Жібек жолының бағыттары


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Жібек жолы . . . 5
2. Жібек жолының бағыттары . . . 11
Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19
Кіріспе
629 жылы будда діндары Сюань-Цзян «қасиетті Будданың сүйегін көріп тәуету және дін ілімін тереңірек білу» үшін Қытайдан Үндістанға аттанады. Ол қытайды Батыспен байланыстырған түрлі техникалық жаңалықтардың, діни ойлар мен мәдени жетістіктердің жеткізушісі болған халықаралық жолмен жүреді.
Чананиден шығып керуен тартып келе жатқан саудагер көпестерге ілесіп, ұлы Гоби шөлімен «Ақ аждаһаның құмы» деп аталатын сор тақырды басып өтіп, Хами және Турфан көгорай шалғынмен жүріп, Тянь-Шаньнің солтүстік жоталарымен әрі қарай мұзарт тауларынан өтіп Сюань-Цзян және оның жолсеріктері мөлдір түсті көлге келеді. Оны Ыстықкөл деп атайтын. Көл айналып өтіп, олар Суяб шаһарына келеді, ол шаһарда арғы шеті Қара теңізге дейін созылып жатқан үлкен ұлыстың билеушісі түрік қағанымен кездеседі. Түрік қағаны мен оның нөкерлерін Сюань-Цзян былай деп сипаттап жазады. «Бұл шет жерліктердің аттары сұлу мүсінді. Қағанның үстінде көк жібек халат, басында да ұзындығы бір чьеаннан артық (3, 2 м) ұшын артына салбырта ораған жібек сәлде. Оған үстеріне паршадан халат киген, шаштарын өрген 200-деп астам нөкер ерген. Жалау мен садақ және айбалта ұстаған жауынгерлер. Қағанның өзіне көрсеткен сый-құрметін сипаттап жаза отырып, Сюань-Цзян түрік мықтыларының көл-көсір жібек киімдерін қайта-қайта тамсана мақтайды және өзіне сыйлыққа қызғылт сәтеннен тігілген бірнеше киім-кешек және елу бөлек жібек мата бергендерін айтады.
Батыс пен Шығыстың сауда-саттығының негізгі дәнекері, яғни негізгі бір товары болған және ежелгі дүние мен орта ғасырдан бері келе жатқан транс-континенталдық ұлы жолға есімі берілген жібектің аты, әйтеуір, жиі айтылады.
Сонда да бұл жолдың дәл қай уақытта салынғаны әлі күнге дейін жұмбақ. Тайху көліне жақын маңдағы Чжецаян провинциясы жерінде қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталары мен белбеу және иірілген жіп тапқан.
Жібек Жолы
VI-V ғасырларда-ақ (б. ж. с. д) - қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Құстың бейнесі кестеленіп тоқылған жібек жамылғы Алтайдағы Пазырық «патша» обаларын қазғанда да табылған. Оның жас шамасы б. ж. с. д. V ғасыр. Жібек маталар мен шашақтар (жүннен жасалған бұйымдарға тігілген) Оңтүстік және Батыс Европа қорымдарын қазғанда да шыққан.
Мұндай бағалы жібектің жан-жаққа таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпаларының да көп үлесі болды. Солардың ықпалымен осынау ғажайып бұйымдар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне де жетеді.
Ол кезде жібек Үндістанға б. ж. с. д. IV ғасырда жазылған «Артхашастра» (саяси-ғылыми) трактаттарында кездесетін «синапатто» - «Қытай жібегі» сөзі де осыны айғақтап тұрғандай.
Бұл тек б. ж. с. д. ІІ ғасырдың орта тұсында ғана Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда-саттық артериясы болып қалыптасты. Батыс елдеріне 138 жылы Қытай империясы У-Ди князь Чжан-Цзянның керуенін жібереді. Арада 13 жыл өткен соң Чжан-Цзян кері қайтып оралады. Осы сапарында ол қытайдың ішкі аудандарындағы жолмен Орталық Азияға тура тартып, осы күнгі Ауғанстанның жеріне дейін келеді. Артынша осы жолмен батысқа жібек артқан керуендер, ал Қытайға - Жерорта теңізі бойынан, орталық және Батыс Азиядан басқа бұйымдар келе бастайды.
Көп өтпей-ақ бұл халықаралық сауда Орта Азиядағы Зарафион, Хамқадария далаларында қоныс тепкен соғды елінің саудагерлерінің қолына көшеді. Олардың ертеден-ақ сауда өнерін игерумен, сауда-саттық ісіне ептілігімен даңқы шыққан еді. Оларды алдымен сауаттылыққа сонан соң коммерциялық істерге үйрететін. 20 жасқа толғаннан кейін олар сауда-саттық ісімен шет елдерге де шығып тұрған.
ІІ-V ғасырларда Жібек жолы Шығыстан Хуанхэден басталып, Лангжоу ауданы арқылы Хуахэ асуына қарай жүретін, одан әрі Нань-Шаньнің Солтүстік сілемдерімен және Ұлы Қытай қорғанының батыс жиегімен «яшма қақпасына» дейін созылатын.
VІ ғасырда Қытайдан - Қазақстанның оңтүстігі арқылы Батысқа баратын жол (бұрынғы Қашқар, Ферғана арқылы өтетін жол қысқа әрі ыңғайлы болса да) маңызды, жүргіншісі көп жолға айналады. Жолдың бұлай алмасуын мынадай себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Жетісуда бүкіл Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын бақылайтын түрік қағандарының ставкалары тұрды.
Екіншіден , VІІ ғасырда тайпалардың өзара қақтығысуынан Ферғана арқылы өтетін жолмен жүру қауіпті еді. Қалай дегенмен де, әйтеуір, бұл «дала жолы» басты жол болды. VІІ-VІІІ ғасырларда сауда керуендері мен елшілік өкілдер негізінен осы жолмен жүрді.
Мұнда ертеден-ақ өзіндік, төл мәдениет қалыптасып, оның дамуына көшпелі тайпалар мен жергілкті отырықшыл халықтар үлес қосты. Оның үстіне этникалық жағынан бұл көшпелілер мен отырықшылар біртектес дін, немесе олар біртұтас этникалық текке кіретін. Көшпелі және отырықшы халықтардың өзара қарым-қатынасы бір-бірінің мәдениетін байытып, дамытып тұрды.
VІ- VІІ ғасырларда бұл аймақты сақтардың көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары мекен етті, олардың жоғары мәдениеті бізге Бесшатыр, Ыссық, Тегіскен сияқты оба қорымдарға жасалған қазба жұмыстары арқылы белгілі. Б. ж. с. д. І ғасырдың аяғы мен біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығының басында Жібек жолымен рим шынысы мен теңгелері, қытай жібегі мен айналары, лажы жалатылған ыдыстар. Европаның түйреуіш-ілгектері және Сбианид Иранынан таңбалы, мүсінді әшекей тастар да әкеліне бастаған.
Осы кезенде Шу, Талас, Сырдария далаларында егіншілікпен шұғылданған отырықшылар қабырғалы қалалар тұрғыза бастаған. Тянь-Шань тауына жақын маңнан, Арыс қаласының, Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысынан сондай ондаған қала орындарының табылуы мұның анық дәлелі болса керек-ті.
VІ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі арлықты алып жатқан үлкен көшпелілер империясы - Түрік қағанатының құрамына кіреді.
VІІ ғасыр қарсаңында Қағанат екіге: Шығыс түрік және Батыс түрік болып бөлініп, соңғысының орталығы- Жетісу, ал астанасы - Суяб болады.
Міне, осы уақытта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосып, маңызды роль атқарған Жібек жолының далалық бөлігі жанданып, күшейе түседі. Жетісуда бірқатар қала орталықтарының пайда болуына ықпал етіп, жол бойындағы байланысып жатқан елді мекендердің дамуына септігін тигізеді.
VІІ-VІІІ ғасырлардағы қытайдың жол карталарында және VІІІ-ХІІ ғасырлардағы арабтың жол көрсетулерінде Жібек жолы Жетісудың үстімен ХІV ғасырдың аяғына дейін, яғни тайпалар қақтығысы мен соғыстар қала мәдениетін құртқанға дейін жүріп тұрған, кейіннен Қытайға теңіз арқылы жол ашылғаннан кейін біртіндеп тоқтап қалған.
Батыстан Шығысқа қарай жүргенде бұл жол былай созылған. Шаштан (Ташкент) шығып, Газгирд арқылы Турбатқа, Испиджабқа баратын. Газгирд Қазықұрт шаһарымен теңестірілетін. Испиджаб қытай жол көрсетулерінде «Ақ өзендегі қала» деп аталды, ХІ ғасырда Махмұд Қашқари: «Сайрам Испиджаб аталатын Ақ шаһардың аты. Мұны тағы Сайрам деп те атаған» деген түсінік береді. Көне қаланың бұл аты осы күнге дейін сақталған. Оның ортасында бір кездерде Жібек жолының ірі орталықтарының бірі болған орта ғасырлық көне қаланың қалдықтары бар. Мұнда жан-жақты, әр түрлі елдерден келген саудагерлер тоқтап отырған, бұл шаһарда Бұхара мен Самарқан көпестерінің иелігіндегі керуен сарайлар мен сауда қатарлары болған. Испиджабтан басқа қалалар мен елдерге ақ кездеме, қару-жарақ, мыс пен темір, сондай-ақ құлдар апарылған.
Қала сондай-ақ саудадағы тоғыз жолдың торабына айналады, мұнан керуен жолы Арсубаникетке, Арысқа, Отырар-Фарабқа, Сырдарияны бойлап, Арал маңына баратын, ал Қаратау жоталары арқылы керуендер шекаралық қалашықтар Баладж (көне Бабаата) пен Созаққа, орталық Қазақстанның көшпелілеріне, осы күнгі Жезқазған жеріндегі Ғарбианның мыс кеніштеріне жол тарататын.
Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолының бойында ірі қалалардан Отырар-Фараб пен Шавғар ғана болды. Отырардың аты көне қала ретінде осы күнге дейін сақталған, оның орны арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінен онша алыс емес, ал екінші қала Шавғардың қалдықтары Шайтөбеде. Сол уақыттарда Шавғарға жақын осы күнгі Түркістанның орнында кейіннен Х-ХІ ғасырлардан Яссы деген қалаға айналған, елді мекен болған. ХІІІ ғасырдың басында осы шаһардан теңге жасап шығара бастады, ал ХV - ХVІІІ ғасырларда Яссы (Түркістан деп те аталды) қазақ хандығының орталығына айналды. Отырарға жақын маңда Кедер деген қала да болған, тіпті ол Х ғасырда Отырар аймағындағы ең басты қала саналған. Бұл маңдағы Отырар, Кедер және басқа қалалардың орнында археологтар біраз жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Осының нәтижесінде бұл қалалардың даму динамикасы, материалдық мәдениеті, мұнда мыңдаған жылдар бұрын тұрған адамдардың тұрмысы мен рухани мәдениеті айқындала түсуде.
Керуен жолының бағыттары.
Енді бастапқы керуендер жолына қайта оралайық. Отырар барлық уақытта да керуен жолдарының тоғысқан, түйіскен жері болды. Осыдан үлкен жол Шавғар, екінші бір үлкен жол. Сырдария арқылы өтіп, Весидж шаһарына баратын. Бұл қала шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әбу Нәсір Әл-Фарабидің Отаны ретінде белгілі. ХІІІ-ХV ғасырларда бұл шаһар Зернук аталды. Одан Сырдарияның жоғары жағымен, оғыздардың қаласы Сүткент арқылы Шашқа, одан төмен Жентке баратын жол шыққан. Осы жерден Қызылқұм арқылы Хорезмге Үргенішке, одан әрі қарай Поволжье (Еділ бойына), Кавказ бен Қырымға және Европаға баратын жол болған. Жібек жолының осы бөлігі ХІІ ғасырда, яғни Еділдің төменгі жағындағы Алтынорда қалаларымен де қайнаған тіршілікте болған.
Жібек жолы Каффа арқылы Сарай-Беркеге, одан әрі Еділ мен Сарайшыққа, сонан соң Үргенішке және Отырарға келетін. Шавғардан оғыздардың астанасы Яникентке баратын. Бұл жерге келген көпестер басқа товарлармен бірге нан да әкелетін. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезмге апаратын, арасы 10 күндік жер болатын.
Яникент шаһарының орны (Жанкент деген атпен белгілі) Қазалы қаласының онша алыс емес жерде.
Х-ХІІ ғасырларда бұл жол бойында бірнеше жаңа қалалар, олардың ішінде әсіресе Сауран, Жент, Асанас және Барчкент бой көтерді. Оғыздармен, қыпшақтармен қызу сауда-саттық жүруі негізінде Сауранның аты шықты.
Жібек жолының негізгі трассасы болған Пенжабқа қайта келейік. Осы жерден керуендер жолшыбай Шараб мен Будухкет үлкен қалалар болды. Будухкетте тіпті ХІ ғасырда теңге-ақша шығаратын сарай жұмыс істеді, сол Шараб шаһары кейінгі Төрткөлтөбе, яғни қазіргі Балықшы селосы болған деген болжам бар.
Талас даласындағы Жібек жолының бойындағы ең үлкен қала Жувикат болған, сол арқылы Таразға жеткен. Бұл VІ ғасырдың өзінде белгілі болған қалалардың бірі. Дәл осы шаһарда түрік қағаны Дизабул 568 жылы Иранға қарсы әскери одақ құрған және жібек саудасы мәселелерін шешу үшін келген Византияның (Юстин ІІ-ның) дипломатиялық елшілік өкілдерін қабылдаған.
Тараз басқа Аргу - Талас, Алтын - Талас-ұлыс, Талас - Ұлыс аттарымен де белгілі болған. «Талас» 8-9 метрлік қоршалған. Мұнда әр қилы елдерден келген көпестер тоқтап, сауда-саттық жасаған. 300 жыл өткен соң да Ибн Хаукаль да: «Тараз - мұсылмандар мен түріктердің сауда орны» деп жазған.
Таразға жақын Хамукат деген қала болған, оны VІ ғасырда Бухарадан келгендер салған. Расында да Хамукат VІ ғасырда болған, оның негізін қалаған Бухараның соғдылары, оларды бастап келген Хамук деген біреу, соның атымен қала Хамукат делінген. Археологтар бұл қаланы іздеп тапты. Ол Жамбыл қаласының маңынан, Талас өзенінің оң жағасынан, Михайловка селосына қарама-қарсы жерден табылды. Оның қираған орны қазір Қостөбе деп аталады.
Таластың бойымен төмен қарай Тараз және Хамукат арқылы Жібек жолынан тармақталған сауда соқпағы қимақтарға баратын. Хакастарға сауда жолы осы арадан тартылды, оларға үш жыл сайын жібек артқан керуен барып тұрды. Ал шекарадағы шаһар Дех-Нуджикестің аты базарымен шыққан еді. Бұл жерден мал және оның өңімдері Тараз бен Испиджаб апарылып тұрды. Таластың бойымен жоғары қарай жол өздерінің күміс өңдіретін кеңіштерімен даңқы шыққан Шельджи, Суе, Күл және Текабкет қалаларына тармақталатын. Текабеттен әрі қарай Ферғанаға жол шығатын.
Жібек жолы сондай-ақ қазіргі Қырғыстанның жерімен де өткен, оның Қалдовар селосынан Фрунзе қаласына дейінгі бөлігінде Күзкент, Харронджуван, Жол деген қалалар болған. Бірқатар мәлімет-деректер бойынша мықты әскери бекініс болған осы Харронджуван, сөз жоқ, Ақсу бекінісі деген атпен белгілі орта ғасырлық қалаға сәйкес келеді.
Навакенттен Жібек жолы Пенджикент немесе Бунджикет арқылы Жетісудың ірі қаласы Суябқа келетін. Бұл қала алма-кезек батыс түріктерінің, түргештердің және карлуктердің астанасы болып тұрды. Ол туралы Х ғасырға дейін қытай және араб саяхатшылары жазып келді де, кенет ол жылнамадан түсіп қалды. Өйткені астана бұрынғы аты Беклиг немесе Семекна болған Баласағұн қаласына ауысады. Баласағұн алдымен қараханидтердің, сонан соң қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейіннен ХІІІ ғасырда қарақытайлар қиратқан, ХІV ғасырда қала қираған күйінде жатты, оның жартылай құлаған сарайлары мен мешіт-мұнаралары және үлкен, түрлі ескеркіш белгілері бар зират-қорымы ғана бір кезде мұнда қайнаған тіршіліктің болғанын аңғартқандай еді.
Суябтан шыққан Жібек жолы Ыстықкөлдің не оңтүстік жағалауымен, не солтүстік жағалауымен айналып өткен. Оңтүстік бөлігінде керуендер Жоғарғы Барсхан мен Тон қалаларын басып өтетін болған, ал солтүстігінде тоқтап өтетін керуен сарайлар ғана болған. Олардың аты бізге жеткен жоқ. Кейіннен бұл екі жол Бедел асуында түйіскен, жібек жолы ол асуды басып өтіп, Қашқар мен Ақсуға келетін болған. Міне, осы жолмен 1859 жылы Шоқан Уәлиханов атақты Қашқар саяхатынан қайтқан.
Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының бір тармағы бүкіл Іле жазығын оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысынан дейін кесіп өткен.
Ол тармақ Навакенттен басталып Бунджикентке, сонан соң Қастек асуымен Іле Алатауының солтүстік сілемдеріне әкелетін. Жібек жолы көне қалашықтармен өтіп, осы күнгі Талғар қаласының солтүстігінде болған Тальхиза қаласына келген. Шынында да осында Талғар өзенінің оң жағасында таудың етегінде ортағасырлық үлкен қаланың орны бар. Осы Тальхиза (Талғар) көлеміне қарағанда бүкіл Іле жазығының солтүстік бөлігінің астанасы болған. Ал Талғардың транзиттік сауданың ірі орталығы болғанын қазба кезінде табылған заттар айғақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz