Киіз үй туралы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Әлеуметтік - гуманитарлық кафедрасы

мәдениеттану пәнінен

Тақырыбы: Киіз үй

Тексерген: Абишева Г. К.

Орындаған: Мади Айнур

сырттай оқу бөлімі

04211 топ

Алматы 2004

План

1. Қазақтың баспанасы киіз үй

Оның сүйегі және әбзелдері

2. Киіз үйдің тігілуі және түрлері

3. Киіз үй жиһаздары және ыдыс-аяқтары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Казақтың баспанасы - киіз үй

Көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп - қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Еуразия далаларындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы халықтардың арасында да кеңінен тараған. Қазір біз көріп жүрген киіз үй бірден дәл осы қалпында пайда бола қойған жоқ. Ол, негізінен адамзат дамуының әр кезең, сатыларындағы тұрғын үйдің қарапайым түрлерін жетілдірудің нәтижесі болып табылады.

Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлығымен қоса жазда ауасы таза, салқын болған. Қыста керегесін екі қабат киізбен қаптап, ошақ жағып. Жазға дейін отыра беруге болады. Киіз үй - өзіндік баға жетпес өнер туындысы, қазақ халқы үшін өмір салты мен әдет-ғұрпының, дүние танымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың өмірінің көп бөлігі өтетін дәстүрлі тұрақты мекені.

Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай: «үзікті», «көтерме туырлықты», сүйегінің (ағашының) уақ - ірілігіне қарай: 4-қанат, 6-қанат, 8-қанат, 12-қанат, 18 қанат, ал салтанатына қарай: «ар орда», «ақ отау», «алтын орда», «хан орда», «қараша үй», «қара лашық», «абылайша» тағы басда да түрлерге бөлінеді.

Киіз үйдің сүйегі дегеніміз, ол - кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ . Киіз үйдің сүйегі арнайы дайындалған ағаштан жасалады. Соның бірі кереге - киз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшін шыбыл талды кептіріп, оны қоламтаға төсеп балқытып, арнаулы үлгімен ырғақта қатырады. Үлгіге келген талды жонып, жұмырлап, жылғалап, жосамен бояйды. Жосалған «үй ағашты» дақтау кезінде керегені жел көз (көзі кең) немесе торкөз (көзі тар) жасау жағы ескеріледі. Кең көзді кереге түйеге теедеуде жеңіл болғамымен, желге төзімсіз болады, ал тар көзді кереге тиеуге ауыр болғанымен, желге берік болып келеді. Керегенің аяғы, басы, сағанағы (екінші қанатпен байланыстыратын жері немесе босағамен байланысатын жері) болады.

Уық - шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшек. Уық та керегеге ұқсас жасалады. Үықтың керегеге жақын бүгілісін «иіні», ал шаңыраққа байланысар бөлігін «қары» дейді. Төрт қырлы ұшын «қаламы» деп атайды. Қалам шаңырақ тесіктеріне енгізіледі. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізіледі, оны уық бау немесе балақ бау деп атайды.

Шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Жалпы қазақ шаңырақты қасиетті санаған. Шаңырақты сом қайыңнан иіп, қоспаларын қиыстырып, шегемен ұстатады. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын деп атайды. Оған уық сұғатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі. Шаңырақтың өн бойын өректермен, оюлармен өрнектейді және безендіреді. Киіз үйге күмбезді түр беріп, түндікті көтеріп тұру үшін шаңырақты кере жарты ай бейнелес шыбықтарды иіп әкеп, айқастырып, шеңберге бекітеді. Мұны күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады.

Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберіне басқұр арқылы тартылып, кереге баумен байланады. Есік табалдырық пен маңдашадан, қос босағадан, жарма беттен тұрады. Есіктің қос босағасы мен жарма беті нәзік өрнектермен әшекейленеді.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін киіз үйдің бөлшегі - босаға. «босағаны керме», «босағадан оң аяөпен атта» - деп ырымдап жатуында үлкен мән-мағана бар. Босағаны киелі, қасиетті деп санағандықты білдіреді.

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері (туырлық, үзік, түндік) күн сәулесі мен тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Олар пісірілген ақ киізден пішіп, ою-өрнекті жіппен жиектеу, мақпал немесе шұғадан дөдегеге ою бастыру мен жел баулары да әшекейлі өрнекпен көмкеріліп, түрлі - түсті жіптен тоқылады, бұл киіз үйге салтанатты сипат береді.

Киіз үйді тіккенде үй сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар (басқұр, құр, таңғыш, шалма, белдеу бау) арқылы біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылып, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады.

Туырлық - кереге іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік - кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік - шаңырақты, киіз есік -сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғалы. Көбінесе, жел болғанда немесе салқын түскенде пайдаланылады.

Киіз үй сүйегін бір бірімен ұстастыру, сыртқы киіздерін бастырып тұру мақсатында бау-басқұрлар қолданылады. Олар басқұр, құр, таңғыш, шалма; туырлық; үзік және түндік баулар, балақбау, иық бау, жел бау, т. б.

Таңғыш - екі керегенің сағанағын біріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл арқан. Белдеу - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Уық шалғыш немесе иық бау деп те атайды. Желбау - өрнекті, төгілме шашақты құр. Шыңыраққа үш жерден байланып, кереге асылады, киіз үйге сәнді жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті жел тұрған кезде шаңырақты салмақпен басып тұру. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Туырлық бау - туырлықты ұстап тұратын, әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау. Үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстіне айқастыра тартып керегеге байлайтын бау. Бақан - бір ұшын (жоғарғы) екі аша етіп жасалған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын. Мықты түзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде, шаңырақты көтеріп тұруға арналған.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін шиге орау арқылы геометриялық өрнекпен тоқылған шиді «шым ши» деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады. Бай жиһаздалған киіз үйлерде, қазан-аяқ жаққа болмаса, ши ұстамайды.

Киіз үйдің тігілуі және түрлері

Киіз үйді тігу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тәжірбиесіз адам тіккен киіз үй бір жағына қисайып немесе уығы ырғып кетеді. Киіз үйді тіккенде ең бірінші кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр таңғыштармен мықтылап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. 12-18 қанат үйлер өте биік болғандықтан, атты кісі шаңырақты көтеріп тұрады, өзге атты кісілер уықты шаншатын болған.

Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үй керегесінің басы 70 - 80-нен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріліп, әшекейлеген.

Қазақтың киіз үйі өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты, негізінен үш түрге бөлінген:

1) жаздыгүні тұруға арналған киіз үй;

2) мереке-жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй;

3) жорық кезінде тігетін киіз үй;

Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханаға, қоймаға, сарайға арналған да киіз үйдің түрлері болған.

Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа (арбаның үстіне тігілетін үй), жорық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден-қақыра, доғара, аран, қалқа, тошала сияқты киіз үйлер тектес үйшіктер мен күркелер де салынатын болған. Мұндай қақыра немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе жаугершілікте, майдан шебінднгі далаға жауын-шашыннан қорғану үшін тігілген.

Ақ боз үйдің өзімен қатар тігілетін қосалқысы-қараша үй деп аталады. Оны асхана ретінде пайдаланған Ақ боз үймен салыстырғанда көлемі кішілеу, төрт қанатты, уығы қысқа, тікелеу болғандықтан бойы аласалау келеді. Көбінесе, қоңыр киізбен жабылатындықтан, қара үй немесе қараша үй деп аталған.

Қазақ киіз үйінің шоқтығы саналатын, құрастырылып-ажыратылатын киіз жабынды тұрғын жайдың аса сыйымды түрін орда деп атайды. Бұл ел билеген хан мен сұлтандар үшін көпшіліктің қатысуымен салтанатты, рәсімді жиындар өткізіліп тұруға, елшілер мен құрметті қонақ қабылдауға, келіссөздер жүргізуге, шартқа қол қоюға ыңғайластырылған 12 тіпті одан да көп қанатты. Киіз үй - қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан зат.

Киіз үй жиһаздары және ыдыс-аяқтары

Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар: кебеже, абдыра, ағаш төсек, жастық ағаш, жүк аяқ, түс киіз, адалбақан, асадал, тағы басқа. Енді төсенетін бұйымдар: алаша, текемет, сырмақ, тулақ, құрақ көрпеше, жер жастық . Тұтынатын заттар: аяқ қап, кесе қап, тұлып, қоржын . Ыдыс-аяқтарынан : қазан, таба, кесе, тостақ, қасық, ағаш аяқ (астау), ожау, елеуіш, күбі, келі, торсық, қол диірмен, саба тағы сол сияқтылар.

Үйдің оң жағына ағаш төсек қойып, үстіне көрпе - жастық жинайды. Оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ қойып, үстіне абдыра қояды. Үйдің сол жағына ыдыс-аяқ салатын аяққап, тамақ салатын кебеже, саба сияқты ыдыстар қойылады да бетін шым шимен қоршап жабады.

Абдыра - үй тұрмысында жабдықтың бір түрі, яғни киім-кешек немесе басқа да бағалы бұйымдарды сақтайтын сандық. Абдыраны жеңіл әрі мықты ағаштың тегістеп, жонылған тақтайынан жасайды. Ою-өрнектермен әшекейлейді. Екі жағына тұтқа орнатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз үй – жарты ғаламның моделі
КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
Қазақ киіз үйі
Туристерге қазақтың киіз үйімен жиһаздарын таныстыру әдістемесін жасау
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Киіз үйдің символикасы
Зерттеу бөлімі Координаталық жазықтық
Желі - керегені құрайтын ағаш
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz