көрінеді. Мұзтаудың көл айнасына түскен көлеңкесі тұңғиық сиқырлы әсем суреттерді көз алдыңа әкеледі.
¦шк†л к†лi - аты айтып тұрғандай, мұнда үш көлдің басы тоғысқан, әсем қойнаулы, табиғат көрінісін тілмен суреттеп жеткізе алмайтын көрікті жер. Жоғарыдағы 52 метрлік құз жартастың суреті көлдің айна бетіне төңкеріліп түсіп тұрады.
Берел қ орымы - ежелгі сақтардың көсемдері жерленген теңдесі жоқ археологиялық ескерткіштер орналасқан мекен. Бұқтырма аңғары бойында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте, шамамен біздің дәуірімізге дейін IV ғасырдағы сақ княздерінің мүрделері мен табыттары, алтындалған әшекейлі заттары табылды. Мәңгі мұз тоңның әсерімен ескерткіштер бұзылмай, сол қалпында жақсы сақталған. Көпшілігі әлі зерттелмеген, отыздан астам обасы бар бұл қорымды ғалымдар "патшалар алқабы" деп атап кетті.
Көккел кеніші - аумақтық геологиялық маршрутты жүргізу кезінде 1936 жылы ашылған. Негізінен вольфрам мен молибден алынып, Ұлы Отан соғысы жылдарында танктердің броні үшін пайдаланылған. Тасқорымды асудың үстінде, қысы-жазы боран борап тұратын желдің өтінде, 3000 метр биіктіктен біздің бабалармыз бен әкелеріміз қолмен кен қазған.
Кеніш 1955 жылға дейін жұмыс істеп келді. Салқын климаттың арқасында кеніштің құрылысы қазір де жақсы сақталған. Ашық аспан астындағы музей десе де болады.
µлы Жібек ЖолыныЎ Солтүстік тармаЈы - ұлттыј парктің үстін көктей өтеді. Алтай тауларының шатқалды аңғарларымен алтын-күміс, қола-мыс артқан керуендер Шығыстан Батысқа қарай сапар шеккен. Бұл жолды тарихта Терістіктегі Алтын Тармақ деп атайды.
2002 жылы тамызда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында "Мұзтау - 2002" атты халыјаралыј фестиваль өтті.
Өр Алтайға хош келіпсіздер!
Егер Алматы қорығының солтүстігінен оңтүстігіне қарай жол тартсаңыз, тамаша өлкеге тап боласыз: бір күннің ішінде тауға қарай бой түзеп, ақ сағымға шомған жапан дала көз алдыңыздан өтеді, тау өзендерінің сарылы құлағыңыздан кетпейді, қылқан жапырағы қалың жасыл шыршалар мен жапырағы сыбдыраған жабайы жеміс ағаштарын жиі кездестіресіз, сонау алып шыңдардың ґшар басында ақ қар мен көк мґз көз шағылыстырады. Теңіз деңгейінен 5018 метр биіктегі Талғар шыңынан бауырлас қырғыз елінің көгілдір Ыстықкөлі мен алып таулардың кең панорамасы көрінеді.
Ѕазақстан астанасы - Алматы қаласының шығысында 25 километр қашықтықта 89, 5 мың гектар алқапты алып жатқан Алматы қорыЈына басталады. Бұл - климаты орташа, †те әдемі, әрі бірнеше түрлі табиғи ландшафтарға б†лінетін өсімдіктер мен жан-жануарларға аса бай тамаша †лке.
Алматы қорығына Іле Алатауының орталық жотасы - Талғар тау тізбегі, құмдар, Үлкен және Кіші Қалқан атты таулары бар ш†лді аймақ жатады.
Қорықты аймақтың таулары батысында Талғар өзенінің сол арнасымен, ал солтүстігінде - оң арнасымен өтеді, содан әрі биік таудаЈы Есік көліне дейін, шығысында Есік өзені бойымен Шелек өзені бастамасына дейін барып Қырғыз ССР-інің шекарасына тіреледі.
Шығысы мен батысында Үлкен және Кіші Ѕалқан таулары етегімен шектелетін Іле өзенінің шөлді тоғайларының оң жағалауын алып жатады.
Жалпы алғанда, таудың Жерорта теңізі климатына жақын салқын, дымқыл климаты шөл және шөлейттің құрғақ та ыстық аптабымен астасып жатады. Тауға кетерілген сайын Ѕара теңіздің солтүстік жағалауынан Ақ теңізге қарай бет алғандай, климат өзгеріп сала береді. Қорықта ш†л және альпі шалғынды өсімдіктері, қґрғақ дала мен шыршалы орман, сексеуіл тоғайлары мен жеміс ағаштары кездеседі; мґнда тянь-шань аюы мен ешкіемер, кесіртке, сілеусін, қарақґйрық, тоқылдақ пен ш†л јґсы - қарабауыр бґлдырық кездеседі.
Ѕорықта өсетін өсімдіктер мен жануарлардың бәрі де қорғауға алынып, зерттеледі. Бұл жердің табиғаты қолдан өзгертіліп немесе «жақсартылмаған» ландшафтардың даму заңдылықтарына сәйкес қалпында қалған. Алматы қорығы - табиғат эталоны, оған адамның шаруақор қолы араласпаған табиғат үлгісі. Оны адам әрекеті „серінен табиғи ортаның өзгерту бағытын анықтайтын және табиғат байлықтарын ґқыпты да тиімді пайдалану жолын қарастыратын қазіргі кезде ғалымдарға өте қажет табиғи лаборатория деуге әбден болады. Іле жағалауындағы шөл мен Солтүстік Тянь-Шань тауына қоныс тепкен өсімдіктер мен жануарлардыЎ тіршілік заңдылықтарын терең білмейінше олардың табиғи бірлігінің күрделілігін сақтау мүмкін емес.
Қорық ғалымдары оның табиғи комплекстерін терең зерттеп, олардың биологиялық тепе-теңдік заңдары мен құпияларын тануда. Бұл - өзекті проблема. Ол қорықты сақтауға ғана емес, балық шаруашылығы үшін де аса маңызды. Оны шешу - табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен оларды дұрыс қорғаудың кілті.
Өте күрделі, „р түрлі табиғи бірліктердің биологиялық тепе-теңдігі бір немесе бірнеше ғана өсімдіктер мен жануарлар түрінің тіршілік өрекетіне байланысты болғанына мысал аз емес. Табиғаттың биологиялық байланысындағы ондай «әлсіз» буындарды анықтау оңай шаруа емес. Ол „р түрлі саладағы жоғары квалификациялы мамандардың бірлескен күшімен ғана шешіледі. Сондықтан да мґнда өсімдік және оның тіршілік ортасы, сүт қоректі жануарлардың, құстардың, насекомдардың, қос мекенді, бауырымен жорғалаушы жануарлардың, тағы басқа табиғат комплексінің өзге де компоненттері бір мезгілде зерттеледі. Әрбір ғалым-зерттеуші өз нәтижелерімен өзгелерді толықтырып отырады. Бәрін де бақылап отыру оңай шаруа емес. Ѕорықтың өсімдіктер дүниесі јґрамында жоғары сатылы өсімдіктердің 590-нан астам түрі, мүктің 107 түрі, қынаның - 77, саңырауқґлақтың 159-ға жуық түрі бар. Қорық аңға да аса бай; қґстардың -170, сүт қоректі жануарлардың-60, бауырымен жорғалаушылардың-25, насекомдардың 700-ден астам түрі бар. Ѕазір қылқаны қою ренді Шренк шыршасы орманы кеңінен зерттелуде. Мґның бірқатар бөлегін қорық ұйымдастырылғанға дейін сондағы шаруашылықтар біраз зиян келтірген болатын. Ол астаналық қалаға таяу болғандықтан да оны браконьерлер мен орман өрттерінен қатаң қорғауды қажет етеді. Антропогендік тығыздық жабайы аңдарды өздері тіршілік ететін ормандардан қорық ормандарына қоныс аударуға мәжбүр етеді. Міне, булардың бәрі шыршалы тау ормандарының биологиялық тепе-теңдігін сақтауды күрделілендіре түседі.
Ғалымдарға Шренк шыршасы жайында көп нәрсе мәлім: оның гүл жару және жеміс салу биологиясы, бґтақтарының көлденең бітуі, сүт қоректі жануарлардың, пайдалы және зиянкес насекомдардың бґл аса қажетті реликт өсімдіктің көбеюдегі ролі зерттелді. Ѕазір орман өсірушілер, геоботаниктер, териологтар, герпетологтар Тянь-Шань шыршасының табиғи түрде біркелкі қайта көбею жолдарын зерттеп қарастыруда. Олардың тағдыры тек қорық қызметкерлерін ғана емес, Қазақ ССР Ғылым академиясының ботаника және зоология институттарын, Еңбек Қызыл Ту орденді Ѕазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ѕазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтын, ауа райын зерттеу институтын, Ѕазақ ССР Ғылым академиясының география секторын, Алматы және Ѕарағанды университеттерін де өте ойландыруда. Олар қорық қызметкерлерімен бірлесе отырып, ормандардың табиғи жаңарып отыруын, оған шөп жамылғыларының, талшіліктердің жалпақ жапырақты ағаш түрлерінің, јґстардыЎ, сүт қоректі жануарлардың, насекомдардың және орманның түрлі табиғи бірлестіктерінің компоненттерін зерттеуде. Осы ретте јґмырсјалардың атқаратын қызметін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Ғалымдар «Табиғат шежіресін» жазуда. Бірақ мұны тек олар ғана жазбайды. Қорық сақшыларынан да көптеген мәліметтер түсіп жатады. Әрбір қорық сақшысы өзіне белгіленген фенологиялық учаскеде өсімдіктер мен жан-жануарлардың фенологиясын, яғни тіршілік әрекетін бајылап отырады, учаскедегі жануарлардың есебін жүргізеді. Барлық қызықты фактілерді қорық басқармасына хабарлайды.
Қорыта ғылыми жґмыстар оның құрылған алғашқы жылдарымен бастап жүргізіліп келеді. Ол сонау отызыншы жылдары құрылып, Кіші Алматы өзені бассейнінде он бес гектар жерді алып жатты.
І Рдан соң қорық аумағы әлденеше рет өзгерді. 1935 жылы қорыққа Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орманды алқаптары кірді. Ал, 1936 жылы қорыққа Сегеті жазығы, Бөгеті таулары мен Сарышаған, Қаракүлдек жерлерінің Іле өзеніне жақын жағы кірді. Енді қорықтың жалпы көлемі 856680 гектар болды. Сөйтіп, одақтық маңызы бар қорыққа айналды. 1941 жылға қарағанда қорық Іле Алатауы жотасын түгел, Шелек езенін бойлай отырып Кетпен жотасының бір бөлігін және Іле өзеніне дейінгі ш†л даланы алып, оның көлемі бір миллион гектарға жетті. Ол сол кезде Совет Одағындағы ең ірі қорықтардың бірі болып саналған болатын.
1937 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. µлы Отан соғысының алдында қорық дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл аса ірі табиғи лабораторияға Москвадан, Ленинградтан, Украинадан, Сібірдегі жоғары оқу орындарынан құрамында жүздеген ғалымдар бар ғылыми экспедициялар келеді. Қорықта белгілі ғалымдар С. И. Огнев, П. А. Мантейфель, Н. В. Павлов, И. Г. Галузо, Е. К. Штегман, А. Г. Банников, тағы басқалар еңбек етті. Құрамында 150-ден астам адамы бар Қазақстанның 25-тей экспедициясы „р жыл сайын қорық тауларында ғылыми зерттеулер жүргізді. 1941жылға қарағанда жүздеген студент қорықта өздерінің диплом жұмыстарын әзірледі. Ғылымдағы жаңа бағыт өсімдіктердің экологиялық морфологиясы ілімінің негізін қалаған еліміздің аса ірі ғалымы И. Г. Серебряков өзінің ғылыми жолын дәл осы қорықта студент-практикант болудан бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz