Әлемдік экологиялық проблемалар туралы


Жоспар:

Кіріспе . . . 3

І. Озон қабатының жұқаруы . . . 3

ІІ. Климаттық өзгерістер . . . 4

ІІІ. Қышқыл жаңбырлар . . . 7

ІV. Шөлдену . . . 8

V. Биологиялық әртүрліліктің азаюы . . . 8

VІ. проблемалар . . . 10

Қолданылған әдебиеттер . . . 11

Кіріспе

Әлемді тұтас қамтитын табиғиантропогенді, немесе антропогендік әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік экологиялық проблемалар деп аталады. Оған төменгілер жатады: климаттық өзгерістер, озон қабатыныңжұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрлікіктің азаюы, радиактиытік ластану, әлеуметтікэкологиялық проблемалар.

Озон қабатының жұқаруы.

Үшатомды оттегі (О 3 ) - озон, атмосферада аз мөлшерде болса да, оның атмосфералық процестер мен құбылыстағы ролі өте маңызды. Ал, атмосфералық озон мөлшері көп болатын қабаты 20-25 км биіктікте орналасқан, ол - озонсфера. Мұнда озонның концентрациясы Жер бетіне қарағанда 10 есе көп болады. Ол барлық тірі организмдерге әсер ететін ңарыштық сәулеленудің (оның ішінде ультракүлгін радиациясы да бар) едәуір мөлшерін тұтып қалады. Соңғы кездері озон қабатының жұқаруы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Жердің озон қабатының бұзылуы жер бетіне ультракүлгін сәулелер ағынының мол түсуіне алып келеді. Ол әрине планетадағы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Сондықтанда атмосфералық озон зерттеулер жүргізілуде. 1980 жылы Антрактидадағы ғылыми станцияларда жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деп аталады. 1987 ж көктемде Антрактида үстіндегі озон тесігінің үлкейгені анықталады. Осындай құбылыс 1992 жылы қайталанған. Ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесінің басталу себептері (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындылардың көп бөлінуі.

1974 жылы Калифорния университетінің ғалымдары Ш. Роуленд және М. Молино хлорфторкөміртектерді озон қабатын бұзатынын көрсетті. Осы заттектердің ыдырау кезінде І хлор молекуласы ультракүлгін сәулелердің әсерінен 1 озон молекуласын бұзады.

1985 жылы Вена қаласында (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Конвенция қабылданған. 120 мемлекет және Еуропалық экономикалық қауымдастық қатысты. Мақсаттары адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның озон қабатындағы өзгерістермен байланысты жағымсыз әсерлерден сақтау және қорғау.

1987 ж. озон қабатын бұзатын заттектер жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қойылды.

Озон қабатындағы өзгерістерге әсер ететін заттектер мен процестерді зерттеуде, озон қабатында қолайсыз субстрат болатын әрекетті бақылайтындай шаралар белгілеу мен қолдану саласында жұмыстар кешенді зерттеулерді талап етеді.

Климаттық өзгерістер

Атмосферада әр түрлі газтәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы және жер бетінен кетірілуі жағдайларын (жылылық таралу) нашарлатты. Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кетуіне әсер етеді. Олар өте жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік эффект) әкеледі.

Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0, 3-0, 6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарайт жлуы терістіктегі мұздықтарды ерітіп Әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Оның әсерінен Мұхит жағалауындағы ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян келтіреді. Сонымен қатар жазғы жауыншашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену процесі ұлғаяды.

Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндама Халықаралық Пленумда айтылған. Оны 125 мемлекеттің 170 беделді мамандары дайындалған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттық әлемдік жылуы орта есеппен 2, 5 градусқа көтеріледі, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі 29 см, 2100 жылы - 65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатерлі салдарын азайту үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер, хлотфтор көміртектердің көлемі 60 пайызға төмендету, метанды - 20 пайызға төмендету ұсынылады.

Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді бастады.

1990 жылы парникті газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша төмендегі көрсеткіштерге жеткен: әр мемлкет бойынша төмендегі көрсеткіштерге жеткен: АҚШ - 35, Ресей - 17, Жапон - 8, Алмания - 7, Великобритания - 4 пайыз. Евроодақ жалпы - 24 пайыз.

1992 жылы климаттық өзгеруі туралы Конвенция қабылданған. 1997 жылы осы Конвенция шешуін жақтаушылар Конференциясындағы дамыған елдер үшін 2008-2012 жж. парникті газдардың шығару көлемі анықталған. Бұл мемлекеттер 1990 жылмен салыстырғанда шығарылатын газдар көлемін 5 пайыз төмендетуге міндеттелді. Батыс Еуропа елдері өздерінің шығаратын газдарын 8, Жапон - 6, АҚШ 7 пайызға азайтады. Ал, Ресей, Жаңа Зеландия және Украина шығындыларды тұрақты деңгейде ұстауы міндеттелді. Шығындыларды азайту жолдарының бірі - энергоресурстарды тиімді пайдалану, энергетикалық кешендерді техникалық қайта жабдықтау, экологиялық таза отындарды пайдалану. Киота протоколына сәйкес дамыған елдер шығындылардың квотасын сатуларын рұқсат етеді. Бұл схема бойынша қатысушы елдер, шығындылары келіскен минималды деңгейден аз елдерден құқықтарын сатып алуына болады.

Бірақта бұл механизм тек осы Протоколды бекіткен елдерге ғана мүмкін. 2005 жылдың басында олардың саны 141-ге жетті, соның ішінде Еуропаодақтың барлық мүше елдері Жапон, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия және Қытай, Үндістан, Бразилия, Украина, Россия. АҚШ 2001 жылы келісімді бекітуден бас тартты. Оны экономикалық өсу мүмкіншілігін шектеумен дәлелдеді. Бірақта климаттың әлемдік жылуының салдары қайсы бір елдің экономикалық дамуының шектелуімен салыстырғанда анағұрлым қатерлі зиян әкеледі.

Қышқыл жаңбырлар

Антропогендік факторлардың әсерінен ауаға көптеген зиянды агенттер мен зеттектер енеді. Соның ішінде кең тараған ластағыштар күкіртті газ, азот оксидтері, көміртек оксидтері күн сәулесінің әсерінен жаңа қосылыстар - күкірт, азот қышқылдарын түзеді, олар жауыншашынмен жер бетіне түседі (қышқыл жаңбырлары) . Өсімдіктер мен гидробионттар өлімінің басты себебінің бірі - осы қышқыл жаңбырлар.

Бұл проблема алғаш рет Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада 50-ші жылдардың соңында пайда болды. Соңғы жылдары бұл проблема әлемдік проблемалардың біріне айналды. Себебі соңғытжылдары күкірт, азот оксидтерінің, сонымен қатар аммиак және басқа ұшатын органикалық қосылыстар шығындылары көбейеді. Қышқыл жаңбырлардың аумақтық аралыққа жылжиды, мысалы АҚШтан Канадаға, Англиядан-лманияғаСкандинав елдеріне. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсерін сезінген алғашқы экологиялық қатер - балық қорларын жоғалту: Скандинавия және Британия аралдарының жүздеген көлдері балықсыз қалды. 1979 ж. Нью-Йорк штатында 264 көл зерттеліп, ондағы балықтардың өліп қалғаны анықталған. Қышқыл жаңбырлар топырақ, өсімдіктер жамылғыларына зиянды әсерін тигізеді.

Шөлдену

Шөлдену процесі адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Шөлдену кезінде биологиялық өнім мен түрлер молдығы азайып, топырақтардың құнарлығы кемиді. Шөлдену процесіне барлық континеттер шалдыққан, әсіресе Африка елдерінде қауірт жүруде. СуданСахель зонасында 1968-1973 жж. болған құрғақшылық мыңдаған адам өмірін алып кетті, миллиондаған жабайы және үй жануарлары құрыды. 1983-1988 жж. болып көрмеген құрғақшылыққа 150 млн халқы бар 34 Африка елдері шалдықты. Шөлдің өнімді жерлерді басуы жылына 60 мың шаршы км қарқынмен жүреді. Шөлдену себебі тек құрғақшылық емес, ол ормандардың жойылуы, ағаш өсімдіктердің деградациясына әкеледі, жайылымдарды артық пайдаланудан шөпті жамылғылар да жойылды. Қазіргі кезде жер өнімді жердердің 7 пайызы құнарсызданды.

Биологиялық әртүрліктің азаюы

Жер планетасының өсімдіктер мен жануарлар әлемі алуан түрлі. Биологиялық әртүрлілік жер бетінде миллиондаған жылдарда қалыптасқан. Бірақта соңғы жүзжылдықта көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері жойылып кетті. Өкінішке орай, ол түрлерді қалпына келтіру мүмкін емес.

Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепетеңдікті бұзып, көптеген экологиялық кері жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда. 1992 ж. Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰның «Қоршаған орта және даму» конференциясында биологиялық әртүрлілік туралы Әлемдік Конференция қабылданды. Мақсатыбиологиялық әралуандылықты сақтау, биологиялық әралуандылық құрамдарын тұрақты пайдалану т. б. Биологиялық әртүрлілік - түрлердің белгілі бір аусақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әртүрлілігі. Қазіргі кезде әлемде 2, 5 млндай түр белгілі, оның 74 пайызы тропиктік белдеуде, 24 пайызы қоңыржай аймақта болса, тек 2 пайызы полярлық белдеуде тараған.

Биологиялық әртүрлілік тіршілікті қамтамасыз етіп, әрі қарай жалғастырады. Бұл биосфераны және оның құрамындағы экожүйелерді сақтау үшін қажетті. Биоценоздағы бір звеноның түсіп қалуы барлық экожүйенің функционалдық құрылымын өзгертеді.

Адам қоғамның дамуы Жердің эволюциялық процестеріне өзгерістер әкеледі. Мәдениеттілік дамудың алғашқы кезеңдерінде жерді егіншілікке пайдалану үшін ормандарды кесу, өртеу, малды жаю, жабайы жануардъларды аулау, соғыстар көптеген аумақтарды құртты. Өмімдік қайымдастықтары, кейбір жануарлар түрі жойылды. Өркениеттік дамыған сайын адамзат күнненкүнге өсіп жатқан өз мұқтаждығын қамтамассыз ету үшін тірі және тірі емес табиғи қорларды пайдаланудың жаңа жолдарын игере бастады.

Халықтың санының өсуі және ауылшаруашылықтың, құрылыстың, транспорттың қарқындап дамуы Еуропа және Солтүстік Америка ормандарын жаппай жоюға әкелді. Жайылымдардың шектен тыс пайдалану нәтижесінде өсімдіктер сиреп, топырақтар эрозияға ұшырады (Орта Азия, Солтүстік Америка, Еуропа оңтүстігі) . Еуропа Америка, Африка, Азия, Австралия елдеріне жануарлардың жүздеген түрлері жойылды. Ғалымдардың болжамы бойынша көне дәуірдегі орталықамерикандық Майя мемлектінің аумағында өсімдіктерді түбірімен кесіп өртеу, егіншілік түрін қолдану нәтижесінде топырақтардың тозғаны осы жоғары дамыған мәдени мемлектті жоқ қылды.

Әлеуметтікэкологиялық проблемалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік экологиялық проблемалар жайлы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Экологиялық проблемалардың салдары
Әлемдік мұхит проблемалары
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрлері
Ғаламдық экологиялық проблемалар
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Экологиялық проблемалар туралы
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz