Сенімнің пайда болуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультет
кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы
Жетекші:
Ғыл. дәрежесі:
Студент:
Мамандығы:
Тобы:
АЛМАТЫ 200 ж
Жоспар
- Кіріспе
- Сенімнің пайда болуы.
- Негізгі бөлім
- Көне түркілердің сенімі.
- Түркілердегі Ұмай ананың рөлі.
- Түркілердің көрші халықтарға ықпалы.
- Қорытынды бөлім.
- Қазіргі кездегі сақталған көріністері
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Діни сананың шығу тегі қайырымды күштерге табынуға негізделген, ал осының арқасында өмірдің өзі мәнге ие болып, тіршілік ету әдістері пайда бола бастайды. Дәл осы қайырымдылық және оның артындағы табиғи күштерге табыну алғашқы болып саналады; ал осының негізінде қыр - сыры көп өмір үшін күресте адамдарға көмек көрсетуші белгісіз күш құбылысына мәңгілік ризашылық пайда болады.
Бұл жағдай қайырымдылармен зұлымдар күресін қайырымдылықтың бастапқы түсінігіі негізінде құрастырылған деген баға беруге әкеледі. Сонда, қайырымдылық көрсетушімен зұлымдылық ойлаушының мәңгілік күресі шындыққа діни қатынас үшін екінші орында болады, ол бастапқы қайырымдылық көрсетуші күшке сенуден шығып отыр. Осылайша тәңірге табыну өмірге келеді.
Жоғардағы көк аспан көне түрік дүние танымының темір қазығы тәрізді. Бұл қызықты ол жоғарғы тәңір әлемі тіршіліктің тірегі деп санаған. Аспанға (тәңірге) табыну діни нанымда маңызды орын алады, бұл түсінікті де сондықтан болар Көкке табыну түркілер арасында кең тараған. Аспан тұрғындаары өздерінің қанатты арғымақтарына мініп, аспан күнбезін шарлайды, түрік қағандары да аспанға ұқсас асқақ оларды көкте туғандар дейді. В. В. Бартольдтің халық психологиясын түсіну үшін оның діни нанымдарын білудің маңызы зор. Көк пен жерге табыну туралы айтқанда кейде «түрік аспаны», «түркі жері мен суы» деген сөз тіркестері қолданылады. «Тәңір сөзі заттық мағынадағы аспанды да, аспан құдайлығын да білдірді. Жер мен су туралы айтылған жерлерді де жер иелерінің жиынтығы емес, біртұтас жер мен су құдайлығы туралы айтылады деп түсінуге болады» деген сөздері өз маңызын әлі жоғалтқан жоқ.
Көк - аспан мен жер суға тыбынушылықтан пайда болуын адамның табиғат алдындағы мәңгілік парыздарлығымен оның қиындақта қолдан, аштық пен зіл- заладан сақтайтын, азық - түлікпен қамтамасыз ететін ізгі құдайлармен пір иелеріне үнемі алғыс білдіру ниетімен байланыстыруға болады. Нақты өмір шындығын түсіну адамға жәрдем беретін жоғарғы көк - аспан әлемі бар екені туралы түсінікті қалыптастырады. Көне түркілер үшін әлемдегі ең шыңын Хан тәңірі атануы да кездейсоқтық емес.
Аспанды жоғарғы құдай ретінде талдау және малшыларды тиімді қозғалыс бағыттары мен орталықтарын анықтауға шын ынталылығы тәңірді оның әртүрлі құрылымдарында қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл құрылымдар өздерінің дүние танымдық бірлігін сақтап қалды. Бұл аспектіге тереңдемей - ақ аспан образындағы империкалық шындықтың үш тұтас бірлігін атап өтуге болады. Екіншіден, ол рухани рәмізділік себебі тәңір құдайлық болып табылады. Үшіншіден, бұл құрылым әрі реалды, әрі идеалды болғандықтан әртүрлі эпостарда әрекет ете алады. Аспан өз қызметінде шындық пен зәміздің бірлігі, ал бұл жайдың салдары өте маңызды.
Ежелгі қазақтардың болмыс шындығына етене сіңгені туралы жоғарыда айтылған поступатқа қайтып оралу олардың дүние түйсінуіндегі аспан ұғымына түсінік беруді қажет етеді. Малшы ең алдымен жарық жұлдыз Шолпанды іздейді (шопан шолпанды іздейді) Темірқазық пен Жетіқарақшының орналысуына қарайды. Шолпан жұлдызының маңыздылығы соншалық, ежелгі шопандар оны барлық адамдардың атамекені жан тәңгі қонғанға дейін сонда жүрді деп таныды. Осыдан нақты аспан денесімен оның дүниені жаратушы рухани рәміз ретінде идеалдануының синкретті тұтасыуын көреміз. Реалдылық пен идеалдылықтың мағыналық бірлігі бұл жерде айырықша көзге түседі. Сол сияқты айды көне бақташылар ғарыштың, адамзаттың анасы санады. Бұл әсірісе, оның бетіне қара дақтар түсіп, кәрі кемпіргі ұқсаған толық ай кезінде ерекше байқалады. бүгінгі күні де ауылда апаларымыз жаңа ай туғанды: «Ай көрдіім, аман көрдім ескі айда есірке, жаңа айда жарылқы» - дейді.
Көріп отырғанымыздай, тәңір тылсым мәнді аспан құдайлық қана емес, қазақтардың көне діни нанымдарында бәрін жаратушы бастау болды. Жер мен су - орталық дүниедегі табыну объектілері. өйткені олар адам тіршілігінің негізі еді, сондықтанда құдайлық сипатқа ие болды. Қазақ аңыздарында жер суды құдайлыққа саю ежелгі түркілердің Алтайдан қоныс аударуынан басталады. Алтайды олар қадір тұтады. Алтай жер - су құдайларының ата -баба аруғымен жүздесіп, соңғылардың атамекенді қазақ тайпаларына бөліп берген жері болып саналады. Алтайдағы сүттікөл осыны еске түсіреді. Үшдүниені жалғастыра бәйтерек Алтайда сондықтан Алтайды жер кіндігі дейді. Жер - судың тағы бір қызылкөл деген көлі бар, онда адаммен жан - жануардың болашақ бітімін өз бойына жинаған кер - балық мекен етеді. Кербалық бұл бойына біткен бітімдерді жер - суға тарту етеді, ал соңғылар оларға жан бітіріп, жан жаққа таратады. Тіңір жер - су арасындағы тығыз байланыс олардың нықты қарым - қатынасын талдауға жетелейді. Түбе өзені бойынан (Енесей тармағы) табылған Орхан Енесей ескерткішінде: - О, Аспаным, бізге пана бол, О, Еділ елім мәңгі жаса деп айтылған. Араб географы Аль - Максиди - «түркілер бір тәңірлі дейді, бұл бір құдай дегені, олардың біразы тәңір- Көк аспан аты десе, басқалары тәңір бұл- аспан дейді»-деп жазды.
Бұл тұрғыда жер- су тәңірімен байланыстығына емес, оған қарама- қарсы тұрған жер беті ретінде түсінілді. Алайда, қазақтарда Алтай сияқты таулы жерлер де, аз емес. Мысалы, Көк бөрі аяқ - қолы жоқ, баланы құтқарып, одан алғашқы түркілер туған Хантай тауларыынеске алайық. Көк бөрі көне замандарда тотем болып, бертің келе түркілердің түзтағысындай қайсарлығының рәмізіне айналған тәрізді. Сүйінбай атамыз айтқан: «Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көргенде қозады қай - қайдағым». Бұл жер мен суды өзімдікі және басқанікі досмдікі және жауымдікі деп бөліп, өз жері мен суын киелі қасиетке бөлеудің негізі болды. Ата - бабаң, өзің туған жер және осы жерде аққан судың табыну объектісіне айналуы заңды құбылыс.
Тәңір деген ұғым Күлтегін жырында:
«Биікте көк тәңір
Төменде қара жер жаралғанда
Екеінің арасында адам баласы жаралды» - дейді.
Бұл жерде тәңір оның жолындағыларды мақсатқа топтастырушы, қуаттандырушы ұлы күш, түркілердің дүниетанымына оптимизм тән. Биік көктегі Тәңірі оларға қиял арманына қанат, жүрегіне қайрат беретін тұңғиық. Биікке бас ию, биіктікті аңсау адамды өршіл дүниетанымға талпындырады. Биіктікке ұмтылу ерлік, батырлық дүнетаным болды. «Адам баласының бәрі өлгелі туған» деген түркілерде қанатты сөз болды.
Тәңір жоғары құдай, аталық бастау болып табылса, соған сай жер - су аналық бастау ретінде болды. Өйткені өну, өсу құнарлылық жермен байланысты. Көктемгі қайта түлеу, күзгі өнім алу сияқты ежелгі мейрамдар, жер ана деп жатады бұлар осыған дәлел. Алайда ежелгі түркі нанымдарында тағы бір әйел құдай - Ұмай кездеседі. Ол үйдегі ошақтың, балалардың қорушысы болды.
Ұмай термінінің өзі «жатыр», «бала орны» дегенді білдіреді. Ал бұл осыұғымның аналық бастаумен байланысын көрсетеді.
Көріп отырғанымыздай, Ұмай ежелгі қазақтар нанымында үлкен роль атқарды. Ертеде үш жасқа дейінгі жанын Ұмай атаған, бұл баланың жаны оған қамқор болатын құдайға тиесілі дегенді білдіреді. Бұл наным осы Ұмай есімімен баланың кіндігін атауға да байланысты. Баланың кіндігін ерекше қалтаға салып, бесіктің үстіне іліп қоятын болған. Бұл Ұмай анаға әрқашан бесіктің жанында бол деген өтінішті білдіреді. Егер бала мазасызданса немесе ауырып жыласа Ұмай оның жанынан ұзап кетті деп жорамалдаған. Ұмай ұрпақтар жадында жас баланың қорушысы ізгілік құдайы ретінде сақталған. Оның «кіндік кескен, кірпігін сүйген бикеш» деп аталуы да тегін емес. Көне түрікте Ұмайды аса сұлу қолына алтын садақ ұстаған мейрімді, күміс шашты әйел немесе жас қыз бейнесінде елестеткен. С. Абрамзон: «Бала дүниеге келгенде, оның өміріне араша бол деп Ұмайға жалбарынған, науқасқа шалдықса да Ұмайды шақырған»- деп жазады. Балаларын тіпті үлкен адамдарды ұзақ сапарға аттандырса «Ұмай енеге тапсырдым» деп айтқан. Ұмайға табыну белгілі бір дәрежеде түркі халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Толғақ ауыр болғанда жас әйелдер оның атын атап шақырған, жаңа туған жас сәбидің шырайлы жүзіне қарап, Ұмай түнде келіп оларды күтіп бағып шомылдырып кетеді деп сенген. Туғаннан кәмелеттік жасқа толғанға шейін бұл құдай оны қолдап, қолпаштап отырады. Бұл тұрғыда қазақтарда әлі кенге дейін сақталған жас ұрпаққа тәрбие беру, білім беру және рухани жетілу Ұмай өсімімен байланыстыруының маңызы зор.
Түркілерде қағандар туыстар арасындағы тақ таластықты, билікке ұмтылысты жоюға талпынды сөйтіп тәңір қолдауымен пайда болған көне түкі мемлекеті туралы аңыз пайда болады. Бұл діннің саясаттануының белгісі еді, дін билікке немесе таққа ұмтылған адамның талпынысын заңды негіздеу үшін кең қолданылады. Бұл дәстүр мыңдаған жылдарға созылды. Тіпті ХХ ғасырдың соңында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ел басылары оң қолдарын құранға, библияға қолын қойып ант етті. Сондықтан қаған мемлекеттігінің мәнін киелендіруге және оған қажетті өкілеттілік мағына беруге талпынған ата - бабаларымыз дана болған деуге болады.
Түркілік сенімжәне славяндық сенім, сырт қарағанда бұл екеуінің бір - біріне ешқандай байланысы жоқ, аралары соншалықты керағар, алшақ ешбір қиылыспайтын түйіспейтін параллель түзулер секілді. Алайда евро - азия құрлығын талай мыңжылдықтар бойына мекендеп келген түркілер мұсылман, ислан діні, славяндар християндықты қабылдамай тұрғанда оған дейін бұл көршілес қанаттас халықтардырда идеялық немесе материалдық сенім дүнежаратылыс болмыс өлім - өмір тіршілік туралы ешбір халықтық көзқарас болмаған ба?
Болған
Түркі тілдес халықтармен бір мезгілде ерлік мұсылман дінін қабылдаған біздің арғы ата - бабаларымыз «дүние жаралғалы» тұтынып келе жатқан тәңірлік сенім иланымнан оп - оңай арылып кетті дей қыйын. Бұл тек бүгінгі қазақ халқына ғана емес иісі түркі тілдес халқтарға ортақ құбылыс болды деп айтуға әбден болады.
Анда . . . бұл өте көне замандардын келе жатқан айнымас серт уәденің белгісі болып табылады.
Андаласу яғни «қан құйысқан дос жақын туыс» болудың қатар ережесі бойынша анда боламын деген екі адамның саусақтарын немесе білегін өткір кездікпен орып жіберіп қан шығарысып, сол қанға еріндерін тигізген. Алайда бұл бергі замандағы жұмсарған андастық түрі екені байқалады. Одан дәлірек ескі замандарда бауырласушы не туыстасушы екі адам арнайы жасалған тостаққа қан құйысқан. Денелерінен шыққан қанды тамызып содан «дәм ауыз тиіскен». Тостақ кішкентай шағын қайыңның безінен үңгіп ойып жасалған. Кей тосақтарда арнаулы ру таңбасы болмаса Ұмай ана - күн бейнесі бертін келе түркі халқына ортақ ел таңбасы - бөрінің бейнесі бейнеленген.
Заманда мұндай андалық ыдыс қасиетті саналған оған қайтадан ас құйып ішуге, пайдалануға тыйым салынған. Андалықтың көне түрінде ондай ыдыс қиратылған. Тостақтың сынығын үш күнге дейін жинап алу андалық ереженің бұзу болып табылады. Андалық тостақ ел аузында «бөрі бас тостақ» немесе «бөрі тостаған деген атаулармен» ұзақ уақыт бойы сақталып келген. Түркі халқында оның ішінде қазақ халқында андалық ұзақ уақыт бойы салт - сананың парасы ретінде сақтарды «қан құйысқан» Дос ұғымы да сол көне дәуірден келе жатқан бір үрдіс. «Қозы Көрпеш жырында Баян мен Қозының аналары орамалға қан құйысып құда құдағи болып екі жасты «жүфтілік» етуге ант етіседі.
Ант серт сөзі де осы анда ыдымынан барып шыққан. Анттасу серттесу -қасиетті бұлжымайтын қағидаға, заңға айналған. Берген серттен айнудың арты өлім. «Ант атқан» «Ант соққан» секілді сөздердің бәріде жазықты деп танылған адамның дәм -тұзының таусылғанын енді оның жер басып жүре алмайтынын бірден - бір үкім саналған.
Анданың халқымыздағы өзгерген түрі боз қасқа шалып баталасу анттасу әрекеті. Бұрын адам қанымен серттескен уәде енді боз биені бауыздап қанына саусақ батырысып баталасумен жылы - жұмсағын жесіп сорпасын теңдей бөліп дәм ауыз тиумен бекітілген. Тегінде акт деген сөзде осы ант сөзімен түбірес, мағыналас.
Одан берірек келгенде үлкендердің ақсақалдардың ішкен асынан қалғанын балаларға «атақтай бол» деп берілетін «сарқыт» .
Бұл ырым сенімнің де арғы тегі андалықтан шықты - ау деген жорамалдауға болады. Жоғарыда келтіріген бір ғана түркілік андалық дәстүр - орыстардың үйлену тойларында «сваттар» «жених и невеста» деп аталатын күйеу бала келін құда құдағилар анттасу, туыстасу, қандасу рәсімі, ретінде бір ыдыстан дәм татып оны еденге атып ұрып сындырып тастауынан - ақ байқалады. Бұл көне дәстүр орыс деревняларында күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.
Ондай түркілерден ауысқан християн дініне дейінгі тәңірлік түсініктерді орыс ғалымдары «не жить славянская» деп атасады. Біз секілді не пұтқа табынушылық не жабаизм деп күңгірттеніп одан үркітіп шошытпайды. Керісінше халықтың бір кездегі қасиетті сенім - нанымы ретінде тарихтан өз орнын беріп көп құдайлық мифология ретінде қарастырады. Олар түркілік тәңірлік түсініктің славяндарға кейіннен ауысқанын қандай себеп жолдармен таралғанын әдейі бүркемелеп аттап кетіп отырады. Тарихи себеп - салдарына бойлап бармайды. Кезінде осының түп - тамырына үңіліп «АзиЯ» кітабында біраз сөз қозғаған Олжас Сүлейменовтің өзін, талай жерге апарып соңынан қысыммен кешірім сұратқан дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz