Инвестициялар жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Жоспар . . .

І. Кіріспе бөлім

1. 1. Инвестициялар туралы түсінік . . .

1. 2. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері . . .

II. Негізгі бөлім

2. 1. Инвестицияны жұмылдырудың рөлі . . .

2. 2. Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы . . .

2. 3. Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері . . .

ІІІ. Қорытынды бөлім . . .

  1. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Жоспар

  1. Кіріспе бөлім

1. 1. Инвестициялар туралы түсінік.

1. 2. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері.

  1. Негізгі бөлім

2. 1. Инвестицияны жұмылдырудың рөлі.

  1. Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы.

2. 3. Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері.

  1. Қорытынды бөлім

«Инвестиция» термині экономикаға жаңа келгендердің ұғымдарында кейде шатасуға дейін апарады. Бұл шатасу мынадан туады - жеке адамның инвестиция дегені тұтастай экономика үшін олай болмай шығуы мүмкін. Көз алдымызға келтірсек, келесі екі оқиғаны бақылап көрелік:

  • Смағұлов Мырза өзіне үй сатып алды.
  • Әбенова Ханум өзіне судай жаңа үй салғызды.

Осы әрекеттердің нәтижесінде жалпы инвестициялар қандай? Бір үй, екі үй немесе біреуі де емес пе? Осы екі жағдаймен ұшырасқан экономист инвестициялар ретінде тек Әбенованың үйін қарайды. Смағұлов экономика үшін жаңа үй тұрғызған жоқ, ол тек бұрыннан барды алды. Смағұловтың үй сатып алуы, оның өзі үшін ғана инвестиция болып табылады, ал үйді сатқан адам үшін бұл келісімді жасасу керісінше процесс болып шығады. Әбенова болса, керісінше, экономикаға жаңа үй қосып отыр, демек оның жаңа үйі инвестиция болып саналады. Жалпы тәртіп былай: бұрыннан бар активтерді әртүрлі адамдардың араларында бөліске түсіретін сатып алушылық экономика үшін инвестиция болып саналады. Экономистер қолданып жүрген инвестициялардың мазмұны жаңа капиталды жасау деген ұғымды білдіреді.

«Инвестициялар» санатының заңды түрде айқын жазылған анықтамасының болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны - инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылады.

Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды қамтиды.

Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан ақша, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қзақстанның материалдық өдіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

Инвесторлар стратегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50% плюс 1 акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да сол және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекетте оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттері де стратегиялық инвесторда болады. Портфельдік инвестор үшін акция пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стратегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атына өз акция пакетін бере алады. Бұл саяси шара. Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорларға - 51%, жұмыскерлерге 10%, қалғаны стратегиялық инвесторларға.

Басақ вариант. Акционерлік қоғамдарды шарт қойып жекешелендіру. Стратегиялық инвесторға акциялар пакетін бірден берілмейді, ол белгілі бір шарттарды орындаған соң беріледі. Ол шарттарды орындағаннан кейін инвестор акция пакетінің келесі бөлігін сатып алуға құқықты болады. Мұндай жағдайда тек мемлекеттік мүдде сақталады. Портфельдік инвестицияны қарыштата дамыту үшін жарнамашылдық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға: банкілерге, заңдарға деген сенім қажет, сондай-ақ ашықтық ақпараттар инвесторларға дер кезінде жетіп отырулары тиіс. Нарықтық ақпарат және компаниялардағы кәсіпорындардың есеп берушіліктері өте сенімді болулары қажет. Бухгалтерлік есеп берудің ұлттық принциптері халықаралық стандартқа сай болуы және уақытысында берілуі тиіс, бұл қаржылық есеп беруге де қатысты -осы талаппен жұмыс істеу шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Шетелдік инвесторларды жақсылап тарту үшін үкімет құнды қағаздардың ел ішіндегі қара рыногын болдырмауы керек. Құнды қағаздардың күшіндегі құны биржалық болуға тиіс, сөйтіп инвестор оның бастапқы және ақырғы бағасын да білу керек.

Күшіндегі заңнамаға, қаржылық жүйелерге сенім инвесторларды тартудың ең маңызды факторлары болып табылады. Рыноктағы әрекеттер қызметі өтімділікті және халықтың қолдаймын деген уәдесін алу мүмкіндігін талап етеді. Капитал рыногын жақсарту талап етіледі, нақтылы шетел инвесторлары рынокқа келмес бұрын ең алдымен рыноктағы жергілікті қожалық етуші субъектілердің қам-қарекеттерін зерттеп барып, атағына кір келмеген жергілікті әріптесін (партнерін) табуға тырысады. Бұндай жақсы инвесторларды тарту үшін құнды қағаз рыногындағы жағдайларды жандандыруға көмектеседі. Кейбір акциялар капиталдардың халықаралық рыногына шығады. Ондағы таңдау былай болады: сатылған акциялардан түскен ақша кәсіпорынға емес, бюджетке түседі, ал ол өзінің материалдық- техникалық базасын көтеруі керек. Мұндай жағдайда тағы да акциялар шығару орынды, ондай кезде жарнама қолдауы әбден қажет. Табыс салығы бастаукөзден ұсталынуы тиіс.

Инвестициялар ЖҰӨ- нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлр мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты. Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып: кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады. Тұрғын ұйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды. Сақтық қор инвестициясы дегеніміз - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дйын өнімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының “ Шетелдік инвестиция туралы” Заңында: “Инвестициялар дегеніміз - мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқық”. Бұның өзі “инвестиция” деген терминді спецификалық функциональді жүктемесінен айырып, оны “капитал жұмсау” деген жалпы ұғымға айналдырады. Өйткені, инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды, сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастаукөздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында көрнекі түсінік беруге болады. Сөйте тұра, “инвестициялар” санатына деген евопалық және американдық методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны “капитал жұмсаудан” айырып қарайды, олрды салыстырмалы түрде біріктіреді (капитал жұисаудың ұзақ мерзімді сипатында да, олаардың натуралды-заттық құрамында да - негізгі капитал) Қзақстан Республикасы Президентінің, “ Бухгалтер есебі туралы” заң күші барлығында жалпы инвестицияның қандайда бір анықтамасы берілмеген, ол Қазақстан Республикасы “Статистика туралы”, “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің “Активінде” тек “капитал жұмсау” терминін пайдаланып, “инвестициялар” санатын толықтай елемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық ынталандыру жолына тосқауыл тұрғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан “капитал жұмсау” терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтуіне байланысты, бұрыннырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер учаскілері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты негізгі қараажаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі экономикалық мазмұны дәстүрлі “капитал жұмсау” ұғымының аясына енді сыймайды. “Инвестициялар” санатының заңды түрде айқын жазылағн анықтамасының болмуы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны - инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. “Капитал жұмсау” және “инвестициялар” деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылыды. Сөйткенмен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:

  • Нақтылы инвестиция - материалдық активтерге қаржы жұмсау;
  • Қаржылық инвестиция - құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегуде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей “инвестицияның базалық анықтамаса жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді. Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.

Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды айтады.

Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындарда акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылыысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордық мәртебесі туралы ой қалдырады. Инвесторлар стратегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50% плюс 1 акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да сол және ол қауіп-қатерді азайиуға тырысады, мемлекет те оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттері де стратегиялық инвесторда болады. Портфельдік инвестор үшін акция пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стратегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атына өз акция пакетін бере алады. Бұл саяси шара. Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорларға - 15%, жұмыскерлерге 10%, қалғаны стратегиялық инвесторларға. Басқа вариант. Акционерлік қоғамдарды шарт қойып жекешелендіру. Стратегиялық инвесторға акциялар пакеті бірден берілмейді, ол белгілі бір шарттарды орындаған соң беріледі. Ол шарттарды орындағаннан кейін инвестор акция пакетінің келесі бөлігін сатып алуға құқықты болады. Бұндай жағдайда тек мемлекеттік мүдде сақталады. Портфельдік инвестицияны қарыштата дамыту үшін жарнамашылдық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға, банкілерге, заңдарға деген сенім қажет.

«Инвестиция» термині экономикаға жаңа келгендердің ұғымында кейде шатасуға дейін апарады. Бұл шатасу мынадан тұрады-жеке адамның инвестиция дегені тұтастай экономика үшін олай болмай шығуы мүмкін.

Акционерлік қоғамдарды шартқойып жекешендіру. Стратегиялық инвесторға акциялар пакеті бірден берілмейді, ол белгілі бір шарттарды орындаған соң беріледі. Ол шарттарды орындағаннан кейін инвестор акция пакетінің келесі блөлігін сатып алуға құқықты болады. Мұндай жағдайда тек мемлекеттік мүдде сақталады, Портфельдік инвестицияны қарыштата дамыту үшін жарнамашылдық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға банкілерге, заңдарға деген сенім қажет, сондай-ақ ашықтық-ақпараттар инвесторларға дер кезінде жетіп отырулары тиіс. Нарықтық ақпарат және компаниялардағы кәсіпорындардың есеп берушіліктері өте сенімді болулары қажет.

Бұхгалтерлік есеп берудің ұлттық принциптері халықаралық стандарттарға сай болуы және уақтасында берілуі тиіс, бұл қаржылық есеп беруге де қатысты - осы талаппен жұмыс істеу шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді Шетелдік инвеғсторларды жақсылап тарту үшін үкімет құлды қағаздардың ел ішіндегі қара рыногын болдырмауы керек. Құнды қағаздардың күшіндегі құны биржалық болуға тиіс, сөйтіп инвестор оның бастапқы және ақырғы бағасын да білу керек.

Күшіндегі заңнамаға, қаржылық жүйелерге сенім инвесторларды тартудың ең маңызды факторлары болып табылады. Рыноктағы әрекеттер қызметі өтімділікті және халықтын қолдайтан деген уәдесін алу мүмкіндігін талап етеді . Капитал рыногын жақсарту талап етіледі, нақтылы шетел инвесторлары рынокқа келмес бұрын ең алдымен рыноктағы жергілікті қожалық етуші субъектілердің қам-қаррекеттерін зерттеп барып, атағына кір келмеген жергілікті әріптесін (партнерін) табуға тырысады. Бұндай жақсы инвесторларды тарту үшін құнды қағаз рыногындағы жағдайларды жандандыруға көмектеседі. Кейбір акциялар капиталдардың халықаралық рыногына шығады. Ондағы таңдау былай болады: сатылған акциялардан түскен ақша кәсіпорынға емес, бюджетке түседі, ал ол өзінің матиреалдық -техникалық базасын көтеруі керек. Мұндай жағдайда тағы да акциялар шығару орынды, ондай кезде жарнама қолдануы әбден қажет. Табыс салығы бастаукөзден ұсталынуы тиіс.

Мемлекеттің жұмысы - макроэкономикалық процестерді реттеу, салықтық жүйені қарапайымдандыруға ұмтылу, ал жеке кәсіпорындарды көтеру - мемлекеттің жұмысы емес. Жеке меншік иесі шикізат көзін іздейді, бұл іс оның өмірі үшін күресі, ал мемлекеттік шенеуінік оған соншалықты мүдделі емес. Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті заңнама және нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғанынай, қазіргі экономикада тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше сипаттамасы бар, бірақ, егер мемлекет салық жинай алмаса, онда қалғандарының бәрінде де ешқандай мән жоқ .

Ивестицияны тартпақ болған елде қауіп-қатер қаншалықты жоғары болса, шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.

Заңнама базасы мықты болу керек. Шетелдік инвестиция туралы Заңның мақсаты -қауіп-қатерді мейлінше азайту:

- салық салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;

- халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;

- тікелей еріксіз алу қорғанышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды, материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендіру, өтем туралы заң болуға тиіс.

- беретін және алатын ерлер арасында өзара қарым-қатынас жасасау;

- халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы қауіп-қатерді азайтады .

* тікелей инвестицияларды тиімді пайдалану барысын бақылауды ұйымдастыру;

* аманаттық қорды құру үшін қажетті кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар құрамын қалыптастыруды қамтамассыз ету.

Заңның 5 бап, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының атынан, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шетелдік инвесторлармен немесе шетелдің қатысуы бар кәсіпорындармен жасасқан келісім-шарттары бойынша, заң актілері бекіткен тәртіп болған жағдайда, кепілдік беруге құқықты болады. Әрине, бұндай жағдайда бірсыпыра заңға тәуелді актілерді қабылдауға тура келеді. Кейде қабылданған нормативтік актінің заң ережелерін жоққа шығаратыны да сирек емес. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 ақпандағы «Қазақстан Республикасына шетелдік несиелерді тарту бойынша жұмыстарды реттеу жөніндегі шаралар туралы» № 139 Қаулысы және осы қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасына жеткізілетін немесе Қазақстан Республикасының кепілділігіне алынатын шетелдік инвестициялық және тауарлы несиелерді тарту, пайдалану және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы Ережелері»дәл осылай болады. Бұл құжаттарды талдау, барлық параметірлер бойынша олардың шетелдік инвестициялар сферасында халықаралық ережелер мен қалыпқа сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Көптеген тармақтары іс жүзіеде еледбейді, орындалмайды. Мысалы, 1 тармақтаң «д»тармақшасында Қаржы министрлігінде, Экономика министрлігіне бір ай мерзім ішінде Ұлттық банкімен бірлесіп, қазақстандық коммерциялық банкілерге олардың тәуекілді болысу шарты бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін шетелден алатын несиелерге кепілдеме беру және қазақстандық комметциялық банктерді шетелдік несиелерге аганттік көрсетуге тарататын тәртіптерді жасап, бекітуді тапсырған болатын. Бұл тәртіп күні бүгінге дейін жасалынған жоқ .

Қазақстан Республикасы Презедентінің 22 желтоқсан 1995 жылғы «Жер туралы» заң күші бар Жарлығы аса өзекті проблеманы күн тәртібіне түсірді. Ол мәселемен шетелдік капиталды тартудың заңды базасын жетілдіру тікелей байланысты болатын және шетелдік капиталдың Қазақстанға құйылуы сол мәселенің шешуіне (ол - жерге меншіктік мәселесі болатын) байланысты еді .

Өндірістік те, өндірістік емес те, оның ішінде тұрған үйлер де бар, салынып қойылған, салынып жатқан құрылыстар тұрған жер шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншіктері болуы мүмкін. Негізгі міндеттеме бойынша алуды атқаруға және негізгі міндеттеме бойынша алуды атқару мақсатында жылжымайтын мүлікке салынған айыппұлды алуға оның заңды иегерінің құқығын куәландыратындай ипатекалық куәлік әзірше әзірленбеген және берілмейді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүліктерге және олардың мәмлелеріне байланысты құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»заң күші бар №2727 Жарлығының 5 бабына сәйкес Әділет министрлігімен әзірленуі тиіс.

Қазақстанға шетел инвестициясын кеңінен тарату үшін мыналар қажет:

  • тәуекелді азайту, тәуекел шығыны қаншалықты көбейген сайын, инвестициялар соншалықты азаяды. Тәуекелдер: табиғи, саяси, заң және нормативтік базадағы тәуекелдер болып келеді. Заңдардың өзгерулері екіұштылық пен сенімсіздік тудырады;
  • тұрақты құқық кеңістігін жасау;
  • инвестициялық заңнамаға қайшы келмейтін, валюталық реттеуді қамтамассыз ететін макроэкономикалық саясат;
  • республикада шағын және орташа бизнесті қолдау;
  • инвесторларды шошытатын инфляцияны бақылау;
  • инвестиция саласындағы ұлттық және халықаралық заңнама арасындағы айырмашылықтар .

Ішкі және сыртқы ирнвестицияларды ұлғайту үшін тұрақты экономика, ашық либеральды монетарлық саясат қажет.

1999 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға келген инвестиция 146, 6 млрд. Теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3, 7%-ке көбейді . Инвестициялық қолайлы хал-ахуал және негізгі капиталға инвестицияны игерудің жоғарғы қарқыны Батыс Қазақстан (өсуі 10есе), Шығыс Қазақстан (өсуі 32%) және Атырау (14%-ке) облыстарында байқалып отыр.

1998 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 1999 жылдың қыркүйек айында негізгі қорлар жасау мен ұдайы ұлғайту жөнінен шаруашылық субъектілер арқылы Астана қаласы аумағында (5, 8есе) және Алматы қаласында (26 есе) инвестициялық белсенділік Ақмола (төмендеу ) Маңғыстау (46%-ға), Қарағанды (32%-ға), және Оңтүстік Қазақстан (31%-ға) облыстарында байқалады.

  • Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары) .

Құнды қағаздарды сатып алу кезінде инвесторлардың алдында мынадай мәселелерді шешу қажет болады:

  1. Құнды қағаздарға қаржы жұмсау үшін оларды дұрыс таңдап алу мәселесі.
  2. Қаржы рыногында өтіп жатқан барлық өзгерістерді үнемі қадағалап отыру мәселесі.
  3. Қор операцияларын жүргізуге жұмсалатын шығындарды барынша азайту мәселесі.

Инвестициялар №14 - «Инвестициялар» - деп аталатын бас шотының тиісті және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Жалпы алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз ( процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процесспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуелдік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфроқұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық (реальный) және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің ( жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Инвестициялық портфель ұғымы
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz